Меншіктің акционерлік формасы. 2

ЖОСПАР

Кіріспе 3

1-тарау. Меншіктің  акционерлік формасы 5

1.1 Меншік және оның  формалары жайында жалпы түсінік 5

1.2 Жалған капитал.  Меншіктің акционерлік формасы 7

1.3 Акционерлік қоғамның  артықшылықтары мен кемшіліктері 19

2-тарау. Бағалы  қағаздардың негізгі және туынды  түрлері 22

2.1 Акциялар 22

2.2 Облигациялар 24

2.3 Вексельдер, чектер  және басқа да бағалы қағаздар 25

3-тарау. Қазақстан  Республикасында бағалы қағаздар  нарығының пайда болуы 28

Қорытынды 30

Қолданылған әдебиеттер тізімі 33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай  сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді  иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары  болып табылады.

Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір  мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан  алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде  материалдық байлық әр түрлі субъектілер  арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану  және оған иелік жасау өкілеттілігін  алады.

Меншік қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс  қалыптаспайды. Олар осы екі формада  бірдей әрекет жасайды. Сонымен, меншіктің  категория ретінде қоғамдық процесте сипаттайтын принциптерінің ерекшелігі осында.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.

Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болғалы отырғаны меншіктің акционерлік формасы, яғни акционерлік қоғамдар туралы болмақ.

Біз акционерлік қоғамдардың  меншік формасын ретінде басқа меншік формаларына қарағанда артықшылықтары қандай және нендей кемшіліктері бар  деген сұраққа жауап іздейміз.

Сонымен қатар қазіргі  тәуелсіз Қазақстандағы акционерлік  қоғамдардың аяқ алысын, олардың  қалыптасуы мен даму үрдісіне зер  салып саралаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Меншіктің акционерлік  формасы

1.1 Меншік және оның  формалары жайында жалпы түсінік

 

Меншіктің экономикалық, мазмұнын заттың, материалдық игіліктің біреудің иелігіндегі деген түсінік арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз  айтамыз: «мына жер аумағы — менің  меншігімде». Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? Жер бетінде банк өз бетімен жұмыс істей ме? Әлде сол жерде. Басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды.

Меншік формасы – бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.

Меншік түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.

Кестеде көріп отырғандай, қазіргі экономикалық жүйе меншіктің  көптеген формаларымен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншік  түрі

Қоғамдық

 

Жеке

 

 

 

 

 

Аралас

Меншік формасы

Мемлекеттік

Ұжымдық

Индивидуалды еңбек ету

Жалдамалы

еңбек ету

 

Меншік түрі

Муниципалды

Кооперативтік

Акционерлік

Қоғамдық ұйымдар меншігі

Діни мәдени ұйымдар меншігі

жеке тұлғалық

Жанұялық

Индивидуалды жалдамалы еңбектің қатысуымен

Монополистік

Корпоративті

Мемлекеттік- ұжымдық

Мемлекеттік жеке

Жеке-ұжымдық

Біріккен шет ел капиталын қолдана отырып

  Тағы басқа


 

Сонымен, меншік формасы – материалды игіліктерді экономикалық қатынастарға қатысушы белгілі бір субъектінің реттелген объективті құқық пен иемдену жағдайын бейнелейтін түсінік. Жалпы айтқанда, меншік формаларының жиынтығы мыналарды қамтиды:

  • Жалпы халықтық – қоғамның барлық мүшелеріне жалпы және бірдей қол жеткізетін халықтың пайдалануындағы табиғи байлықтар түріндегі меншік.
  • Мемлекеттік – жалпы халықтық меншіктің бөлігі болып табылатын, халықтың еркімен және халық билігі органдарының шешімімен белгілі бір топтарға сәйкес теңдей жауапкершілікпен мемлекеттік органдар өкіміне берілген табиғи байлықтар, негізгі өндіріс құралдары, айналым қаражаттары, ақпарат;
  • Аймақтық мемлекеттік – аймақтық мемлекеттік органдар өкіміне берілген меншік;
  • Коммуналды, муниципиалды – жергілікті органдар өкіміне берілген меншік;
  • Ұжымдық – тұлғалар ұжымына белгілі бір немесе шектеусіз мерзімге берілген жалпы халықтық, мемлекеттік, аймақтық меншіктің бөлінбес бөлігін білдіретін, сондай-ақ заңмен келісім-шартпен, жарғымен белгіленген ережелер мен нормалар жүйесіне сәйкес жалға берілетін немесе пайдаланылатын меншік. Бұл меншік құқығын өткізу (беру) нәтижесінде пайда болатын меншіктің туынды формасы;
  • Жалпы – алғаш екі немесе бірнеше тұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелеріне тиесілі, олардың заңмен жалпы  белгіленген ережелер және шектеулерді сақтай отырып өз қажетінше пайдаланылуында болған мүлік, құндылықтар, ақшалай қаражаттар, бағалы қағаздар, т.б. (мұндай формаға белгілі бір дәрежеде акционерлік, ұжымдық – үлестік, кооперативтік меншік те жатады). Жалпы меншік біріккен және аралас болып бөлінеді. Біріккен меншік шеңберінде меншік объектісі барлық қатысушылар мен тұлғаларға теңдей дәрежеде тиесілі болады. Үлестік меншік барысында әрбір қатысушының, тұлғаның жалпы меншік құқығындағы үлесі жеке-жеке белгіленеді.
  • Индивидуалды – белгілі бір құқықтың нормаларға сәйкес жеке индивидумға тиесілі және олардың өз қажетінше пайдаланатын мүлік, заттар, ақпарат, т.б.

Меншік формаларын абсолютті  нақты бөлу мүмкін емес, өйткені  бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау  мүмкін емес.

1.2 Жалған капитал. Меншіктің  акционерлік формасы

 

Жалған (алдамшы) капитал  деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент  түрінде иемденуге құқық беретін  бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп  болған жағдайлар мыналар:

Біріншіден, табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың  пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей  байланысты. Өнім өндірістен айналымға  түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс  әкеледі деген бұлдыр қиял пайда  болады. Оны мысал ретінде келтірілген  мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші акт (Т - А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы (А - Т - А*) формуласындағы мақсат - тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а — қосымша құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе қосымша құн беретін құн (К. Маркс.).

Екіншіден, бағалы қағаздардың  капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың  өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға  сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына  және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі? Керісінше, егер капиталды ұсыну  сұраныстан жоғары болса және банктік  проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға  кері  пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал қарыз процентінің  деңгейі 5% болған жағдайда бағалы қағаздардың  бағасы 1000$ болады:

(50х100%)/5 = 1000$

Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын  нарықтық құн.

Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:

1. жалған капиталдың өз  құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы  қағаздардың кейбір түрлері нақты  капиталдың орнында жүреді;

2. бағалы қағаздардың  айналысы қор биржасынан және  несие жүйесінен басталады, ал  нақты капитал өндіріс аясына  қызмет көрсетеді;

3. жалған капиталдың мөлшері  (бағалы қағаздардың сатылатын  жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың  курсы) бағалы қағаздарды сатудан  түскен табыстың капиталға айналуымен  анықталады. Ал өндірістегі нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалған капиталдың пайда  болуын К.Маркс "капиталдану" деп  атады. Ал капиталдану - мүліктің нақты  капиталдың ақша капиталына айналуы  деген [40; 9.];

• жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің  өзгеруіне дәл келмейді. Жалпы  алғанда жалған капитал нақты  капитал алғанда, жалған капитал  нақты қарағанда шапшаң өседі. Бұл  жағдай акционерлік кәсіпорындардың  тез дамуына, бағалы қағаздардан  түсетін дивиденд пен процент  мөлшерінің айырмашылығына және кездері  бағалы қағаздардың көлемінің тез  ұлғаюына байланысты болады.

Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:

Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының  бір бөлігін қарызға берумен  бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста  болады.

Екіншіден, қарыз капиталынан  түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері  оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына  көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен, бағалы қағаздар қарыз  капиталын орналастыратын ортаның  тек біреуі ғана. Жалған капитал  сан жағынан қарыз капиталынан  көп және айналыста бір-біріне дәл  келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда  болуы мен оның өсуі байлықтың  бір жерге шоғырлануына әсер етеді.

Акционерлік қоғам (бұдан  әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны  айтады. Жарғылық қоры акциялардың  нақты құнына тең белгілі бір  санына бөлінген серіктестікті акционерлік  қоғам деп атайды.

Акционерлік қоғамның қатысушылары - акционерлер - оның міндеттемелері бойынша жауап береді және оның өздеріне тиесілі акциялар құны шеңберінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен басқа оқшауланған мүлкі болады және өз мүлкі бойынша, оның шеңберінде жауапты болады, сондай-ақ қатысушыларының мүлкі бойынша жауап бермейді. Акционерлік қоғамнан шығу жағдайында өзінің пайына сәйкес ешқандай (ақшалай немесе мүліктік) өтемақы төлеуге құқығы жоқ, ол тек өз акцияларын басқа біреуге сату немесе тапсыруы мүмкін. Өз кезегінде, толық серіктестікке қарағанда, мүлкінің азаюы қаупі туындамайды.

Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни акция қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санаттарына (категорияларына) қарай акционердің  дивидендтер алуына, қоғамды басқаруға  қатысуға және қоғам таратылған оның қалған мүліктерінің бір бөлігін  иемдену куәландыратын құжат. Қоғам  өз міндеттемелері бойынша өзіне  тиесілі барлық мүлікпен жауапты  болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап беру, тек өзіне  тиесілі акциялар құнының шегінде  қоғамның қызметіне байланысты зияндарға  тәуекел етеді. Экономикасы дамыған  елдерде олар корпорациялар деп  аталады. Акционерлік қоғамдар жабық  және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ, қоғамның үлгісіне қарай, "ашық акционерлік  қоғам" немесе "жабық акционерлік  қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жабық акционерлік қоғамдардың  акциялары өзінің құрылтайшылары мен  алдын ала айқындалған адамдар  тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің  саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі  шығаратын акцияларды жабық әдіспен  ғана орналастыруға хақылы.

Жабық қоғам акционерлерінің  осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға  артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері  оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға  міндетті. Сатылатын акцияларды сатып  алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.

Егер акционерлердің ешқайсысы  аталған мерзімде осы құқықты  пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам  сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін  қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын  қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн  болады.

Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан  немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға хақылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын  төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге  және (немесе) қоғамға сатып алуға  қайта ұсынуға міндетті.

Акционерлері өздеріне тиесілі  акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға хақылы ашық акционерлік  қоғам деп аталады. Ашық акциялары  үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің  саны шектелмейді.

Қазіргі уақытта "ҚР-ның  акционерлік қоғамдар туралы" заңында "бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері  кемінде айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем  болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі - халықтық қоғам) болып  табылады" [53;І7] делінген. Халықтық қоғам  мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.

ААҚ төмендегі жағдайларға  байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:

1. Халықтық қоғам мәртебесін  алған қоғам акционерлерінің  саны алты айдың ішінде бес  жүзден кеміп кетсе;

2. Оның активтерінің мөлшері  айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген  мөлшерінен кеміп кетсе;

3. Қоғам акцияларының  бағалы қағаздар нарығындағы  бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс. Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.

Қоғамды құру туралы шешім  қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге  дейін туындаған мәселелер бойынша  бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді осы тұлға жеке-дара қабылдайды.

Қоғамды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде табыcты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы деген қоғамды  құрушылардың акцияларды сатудан алған  сомасы мен қоғамды құруға жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма түрінде алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы  болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты  капитал (бағалы қағаздардың номинал  құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі - капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.

Құрылтай шарты мен  жарғы қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.

Құрылтай жиналысында  құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді, қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды  мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға, заңдарда белгіленген тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге  құрылтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге  уәкілетті адамдарды сайлайды. Құрылтайшылар  құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы шешім  қабылдауға тиіс.

Қоғамның құрылтай жиналысында  сайланған органдар қоғам мемлекеттік  тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін  жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қоғамның құрылтай шартында қоғамды құру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық  қоғам үшін - айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері туралы жазба  болады.

Қоғамның жарғысы заңды  тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік  тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы құны, оларды иеленушілердің құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.

Осымен қатар жарғыда  қоғам акционерлерінің құқықтары, яғни қоғамды басқаруға қатысуға, дивиденд алуға, қоғамның қаржылық есебімен танысуға, ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттері де көрсетіледі. Акционер өзіне  тиесілі акцияларды сату жөнінде  ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге  қажетті мәліметтердің өзгергендігін  он күн ішінде хабарлауға және қоғамның құпия болып табылатын қызметі  туралы мәліметтерді жария етпеуге  міндетті.

АҚ - заңды тұлға. Оның органдары:

•  акционерлердің жалпы  жиналысы;

• директорлар кеңесі;

• алқалы орган немесе басқарма;

• тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші).

Қоғамның жоғары басқару  органы - акционерлерінің жылдық жалпы  жиналысы сол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі  тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды басқару міндеті акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.

Акционерлердің жалпы  жиналысының айрықша құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айтсақ, олар:

•  қоғамның жарғысына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

• қоғамның үлгісін өзгерту  мен оны ерікті түрде қайта  құру және тарату;

• қоғамның басқару органдарын сайлау;

• қоғамның жарғылық капиталының  мөлшерін өзгерту;

• оның жылдық қаржылық есебін және жыл қорытындысы бойынша  дивидендтер мөлшерін бекіту;

•  қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа  мәселелер.

Егер акционерлердің жалпы  жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған  кезде жиынтығында қоғамның дауыс  беретін акцияларының елу және одан да көп процентін иеленген акционерлер  тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім  қабылдауға хақылы болып саналады.

Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда, оның жалпы жиналысында  құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы  жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста  дауыс беру тәртібін түсіндіреді  және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа  қатысуға және дауыс беруге міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол заңдарға сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде  іс-әрекет жасайды. Дауыс беру "қоғамның бір акциясы - бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады.

Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау  бумасы бар ірі акционерлерде  болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін  акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына  құқық беретін белгілі бір  акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне  проценттік арақатынасы. Іс жүзінде  акционерлердің жалпы жиналысында  дауыс беретін акциялардың бес  және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.

Қоғамның келесі басқару  органы - директорлар кеңесі. Оның міндетіне:

• қоғам қызметінің басым  бағыттарын айқындау;

• акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс  жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім  қабылдау;

• олардың күн тәртібін бекіту;

• қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де бағалы қағаздарды сатып алу туралы шешім қабылдау;

• таза табысты, резервтік  капитал мен қоғамның өзге қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін  мәселелер жатады. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар  кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. Ол алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Атқарушы орган  қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, қызметкерлер штатын шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.

Қоғамның атқарушы органының  қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды  жүзеге асыратын орган - тексеру комиссиясы. Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру  комиссиясы кез келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы  жиналысының, қоғамның директорлар  кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 процентінен астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының қызметіне тексеріс жүргізеді.

Қоғам акционерлердің жалпы  жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге  өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесілі акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер  ақшамен, немесе акционердің келісімімен  сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді  тоқсан сайын, жарты жылда бір  рет, не жыл қорытындысы бойынша  жариялайды. Қорыта айтқанда, ашық және халықтық АҚ жыл сайын баспасөз басылымында  қоғамның жылдық балансын және кірістері  мен шығындары туралы есебін жариялауға міндетті. Халықтық қоғам тоқсан аяқталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы  және табысы мен зияны туралы есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам облигациялар шығарған және орналастырған жағдайда да баспасөз басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.

АҚ-дардың көптеген құрылу жолдары  бар. Олар жұмыс істеп тұрған заңды  тұлғаны АҚ түрінде қайта құру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды  ұйымдастырудың осы айтылған жолдары  ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан  пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша  белгілі бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының  асыруы қоғамды қайта құру болып  есептеледі.

Меншіктің акционерлік формасы. 2