Міндеттеме туралы түсінік,оларға мінездеме
Жоспар
КІРІСПЕ
Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып табылады. Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.
курстық жұмыстың негізгі мақсаты – бұл белгілі бір тұлғаның,басқа бір тұлғаға міндеті, яғни мүлкін беру, немесе қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б.,ал егерде бұл іс әрекеттерден бас тартсақ онда борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы болады. Міндеттеме арқылы жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға болады.Міндеттеме арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Осы кезде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өз уақытында техникамен материалмен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру,несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі. Төлем қабілеттілік баланс жасау мерзімімен анықталады. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерінен асуы кәсіпорынның төлемге қабілеті екінші білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы оргындарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оның қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрсетілген.
Есепті кезең ішінде ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күндізбе көмегімен есептелуі мүмкін,оның негізіндегі ағымдағы жедел төлем қабілетілігінің коэфеценті анықталды, кредиторлармен, банкпен, қаржылық және басқа да органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады.
1. Бөлім. Міндеттемелердің экономикалық мәні мен мазмұны.
1.1 Міндеттеме
туралы түсінік,оларға
Кәсіпорындар өзінің қызметі барысында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталдыда қолданады .Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру,жұмысты орындау,ақша төлеу және басқалар.Ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Қазіргі
таңда қаржының жетіспеушілігін
Ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімдері қаржылық есептілік аудитінің ең қиын бөлімдері болып табылады.Олардың ішінде:
- Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу аудиті.
- Бюджетпен есеп айырысу аудиті.
Еңбекақы
бойынша қызметкерлермен есеп
айырысу аудиті кадрлар
2. Бөлім. Міндеттемелермен есеп айырысудың аудиті.
2.1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:
1)Банктердің ұзақ мерзімді қарыздары;
2)Банктен тыс ұзақ мерзімді қарыздар;
3)Мерзімі шегерілген корпоративтік табыс салығы.
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1 жылдан астам мерзімге,әдетте,жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға,қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.
Қарыздарды беру
мен өтеуге байланысты барлық
мәселелер банк ережелерімен
және қарыз алушы ұйым мен
банк арасындағы кредиттік
Ұзақ мерзімді
міндеттемелерді тексергенде,
Алайда мұны бірден
жасауға болмайды, өйткені баланста
синтетикалық шоттардың
Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, біріншіден,кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кеппілдікті, екіншіден,қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек.Үшіншіден,оларды ынталандырудың толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет.Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұның себебін анықтау талап етіледі.
Басқа кәсіпорындар
мен ұйымдардан алынған ұзақ
мерзімді қарыздарды
Сонымен қатар аудитор қарыз және алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сонымен қатар кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс.Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетінін есте сақтау керек.
2.2. Ағымдағы міндеттемелер аудиті.
Ағымдағы міндеттемелерге банктың қысқа мерзімді несиелері қысқа мерзімді займдар және кәсіпорынның кредиторлық қарыздары жатады.
Банктың қысқа мерзімді несиесі бір жыл мерзімге беріледі. Қысқа мерзімді несиені алу мен қайтарумен баланысты есепті несиелік операциялар "Банктердің қарыздары", "Банктен тыс мекемелердің қарыздары" және "Өзгелер" шотында жүргізіледі. Әрбір осы шоттарда субшот бар: "Қысқа мерзімді несиелер". Бұл шоттар пассивті, сальдо есепті кезеңнің басындағы қайтарылмаған қарыздар сомасын көрсетеді, Дт бойынша айналым - кредитті қайтаруға аударылмаған сома, Кт бойынша айналым - несиеге алған сома алынған несиелер сомасы болып табылады.
Қысқа мерзімді несиелердің аналитикалық есебі несиенің банктің түрлері бойынша және жеке кредиторлар түрі бойынша жүргізіледі.
Овердрафт дегеніміз — субъектінің иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиторлық қалдық. Ол қысқа мерзімді несие түрі.
Қысқа мерзімді қарыздар көп жағдайда векселге берілген коммерциялық несие түрінде және қарыз міндеттемесі түрінде, партнерлік несие түрінде беріледі.
