Мейдзи кезеңі
Жоспар:
1. 1867-1868 жж. Революцияның алғы шарттары мен қозғаушы күштері.
2. АҚШ, Англия және Францияның Жапонияның ішкі істеріне араласуы.
3. Тең емес құқықтық келісімдер.
4. Шет елдіктердің Жапонияны «ашуы» және елдегі әлеуметтік-саяси шиеленістердің күшейуі.
5. Бұқара халықтың жағдайының нашарлауы.
6. Шет елдіктерге қарсы қозғалыстар.
7. Самурайлардың бір бөлігі мен буржуазияның Токугаваға қарсы блокқа бірігуі.
8. Азаматтық соғыс және сегунаттың жойылуы.
9. Мэйдзи реформалары тұсындағы әлеуметтік наразылықтың ұлғаюы: шаруалар көтерілісі, самурайлық оппозиция және либералдық оппозиция қозғалыстың басталуы.
10. Жаңа үкімет және буржуазиялық қайта құру.
11. Ауыл шаруашылық саласындағы реформалар.
12. Мэйдзи исин туралы қазіргі кездегі тарихнама.
1867-1868 жж. Революцияның алғы шарттары мен қозғаушы күштері.
Жапонияда,1867-1868 ж болған оқиғалар, оның анализі мен орны елдің дамуында маңыздылардың бірі, тіпті актуалдылық мен маңыздылығы біздің уақытта да сақталған жапон тарихи ғылымында талқыланатын тақырыптың бірі болды. Ол үшін тиімді, нақты түсінікте қызығушылық білдірген жаңа өкіметтің қамқорлығында жұмыс жасаған тарихшылардың дворяндық сопылық мектебі Мэйдзидің оқиғаларының тарихын зерттеу ертеректе басталды. Бұл тарихшылардың тенденциозды концепциясы «осэй фукко»(императорлық билікті қалпына келтіру) қарама қайшылыққа сегунаттық жүйенің «озбырлық» мәні, императорлық биліктің «заңдылығы», оның шығу тегінің көрнектілігі және жапон даму жолының ерекшелігін алға тартқан, Мито және Кокугаку мектебінің дәстүрінен шықты. Бұл концепцияға сай, 1867-1868 ж оқиғалардың мәні билеуші лагерьдің екі тобының күресіне апарылады-сегун мен елде болып жатқан саяси процесс «Мэйдзи исин» (жаңарту, Мэйдзидің қалпына келуі)-ге атауын бнрген императорлық үй, қоғамдық экономикалық өзгерістер бағынушы мағынаға ие ретінде қарастырылды.
Мэйдзи тарихын, әсіресе оның қоғамдық экономикалық аспектілерін зерттеу мен сонымен қатар түрлі тарихи бағыттардың буржуазды ғалымдары айналысты- Хондзе Эйдзиро(1888-1973), Цугия Такао (1896ж дүниеге келген) және т.б.
Бірақ Мэйдзидің мәселелерінің маңызды зерттеуі Жапон тарихи ғылымында қоғамдық тарихи процестердің оқиғаларына ғылыми тұрғыдан жақындасу, зерттеудің марксистік лениндік әдістемесімен марксистік мектеп қалыптасты.
Мэйдзи мәселелеріне назар жапон капитализмінің табиғатын айқындауды, қоғамның қоғамдық даму деңгейін зерттеуді қажет еткен сол кездегі қоғамдық және жұмыс қозғалыстарының дамуының тәжірибелік тапсырмаларымен анықталды. Жапониядағы генезис мәселелері мен капитализмнің дамуын зерттеу 1932ж мамырынан бастап «жапон капитализмінің даму тарихы бойынша очерктер» жұмысының топтамасын шығара бастаған марксист ғалымдарды біріктірді. Тарихи материалды зерттеуге марксистік әдістемелік жақындаудың бірыңғайлығына қарамастан бұл ғалымдардың арасында(Норо Эйтаро, Хани Горо, Ямада Моритаро, Хаттори Сисо, Хирано Еситаро) жапон капитализмінің генезисі мен Мэйдзидегі оқиғалардың мәніне біркелкі көзқарас болмады. Тарихшылардың бір тобы 1867-1868ж оқиғаларды буржуазды революция деп қарастырса, ал екіншісі абсолюттік тәртіптің құрылу процесі деп қарастырды.
Мэйдзи исин әлі күнге дейін Жапонияның ғылыми және саяси өмірінде идеологиялық күрес арасында қолдауын жалғастырып келед, ал Жапонияның прогресшіл ғылымының қоғамдық дамудың буржуазды концепцияларына қарсы күресінде актуалды болып есептеледі.
