Міндеттемелер есебі



                                       1.1. Міндеттемелер есебі

       

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі.                                 Міндеттемелер дегеніміз-мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан ірі компаниялардан алынған қарыздары осы ұйымның кіріске алып түбінде қайтарып беру жөніндегі алған міндеттемесі.Міндеттемелер-компанияның  жасаған әрекеттері нәтижесінде туындайтын ағымдағы міндеттемесі.Міндеттемелер бойынша есеп айырысу компанияны экономикалық тиімділікке әкеледі деп болжанады.Міндеттемелерді алып тастағаннан кейінгі активтерді капитал дап  атаймыз.

Міндеттеменің үш сипаттамасы болады:

1.Кредиторлық қарыз белгілі бір оқиға кезінде  басқа тұлғаларға  талапарды ұсынуды жүзеге асыру уақытында  немесе активтерді пайдалану ықтималдығы бар тұлғалар алдындағы қарыздар мен міндеттемелерді көрсетеді.

2.Бұл кредиторлық қарызға шаруашылық бірлігін жауапкершілігінің туындауы мүмкіндігінше  келешекте жоғалмайды.

3.Міндеттеменің пайда болуына әсер еткен мәселе бұрын да орын алған.

  Егер осы сипаттамалардың  біреуі жоқ болса,онда есеп обьектісі несиелік қарыз ретінде мойындалмайды.Бірінші сипаттама бірнеше жағдайда пайда болады.

    Біріншіден,несиелік қарыз қазіргі міндеттемені көрсетеді.Келесі кезеңнің шығындары  ағымдық мерзімнің кредиторлық қарызы болып саналмайды.

   Екіншіден,несиелік қарыз басқа субьектіге қатысты міндеттемені көрсетеді.Үшіншіден,осы қарыздың өтелуі басталатын  уақыт мерзімі бар.Оның құрамына  өтелуі толық көлемде  қарастырылмайтын  міндеттемені кіргізуге болмайды.

       Міндеттемелерге ұлттық және шет елдік валюта түріндегі банктер және банктерге жатпайтын тұлғалардан алынған ұзақ және қысқа мерзімді займдар,облигациялар,вексельдер жатады.Олардың барлығы  сол уақыттағы ағымдағы бағамен кіріске алынады.

       Несие беруші жақ тәуелсіздікке түседіалушы жақ оларға пайыз төлеу міндеттемесін орындайды.Қарыз және несие алу екі жақты келісім шарт жасау талабымен орындалады.Міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді.Ағымдағы міндеттемелер он екі ай ішінде жабылуға тиісті.Ұзақ мерзімді міндеттемелер бір жылдан жоғары мерзімге қызмет етеді.Бұлармен қатар коммерциялық несие бухгалтерлік есеп жүйесінде кездеседі.Коммерциялық несие алдын ала аванс түрінде  тауарлар құнын төлеу және кейіннен төлеу.Екі жақты  жасалынған келісімшарттың негізінде банк көшірмесі жасалынады.Одан соң тексерілген банк көшірмесінің негізінде синтетикалық есебі №4 журнал ордерінде жүргізіледі.

 

                         2.2.Қысқа мерзімді міндеттемелер.

        Қысқа мерзімді міндеттемелер пассив болып табылады,өйткені ол шаруашылық құралдар,ақша қаражаттары,салықтар мен ұсталымдардың есептелуі және басқа кредиторлық қарыздардың келіп шығуы көздерін бейнелейді.

      Қысқа мерзімді міндеттемелерінің есептелуі.Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді.Бұл жерде біз кредиторлық берешектер қандай элементтерден пайда болуына назар аударуымыз керек:

1)заемдар  алудан. Бұл операциялар №3010-3050 «Банктік және басқа қарыздар»пассивті шоттарының кредиті бойынша  бейнеленеді.

2)Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеуден.Бұл операциялар №3110-3190 «Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер»шоттарының кредиті бойынша бейнелейді.

