Меншікті тілші
Мазмұны
- Кіріспе-----------------------
------------------------------ ---------------------3-4 - Журналистика тілші жұмысынан басталады---------------------
------5-6
2.1 Газеттегі журналистердің
кәсібилігі--------------------
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау
тақырыбы----------------------
2.3 Тілші құқықтың түсінігі----------------------
- Қорытынды---------------------
------------------------------ ----------------22-23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі------------------------
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазір бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның ішінде баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық схемалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Газеттегі меншікті тілшінің публицистикасының мәнін ашып көрсету.
Жұмыстың мақсатына қарай
төмендегі міндеттер
- Газеттегі меншікті тілшінің публицистикасының қоғамдық-саяси маңызын ашып, тақырыптың идеясына назар аудару.
- БАҚ-тағы құқық қорғау тақырыбын зерттеу.
- Меншікті тілші құқығына жан-жақты түсінік беру.
Курстық жұмыстың дереккөздері: курстық жұмысты жазу барысында мынадай әдебиеттер қолданылды: З.С.Тайшыбай «Журналистиканың құқықтық негіздері» (2008ж.), В.В.Ворошилов «Журналистика» (2004ж.), М.Н.Ким «Новостная журналистика» (2005ж.), (2003ж.), Қазақстан Конституциясы (2008ж.), Т. Бекниязов «журналистің шығармашылық шеберлігі» (2004ж.), «Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен» (2008ж.), «Қазақ журналистикасы» (2008ж.).
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы жоғары оқу орындарының журналистика, қазақ тілі және әдебиет мамандығының студенттері мен магистрантарына көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Тақырыпты зерттеу әдістері: Сипаттама әдісі арқылы жинақталған материалдар даму жолы тұрғысынан баяндалды. Сонымен бірге, зерттеу барысында мақсатқа сай баяндау, талдау, жүйелеу, топтау әдістері қолданылды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыстың құрылымына келсек, үш бөлімнен тұрады. Алдымен кіріспе және үш негізгі бөлім,соңы қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.
II. Журналистика тілші жұмысынан басталады
Журналист мамандығын өмірге әкелген нәрсе – адам табиғатының жаңалыққа құмарлығы. Адамзат дамып, заман өзгере келе бұл сұранысты өтеу ісі де сан-салалы күрделі сипатқа ие болды. Баспасөз ақпарат құралы ғана емес, күрес құралына да айналды.
Бірақ жұтшылыққа қызықты, маңызды және пайдалы ақпарат беру онығң негізгі қызметі болып қалды. Өйткені, журналистика саласына жауап беру ісіндегі шеберлікке тікелей байланысты. Осы себепті гезетте мұндай материалдармен тілші айналысады.
Өкінішке орай, қазақ баспасөзі ақпараттық журналистика дәстүрін әлі қалыптастыра алмай отыр. Бізде «журналистика – оқиғаға сараптама жасау, баға беру, азаматтық позиция білдіру» деген түсінік басым. Оқырманға мәлімет беретін материал жазатындар, журналистиканың басты функциясы осы екенін түсінетіндер аз. Бәріміз «пікір айтсақ, сараптама жасасақ» дейміз. Бірнеше сөйлемнен тұратын хабарды «өз оймызды» білдірмей жазғымыз келеді. Журналисттік қызметін кеше бастаған тілші бүгін әлдебір танымал адамды немесе шенеунікті «өлтіре сынап» жатады. Журналист өзінің басты міндетін, ал оқырманға ең алдымен не керек екенін білуі керек.
Тілшілік – пысықтықты, біліктілікті, эрудицияны талап ететін бірден-бір мамандық. Журналистиканың өзге мамандықтарға қарағанда өз перзентіне қоятын ерекше талабы – жан-жақтылық. Журналист барынша бәрін білуге тиіс, тым болмаса білуге тырысуға тиіс. Себебі, тілші келесі сағатта, келесі секундта не жайында репортаж түсіретінін, не туралы мақала жазу қажеттілігі туындайтынынан үнемі хабардар бола бермейді. Болған оқиғаны өзі жүз пайыз меңгеріп, түсінген жағдайда ғана тілші халыққа ақпаратты дәл жеткізе алады. Міне, дәл осыдан жан-жақтылықтың қажеттілігі анық байқалады. Болған жайдың дұрысы қайсы, бұрысы қайсы соны айыра отырып, терең де сенімді қорытынды жасау керек. Әсіресе, актуальды мәселелерді сенімді дәлелдеп керсету қажет. Ал, мәселені жұмсартып айту, шешімін таппаған нәрсені жасырып, айналып өту жараспайды. Кемшіліктер мен қиыншылықтар туралы айтпай кетуге, өткір сұрақтардан қашу жөнсіз болмақ. Бәрін де жақсы деу, бәрін де салтанатты түрде жазу да көкейге қонбайды. Яғни, барды бардай, жоқты жоқтай ХАЛЫҚТЫ көрсетіп жазу, айту жөн.
Журналист еш
уақытта қателеспеу керек, бұл
да басты принциптердің бірі.
Өйткені, журналист қателессе,
ол бір адамның қателесуі емес
- мыңдаған, миллиондаған адамға
сол қателіктің зияны тиюі
мүмкін. Жұрт нағыз журналист
жазған материалға сеніммен
Объективтілік
дегеніміз - шындықтың нағыз өзі
деген сөз. Журналистің тағы
бір ұстанатын принципі жазған
материалдарының нанымды болуы.
Журналист ой-пікірді
қағазға түсіргенде, оның өзгелерге,
яғни, жұртшылыққа түсінікті болуын
алдын-ала ойластыруы қажет.