Кеңестік историография, Мэйдзи исин сипаты мен мағынасы жайлы, бұл оқиғалардың класстық мәні мен алғышарттары жайлы сауалды объективті және мұқият зерттей отыра, оларды аяқталмаған буржуазды революция деп қарастырады. 1870ж кейінгі дүниежүзілік тарихтың маңызды ақпараттардың мәліметтерін құрастырып, В.И.Ленин «Революционды қозғалыстар» деген бөлімінде былайша белгілеген: «1868-1871: Жапония (революция мен өзгерістер)».
Қоғамдық дамудың, жапондық қоғамның прогрессивті күштерінің феодалды жүйеге қарсы топтық күресінің заңды процесі нәтижесінде өткен, алайда императорлық биліктің қалпына келтіру ұранымен жүзеге асқан Мэйдзи исин нақты тарихи түрлілікпен ерекшеленеді. Бұл елдердің құрылуының астарында капиталистік тәртіп орнағанда XVIII ғ соңындағы француз революциясы және XVII ғ ағылшын буржуазды революциясымен салыстырғанда Жапоняда буржуазиялық қоғамның революционды қайта құрылымына баруға дайын ірі экономикалық және саяси күш ретінде болмады. Өзінің мазмұны бойынша буржуазды революция төменгі самурайлықпен, дворяндықтың радикал қанатымен, прогрессивтік самурай зиялылығымен жүргізілді, ал феодалдық үстемдікті жою үшін қозғалысты басқара алмаған буржуазия феодал мен басқарушы одақпен бірге одаққа енді.
Нақ осы 1867-1868ж революцияның аяқталмаған сипатын, буржуазды өзгерістердің шалағайлығын анықтады.
Кеңестік тарихшылар жапон тарихи және статистикалық материалдардың зерттеулері негізінде Мэйдзи оқиғаларын дайындағандардың басты күші болып апаттылық пен бытыраңқылыққа қарамастан елді антифеодалдық шаруашылық революцияға алып келген шаруа көтерілістері болды.
Мэйдзи өзгерістерінің сипатын анықтау үшін Жапониядағы 1867-1868ж капиталистік өндірістің даму деңгейін анықтау үлкен мәнге ие. Сол себептен, кеңестік тарихи ғылымда маңызды орынға капитализм генезисінің экономикалық және қоғамдық аспектілерін зерттеу ие. Е.М.Жуков, А.Л.Гальперин, Х.Т.Эйдус, П.П.Топех, Д.И.Гольдберг, А.Н.Хейфец, И.Г.Поздняков және т.б жұмыстары «жабық» Токугавтық Жапониядағы капитализмнің дамуын көрсетеді. Феодалды қатынастың консервациясын тудырған, елдің «жабылуы» жақсы рөлге де ие болды: отарлық құл болушылықтан құтылған, шетелдік капиталдың енуіне бөгет жасаған елде ақырын және ұдайы түрде капиталистік тәртіптің өскінінің дамуы жүріп жатты.
Кеңестік зерттеулер Жапонияны отарлық құл болушылықтың қаупінен құтқарған, феодалды бөлшектенуді жойған және капиталистік даму жолына енген елдің ұлттық бірігуіне септігін тигізген буржуазды революцияның өзгерістердің прогрессивтік мазмұнын белгілейді.
Марксистік историография 1867-1868ж оқиғалардағы ішкі факторының мәнін әсірелейтін кейбір жапондық зерттеулердің қорытындыларын сыни тұрғыда қарастырады.
Жапонияны әлемдік шаруашылық шеңберіне қосқан тең құқықтық емес келіссөздердің жүйесі, шетелдік басымдылық, Батыстың буржуазды мәдениетімен жақындасу токугавтық тәртіптің созылған саяси дағдарысын күшейтпей қоймады. Кейінгімэйдзилік Жапонияның дамуында оның «ашылу» кезеңіндегі Жапония мен Батыс елдердің, өндірісінің алдыңғы әдісінің элементтерінің әсерінде қалған, капиталистік қатынастардың құрылуы мен феодализмнің таралу деңгейінде тұрған өндірістік капитализмі дамыған елдер мен мемлекеттердің стадиалды формациялы арақатынасы маңызды рөлге ие.
Кеңестік историография XIXғ екінші жартысында Жапонияның тарихи тағдыры үшін жағымды болған халықаралық жағдайды айтарлықтай мәнге ие фактор деп есептейді.