3)еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздардан.Бұл операциялар №3320-3340«Еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздар»пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.

4)Қысқа мерзімді аванстар алудан.Олар бойынша есептер №3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»пассивті шоттарында бейнеленеді.

5)басқа да кредиторлық берешектерді есептеуден.Бұл операциялар  №3300«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Кредиторлық қарыздардың есептелуі өзіндік құнға,әкімшілік шығындар немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан,сондай-ақ персоналдың еңбекақысынан ұсталынатындықтан,шаруашылық операция  кредиттерінде жүргізіледі.

         Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі.Олар дебет бойынша өтеді.Бұл жерде біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.

          1)Қарыздарды төлеу.Бұл операциялар №3010,3020«Қысқа мерзімді қарыздар»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан,шаруашылық операция №1010,1040 шоттарының кредитінен №3010,3020шоттарының дебетіне жасалады.

       2)Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу(жабу).Бұл операциялар №3110-3190«Салықтар бойынша міндеттемелер»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдер жабылатындықтан,шаруашылық операция №1010-1040 шоттарының кредитінен жоғарыдағы щоттардың дебетіне жазылады.

      3)Еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу).Бұл операциялар №3320-3340«Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Еншілес ұйымдарға  қысқа мерзімді кредиторлық  қарыздар жабылатындықтан,шаруашылық операция №1010-1040 шоттарының кредитінен  дебетіне жасалады.

      4)Алынған аванстарды жабу.Олар бойынша есептер №3510«Алынған қысқа мерзімді аванстар»  пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Бұрын алынған аванстардың жабылуы болғандықтан, шаруашылық операция №1010-1040 шоттарының кредитінен №3150  дебетіне жасалады.

     5)Басқа кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу).Бұл операциялар 3300«Қысқа мерзімді  кредиторлық берешек»бөлімшесі шоттарының дебеті  бойынша бейнеленеді.Басқа кредиторлық қарыздаржабылатындықтан,шаруашылық операция №1010,1040, 1250,3120 шоттарының кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады.

 

2.3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

Бұл жерде біз кредиторлық берешектердің қандай элементтерден пайда болуына назар аударуымыз керек.1)Ұзақ мерзімді қарыздар алудан.Бұл операциялар №4010-4020«Банктік ұзақ мерзімді қарыздар» пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Активтер несие берушілерден  келгендіктен шаруашылық операцияларының жазуы №1010,1040 шоттарының дебетіне №4010-4020 шоттарының кредитіне жазылады.2)Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардан.Бұл операциялар №4120-4140«Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар»пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Қарыздардың есептелуі еншілес ұйымдардың есебінен болатындықтан,шаруашылық операция №4010-4020 шоттарының кредитінен 2411-2930, 1315, 1317, 1010, 1040, 4010-4020, 4110 шоттардың дебетіне жазылады. 3)Ұзақ мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер №4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар»пассивті шоттарында бейнеленеді. Активтер кредиторлардың алынатындықтан,шаруашылық операция №4410шоттарының кредитінен №1010,1040 шоттарының дебетіне жазылады.4)Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардан.Бұл операиялар №3310Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық берешек пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді.Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен,шаруашылық операция №3310шотының кредитінен №1310-1315,1317,1330,1420,7210,8010 шоттары дебетіне жазылады.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кемуі.Аталмыш жағдайларда олар дебет бойынша өтеді.Бұл жерде біз кәсіпорын тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.1)Ұзақ мерзімді қарыздарды төлеу(жабу).Бұл операциялар №4010,4020«Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының  дебеті бойынша бейнеленеді.Несиелердің жабылуы болатындықтан шаруашылық операция №1010,1040 шоттарының кредитінен №4010,4020шоттарының дебетіне жазылады.2)Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешектерді жабу(төлеу).Бұл операциялар №4120-4140«Еншілес ұйымдарға  ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабылатындықтан, шаруашылық операция №1010,1030 шоттарының кредитінен дебетіне жазылады.3)Алынған ұзақ мерзімді аванстарды жабу.Олар бойынша есептер №4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Бұрын алынған аванстардың жабылуы (төленуі) болғандықтан,шаруашылық операция №1010,1040 шоттарының кредитінен №4410шоттың дебетіне жасалады.4)Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу).Бұл операциялар №4410 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді берешек»пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді.Жеткізушілерге кредиторлық  қарыздарды жабу(төлеу)болғандықтан,шаруашылық операция №4410шоттың дебетіне №1010,1030,1210-1240,1610,3010-3020 шоттарының кредитінен жасалады.

