Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мезолит және неолит дәуіріндегі өнер
Орындаған: ИО-11 тобының студенті
Нурмангалиев Е.У.
Тексерген: АЭжәнеОТ кафедрасының оқытушысы
Шохатаев О.С.
Қарағанды 2012
Мазмұны:
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
- Өнер және homo sapiens.......................
.............................. ...........................4 - Мезолит дәуіріндегі өнер..........................
.............................. ...................14 - Неолит дәуіріндегі өнер..........................
.............................. ......................17 - Неолит дәуіріндегі бейнелеу өнері.........................
............................. 18 - Неолит дәуіріндегі мүсін өнері.........................
.............................. .....23 - Неолит дәуірінің архитектурасы.................
.............................. ...........25 - Неолит дәуірінің қыш ыдысы.........................
.............................. .......26
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымша.......................
Кіріспе
Алғашқы қауымдық және кейбір халықтарда осы уақытқа дейін сақталған «жабайы», немесе дәстүрлі өнер деп аталатын өнер территория жағынан барлық континенттерді, ал хронологиялық жағынан – homo sapiens өмір сүріп келек жатқан заманды түгел қамтыды. Алғашқы қауымдық өнер тарихы өнердің туу проблемасын қамтиды және палеолит дәуірінің бізге мәлім көркем туындыларының ішінен ең көнелерінен бастап оның осы таяу уақытқа дейін мәдени және әсеуметтік-экономикалық дамудың алғашқы қауымдық сатысында болып келген осы замандағы кейбір халықтардың өнер ескерткіштеріне дейінгі бірнеше ондаған мың жыл бойғы дамуының кезеңдерін алып қарастырады. Басқаша айтқанда, бұл өнердің дамуындағы иаптар пайда болғанға дейінгі кезеңнің тарихы; бұл кезеңде біздің көркем шығармашылық деп атайтынымыз әлі кәсіби еңбек қызметінің дербес түріне айнала қойған жоқ-ты.
Өркениет заманындағы өнерден өзгешелігі, алғашқы қауымдық өнер мәдениеттің бөлек бір дербес саласын құрамайды. Алғашқы қауымдық қоғамда көркемдік қызмет мідениеттің сол кезде бар формаларының бәрімен: мифологиямен, дінмен тығыз байланысып, қат-қабат келіп жаталы. Көркемдік қызмет бұлармен ажырағысыз бірлікте болады да, алғашқы қауымдық біртұтас мәдени кешен деп аталатында құрайды.
Алғашқы қауымдық қоғамда рухани қызметтің барлық түрлері түгел дерлік өнермен байланысты болды және өнер арқылы көрінді. Алғашқы қауым адамының еңбек қызметі үшін үшкірленген тас – оның өміріндегі барлық жағдайда бірдей пайдаланылған осынау әмбебап құрал қандай болса, дамудың бұл сатысында өнер де рухани мәдениеттің дәл сондай аса мәнді аспабы болды.
Алғашқы қауымдығы өнерде айналадағы дүние туралы бастапқы ұғымдар дамытылды. Бұл ұғымдар алғашқы білімдер мен дағдылардың санаға сіңіп, жалғастық табуына жәрдемдеседі, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып табылады. Материалдық дүниені қайта өзгертетін еңбек адамның қаз-қалпы табиғатпен мақсатты күрес жүрзізуінің құралына айналды. Айналадағы дүние туралы ұғымдар жүйесін тәртіппен, әлеуметтік және психикалық процестерді реттеп, бағыттап отыратын өнер адамның қоғамыындағы хаоспен күресу құралы ретінде қызмет етті.
Осы курстық жұмыста өнер мен homo sapiens арасындағы байланыс, өнердің пайда болу проблемасы мен себебі, Мезолит пен неолит дәуірлерінің өнері мен оның дамуы туралы жазылмақ.
