Меншілті капитал аудиті

АтМГИ. 050508-Есеп және аудит. ЕжА-09қ/б 


Студенттің аты-жөні: Мәлікқызы Маржан

Мазмұны

Кіріспе

  1. Меншік капиталын есепке алуы мен аудиттеудің теориялық негіздері
    1. Капитал ұғымы мен түрлері
    2. Меншік капиталын құрудың негізгі шарттары
    3. Меншік капиталын есепке алудың негізгі міндеттері ақпараттық қамтылуы мен есептелігін жасақтау
  2. Шауашылық субъектінің меншітік капитал аудиттеу тәжірибесі
    1. Шаруашылық қызметіне сипаттама
    2. Ұйымдағы меншіктік капиталды есепке алу
    3. Капитал қозғалысын тексеру бойынша қорытынды

Қорытынды

Қолданылған ақпараттар көздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Менің бұл курстық жұмысты  таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. "Капитал" ұғымы жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары  керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу  үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып  алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті — өз иесіне табыс  әкелу.

Курстық жұмыстың бірінші  бөлімінде меншік капиталын есепке алуы мен аудиттеудің теориялық  негіздері соның ішінде капитал  ұғымы мен түрлері, меншік капиталын  құрудың негізгі шарттары, меншік капиталын есепке алудың негізгі міндеттері ақпараттық қамтылуы мен есептелігін жасақтау туралы жаздым. Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қандай да болмасын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы күшін және т.б.)

Меншік капиталы міндеттері. Өндірістің айналым қорлары мен  айналу қорларына салынған ақшалай  қаржы. Айналым капиталы шамалы тұрақты  қор жасауға, дайын өнімдер қалдықтарына, аяқталған өндірістің қажеттен тыс  жиналып калған шикізаттарына, алғы кезеңдегі болатын шығындарға бөлінеді.

Екінші бөлімде мен  шауашылық субъектінің меншітік капитал аудиттеу тәжірибесі туралы жазып, шаруашылық субъектінің шаруашылық қызметіне сипаттама, ұйымдағы меншіктік капиталды есепке алу, капитал қозғалысын тексеру бойынша қорытынды жазып, сараладым.  

   Жалпы шаруашылық субъектінің шаруашылық қызметіне тоқталатын болсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — ұлттық мұнай-газ саласында қазақ мүддесін қорғаушы, Қазақстан ірі мұнай-газ компаниясы. «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы – Қазақстанның аса ірі мұнай-газ кәсіпорны. “ҚазақОйл” ұлттық мұнай-газ компаниясы мен “Мұнай және газ көлігі” ұлттық компаниясын біріктіру арқылы 2002 жылы 20 ақпанда құрылған.

Бұл компанияда меншікті капиталды  есепке алу - капитал баланса топтараға бөлініп жазылуы керек. Мысылы, жарлық капитал, эмиссиялық кіріс, қосымша салынған капитал, қайта бағалау қоры, қор капиталы, үлестірілмеген кіріс баланста бөлек көрсетілуі мүмкін. Мұндай жіктеу қаржылық есептеме туралы шешім қабылдағанда пайдаланушыны қанағаттандыру керек. Ол сонымен қатар, РД дивидент және  өтелетін капилада үлесі бар пайдаланушыларға қамтып көрсетуі мүмкін.

Ал, ұйымға аудиторлық қорытынды  «Ембімұнайгаз» Өндірістік филиалдың  жарғылық капиталының құралуына, сонымен  бірге қаржылық жағдайына, төлей  алу қабілетіне аудит жүргілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Меншік капиталын есепке алуы мен аудиттеудің теориялық негіздері

 

 

    1. Капитал ұғымы мен түрлері

 

 

       Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.

Қоғамдық өңдірістегі  капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:

Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары  жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын  өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы  аванс деп — өр жыл сайын  өтелуге тиісті шығындарды айтады.

