Меншікті капитал есебінің аудиті

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе

 

I бөлім. Меншіктік капитал есебі аудитінің теориялық  негіздері

1.1Меншіктік капиталдың есебінің аудитін құрылымдық-құқықтық                           нысанына қарай ұйымдастыру

1.2 Меншіктік капитал есебіне  тексеру жүргізу

 

 

II-бөлім. Меншікті капитал есебінің аудиті

2.1 Жарғылық капиталдың есебінің аудиті

2.2 Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің аудиті

2.3 Бөлінбеген табыстың аудиті

2.4 Меншікті капитал ұйымының есебі және аудиті

 

  

  Қорытынды

    

    

  Пайдаланылған әдебиеттер

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Меншікті капиталдың тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады, сонымен қатар меншікті капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығын айқын көрсетеді.

      Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік мекемелер және тағы да басқа иелік ететін обьектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым–қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып жіне пайдаланып отыруы қажет. Ақпараттардың сенімді болуы аудитормен тексеріліп жүргізіледі.            Коммерциялық ұйымның, кәсіпорындардың негізгі мақсаты табыстың көлемі неғұрлым жоғары болуы. Меншік иелерінің капиталға салған салымдарының кері қайтарылымы кәсіпорыннан тыс саладан түскен табыстың көлемінен кем болмауы керек. Сонымен қатар, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың негізгі мақсаттың бірі-табыс көзін сақтап қалу, соның ішінде меншікті капитал. Меншікті каиталдың сол кәсіпорын өзінің әрі қарай жұмыс жасау қабілетін сақтап қалу, үшін орны жоғары.

     Меншік иелері, соның ішінде ұжымдық меншік иелері-акционерлер, сонымен қатар кредиторлар өздігінен көптеген кәсіпорын операцияларының жүргізілуіне, қорытынды есептердің жүргізілуіне қатысып, бақылай алмайды. Сондықтан олар квалификациясы бар тәжірибелі мамандардың қызметін пайдаланады. Аудиторлық қызмет-сенімді қаржылық ақпараттамен қамтамассыз етеді.

     Кәсіпорын және сол кәсіпорындағы қызметтерді жүргізуде сақталынатын заңдылықтар және қызметтердің нәтижесі туралы ақпараттар мемлекетке салық салу және экономика саласында шешімдер қабылдау үшін қажет. Ақпараттардың сақталуы нарықтағы капиталдың тиімді жұмыс жасауын жоғарытылады, сондай-ақ экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және баға береді.Меншікті капитал тәжірибе жүзінде аудит саласында үлкен мән алады.

Меншіктік капитал шаруашылық қызметке қажет материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттардың, қаржылық салымдар салымдар мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсалған шығындардың және алажақтардың ақшалай жиынтығы.

     Шаруашылық субьектісі алғаш құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субьект құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде акционерлік қоғамға қосқан үлестерінен құралады.

Кейінгі уақыттарда субьектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа көздерден, тегін түскен мүліктермен, ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

     Аудит жөнінде, бухгалтерлік есеп жөнінде көптеген әдебиеттер жарық көрді. Соның ішінде Ержанова Н.С, Торшаева Ш.М, Бауыржанов Қ, Кеулімжанов Қ.Қ, деген авторлардың әдебиеттері.

«Меншікті капиталдың қалыптасуының есебі және аудиті» деп аталатын курстық жұмысымды талдау барасында меншікті капиталдың көптеген түсініктерімен кездестік. Бухгалтерлік есепте меншікті капитал: жарғылық капиталдан, қосымша капиталдан, резервтік капиталдан және өзге де меншікті капиталдан тұрады. Менің курстық жұмысым төмендегідей негізде жазылған.

Құрстық жұмысымның мақсаты меншікті капиталдың есебін, аудитін талдау және анықтау, аудиторлық қорытынды беру.

Курстық жұмыстың мақсатына  жету үшін алдына келесідей міндеттер қойылды:

  1. Меншікті капиталды экономикалық жағынан ашып көрсету, құрылымы, талдау және пайдалану;
  2. Кәсіпорындағы меншікті капиталдың есебін талдау, қарастыру;
  3. Меншікті капиталды аудиторлық тексеру және қорытындылау.

