Маркетингті жоспарлау
КІРІСПЕ
Ел басымыз жыл сайынғы жолдауында сұранысқа ие тауарлар өндірісін дамытуды қолға алу туралы жиі айтуда, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп салаларын жетілдіріп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел үшін бүгінгі күнгі негізгі мәселе .Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын әр түрлі өнімдерді өндіреді және халықты жұмыспен қамтамасыз ететін экономиканың дамуына айрықша қажет салалардың бірі.Кеңес үкіметі кезінде жеңіл өнеркәсіп саласы еліміз үшін маңыдзы рөл атқарған, яғни ол бюджетке түсетін қаржының 30% құрап, 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтыған.
Дамыған АҚШ, Германия, Италия сияқты елдерде жеңіл өнеркәсіп бюджеттің 20% құрап, ал Қытайдың жеңіл өнеркәсіп саласы жалпы ішкі өнімнің 13%, Түркияда 21% құраса, көршіміз Қырғызстанда халықтың 21% осы жеңіл өнеркәсіп арқасында күн көруде. Экономикалық әлеуеті мықты кез келген мемлекеттің жеңіл өнеркәсібі толық сол елдің тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің 30% құрауы қажет. Өкінішке орай Қазақстанда отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне мұндай көрсеткішті көрсететіндей сұраныс жоқ. Соның ішінде мен қарастырғалы отырған киім өндірісінің даму деңгейінің жыл сайынғы төмендеуін мына көрсеткіштерден көре аламыз: 2000-2008 жж республикамыздың өнеркәсіп құрылымында киім өндірісі үлесі 2-ден 0.6%-ға төмендесе, 2010ж 0.5% болса, 2011 ж 0.1% дейін құлдырыған. Қазірдің өзінде еліміздің киім өндірісі нарығында Қытай, Үнді, Қырғызстан, Түркия өнімдері қаптап жүргенін құлақпен естіп емес көзбен көріп те , сатып алып киіп те жүрген жайымыз бар. Кейбір мамандардың келтірген деректеріне қарағанда елімізде 1500 ден астам жеңіл өнеркәсіп мекемелері тіркелген. Соның ішінде киім өнірісінде қызмет етіп жүрген 39 тоқыма өндірісі, 32 киім тігу өндірісі, 5 тері өңдеу өндірісі зауыттарын атауға болады. Бұл көрсеткіштер елімізде жеңіл өнеркәсіп өндірісі саласындағы киім өндірісі зауыттарының қызмет етіп жатқанын көрсетсе де , олардың жоғарыда атап өткен елдердің өнімдеріне бәсекеге қабілеттілігін көрсетпейді.Киім тігетін кәсіпорындардың кейбірі нақты қызмет еткеннің өзінде тек мемлекеттік тапсырыстармен ғана шектеліп отырады. Өйткені жеңіл өнеркәсіптегі халықты киіммен қамтамасыз ету нарығын 80-90% көлемінде Қытай, Түркия, Қырғызстан, Үндістан өнімдері жаулап алғанын ескерсек, мамандардың деректері сенгісіз. Киім өндірісіндегі отандық өнімдердің шетелдік фирма өнімдерімен бәсекелесе алмауы тікелей маркетингке,оны маркетингтік тұрғыдан зерттеуге және отандық өнімдерді мемлекеттік қолдау, қорғауға байланысты.Сонымен қатар қазіргі ел экономикасының тұтыну нарығы кеңейіп, Кедендік Одаққа мүшелік етіп отырған жайымызды ескерсек, киім өндіретін фирмалар арасындағы бәсекелестіктің, маркетингтік шешім қабылдау маңыздылығы да артып отыр.Сол себепті еліміздің халқы ең көп мегаполисі және қаржы орталығы ретінде Алматы қаласындағы отандық және шетелдік киім өндіруші компанияларды, олардың әлеуетін маркетинтік зерттеу жүргізу арқылы зерттеп, қала тұрғындарының пікірлерін біліп,зерттеу нәтижесін талдап қорытындылайтын боламыз.Міне, мені қызықтырған мәселе еліміздің жеңіл өнеркәсіп нарығы, соның ішінде киім өндірісі, ондағы отандық фирмалар мен олармен бәсекелес шетелдік компанияларды маркетингтік зерттеу, киім өндірісі саласындағы проблемаларды анықтап, жетілдіру жолдарын ұсыну.
І. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маркетинг мәні мен маңызы және оны зерттеудің теориялық аспектілері
1.1 Маркетингтік зерттеудегі бәсеке түсінігі
Ежелгі латынның «concurrentia» сөзінен бастау алатын бұл термин « қақтығысу», «тартыс» мағынасын білдіреді. Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсеке қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталандырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығынының азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.
Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік қатынастардың дамуы көптеген меншік түрлері жұмысының әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабьылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсеке қаблеттілікті мемлекеттің қоғауымен жүзеге асады.
Енді бәсекенің негізгі түрлеріне тоқталып өтейін: Жетілген бәсеке.Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалуына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
- жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
- әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
- сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
- сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
- өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
- қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
- тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
- тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
- өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері:
- ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
- қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
- ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
- фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
- еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
- әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Монополиятік, жетілмеген бәсеке. Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.
Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.
Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.
Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
- бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;
- ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;
- өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, «өндірістік пирамида» типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте «олигополия» деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.
Бәсекеде және бәсекелік күресте оның тәсілін анықтайтын екі белгісі бар:
Бағалық белгісі, бәсекелік қызметті бағалық тетіктер көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Бағалық емес белгі, жарнама және брнединг механизмдерін қолдану,өнімнің сапасын, сенімділігін, сервисін басқару
Сату шарты бойынша бәсекелестік- сатып алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген іс- әрекеттерді қолданалы. Бұл әрекеттерге жарнама, сервистік қызмет жасауы, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.
а) жаңа өнім, технология, өткізу, қызмет көрсету, жарнама әдісін құру;
ә) жаңа өнім жасағандардың нәтижелерін барынша аз мерзімде және барынша аз шығынмен көшірмелеу;
Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестің бағалық тәсілі қолданылады. Бұған монополиялы жоғарғы және монополиялы төмен бағаларды қолдану жатады. Бағалық тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпингтік төмен нарықтық бағалар).
Қазақстан Республикасының киім өндірісіндегі бәсекелестік қатынастардың дамуы көптеген меншік түрлері жұмысының әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабылдануымен байланысты және мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті мемлекеттің қорғауымен жүзеге асады.
Маркетингтік зерттеудегі бәсекеге қабілеттілік негізгі бәсекелестердің өнімдерімен салыстырмалы түрде тұтынушыларды ең мықты ұсыныстарымен,ұтымды коммуникациямен қамтамасыз ету артықшылығы.
Фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі келесі элементтерден тұрады:
- Өнім бағасының бәсекеге қабілеттілігі
1.1 Баға деңгейінің
бәсекелестер бағасымен
1.2 Сұраныс
пен ұсынысқа байланысты баға
дифференцияциясы жүйесінің
1.3 Тұтынушылар
үшін жеңілдіктер жүйесінің
- Өнім сапасы
2.1Өнімнің функционалды техникалық сипаттамасы(сенімділігі, экплутацияның жайлылығы)
2.2 Қосымша
пайданың болуы (сатып алу
және төлеу процесімен
2.3 Өнімнің престижділігі
- Өткізу жүйесі, жарнама, қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігі
3.1 Өткізу жүйесінің
3.2 Жарнаманың әсерлілігі
3.3 Қызмет көрсетудің
тиімділігі және сенімділігі
( саудалық, кепілдік, техникалық, жартылай
кепілдік,сервистік қызмет
- Қаржы, жеке қаржы және шеттен тартылған
- Фирманың сыртқы саясаты
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің эмперикалық формуласы :
Бәсекеге қабілеттілік = баға + сапа + қызмет көрсету
Бәсекелестікті тауар, компания, өнім сапасы, тауар өндірілетін елдер арасында қарастыруға болады. Біздің жағдайда еліміздің киім өндірісі нарығындағы шетелдік және отандық киім өндіретін фирмаларды ,олардың күзгі өнімдері жәнеолардың арасындағы бәсекелестікті маркетингтік тұрғыдан зерттеп, талдап, қарастыратын боламыз.Маркетингтік зерттеу жүргізуде киім өндірісінің өзіндік ерекшеліктері негізге алынады.Келесі бөлімде ол ерекшеліктеріне теренірек тоқталатын боламыз.
1.2 Киім өндірісіне маркетингтік зерттеу жүргізудің өзгешелігі
Қазіргі таңда кәсіпорындар ашылып, нарықта жаңа ойыншылар мен
қатысушылар саны күн санап артып келе жатқанда, нарықтағы өз үлесін сақтап оны дамыту үшін маркетингтік зерттеулер қажеттілігі мен маңызы жоғары деңгейде.Солардың бірі киім өндірісінің де ойыншыларына маркетингтік зерттеу жүргізудің маңыздылығы да жоғары .
Киім өндіру бұл халық тұтынатын сыртқы,ішкі киім-кешек түрлерін өндіру болып табылады.
Кез келген саланы маркетингтік
зерттемес бұрын оның нарығының
ерекшеліктерін,жіктелуін
Ерекшеліктер:
- Үнемі халықтық сұраныста болады;
- Сән үлгісіне, стильге тәуелді ;
- Киімдер арнайы төрт мезгіл бойынша тігіліп, ұсынылады;
- Тұтынушылары кез-келген тұлға болып табылады;
- Тұтынушылардың талғамына, мінез құлқына үнемі мән берілуі тиіс;
- Сақталу мерзімі шексіз;
- Кең ассортимент;
- Географиялық кеңдігі;
- Тауарлық дизайны ерекше назарда
Енді осы киім өндірісін марктеингтік зерттеу ерекшеліктеріне жеке тоқталып, түсіндірме беріп кетейін.
- Киім өндірісі өнімдері тұтыну тауарларына жататындықтан үнемі сұранысқа ие және тұтынылады.
- Тұтынушыларға ұсынылатын киімдер үнемі өзгерісте болып, сән үлгісіне,стильге сай өзгеріп отырады.
- Мезгілдердің ауысуына байланысты ұсынылатын киімдер ассортименті де сол маусымға сай ұсынылады.
- Киім өндірісі өнімдерінің нақты аудиториясы жоқ, ол барлық адамдар түрлеріне, жасына арналып барлығының қажеттілігіне орай барлық түрі ұсынылады.
- Киім өндірісінде тұтынушылар мінез құлқы, талғамы маңызды , өйткені оның өтімділігі тұтынушы талғамына сай ұсынылған киімге байланысты.
- Киімдердің белгілі бір шектеулі мерзімі жоқ, яғни пайдалану мерзімі болмайды.
- Киімдер тұтынушылар талғамының сан түрлілігіне байланысты ассортименті де сан түрлі болады.
- Киім өндірісі өнімдері белгілі бір аймаққа ғана арналып шығарылмайды, тұтынушылары кез келген адам болғандықтан кез келген аймақта таралады.
Ал маркетингтік зерттеу жүргізу -бұл экономика нарығын құраушылары бәсекелестік, нарық түрлері және тұтынушылар талғамын қарастыратын зерттеу жұмыстары; маркетингтік мүмкіндіктер мен мәселелерді анықтау; маркетингтік шараларды түзету және бағалау; маркетингтік қызметті мониторингтеу; маркетингтің үрдіс ретінде түсінігін жақсарту үшін қолданылатын ақпарат арқылы ұйымның тұтынушылармен және қоғаммен байланысын қамтамасыз ететін үрдіс. Маркетингтік зерттеу үдерісі кез-келген зерттеу сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Оларды келесідей көрсетуге болады:
1. Маркетингтік зерттеу қажеттілігі туындайды
2. Мәселені анықтау және зерттеу мақсаттарын тұжырымдау
3. Маркетингтік зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру
таңдау
- Жеке маркетингтік зерттеу бөлімі арқылы(ішкі субъект)
- Маркетингтік зерттеу агенттіктеріне тапсырыс беру арқылы (сыртқы субъект)
- Бірлескен әдіс арқылы (жартылай өздері, жартылай тапсырыс арқылы)
4. Ақпарат көздері түрлерін анықтау
Екінші ретті
ақпараттарды жинау, бірінші
әдістерін таңдау
5. Маркетингтік ақпараттарды жинау
6. Жиналған ақпараттарды талдау
7. Нәтижелерді ұсыну
8. Нәтижелер негізінде
кәсіпорын нарыққа сай
Маркетингтік
зерттеулердің мақсатына келеті
Маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезіндегі мәліметтерді жинау
әдістерін екі топқа жіктеуге болады: санды және сапалы.
Сандық әдістер деп – жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану
арқылы әр түрлі пікір сұрау жүргізуді айтады.
Сапалық әдіс – ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес
түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат,фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген.
Санды және сапалы әдістер – бәсекелес болып табылмайды, олар бірін-бірі толықтыратын екі құрал десе болады. Сапалы әдістер мәселенің мәнін анықтауға, міндеттерді және кейінгі санды зерттеу үшін түсінік аппаратын тұжырымдауға мүмкіндік береді
Жалпы бірінші ретті ақпаратты жинаудың келесі жиі қолданылатын үш
тәсілі бар: бақылау, эксперимент және сұрау. Осы үш әдісті жеке-жеке
қарастырайық.
Мәліметтерді жинаудың санды әдістері немесе сұрау әдістерінің мәні –
адамдарға, олардың білім деңгейіне, өнімге қатынасына, қалаулары мен сатып алу мінез-құлқына қатысты тура сұрақ қою арқылы, бірінші ретті ақпаратты жинау болып табылады. Сұрау құрылымды және құрылымды емес сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда барлық жауап берушілер бірдей сұрақтарға жауап береді, екінішде – интервьюер алынған жауаптарға байланысты сұрақ қояды
Пікір сұрау әдістерінің барлық жиынтығын әлеуметтік әдістер деп
атауға болады, өйткені оларды ең бірінші әлеуметтанушылар пайдаланды.
Пікір сұрау әдістерінің мынадай түрлері бар:
I. Сауалнамалар тарату жолымен пікір сұрау. Сауалнама ашық және
жабық, құрылымдық немесе жартылай құрылымдық сұрақтардан құралып
респонденттердің жауабын алып ақпарат жинайды
II. Фокус-топ – құрылымдық емес сипаттағы ақпарат алу мақсатында
модератордың басқаруымен өткізілетін респонденттердің кішігірім тобы.
Бұләдістіңмәні –
III. Зерттеудің панельдік әдісі – бірдей уақыт аралығында нақты бір топтан
қайталап мәлімет жинау
Сауалнама әдісі пікір сұрау пошта, телефон және жеке әңгімелесу
арқылы жүргізіледі:
- Жеке сұхбат – бір адаммен әңгімелесу. Жеке сұхбат жұмыс орнында,
үйде және далада жүргізілуі мүмкін.;
- Топтық сұхбат – 5–10 адаммен бірнеше сағат ішінде сұхбат
жүргізіледі;
- Телефондық сауалнама ақпарат жинаудың ең жылдам әдісі болып
табылады.
- Компьютерленген сұхбат. Интернет көмегімен ақпарат жинау – ең
жаңа әдіс.
- Респонденттердің қалдырылған анкетаны өздері толтыруы. Мұндай
тәсіл сұхбат алуды ыңғайлы және арзан өткізу үшін қолданылады.
- Пошталық пікір сұрау– сауалнамаларды (анкета) пошта арқылы
жіберу.
Екінші бөлімде киім өндіріснідегі
екі компанияның күзгі
ІІ. ҚР жеңіл өнеркәсіп саласындағы киім өндірісіндегі бәсекелестерді маркетингтік зерттеу және оны дамыту болашағы
2.1 ҚР киім өндірісі саласының қазіргі даму жағдайы
Еліміз жеңіл өнеркәсібі ішкі жалпы өнімінің
30 пайызын құрайтын Түркия, Қытай болмағанмен,
сол Кеңестер дәуірінде жеңіл өнеркәсіптің
жалпы ішкі өнімдегі салмағы 15 пайыздан
кем болмаған және халықтың үлкен бөлігі
нақ осы салада жұмысқа қамтылған-ды. Бірақ
қазіргі өз нарығымыз анықтап айтқанда,
кезінде дүрілдеп тұрған Қызылжардағы
тері кәсіпорны қаңырап бос тұрса, Алматыдағы
атақты аяқ киім шығаратын «Жетісу», Шымкенттегі
«Восход», киім тігетін «1 Май» фабрикалары,
Қызылорданың аяқ киім фабрикасы, 15 мыңнан
астам адам еңбек еткен Алматы мақта-мата
комбинатының өнімдерінсіз күн кешуде.
Сол сияқты Жезқазғандағы тоқыма фабрикасының
болғанын қала тұрғындарының өзі ұмытып
та қалғандай.Бұл мысалдар Қазақстандағы
жеңіл өнеркәсіптің соның ішінде киім
өндірісі даму деңгейінің төмендігін
көрсетеді.Бірақ еліміздегі жеңіл өнеркәсіп
деңгейін көтеруге байланысты шаралар
да, бағдарламалар да қолға алынып жатқанын
да баса айтуға болады.Осы негізде ҚР Жеңіл
өнеркәсіп кәсіпкерлерінің қауымдастығы
"2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасындағы жеңіл өнеркәсіпті
дамыту бағдарламасын жүзеге асыру"
бағдарламасын, «Бизнестің жол картасы
» бағдарламасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіпті
дамыту шаралары және дайын тоқыма бұйымдарының
«Шымкент Кашемир » ЖШС және тігін өндірісін
жаңғырту ісі қолға алынып жүзеге асырылуда.Осындай
шаралардың негізінде елімізде енді жетіліп
келе жатқан табысы жоғары,ауқатты адамдарға
ұсынылатын және шетелдік нарыққа
шығарылатын отандық брендтердің бар
екендері анықталды. Бірақ олар табысы
жоғары тұтынушыларға арналғандықтан,
бұл отандық брендтік компания дүкендерінің
орналасу орны сауда орындарында және
жеке дүкендер негізінде ғана, сонымен
қатар көбіне экспортқа негізделген. Сол
себепті олар ел ішінде киім өндірісі
нарығында аса көп үлесті алмайды. Оларға
компаниясның атынан шығатын Mimioriki
,Семирамида ( SMD ), LadyLike, Қуат, Textiline, Zibroo,
ҚазСПО-N секілді әлемдік брендтермен
бәсекелесіп жүрген сырт киім, балаларға,
әйелдерге арналған киімдер, бас киімдер
, аяқ киімдер ұсынатын біреуге таныс,
біреуге бөтен бұл атаулар – тәуелсіз
елімізде қалыптасқан отандық киім-кешектің
брендтері. Сапасы мен бағасы жағынан
ТМД кеңістігінде бәсекеге қабілетті
екенін дәлелдеген жеңіл өнеркәсібіміздің
бұл субъектілері бүгіндері Украина, Ресей,
Беларусь секілді мемлекеттердің тапсырысымен
жұмыс істеп жатыр.Санаулы бұл отандық
брендтік компанияларға жеке қысқаша
тоқталып кетейін:
Семирамида 12жылдық қызметінде Қазақстан нарығында өзін сенімді және іскер әріптес ретінде таныта білген киім өндірісі компаниясы. Компания «SMD» бренді атымен
- Әйел адамдарға арналған сырт киім;
- Балаларға арналған сырт киім;
- Ер адамдарға арналған сырт киім ұсынады.
Семирамида компаниясының
өнімдерінің сапасы жоғары және экологиялық
таза тоқыма жүндерден дайындалады.
Mimioriki-бұл жергілікті нарық қажеттілігін, дағдылары мен ерекшелігін ескере отырып, еуропалық сападағы өнім ұсынатын балалар киімінің бірінші ұлттық бренді. Mimioriki – бұл туғаннан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған қолжетімді бағамен сатылатын жоғары сапалы киім. «Казахстан Тексти Лайн» ЖШС компаниялар тобы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының 2-бағытына қатысушылары болып табылады. Компанияның киім өндіретін 6фабрикасы соның үшеуі Алматы, Талдықорған,Талғар қалалары болып табылады. Балалар киімдернің бағасы аксесуарлар 350 тг ден басталады, ал сырт киімдер 5000 тг ден ,кеудешелер 2000тг ден жоғары.
Қуат ЖШС шикізаттарды өңдеп, сапалы жүн жіне мата шығару фирмасы. Өз өнімдерімен елімізді және шет елдерді қамтамасыз етеді.
ZIBROO киім өндіру компаниясы балаларға және үлкендерге демалуға, тау шаңғысына спорттық арналған киім үлгілерін шығарады.Бағалары : Жазғы мезгіл киімдері 2600тг ден басталса, қысқы мезгіл киімдері 11800 ден жоғары бағада.
Мен жоғарыда атаған отандық
киім өндірсіндегі брендтік компаниялар
өнімдерінің бағаларын келтіріп
кеттім.Бұл бағалардағы
ҚР –ның киім өндірісі жағдайының SWOT- талдауы
Күшті жақтары :
|
Әлсіз жақтары :
|
Мүмкіндіктер:
|
Қауіптер:
|

- Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
- Маркетингтік жоспарлау
- Маркетингтік зерттеулердің экономикалық мәні:
- Маркетингтік коммуникация
- Маркетингтік коммуникация түсінігі мен түрлері
- Маркетингтің қызметтің теориялық негіздері
- Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы
- Маркетинг табачной отрасли
- Маркетинг таможенных услуг как концепция таможенного менеджмента
- Маркетинг телевизионной компании на примере деятельности ООО «Телекомпания Пятница»
- Маркетинг территории
- Маркетинг территории в условиях кризиса (на примере Шадринского района Курганской области)
- Маркетинг территорий
- Маркетинг территорий