1.1 Өнер және homo sapiens
Адамды адам еткен – еңбек. Еңбек адамға жер бетіндегі барлық басқа мақұлықтардан даусыз басымдылық әперді – бұл басымдылық қисапсыз көп жүздеген мыңжылдықтар бойына адамзат баласының тіршілік етіп, түр ретінде сақталуының кепілі болды. Соңғы деректер бойынша, адамзат ұрпағы екі миллион жылға жуық өмір сүруде, ал адамның қазіргі түрі (homo sapiens) не бары қырық мың жылдай деп есептелінеді. Адам баласының қазіргі түрі жаратылғаннан кейін өндіргіш күштер мен қоғамдық қатынастар үрдіс дамыды, мұның алдындағы кезеңмен салыстырғанда бұл даму оңдаған, жүздеген есе жеделдеді. Әлбетте, бұл бірден бола қалған жоқ. Нomo sapiens-тің тастан жасап алған алғашқы құралдарын оның алдында өмір сүрген неандертальдықтардың жасаған құралдарынан тек маман адам ғана ажырата алады. Нomo sapiens тасты өңдеу әдісін жетілдіреді, жаңа материалдарды – сүйек пен мүйізді көбірек пайдаланылады. Өндірісті дамытудағы бұл елеулі түрде ілгері басушылықтың барлығы, археологиялық материалдар дәлелдеп отырғанындай, рухани және материалдық мәдениет саласында нендей бір елеулі сапалық өзгерістер болғанын – оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда кейінгі кезеңдердегі орасан зор секіріс үшін траплин боларлық өзгерістер жасалғанын әсте көрсетпейді.
Адам баласының жаңа биологиялық түрімен бірге пайда болатын бірден-бір сапалық жағынан жаңа археологиялық материал – мүсінделген графикалық бейнелер, кескіндеме іспеттес геометриялық таңбалар, сондай-ақ табиғатта бар заттарға ұқсатып жасалған суреттер болып табылады.
Адам баласының біз шартты түрде көркем шығармашылығын деп атай алатын қызметтің осы жаңа түрімен шұғылдануын өзінің мүмкіндіктері жағынан алғанда тарихта, бәлкім, теңдесі жоқ асқан ұлы жағалық болды деп бағалау керек. Әлбетте, бұл мүмкіндіктердің өзінен-өзі дереу жүзеге асуы оп-оңай (қалай дегенмен де, белгілі бір тарихи мерзімде) емес-ті. Бұны жазудың даму тарихы бәрінен де гөрі айқын дәлелдейді. Жазудың қазіргі фонетикалық әріптік-дыбыстық жүйелерінен бұрын әр түрлі арағұрлым икемсіздеу формалары болғаны мәлім; оның бер жағында, жазудың бастапқы типі жекелеген нақты суреттерден құралатын пиктографиялық жазу еді. Жазудың бұл типі алғашқы қауымдық бейнелеу өнерімен тығыз байланысты болды, шамамен алғанда, мезолиттің бас кезінде ғана бұл жазу алғашқы қауымдық өнерден біртіндер бөліне бастайды. Таза күйінде әріп-дыбыстық жазу б.з.б. ІІ мыңжылдықта Мысырда пайда болды, ал шумер жазуы б.з.б.ІІІ мыңжылдықта өзінің бейнелік сипатынан айырылып, тік және көлбеу сына тәрізді сызықтардан құралатын абстрактілі таңба формасына көшті. Бірақ, жұртқа мәлім, жазудың нақты суреттен жеке бір дыбысты білдіретін шартты таңбаға қарай бұлайша дамуы барлық жерде бірдей орын алған жоқ. Қиыр Солтүстіктегі кейбір халықтар мен американ үндістерінде пиктограмма күні бүгінге дейін бұрынғысынша жазу орнына жүреді.
Пиктограмманың, бір жағынан, алғашқы қауымдық өнермен, яки суретпен байланысы, екіншіі жағынан, сөйлеудің дамуымен – сөзбен байланысы алғашқы қауымның біртұтас кешенінде жинақталған түрде жалпы ойлаудың негізін құрайтын әр түрлі элементтердің қаншалықты қат-қабат тығыз байланысып жататынын тағы да дәлелдейді. Мұның өзінде мынаған ерекше назар аудару керек: ең қарапайым формадағы суреттің өзі шынайы бір затты нақты қалпында тұтас күйі алмай, жинақталған түрде бейнелеу болып табылады. Бұлайша бейнелеу,сөз сияқты, «Дүниені танудың жағдайларын принципті түрде өзгертіп, кеңейтеді, жаңа, жануарларда болмайтын жинақтап жалпы ойлау мүмкіндіктерін туғызады, сөйтіп бұл арқылы адамды ерекше биологиялық түр ететін оның өзгешеліктерінің біріне айналады». Сонымен бірге сурет салу алғашқы қауымдық нақты-бейнелі ойлаумен мейлінше тығыз байланысты және сөзден, тілден өзгеше – жалпы нәрсені ғана емес, жеке нәрсені де қамтиды. Адам өзі үшін сурет салуды ашып, «уақытты бір сәтке тоқтатты», сөйтіп бұл арқылы уақытқа белгілі бір өктемдік көрсете алатын болды; ол болмыстың жаңа формасын – көркемдік форма болмысын бастағандай еді; бұл көркемдік форманың қалай дамығанын бейнелей өнерінің тарихы көрсетіп отыр. Бұл жаңалық қалай ашылды?