Аудитор баланста алынған қысқа мерзімді несиелер мен займдардың дұрыс көрсетілуін тексере отырып мыналарды анықтау керек:
- несие қандай мақсатқа пайдаланды, осы мақсаттар несиені алу келісім-шартына сәйкес келеді ме;
- несиені қайтару толықтылығы және уақыттылығы;
- келісім-шартқа сәйкес несие үшін пайызды төлеу дұрыстығы;
- басқа кәсіпорыннан ссуда (займ) алу зандылығы, сонымен қатар оны қайтару толықтылығы және уақыттьілығы;
- синтетикалық және аналитикалық есепті жүргізу дұрыстығы.
Бухгалтерлік баланстың "Ағымдағы міндеттемелер" бөлімінде "Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі" тарауында келтіріледі. Оны тексеру кезінде аудиторға ұзақ мерзімді несиенің аналитикалық есебі мәліметі бойынша қарызды қайтару мерзімін және осы тарау бойынша соманың негізділігін анықтау қажет. Аудитор ағымдағы міндеттемелердің негізгі бөлігіне құрайтын кредиторлық қарызды тексеруге үлкен көңіл бөлу керек.
Кредиторлық берешек — бұл кәсіпорынның басқа занды тұлғаларына немесе азаматтарына міндеттеме сомасы. Кредиторлық қарыз қалыптасу сипаты бойынша екіге бөлінеді: Қалыпты және ақталмаған.
Қалыпты кредиторлық қарыз дегеніміз - кәсіпорынның бизнес-жоспарының орындау жолына, сонымен қатар есептіліктің қызмет ету формаларына да негізделген.
Оған мысалы: акцептелген есепті құжаттар
бойынша (мердігерлерге,
Ақталмаған кредиторлық қарыз деп - мыналар есептеледі: қаржылық органдарға бюджетпен есеп бойынша мерзімі өткен қарыз, кәсіпорынның персоналына — еңбек ақы төлеу бойынша, мердігерлерге мерзімінде төленбеген есепті құжаттар бойынша және тағы басқалар. Кредиторлық қарызды нақтылау дебитролық қарыз аудитінің методикасын пайдаланумен жүргізіледі мүмкін кредиторлық қарызды тексеру кезінде аудитордың алдында тұратын негізгі шешімі мынау болып табылады:
- төлеу тәртібінің дұрыстығын бақылауы, баға есептілігін және есептіліктегі қаражаттардың сақталуы кезінде қолданылатын дәлелділікті тексеру;
- кәсіпорын балансындағы кредиторлық қарыз сомасының заңды негізділігін жөне нақтылығын тексеру;
- кредиторлық қарыздарды
азайту және олар бойынша
Кредиторлармен есептесу жағдайын бақылаудың рационалды ұйымы келісімді және есепті тәртіптің нығаюына, берілген ассортиментте және сапада өнімді жеткізу бойынша міндеттеменің орындалуына, төлеу тәртібін бақылау үшін жауаптылықтың жоғарылауына, кредиторлық қарыздың қысқаруына мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның кредиторлық
қарызын тексеру кезінде
Аудитор және инвентаризация комиссиясының мүшелері кредиторлық қарыздың пайда болу мерзімін және оның нақтылығын белгілейді.
2.3 Жабдықтаушылармен есеп айырысу аудиті.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есесптесу тексеру барысында аудиторға екі жақты салыстыру керек. Екі жақты салыстыру қарыздардың түсірмесін көре отырып есеп туралы сауал негізінде жүргізіледі.
Сауал — дәлелдеу шотта ірі
сома болған кезде немесе
Сауалға шоттағы немесе шот-фактурадағы қалдықтар туралы мәліметтер кіруі мүмкін, егер ондағы қалдықтар едәуір болса сауал - дәлелдеу кәсіпорынның бланкасында торлытылуы мүмкін. Сауалды алған кәсіпорын дәлелдеген соманы кояды. Ондай сауал - дәлелдеу мердігерлерге екі данада жіберіледі. Оның біреу аудиторға қайтарылады.
Актіде расталмаған кредиторлық қарыз сомасы және өткен мерзімі бойынша оның мөлшері көрсетіледі.