"Капитал" ұғымы жеке  тұлғаның қолындағы қорды тұтыну  қарекеттерінен шығады. Капитал  мәртебесін алу үшін олар мынандай  тәсілдермен пайдаланулары керек:  пайдалы сату немесе бір иегерден  екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін  өндіріс құралдарын сатып алу  үшін тауарлар өндіру, өндеу және  сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті —  өз иесіне табыс әкелу.[1]

Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс  бір-неше анықтама келтіреді:

1) Капитал — жұмысшылардың  жалданбалы еңбектеріне негізделген  таптық қатынасты жөне қоғамның  белгілі бір сипатын керсететін  өздігінен өсіп отыратын құн.  Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға  төленбеген еңбек болып саналады.

2) Капитал дегеніміз тып-тыныш  жататын зат емес, ол дегеніңіз  қозғалыс.

3)  Капитал — еткен  еңбекті қанағанда ғана барып  жанданатын қанаушы секілді өлі  еңбек.

Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал  табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға  уақыт факторы ендірілген.

Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал  — тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлы-ғының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер  өндіру үшін  пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал — баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға ай-налдыратын жағдай — оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып та-былады.

"Капитал - ақша мен  төлемдік міндеттемеден тұратын  "сатып алу күшінің қоры", — деп санайды Шумпетер. Ол  қорға қоғамның прогрессивты  дамуын қамтамасыз ететін өндіріс  құралдары алынады. Егер басқаша  жағдайда, экономикалық прогресс  болмаса, капитал жоқ болса,  яғни, онда ол өз функциясын  орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.

Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс  құралы деп біледі. Ол жер, еңбек  және кәсіпкерлік қабілеттермен  қатар өндіріс процесі үшін қажетті  фактор болып саналады.

Нарықтық қатынастың кез  келген субъектісінде, қандай да болмасын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу  керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы күшін және т.б.)

Ресурс-тауарларды сатып  алудан капитал қозғалысының бірінші  сатысы басталады. Ақша капиталының  өндіруші капиталға айналуы болады (ақша — тауарлар — өндіріс факторлары).

Ақша өзінің бірқатар функциялары  арқылы капитал қозғалысының процесіне:

1) құндылық өлшемдері; 

2) айналым құралдары; 

3) қазына мен жинақтауды  құру құралдары; 

4) төлем құралдары; 

5) әлемдік ақша ретінде  қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 127 бабына сәйкес:

1. Қазақстан Республикасының  ақша бөлінісі теңге болып  табылады.

2. Теңге Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында өз құны бойынша  қабылдануға міндетті заңды төлем  құралы болып табылады.

3.  Қазақстан Республикасының  аумағындағы төлемдер қолма-қол  төлеп және қолма-қол төлемей  есеп айырысу түрінде жүзеге  асырылады.

4. Қазақстан Республикасының  аумағында шетел валютасымен  есеп айырысудың реттері, тәртібі  мен шарттары Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленеді.

Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға — тауар  құнының мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен әрқашанда сәйкес келе бермейді.

Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық  рөл ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа  тауарды сатып алады (А-Т). Айналым  құралы болып тек нақты ақша алынады.

Қазына түрінде ақша жинау  нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін өрбір тауар өндірушінің  белгілі бір ақша қорын жасауға  тырысуымен анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық  бағалы жөне нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндегі алтын мен  күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық  формасы" деп қабылданатын алтын  мен күмістен жасалынған сәндік заттар түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз  ақшаны да жинауға болады, бірақ  олар құнсыздануға ұшырауы мүмкін.[2]

Елдің орталық банкінде сақталатын мемлекеттік (ұлттық) алтын қорлар формасындағы қазына жинауды жеке адамдар жөне мемлекет жасайды.

Қазына нарықтық экономика  жагдайында байлық жинау формасы  ретінде  ("қозғалыссыз жатқан",  "мүлгіген тыныштықтағы" ақшалар) қосалқы рөл атқарады, себебі, еңбастысы  — айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.

Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа  сату және сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы  бола бермейді, сатушы кейде болашақ  тауарларын сату жөнінен келісім  жасайды. Жалпы алғанда, әртүрлі  себептерге байланысты тауарларды сатып  алу-сатуды несиемен жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі  туады.

Тауарларды несиеге сатқанда айналым құралы болып ақшаның  өзі емес, оның бейнесіндегі қарызгерлік  міндеттеме жүреді. Міндеттеме мерзімі  өткен соң қарыз алушы несие  берушіге міндеттемеде көрсетілген  сомманы төлеуі тиіс. Қарызгерлік  міндеттемені өтеу құралы рөлін ойнай  отырып, ақша төлем құралы функциясын орындайды. Бұл функция несиеге  сатып алынған тауарлардың төлемі кезінде ғана емес, сонымен бірге  басқа да міндеттемелерді өтеу кезінде: мысалы, жалақы төлеу, қарыз ақшаны қайтару, салықтарды төлеу кездерінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Төлем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен  игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — "ақша аиналымы" деп аталады.

Мәселе мынада — "өтімділік" (ликвидность) дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра  алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін  түсіндіру қазіргі ақша теориясының  негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады — "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып  саналады".

Тікелей тәжірибенің бізге  көрсетіп отырғанындай, өтімділік —  нарықтық экономика активтерінің нақтылы  қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез келген актив төлем  құралы бола алады. Бар мәселе сол  активтерді басқа активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды — "трансакциялық шығындар" деп атайды).

Өтімділік кез келген әлеуметтік айыру активінің үш ерекшелігін  қамтиды (яғни, қажеттілік туған жағдайда басқа құндылыққа айырбастауға болғандай  субъектіге жататын құндылықтарды):

-  активті төлем құралы  ретінде пайдалану мүмкіндігі;

-  "сенімді" активті  төлем құралына айналдырудың  жылдамдығы мен жеңілділігі;

- өзінің "уақыт пен  кеңістіктегі" алғашқы атаулы  құнын (антиинфляциялық тұрақтылық  дәрежесі) сақтаудағы актив қабілеттілігі  (соның ішінде ақша да бар).

Үшінші сатыда (тауар-ақша) тауардың таратылуы жүзеге асырылады.

 Капитал тауар формасын  бірінші сатыдағы оның мөлшерінен  гөрі үлкен ақша формасына  ауыстырады.

Капиталдың ауыспалы айналымы — бір функциональдық формадан (ақша, өндірістік, тауар) басқа формаға  жүйелі түрде айналатын және алғашқы  формасына қосымша өндірілумен  қайта оралатын үздіксіз капитал  қозғалысы.

Бірақ капитал қозғалысы  бір қозғалыспен шектелмейді, қайта, қайта, қайталана береді.

Капиталдың жеке акт ретінде  емес, ұдайы қайталанып отыратын қозғалыс процесі капитал айналымы деп  аталады.

А — Т...Ө...Т'- А'- Т' (өндіріс  факторлары).... — Ө....Т" — А"

Капиталды мынадай белгілері  бойынша топтастыруға болады:

•    бар болу формасы  бойынша;

•    құнын ауыстыру тәсілі бойынша;

•    меншіктік капитал  формасы бойынша;

•    қаржыландыру кездері  бойынша;

•    пайдалану бағыттары  бойынша.

Кәсіпорын қызметінің жөне елдің толайым барлық экономикасының тиімділігін жүзеге асыру үшін объективті түрде негізгі екі принципті  ұстау қажет:

1. Кәсіпорын капиталы  бір мезгілде үш түрлі: ақша, өндіруші және тауар формасында  болуға тиіс.

2. Егер капитал формасының  ауысуы үзіліссіз жүріп тұрса,  кәсіпорын сондай жағдайда ғана  табысты жұмыс істейді. А —  Т... Ө...Г.

Егер капитал бірінші  фазасында кідіріп қалса (А —  Т), онда ақша капиталы қазынаға айналады. Өндірістік фазада кідіріс болса, өндіріс  құралдары мен жұмысшы күші істен  шығады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайлары республика экономикасындағы өзара есеп айырысулардың ретсіздігінен  қиындай түседі.

1998 жылғы желтоқсан айының  соңындағы жағдай бойынша көсіпорындардың  мерзімі асқан дсбиторлық қарыздары  359, 4 млрд. теңгеден асып, жыл басындағыдан 36,5 пайызға көбейген.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша мерзімі өткен қарызға келетін болсақ, ол 64,9 пайызға өсіп, 1998 ж. желтоқсан соңына 611,3 млрд. теңгені құрады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша мерзімі  асып кеткен қарыз құрылымында ең көп мерзімі асқан қарыз үлесі  тауар, жұмыс, қызметтер (45,2%) жөне бюджетке, сондай-ақ бюджеттен тыс қорға  төлем бойынша екен.

Атап айту керек, көсіпорындардың  қаржы жағдайларының нашарлаулары, олардың төлем қабілетсіздіктері  көп жағдайда экономикада ақша массасының тапшылығына ұрындыратын қатаң  жүргізілген ақша-несие саясатына  байланысты.

ҚР Ұлттық банкісі бойынша  табыс 4227,6 млн. теңге және екінші деңгейдегі банктер бойынша шығындардан  асып түскен табыс 3939,4 млн. теңге құрады.

Егер үшінші фазада үзіліс болса, онда тауарлар таратылмайды, сөйтіп айналым процесі жаңаланбай қалады.

Өндірілген капитал оның құнын ауыстыру тәсілі және сол қозғалыстың  әрекеті бойынша негізгі және айналымды болып болінеді.

Негізгі капиталға (негізгі  шаруашылық құралдарына): ғимарат, салынып  жатқан күрылыс, жұмысшы машиналар  мен жабдықтар, инвентарь, көлік  құралдары жәнс т.б. жатады. Негізгі  құралдар шаруашылық құралдарының бір  ғана емес, бірнеше айналыстарына  қатысады. Аталған көрнекті активтерден  тыс: патенттер, лицензиялар, авторлық құқық, ноу-хау және т.б. сол секілді  сезілмейтін активтер де есепте көрініс  табады.

Күшіндегі есепке алу төртібіне  сәйкес негізгі капиталға жатпайтын  және айналым құралдарының құрамында  есепке алынбайтындар: бір данасының  қанша тұратындығына қарамастан бір жылдан кем тұтынылған заттар, құндылықтары олардың қызмет мерзіміне  қарамастан, тиісті органдармен белгіленген  белгілі бір лимиттен төмен заттар, бағаларына қарамастан арнаулы құралдар мен аспаптар; бағаларына жөне қызмет мерзімдеріне қарамастан арнайы киімдер  мен аяқ киімдер, төсек-орын бұйымдары, құрылысқа, жөндеу мақсаттарына және жабдықтауға  арналған айналымдық қорларды жекеленген құрылыс конструкциялары мен  тетіктері, машиналардың, құралдардың  және жылжымалы техникалардың бөлшектері мен агрегаттары; кәсіпорын-дайындаушылардың, жабдықтау және тарату ұйымдарының  қоймаларындағы дайын бұйымдар секілді  саналатын жабдықтар мен машиналар, сондай-ақ монтаждауды талап ететін жөне курделі құрылыс балансында саналатын жабдықтар; құнына және қызмет мерзіміне қарамастан балық аулау  құралдары (тралдар, ау, тор, жабдық және басқалар); бензомоторлы ара, бұтақкескіш  және сал ағызатын трос, сондай-ақ иелікке алынған немесе магистрал өнімінің (жұмысының) өзіндік құны есебінен салынған ағаш таситын жол тармақтары, маусымдық жолдар, ормандардағы уақытша ғимараттар.[3]

1.2 Меншік капиталын құрудың негізгі шарттары

 

Кәсіпкерлік капиталдар экспорты негізінде басқа елдерде  өздерінің өңдірістік филиалдарын  құру арқылы жоғары дамыған елдердің концерндері өз тауарларын сыртқа шығаруға көп мүмкіндік алды, кедендік кедергілерді жойып, арзан жұмыс күшін шетел  рыноктарында пайдаланды. 60-жылдардың  ортасынан бастап ФРГ, Жапония сияқты елдердің шетелдік капитал қорлары  жедел есті. Тікелей инвестицияның  орташа жылдық өсімінің қарқыны, бұл  елдерде АҚШ пен салыстырғанда  екі еседен артық болды. Капитал  ауысуы өрісінде бәсеке күрт күшейді. Қолайлы инвестициялық ахуал  жасау үшін мемлекеттік кепілдіктің  мағынасы артты. Егер XX гасырдың бірінші  жартысында монополиялардың экономикалық экспансиялық жасау объектісі негізінен  отар және тәуелді елдер болса, қазір  тікелей шетелдік инвестицияның 70—75% өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің үлесіне тиеді. Бұған қоса өнеркәсібі дамыған елдердің үлкен қаржылық қорлары, көлемді ішкі рыноктары  бар. Дамыған елдер арасындағы капитал  қозғалысы олардың арасындағы шаруашылық қатынастарын тереңдетіп, ұлтаралық  сипаты жоғарылатады. Өнеркәсібі дамыған  елдер арасындағы капиталдың ауысуы бірнеше дәрежеде жүреді. Қазіргі  заманғы өнеркәсібі бар негізгі  орталықтар АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония  елдерінің монополиялары капиталды  сыртқа шығаруда әр түрлі әдістерді  қолданады. Мысалы, трансферттік бағалар  механизмін пайдалану арқылы немесе өздерінің капиталдарын апарған  елдерде аса ірі реинвестицияларды  жүзеге асыру мен заемдар беру әдістерін қолданады. Капитал ауысуы басталған кезден 70-жылдардың соңына дейін инвестиция қозғалысының орталығы Батыс Еуропа елдері болды. Капиталдардың  шоғырлануы Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы елдер қаржыларының өзара ауысуы арқылы, үшінші елдер  ка-питалдарының еркін келуі арқылы (бұрын АҚШ есебінен еді, қазір  Жапония есебінен) жүргізілді. 70-жылдардың  соңында Батыс Еуропа елдеріндегі  шетел капиталының бұл елдердің АҚШ-қа капиталды экспорттауды біртіндеп  көбейтуі есебінен қысқара бастады. 80-жылдары АҚШ-тың ұлттық экономикасы  келтірілген шетел капиталы көлемі жағынан дүниежүзінде бірінші орын алды.[4]

Қазіргі уақытта  дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер  арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір  жағынан, олардың экономикасының дамуына  мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.

Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы  үшін дамыған елдердің капиталын  тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарды технология мен тікелей жеке меншік капиталды  инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Соңғы он жылдықтарда өндірісті  интернационализациялау, қоғамдастырудың  халықаралық түрлерінің көбеюі капиталдың трансұлттық, монополиялық нысандарының дамуына әкеп соқты. Мұның өзі  ендігі уақытта дүниежүзілік шаруашылықтағы басты рөлдерді интернационалдық сипаттағы  өнеркәсіптік және банктік монополиялар атқарады деген сөз. Дүниежүзілік және ұлттық рыноктардағы олардың монополиялық ерекшеліктері анықталады. Қазіргі  кездегі халықаралық монополия  дегеніміз дүниежүзілік шаруашылықтың  бір немесе бірнеше сферасында үстемдік жүргізуші концерн немесе бірқатар елдердің концерндері одақтарының  жүйесі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік рынокта айналымы 1 млрд. доллардан  асатын 600 халықаралық алпауыт монополиялар өз қызметтерін атқарады. Олар дүниежүзілік рыноктағы өнеркәсіп өндірісінің 1/3-нен артығы, сыртқы сауданың жартысынан астамын, жаңа технологияның 80%-ін бақылайды.

Халықаралық монополиялар үш топқа бөлінеді. Олар трансұлттық  көпұлттық корпорациялар және халықаралық  монополиялық одақтар. Ғылыми әдебиеттерде және практикада оларды көбінесе бірыңғай трансұлттық корпорациялар деп  атайды. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) қазіргі кездегі дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының негізгі  субъектілері болып есептеледі. Бұл  ірі компаниялар акционерлік  компаниялардың ядросы. ТҰК — көптеген елдерде әрекет етеді, сол елдерде  туынды кәсіпорындары (дочерние предприятие) филиалдарын, тірек (опорный) орталықтарын, бөлімшелерін жасайды. Мысалы, "Дженерал мотерс", "Экссон", "ИБМ", "Симменс", "Филипс" және т. б. Екі немесе бірнеше  елдерде туынды компаниялары бар  корпорациялардың саны П мыңнан асады.[5]

Көп ұлтты корпорациялар (КҰК) қызмет көрсету түрлері, көлемі жағынан ғана емес, сонымен қатар  капиталы және оны бақылау ерекшелігімен  айқындалатын халықаралық монополиялар. Олардың қатарында екі немесе одан да көп елдердің меншігіне негізделген "Роел-датч-Шел", "Юнилевр", "АРБЕД" және т. б. сияқты көп ұлттық корпорациялар  жатады.

Халықаралық монополиялық одақтар (картелдер, консорциумдар, пулдер) өңдірістік, ғылыми-техникалық және коммерциялық негізде құрылып, соған сәйкес өнеркәсіптік, банктік және т. б. концерндер бірлестігі болып табылады. Соңғы жылдары  трансұлттық корпорациялардың жаңа ны-сандары қалыптасу үстінде. Ортақ  меншікке және акционерлік емес бастамаларға негізделген халықаралық монополиялардың  басқа да түрлері бар. Мысалы ғылыми-зерттеу  бағдарламаларын, лицензиялар мен патенттер сатуға келісім-шарттар жасайтын халықаралық ұйымдар.

Халықаралық монополиялар дамуының ерекшеліктеріне олардың  ішкі фирмалық қатынастарының күшеюі мен күрделенуі, яғни ТҰК-тың өз ішіндегі халықаралық рыноктық қатынастардың  интернационалдануы жатады. Кейбір елдердегі  сыртқы сауданың бір бөлігі монополиялық бірлестіктердің жекелеген бөлімдері  арасында ішкі корпорациялық айырбас  сипатын алады. Мұның өзі оларды белгілі бір дәрежеде дүниежүзілік рыноктағы халықаралық қатаң  бәсекеден қорғайды және тауар айналымын  едәуір көлемге жеткізеді. ТҰК-тар  бүкіл дүниежүзілік сауда құрылымын  өзгертеді. Бірыңғай стандарттарды  қолдана отырып, халықаралық монополиялар өздері әрекет ететін елдердегі филиалдарының  тауарлар импорттауы кезінде тарифтік кедергілердің әсерін кемітуге тырысады. Олар көп жағдайларда бұрынғы  әкелінген және қолданылған материалдарға  салық төлеуден босатылады. ТҰК-тардың дүниежүзілік шаруашылықтағы рөлі күшейген сайын халықаралық сауданың басым  бөлігі ірі корпорациялардың стратегиялық мақсаттарына бағынып, халықаралық  монополиялық құрылымдардың бір  бөлігіне айналады. Бұл құрылымдар өнімді өңдіру, өткізу және қайта бөлу процестерін өз бақылауында ұстайды. Мұның өзі ұлттық сыртқы сауда  мүдделері мен ТҮК мүдделері  арасындағы қарама-қайшылықтардың өршуіне  әкеледі.

 

1.3 Меншік  капиталын есепке алудың негізгі міндеттері, акпараттық қамтылуы мен есептілігін жасақтау

 

Меншік капиталы міндеттері. Өндірістің айналым қорлары  мен айналу қорларына салынған ақшалай  қаржы. Айналым капиталы шамалы тұрақты  қор жасауға, дайын өнімдер қалдықтарына, аяқталған өндірістің қажеттен тыс  жиналып калған шикізаттарына, алғы кезеңдегі болатын шығындарға бөлінеді. Оның сомасы көсіпорынның (фирмалар, ұйымдар) жарғылық қорында бекітіледі; оны  олар өз қалауларынша қалай жұмсаса  да сатуға, айырбастауға, қарызға беруге, егер олар ескірсе немесе жарамсызданса, баланстан шығарып тастауға да билік  ете алады. Теңестірілгендерге, ең алдымен, тұрақты түрде шаруашылық айналымда  пайдаланылатын қаржы жатады. Ол жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақылары бойынша ең аз қарызды, кәсіпорын  жұмыскерлерінің демалыс айларына төлеу үшін жинақталған әлеуметтік қажеттіліктер мен алдағы төлем  резервтеріне ақша аудару жөні бойынша  жиналған қарызды, еңбек сіңірген жылдарына  сыйақы төлеу,  фактураланбаған өнімдер  жеткізушілерге қарызды және басқаларды қамтыйды. Қарыздық қаражат маусымдық  корларды жасаудың және  басқадай  уақытша қажеттіліктерді қанағаттандырудың  бастау көзі.  Негізінен банк несиесі  формасында қосымша ресурстарға деген қажеттіліктерді жабу үшін (мысалы, жол үстінде есеп айырысу құжаттарына қарыз беру жоне сол сияқты) беріледі. Тартылған айналым капиталына өнім жеткізушілермен, бюджетпен жоне басқа қарызгерлермен есеп айырысуға дейінгі кәсіпорын айналамындағы уақытша еркін қаржылар жатады.

Айналым капиталы, әдетте, өңдіріс процесі кезінде өзінің натуралды-заттық формасын өзгертеді, өрбір өндіріс циклы кезінде өзінің құнын дайын өнімге көшіріп және оны толық қолданады. Оған: шикізат, материалдар, жанармай және басқа да материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар шығындары (келесі кезеңде жабуға болатын, осы есеп беру кезеңіндегі шығын), құндылығы аз және тез тозатын заттар (мысалы, белгіленген лимиттен асып кетпейтін қызмет көрсету мерзімдері мен құны шектеулі мүліктер) және басқалар жатады.

Меншіктік формасы жөнінен капитал: жекеменшік (дара, отбасылық), ұжымдық (кооперативтер, серіктестіктер, корпорациялар); мемлекеттік; аралас; шетелдік болып келеді.

Қалыптасу бастау көздері бойынша: өзінікі және қарызға  алған капиталдардан тұрады.

Өз капиталы дегеніміз - кәсіпорынның меншік иесі (немесе меншік иелері) сөзсіз және айырықша меншік иесі болып табылатын капитал. Өз капиталына жарғылық қорды (акционерлік капитал) яғни меншік иелерінің, акционерлердің алғашқы жөне онан кейінгі қаржыларын салуларын және пайда есебінен капиталды  қосымша өсірулерін жатқызуға болады.

Қарыздық капитал  дегеніміз - кәсіпорын белгілі уақытқа  дейін иемденіп, келісімді уақыт  біткеннен кейін уақытша иемденгені үшін төлемімен қайтарылатын капитал.

Қарыздық капиталдың құрамына банктен алынған капиталдан басқа құнды қағаз шығару арқылы (акциядан басқа) тартылған, кәсіпорын  жалға алған машиналар, жабдықтар, ғимараттар секілді капиталдар да кіреді.

Пайдалану бағытына қарап капитал мына бағыттар бойынша  жіктелінеді:

•    негізгі  қорларды күрделі жөндеу, қалпына  келтіру, қайта құру;

• жаңа кәсіпорындарды салу, істеп тұрғандарын кеңейту. Өндірісті кеңейтуді қаржыландыру үшін бөлінетін қаражаттар мөлшері  мына факторларға байланысты:

•  салық салу. Салық мөлшері бөлінбейтін пайданың мөлшеріне тікелей ықпал етеді;

•    амортизациялық аударым мөлшеріне;

•  банк қарызы рыногіндегі кәсіпорын қарекетіне;

•  құнды қағаз  рыногіндегі кәсіпорын қарекетіне.

Меншілті капитал аудиті