Жапонияға батыс ірі мемлекеттернің жағынан қысымның әлсіреуі байқалды, оның істеріне Англия мен АҚШтың белсенді араласуы тоқтады. Англия Үндістан мен Қытайдағы оқиғалармен алаңдатылды(сипай көтерілісі «апиын соғысы» және тайпин көтеріліс жаныштауға қатысу), ал АҚШ сол жақта басталған азаматтық соғыстың әсерінен.Академик Н.И.Конрад былай деп жазған: «Жапония өзінің тарихындағы сын кезеңде әлемдік тарихи процестің революционды апатына көбісімен міндетті болды, оларға яғни революционды к.штерге... Мэйдзилік жаңарудағы көмегі үшін алғыс ескерткішін орнату қажет еді»
Кеңестік тарихшылар Мэйдзи мәселелерін зерттеу кезінде ішкі жағдайлармен қатар сыртқы жағдайларды да есепке алу қажет дейді, ол кезде шешуші рөл елдің саяси және қоғамдық экономикалық анализіне беріледі.
Кеңестік историографияның маңызды бағыты болып соғыстан кейінгі Жапонияда саяси болуға ие және жапондық историографияның шегінен шыққан Мэйдзи исин жаңаша буржуазды түсіндірулердің сыны есептелді. Мэйдзи исиннің жүзжылдық мерейтойын тойлауға сай, 1968ж билеуші лагердің реакционды шеңберімен жапон капитализмінің жүзеге асыру кең компаниясы , оны қалық аграрлы әлемдегі күшті елдердің біріне айналдыру процесі басталды. Қазіргі таңда, әлемдегі идеологиялық күрестің күшеюі жағдайында, капиталистік елдердің буржуазды тарихшылары, ең алдымен Жапония мен АҚШ жапондық капитализмнің даму тәжірибесін дамып келе жатқан елдер үшін еліктеу үлгісі ретінде көрсетуге тырысуда, өз кезегінде, жапон халқының адам шошырлық қанауы , Корея, Қытай, Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының отарлық тоналуы, агрессиялық соғыстары жайлы үн қатпайды.
АҚШ, Англия және Францияның Жапонияның ішкі істеріне араласуы.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдыңбірінші жартысында АҚШ, Англия, Франция, сияқты мемлекеттер бірнеше рет Жапонияның «жабық есік» саясатын бұзбақ болып әрекеттенді. Әсіресе АҚШ 1791-1849 жылдары Жапония жағалауларына жеті экспедиция аттандырды. Бірақ бәрі де Токугава сегунаты тарапынан тойтарыс алып, кері оралды. Ресей Жапониямен сауда байланысын жасау үшін 1792-1793 жылдары А.Лаксман басқарған елшілік кемесін аттандырды. Жапон үкіметі ресми байланысқа рұқсат бермеді. 1804 жылы Н.Резанов басқарған елшілік те осылай сәтсіз оралды. Осыдан кейін АҚШ Жапонияның «жабық есік» саясатын күшпен күйретуге кірісті. 1852 жылы АҚШ командор М.Перри басқарған әскери кемені Жапонияға аттандырды.
Тең емес құқықтық келісімдерді қайта қарау мәселесі.
Тең емес құқықтық келісімдер – XIX ғасырда Шығыс Азия (Цин империясы, Корея, Жапония) мемлекеттері арасында,бір жағынан жетекші еуропалық держалавармен жасасқан келісімдер. Ұлы державалардың экономикалық және әскери артықшылықтары азия елдеріне тиімсіз келісімдерді ілді. «Тең емес құқықтық келісімдер» термині 1920 жылы Қытайда ұлттық қозғалыс толқынында пайда болды.Бұл терминнің аудармасы ақырында еуропа державаларында да қолдыныла бастады.
Мұндай келісімдердің алғашқыларының бірі ретінде Цин империясы мен Ұлыбритания арасында болған 1842 жылғы Нанкин келісімі саналды. Қытай бірінші апиын соғысында жеңіліс тапқанның нәтижесінде Ұлыбританиямен еркін сауда жасасу үшін порттар ашылды. Гонконг Ұлыбританияға жалға берілді,ал сонда тұрып жатқан британдықтар Қытайдың құқықтық нормаларынан босатылды.
Дәл осындай келісімге Жапония АҚШ-пен 1854 жылы, ал Корея 1876 жылы Жапониямен келді.Жапонияның экономикалық өсуіне байланысты XIX ғасырдың екінші жартысында тең емес құқықтық келісімдерден 1890 жылдарда бас тартты.Ал Қытай мен Корея мұндай қадамға тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бара алды,соның өзінде 1997 жылы Гонконгтың Қытайға жалға берілуі жайындағы келісім мен Батыс Манчжурияны Ресей арқылы күшейту жайында Пекин келісімі жатпады.
Шет елдіктердің Жапонияны «ашуы» және елдегі әлеуметтік-саяси шиеленістердің күшейуі.
XIXғ басында отарды болу үшін күреске еуропалық елдермен қатар АҚШ та қосылды. Оларды, негізінен американдық тауарлар үшін потенциалды рынок болған, ал оның порттары Қытаймен саудада тиейтін пункт ретінде тиімді болған және Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі кит аулау флотының негізі болатын Жапония қызықтырды.
1852 жылы АҚШ үкіметі Жапонияға 12әскери кемеден тұратын эскадрды бағыттауға шешім қабылдады. 1853ж шілде айында ол Здодан(Токио) жақын жердегі Урага шығанағына кірді. Шетелдік кемелерге кіруге рұқсат етілген Нагасакиге кетіп қалу жайлы Жапонияның табанды талаптарына эскадр жетекшісі М.Перри қабыл алмады. Сегунның жетекшілеріне президент М.Филмордың жеке жолдауын жеткізіп және қайтып келуге уәде беріп , Перри шығанақтың жағалауынан эскадрды өткізіп, Қытайға кетіп қалады.
Американдықтардың талаптарына бакуфу үкіметі абыржып қалды. Ол жоғары тұрған шенеуніктердің ойын сұрауға шешім қабылдады және барлық дайме мен императордан кеңес сұрап теңдессіз қадамға барды. Бұл өкіметтің елді жауапкершілікпен басқаруға мүмкіндігі нақтығы жайлы куәлік етеді және самурайдың түрлі табанының саяси белсенділігін арттыруға және «жабайыларды қуып жіберу» (дзей) концепцияның жолын ұстаушылар мен елдің «ашылуының» жақтасы арасында талқылауға түрткі болды. Қайткенмен де, сол және өзгелер Жапонияның АҚШ әскери күшіне төтеп беруге дайындығы жоқтығын мойындады. Нәтижесінде, американдық талаптар қабылданды.
1854ж ақпанның соңында Перри эскдрасы Канагава (Эдоға жақын жердегі) орнына келді. Ол жақта Перри жапондықтарға тыныштық пен достық жайлы жапон американ келісімдеріне қол қоюға мәжбүрледі, яғни Ансэй келісімдері (ансэй жылдары бойынша -1854-1859ж). Оның негізгі мазмұны келесіге жақындады. Американ кемелерінің кіруі үшін және қажеттіліктердің бәрін қамтамасыз ету үшін Симода және Хакодатэ порттары ашылды. Кеме апатына ұшырағандар үшін жүгіну жайлы тәртіп енгізілді; американдықтар сауда жүргізуге құқық алды;жапон монетасымен бірге кез келген шетелдік монеталардың айналымы рұқсат етілді; АҚШ жақсы ұлттардың статусын алды.
Канагавтық келісім басқа елдермен келісім жүргізу үшін үлгі болды.1854ж қазан айында жапон британдық, ал1855ж қаңтар айында жапон-орыс келісіміне қол қойылды(«Симодтық трактат»атына ие болды). Келесі аталмыш келісімдердің топтамасын Голландия (1856ж қаңтар), Франция (1858ж қазан) және келесі мемлекеттердің тобы жалғастырды.
1858ж шілдесінде АҚШ Жапониямен сауда келісім жүргізуін ұсынды. Американдықтар порттардың ашылуына, өз тұрғындарының Симода және Хакодатэда тұрақты тұру жайлы құқығын алып беруге, экстерриториалды құқықтың кеңейтілуіне және тауарлар құнының 5 тен 35%ға дейін тарифтерді қабылдауға қол жеткізді. Бұл келісім Жапонияны кедендік басқарудан айырды және екіжақты қатынастар теңқұқықсыз болды.