Қарыздардың осы түрі бойынша инвентаризация актісіне анықтама тіркелуі керек. Онда:кредиторлар аты, мекен-жайы және қарыздар сомасы, не үшін тіркеледі, қай уақытта және қандай құжат негізінде. Баланста есепті кезеңнің басында және аяғында кредиторлық қарыздың жағдайы келесі тарау бойынша қалдықтарымен сипатталады:
1) төлеуге ұсынылған шоттар және вексельдер;
2) алынған аванстар;
3) салықтар бойынша қарыз;
4) төлеуге ұсынылған дивидендтер;
5) негізгі шаруашылық
серіктестік және еншілес
серіктерстердің арасындағы
6) ақционерлік қоғамның жоғарғы тұлғаларға қарызы;
7) басқа да кредиторлық қарыздар.
а) алынған ТМҚ және айталымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар және пайдаланған қызметтер, ТМҚ-ды жөндеу немесе әкелу, апару бойынша шығындарды қоса;
б) алынған ТМҚ және айналымнан тыс активтер, жұмыстар және қызметтер, мердігерлерден және жабдықтаушылардан алған құжаттар;
в) қабылдау кезінде табылған артық ТМҚ және айналымнан тыс активтер;
г) тасымалдау бойынша алынған қызметтер.
Осы шот бойынша есептеуді тексеру 2 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- алынған метариалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем дұрыстығын талдау;
- жабдықтаушылардан алынған ТМҚ-ды кірістеудің толықтылығын талдау;
- жабдықтаушылар және мердігелермен есептесуді тексерудің бағдарламасын (жоспарын) құра отырып, аудитор мынаны анықтау керек: ішкі аудиттің осы бағыттағы жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйене алады, есептің және ішкі бақылаудың жағдайын анықтау. Ол үшін есеп жағдайын және жабдықтаушылармен есеп айырысу бойынша операцияларға ішкі бақылауды ұйымдастыру қандай деңгейде екенін анықтауға болатын мәліметтер бойынша кәсіпорындарға тест жүргізу қажет.Жабдықтаушылар және мердігілермен есеп айырысуды тексеру үшін қайта санау, сәйкестілікті, бақылауды, құжаттық тексеруді пайдалануға болады. 1-кестеде жабдықтаушылар және мердігелерімен есептесу аудитінің бағдарламасы көрсетілген.
1-КЕСТЕ
Жабдықтаушылар және мердігелерімен есептесудің аудиторлық
тексеру бағдарламасы
Мазмұны |
Ақпарат көзі |
Тексеру тәсілі |
1 |
2 |
3 |
ТМҚ бар екендігін рас-тайтын құжаттардың бар болуы |
Келісім шарттар, хаттар, шот-фактуралар және кі-ріс құжаттары |
Бақылау растау
|
Тауардың сапасы және саны бойынша берілетін арыздың уақыттылығын тексеру |
Алынған ТМҚ сапасы және санының айырмашылығы туралы акт |
қайта санау
|
Жабдықтаушылармен ҚҚС жою дұрыстығын тексеру |
Шот-фактура, ҚҚС бойынша нұсқау |
бақылау
|
Жабдықтаушының мәлі-меттерін
есеп регистріне |
Шот-фактура, бухгалтер-лік есептің регистрлері |
Растау |
Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру |
Бухгалтерлік есеп регистрі, жаб- |
сұраптау, тексеріс, сәйкестілік |
Материалды жауапты тұлғамен материалды құндылықтарды кіріс-тірудің толықтылығын тексеру |
Шоттар, кіріс актілері, накладнойлар, қойма есебінің мәліметтері |
тексеріс
|
Корреспонденттік шоттың дұрыс құры-луын тексеру |
Бухгалтерлік есеп ре-гистрі, шоттар,төлем тапсырмасы |
Тексеріс |
Тауарды,шикізаттар мен материалдарды сатып алу, электроэнергияны, жылуды алу, жабдықтаудан жұмыс және қызмет келісім-шарттар, заказдар, заявкалар негізінде жүзеге асырылады.ТМҚ- ды кірістеу кезінде жабдықтаушы құжатында қорлардың саны жөне сапасы бойынша айырмашылықтар табылуы мүмкін. Ондай жағдайда табылған жетіспеушілік туралы акт құрылады.
Жетіспеген ТМҚ сомасына кәсіпорын жабдықтаушыға арыз береді оған мыналар тіркелуі керек:
- жабдықтаушының құжатында көрсетілген мәліметтермен ТМҚ-ң жолдама құжаттары және салыстыру ведомосінің көшірмесі:
- жүк салмағын тексеру бағыты туралы станцияның түбіртегі;
- табылған ТМҚ-ң жетіспеушілігі туралы акт;
- жетіспеушілікті туғызған себептерді растайтын басқа да құжаттар; Қанағаттанбаған арызға жабдықтаушыдан немесе параход шаруашылығынан талап ету керек.
