Менеджер. Менеджерге қойылатын талаптар
КІРІСПЕ
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымдарына және құқық салаларына қатысты маңызды жалпы теоретикалық және әдістемелік функцияларды орындайтын ең базалық заң ғылымдарының бірі. Ол өзі ғана емес, сонымен қатар басқа заң ғылымдары аттап өте алмайтын түсініктер мен категорияларға сүйенеді. Бұған қоса, мемлекет және құқық теориясында өнделетін қорытындылар мен ережелер нақты заң ғылымдар үшін өз пәнін ғылыми игеруде бағыт қызметін атқарады.
Мемлекет және құқық теориясы жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.
Мемлекеттік-құқықтық білімдер жүйесінде базалық тұрғыларды иемденіп мемлекет және құқық теориясы студенттерге мемлекет пен құқықтың мәнін, қоғамдық тағайындалуы, олардың басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстары, мемлекет пен құқықтың пайда болу және дамуының заңдылықтары туралы білімдер береді. Ол мемлекет пен құқықтың негізгі түсініктері мен категориялары туралы алғашқы түсініктер береді, оларсыз салалық және басқа заң пәндерінің нақты білімдерін игеру мүмкін емес. Мемлекет пен құқықтың жалпы теориясын оқу, студенттердің игерген білімдері негізінде мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың мәнін және әлеуметтік тағайындалуын дербес сипаттауды, қазіргі заманның барлық мемлекеттік-құқықтық мәселелеріне шығармашылық жағынан келуді, қоғамдық өмірдің күрделі саяси-құқықтық құбылыстарына дұрыс бағалауды беруді, олардың мәнін, негізгі үдістерін, орнын, ролін, функцияларын және қоғамдық өмірдің басқа құбылыстары мен байланыстарын ашуды, сонымен қатар әртүрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді қолдануды өңдеуге бағытталған. Бұл ғылым жалпы құқықтық мәдениетті қалайды, студенттерде заңдық көзқарастың ғылыми негізін қалыптастырады.
Мемлекет пен құқықты бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық –нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Мемлекет және құқық теориясын терең оқып зерттемейінше салалық заң ғылымдарын және басқару сипатындағы пәндерді жемісті игеру мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясының жалпы ғылыми теориялық маңызы түсінігін ашу негізгі міндет болып табылады. Осы міндеттерді зерттеу нәтижесінде белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге болады.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І - тарау. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
- Мемлекет және құқық теориясының түсінігі
Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы мемлекеттілік пен құқықтық құбылыстарды зерттейтән ғылым. Әр ғылымның өздері ғана зерттейтін пәндер болады. Яғни, белгілі мөлшердегі сол пәнге сай зерттелуге жататын құбылыстар мен заңдылықтар.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне олардың пайда болуы, қызметі, дамуы туралы негізгі және жалпы заңдылықтар жатады. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың пайда болуының себептерін, олардың нысандарын, кейіптерін, мемлекеттік және құқық жүйесінің құрылыуындағы негізгі заңдылықтарды, олардың қызметінің қоғамдық өмірге тікелей қатыстылығы зерттейді.
Мемлекет пен құқықтың бір-бірімен қарым қатынастығы қоғамның жүйесінде өмір сүретін құбылыс, оған экономикалық және одан шығатын таптық қатынастар, саясат, идеологиялық орныққан пікірлер, философия, мораль және басқа да мәдениет аялары жатады. Олардың барлығы әртүрлі деңгейдегі мемлекет пен құқыққа әсерін тигізеді және екінші жағынан, олар өздері де сол ықпалды сынақтан өтеді. Осы жоғарыда көрсетілген объективтік дүниенің құбылыстарының мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалдары әртүрлі (көпжақты) болады.
Мемлекет пен құқық теориясында тапқа бөлудің бір белгісі ретінде, қоғамның экономикалық негізі көрінеді. Сайып келгенде, мемлекеттілік пен құқықтық тарихтағы нақтылы нысандарының көптүрлілігі, оларды тіпті басқа жағынан қараудың қажеттігін көрсетеді. Соған байланысты, бірін бірі ауыстырып отыратын нақтылы мемлекеттер кейіптерінің барлығын, соған сай құқықтардың да кейіптестігінің барлығын түсінеміз. Бір кейіптегі мемлекеттің және құқықтың ауысу процесі, адам баласының еркінен тәуелсіз, тарихи заңды құбылыс екендігін көреміз.
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясы, мемлекет пен құқықта көрсетілген қоғамдық дамудың объективтік заңдылығын, олардың әлеуметтік саяси мақсатын анықтайды, қоғамдық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеудің тетігін (механизмін) және оның даму мақсатын көрсетеді.
Қоғамдағы экономикалық
қатынастар билікте тұрған саяси
күштердің санасында болып, олардың
белгілі деңгейдегі саяси және құқықтық
сенімін құрайды, соның негізінде
заң ретінде көрсетілген
Мемлекет пен құқық теориясының пәні, басқа ғылымдар сияқты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде, біздің елімізде және шет елдерде де теориялық ойлауды талап ететін және тәжірибені саяси талдау негізінде шешуге ғылымның алдына жаңа міндеттер қойылуда.
Мемлекет пен құқық теориясында еі алдымен мынандай проблемалар зерттелуі тиіс:
- Билік аппараттарының құрылуы, басқарылуы және даму заңдылығы, олардың жауапкершілігін көтеру жолдары.
- Демократияның даму жолдары, өкілеттік жүйені жетілдіру;
- Құқық жүйесін жетілдіру жолдары және заңдарды жүйелеудің негізін жасап оны іске асыру тәжірибесі;
- Заңдылықты іске асыру проблемасын талдау;
- Ғылыми техникалық өзгерістер кезеңіндегі қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі құқықтың ролі;
- Мемлекет пен құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпал ету шегі, құқықтың қызметі (функциясы) т.с.с.1
Мемлекет пен құқық теориясының пәнін ғылым ретінде, төмендегідей ерекшеліктеріне байланысты түсінуге болады:
- Мемлекет пен құқық теориясы, мемлекеттілік пен құқықтық қондырғыны бөлмей тұтасымен зерттейді. Ол қоғам дамуының әр кезеңдеріндегі мемлекеттілік пен құқықтық құрылымдардың тәжірибесін бір ортаға жинайды.
- Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің мазмұны да кездейсоқ емес. Мемлекет пен құқықтың негізіне, қоғам өмірінің әлеуметтік маңызын көрсететін жалпы заңдылықтар жатады.
- Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекет пен құқықтың бірлігі құрайды. Себебі, олар бір бірімен органикалық тығыз байланыста және олар қоғам қондырғысының бір бөлігі ретінде жеке жеке болуы мүмкін емес. Мемлекет заң шығарады, құқық нормаларының бұзылмауын қорғайды және оның құқықтық шығармашылығымен билік қызметінсіз, (заң нормалары) қоғамдық қарым қатынастарды реттейтін ресми орынға ие бола алмайды. Екінші жағынан, мемлекет құқық нормаларында, өзінің заңды тұрақтылығын табады. Оның қызметтері те заң нормаларынегізінде іске асырылады. Осы жөнінде конституцияның (негізгі заңының) атқаратын ролі өте зор, себебі ол мемлекеттің құрамын, мекемелерінің жүйесін, атқаратын қызметін және қызмет түрлерін белгіледі.
|
Әр ғылымның өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси экономикалық, мәдени - әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым – қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрлысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді. Мемлекет пен құқықты
бір – бірінен айыруға Осы бірлестік
пен дербестік олардың Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы обьективтік және субьективтік заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады. Мемлекет және құқық теориясының пәні – адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму обьективтік заңдылықтары мен олардың мәні – маңызы, құрылымы және мақсаты. Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
Мемлекет және құқық теориясының белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның обьективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.2 Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу. Методология – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі – материализм мен диалектика. Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория-ғылым нені зерттейді ?-деген сұраққа жауап береді. Методика – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл обьективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәірибеде дәлелденген. Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсресе бұл өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар-намысы. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады. Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымының салаларының обьективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады. Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы дилектикалық даму процессінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады. |
|
|
|
Мемлекет және құқық теориясының әдістері
Ғылым əдісі – бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін көптеген əдістерді қолданады.
Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
- Жалпы əдістер – ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар.
Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ə) диалектика. Өз ішінде материалистік жəне идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмірсүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми əдістер – жалпы əдістер сияқты бүкіл ғы-лыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезең-дерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау – күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
ə) синтез – құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түр-де біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік əдіс – объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;
в) функционалды əдіс – бір əлеуметтік құбылыстардың екінші-леріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми əдістер – мемлекет жəне құқық теориясының техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын əдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс – сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың жəне т.б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы тура-лы мəліметтер алуға мүмкіндік береді;
ə) статистикалық əдіс – нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық əдіс – кибернетиканың түсініктері, заңдары жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық əдістер – тек заң ғылымдарына ғана тəн болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формалды-заңды əдіс – заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге жəне т.б. мүмкіндік береді;
ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс – əртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді. 3
Мемлекет және құқық теориясының белгі – нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның обьективтік даму заңдылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.
Жалпы теория мемлекеттік – құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
Методология (әдіс-тәсіл) — дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми методологияның негізі — диалектикалық материализм.
Ғылымның методологиясы – оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және методика. Теория-ғылым нені зерттейді ?-деген сұраққа жауап береді. Методика – ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді ? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен методика өмірде тығыз байланыста дамиды. Бұл обьективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәірибеде дәлелденген.
Мемлекет және құқық
теориясының методологиясы
Әлемнің материалдық және рухани тұтастығы мен бірлестігі дүние жүзіндегі барлық ғылымның өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланысын дәлелдейді. Әсіресе бұл өзара байланыс қоғамдық ғылымдар арасында жақсы қалыптасқан. Бұл ғылымдар қоғамды, адамды, олардың ара қатынасын, сана – сезімін зерттейді. Зерттеудің негізгі мақсаты – адамның бостандығы, құқығы, қадір – қасиеті, ар-намысы.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның салалары: философия, саяси экономика, тарих, социология, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б. Бұлардың ішінде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді.
Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі – мемлекет пен құқықтың маңызы, олардың алатын орны. Бұл проблемаларды жалпы теория қоғамдық ғылымдардың басқа түрлерімен (философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы барлық заң ғылымының салаларының обьективтік даму заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп, жалпылама тұжырымдар жасап отырады. Бұл тұжырымдарды салалық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады.
Сонымен, жалпы теория барлық заң ғылымының салаларын біріктірушісі, негізін құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр. Адам қоғамы дилектикалық даму процессінде болғандықтан ғылымның міндеттері де өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады.
|
|
1.3. Мемлекет және құқық теория пәнінің мақсаты және міндеттері
Мемлекет пен құқық теориясы – нақты заң ғылымы мен құқық салаларына қажетті маңызды жалпы теориялық және методологиялық функцияларда атқаратын заң пәндердің ішіндегі негізгісі болып табылады. Мемлекет пен құқық теориясы сүйенетін, қолданылатын ұғымдар мен санаттарсыз жария билік, егемендік, мемлекеттік тәуелсіздіктің нышандары, мемлекетшілік, өкілетті және тікелей демократия, құқық субьектілік, құқықтық мәртебе, құқықты қолдану, құқықтық қатынас, заңды мінез құлық, құқық нормасы, құқықтық сана құқық аясы және т.б. жатады. Сонымен қатар мемлекет пен құқық теориясының жасайтын тұжырымдары ережелері нақты заң ғылымдарының пәнін анықтап, ғылыми тұрғыда танып білудің бағдары болып табылады.
Жоғары кәсіби білімді заңгерлерді дайындаудың жалпы жүйесінде мемлекет пен құқық теориясын оқып үйренудің ерекше маңызы бар. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану мен мемлекет танудың алғашқы ұйымдары мен, ережелері мен, санаттары мен таныстырады. Екіншіден, мемлекетпен құқық ттеориясы әдістемелік ғылым болып табылады, өйткені мұнда заң ғылымының, соны мен қатар халықаралық құқықтың арнайы мәселелерін шешуде іргелі болып табылатын маңызды теориялық ережелер жасалады. Үшіншіден, ол мемлекеттану мен құқықтануда саланың ғылымдардың мәселелерін зерттейтін интерактивті ғылым ролінде көрінеді. 5
Мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдары мен ережелері үнемі байытылып отырады. Өйткені күнделікті тәжірибенің өзгеруі, әлеуметтік- ақиқаттылықтың жаңа мән жайлары жаңа тұжырымдар жасауды талап етеді.
Заңгер мамандығы бойынша оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін ұсынылып отырған бағдарлама Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың соңғы жылдары шыққан оқулықтары мен оқу құралдарындағы мемлеке пен құқықты түсіндіретін жаңа ойлары мен көзқарастарын ескере отырып жасайды.
Мемлекет пен құқық теориясы - студенттердің “Заңгер” мамандығы бойынша оқитын негізгі пәндерінің бірі. Мемлекет пен құқық теориясы осы мамандық бойынша оқытылатын барлық оқу пәндерінің негізгі (базасы) болып есептеледі. Мемлекет және құқық теориясы оқып үйренудің, жоғарғы кәсіби білім алатын заңгерлерді дайындау жүйесінде ерекше маңызы бар. Мемлекет пен құқық теориясын оқып үйренудің негізінде қоғам өмірінің құқықтық және саяси саласына деген кең көзқарас қалыптасады.
ІІ - тарау. Мемлекет және құқық теориясы - іргелі ғылым
2.1. Мемлекет және құқық теориясының функциялары
Мемлекет жəне құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мəні, мақсаты жəне қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекет пен құқық теориясы, біріктірілген жалпы түсініктеме бойынша құқықтану деп аталатын заң ғылымдарының жүйесіне кіреді. Қазір көптеген заң ғылымдары бар, яғни заң ғылымдарының жүйесін айтуға болады. Оны, мемлекет пен құқықтың, көп қырлы қиындығымен және қоғамдық өмірдің көптеген жақтарына, тікелей қатынасы бар құбылыс екендігімен түсіндіруге болады.
Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні — қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Әр ғылымның өз саласында обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне – предметіне айналады. Мемлекет және құқық теориясы – қоғамдағы саяси экономикалық, мәдени - әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым – қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, обьективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрлысын, нысанын, қағидаларын, белгі- нышандарын, функцияларын зерттейді.
Мемлекет пен құқықты бір – бірінен айыруға болмайды. Олар обьективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси – экономикалық құрлысымен шұғылданады, құқық – нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы обьективтік және субьективтік заңдылықтарын, әдіс – тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.6
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:
- Онтологиялық функция – (грек...шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.
- Гносеологиялық функция – (грек. білім теория) таным теориясы арқылы мемлекет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
- Эвристикалық функция – (грек.. табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс – тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
- Әдістемелік функция – мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.
- Саяси функция – қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі - сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
- Идеологиялық функция – жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеялард біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана – сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
- Тәжірибелік-ұйымдық функция – тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыру қажет.
- Болжау функциясы – жалпы қоғамдағы саяси – құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құқықтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
2.2. Мемлекет
және құқық теориясы пән
Біріншіден, Мемлекет және құқықтың дамуы, бір сатыдан бір сапалы сатыға көтерілуі еш уақытта өзінен - өзі қоғамнан алшақ қалыптаспайды. Әсіресе өндірістік қатынастардың жиынтығы, оның сипат, формаға ие болған ерекшеліктері – экономикалық детерминизмның мемлекет пен құқыққа тигізетін ықпалы бар. Экономиканың заңдары қоғамның билеуші күші болып қала бермек. Мысалы, нарықтық қатынастардың бағаны белгілеуі. Бұл жерде мемлекет және құқық – пассивті әрекет мәртебесіне ие. К. Маркс былай деп жазды: “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпфы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді.”7
Екіншіден, мемлекет және құқықтың пәніне халықтың ғасырлар бойы этникалық ұйымдастыру факторлары қалыптастырылған тарихи дәстүрлері, әдет – ғұрыптары біршама әсер етеді. Оларды ескермей мемлекеттік билік жүргізу құқықтық жүйені қалыптастыру шиеленістерді тудыратыны хақ. (Мысалы, Ауғанстанда социалистік құқық жүйесін енгізу немен аяқталғаны белгілі). Ойдан шығарылған жасанды сырттан теліген мемлекеттік – құқықтық институттар дәстүрлі қоғамдық қатынастарды дағдарыстарға ұшырататыны тарихтан нақтылы дәлелденген құбылыс. Мысалы, Қазақстанды отарлау барысында Ресейдің енгізген реформалары (1822, 1867-1868, 1892 ) қазақ қоғамын, ұлт санасын дағдарысқа ұшыратты, ішкі шимеленістерді күшейтті.
Ресей әкімшілігі ұлттық, мемлекеттік
– құқықтық институттардың

- Менеджер организации
- Менеджер организации – женщина
- Менеджер по антикризисному управлению
- Менеджер по персоналу
- Менеджер по персоналу
- Менеджер по персоналу, его задачи и функции в организации
- Менеджер по персоналу, его задачи и функции в организации
- Менеджер как лидер коллектива
- Менеджер, как призвание
- Менеджер – керівник трудового процесу
- Менеджер: личность и профессионал
- Менеджер: личность и профессионал
- Менеджер: личность и профессионал
- Менеджер-личные качества, знания и умения