 

2.4.Банк және банктен тыс мекемелердің  несиелерінің есебі.

 

Несие-бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын  экономикалық қарым қатынас жүйесі болып табылады.Бухгалтерлік есептің  бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субьектілерінің басқа субьектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмады.Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгереді.Қазіргі кезде кәсіпорындар,ұйымдар яғни шаруашылық субьектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға,яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болады.Ұйымның банктерден алатын несиелері ҚР Ұлттық банкісінің арнайы шешімімен белгіленген ресми заңды тұлғалар және банктік операцияларын нормативтік актілері негізінде жүргізуші банктерден алынады. Несие алушы ұйымдар несие беруші банктердің қойған талаптарына сай көптеген екі жақты құжаттар рәсімдеу арқылы несие алуына болады.Банк несиелері тек несие өтеушілік қабілеті бар ұйымдарға ғана беріледі.Несие өтеушілік қабілеті бар ұйымдар өзінің қабылдаған міндеттемесіне сай алынған несиені белгілі  бір мерзімде банкке қайтаратындай толық мүмкіндігі болуы керек.Банк несиелері негізінен арнайы мақсаттық шараларға,өндірістің тиімділігін арттыруға,ғылыми техникалықпроцесті жетілдіруге жаңа технологиялық негізде өнім өндіруді ынталандыру,тұрған халыққа  сапалы қызметтер көрсетуге ,экспортқа шығарылатын тауарлар сапасын  жақсарту мақсаттары үшін алынады.Банк несиелері жасалынған келісім шарт негізіне сай мерзімдік,қайтару,пайыздық төлеу жағдайларының барлығы толығымен көрсетілгенде немесе зерттелгенде ғана беріледі.Банк несиелендіру жөніндегі бөлім немесе басқарма жөніндегі бөлім немесе басқарма несие алушылардың тапсырған құжаттарының барлығын мұқият тексеріп талдағаннан соң ұйымның несие алуы жөнінде шешім қабылдайды,пайдалануға,яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болады.Несиелердің мониторингі 1999 жылдың 16 тамызынан бастап ҚРҰБ №276 қаулысымен  бекітілген екінші деңгейдегі банктерді несиелеу бойынша құжаттауды жүргізіу Ережесіне сәйкес,несие толық өтелгенше несие бөлімінің қызметкерлері әрбір қарыз алушыға  несиелік іс жүргізеді.Несиелік шарт әрекет ету мерзімі бойынша банк қарыз алушымен тығыз қатынасты сақтап,оның қаржылық жағдайын бақылайды,несиенің мақсатты пайдалануын,оның қамтамасыз етілуіне кепілге берілген мүлкінің сақталу жағдайын тексереді,яғни несиелік мониторинг жүргізіледі.

Несиелік мониторинг –несиені  берген мезеттен бастап өтелуін және негізгі қарыз сомасының сыйақысымен бірге,толығымен  қайтарылуына  қарыз алушының  қызметіне әрдайым талдау жасау,жолымен бақылау жүргіз,жасалған келісімшарттың барлық талаптарының орындалуына бақылау жасау және несиенің сапасының төмендеуі жағдайында қарыз алушыға  әсерін тигізетін адекваттылық шараларды қабылдау бойынша күнделікті жасалатын жұмыстар. Мониторингті жүзеге асыруда толығымен алынған ақпараттар 2 түрге бөлінеді.