Аудитор мерзімінен өткен арызды көресту жағдайлары жоқ па соны анықтау керек.
Талапты анықтамаға тіркелген құжаттар көшірмесінің негізінде, аудитор жабдықтаушыға көрсетілген арыздарды дәлелді ма, соны анықтайды.Жабдықтаушы және мердігелермен есептесу қолма-қолсыз жолмен жүзеге асырылады. Есеп нысаны анықталады.
Ақшасыз есептесудің негізгі формалары: акцепті; аккредитивті; төлем-талап бойынша, чектермен; жоспарлы төлем тәртіпте төлем-талаптарымен; сонымен қатар вексельдермен.
Жабдықтаушы және мердігелермен есептесуді тексере отырып аудитор жүргізілген операциялардың құжатты негізділігін анықтау керек және олардың толтыру дұрыстығын, барлық ақтайтын құжаттардың бар болуына көңіл аудару керек, ал жеке жағдайда - ұйымда қарама - қарсы тексеріс жүргізу керек, керек жағдайда бенктерден құжаттардың көшірмесін сұрау.
Кредиторлық қарыздың нақтылығын тексеру аудит процедурасының маңыздылығының бірі болып табылады.
Жабдықтаушылар және мердігерлермен есептесу бойынша операцияларды тексере отырып аудитор бухгалтерлік бухгалтерлік өткізбенің дұрыс құрылуын тексеру қажет. Өндірістік кәсіпорыннан басқа көптеген ұйымдар коммерциялық қызметпен де айналысады.
Аудитор жабдықтаушылар және мердрдігерлермен есептесуді тексеріп, оларға тиісті қорытынды жасау керек. Ол негізделген және мынадай құжаттармен дәлелденуі керек: шот-фактуралар, накладнойлар, чектер, төлеу құжаттары, инвентаризациялық басылымдар.Қорытындысында аудитор корреспонденттік шоттың дұрыс құрылуын тексереді.
Кредиторлық қарыз аудитінің маңызды элементінің бірі бюджетпен есеп айырысуды тексеру болып табылады.
Мекеме өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Мекемені жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Мекеме өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы мекемелерімен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады.
Демек, мекеме қоюшы және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, қосалқы қорлар, атқарылған жұмыстары мен қызметтері үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 шоттың кредиті бойынша - жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитіне олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін қоюшы және мердігерлердің есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ол үш кезең бойынша жүргізіледі:
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісімшартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құдылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері бойынша расталады. Бұл орайда, шоттың қай күні төленгені және төлемнің қай шоттан жасалғаны көрсетіледі.
Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Журналдың қорытындысы
төрт қатар бойынша шығарылады; ай
ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы
жол үстіндегі материалдар
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 3310 шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдамалы есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары.
2.4.Жарғылық капиталдың аудиті.
Жарғылық капитал дегеніміз - бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшьшың (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жарғылық капиталдың
құралуының жинақтаушы (синтетикалық)
есебіне тексеру жүргізу
Жарғылық капиталдың құралуына құжаттық тексеру жүргізу дегеніміз кассалық кіріс құжаттарының, ұлттық және шетелдік валютамен ағымдағы шоттардан банк үзінділерінің, басқа да бастапқы және растаушы құжаттардың мәліметтері бойынша аудит өткізу больш табылады. Аудитор жарғылық капиталға қосылған үлес ретінде салынған қаржылардың толық және өз уақытында кіріске алынуын тексеруге міндетті.

- Міндеттеме ұғымы
- Мінеральні добрива в агроекосистемах та особливості їхнього впливу на довкілля
- Мінеральні курорти України
- Міри впливу соціометричного статусу на ефективний стиль спілкування старшокласників
- Міста України на прикінці XVI-першій половині XVII cт
- Місце Австрії в світовій торгівельній системі
- Місцеве оподаткування
- Міндеттемелер аудиті
- Міндеттемелердің арнайы аудиті
- Міндеттемелердің арнайы аудиті
- Міндеттемелердің арнайы аудиті
- Міндеттемелер есебі
- Міндеттемелер есебі
- Міндеттемелермен есеп айырысулардың аудиті