Меншіктің акционерлік формасы. 3
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28
Қорытынды 30
Қолданылған
әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.
Зерттеліп отырған курстық жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты меншік ұғымы төңірегінде акционерлік қоғамдарда орын алатын меншіктің формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқара анықтап, өзіндік ой пікір қалыптастыру.
Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.
Меншік қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды. Олар осы екі формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен, меншіктің категория ретінде қоғамдық процесте сипаттайтын принциптерінің ерекшелігі осында.
Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болғалы отырғаны меншіктің акционерлік формасы, яғни акционерлік қоғамдар туралы болмақ.
Біз акционерлік қоғамдардың меншік формасын ретінде басқа меншік формаларына қарағанда артықшылықтары қандай және нендей кемшіліктері бар деген сұраққа жауап іздейміз.
Сонымен
қатар қазіргі тәуелсіз Қазақстандағы
акционерлік қоғамдардың аяқ
алысын, олардың қалыптасуы мен даму
үрдісіне зер салып саралаймыз.
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік
Меншіктің
экономикалық, мазмұнын заттың, материалдық
игіліктің біреудің иелігіндегі
деген түсінік арқылы жеткізу
жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: «мына
жер аумағы — менің меншігімде».
Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық
мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік
экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі?
Жер бетінде банк өз бетімен жұмыс
істей ме? Әлде сол жерде. Басқа
бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр
ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды
жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін
ипотекалық банкке салып, содан тиісінше
табыс алатын шығар? Байқап отырсақ
меншіктің экономикалық мән-мазмұнын
бір сөзбен айтып түсіндіру қиын
екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын
сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік
қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру
мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас
бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды.
Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін
түсіндіруде тікелей
Меншік формасы – бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.
Меншік түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.
Кестеде
көріп отырғандай, қазіргі экономикалық
жүйе меншіктің көптеген формаларымен
ерекшеленеді.
| Меншік түрі | Қоғамдық | Жеке | Аралас | |||||||||||||
| Меншік формасы | Мемлекеттік | Ұжымдық | Индивидуалды еңбек ету | Жалдамалы
еңбек ету |
||||||||||||
| Меншік түрі | Муниципалды | Кооперативтік | Акционерлік | Қоғамдық ұйымдар меншігі | Діни мәдени ұйымдар меншігі | жеке тұлғалық | Жанұялық | Индивидуалды жалдамалы еңбектің қатысуымен | Монополистік | Корпоративті | Мемлекеттік- ұжымдық | Мемлекеттік жеке | Жеке-ұжымдық | Біріккен шет ел капиталын қолдана отырып | Тағы басқа | |
Сонымен, меншік формасы – материалды игіліктерді экономикалық қатынастарға қатысушы белгілі бір субъектінің реттелген объективті құқық пен иемдену жағдайын бейнелейтін түсінік. Жалпы айтқанда, меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:
- Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
- Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топтарға сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым қаражаттары, ақпарат;
- Аймақтық мемлекеттік – аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген меншік;
- Коммуналды, муниципиалды – жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;
- Ұжымдық – тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілетін немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын меншіктің туынды формасы;
- Жалпы – алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдаланылуында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, т.б. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық – үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиесілі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке белгіленеді.
- Индивидуалды – белгілі бір құқықтың нормаларға сәйкес жеке индивидумға тиесілі және олардың өз қажетінше пайдаланатын мүлік, заттар, ақпарат, т.б.
Меншік формаларын абсолютті нақты бөлу мүмкін емес, өйткені бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау мүмкін емес.
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы
Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден,
табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы
қағаздардың пайда болуы
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.
Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі? Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса және банктік проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5% болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады:
(50х100%)/5 = 1000$
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1.
жалған капиталдың өз құны (өте
аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың
кейбір түрлері нақты
2. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
3.
жалған капиталдың мөлшері (
Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс "капиталдану" деп атады. Ал капиталдану - мүліктің нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген [40; 9.];
•
жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі
нақты капитал көлемінің
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден,
бағалы қағаздар қарыз капиталының
қозғалысынан пайда бола отырып, одан
бөлініп, бағалы қағаздар нарығында
дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы
қағаздарды сатып алу деген ақша
капиталының бір бөлігін
Екіншіден,
қарыз капиталынан түсетін
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестікті акционерлік қоғам деп атайды.
Акционерлік қоғамның қатысушылары - акционерлер - оның міндеттемелері бойынша жауап береді және оның өздеріне тиесілі акциялар құны шеңберінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен басқа оқшауланған мүлкі болады және өз мүлкі бойынша, оның шеңберінде жауапты болады, сондай-ақ қатысушыларының мүлкі бойынша жауап бермейді. Акционерлік қоғамнан шығу жағдайында өзінің пайына сәйкес ешқандай (ақшалай немесе мүліктік) өтемақы төлеуге құқығы жоқ, ол тек өз акцияларын басқа біреуге сату немесе тапсыруы мүмкін. Өз кезегінде, толық серіктестікке қарағанда, мүлкінің азаюы қаупі туындамайды.
Ал
акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын
бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын
және олардың түрлері мен
Жабық
акционерлік қоғамдардың
Жабық
қоғам акционерлерінің осы
Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Қазіргі уақытта "ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы" заңында "бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып табылады" [53;І7] делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ
төмендегі жағдайларға
1.
Халықтық қоғам мәртебесін
2.
Оның активтерінің мөлшері
3.
Қоғам акцияларының бағалы
Қоғамды
құру туралы шешім қабылдаған жеке
және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары
болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы
немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы
мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны
құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден
өткенге дейін туындаған
Қоғамды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде табыcты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы деген қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы қағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі - капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай
жиналысында құрылтайшылар
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін - айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.
Осымен
қатар жарғыда қоғам
АҚ - заңды тұлға. Оның органдары:
• акционерлердің жалпы жиналысы;
• директорлар кеңесі;
• алқалы орган немесе басқарма;
• тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші).
Қоғамның
жоғары басқару органы - акционерлерінің
жылдық жалпы жиналысы сол қаржы
жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде
өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық
жиналыстан басқа жалпы жиналыстары
кезектен тыс болып саналады. Жабық
қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар
кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі
көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды
басқару міндеті акционерлердің
жалпы жиналысының айрықша
Акционерлердің
жалпы жиналысының айрықша
• қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және тарату;
• қоғамның басқару органдарын сайлау;
• қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту;
•
оның жылдық қаржылық есебін және жыл
қорытындысы бойынша
• қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәселелер.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп процентін иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады.
Акционерлердің
саны жүзден асатын қоғамда, оның жалпы
жиналысында құрамы үш адамнан кем
болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі.
Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды,
жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді
және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын
шығарады. Акционердің жеке өзі немесе
өкілі арқылы жалпы жиналысқа
қатысуға және дауыс беруге міндетті.
Акционердің өзі жиналысқа

- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері
- Меншікті тілші
- Меншік туралы салық
- Меншік туралы салық
- Меншік – экономикалық категория ретінде
- Меншікті капитал есебі
- Меншікті капитал есебі
- Меншікті капитал есебі
- Меншікті капитал есебі
- Меншікті капитал есебінің аудиті
- Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
- Меншіктік капитал