Курстық жұмысымның әдістемелері: жұмысым заңдылық және нормативтік актілер бойынша сонымен қатар түрлі бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі әдебиеттер мен материалдарды пайдалана отырып жазылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім. Меншіктік  капитал есебі аудитінің теориялық   негіздері

     1.1 Меншіктік капиталдың есебінің аудитін ұйымның құрылымдық құқықтық нысанына қарай ұйымдастыру

 

      «Бухгалтерлік есеп» туралы Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығында меншіктік капитал бұл субьектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның меншіктік капиталдың активтері деген анықтама берілген, яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байлынысты. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар» бухгалтерлік есептің № 2 стандартында меншіктік капиталға:

 -жарғылық, резервтік төленбеген, қосымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады деп көрсетілген. Демек, бұл аталғандар меншіктік капиталдың элементтері ретінде аудиттің зерттеу обьектесіне  айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудитін қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық - құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

      Қазақстан Республикасының күшіндегі заң актілерінде мына төмендегідей ұйымдық – құқықтық нысанындағы субьектілер көрсетілген:

1) мемлекеттік ұйым 

2) коммерциялық ұйымдар

3) өндірістік кооперативтер

4)шаруашылық серіктестіктер.

      Аталған ұйымдық-құқықтық нысанындағы шаруашылықтардың құрамын анықтап оларға қысқаша тоқталуды талап етеді. Өйткені олардың өзінің ішкі жіктелуі шаруашылықтың меншіктік капиталының қалыптасуына әсерін тигізеді.

       Мемлекеттік шаруашылыққа өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін, «Шаруашылық иемдену құқығына негізделген мемлекеттік шаруашылық» және Қазақстан Республикасының үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылған, оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік шаруашылық (қазыналық кәсіпорын) жатады. Қазыналық шаруашылықтың қызметі оның жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес Қазақстан Республикасы немесе қазыналық кәсіпорын құру жөнінде шешім қабылдағаны туралы жергілікті, аймақтық әкімшілік оның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

       Коммерциялық емес ұйымдарға: қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер және қауымдастықтар (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.

Коммерциялық емес ұйымдарға  аудитті ұйымдастыру мәселелерінің  жалпы көп жағдайлары ортақ болғанымен, кітапты қаралмайды.

      Өндірістік кооперативке бірлескен кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік пайларын (үлестерін) біріктіруіне негізделген азаматтардың ерікті бірлестігі жатады.

      Шаруашылық серіктестіктеріне толық серіктестік, коммондиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам жатады.

Толық серіктестіктің қатысушылары, оның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері үшін тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады.

      Коммандиттік серіктестік – келісім-шарт негізінде біріккен кісіпкерлік кызмет жөніндегі бірнеше іскердің бірлестігі. Толық серіктестіктен айырмашылығы мұнда мүшелердің бір тобы ғана толық серіктестік болып табылады. Олар өздерінің барлық мүлкімен толық жауапкершілікті мойнына алады. Олардан басқа салым салушы мүшелер серіктестікке тек өздерінің салымдары көлемінде ғана шектелген мүліктік жауапкершілікке ие, жалпы мүлікке үлес меншігі құқығы барлық мүшелеріне ортақ болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтай құжаттары белгілеген үлестерге бөлінген серіктестіктердің мүшелері ЖШС міндеттемелері үшін жауап бермейді және өздерінің қосылған салымдарының құны шегінде серіктестік қызметінде шеккен зияндары тәуекелдігін көрсетеді.

       Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің мүшелері оның міндеттемелері үшін өздерінің жарғылық капиталындағы салымдарымен, ал егер жарғылық капиталдағы салымдар жеткіліксіз болған жағдайда өздерінің қосымша салған салымдарымен тиесілі мүліктеріне жауап береді.

       Ашық акционерлік қоғамның құрылтайшылар өздерінің акцияларын басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады. ААҚ өзі шығаратын акцияларға ашық жазылу жүргізуге және қолданылып жүрген заңда белгіленген шарттармен ашық сатуға құқылы.

      Жабық акционерлік қоғамның акцияларын тек қана өз құрылтайшыларынан арасында немесе алдын ала анықталып белгіленген тұлғалардан шеңберінде таратылады. Қоғамның өздері шығаратын акцияларға ашық жазылу жүргізуге, не оларды сатып алуға, басқадай жолмен жеке тұлғалардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы бар.

