Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы. 4
Коммерциялық
емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Жоспар
Кіріспе
…………………………………………………………………………..
Ι. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы ……………….4
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін
қаржыландырудың көздері …………………………………………………….. 7
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін
шығыстары………..11
ΙΙ.
Шаруашылық жүргізүші субъектілердің
негізгі ұйымдық-құықтық нысандары………………………………………………………
2.1 Шаруашылық серіктестіктері
2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар ……………………………… 18
2.3 Кооперативтер …………………………………………………………...21
Қорытынды ……………………………………………………………………..23
Әдебиеттер
тізімі ……………………………………………………………
КІРІСПЕ
Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi.
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.
Өндiрiстiн
бастапқы қорларынын
Үлестiк
жарна негiзiнде жұмыс
Ι.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ
ҚАРЖЫСЫ
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
Ондiрiстiк
емес сферада коммерциялық
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алымған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республиқасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құкықтарын, заңды мүдделерiн қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ коғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) игiлiктерiм қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiнiң мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативi, қор, дiни бiрлестiк, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бiрлестiгi нысанында және заңнамалық актiлерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Бұл ұйымдардың қызметiнiң мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керiсiнше қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық
емес ұйымдардың қаржысы деп
материалдық емес игiлiктер
Коммерциялық емес қызмет түрлерi мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
− сала мен бюджет арасындағы қаржыламдыру ретiнде қаражаттарды алумен және кейбiр жағдайларда бюджет алдындағы қаржылық мiндеттемелердi орындаумен байланысты қатынастар;
−
қаржы ресурстарын бөлумем
− шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, яғни олардың бөлiмшелерi арасындағы қаржы қатынастары;
− салааралық — түрлi салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
− еңбекке ақы төлеу жөнiндегi ұйымдар мен олардың қызметкерлерi арасындағы қатынастар;
−
ұйымдар, мекемелер және
Қызметтің
айрықшалықты түрлерiндегi өзара
байланыстардың тым қысаң
− қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелерi арасында жарналарды — кiру және мүшелiк жарналарды төлеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелерiне белгiлi бiр жетiстiктер мем қызмет нәтижелерi үшiн көтермелеулiк сипаттағы төлемдер бойынша;
−
коммерциялық ұйымдар мен
−
сақтық компанияларында
− сондай-ақ белгiлi бiр шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкiн.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды бiлдiредi, оларды мынадай негiзгi топтарға бiрiктiруге болады:
−
ұйымдар мен мекемелердің
− күрделi жұмсалымдардың қорлары;
− көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
−
қызметкерлер мен
− негiзгi қызметтi дамыту қорлары.
Коммерциялық
емес ұйымдардың қаржысын
Коммерциялық
емес ұйымдардың шаруашылық
Сметалық
қаржыландыру — меншiктi табыстары
жоқ ұйымдар мен мекемелердiң
шығыстарын жабу үшiн
Сметалық
қаржыландыру бюджеттiң
Шаруашылық
жүргiзудiң шаруашылық-
Шығындардың өзiн-өзi өтеу әдiсi ақылы кызмет негiзiндегi шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды қарастырады, бұл кызметтердiң бағасы қорланымсыз шығыстардың көлемiне қатысты анықталады. Бұл әдiс мәдени-ағарту қызметi, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсiби машықтар мен бiлiм алу жөнiндегi, шет тiлдердi, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудiң курстары мен мектептерi) қолданылады.
Нсгiзiнен
коммерциялық емес қызмет
Коммерциялық
емес мекемелер, ұйымдар
Коммерциялық емес сфера мекемелерiндегi қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл
қатынастардың бастапқы
1.2 Коммерциялы емес қызметтiң ұйымдары мен мекемелерiн
қаржыландыңудың
көздерi
Қызметтік коммерциялық емес түрлерi (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтiрiлген нарықтық. экономиқасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кiтапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлi қайырымдылық қорларды, кәсіптiк бiрлестiктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестiруге мүмкiндiк берідi. Бұл тәрiздi даму қоғамдық игiлiктердi өндiрушiлер пайдаланатын салық жеңiлдiктерiмен ғана түсiндiрiлмейдi. Жеңiлдiк беру кезiнде мемлекет әр түрлi ұйымдарды, сарайларды, мұндағы басты критерий — көрсетiлетiн қызметтердiң қоғамдық пайдалылығының дәрежесi. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн белгiлi бiр ұйымдарды қаражаттаңдырады.
Коммерциялық
емес ұйымдар арқылы қоғамдық
қажеттiлiктердi қаржыландыру
Қазақстан
Республиқасының заңнамалы
Коммерциялық
емес ұйымдар қызметiн
− бюджет қаражаттары;
− мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
− жағдай шараларға билеттер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткiзуден түскен түсiм-ақша;
− түрлi коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келiсiмшарпарға сәйкес орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткенi үшін түскен қаражат түсімдерi;
− мүлiктi жалға беруден түскен түсiм-ақша;
− халықтың қаражаттары;
− кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, бiлiктiлiктi артырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.
Мемлекет тиiстi функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттiк басқару, құкықтық тәртiптi қорғау, қорғаныс, iшiнара бiлiм беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелi ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлiгi осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерiн: кiтапханаларды, мұражайлар мен көрмелердi, сарайларды, театрларды, филармониаларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдердi, мемлекеттiк теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екiншi көзi көрсетiлетiн қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсiм-ақша) түрiндегi меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсiпорындарда өнiм өндiруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншiгiндегi басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсiм-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған атығындарын жабады және ұйымның одан әрi өздiгiнше дамуына жеткiлiктi таза табысты (пайдалы) кiрiктiредi. Мұндай әдiстермен бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерiнiң қызметтерiне деген халытың қосымша қажеттілiктерi қаржыландырылады.