Өнердің пайда болуы туралы мәселе – белгілі бір мөлшеде оның мәнісі, мәні мен мақсаты мәселелерімен байланысты – ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана археология табыстары арқасында ғылыми негіізге қойылды. Сонымен бірге, археолоштардың баға жеткісіз материал берген жаңалықтарымен байланыты, жаңа мәселелер да туды; алғашқы күмәнсіз өнер туындыларының homo sapiens өмір сүре бастаған кезеңге жататын қабаттардан ғана табылғандығы заңдылық па, әлде кездейсоқтық па? Ойлауға қабілетті адамның жаратылуы мен көркемдік қызметтің пайда болуы арасында тікелей байланыс бар ма?
Бұл сауалға жауап берместен бұрын, ең әуелі nomo sapiens-ті оның алдында болған адам түрлерін ажырататын белгілерді осы күнгі антропологтардың қалай сипаттайтындығымен танысып көрелік. «Homo-неандерталь адамында интенсивті еңбек қызметіне қажетті органдардың барлығы болды – денесін тік ұстап, аяғын нық басып жүре алғанын айтпағанның өзінле, оның аумақты миы, шапшаң қимылдайтын қолы бар-ды. Бәрақ... неандерталь адамының морфологиялық ерекшеліктері, атап айтқанда, оның миының құрылымы өзінің тентектігі және тежелудегі басқарушы орталықтардың нашар жетілуі себепті ұжымдық қоғамдық өмір жағдайларына жеткіліксіз бейімделген мақлұқат болғанын көрсетеді. Неандерталь адамының ми қабы қызметіндегі қозу тежелуден едәуір басым болған, сондықтан неандертальдар табанында сұмдық ашу-ызаға берілушілік өте жиі туып отырған, бұл қақтығыстарға әкеп соқтырған...Осы себепті неандертальдар ұжымында өмірдің қоғамдық формаларының дамуы үшін потенциалды мүмкінідтер аз болды.
Адам баласының осы
күнгі түрінің пайда болуы
жөніндегі неғұрлым иланымды теорияның
кеңес антропологы Я.Я.
Сонымен, ойлауға қабілетті адамның неғұрлым өзгешелік белгісі – оның әлеуметтік сапасы болып табылады. Әйтсе де, дәл осы сапалар көркемдік практиканың, археологиялық деректеріне қарағанда, «қоғамдық адам»–homo sapiens жаратылған заманда пайда болған өнердің ең елеулі ерекшелігі саналады. Өнер тарихы мен оның пайда болу мәселелеріне зор көңіл бөлген, марксизмнің Ресейдегі аса көрнекті насихатшысы Г.В.Плеханов адамның көркемдік қызметінің басталуы мен дамуында әлеуметтік факторлар шешуші роль атқарғандығын атап көрсетеді. «Өнер – адамдар арсындағы қарым-қатынас құралдарының бірі...–дейді ол.– Ол не тікелей экономикамен жіне өндіріс техникасымен, не осының негізінде өсіп шығатын қоғамдық қажеттермен және қатынастармен белгіленеді».
Кеңес психологы Л.С.Выготский де өзінің «Өнер псизологиясы» деп аталаиын белгілі еңбегінде осындай қорытындыға келеді. «Өнер біздегі...әлеуметтік нәрсе. Жануарлардан өзгеше, адамның аса елелі ерекшелігі мынада: ол техника аппараты мен ғылыми аппаратын енгізіп, өзінен бөлектеп шығарыды, сөйтіп бұлар қоғамның құралдары болып шығады. Дәл осы сияқты, өнерде сезімнің қоғамдық техникасы, қоғамның іспеттес; қоғам осы құралдың көмегімен біздің тіршілігіміздің ең интимдік және ең жеке басқа тән жақтарын әлеуметтік өмір шеңберінде тартады».
Өнердің әлеуметтк маңызы туралы Платон мен Аристотель заманынан бері мейлінше іждағатты айтылып келеді. Өнердің қоғамдық қызметін түрлерінің бірі ретіндегі маңызы әбден айқын. Мұның өзінде өнердің әлеуметтік аспап рөлін атқаратындағын ғана емес, сонымен бірге оның өзі, мәнісі жағынан алғанда, біздің өзімізден сезім болып табылатындығында.
Сонымен, homo sapiens-тің пайда болуы мен көркемдік қызметтің басталуы арасындағы тікелей байланысты мойындау керек. Саналы түрде істелетін өызметтің біз өнер деп атайтын айрықша түрін қоғамдық адамның пацда болуы ғана тудыруы мүмнін еді. Ал адам баласының пайда болуы және даму процесінде нақ еңбек шешуші роль атқарғандықтан, өнердің тууы– қызметтің осынау сапалық жағынан жаңа қоғамдық түрінің тууы – адам эыолюциясына елеулі ықпал тигізуге тиісті болғанын да мойындаған жөн. Әлеуметтік адам қызметінің ерекше түрі ретінде өнер сонымен бірге homo sapiens-тің осы замандағы түрінің қалыптасуына зор роль атқарды. Мұның барлығы еңбек ету, сөйлеу және ойлау сияқты факторлардың маңызын кемітпейтіні былай тұрсын, қайта, олардың маңызын ерекше өсіре түседі, өйткені өнер дегеніміз адамның ең басты ерекшелігін құрайтын осы факторлардың барынша толық және жемісті түрде өзара әрекет жасайтын қызметі болып табылады. Өнерде бұл факторлар сапа жағынан жаңа сатыға көтеріледі: еңбек шығармашылығына айналады, сөз уақыт шеңберінде өмір сүре бастады. Ой сөзге қосымша шыңдықты пайымдау формасына ие болды.
Қызметтің материалдық қажеттерді
өтеуге тікелей бағытталмаған бұл
жаңа түрінің тууы рухани қажеттердің
дамуымен байланысты. Бірақ бұл «жаңа
қажеттер осы замандағы адамда бар
және «эстетикалық» сезім деп
аталатын шын мәніндегі жаңа сезім
болып тек талай уақыт өткен
соң ғана біртіндеп қалыптасады.
Алғашқы кезде бұл сезім
«...Қоғамдық адамның сезімдері – қоғмдық емес адамның сезімдерініен басқаша сезімдер. Тек адамның ішкі мәнінің нақты өрістелген байлығы арқасында ғана адамның субъективті сезім қабілетінің бар байлығы мейлінше дамыды және ішінара алғаш рет туады: құлақтың музыканы нәзік сезінуі, көздің форма сұлулығының байқағыштығы,–қысқасы, адамның ләззат алуын білдіре алатын және өзән адамның ішкі мәнінің күшті ретінде танытатын сезімдер дамиды және ішінара алғаш рет пайда болады. Өйткені бес сыртқы сезім ғана емес, сонымен бірге рухани сезімдер, практикалық сезімдер деп аталатындар да (ерік, махаббат және т.т.) – бір сөзбен айтқанда, адамға тән сезім атаулы, сезімнің адамға тәндігі – тек нақты бір заттың табиғатта бар болуы, табиғаттың адамға тәуелденуі арқасында пайда болады. Бес сыртқы сезімнің пайда болуы – бұл осыған дейін өткен бүкілдүниежүзілік тарихтың жұмысы. Дөрекі практикалық қажеттің бұғауындағы сезімнің мағынасы шектеулі болмақ.
Маркстің бұл ескертпесі өнердің адамды адам ету (сапиенстену) процесінде: сезім мүшелерін адамға лайықиап жетілдіруде және рухани негіздердің тууында елеулі роль атқарған факторлардың бірі ретіндегі маңызы турасындағы қорытындыларды толық дәлелдейді, өйткені адамның ішкі мәнінің нақты өрістетіле неғұрлым толық көрінуі нақ өнерде ғана бейнеленеді.
Даму дәрежесі алғашқы
қауымдық қоғамдағымен ұқсас деп
есептелетін осы замандағы
К.Маркс еңбекті: «Адам мен табиғат арасында болып жататын процесс, адам өзінің қызметі арқылы өзі мен табиғат арсындағы зат алмасуды жүзеге асырып, реттеп және бақылап отыратын процесс»,–деп сипаттады. Адамдардың еңбек қызметі әрқашан тарихи нақты бір заманда өтіп жатады; бұл заманның өзіне лайықты өндіргіш күштерінің белгілі бір дәрежесі мен осы дәрежеге сәйкес өндірістік қатынастарлы болады.
Жануарлардан өзгеше, адам әрқашан бірдеңені жасағанда, оны саналы мақсатты түрде, өзінің қажеттерін өтеу үшін жасайды. «Тоқымашының қолынан келетін операцияға ұқсас операцияны өрмекші де істей алады, ал бал арасы өзінің балауыз ұяларын жасағанда кейбір архитектор-адамдаран да асып түседі, – деп жазды К.Маркс,–бірақ ең жаман архитектордың ең жақсы бал арасынан айырмашылығы ең алдымен мынада: ол балауыздан ұялар жасамастан бұрын, оларды әуелі өзінің басында оймен жасап алады... Адам табиғат берген нәрсенің формасын өзгертіп қана қоймайды; табиғат берген нәрседе адам сонымен бірге өзінің саналы мақсатын да жүзеге жүзеге асырады, ал бұл мақсат заң ретінде оның іс-әрекетінің әдісі мен сипатын белгілейді, бұл мақсатқа ол өзінің еркін бағындыруға тиіс». Материалдық өндіріс қоғам тіршілігінің негізі және оны одан әрі дамытудың өмірлік қажеті болып табылады. Материалдық өндіріс негізінде адамзат қызметінің басқа негізінде адамзат қызметінің басқа формалары тарихи пайда болып, қалыптасты. Еңбек етудің ой еңбегі иен дене еңбегі болып қоғамдық бөлінісі нәтижесінде рухани өндірістік материалдық өндірістен оқшауланып шықты.
Өндірістің материалдық саласында да, рухани саласында да еңбектің затқа айналу «саналы мақұлық түрі ретінде адамның өзін-өзі таныту... «процессі өтіп жатады, онда «адам өзін...интеллект жағынан ғана емес..сонымен бірге реалды түрде де, қызмет тұрғысынан да екі есе өсіреді, сөйтіп өзі жасаған дүниеде өзін өзі пайымдаумен болады». Рухани өндірістегі өнімнің қаттылық сипаты материалдық өндірістегіге қарағанда мүлде басқаша болады. Материалдық өндірісте заттар олардың қандай практикалық мақсаттарға арналғанына қарай «бөлініп» жатады; ал рухани өндірісте шыңдық қайта жаңғыртылады, сөйтіп рухани-практикалық қызметтің нәтижесінде не заттардың көмегімен, не сол заттардың өзінде бейнеленіп отырады.
Рухани өндірістің өзінде
сананың шындықты бейнелей алуы жатады;
ал бұл бейнелеу әрі таным процессі,
әрі игеру процесі болып
Қоғамның таптарға бөлінуі және еңбек бөлінісі нәтижесінде рухани өндіріс үстем таптардың еншісіне айналды; рухани өндіріс қызметтің кәсіби формасына ие болды.
К.Маркс былай деп көрсеткен болатын: еңбек процесінде ой еңбегі мен дене еңбегі бірігіп кетеді, бірақ кейіннен, еңбек бөлінісі нәтижесінде, олар «адырасып, бір-біріне дұшпан, қарама-қарсылыққа дейін жетеді». Бұл «ажырасу» қоғам дамуының белгілі бір сатысында туды, сондықтан, ой еңбегі мен дене еңбегін туғызған әлеуметтік өмір жағдайлары сияқты, оның да өткінші сипатты бар.
Жай еңбек ету емес, жай еңбек құралдарын жасау емес, тек ерекше құралдар жасай білу ғана адамның шығармашылығымен шұғылдануына: кескіндеме өнерімен айналасуына, тасты қашап, сүйекті оймыштап сурет салуына мүмкіндік берді.
Алғашқы қауымдық адамының
дөрекі қашаудан бастап тас бетіне
бедерлеп алғашқы суреттерді түсіруге
пайдаланылған үшкір нәзік
Сонымен бірге, әрине, адам қолының жетілуі және тас пен сүйектен жасалған біршама тәуірлеу құралдардың болуы бейнелеу өнері туыдыларын жасау үшін, әсіресе, бейнелеу идеясының тууы үшін жеткілікті еді деп ойлау дұрыс та болмас еді.
Көп ретте өнердің тууы проблемасын шешкен кезде, бейнелеу қызметінің басталуына ненің түрткі болғанын, алғашқы қауым адамының белгілі бір заттарды әсемдеп бейнелеу мүмкіндігін алғаш рет қалай пайымдағанын анықтауға тырысады. Адамды бейнелеу туралы ойға нақты итермелеген не нәрсе, аңызға айтылғандай, бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуға себепкер дейтін кәдімгі алма не болғаны?
Қызғылықты сауал, бірақ
оған жауап табуға тырысқанмен, біз
істің мәнін анықтауда ілгері
баса алар ма екенбіз. Бейнелеу ұызметіне
адамның өз денесін бояуы түрткі
салды ма екен, әлде денені әшекейлеу
мен нақыштау пайда болардан бұрын
адам тастың әлдеқалай көзге шалынған
нобайын қайсыбір хайуанның таныс
сұлбасына ұқсатып, соған өзінің
түзетулерін енгізді ме екен, мұны
кім білсін?! Немесе, мүмкін, адам саусағымен
құмды немесе саз балшықты жайдан-жай
шимайлап отырып, кенет тек өзіне
ғана түсінікті бір контурларды
байқаған шығар? Әлде сұлбалы кескіндеменің
негізі–кәдімгі көлеңке, ал дененің
кәдімгі ізі мүсіндеудің
Ең алғашқы түсініксіз шимай-шатпақтардан бастап бірдеңені азды-көпті ұқсайтын нобайға дейінгі бала салған суреттің біртіндеп жетілуін байқап қарайтын болсақ, балаға таза әдісқойлық дағдылардан басқа, тағы да зер сала көрңп алудын, ішкі тәртіптің,–ал мұнсыз бірде-бір сызықты қажетті бағытта сыза алмайсыз,–жетпей жататынын көруге болады. Алғашқы қауым адамында икемді қолмен, жақсы құралмен және жетік ойлаумен бірше бірдеңеге азды-көпті ұзақ зер салып қарауға, іштей тәртіптілікке, өзін өзі шектеуге қабілеттілік, яки әлеуметтік адамның қасиеттері болуға тиісті еді.
Бұдан басқа, бейнелеу қызметінің пайда болып, алғашқы кезде дамуы шарттарының бірі адамның бос уақытының барлығы және отырықшылыққа көшуі болып табылады деп есептеу керек. Бқл екеуінің тіршілік үшін күресте күштердіңң белгілі бір тепе-теңдігіне жетуден бұрын пайда бола алмағанын түсіну қиын емес. Сүйектің бетіне оймыштап өрнек түсіру немесе тасты қашап бедерлі сурет салу сияқты еңбекті көп тілейтін, машаұатты жұмыста ұзақ күндерді өткізу үшін алғашқы қауым адамының кейбір қажетті жағдайлары болуы керек еді, оның ішінде өзінің қауіпсіздігін түсінуі, сонан соң тіршілікке қажетті заттармен ішінара болса да қамтамасыз қажет еді. Мұндай жағдайға табиғатпен күресте адамның қажетті құралдармен жарақтануының өсуі біршама тұрақты шаруашылық ұжымдарының қөмір сүруіне мүмкіндік берген кезде, аң аулаудың жаңа әдістері азықтың мол қорын жасауға жағдай туғызған кезде ғана қол жететін еді. Бұл қорлардың қандай болуы ықтимал екенін соңғы палеолит адамының мекен-жайы орнынан табылған әр түрлі жануарлар сүйектеріне қарап мөлшерлеуге болады. Пржемост (Моравия) өңіріндегі сондай бір жерден тоғыз жүзден астам мамонттың сүйектері, Солютреде–он мыңдай бизонның сүйектері табылды.
Үңгір өнерінің дамуы мен
ірі жануарларды аулауға
Бейнелеу өнерінің тууынан жасампаздық қызметті жалғастыру, жұмыстың өзге формасына көшу байқалады.
Бос уақыт проблемасы тұрғысынан ал,анда, тікелей практикалық мақсатқа арналмаған бұл қызметті кейбір зерттеушілер артылып қалған энергияны жұмсау деп санайды. Бұл, атап айтқанда, оларға өнердің «бастауы ойын ойнауға итермелейтін импульстерде» деп есептеуге негіз береді. Әйтсе де, ойын мен өнерде ортақ элементтердің болуы өнерді «ынтасыз ойнаған ойын» (Шиллер, Спенсер және басқалары) немесе бұл қызмет «адамдардың екінші біреулердің сезімдеріне еліктеу қабілетіне «негізделген деп санаған. Л.Толстойдың өнер жөнінде жиі қолданған сөзімен айтсақ–«ермек» деп жалпы анықтама беруге жеткілікті негіз бола алмайды. Бірақ, Выготскийдің әділетті айтқанындай, «Өнер...әуел баста тіршілік үшін күресте аса қуатты құрал ретінде туады, ендеше, әрине, өнердің ролі тек сезім коммуникциясына әкеліп сайылады деген ойға, өнер ол сезімге ешқандай өктемдік жүрізбейді деген ойға жол беруге болмайды. Егер де өнер...бізді тек көңілдендіре алса немесе жабырқата алса, онда ол ешқашан да сақталмас еді, ол біз мойындауға тиісті қазіргі маңызына ие бола алмаған болар еді». Бұл арада біз ең күрделі сауалдардың біріне келіп тіреліп отырмыз: өнер дегеніміз не? Оның міндеті неде?
Өнердің талдауды көтермейтін
таха метафизикалық түсіндірулерін
былай қоя тұрып , тарихи материалдарды
талдауға негізделген және огы генезис
проблемасымен байланыстыра алып қарастыратын
анықтамаларға зер салып
Мысалы, «имитация теориясы» деп аталатын теория өнерге еліктеу инстинктінің көрінуі деген анықтама береді. Өнерде еліктеу элемменті, шынында да, бар жыне ол алғашқы қауым өнерінде ерекше айқын сезіледі. Жоғарыда айтылғандай, бидің әр түрлі формалары:аңшылық, әскери және басқа билер – жануарлардың қимыл-дағдыларына және соғыспен, аңшылықпен және т.б. байланысты іс-әрекеттерге еліктеуге негізделген. Алғашқы қауымдық өнерді де, әсіресе, оның ертеректегі натуралистік сатысын, белгілі бір мағынада, осы тұрғыдан алып қарауға болады.
Екінші бұл теория бойынша өнер «әсемдік инстинктінің» бейнесі, нәпсіні сездіру құралы деп есептеледі. Денені әшекейлеу – бояу, нақыштау және т.б. – дамудың алғашқы қауымдық сатысындағы халықтардың басым көпшілігінде болған. Бұлар өте көне замандарда туған деп есептеуге барлық негіз бар. Ал тағып жүретін түрлі әшекейлерге: моншаққа, алқаға, сақинаға. Салтыншаққа және т.б. келетін болсақ–олар, жұртқа мәлім, «жабайы» халықтар деп аталатындарда ғана кең таралмаған, сонымен бірге дамыған осы замандағы қоғамда да толық сақталып келеді. Денені түрлі түске бояу дәстүрінен өзгеше, әшекейлерді тағудың көнелігі жоғарғытпалеолит дәуіріне жататын көптеген археологиялық материалдарымен тікелей дәлелденеді. Құралдар мен тұрмыс заттарын оюлар, пішіндеп безендіру де сондай көне дәстүр болып табылады.

- Мейдзи кезеңі
- Мейрамхана бизнесі
- Мейрамхана бизнесіндегі маркетингке жалпы шолу
- Мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары
- Мейрамханаға келушілерге қызмет көрсету
- Мекетпет шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары
- Мексика
- Межхозяйственное и территориальное землеустройство
- Межхозяйственное (территориальное) землеустройство
- Межцеховое планирование
- Межэтнические конфликты
- Межэтнические конфликты
- Межэтнические конфликты
- Межэтнический конфликт