2.1 Газеттегі журналистердің кәсібилігі
2.2 БАҚ-дағы құқық қорғау тақырыбы
Журналистика мен журналистің құқығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік заңдарда айтылып жатады. Журналист - өз саласындағы толық құқығы бар кәсіби маман. Оның құқына ешкім қол сұғуға хақысы жоқ. Ол журналистикада білім алып, соған орай қызмет ететін тұлға. Журналист өз елінің басқа да азаматтары немесе мамандары секілді, мемлекеттік тәртіп бойынша, заң шарттарына сәйкес өмір сүрмек. Ол өзінің кәсіптік жұмысы, творчестволық еңбегі арқасында қызмет жасап, іс-әрекет етеді. Ол еркін еңбек етуге, демалуға, қоғамдық өмірге қатысуға құқылы. Журналистің заңға, адамгершілікке қайшы келмейтін жұмыс жасауына ешқандай кедергі болмауы тиіс. Ол өзінің арына сеніп және өзі жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының жарғысына, бағдарламасына сай еңбек етеді. Сондай-ақ журналистік мамандық - басқа да кейбір мамандықтар секілді қадірлі мамандықтардың бірі екеніне сөз жоқ. Журналистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз байланысты жұмыс істеп, есептесіп отырады. Бұл журналистиканың қоғам, мемлекет алдындағы үлкен рөліне, қажеттігіне өте байланысты. Журналист өзі еңбек ететін редакцияның мүшесі болады, ұжыммен жұмыс істейді. Ол үнемі білімін көтеріп отырады. Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен елдің қамы үшін жұмыс істейтіндіктен, оны заң орындары да, үкімет те қорғауға, қолдауға міндетті. Журналистің еңбегі халықтың көз алдында болады. Ол не айтса да, жазса да халыққа жариялы түрде белгілі болып отырады. Журналист өз правосын пайдаланып, басқалар бара алмайтын жерлерге, мекемелерге барып, жолығып, сөйлесіп, деректер алуға ерікті.
Келесі бір
айтатын нәрсе журналистік
Ал журналистика
болса маңызды әлеуметтік
Яғни, баспасөз, радио,
телевидениенің негізгі
Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте кажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. "Журналист - ақпарат - аудитория". Журналист творчестволық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен езгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.
Журналистика
ең алдымен өмір көрінісін
беретінін есте сақтаған жөн.
Журналистика өмірді сипаттап
қана қоймай, онда болып жатқан
іс-әрекеттерге адамның өзінің
де бағыт-идеалға жетуіне ой
тастайды. Мақсатына жол сілтейтін
бағыт-бағдар алуына көмек
Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі -маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтык позиция ұстайды. Ол дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша БҮКІЛ жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сиымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету - биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат.
Журналистиканың
халыққа қызмет етуі сол
Келесі бір білуге тиіс
нәрсе журналистиканың
Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп калмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бүрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға ортақ мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні белгілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение коллективтерімен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы программалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді.
Енді қазақ
Келесі бір газет "Алматы ақшамы" деп аталады. Бұл республикада таралатын газет. Негізінде әкімшіліктің органы, жаңалықтары туралы жазады. Сонымен бірге бұл газет те шетел хабарларын үзбей береді. Ал "Жас Алаш" газеті жастарға арналған. Яғни, жастар өмірі туралы қызғылықты материалдар берумен бірге, шетел өмірінен де назар аударарлық материалдарды жариялайды. Бұлармен бірге Қазақстанда "Қазақстан-Заман" деген халықаралық газет шығады. Ол Түркиямен бірлесіп шығарылады. Осы екі елдің және басқа да елдердің өмірінен материалдар береді.
Енді телевидениеге келсек, "Қазақстан" телекомпаниясы бар. Сондай-ақ "Хабар", "Ел арна" ірі телеарналар саналады. "Қазақстан" телеарнасы негізінен республика өмірін камтитын хабарлар береді. Саясат пен соңғы жедел жаңалықтарды беріп отырады. Президент пен үкімет, парламент жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ шетел жаңалықтарын спутник арқылы қабылдайды. Ал коммерциялық каналдар: КТК, Таң, 31-ші канал, НТК көбіне шетелдердің кинофильмдерін берумен айналысады. Сондай-ақ жарнамалар туралы айтып, бизнес туралы әңгімелейді.
Қазақ радиосы болса көптеген радиобағдарламалар береді. Республика өмірінен ақпарат хабарлар, музыкалық, әдеби және шетел хабарлары беріледі. Өнер туралы танымдық материалдар, шаруашылық мәселелері айтылады.
Міне, осылайша Қазақстан журналистикасы да әлем журналистикасы секілді онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы», 1995ж. 30 тамыз, -А., 2005ж.
2. З.Тайшыбай. Журналистиканың құқықтық негіздері. П.,2008
3. Жайлин. Азаматтық құқық.
4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.А., 2006ж
5. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен. Тәжірибелік нұсқаулық. А.,2008.
6. М.Н,Ким. Репортаж: технология жанра. Изд. Михайлова В.А., Санк-Петербург .2005.
7. С.Г.Корконосенко. Основы журналистики. Москва.2004.

- Меншік туралы салық
- Меншік туралы салық
- Меншік – экономикалық категория ретінде
- Меншік экономикалық категория ретінде
- Меншік экономикалық категория ретінде
- Меншілті капитал аудиті
- Меню блюд для закусочной «fast-food»
- Меншікті капитал есебінің аудиті
- Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті
- Меншіктік капитал
- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің акционерлік формасы
- Меншіктің әлеуметтік-экономикалық негіздері