       Бұл аталғандардан басқа. шаруашылық серіктестерінің акциялары ұйымдастырылған құнды қағаздар рыногында жоғары сұранысқа ие «Ашық халықтық қоғам» және басқа (негізгі немесе бас) шаруашылық серіктестіктің, субъектінің жарғылық капиталындағы салымның басымдығына қарай не өз ара жасақан шартқа сәйкес немесе серіктестіктің қабылдаған шешңмдерне ықпал етіп түбегейлі өзгертуге мүмкіндігі берілген «Еншілес шаруашылық серіктестік» және дауыс беруші акциялардың 20 пайызына ие басқа (қатысушылары басым) заңды тұлға «Тәуелді шаруашылық серіктестік» жатады.

Ұйымдық – құқықтық нысандағы шаруашылықтық әр түрлі ішкі жіктеулеріне қарай жарғылық капиталына төменгі мөлшеріне қарай орналасуын мына кестеден көруге болады.

 

         1 кесте- Ұйымдық- құқықтық нысандағы шаруашылықтың жарғылық капиталының төменгі мөлшеріне, қатысушыларының санына қарай орналу тәртібі

 

 

 

Заңды тұлғаларының  ұйымдық  құқықтық нысаны

   Қатысушылар

(акционерлері құрылтайшылары)

 

Қатысуышлары

ның

(акционерлерінің ) құрылтайшыларының  жоғары саны

 

Ең төменгі жарғы

лық капитал

дың мөлшері, еселенген  АЕК

 

Ескертулер

 

Толық серіктестік

 

Тек қана азаматтар (екіден кем емес)

 

 

25

 

 

Коммандиттік серіктестік

 

Толық серіктестік және азаматтар

 

 

50

 

Салымшыларының үлесі 50% жоғары

 

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік

(ЖШС)

 

Азамат және заңды тұлға (бір  және одан жоғары)

 

100

 

100

 

 

Қосымша жауапкершілігі бар  серіктестік (ҚЖС)

 

Азамат және заңды  тұлға (бір және одан жоғары)

 

50

 

100

 

 

Ашық  акционерлік  қоғам (ААҚ)

 

Азамат және заңды  тұлға (бір және одан жоғары)

 

 

5000

 

 

Ашық халық қоғамы (АХҚ)

 

Азамат және заңды  тұлға (500 акционерден жоғары)

   

 

Активтінің мөлшері 200 000 АЕК төмен емес

 

Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ)

 

Азамат және заңды  тұлға

 

100

 

100

 

 

Өндірістік кооператив

 

Бірден жоғары жеке тұлғалар, (екіден кем емес)

   

 

Жарғылық капиталдың мөлшері жарғысында белгіленеді


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-бөлім. Меншікті  капитал есебінің аудиті

2.1Жарғылық капиталдың есебінің аудиті

 

        Меншіктік капиталдың негізгі элементі болып табылатын жарғылық капитал деп шаруашылықтың құрылған кезінде оның қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің бөлген мүліктерінің және қаражаттарының немесе құрылтайшыларының ( салымшыларының ) мүліктік үлесінің жиынтығын айтамыз. Жарғылық капиталдың нақты бағыты, атқаратын қызметі және қалыптасу тәртібі шаруашылықтың ұйымдық құқықтық нысанына негізделген.

        Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың жарғылық капиталының орындайтын негізгі қызметін бөліп көрсету қажет.

        Біріншіден, ол шаруашылықтың қызметі үшін мүліктік негіз болып табылады, яғни бастапқы капиталы.

       Екіншіден, жарғылық капиталды құру шаруашылықтың әрбір құрылтайшының (акционерлерінің) үлесін анықтауға мүмкіндік береді (пайыз). Өйткені оған жалпы жиналыста құрылтайшыларының дауысының саны және оған есептелген табыстың (дивиденттінің) көлемі сәйкес келеді.                                         Үшіншіден, жарғылық капитал қоғамның үшінші тұлғасының алдындағы міндеттемесін орыңдауға кепілдік береді. Сондықтан заң актілерінде оның төмеңгі мөлшері белгіленген.

Жарғылық капиталдың бұл аталған қызметтері әр түрлі  ұйымдық құқықтық нысандағы шаруашылықтарда калай орындалатынына жеке тоқталып өтуді талап етеді.