-үстүртін мониторинг- Қарыз алушының несиелік жағдайына еш қауіп жоқ кезде  жүргізіледі;

-терең мониторинг-несиенің мерзіміне сомасына байланысты жүргізіледі немесе қайта есептеу нәтижесінде күрделі жағдай туындаған кезеңде,қарыз алушы несиені уақытында өтеуге мүмкіндік бермейтін  қателіктер жіберген кезде жүргізіледі.

Шартты міндеттемелеуді есептеу ережесіне және оларға қарсы мәжбүрлі  шығындар құру туралы 2002 жылдың 16 қарашасында бекітілген №465 қаулысына сәйкес жіктеледі.Өтімділік  дәрежесіне қарай міндеттемелер несиесі келесі топтарға бөлінеді:

-стандартты;

-І дәрежелі күмәнді,ІІ дәрежелі күмәнді,ІІІ дәрежелі күмәнді,ІVдәрежелі күмәнді,Vдәрежелі күмәнді.

-үмітсіз.

-стандартты несие- қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие.

-І және ІІ дәрежелі күмәнді несие- мынадай несиелерге жатады:қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге берілген,бірақ белгілі   дәрежеде қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар.

ІІІ жәнеІVдәрежелі күмәнді несиелерге –негізгі қарызды немесе сыйақыны есептеу бойынша төлемдер.

Vдәрежелі күмәнді несиелерге -60-90 күнге дейін төлемі кешіктірілген несиелер,яғни қарыз алушының  негізгі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі.

-үмітсіз несие:

-90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;

-қарыз алушыныбанкрот деп жариялағанда.

Міндеттемелер бойынша жүргізілетін операциялардың есебі

Міндеттемелер сатып алуға жұмсалған нақты шығындар кіріске алынады.Олардың құрамы активтерді сатып алу кезеңдегі нақты шығындардың құрамына ұқсас.Бір жылдан астам мерзімге алынған облигациялар бойынша бастапқы құнның түзетілуі олардың №1150,2040шоттар бойынша бастапқы құны облигацияларды жабу мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.Бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.Басқада міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде  бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады:

1)Борыштық міндеттемелері үшін  қаражаттар аудару кезінде:Дт-3540,4430 Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу суб шоты Кт-1040,1050Ағымдағы банктік және валюталық шоттардағы ақшалар төлем түріне байланысты.

2)сатып алу  нақтылығы расталған кезде:

Дт -1150,2040Қысқа және ұзақ  мерзімді қаржы инвестициялары.

Кт3540,4430Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу субшоты.

Борыштық міндеттемелер бойынша табыс алумен байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында қаралған жазулар бұдан  бұрын қаралғандарға тіпті жақын.

Бір жылдан кем мерзімге шығарылған борыштық міндеттемелер жағдайында жоғарыда келтірілген жазулар оларды жабумен бір мезгілде жазылады.Нәтижесінде бухгалтерлік есеп шоттарында жабу төмендегідей көрсетіледі.

1)алынған барыштық міндеттемелердіңғ номиналды құнына пайыздар қосқанда:

    Дт 3540,4430  Борыштық міндеттемелер  субшоты.

    Кт 6110   сыйақылар бойынша кірістер.

2)Алынған борыштық міндеттемелердің нақты құнына:

   Дт 7340 Қаржыландыруға арналған  басқада шығыстар.

3)Қаражаттардың алынған сомасына :

   Дт 1040Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалар

   Кт 3540,4430 Борыштық міндеттемелер  субшоты.

Міндеттемелер құрылымын талдау кезінде:

А)пайыздық шығыстарды талдау

Б)ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша шығындар;

В)төленген комиссиялар бойынша шығындар;

Д)шетел валютасы бойынша шығындар;

Е)валюталық құндылықтар бойынша операциялық шығындар.

Басқадай несиелік операциялар есебі.Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес,төлем қаржысы есебінде,яғни пайдаланатын вексель түрінде береді.Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен тауарлармен жабдықтайтын сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады.Әрбір векселдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді.

          Бұл айтылған векселдер айналым мерзімі  шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға  төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін.Олардың  пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне  төлем ретінде табыс етеді.Ал осы вексель түрінде  несие алған келісімшарттың аяқталуына қарай  банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелген пайыз сомасын аударады.Әрбір кәсіпорын өз қалауы  бойынша «Басқадай қарыздар» деп аталатын шотта«Басқадай қысқа мерзімді несиелер»және«Басқадай ұзақ мерзімді несиелер»деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады.Сонымен қатар бұл шоттарда алынған несиелердің басқадай түрлері де есептеледі.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде нақты несиеге  алынған ақшаларына:

Дт«Ақшалар»шоты,

Кт «Басқадай қарыздар»шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

Бұл алынған қаржы бойынша есептелген пайыз сомасына:

Дт«Сыйақы түріндегі шығын»шоты,

Кт «Басқадай қарыздар»шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.

Ал вексельдерді дисконттау бойынша операцияларға:

Дт«Басқадай қарыздар»шоты;

Кт «Алынған вексельдер»шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

№

            Операциялар мазмұны

Дебиттелетін  шот

Кредиттелетін

        шот

1

                              2

             3 

          4

1

Алынған банк несиелері кассаға неме есеп айырысу шотына келіп түсті

1010,1030

4010

2

Жабдықтаушы  мердігерлерге  банк несиесінің есебінен қойылған аккредитивтер

1060

4010

3

Жабдықтаушы  мердігерлерге қарыз сома  банк несиесінің есебінен төленді

3310

4010

4

Жабдықтаушы  мердігерлерге  алдағы уақытта  алынатын материалдық қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс

1310

4010

5

Көрсететін қызметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы  ұйымға  банк несиесінің есебінен берілген аванс

3310

4010

6

Есептелген салық бойынша ұйымның  бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен  аударылды

1430

4010

7

Вексельге алынған банк несиелері

1030,1010

4010

8

Кәсіпорынның банк мекемелерінің алған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан өтелінді

4010

1030

9

Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер

1010,1030

4020

10

Банктен тыс мекемелердің алынған несиелерінің есебінен жабдықтаушы  мердігерлерге   қарыз сома төленді

3390,3310

4020

11

Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер бойынша қарыз есеп айырысу шотынан төленді

4020

1030

  

      Несиелік тәуекелділік-Қарыз алушының  банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын  өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктердің зиян шегуін айтады.Несиелік операция жүргізу барысында пайыз алады жәнеде мынадай  мөлшерлемелер қолданылады:Жай  пайыз түріндегі табыс күнімен кезеңнің ұзақтығына байланыссыз бастапқы сома негізінде келісім шартта көрсетілген мерзім аралығында жинақталады.Күрделі пайыз  түріндегі пайыз есептеу интервалдарының соңына тәуелді болып келеді және олардың әрқайсысына бөлек өзінің пайыз мөлшерлемелерін есептеу.

Қалқымалы  мөлшерлеме –пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты  табыс таба алмау тәуекелділікті төмендету мақсатында қолданылады.Әрбір несиелердің  операцияларын жүргізуден алатын табысын талдау әрбір нақты келісімшарт бойынша пайыздық  есептеулердің пайдалы әдісін іздеу мақсатында жүргізіледі. Несие бойынша міндеттемелер баланстың өндірілген үмітсіз несиелер  бойынша сомасы және іске асырылмайтын бөлігімен анықталады.

 

            2.5.Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.

 

       Бюджет-жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану,жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын,мәдени деғгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар,Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы  сомасын есептеу  барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты  жазу жазылады:

Дт: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар»шоты;

Кт:«Төленетін корпоративтік табыс салығы»-шоты.

Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:

Дт: «Төленетін корпоративтік табыс салығы»-деп  аталатын  шот;

Кт: «Ақша қаражаттары» деп  аталатын  шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану жұмсау үшін  құрылатын қаржы қоры болып табылады.Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға халықтың әл ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша мынадай жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар енгізілді:

  Әлеуметтік салық.Қазақстан Республикасының 1999жылғы 17сәуірдегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы  заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік салықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі арастырылған. Әлеуметтік салықтың ерекшелігі оның салық салу объектісі  еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалармен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептелінеді де.Келесі айдың он бесінен кешіктірілмей төленуі тиіс.Кәсіпорында әлеуметтік салық есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады:Дт: «Әкімшілік шығындар»деп аталатын шот;

Кт: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.

Ал ол сома бюджетке есеп айырысу  шотынан төленгенде:

Дт:«Әлеуметтік салық» деп аталатын шот;

Кт:«Ақшалар»деп атлатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

   Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.Салық ұжымында салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесінің басқа заңды тұлғалар жатады. Олардың қатарына резидент емес заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған бөлімшелер кіреді. Шаруашылық субъектісінің жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмыстармен көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға (алған) тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзрара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жібершген қаржылар жатады. Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін  шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы,сондай-ақ салынатын тасыс салығының мөлшері 10%.

    Кейінге қалдырылған табыс  салығының есебі.Бухгалтерлік есепте табыстың сомасы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес анықталған    табыс пен шығындардың айырмасынан құралады.Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады.Бұл пассивті болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта кредиттелініп,ал азайғанда дебеттелінеді.Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпаративтік табыс салығы»деп аталатын шотта жүргізіледі.

Қосылған құнға салынатын салық. Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру,жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосыоған құн өсімінің бір бөлігін аудару,сондай-ақ осы елге тауарлар импортты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық обьектісі болып табылады.Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі.Бұл пассивтік шот болғандықтан  кредитіне салық сомасы,ал дебетіне бюджетке аударылған және субьектінің жабдықтаушыларға тиісті түрдегі рәсімделген  салық шоты бойынша төленген сомалары жазылады.Бюджетке төленуі тиісті қосылған құнға  салынатын салық өткізілген өнім,орындалған жұмыс  немесе көрсетілген қызмет үшін  есептелген қосылған құнға салынатын салық сомаларының  арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы.Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа  ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына  еңбекақы түрінде алынатын табыстар,кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары және т.б.табыстары кіреді.Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инвляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады:салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын ,жылжымайтын мүліктің ,бағалы қағаздардың,заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен;шетелдік валютадан;асыл тастар және асыл металдардан,олардан жасалған зергерлік бұйымдардан,құрамында асыл тастар және асыл металдар басқа да бұйымдардан,өнер туындылары мен антиквариаттардан.Жеке тлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:

Дт: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»шоты;

Кт: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар,алымдар және міндетті төлемдер»шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

     Акциздік салықтар.Акциздік(жанама)салық дегеніміз-сатылатын тауарлар бағасына қосылатын сатып алушы төлейтін салық болып табылады.Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар,яғни спирттің барлық түрлері,темекі өнімдеріқұрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті  қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акцизделуге  тиісті тауарларды импорттайтын немесе  Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық  заңды тұлғалар акциз  салығын төлеушілер болып табылады.Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:

Дт:«Алынуға тиісті борыштар»деп аталатын шоты;

Кт: «Акциз салығы» деп  аталатын  шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар  бұл жоғарыда айтылған  салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге,көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс.Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында :

Дт: «Әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;

Кт: «Жер салығы»

«Көлік құралына салық»

«Мүлікке салық» деп аталатын шоттар түріндегі екі жақты жазуы жазылады.Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарына қаралған  басқадай салықтар,алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі.Бұл айтылғандардың қатарына: