Маркетингтік зерттеулердің экономикалық мәні:
- Маркетингтік зерттеулердің эко
номикалық мәні:
1.1. Маркетингтік зерттеудің мәні мен мазмұны.
Маркетингтің негізгі
принципы мынау болып табылады:
«Сатылатын затты өндіру, өндірілген
затты сату емес». Сондықтан
маркетингтік қызметтің
Маркетингтік зерттеулер –бұл маркетингтік мәселелерді анықтау мен шешу тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттарды жинау, талдау және таратудың жүйелендірілген және объективті процесі. Олардың негізгі мақсаты –маркетингтік шешімдер қабылдауға және олармен байланысты болатын анықталмағандық деңгейін төмендетуге арналған ақпараттық-талдаулық базалар құруда жатыр. Міндеті- ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және иелік етуші субъекттің істерінің нағыз жағдайын бейнелейтін объективті, сенімді, негізделген, өз уақытында берілетін ақпаратпен қамтамасыз ету. Мұндай зерттеу пәні нарықтағы маркетингтік қызмет, сонымен қатар онымен қандай да бір байланысы бар нарықтық процестер болып табылады. Объекті ретінде иелік етуші субъекттің өзі, оның қызмет етуінің маркетингтік ортасы, оның тауарлық, бағалық, коммуникациялық қызмет ету облысында жұргізілетін маркетингтік әрекеттері де бола алады.
Маркетингтік
зерттеулер басқару процесінің
барлық этаптарында ақпараттық-
Маркетингтік
зерттеулер жүргізу
- қойылған көрсеткішті және/немесе маркетингтік мақсаттарға жетпеді;
- бәсекелестік стратегиялары мен бәсекелестік белсенділіктің ( жалпы бәсекелестік матрица, бәсекелес күштер моделі, бәсекелес артықшылықтар матрицасы, бәсекелестер реакциясы моделі) тиімділігін бағалайды;
- өсу стратегиясын жүзеге асыруды жоспарлайды ( Ансофф матрицасы, сыртқы алулар матрицасы);
- инвестициялық жобалар мен байланысты жаңа портфельдік стратегияларды жасайды( БКГ матрицасы, Джи-И-Маккензи матрицасы);
- сегменттелу және позициаланумен байланысты функционалды стратегияларды таңдайды;
- тұтас нарықта маркетингтік әрекеттердің тиімділігін арттыру мақсатындағы маркетинг кешенін басқаруда ұтымды үйлесім таңдауға мүмкіндік беретін құралдық стратегияларды таратудың бақылауын, ревизиясы мен аудитін жүзеге асырады.
Кейбір жағдайларда
маркетингтік зерттеулердің
- қажетті ақпарат көмекші көздерден алынуы мүмкін;
- маркетингтік зерттеулер жүргізуге уақыт жетіспейді;
- бұған қажетті қаржылық ресурстар жоқ;
- осы зерттеулерді жүргізуге кететін шығындар болжамды нәтижелер құндылығынан басым болады;
- зерттеулер бәсекелестерге ақпарат берілуіне әкелуі мүмкін.
Маркетингтік
зерттеулер мүмкіндіктері
- Сыртқы, маркетингтік макроорта (демографиялық, экономикалық, табиғи, технологиялық, әлеуметтік-мәдени) факторларын, тұтынушыларды, бәсекелестерді, делдалдарды, жабдықтаушыларды, контактілі аудиторияларды оқып-білуге бағытталған;
- Ішкі, иелік етуші субъектінің ортасын тексереді (өндіріс, қаржылар, ҒЗКТЖ, маркетинг, ұйымдық құрылым мен мәдениет, персонал және корпоративтік мәдениет).
Міндеттер мен
объектілерге байланысты
Маркетингтік
зерттеулердің түрлері өте көп,
Мәселелерді анықтауға
арналған маркетингтік
- Мәселелерді шешуге арналған маркетингтік зерттеулер маркетингтік мәселелерді анықтағаннан кейін немесе оларды шешу әдістерін іздеу мақсатындағы мүмкіншіліктер кейін жүргізіледі. Олардың қатарына келесі зерттеулер кіреді: нарықты сегменттеуді жүргізуге арналған –оның сыйымдылығының есебі және сегменттеу әдісін таңдау (пайдалар бойынша сегментация торын құру, көп өлшемді жіктелу, топтау, функционалды карта), сегментация белгілері мен критерийлерінің анықталуы, мақсаттық нарықтың таңдалуы мен алынған сегменттердің салаларының анықталуы;
- Тауарлық саясат облысында –тауар концепциясының түрлерімен және оның модификациясының тестіленуі, тауар дизайнының анықталуы, қорабының бағалануы; байқап көру маркетингі;
- Баға құрудың стратегиялары мен әдістерін таңдауға арналған –бәсекелестердің бағалық саясатын танып-білу, ұсыныс пен сұраныстыңсозылмалылығын анықтау, иелік ету субъекттің бағалық саясатының өзгерісіне деген тұтынушылар мен бәсекелестердің реакциясын анықтау.
1.2 Маркетингтік жүйенің ерекшелігі
Маркетингтік зерттеу 5 кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең зерттеудің концепцияларын әзірлеу оның құрамына енетіндер:
- Проблеманы анықтау;
- Зерттеудің әдістемесін жоспарлау;
- Талдау моделін құру;
- Зерттеу пәні мен объектісін анықтау;
- Зерттеудің мақсатын анықтау;
- Жұмыстың гипотизасын құру;
- Релеванттық сипаттарды анықтау;
- Зерттеу міндеттерін қою;
Екінші кезең: зерттеудің жоспарын қалыптастыру оның құрамына енетіндер:
2.1 зерттеудің жоспарын құру;
2.2 таңдау әдісін жоспарлау;
2.3 шкалалауды жоспарлау;
2.4 бюджетті құру.
Үшінші кезең: ақпаратты жинау оның құрамына енетіндер:
- бір орында зерттеудің персоналдарын дайындау;
- персоналдардың жұмысын бақылаудың түрін таңдау;
- ақпарат жинау және персоналдардың жұмысын бақылау;
Төртінші кезең:ақпарттарды жинау мен дайындау оның құрамына енетіндер:
4.1 мәліметтерді редакторлау және кодтау;
4.2 ақпараттарды жинау және өңдеу.
Бесінші кезең: есепті дайындау және оны презентациялау оның құрамына енетіндер:
5.1есепті дайындау;
5.2 есепті презентациялау.
Маркетингтік зерттеудің нәтижелілігі мен тиімділігі ақпаратты жинаудың дұрыс және нақты тұжырымдарының болуына тікелей байланысты болады.Зерттеу үрдісін бастамас бұрын алғашқы мезетте зерттеудің басты проблемасын анықтап алу басты міндет болып табылады.Проблемалар әр түрлі болуы мүмкін, мысалы сәттілікке қол жеткізудегі кедергілерді анықтау немесе олардың алдын алу, жоспарланған мақсаттармен ағымдағы жағдайлардың арасында сәйкессіздіктердің орын алуы т.б
Бірінші кезең.Зерттеудің концепциясын әзірлеу
- Жалпы маркетингтік проблемалардың негізгі 3 түрі кездеседі:
- Непредвиденные изменения болып өткен іс шаралар мен дәл қазіргі болып жатқан жағдайлардың әсеріне бағытталған.Олардың қайнар көздері шаруашылық субъектілерінің сыртқы факторларындағы өзгерістердің болуы.
- Жоспарланған өзгерістер алдағы тұрған жағдайларды анықтайды яғни болашаққа бағытталған.Бұр өзгерістің ерекшелігі шаруашылық субъектісі не істеу керектігі жөнінде өзгерісті өзі шақыру арқылы сұраққа жауап беру.Мысалы: иновациялық саясаттың шеңберінде өзінің қызметін кеңейту мақсатында маркеьтингтік шараларды ұйымдастырады: жаңа тауарларды енгізу, таратуды жақсарту, баға белгілеуді өзгерту, тауар жылжыту жүйесі т.б.Бұл жағдайда маркетингтік зерттеудің рөлі өзгерістердің болу мүмкіндіктерін қарастыруды зерттеуге бағытталған.
- Маркетингтік шешімдер мен кездейсоқ пікірлерді интуитивті қабылдау мысалы, тұтынушылардың талаптары бойынша ескі тауарды жаңарту.маркетингтік проблемаларды анықтаудың келесідей жолдарын көрсетуге болады:
- Нышандарды анықтау. Мысалы, өткізу көлемінің азаюы нарықтағы компанияның үлесінің азайғандығының симптомын білдреді.Сондықтан проблемалардың пайда болу себептерін анықтап алу керек, олай болмаған жағдайда маркетингтік зерттеу мақсатсыз болып, нәтиже әкелмейді және маркетолог болып жатқан жағдайдың себептерін түсіндіре алмайды.Сондықтан проблемалардың туындауына әсер етіп отырған барлық кедергілерді анықтап алу шарт.Проблемалардың себептерін анықтауды келесідей нұсқаулар жүзеге асырылуы тиіс:
- Маркетингттік проблемаларға аудит жүргізу мақсатында шешім қабылдаушы тұлғалар мен жетекшілермен зерттеуші кездесуді ұйымдастыру қажет.
- Жетекшілер немесе мамандарға эксперттік сұрау жүргізу зерттеудің проблемасына жақын тәжірибесі бар және білімі жеткілікті эксперттерден интеръю алу.
- Басқару проблемасындағы маркетингтік зерттеу проблемасына айналдыру.Бұл жердегі басты проблема жетекшілер алдындағы басты проблема болып табылады және оны жоюда маркетингтік зерттеу жүргізуді талап етеді.Өз кезегінде маркетингтік зерттеудің нәтижесі жетекшіні ақпаратпен қамтамассыз етуге бағытталады.Сондықтанда бұл зерттеу «басқарушылық проблема» деген атаққа ие болған.
- зертеудің концепциясын келесі бір түрі зерттеудің әдістемесін жоспарлау болып табылады.маркетингтік зерттеу жүргізудің жоспары мен концепциясын анықтау мақсатында теориялық әдістемелік базасын пайдалануға негізделеді.Зерттеудің алға қойған мақсаттарына және проблемаға қатысты зерттеудің әдістері таңдалады.маркетингтік зерттеудің әдістерін жоспарлау кезінде зерттеудің келесідей әдістері (эмпирикалық, эксперттік, экономикалы математикалық (имитациялық)) қолданылуы мүмкін.
- Талдау моделін құру
Талдау моделі бірнеше түрде болады:
-вербальды-өзгерістерді жазбаша немесе ауызша түрде келтірілуі;
-графикалық сандық нәтижесіз
көрнекі құралдармен
-математикалық-теңдеу түрінде
өзгерістердің байланысын
1.4 Зерттеудің пәні мен объектілерін анықтау
Зерттеудің пәні мен объектісі жалпылама және жеке болып бөлінеді.
Зерттеу объектісі- проблеманың қайнар кһзі болып табылатын тұлғ, процесс сол құбылыс нәтижесі. Зерттеу пәні- объектінің бір бөлігі, яғни проблемалық ситуацияны анықтау кезінде әрекет етуші қасиет.Мысалы, зерттеу объектісі тұтынушы болып табылса, пәні тауарды сатып алудағы шешім қабылдаудағы тұтынудың құрылымы болып табылады.
1.5 Зерттеудің мақсатын анықтау
Мақсаттың қалыптасуы нақты мейлінше егжей тегжейлі анық болуы тиіс. Бастысы оған қол жеткізудегі деңгейін бағалаумен өлшеудің әдістері қарастырылуы тиіс. Маркетингтік зерттеудің мақсатын анықтау үшін проблеманың кейбір компоненттерін нақтылауға бағытталған сұрақтарды іздеуді қолдану қарастырылған. Олар алға қойылған проблеманы шешу үшін қажетті ақпараттардың шеңберін анықтайды. Маркетинтік зерттеудің нақты түрін таңдаудағы келесідей сипатта болады: іздеу, дискриптивтік, эксперементалды.
1.6 Жұмыстың гипотезасын құру
Маркетингтік зерттеу
процесінің бірінші кезеңіндегі
орталық буыны жұмыстың теориялық
гипотезасын анықтау және оны
практикада тексеру болып табоылады.
1.7 Релеванттық сипаттағы бөліну
Маркетингтік зерттеу процесіндегі бұл кезең зерттеудің жоспарын өзгертуге әсер етуі мүмкін және анкетаны құруға пайдаланылады.Релеванттық сипаттама зерттеудің жоспарына әсер ететін тауарлар мен қықметтердің атрибуттары, факторлары.Олардың бөлінуі зерттеліп жатқан проблема бойынша анкета сұрақтарына мазмұнын анықтау мақсатында қосымша ақпараттарды алуға бағытталған.
Екінші кезең. Зерттеудің жоспарын құру
2.1 Зерттедің жоспарын
әзірлеу. Маркетнгтік
2.2 Іріктемені жоспарлау.
Маркетингтік зерттеу жүргізу
кезінде қаржылық және
Выборканы жоспарлау кезінде маркетолог 3 шешім қабылдауға тура келеді:
- кімді сұрау керек;
- қанша адамнан сұрау керек;
- респоденттерді қалай таңдау керек;
2.3 Жобаның бюджетін және
графигін құру. Маркетингтік зерттеуді
жүргізу үшін қажетті барлық
ресурстарды (қаржылық, еңбек, уақыт)
болуын қамтамасыз ету үшін
бақылауды орнатуға мүмкіндік
беретін бюджет пен оның
1. сынау жолындағы әдіс(СРМ) – жобаны бірнеше бөліктерге бөле отырып уақытына қарай атқарылатын шараларын қамтиды.
2. бағдарламаның орындалуын
тексеру мен бағалау әдісі
(PERT) – СРМ сериясын жетілдіруге
бағытталған, жобаның
3. Тексеру мен графикалық
бағалаудың әдісі(GERT) – жобаның
орындалу ықтималдығы мен оның
әр бір кезеңдеріне жұмсалатын
шығындарды тармақтық график
түрінде бейнелеу болып
Бұл кезеңнің аяқтаушы процедурасы оны жүргізуді жазбаша түрдегі ұсынысын білдіруі, ол тапсырыс беруші мен зерттеушінің арасындағы келісімшарт негізінде жүзеге асады. Ол барлық кезеңді қамтиды және жиырма бетке дейін жететін көлемде рәсімделеді. Маркетингтік зерттеуді жүргізу жөніндегі ұсыныс – тапсырыс беруші үшін оны жүргізудің барлық кезеңдерін қамтитын ресми бағдарлама болып табылады.
Үшінші кезең. Ақпаратты жинау
Төртінші кезеңде ақпаратты жинау үшін жұмыс дайындау, олардың жұмысы үшін бақылаудың түрін таңдау жүзеге асырылады. Ақпаратты жинау келесідей кезеңдерден тұрады:
- психологиялық, интелектуалды талаптарына сай келетін жұмысшыларды таңдау;
- жұмысшыларды келесідей аспектілермен оқыту(интруктаж, тренинг) : респондентпен алғашқы байланыс орнатуды үйрету, сұрақ қоюдың және жауап беруге ынталандырудың әдісін, жауаптарды жазып отырудың және сұрауды аяқтаудың тәртібіне үйрету;
- жұмысшылардың сұхбаттасуы мен редакторлауды жүргізуіне бақылау орнату;
- ақпаратты жинау бойынша жұмысшылардың нәтижелерін тексеру – сұрау парақтарының 10-20% пошталық немесе телефондық интервью арқылы бақылау, тексеру жүргізу бекітілген.
- «Жауап берушінің проценті» коэффициенті бойынша қаржылық және уақыт шығындарын есепке ала отырып, жұмысшылардың жұмыс сапасын бағалау.
Төртінші кезең. Ақпараттарды дайындау және талдау
Ақпаратты дайындау процесін талдау, мәліметтерді талдау, анкетаны тексеру, редакторлау, кодтау, статистикалық мәліметтерді түзету, мәліметтерді талдау стратегиясын таңдау элементтерін қамтиды.
Бесінші кезең. Есепті дайындау және оны презентациялау
Маркетингтік зерттеудің
нәтижесі қысқа, мағыналы түрде немесе
толық есеп түрінде келтірілуі мүмкін.
Онда көрнекілік формасында жүйелі, схема
түрінде егжей-тегжейлі қортындылаған
және негіздерген ұсыныстармен түйінделеді.
Есептің мазмұны келесідей
- Титульдық бет
- Ілеспе хат
- Зерттеуді жүргізуге рұхсат хат(тапсырыс берушінің хаты)
- Мазмұны
- Кестенің тізімі
- Суреттердің тізімі
- Қосымшалардың тізімі
- Жетекшілер үшін түйін
- Негізгі мәліметтер
- Қорытынды және ұсыныстар
- Нұсқаулар
- Проблеманы анықтау
- Проблеманың шығу себептері
- Проблеманың қалыптастыру
- Зерттеудің концепциясы
- Зерттеудің жоспары(зерттеудің әдістемесі)
- Әдістеменің түрі
- Қажетті ақпарат
- Екінші ретті ақпараттан мәліметтер жинау
- Бірінші ретті ақпаратты жинау
- Сауалнама құру, пилоттық сұрау
- Таңдау әдісін анықтау
- Жүргізу жұмыстары
- Мәліметтерді талдау талдау
- Әдістеме
- Мәліметтерді талдаудың жоспары
- Нәтижелер
- Шектеулер
- Қорытынды және ұсыныстар
- Қосымшалар
- Сауалнама және бақылаудың түрлері
- Статистикалық нәтижелер
- Әдебиеттер
1.3. Сауалнаманы құрастыру және пікір сұрау жүргізу әдістемесі
Сұрау –белгілі
бір мақсатқа нақты
- адамдардың пікірі мен көзқарасы кең сұрақтарды қамтыса;
- өнімнің бағасы, тарату және жылжыту жүйесінің қабылдану жағдайын анықтау қажет болса;
- респонденттің қандай да бір тауарды қабылдауда сатып алудағы шешім қабылдауын, мінез-құлқын білуде;
- респонденттің (әлеуметтік-демографиялық, психографиялық, өмір стилі) сипатын анықтауда.
Сұрауды қолдану келесідей міндеттерді шешеді:
- тұтынушылар мен бәсекелестерді идентификациялауда;
- зерттеу объектісінің жиынтығын жіктейді, мысалы, тұтынушылардың сегментін анықтауда қажет.
- қажеттіліктің табиғатын зерттейді, мысалы, бұл тауарға деген қажеттілік қалай және қашан тундайтын себептерін айқындайды;
- тұтынудың көлемін анықтайды;
- тұтынушылардың мінез-құлқына әсер ететін факторларды анықтау, оның ішінде маркетингтік инструменттер мен тұтыну барьераларын, оларды басқарудың мүмкіндіктерін;
- тауарды тұтынудағы тұтынушылардың жас шамасын бақылау.
Сұрау әдісінің сан-түрлілігі
оны жіктеуді талап етеді. Іс
жүзінде маркетингтік
Сұрау жүргізудің
артықшылығы икемділігімен,
Сұрау жүргізудің
кемшілігі алынған ақпараттың
субъективтілігі, сұрау
Сауалнама(анкета) –жазбаша
және ауызша сұрақтардан
- Ақпараттық қажеттілікті респонденттердің жауап бергісі келетін және жауап беретін сұрақтарға айналдыруға мүмкіндік береді.
- Сұрау жүргізуге тарту үшін респондетті қызықтырып және ынталандырып отыру қажет. Ол өз кезегінде сұхбаттасуды жүйелі аяқтауға жағдай жасайды. Егер анкета шаршатып немесе жалықтырып жіберсе, анкетаны толық толтырмаудың немесе жауап бермеудің ықтималдылығы жоғарылайды. Әрине мұндай жағдай зерттеудің нәтижелілігін төмендетеді.
- Сұрауды жүргізу барысында қателіктерді мейлінше аз жіберу қажет. Анкета келесідей қателердің негізгі көзі болып табылуы мүмкін:
а) зерттелудің қателігі (ақпаратты алмастырып алу, өлшеуіштердің дұрыс таңдалмауы, ақпараттарды дұрыс өңдемеу);
б) интервьюердің қателігі (респондентті таңдаудағы қателігі, сұрақ, алдау); в) респонденттің қателігі (қабілетсіздігі немесе жауап беруге ынтасының болмауы).
Анкетаның құрылымы үш бөліктен тұрады:
Ену бөлігі –бұл кезде респондентті сұрауға қатынасуға көзін жеткізе білуі қажет. Мақсаты қысқаша түрде айтылып, сұрауға қатынасуға өтініш білдіру және түсіндіру, қажет болған жағдайда құпиялылық сақталатындығы көрсетілуі тиіс.
- Негізгі бөлігі –құрастыру барысында сұрақтың түріне аса көңіл аудару қажет, мазмұнына, мәнділігіне, дұрыстығына т.б.
- Реквизиттік бөлім –респондентке қатысты мәліметтер классификациялық (әлеуметтік-экономикалық және демографиялық сипаттағы сұрақтар) және идентификациялық (аты-жөні, мекен-жайы, телефон) сұрақтар қарастырылады.
Сауатты анкетаны құрастыруға бірнеше апталар қажет етіледі.
Анкетаны әзірлеу 10 кезеңнен тұрады:
1. Қажетті ақпаратты анықтау
2. Сұрау жүргізудің әдісін таңдау.
3. Нақты сұрақтардың мазмұнын анықтау.
4. Респонденттің жауап
беруге ынтасыздығын жою
5. Сұрақтардың құрылымын анықтау (әрбір сұраққа жауап берудің формасы бойынша).
6. Әрбір сұрақтың сөздік қалыптасуын анықтау.
7. Сұрақтардың мәні мен
мағынасы жағынан
8. Анкетаның түрі мен оның орналасуын анықтау.
9. Анкетаны жүргізу.
10. Пилоттық сұрауды жүргізу (алдын-ала тестілеу, пилотаж, претеста). Бұл әдіс іріктелген респонденттерге потенциалды проблемаларды жою мақсатында тестілік анкетаны жүргізу.
Жіктелу белгілері |
|
Зерттеу мақсаты бойынша түрі |
Сандық сұрау–зерттеу объектісінің сандық көрсеткіштерін анықтауға бағытталған зерттеу. Сандық сұрау–зерттеу объектісінің статистикалық құндылығы тұрғысынан негіздеуге арналған зерттеу. |
Сұрау жүргізетін субъектінің түрі бойынша |
Эксперттік сұрау–зерттеу саласы бойынша маманданған заңды және жеке тұлғаларға жүргізілетін зерттеу. Мысалы, лауазымы жоғары мамандарға жүргізіледі. Тұтынушылық сұрау–өнімді потенциалды түрде тұтынатын жүргізілетін сұрау. |
Жүргізу мерзімі бойынша |
Бір рет жүргізілетін сұрау–зерттеу бір рет жүргізіледі. Бірнеше реттік сұрау–зерттеу проблемасына орай ақпаратты жинау үшін бірнеше рет жүргізіледі. |
Сұрауға қатысушылардың саны бойынша |
Жеке-дара сұрау –әрбір респондент жеке-дара сұралады. Топтық сұрау –бірнеше респондент бір мезгілде сұралады. |
Пікірді білдіру әдісі бойынша |
Ауызша сұрау –респондент сұраққа ауызша жауап береді. Жазбаша сұрау –жазбаша түрде жауап береді. |
Мәліметтерді тіркеу әдісі бойынша |
Электронды сұрау(компьютерлік) –компьютерлік бағдарлама арқылы сұрақтар қойылып және респонденттердің жауаптары бақыланып отырады. Анкетаны өздігінен толтыру арқылы жауап береді. Интервьюер анкетаны респонденттің жауабы арқылы толтырады. |
Респондентпен байланысты орнату әдісі бойынша сұрау |
Телефондық сұрау – Пошталық сұрау –сұрақтар пошта арқылы жүргізіледі. |

- Маркетингтік коммуникация
- Маркетингтік коммуникация түсінігі мен түрлері
- Маркетингтің қызметтің теориялық негіздері
- Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы
- Маркетингтің мәні мен теориялық қағидалары
- Маркетингтің туристік саясаты
- Маркетинг товара предприятия
- Маркетинг территории
- Маркетинг территории в условиях кризиса (на примере Шадринского района Курганской области)
- Маркетинг территорий
- Маркетинг территорий
- Маркетингті жоспарлау
- Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны
- Маркетингтік жоспарлау