Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

 

І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ БАСҚАРУДЫҢ ТҮСІНІГІ---------------5

 

1.1 Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысының мазмұны және функциялары---------------------------------------------------------------------------------5

1.2 Нарық жүйесіндегі  шаруашылық жүргізуші субъектілер  сыныптамасы-------------------------------------------------------------------------------------------------------9

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ-------------------------------------------------------------------------12

 

2.1  Негізгі ұйымдық-құқықтық  нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері--------------------------------------------12

2.2 Коммерциялық шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысын  ұйымдастырудың негіздері-------------------------------------------------------------16

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ--------------------------------------------------------------------------------21

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------25

ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------26-27

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қаржы менеджментіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтаңцырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын жөне елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі — қоғамдық өнім жасалатын  материалдық өндіріс сферасында жұмыс істетіндіктен бұл буынның  қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысының болуы, жалпы  мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық-пайдалы  қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу, сауда (делдалдық), дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылық аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Курстық жұмыстың мақсаттары. Зерттеу жұмысының мақсаттарына:

- нарықтық шаруашылық  жүргізу жағдайында қаржыны қолдану;

- нарық жүйесіндегі  шаруашылық субъектілердің қаржысының  түсінігін қарастыру,

- Қазақстан Республикасындағы  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қаржысының қалыптасуы мен дамуын  зерттеу т.б. 

Курстық жұмыстың міндеттері. Зерттеу жұмысының міндеттеріне:

- қаржы менеджментіндегі  шаруашылық жүргізуші субъект   жағдайындағы қаржының мәнін, фукцияларын ашу;

-  қаржы менеджментіндегі  шаруашылық субъектілердің қаржысының  сыныптамасын қарастыру;

- негізгі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктерін талдау;

- коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздерін зерттеу т.б.

Зерттеу пәні. Курстық зерттеу жұмысты жазу барысында «Экономикалық теория негіздері», «Қаржы» оқулықтары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының  құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден  тұрады.

 

 

 

 

І. ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТҮСІНІГІ

1.1 Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысының мазмұны  және функциялары

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер  қаржысының бөлгіштік функиясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетінінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуте қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғьщан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу — өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға — мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорлара түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы сонымен  бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытта тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер  қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өңдірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың айырықшалықты  ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндірістік капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекетітк қаржылардан олардың ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның — кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі (бар болуы) жөніндегі мәселені қоюға болады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың  шаруашылық қызметі процесінде басқа  шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:

басқа әр турлі  кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);

өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;

өз ішіндегі білімдермен (олардың арасында қаржы ресурстарын бөлу кезінде);

мемлекетпен — бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк кредиттерін алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлеммен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатьш операциялар нысаны түрінде іске асады);

сақтық органдармен — мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

жоғары ұйымдармен — ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік телемдер бойынша және басқалары);     

құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптасты) қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде жөне оның бір бөлігін шартқа сөйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т.с.с.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

2) өндірістік құралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

3) жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

4) шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржысы бүкіл  қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.

Сөйтіп, шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысы деп өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.

 

1.2 Нарық жүйесіндегі  шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер — кәсіпорындар мен  ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер  әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін (7.1 сызбаны қараңыз).

Айырудың ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне — материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сфврасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, өдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың  қаржысын ұйымдастыруға — қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының  жасалу процестерінің қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру — қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өңдірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өңдірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процестердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.

 

Қаржы қатынастарының мазмұны  мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық шаруашылықтың техникалық-экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

Материалдық өндіріс  сферасының кәсіпорындары қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрекет ететін саласына да байланысты болып келеді.

 Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар жене сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міңдеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді квздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын жөне алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып  табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық серіктестігі, өңдірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға  мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында  және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілерді сыныптаудың маңызды  белгісі меншіктің белгілі бір  нысанына тиістілігі (қатыстылығы) болып  табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан  Республикасында меншіктің екі  нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі ретінде қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін (санын) туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары  қалыптасуы мүмкін:

1. Мемлекеттік меншікке  негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

республикалық — Қазақстан  Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпымемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.

2. Заңды тұлғалардың  жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар: әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық  серіктестіктері, соның ішінде  акционерлік қоғамдар, кооперативтік  кәсіпорындар мен ұйымдар.

3. Қоғамдық бірлестіктердің  меншігіне негізделген кәсіпорындар.

4.  Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды  тұлғалар мен азаматтардың мүлкін  біріктіру негізіндегі бірлескен  кәсіпорындар.

5. Азаматтардың меншігіне  негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.

6. Меншіктің жоғарыда  келтірілген әр түрлі нысандарының  қатысуындағы аралас кәсіпорындар.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

2.1  Негізгі  ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары  мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс  істейді.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылық жургізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік нысандарына  қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс); банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператав мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалга бергенде айрықшалықты төлем — жалға берілген мүлік  құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай  объектілерді жөндеу үшін жалдаушының  жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады.

Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметінің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: таза табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестік жарна негізінде жұмыс  істейтін кәсіпорындардың — шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі белудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің жарналарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Презвдентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынадай нысандары белгіленген:

1) толық серіктестік;

2) сенім серіктестігі;

3) жауапкершілігі шектеулі  серіктестік;

4) қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік;

5) акционерлік қоғам.

Толық серіктестікгінің пайдасы мен залалдары қатысушылар  арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде  өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Шаруашылық жүргізу  құқығындағы мемлекеттік кесіпорын  қызметтің сан алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.

КәсІпорынның жарғылық капиталының мөлшері кәсіпорынға  берілетін мүліктің жалпы құнынан  аспауы және ең төменгі айлық есептік  көрсеткіштің 1000 мөлшерінен кем болмауы  керек.

Кәсіпорын оның жарғысында көрсетілі ен мелшерде резервтік капиталды қалыптастыруға міндетгі және ол жарғылық капитал-дың 10 пайызынан кем болмауы керек, оның қарамағында қалған пайданың кем дегенде 5 пайызы осы мақсатқа жүмсалуы тиіс. Резервтік капиталдың қаражаты тек қана залалдарды жабуға, бюд-жет шщыңдағы міндетгемелерді орыңцауға, мемлекетгік кредитгерді өтеуге және басқадай қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда пайыздық өтем төлеуге жүмсалады.

Кәсіпорын өндіретін  тауарлардың (атқарылатьш жүмыстардың, көрсетілегін қызметгердің) бағалары кәсіпорьшньщ оларды өндіруге

кеткен шығындарды толық  өтеуге, оньщ қызметін шығьшсыз ету-ге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін  және өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағаларын уәкілді органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып белгілейді.

Кәсіпорын мемлекеттік  тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін тауарлардың (жүмыстардың, қызметгердің) бағасын өзі дербес белгілейді.

Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікгі табыстар есебінен ұсталады. Мемлекеттік көсіпорынға қаражат заңнамада көзделген тәртіппен беріледі.

Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс пайданың үлесі жыл сайын  уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше — оның жергілікті органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде көрсетіледі жөне тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.

Жедел басқару құқығындагы  мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын  қазыналық болып табылады.

Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)  төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару жөне өзге де арнаулы жұмыстарды орындау, өртген, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан қорғау;

2) заңнамада қаржыландырудың  арнаулы төртібі белгіленген  мемлекеттік автомобиль жолдарының  және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау мен дамыту;

3) пошта байланысы  мен телекоммуникация, жалпыреспубли-калық  және халықаралық байланыс желісін  пайдалану саласын-дағы қызмет;

4) топографиялық-геодезиялық  және картографиялық жұмыстар  жүргізу;

5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, өлеуметтік қорғау, ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашы-лық қызметті жүзеге асыру үшін құрыла алады.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің ең негізгі  тұрпаты — өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.

"Өндірістік кооператив  туралы" заңда өндірістік кооператив  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік  қызмет үшін мүшелік негізде,  олардың жеке еңбегімен қатысуына  және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген  ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жүмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет көрсетеді.

Өңдірістік кооператив коммерциялық ұйым және заңды тұлға  болып табылады. Ол жеке кәсілкерлік  үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқығы бар.

Өндірістік кооператив мүлкін жарғы салымдары, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тыйым  салынбаған өзге де көздер құрайды.

Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік кооператив жарғысына сәйкес оның мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив мүлкіңцегі үлесі болып табылады.

Кооператавтің құрылтай құжаттарында несие берушілердің мүдделеріне  кепілдік беретін кооператив мүлкінің ең төменгі мөлшерін белгілейтін кооперативтің жарғылық капиталын құру көзделуі мүмкін.

Кооператив жыл сайынғы  пайдасынан аударымдар жасаудың есебінен резервтік капитал құра алады, ол кооперативтің несие берушілер  алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.

Өндірістік кооперативтің  пайдасы жыл қорытындысы бойынша  анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төленгеннен кейін қалған пайда  кооперативтің толық қарамағанда  қалады және оның мүшелерінің жалпы жиналысы мен кооперативтің құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлінеді.

 

2.2 Коммерциялық  шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қаржысын ұйымдастырудың негіздері

 

 Коммерциялық шаруашылық  жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалцық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-тауар рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы  жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс көсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын  жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы  қатынастары деп атайды, қаржы  қатынастары ақша қатынастарының бір  бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық көсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері