Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері
Кіріспе
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
Меншік ұғымын екі мағынада түсіну қажет. Біріншіден, эконмоикалық категория ретінде, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Меншік қоғам өмірінің негізі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық сипат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналмағанмен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін. Оған бірден-бір дәлел еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне араласуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз. Қарапайым тілде айтатын болсақ меншік белгілі бір заттың, бұйымның, өнімнің мүліктің қандай да бір тұлғаға тиесілі екендіктерін білдіреді. Сондықтан да бұл категория «мен» деген түбір сөзден өрбіген. Меншік мемлекеттік жеке меншік нысандарына бөлінеді.
Заңды тұлғалардың жеке меншігі ретінде шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың, кооперативтердің мемлекеттік емес басқа да заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі танылады.
Меншік қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болады. Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. Меншік белгілі бір затты жеке мүлік ретінде адамның иеленуінен шыққан. Ол қоғамдық негізгі бастауларға жатады. сондықтан кез келген үкімет меншік туралы заңдар шығарады.
Меншік құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Меншік иесіне заңмен алдын-ала белгіленген мүлік тән. Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі: Меншік бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде тұлғаның нысанды пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға ретінде мемлекет ұжым, жеке тұлға болуы мүмкін. Негізгі нысандары жер ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және тағы басқалар жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты: меншік туралы түсінік берумен қатар, меншіктің экономикалық жағына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- меншік ұғымына сипаттама беру;
- меншіктің экономикалық негіздеріне тоқталу;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І. Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері
- Меншік ұғымы мәні мен оған теориялық көзқарастар
Меншікке ертеректегі
француз социалисі Пьер Жозеф
Прудоның меншік ұрлау деген мағынаны
береді дегені бар. Жоғарыда келтірілген
анықтамаларда белгілі бір
Дәстүрлі кеңестік қайта
құру кезеңіне дейінгі экономикалық
әдебиеттерде меншік категориясының мәнін,
оның ададмра арасындағы қатынасты
сипаттайтынын тек Маркс ашқан
түсінік берік орнағаны белгілі.
К. Маркс меншіктің әлеуметтік-
Меншіктің экономикалық мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің иелегіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы біз айтамыз: «мына жер аумағы-менің меншігімде». Меншіктің экономикалық мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды.
Меншікті заңдылық құқылық тұрғыдан қарастыру да маңызды. Меншік заң категориясы ретінде құқық нормаларында белгіленгендей меншік обьектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді. Алайда мүліктік қатынас өндірістік қатынастарды праволар нормасы ғана емес, мораль формалары, дәстүр формаларын қабылдау жәй әділеттілік ережелері тағы басқалар арқылы да көрсетті. Адамдардың бір-бірінің мүлігін ұрламауы да тек бас жауапкершілігінен қорыққандықтан емес, сонымен қатар ол оның ар-ұжданына өмір сүріп отырған қоғамның салт-дәстүріне қайшы келетіндіктен де болу ықтимал.
Жеке және қоғамдық меншік мәселелері өткір талас пікірлер туғызады. Осыған байланысты ғылыми пікірлер К.Маркстың еңбектерін мұқият қарауды ұсынады. Ол түсінікті. Алғашқы қауымдық меншік орнына келген жеке меншікті К. Маркс прогрессивті құбылыс ретінде бағалады. Бұл қосымша өнімнің пайда болуымен байланысты обьективті табиғи-тарихи процесс еді. Жеке меншік тауар өндірушілердің экономикалық жағынан оқшауланып кеңінен дамуына жол ашқан бірден-бір түрі. Олай болса, жеке меншік онымен байланысты экономикалық оқшаулану тауралы рыноктық шаруашылықтың қалыптасуы мен дамуының қажетті шарты.
Сонымен жеке мнешік адамның адам ретінде жеке басының қалыптасуы мен алғашқы қауымдық жабайылық сипатынан да ерекше бөлініп шығуына үлкен ықпал жасады.
Экономикалық дамудың обьективті жолы жеке меншіктің жойылуына әкеліп тірейді. К.Маркстың акционерлік қоғам туралы сипаттамасына көңіл аударатын болсақ, ол мұны капиталистік өндіріс әдісі шеңберінде капитализмнің ыдырауы деп көрсетілген.
Меншік экономикалық категория ретінде ең алдымен өз мәнінде жеке меншік болып табылады. Мемлекеттік меншік мәселесі өз алдына талдауды қажет етеді.
Меншік тек экономикалық мағынада ғана емес, құқылық формада да даму алады. Батыстың экономикалық және заң әдебиеттерінде пайдаланып жүрген анықтамалардың біреуіне сүйенер болсақ, жеке меншік меншіктік құқықтың мынадай түрлері арқылы даму алады:
- иемдену құқы, яғни игіліктерге физикалық бақылау
жасау, пайдалы қасиеттерін өз игілігіне пайдалану құқы; - басқару құқы, яғни игіліктерді пайдалануды кім қалай қамтамасыз ететіндігін шешу құқы;
- табыстарға құқы, яғни игіліктерді жатсындандыру, өзгерту немесе жойып жіберу құқы;
- қауіпсіздік құқы, немесе игіліктерді экспроприациялаудан және зиянды сыртқы күштерден қорғау құқы;
- игіліктерді мұрагерлікке беру құқы;
- игіліктерді иемденуге шек қоймау құқы;
- сыртқы ортаға зиянды әдістерді пайдалануға тыйым салу;
- өндіріп алуға жауапкершілік құқы, қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқы;
- қалдық сипатты құқ, яғни бұзылған құқтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Айтылғандардан мынадй
қорытынды шығаруға болады: меншік
категориясына теориялық
Бір жағынан меншіктің заңды формасы өндірістің пассивті нәтижесі ғана емес, ол оның дамуын қарқындатып, немесе бәсеңдетуге ықпал етеді. Өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі бір иемдену құқы болмайынша оны және онымен өндірген өнімдерді пайдалануға да құқы болмайды. Сондықтан да меншік құқының заңды нормалары экономикалық қатынастарды нақтылау формалары болып табылады.
Қоғам дамуының шешуші кезеңінде заңдық шешімдер, құқықтық актілер аса маңызды рол атқарады. Оларсыз қоғамның белгілі бір сатыдан екіншісіне өтуі де мүмкін емес. Көптеген экономикалық міндеттерді, шараларды сауатты жасалған заңның көмегімен тез арада шешуге болар еді. Бұл деген қоғамдық өмірдің әр қилы жағын революциялық әдіспен қайта құрудың үлкен тетігі. Бұрынғы нақты социализм елдерінде меншік қатынасын қайта құруда осы әдіс кеңінен орын алғаны да белгілі. Мұның көмегімен тоталитарлық мемлекеттік меншік орнына жеке және қоғамдасқан меншіктің көп қырлы формалары қалыптасуда. Сонымен қатар мнешік қатынасын қайта құру жай мақсат емес, адамдардың әр қилы тиімділігін арттыруға, кәсіпкерлік қызметті кеңінен дамытуға жағдай жасаудың құралы.
- Меншіктің мазмұны ерекшеліктері
Басқаша айтсақ меншік бұл адамдар
арасындағы өндіріс факторлары мен
нәтижелерін иемденуге
Иемдену нақты қоғамдық затты иелену әдісі болып табылады. Қоғамның дамуының әр түрлі кезеңдерінде затты иелену, яғни иемдену әдістері өзгеріп отырған. өзінің ең қарапайым формасында иемдену адамдар материалдық игіліктерді өндіруді үйренбестен бұрын пайда болды. Осылайша, адамзат қоғамының әу басында адамдар табиғат өнімдерін өндірместен иеленді Әрі қарай өндірістің пайда болуы мен дамуына орай иемдену обьектісіне тек табиғат өнімдері емес, сондай-ақ адамдар өндірген өнім жатады.
Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қара йжүзеге асады. Егер өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер өндіріс топ мүддесіне қоғам мүддесін көздесе онда қоғамдық иелену орын алады.
Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу біріншісі өз еңбегінің өнімін иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес иемдену заңы, еңбек бастапқы иемдену әдісі. Бұл заңдар жай тауарлы өндіріске дейінгі кезеңдерге тән.
Еңбектік жеке меншіктің капиталистік болып өзгеруі бірінші меншік заңының екіншісіне, бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңына ауысуының негізінде жүреді. Оған енді басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді.
Айналыс-бастапқы иелену түрі мен әдіс бірлігі. Осы заңдардың негізінде капиталистік тауралы өндіріс әрекет етеді.
Осылайша меншік заңы бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген өнімді жекелей иеленуге байланысты. Екінші меншік заңы мен екінші иемдену заңы бөтеннің еңбегін және осы еңбектің нәтижесін айырбас арқылы, яғни айналыс сферасы арқыды иемденумен байланысты.
Меншік қатынастарында шешуші рольді өндіріс құралдарына меншік атқарады. Ол жұмыс күшінің өндіріс құралдарымен бірігу сипатын, формасын анықтайды. Осы бірігудің әдісі мен сипатына қарай экономикалық кезеңдер бөлінеді.
Меншік қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Айталық, өндіріс құралдарына меншік иесінің өзі өндіру қызметімен айналыспайтын болсын. Ол басқа адамдардың өзіні ңзаттарын иеленуіне белгілі бір жағдайларда мүмкіндік берген. Сонда ғана меншік иесі мен кәсіпкер арасында мүлікті пайдалану қатынастары туындайды. Кәсіпкер басқа біреудің меншігі иелену, пайдалану мен керегіне жарату заңды құқығына и еболады. Мұндай қатынастарға мысал ретінде жалға беру меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары үшін басқа адамдарға белгілі бір ақыға беру шартын келтіруге болады. Біздіңше иелену пайдалану мен іске жарату толық меншік емес. Меншік жүйесінде бұлар меншік нысандары мен меншікті пайдаланушылар арасындағы екінші реттік қатынастарды білдіретін категориялар болып табылады.
Тарихта меншіктің әртүрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып табылады.
Тарихи бастама ортақ меншік болды. Ол ортақ пен оның нәтижелерін біріпі иемденуге негізделді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып бөлінді.
Меншік құқығы обьективті және субьективті мағынада анықталуы қажет. Обьективті мағына тұрғысынан алғанда, меншік құқығы осы институты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субьективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану иелену және билік ету құқықтық қатынасын анықтайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану иелену және билік ету құқықтары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсетуге болады.
Конституциямыз меншікті-жеке меншік және мемлекеттік меншік нысандарына бөліп көрсетті. Осыған сәйкес Конституцияны Азаматтық кодекс нормаларын басшылыққа ала отырып азаматтық құқық субьектілерінің ерекшеліктерін ескере отырып меншікті жеке мнешік нысанына және мемлекеттік меншік нысанына бөліп көрсетуге болады. Осылайша меншік:
азаматтардың-жеке тұлғалардың;
ұйыдмдардың-заңды тұлғалардың;
мемлекеттің меншігі болып бөлінеді.
- Меншік қатынастарының түрлері
Республика аумағындағы
Мемлекеттік меншік коммуналдық және республикалық меншік болып екіге бөлінеді. Республикалық мнешік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік меншік обьектілері және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қзақастан республикасының қазынасын құрайды. Сонымен қатар Республика қазынасына жер оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа табиғи ресурстар жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжататрына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.
Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
Мемлекет өзінің меншік
құқығын өзі құратын
Қазақстан Республикасының Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар» туралы Жарлығына сәйкес аталған кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті түрде бекітілген және олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша жасалған шарттардан бас тарту мүмкіншіліктері жоқ.
Сонымен қатар, қызметін шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорынға меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік органнаың келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мына түрлерін жасауға тыйым салынған: өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге тұлғаларға сатуға және беруге, айырбастауға ұзақ мерзімді жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, филиалдар мен еншілес кәсіпорындар мен бірлескен кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпорындармен бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға, жеке кәсіпкерлерге қарыз беріеп, олар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен процент ставкасын төмен процентпен алуға, басқа тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік және кепіл болушылық болуға.
Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мекеменің, меншік иесінен мүлік алған және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті пайдалану, оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттың құқығы болып табылады. Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес жедел басқару құқығын иемденушілер мыналар болуы мүмкін: қазыналық кәсіпорын және мекеме. Мекеменің меншік нысанына байланысты мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік емес мекеме болып бөлінуі де мүмкін.
Жедел басқару жағдайы өзінің құқықтық жағдайына байланысты шаруашылық жүргізу құқығынан төмендегі ерекшеліктерімен көзге түседі:
- біріншіден, қазыналық кәсіпорын және мекеме әруақытта да меншік иесінің тарапынан қаржыландыра
ды; - екіншіден, қазыналық кәсіпорын да мекемеде өз жабдықтарын сметалық көлемде ғана жүзеге асыра алады;
- үшіншіден, олар меншік иесінің тапсырмаларының көлемінде қызмет жасайды.
Мекеме басқару, әлеуметтік мәдени сипаттағы қызметті жүзеге асыру үшін құрылып, бюджет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан оның құқықтық құзыреті заң құжаттарында қатаң белгіленген. Қазақстан Республикасы Президентің Заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар» туралы жарлығының 3-ші тарауы қазыналық кәсіпорынның құқықтық жағдайын реттеуге бағытталған.
Қазыналық кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті сол мүліктің меншік иесінің келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқылы. Көбінесе мұндай ережелер қазыналық кәсіпорынның жарғысында анықталады.
Сонымен қатар қазыналық кәсіпорын меншік иесінің келісімінсіз негізгі қорларға байланысты мүліктерді азаматтық-құқықтық келісімдердің негізінде алуға тыйым салынған.
Мекеменің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және соған смета бойныша белгілеген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен айыруға немесе өзгеше әдіспен оған билік етуге құқығы жоқ.
Муниципалды бірлестіктерді алып қарайтын болсақ мемлекеттік меншікті муниципалды органдарға беру тәртібімен анықталған коммуналдық заңды тұлға болып бекітілетін, жергілікті қазына мен мүліктен тұратын тікелей коммуналдық меншікке қатысты болады. Мысалы: қазіргі таңдағы қолданыстағы мемлекеттік объектіні алған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне беру тәртібі қабылданған.
Коммуналдық меншік жергілікті (коммуналдық) тұлғаларға оперативті басқару мен шаруашылықты жүргізу құқығы бекітіледі. Егер жергілікті кәсіпорындар коммуналдық меншікті иелену, қолдану және басқаруды алса, онда олар нақты меншік иесі болады. Бұл құқықтық фактіні анықтауды мынадай себептер қажет етеді: муниципалды бірлестікке қызмет көрсету үшін тек кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар жер, табиғи ресурс, муниципалды қаржы-несиелік мекемелер, жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер, яғни жергілікті мүлік қорын құрайтын барлығын да жатқызу керек.
Коммуналдық меншік жалпы-халықтық немесе қоғамдық меншіктің құрамдас бір бөлігі ретінде аймақтық ұдайы өндіріс жүйесінде, сонымен бірге жалпы макроэкономикалық құрылым деңгейінде де әрекет етеді. Дегенмен коммуналдық меншіктің басты ерекшелігі, оның жергілікті шаруашылықта жұмыс істеуінің экономикалық негізі, коммуналдық құрылым деңгейіндегі ұдайы өндірістік қатынастардың объектісі ретінде болуы. Осы тұрғыдан алғанда коммуналдық меншік белгілі бір әкімшілік аумақтық құрылым деңгейіндегі объектілерді бірлесе иемдену, пайдалану және иелік етуге байланысты, бір жағынан, жергілікті құрылымның экономикалық субъектілерінің арасындағы, екінші жағынан, сол субъектілердің мемлекеттік деңгейіндегі субъектілермен қатынасын сипаттайды.
Қазақстанда заңға сәйкес жеке мемлекеттік муниципиалды және басқа да меншік түрлері танылды.
Мемлекеттік меншік-бұл мнешік ныснадарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесні білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, аймақ, облыс аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.
Ұжымдық меншік-бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденіп, пайдаланып және іске жарататын экономикалық қатынастар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акцонерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.
Иеленуге байланысты экономикалық қатынастар қозғалмалы. Бұл меншік иелерінің бірінен-біріне өте алуын білдіреді. Бұл процесс әр түрлі әдістермен жүзеге асырылады.
Ұлттандыру-бұл шаруашылықтың негізгі ныснадарына жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі. Ұлттандыру кімнің мүддесін көздеп және қандай тариха кезеңде жүргізілуіне байланысты әр түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәнге ие болады. Ұлттандыруға қарама-қарсы процесс жекешелендіру болып табылады.
Жекешелендіру-бұл мемлекеттік немесе муниципалды меншікті ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру жасырын сипатта болуы мүмкін, мәселен мемлекеттік мүлікті женке тұлғалар мен компанияларға жалға беру, бөлшектеп мысалы акциялардың тек бір бөлігінің сатылу мүмкіндігі; денонационализация мен реприватизация түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мнешік қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл мемлекетсіздендіру және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады.
Жекешелендіру заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен мемлектеті кменшік обьектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.
1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы ең алғаш жеке мнешік құқығын анықтады, осы кезден жекешелендіру және мемлекетсіздендіруге қадамдар жасалды. Жекешелендірудің заңдық негізі «Меншік туралы» және «Мемлекетсіздендіру және жекешелендіру» туралы заңдарда көрініс тапқан.
Меншік-меншік обьектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар. Меншік нысаны меншік обьектілерінің кімге тиесілі екендігін көрсетеді. Меншіктің заңдық мазмұны меншік иелерінің қоғамдық өндірісте әр түрлі еңбек өнімдерін иелену құқықтары арқылы анықталады.
Меншік құқығы-белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. Не, қалай және кім үшін өндіру-экономиканың іргелі сұрақтарын шешу шаруашылық жүргізіп жатқан субьектілердің өндіріс құралдарына меншік құқығына тәуелді.
ІІ. Меншік қатынастарының көптүрлілігі және Қазақстандағы ерекшелігі
2.1 Нарық жағдайындағы меншік қатынастарының қалыптасуы
Қазіргі қазақстандық заңнамаға сәйкес меншік иесі меншік обьектісін иеленеді, пайдаланады, және билік етеді. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде келесі категорияларға түсінік беріледі:
Иелену –мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Пайдалану-мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету-мүліктің тағдырын айқындаудың заңмен қамтамасыз етілуі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі меншіктің жеке мемлекеттік және аралас ныснадарының құқықтық ауқымын анықтайды. Әлемдік тәжірибеде және батыс ғылымында мемлекеттік болып табылмайтын барлық меншік жеке деп танылады. Жеке жеке дара және топтық бола алады. Қазақстан Респубилкасында меншік нысанына қарй тіркелген заңды тұлғалардың саны 2002 жылғы 1 қаңтарда келесідей болды: барлығы 156,4 мың, соның ішінде мемлекеттік меншік-24,1 мың, жеке меншік-127,1 мың, оның ішінде мемлекеттің қатысумен -1,3 мың, біріккен кәсіпорындар-4,1 мың, шетелдік меншік-5,1.
Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, бюджеттен қаржыландыруды тоқтату, тозығы жеткен негiзгi құралдармен (өнеркәсiп бойынша орташа 70% шамасында), инфляция үдерiсiнде әдiстемелiк жоғалатын шектеулi айналым қаражатынан қалған кәсiпорындардың ешнәрсе алмауына алып келдi. Бұл объективтi түрде өнеркәсіптiк кәсiпорындардың өз күштерi мен қаржы құрылымдарын бiрiктiрудiң қатаң қажеттiлiгiн сезiнуге алып келдi. Жекелеген кәсiпорындардағы ақшалай қаражат тапшылығы соңғыға өндiрiстiк қорлардың өте үлкен тозуын меңгеруге, шикiзатпен әрi материалмен үздiксiз жабдықтауға, өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға мүмкiндiк бермейдi. Өндiрістiк және қаржылай капиталдың бiрiктiрiлуi ғана ресурстар басқаруды көтеруге, кәсiпорындарды қаржыландыру және дамыту үшiн қосымша қаражат iздестiруге мүмкiндiк бередi. Қаржы құрылымындағы өндiрiстiк кәсiпорындардың уақытша бос қаражаттарының шоғырлануы және оларды ерекше басымдылық бағыттарда тиiмдi пайдалану инфляция кезiнде, белгiлi бiр уақыт iшiнде ақшалай ресурстарды жинақтау мүмкiн болмайтың кезде аса маңызды.
Өндiрiстiк кәсiпорындар
мен қаржы институттараның
- бiрiншiден, бәсекелестiк күшеюi жағдайында өндiрiс дамуы өндiрiстiк және қаржы құрылымының бiрлескен кү
штерi болғанда ғана мүмкiн маңызды күрделi жұмсалымды талап ететiн өндiрiстiк аппараттың жаңару қажеттiлiгiн туындатады;

- Меншікті тілші
- Меншік туралы салық
- Меншік туралы салық
- Меншік – экономикалық категория ретінде
- Меншік экономикалық категория ретінде
- Меншік экономикалық категория ретінде
- Меншілті капитал аудиті
- Меншікті капитал есебі
- Меншікті капитал есебінің аудиті
- Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
- Меншіктік капитал
- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің акционерлік формасы