Ұқсас келісімдер Голландия, Ресей және Ұлыбритания(1858ж тамыз), Франция(1858ж қазан), Португалиямен(1860ж тамыз) қол қойылды. Осылайша, Жапония бөлектену жағдайынан әлемдік аренаға шықты, бірақ дербес жіне теңқұқықты мемлекет ретінде емес, тәуелді, теңқұқықсыз келісімдермен байланған ел ретінде болды. Бұл келісімдер шетелдік тауарлар үшін Жапон рыногын ашты,кедендік тарифтер енгізді, валютаның тиімсіз айналымын енгізді, шетелдіктердің экстерриториалды жүйесін бекітті. Жапон шенеуніктерінде халықаралық істерді жүргізу тәжірибесінің жоқтығынан бұл келісімдердің мәтіні шетелдіктермен жазылды.
Жапонияның «ашылуы» бір жағынан, әлемдік тауар экономикалық байланысына белсенді енуіне (ол өз кезегінде ел ішіндегі тауар ақша қатынасын дамытуды күшейтті), ал екінші жағынан феодалды типтің аз өндірістік шаруашылығының дағдарысын күшейтуге септігін тигізді. Ішкі сауда қарқынды екпінмен дамыды, бірақ ол отарлық сипатқа ие болды. Арзан мақта қағаздары мен жүн қағаздарын ендіру шаруалардың үй өндірісін бұзды. Арзан жапон өнімінің экспорты шай, мыс, ірі бұршақ, фарфор бұйымдары және үлкен сұранысқа ие жоғары сапалы шикізаты- Жапонияның сауда серіктестеріне пайда алып келді.
Осының бәрі елдегі бағалар жүйесінің іріткі салуына алып келді. Бір жағынан әлемдік рынокта жақсы сұранысқа ие тауарлар бағасы тез өсті(негізінен, жібек шикізаты, күріш, шай); екінші жағынан ішкі рыноктың мүмкін болған машина өндірісінің импортты өнімімен толуы отандық өндірістің көптеген түріне деген бағаның төмендеуіне алып келді. Бірақ ең қиын соққы шетелдік саудагердің алтын алыпсатарлығы болды. Жапониядағы алтынның күміске сәйкес бағасы 1:5, ал Еуропа мен АҚШ та 1:15 құрағанын қолданған шетелдіктер Жапонияға күміс алып келе бастады және оған ірі мөлшердегі алтынды сатып алу жапон рыногіндегі бағалардың өзгерісіне, алтын қорының азаюына және елдің қаржы жүйесінің бұзылуына алып келді.
Сонымен қатар, ішкі сауданың дамуы көпестік бастаманың байытылуына септігін тигізді. Нақ сол, шетелдік елдермен байланысты және техникалық тәжірибені қолдана отырып, кеме құру, металлургия , иірме, тоқыма өндірісіндегі капиталистік мекемелердің дамуының негізін қалады. Бір мезгілде буржуадағы төменгі рангтік самурайлардың қайта туу жүріп жатты. Мысалы, Нито, Тесю, Сацума князьдігінде самурайлар қайтадан құрылған өндірістік мекемелердің басшылығында тұрды. Самурайдың ішкі кейпінде капиталист жасырынды.
Соңғы онжылдықтағы сегунаттың өмір сүруін орталық өкіметі кейін Мэйдзи өкіметімен жалғасын тапқан реформалар қатарын жүргізуге тырысқанын атап өту қажет. Порттардың ашылуынан кейін он шақты жас жапондықтар шетелге оқу үшін жөнелтілді. Мұхиттық кемелердің құрылысына шектеулер жойылды. Батыс технологиялары негізінде металургтық зауыттардың құрылысы басталды және бұл жұмыстарды қаржыландыру үшін өкімет Франция мен АҚШ тан қарыз алуға жүгінді. Тек қана 1854-1868ж кезеңінде елде 50-ге жуық ауыр өндірістік мекемелер (кеме және машина құрылысы, метталургия, қару және т.б) және 100ден аса жеңіл өндірістік мекемелер құрылды.
Алайда, бүтіндей елдің «ашылуы» жапон экономикасы үшін ауыр сынақ болды. Порттардың ашылуынан кейін елдің әлемдік рынокке бейімделу ауыртпашылықтарымен байланысты қиын экономикалық жағдай Токугава сегунатының құлауына алып келді.
1854 ж бастап сегунат тәртібінің саяси және рухани оппозиция кеңейе бастады. Оған кугэ (придворлық аристократия) оңтүстік батыс князьдігінің, тодзама дайме,жоғары және төмен рангтік самурайлар қатысты.