Меншiктi
көздердiң қатарына сонымен
Қаржыландырудың үшiншi көзi — банктердің кредиттерi. Бұл көздi ақылы қызмет көрсететiн ұйымдардың пайдалануы мүмкiн, өйткенi қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттiгi ұйымның кредиттi пайдалану уақытынан асыл түсетiн мерзiмi бойынша жақсы жолға қойылған, бiрқалыпты жұмыс iстеуiн керік етедi. Қаржыландырудың бұл әдiсi, кредит қаражаттарының қамтамасыз етiлуi мен өтiмдiлiгiн кепілдендiретiн әдiс ретiнде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсiпорындары бар ұйымдар үшiн аса қолайлы болып келедi.
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсiптiк, шығармашылық одақтар, азаматтардың дiни бiрлестiктерi, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдiсi олардың қатысушыларының мүшелiк жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бiрлестiктердiң өздерiнiң қызметiн ұйымдастыруға байланысты өзгешелiгiмен және сипатымен бөлектенедi. Қоғамдық бiрлестiктердi ұйымдастырудың ерiктiлiгi олардың қаржы ресурстарының негiзгi көзi кiру және мүшелiк жарналары болып келетiндiгiне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушiлердiң табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Қызметтің қоғамдық сипаты бiрлестiктер меншiгiн олардың мүшелерiнiң жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкiндiгiнен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бiрлестiктердiң жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материалдық
өндiрiс сферасының
Ғылыми
зерттеулердi қаржыландырған
Коммерциялық
емес қызмет ұйымдары мен
Қаржыландырудың
аталған көздерi коммерциялық емес
қызмет ұйымдары мен
1.3 Коммерциялык
емес ұйымдар мел мекемелердiң
шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекiтiлген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының бiрiне тиiстiлiгiне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргiзуде пайдаланылатын әдiске қарай анықталады.
Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негiздерiнде iс-әрекет ететiн үйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерiн есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуiлгi қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көресткіштерiнде ресiмдейдi. Бұл жағдайда өндiрiс пен қызмет көрестуге жұмсалатын шығыдардың тiзбесi материалдық өндiрiс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келедi, бiрақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуiр аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты коса) жұмсалатын шығындар басымырақ, болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкiн, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесi үлкен болады.
Коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдар мен мекемелер өздерiнiң қаржы жоспарларын өздерi жасайды. Мұның үстiне тек бюджет қаражаттары есебiнен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметалар жасайды, онда мекеме қызметiнің сипатты көрескiштерi және қаражаттарды сыныптаманың бөлiмшелерi бойынша бөлу қамтып көрестiледi, ал өздерiнiң қажеттiктерiн бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерiмен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.
Коммерциялық
негізінде жұмыс iстейтiн
Жеке
мекемелер мен ұйымдар бойынша
өтпелi кезеңнiң жоспарлы
Экономикалық жiктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, iшкi сыныпқа, өзгешелiкке топтастырылады.
Ағымдағы
шығыстар санаты мына
1. Iшкi сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар:
− өзгешелiгi бар жалақы: негiзгi жалақы, қосымша ақша төлемдерi, өтемақы төлемдерi, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндетгi зейнетақы жарналары;
−
жұмыс берушiлердiң жарналары:
әлеуметтiк салық, автокөлiк
− тауарлар мен қызметтердi сатып алу (өзгешелiктерi: тамақ өнiмдерi, дәрлiк заттар жане таңу құралдары, ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдар, жұмсақ жабдық және дүние-мүлiк айрықша жабдық пен материалдар, iс сапарлар мен қызмет бабындағы жүрiп-тұрулар, ғимаратты жалдау);
−
коммуналдық қызметтерге,
− басқа ағымдағы шығыстар (өзгешелiгi: жабдық пен құрал-саймандарды, үймереттердi, үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу, жалпы мiндетті орта бiлiм беру қорының шығыстары, несиегерлік берешектi өтеу және басқалары);
− басқадай ағымдығы шығыстар.
2. Сыйақылар (мүдделер) төлеу, iшкi сыныптардың құрамындағы басқадай ағымдағы шығыстар:
− iшкi қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу;
−
сыртқы қарыздар бойынша
3. Iшкi
сыныптардың құрамындағы
− субсидиялар;
− жеке тұлғалар берітiн ағымдағы трансферттер (мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыруға беру, зейнетақылар, стипендиялар басқадай трансферттер);
− баскадай субсидиялар;
−
өзгешелiгi бар трансферттер: мемлекеттік
емес коммерциялы емес
− мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне берiлетiн басқадай трансферттер, өзгешiлiгi: субвенциялар, бюджеттiк алынымдар, басқадай ағымдағы трансферттер;

- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
- Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері
- Коммерция на примере "Агросеменная компания"
- Коммерчекая деятельность предприятия розничной торговли
- Коммерческая деятельности в розничной торговле ООО "КомЛайн-Центр"
- Коммерциялық банктер қызметіне талдау
- Коммерциялық банктер маңызы мен қызметі
- Коммерциялық банктің активтік операцияларын басқару және оларды жетілдіру жолдары
- Коммерциялық банктің пайда болуы
- Коммерциялық емес мекемелер мен ұйымдардың қаржылары
- Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы
- Коммерциялық емес ұйымдар қаржысы