       Жоғарыда аталған жарғылық капиталдың үш қызметі толығымен тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде және жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесінің есебінен немесе жазылған акцияларына сәйкес қалыптасатын акционерлік қоғамда орындалады.

жарғылық капитал мүліктік негіз бола тұра құрылтайшыларының  қатысу пайызын, акционерлерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, несие  берушілерінің алдында олардың толық қосқан үлестерінің ақшалай көлемін анықтайды.

      Толық жауапкершілігтегі серіктестіктерде жарғылық капитал бар болғаны мүліктік негіз қызметін атқарады. Бұл жерде жарғылық капитал серіктестікті басқаруға қатысушыларының  үлесін анықтамайды, өйткені мұндай серіктестік әрбәр құрылтайшы қосқан үлесінің көлеміне қарамастан, бір ғана дауысқа ие болады. Жарғылық капитал, серіктестіктің несие берушілерінің мүддесі толық (шекеусіз) жауапкершілік жүктелген құрлтайшылардың мүліктерімен қамтамасыз етілгендіктен, кепілдік қызметін атқармайды.

      Мүліктерді біріктіру арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысу өндірістік кооперативтерде ғана белгіленген. Мұндай ұйымдардың басты ерекшеліктері кооперативтің мүшелерінің мүліктік жарнамасының есебіне құрылған бөлінбейтін мүлік болып табылады. Мүліктік жарнамалар өндірістік кооперативтердің бастапқы капиталы ретінде қалыптасып, өндірістік капиталды құру және қызметін ұйымдастыру шығындарын жабу үшіе арналған. Кооперативтің мүшелерінің қосқан пайдалы пайыз түрінде есептеліп шығарылатын, оның кооперативтің мүлкіндегі үлесі болып табылады.

      Демек, өндірістік кооперативтің  жарғылық капиталы бірлесі кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін мүшелерінің біріктірген мүліктерінің жиынтық сомасы болып табылады.

      Өндірістік кооперативтерде де, шаруашылық серіктестікткерде де мүшелері өз еңбегімен қатысуына құқы бар. Бірақ олар жеке кәсіпкердің рөлін  атқармайды. Кооперативтің жұмысын басқаруға қатысу көлеміне қарамастан, « 1 пайшы – 1 дауыс » қағидаты бойынша құрылады.

      Алынған табысты пайшылардың арасында тек мүліктік жарнасы ғана емес, олардың еңбекке қатысу сипаты және дәрежесі міндетті түрде ескеріліп жүзеге асырылады. Кооперативтің жарғылық капиталының көлемі және оны қалыптастыру тәртібі кооперативтің жарғысында анықталып белгіленеді.          Яғни өндірістік кооперативтің жарғылық капиталы мүліктік және кепілдік қызмет атқарады.

      Мемлекеттік шаруашылықтардың жарғылық капиталы-бұл кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру үшін меншік иесіне бекітіліп берілген (республикалық немесе жергілікті үкімет органдарының) мүліктің жиынтық сомасы. Бұл мүлік бөлінбейтін болғандықтан, үлес бойынша таратылуы мүмкін емес, демек оған еңбек ұйымдарына да шаруашылықтың жеке жұмыскерлеріне де иелік етуге ешқандай құқық берілмеген.

       Мемлекеттік шаруашылықтардың жарғылық капиталы өндірістік кооперативтердегі сияқты мүліктік және кепілдік қызмет атқарады.

       Біз жоғарыда қысқаша шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардағы олардың ұйымдық құқықтық нысанына қарай жарғылық капиталдың атқаратын қызметіне қысұаша тоқталдық. Аудитор шаруашылық жүргізушу шаруашылықтардың ұйымдық құқықтық нысандарына қарай жарғылық капиталдың есебіне аудиторлық тексеру жүргізгенде, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, тексерудің ауқымын толық қамтитындай етіп бағдарлама жасауға тиісті. Бағдарламада қаралатын басты мәселелерді және олардыі ақпарат көздерін қоса қамтыған жөн. Жарғылық каиталдың есебін тексеру бағдарламасы мынандай негізгә мәселелерді қамтуға тиісті:

       баланстың көрсеткіштерінің Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинжазбалардағы шоттарындың сипаттамасы келтірілген мәліметтерімен сәйкестігін тексеруге.

       Жарғылық капиталдың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуін тексеруге, жарғылық капиталдың шаруашылықтың ұйымдық құқықтық нысанана сәйкес дүрыс қалыптасқандығын тексеруге, шаруашылықты мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде және тіркелгеннен кейін жарғылық капиталдың қалыптасу тәріптерінің сақталғандығын тексеруге, шаруашылықты мемлекеттік тіркеуден өткізгенде және тіркелгеннен кейін жарғылық капиталдың калыптасу тәртібінің сақталғандығын тексеруге құрылтайшыларының жарналарының (үлестерінің) дер кезінде  бағаланып, толық кіріске алынғандығын тексеруге, шаруашылықтың қабылдаған жарғысында қаралған жарғылық капиталдың құрамының өзгеруінің (кему немесе арту) негізділігін және оныі құрылтайшыларының (мүшелерінің, акционерлерінің) құжаттарында (хаттамаларында) дер кезінде енгізіліп расталғандығын тексеруге, шаруашылықтың жарғылық капиталына салынған мүлікті және басқа мүліктік құқығын тексеруге, күшіндегі заңдарында үкіметінің қаулы, қараларында қаралған баптарымен және ережелерімен салыстырғанда қайшы келетін жарғылық капиталдың құрамында кездескен ауытқударды жою және оның есебін жетілдіріп, жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға.

        Бағдарламада қаралған басты мәселелер тексеру барысында арнайы тесттер жүргізу арқылы толықтырылып,  пысықталып отырылады.

аудитор тексеру барысында  анықталған факторларға байланысты бағдарламаға түзетулер енгізіп, аудиторлық тексерудің әдістерін белгілеп отырады.

         Келтірілген бағдарламадан туындайтыны жарғылық капиталдың есебінің аудитінің бірінші кезеңі баланстық көрсеткішінің құрылтайшыларының құжаттарындағы және Y «Меншіктік капитал» бөлімінің «Жарғылық капитал» бөлімшесінің, «Жай акциялар»,   «Артықшылығы бар акциялар»,  «Үлестер және пайлар» синтетикалық шоттарындағы Бас кітаптағы, машина жазбалардағы, сондай-ақ шоттарының кредиті бойынша айналымдары көрсетілген, құрылтайшыларының, үлес қосушыларының жарғылық капиталға үлестері бойынша қарыз сомаларын көрсететін есеп регистрларында мәліметтеріне сәйкестігін тексеруден басталады. Содан кецін есеп регистрларында жазылған жазуларын аналитакалық есеп мәліметтерімен салыстырып, жарғылық капиталдыі қалыптасу кезеніндегі шоттарының корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін тексеруді жүзеге асырады.

       Жарғылық капиталдың аудитінің келесі кезеңі оның қалыптасуының дұрыстығын тексеру болып табылады.

Аудиттің бұл іс-әрекетін жүзеге асыру үшін аудитор шаруашылықтың қашан, кай ауданда тексергендігін, құрылтайшылардың кімдер екендігін, жарғылық капиталдағы олардың үлесін және қалыптасу тәртібін анықтайды.

       Жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі заң актілерімен және құрылтайшыларының құжаттарымен реттеледі. Меншік нысанына және шаруашылықтың шаруашылық жүргізу ұйымдық құқықтық нысанына байланысты олар әр түрлі болып қалыптасады. мемлекеттік шаруашылықтарының жарғылық капиталы, шаруашылықтың өнім (жұмыс, қызмет) қндіру бағытына сәйкес құрылған сәтінде, олардыі қызметін жүзеге асыру үшін мемлееттің бюджеттен бөлген қаржысын көрсетеді .

       Мемлеттік емес коммерциялық құрылымдардың жарғылық капиталы құрылтайшыларының қосқан қаржыларының (ақшалай, материалдай ж.б) есебінен қалыптасады, сондықтан бірнеше заңды және жеке тұлғалардың, акционердік қоғамның құрылтайшыларының, серіктестіктердің және басқа да өйымдық құқықтық шаруашылық нысандағы ұйымдық меншік түрінде қалыптасады.

       Қазақстан Республикасының Президанттінің Заң күші бар 1995 жылы 2 мамырдағы № 2255 «Шаруашылық серіктестік туралы» жарлығындағы шаруашылық серіктестіктерге қатысушылардың үлестерінің құрамына Қазақстан Республикасының ұлттық  валютасындағы, шетелдік валютадағы ақшалар заң актілерінде анықталған жағдайда, сондай-ақ ғимараттар, құрылғылар, жабдықтар, шикі заттар, материалдар, тауарлар, өнімдер, құнды қағаздар, басқа да материалдық құндылықтар, алшақтатылатын мүліктік құқықтар құны серіктестіктіғ дербес балансында көрсетілетін құқықтар интеллектуалды қызметтің нәтижесінде құқығын қоса өндіру белгіленген. Ителлектуалды қыметтің нәтижесінде құқық заң актілерімен материадық       «құжаттық» үлгілерге сәйкес танылуға тиісті.

        Егер серіктестіктерге қатысушылар мүліктерін тұтынуға берген жағдайда қосқан үлестерінің көлемі және қатысушыларының үлестері құрылтайшыларының құжаттарында  көрсетілген серітестіктердің бүкіл қызмет мерзіміне «егер құрылтайшыларының құжаттарында басқаша қаралмаса» бұл мүліктерде пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем ретінде анықтайды.

        Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтағы құрылтайшыларының үлестерін ақшалай өлшемде бағалау олардың өзара келісімі бойынша жүргізіледі. Заң актілерінің баптарына сәйкес ақшалай бағалау құрылтай шартына қол қоймай тұрып жүргізілуге тиісті, яғни ол міндетті түрде тәуелсіз аудиторлық тексеруді талап етеді. Аудиторлық тексеру жүргізудің салдары құрылтай шартын күшін жоюына әкеліп соқтыруда мүмкін.

        Егер жарғылық капиталға құрылтайшыларының үлесі таза ақшадан құрылса, ондай жағдайда тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізілмейді.

Шаруашылық жүргізуші серіктестіктерді қайта тексеруден өткізген кезде, оның құрылтайшыларының ақшалай бағаланған үлестері серіктестіктердің бухгалтерлік есеп құжаттарында немесе аудиторлық қорытындыда расталады. Шаруашылықтың басшылары және бас бухгалтері 1994 жылы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, 1995 жыл 17 сәуірдегі  «заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу туралы» Заң күші бар Президенттің Жарлығында  анықталғандай, жарғылық капиталға өойылатын талаптар қатаң сақталуға тиісті.

       Жауапкершілігі серіктестіктің жарғылық капиталының көлемі жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауы керек. Қазақстан Республикасының Заң актілерінде анықталғандай, жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік тіркеуден өткізген кезде құрылтайшыларының жарғылық капиталға қосқан үлесінің көлемі жиырма бес пайыздан төмен болмауға тиісті.

       Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы акционерлерінің үлестеріне қарай таратылатын қоғамның сатқан акцияларының жиынтық сомасыннан құралыды. Ол несие берушілерінің мүддесіне кепілдік беретіндей қоғамның мүлкінің төменгі көлемін анықтайды. Оның мөлшері қоғамның шығарған акцияларының бастапқы (номиналды) жиынтық құнына тең болады. Ашық акционерлік қоғам үшін бес мың еселенген айлық есептік көрсекіштен, жабық акционерлік қоғам үшін жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен төмен болмауға тиісті.

       Аудитор акционерлік қоғамның жарғылық капиталының қалыптасу тәртібімен танысып, мемлекеттік тіркеуден өткен кезде, оның мөлшерінің сақталғандығына көз жеткізіп, артықшылықты акциялар шығарылған акциялардың 25%-де аспайтындығына назар аударуға тиісті.

       Жабық акционерлік қоғамның жарияланған ең төмен жарғылық капиталы қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезде түгел төленуге тиіс.

Ашық акционелік қоғамның жарияланған  ең төмен жарғылық капиталының 25 % қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен кезінде толық төленуі тиіс, ал қалған бөлігін жарғылық  капиталдың ең төмен мөлшерін құру үшін бір жылдың ішінде төленуі керек.

       Шаруашылық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін құрылтайшы бір жылдың ішінде өзінің жпрғылық капиталға қосатын үлесін толық төлемеген жағдайда, құрылтай шартында қаралған мәмленә бұзған үшін айыппұл төлеуге тиісті. Айыппұлдың мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген ресми қаржыландыру қойылымдарына сәйкес есептеліп шығарылады.

       Жарғылық капиталда жарияланған сомманы толық төлемейінше қоғамның акциясына жазылуға, жарғылық капиталды арттыруға немесе азайтуға және дивиденд төлеуге жол бермейді. Қоғамның шығаоған акциялары алдымен құрылтайшыларының арасында таратылуға тиісті. Акционерлік қоғамның табысының есебіне жатқызу жолымен акционерлерді акцияны төлеуден босатуға жол берілмейді.

       Шаруашылықтың ұйымдық құқықтық нысанына қарай құрылтайшыларының материалды құндылықтай қосқан үлестерін, біріктірген мүліктерін аудитор қабылдау, өткізу актілері, наклоднойлар төлемді табыстау, кассалық кіріс ордерлары және басқа да құжаттарындағы мәліметтері бойынша құрылтайшыларының жарналарының (үлестерінің) уақытылы дер кезінде толық кіріске алынғандығын тексереді.

Субьект жарғылық капиталға  үлес ретінде жылжымайтын мүліктерде              (ғимараттар, құрылғылдар ж.т.б), жабдықтарды, жерді, суды, басқа да табиғи ресурстарын пайдалану құқығын, басқа да материалдық құндылықтарды және мүліктік құқықтарды оның ішінде МЕА (патент, лицензия, «ноу хау») біріккен кәсіпкерлік жүргізуге қатысушы мемлекеттің валютасында немесе еркін айналымындағы ақша қаражаттарды еңгізу мүмкін.

       Жарғылық капиталдың ерекшелігі – шаруашылықтың басқа мүліктік көздеріне қарағанда тұрақты шама болып саналады. Бұл жарғылық капиталдың көлемін арттыру немесе кеміту тек қана шаруашылықтың қызметінің қорытындысының нәтижесіне қарап және құрылтайшыларының құжаттарына сәйкес өзгерістерді еңгізгеннен кейін жүргізілуі мүмкін. Ол қажет болған жағдайда   жаңа құрылтайшыларды қабылдаудың нәтижесінде, құрылтайшылардың қосымша үлестері мен (акционерлік қоғамнан басқа) толықтырылуы мүмкін болса, ал құрылтайшылары шаруашылықтың құрамына шыққан жағдайда, керісінше, кемуі мүмкін.

       Жарғылық капиталға тексеру жүргізудің сапасын арттыру үшін аудитордың субьектінің жарғылық капиталына жарна ретінде салынбаған мүліктерге және басқа да мүліктік құқықтарға түгендеу жүргізуді ұйымдастырғаны тиімді.

       Аудитті аяқтаудың іс әрекеттері жарғылық капиталдың есебінде күшіндегі заң актілерімен салыстырғанда анықталған ауытқуларға қорытынды жасап, оларды жою бойынша негізгі ұсыныстар жасау болады. Егер аудитор анықтаған кемшіліктер онша елеулі емес, мемлекетке, меншік иелеріне және несие берушілергеешқандай зиян келтірмеіді деп санаса, онда ол канағаттанарлық оң қорытынды беруге құқы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2  Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің аудиті.

       Резервтік капитал өндірісті дамытуға, кәсіпорынның қызметі тоқталған жағдайда еңбек ақы және бюджетке салық төлеуге инфляциялық зиянды жабуға, және акционерлік қоғам кеңесінің шешімі бойынша жарғылық капиталды толықтыпуға, қайта бағалау сомаларын жабуға және акционерлік қоғамның дамуының басқа бағыттарына пайдаланады.

       Аудитор резервтік капиталдың қаржылары мен материалдық көмек көрсетуге және кәсіпорын персоналына еңбек ақы мен сый аұы төлеуге жұмсалатын фактілерге кездесіп қалуы мүмкін. Сондықтан аудитатор резервтік капиталдың пайдаланылуын баолық орындалған операцияларға талдау жасау жолымен егжей тегжейлі тексеруге тиісті.

       Резервтік капитаодың құрылуы міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Біріеші жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ал екіншеде-кәсіеорынның құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіпке немесе оның есеп саясатына сәйкес құрылады.

Меншікті капитал есебінің аудиті