Сонымен қоса, оппозиция жалғыз болмады. Оған қатысқан түрлі типтегі күштер өзінің өзіндік мақсаттарын көздеді: кугэ- императорлық биліктің атағын жоғарылату; тодзама дайме –фудай даймемен тең құқылы; кәсіпкерлер- олардың шынайы қоғамдық салмағына сай беделді алу. Бакуфаға қарсы басталған күресте маңызды аймақтық сепартистік көңіл күй және бір уақытта түрлі князьдіктер арасындағы қарсыласу (мысалы Тесю мен Сацума арсында) алды.
Сол себептен өкіметке қарсы күрес «тобаку» («бакуфуды» құлату) ұранымен жайылғанына қармастан сегунға қарсы күрестің ақырға мақсатын оппозицияның түрлі бөлімдері әр түрлі түсінді. Оның бір бөлігі сегунның саяси рөлін император ойнай алатынына қарамастан бакуфу жүйесінің сақталуын қолдаса, ал екінщісі императорлық билікті жөнге келтіру процесіндегі бакуфудың барлық институтын жоюын қолдады.
Оппозиционерлерді «варварларды қуу»ды жақтағаны біріктірді. Бірте бірте «императорды сыйлау» талабы(сонно-яғни императорлық билікті қалпына келтіру) «варварларды қуу» ұранымен байланысып, оппозицияның негізгі ұраны болған сонно дзей тіркесін құрады.
«Варварларды қуу» ұраны шетелдіктерді өлтіру мен сәйкес жауаппен (Сацумадағы Кагосима және Тесюдегі Симоносэки бомбалауы 1863-1864ж) бірге жүретін Батыспен ашық конфронтацияға алып келді.
Сегун жан жақтан шабуылға ұшырады. Оған сонно дзей жолын ұстаушылармен қатар, елдің қақпасының кеңірек ашылуын талап еткен Батыс державалар қысым көрсетті. Сегунаттың жағдайы шаруалар көтерілісі мен ірі қалалар Эдо және Осакадағы мәселен қалалық кедейшілік қиындатты. 1864-1867ж өзінде 80 шаруалар мен 16қалалық көтерілістер болды.
Сонымен қатар, Жапонияның саяси күресінің дамуы ұрандар мен идеологиялық догмалар шегіне кірмеді. Варварлардың әскери күшімен танысу даймені шетелдіктермен қызмет етудің пайдасына көндірді. Сацума да, Тесю де бакуфаға қарсы күресті сәтті жүргізу үшін көп мөлшерде ағылшын қару жарағын сатып ала бастады. Сонымен қатар Есинобу шетелдіктердің тұрақты қысымында болса да, мүмкіндігінше дайменің дамыған оңтүстік князьдігінде байытылуына жол бермеу үшін ішкі сауданың масштабтарын шектеуге тырысты. Шетелдіктермен сауда үшін жаңа порттардың ашылуын созу арқылы, ол «варварларды қуу» жақтастарының аяқ астынан жерді алып кетуге тырысты.
Шетелдік мемлекеттер Жапонияда өздерінің жеке мақсаттарын қуалап бір бірімен бәсекелесіп жағдайды қиындатты. Мысалы, Ұлыбритания Сацума мен Тесю князьдігін қолдады, ал Франция бакуфу өкіметін қолдады.
Азаматтық соғыс және сегунаттың жойылуы.
Елдегі жағдайлардың ушығуына Тесюдегі сегунат әскерлерінің жеңілісі мен Иэмети сегунының (1986ж шілде) өлімі себеп болды. Жаңа сегун, Мито князьдігіндегі Токугава әулетінен шыққан Есинобу Тесюге қарсы әскери әрекеттерін тоқтатып, бакуфу билігінің реформасын қабылдады. Ол француз үлгісі бойынша әскердің құрылуын жүргізіп, оны «Жаңаша Иэясу»(полк басшысы және мемлекеттік қайраткер, XVIIғ елдің қосылуын аяқтаған Токугава сегунатының негізін салушы) деп те атады.
Мэйдзи исин туралы қазіргі кездегі тарихнама.
1868 жылы 3 қаңтарда император билігін қалпына келтіру манифестінің шығуы және одан кейінгі оқиғалар Мэйдзи қалпына келтіруі деп аталады. Шынында, саяси акцияның өзі монархияны қалпына келтіруге негізделіп және кейінгі қарулы күрестер императорды шексіз құқықты мемлекетті жоғары басқарушы деп бекіткені үшін жүргізілді.
Сонымен бірге, Жапонияда 1868- 1869 жж.оқиғалар өзінің жақын,әрі алыс зардаптарына қарамастан, расында революциялық характерлі болды. Олар капиталистік даму және қарқынды жаңаруға жол ашты, жапон қоғамының құрылымын радикалды өзгертті, және мемлекет дамуының болашақтағы жолын анықтады. Жапонияның қазіргі заманда гүлденуінің негізі, жаңа билікпен жүзеге асырылатын сегунаттың және одан кейінгі реформалардың құлатылуы деп айтуға болады.
Терең рационалды қоғамдық- экономикалық және саяси реформалар идеалды ортада айқын көне түсініктердің реанимациясымен қатар жапон қоғамының кардиналды өзгерістерінің ерекшелігі, еуропа тарихын зерттеу кезінде анықталған түсініктер жүйесіне қиын үйлеседі. Өйткені батыс елдерінің тарихында, мысал ретінде, «қалпына келтіру» және «революция» түсініктері бір-біріне қарама‑ қарсы, ал батыста барлық шынайы қоғамдық- экономикалық өзгертулер идеялардың жаңа жүйесін ойлап табу әрекеттерімен қатар жүрді. Бұл фонда Х ғ.және одан да бұрынғы ғасырларда құндылықтарына шағымданған жапон реформалары қызықты, әрі зиянды құбылыстар ретінде қабылданды.
Алайда мұндай еуропаорталықты қабылдаулар ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жапонияда етек алған құбылыстарға саналы емес баға берді және сол оқиғалардың маңызды шегін қамтымайды. Бірақ Мэйдзи қалпына келтіруі, өзінің зардаптары бойынша (билікті орталықтандыру, урбанизация, индустриализация) еуропалық типті революцияларға жақын келді, оның жүргізілуі барысында жапондықтар ұлы еуропалық революцияларға тән емес мәселелерді шешті.
Жапонияның, американдық әскери кемелерінің қаруларымен үрлеуі нәтижесінде «ашылуы», мемлекет алдында ұлттық тәуелсіздікті жоғалту перспективасы тұрды. ХІХ ғ.ортасы алдыңғы және тәуелді, қаналатын мемлекеттердің иерархиясымен әлемдік капиталистік жүйенің түзілу кезеңі болды. Азия батысқа қарсы жауап бере алмай, отар мен жартылай отар тағдырына ие болды.
Батыс әлеміндегі қоғамдық-экономикалық өзгертулер, әдетте, ұлттық- босату мәселелерін шешумен байланыстырылғанына қарамастан, Жапониядағы жағдай мүлдем басқа болды. Барлық батыс халқы, соның ішінде өзінің ұлттық анықтамасы үшін күрескендері, бір еуропалық өркениетке тән болды. Олардың мәдениетінде ортақ көне және христиандық тамырлар болды, және олар бір идеалы кеңістікте мекен етті.
Жапония өзге, қытай мәдени дәстүрге тән. Соған қарамастан, өзін тәуелсіз ұлт ретінде сақтап қалу үшін, жапондықтарға өте қысқа мерзім ішінде еуропалықтар секілді техника мен технология саласында ғана емес, сонымен қатар, заманауи мемлекеттің құрылысында да жетістіктерге жетуі тиіс болды. бұл жапондықтар түсінігіне жат, әрі қалыпты емес үлкен массивті саяси, экономикалық және басқа идеяларды меңгеруді талап етті.
Осы мәселені шешіп, өздігін сақтап қалуы үшін,жапондықтардың ұлттық қасиеті мен өз мәдениетінің құндылықтарын сезіну сезімдерін сақтап, өздерінің ұлттық идеясына мұқтаж болды. Оған, осыған дейін де Жапонияда саяси орын басушылық пен рухани бірлікті үстап тұрған, императорда мамандандырылған ұлттық таңқаларлық шығу тегі идеясы болды. Сондықтан императорлық билікті қалпына келтіру, өзінен сегунат тәртібін жойып жіберген ұлттық- хабарланған күштер күресінің саналы ұраны болып, және ұлттық тәуелсіздікті жоғалту қаупіне қарсы күрестер жүргізілді. Мэйдзи қалпына келтіруі, әміршінің көне, шынайы дәстүрлер басқаруына қайта оралуы деген түсінікті білдірді.
Бұл толығымен жапон тарихының рухына сәйкес, яғни мұнда орны басушылық принципі бақыланып отырады. Жаңа элементтер ескі құрылымды бұзбай, онымен қатар жүріп, бірігеді. Біртіндеп ескі құрылымға лайықтанып түрін өзгертетін осы элементтер, бүкіл жүйені қайта құруға кіріседі. Егер Батыста жаңа қадам алдыңғыны жоққа шығарып дамыса, Жапонияда- дәстүрлерді жаңарту жолымыен жүзеге асырылады. Сол себептен де Мэйдзи оқиғаларының мәнін анықтау мақсатында замандастар көпғасырлық тарихы бар исин, «жаңарту» дегенді білідіретін, термині таңдалды.
Бұл, жапон қоғамындағы ең маңызды қайта құрулардың өзі, қирататын қоғамдық жарылыстарсыз өтті. Мәселені компромис табу жолымен шешу‑ Жапонияға тән құбылыс. Мұндай талпыныс негізгі жапон әлемін қабылдау‑ үйлесімділік түсінігінде (ва) негізделеді.
Сондықтан да Мэйдзи Исин, одан кейінгі реформалар секілді, консервативті оқиғаларында күштер мен жаңарту жақтастары арасында әрдайым айқын емес компромис болды. Біріншілер, жалпы қоғамды реформалауға, екіншілері- дәстүрлерді сақтау мен қолдауға бейімділігін көрсетті. Жапониядағы азаматтық соғыстар, әлемнің басқа елдеріндегі соғыстарымен салыстырғанда, жаппай характерлі және қантөгісті болмады, өйткені қарсыласушы жақтар өзара жоюға тырыспады.
Мэйдзиді қалпына келтірумен байланысты оқиғалардағы тарихи компромис элементі, сол жылдардағы Жапонияның экономикалық және саяси құрылымындағы өзгешеліктерімен бірге ұзақ уақытқа дейін ауылдағы табиғи жалдау төлемін сақтауда мемлекеттің капиталистік дамуының спецификасы, жерге помещиктің меншігі, кәсіпорындардағы еңбектің жартылай феодалдық шарттарын алдын ала анықтады. Дәл осы Мэйдзи қалпына келтіруі, Жапония алдына кең ауқымды жаңаруға жол ашып, оның ұлттық тәуелсіздігін жоғалту қаупінің алдын алды.
Жаңа үкімет және буржуазиялық қайта құру.
Ұзақ оңашалаумен өмір мен шаруашылық әрекеттерінің қатты регламенттелген тәртіпке қарамастан, жапон қоғамында кардиналды жаңартуларға айқын сілтемелер болды. Барлық параметрлері бойынша жапон қоғамы қарқынды жаңартуға дайындалды. Атақты жапон қоғамтанушысы Наканэ Тиэнің сөзі бойынша: «арбаға дөңгелек жаңартуға дейін жасалды; енді тек арбакеш пен қозғалыс бағытын ауыстыру қажет болды.
Мэйдзи жаңартуларында мемлекет өте маңызды рөл ойнайтындығын ерекше ескеруге тиіспіз. Қалпына келтіруден кейін, жаңарту мемлекеттік саясаттың приоритетіне айналды. Оның жүзеге асырылуына барлық рухани және материалдық ұлт потенциялы қатысты.
Өзінің жастығына қарамастан, әмірші Мэйдзи мемлекеттік іске белсене қатысты. Жас монарх ұлы тұлға, ұлт пен мемлекеттің нағыз лидері болып шықты. Жеке қасиеттерінің арқасында ол өзінің ата- бабаларының дәстүрлі авторитетін бекіте түсті.
Алғашқы 10 жылдықта Мэйдзи 271 қаулыларды жариялады. Оның көп бөлігі мемлекеттің күнделікті дағдылы істеріне арналды. Мысалы, оның біреуін, әмірші, шетелге оқуға аттағалы отырған жастарға жол тілеу ретінде арнады, ал басқасында шетел кеңес берушілеріне , оның мемлекетіне көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты. Оның негізін салушылары Токугаваны 260 жылда басқаруы кезінде астананы 3 рет тастап кетті.
Бұған қарамастан, әмірші тәуелділікте билік етті. Сондықтан да ол өздігінен емес, өзінің қоршаған ортасына сай әрекет етті. Көптеген қаулылар әміршінің тікелей бұйрығымен және қатысымен жазылды.

- Мейрамхана бизнесі
- Мейрамхана бизнесіндегі маркетингке жалпы шолу
- Мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары
- Мейрамханаға келушілерге қызмет көрсету
- Мекетпет шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары
- Мексика
- Мексика в мировой экономике
- Межхозяйственное (территориальное) землеустройство
- Межцеховое планирование
- Межэтнические конфликты
- Межэтнические конфликты
- Межэтнические конфликты
- Межэтнический конфликт
- Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер