Нөлдік циклдік жұмыстары
Мазмұны
Кіріспе
- Курстық жұмысты орындау үшін бастапқы мәліметтер
- Имараттың жобасы, көлденең және
бойлық қималары, қазаншұңқырдың жобасы
- Топырақтың сипаттамалары
- Құрамалы темір-бетон конструкцияларының спецификациясы
- Жер жұмыстарының көлемін анықтау
- Жұмыс көлемінің ведьмосі
- Жер жұмыстарын өңдеу кезіндегі пайдаланылатын машиналар
- Еңбек шығыны, машина уақыт және еңбек ақы калькуляциясы
- Жер асты суларын төмендету жұмыстары
- Жинақтау кранын таңдау
- Жер асты жұмысын өңдеу технологиясы
- Сапаға қойылатын талаптар
- Жұмыс өндірісінің мерзімдік графигі
- Техника – эканомикалық көрсеткіштері
- Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөлігін салумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік циклдік жұмыстары деп атайды.
Нөлдік цикл жұмысының құрамына әдетте топырақты өңдеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді.
Топырақты өңдеуге дейін дайындық жұмыстарын орындайды, олар бөліп берген территорияда негізгі жұмыстарды орындауға дайындалудан тұрады.
Негізгі жұмыстарды жүзеге асыру барысында құрылыс алаңының нақты гидрогеологиялық жағдайларында негізгі жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету үшін қажет қосалқы жұмыстар жасалады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты – ғимараттар мен үймереттердің жер асты бөлігін салғанда, құрылысты технологиялық жобалаудың негіздерін меңгеру, білім алушының білім деңгейін жетілдіру, өзіндік жұмыстары мен маңызды техникалық тапсырмаларды инженерлік тұрғыдан орындауы.
Заман талабына сай салынатын және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үймереттер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және заман талабына сай болуы керек. Барлық құрылыс жинақтау жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс.
Қоғам дамуының әділ заңдылығы құрылыста техникалық прогресті жылдамдатуды талап етеді. Ең алдымен құрылыстың сапалық деңгейін жақсарту керек, оның еңбек және материал сыйымдылықтарын азайтып, пайдалану сапасын жоғарлату керек. Құрылыстың ұйымдастыру-техникалық деңгейі озат технологияны және жұмыс өндірісінің ұтымды әдістерін пайдалану арқылы артады.
Ғимараттар мен имараттарды салу өз кезеңінде бірнеше кезеңдер мен кезектес процестер арқылы жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстарының технологиялық кезектілігі: дайындық жұмыстары, жер асты бөлігі немесе нөлдік циклдік жұмыстар, конструкцияларды монтаждау, әрлеу жұмыстары, алаңды тазарту. Құрылысты индустрияландырудың негізгі бағыттары: дайындалатын құрылыс түзілістері мен бөлшектердің дәлдік қатарын көтеру, олардың ең жоғарғы дәрежелі зауыттық дайындықпен шығару, олардың материал сиымдылығын азайту, құрылыс процестерін жан-жақты механикаландыру және автоматтандыру болып саналады.
Құрылыс конструкцияларын монтаждау жетекші процес болып саналады. Көбінесе бұл процес арқылы құрылыс объектісі, жұмыстың қарқынды ұйымдастырылуы, жұмыс кезеңдері және де басқа да жұмыстарды жүзеге асырудың әдістері анықталады. Құрылыс мерзімін қысқарту мақсатында атқарылатын жұмыстарды уақытпен өлшейді, яғни барлық құрылыс жұмыстарын, машиналар мен механизмдерді тиімді пайдалану, құрылыс жұмыстарының сапасы мен өнімділігін жоғарлату және де құрылыс құнын төмендетү.
Жұмысты механикаландыру құрылыстың мерзімін кемітуге мүмкіндік туғызады, нақтылы еңбекті үнемдеуді қамтамасыз етеді, құрылыс өндірісінің процесіне динамикалық түр береді. Құрылыс жинақтау жұмысының өндіріс технологиясын жетілдіру саласындағы техникалық негізгі бағыттары мыналардан тұрады: салынатын объектіге барынша құрамалығы ескерілетін және құрылыс процестерін оңай технологиямен қамтамасыз ететін жобалар жасап қолдану, тиімді құрылыс материалдарын пайдалану, жұмысты жан-жақты механикаландыруға негізделген жаңа жоғары өндіргіш технологиялық процестерді іске асыру.
- Бастапқы мәліметтер
- кесте.
№ |
Өлшем бірлігі |
Сандық көрсеткіштері |
Ескерту | |
1 |
Топырақ тобы |
ІII |
ЕНиР 2,выпуск 1 стр 6-12 | |
2 |
Топырақтың орташа тығыздығы |
т/м3 |
1950 |
ЕНиР 2,выпуск 1 |
3 |
Алғашқы қопсыту коэффиценті |
% |
0,28-0,32 |
ЕНиР 2,выпуск 1 стр 206 |
4 |
Қалдық қопсыту коэффиценті |
% |
0,06-0,09 |
ЕНиР 2,выпуск 1 стр 206 |
5 |
Құлама коэффиценті |
% |
0,5 |
Хамзин, Карасев «Технология строительных процессов», 27бет |
Ғимарат – Көп қабатты тұрғын үй
Топырақты тасымалдау ұзақтығы: 1,5км
Сыртқы ауаның қыс мерзіміндегі орташа температурасы: -20°С
Сұлба нөмірі: 8
Іргетас табанының тереңдігі: -3,90 м
Жерасты су деңгейі: -3,20 м
Өлшемі: I блок секция (l = 36, b = 24)
- Имараттың жобасы, көлденең және бойлық қимасы, қазаншұңқырдың жобасы
- Топырақтың сипаттамасы
Топырақ түрі – сазбалшық (күрделі опырылғыш,қатты карбонды)
Алғашқы және қалдық қопсыту коэффиценті БМБ 2 ш. 1 бойынша қабылданады.
Құлама коэффиценті (m) ҚМЕ 3.01-85 арқылы анықталады.
Жоба арқылы жұмысты жүргізу үшін ең алдымен құрылыс алаңын және құрылыс жұмыстарының талаптары мен жұмыс өндірісі барысында қолданылатын әдістер мен құрал-жабдықтарды нақтылап аламыз.
Жер жұмыстарын жүргізудің әдістері құрылыс салынатын аймақтың геологиялық, топографиялық және климаттық жағдайына тікелей байланысты болады.
Негізгі климаттық факторларға қоршаған аймақтың жауын-шашын көлемі, температурасы сонымен қатар ауаның ылғалдылығы жатады. Топографиялық жағдайына – жергілікті аймақтың бедері жатады. Ал геологиялық жағдайына – топырақтың физика-механикалық құрамы және жер асты су деңгейі кіреді. Құрылыста дайындық жұмыстарына, қосымша жұмыстардың көлемі мен құрамына, механикалық құралдарды таңдауға құрылыстың климаттық, топографиялық және геологиялық талаптары әсер етеді.
Дайындық жұмыстарына құрылыс алаңын тазарту, өсімдік қабатын алу, жер асты су деңгейін төмендету, алаңды құрғату жұмыстары жатады. Ағаштарды тамырларымен қоса қопарып алады. Көлемі үлкен булдозер мен автосамосвалдын енінен асатын қойтастар құрылыс алаңынан тыс жерге тасымалданады.
Аймақтың геологиялық жағдайын зерттеу барысында топырақтың келесідей физика-механикалық құрамын ескеруі немесе білуі қажет: орташа табиғи тығыздығын, ішкі бұрыштық үйкеліс немесе қарсыласу күшін, сүзу коэффицентін, бастапқы және қалдық қопсыту коэффицентін. Топырақтың тығыздығы оны қазу және кесу кезіндегі үйкеліс немесе қарсыласу күшіне әсер етеді. Топырақты механикалық тәсілмен өңдеу күрделілігіне байланысты әр бір санат үшін топырақ тобы қабылданады. Құламаның тұрақтылығы ішкі ілінісу, үйкелісу бұрышының ұлғаюына байланысты, және өз кезегінде жер жұмыстарының көлеміне әсерін тигізеді. Қыс мерзімінде жұмысты жүргізгенде тоңдалған топырақты механикалық немесе жылыту тәсілімен өңдеуге кететін шығындарды ескеру қажет. Сондай-ақ құрылыста отыратын топырақтарды өңдеу ерекшеліктеріне басты назар аудару қажет, ал бұл жұмыстардың дұрыс орындалмауы ғимараттар мен имараттардың толықтай қирауына әкеліп соғуы мүмкін. Отыратын топырақтардың ғимаратты қолдану кезіндегі сапасына кері әсерін тигізбес үшін ғимарат негізін нығайту іс-шараларына басты назар аудару қажет.
- Құрамалы темір-бетон конструкцияларының спецификациясы
Бастапқы мәліметтердің негізінде құрылыс алаңындағы іргетастардың конструкциялық бөліктерін анықтаймыз. Өнеркәсіптік дайындалған өнімнің тізімдемесі арқылы құрамалы темір-бетон элементтерін таңдап аламыз. Тап осы элементтің үлгісінің саны жұмыс көлемінен алынады. Бір элементтің салмағын канструкциялар санына көбейту арқылы осы элементтің жалпы салмағы анықталады. Конструкциялардың типтік өлшемдерінің санын анықтаймыз және құрамалы темір-бетон конструкцияларының спецификациясын кесте түрінде құрамыз.
2 – кесте
№ |
Темір-бетон конструкция-ң үлгілері |
Элементтің өлшемдері (мм) |
1-элементтің салмағы (т) |
1-элементтің көлемі (м3) |
Конструкция саны |
Жалпы салмағы (т ) |
Элементтің жалпы көлемі (м3) |
Бетон тобы | ||
Ұзындығы (L) |
Ені (B) |
Биікті гі (H) | ||||||||
1. |
ФЛ 24.10.6 |
2380 |
1000 |
300 |
1,5 |
0,61 |
98 |
147 |
59,78 |
В35 |
2. |
ФБС 24.6.6 - Т |
2380 |
600 |
580 |
2 |
0,32 |
736 |
1472 |
235,52 |
В35 |
3. |
ФБС 9.6.6 т |
880 |
600 |
580 |
0,6 |
0,26 |
64 |
38,4 |
16,64 |
В35 |
4. |
ПК 60.12 – 6 AIYT |
5980 |
1190 |
220 |
2.1 |
0.84 |
100 |
210 |
84 |
В35 |
- Жер жұмыстарының көлемін анықтау
Жер жұмыстарының көлемін жер ғимараттарын жобалағанда, құрылысты ұйымдастыру және жұмыс өндірісінің жобаларын жасағанда анықтайды. Ол келесі процестерден тұрады: алаңды тазарту, жобалы геодезиялық бөліктерге бөлу, жер бедерінің табиғи жағдайын бұзбау үшін өсімдіктің өну қабатын басқа жерге тасымалдап отырғызады, тығыз топырақты өңдеу, жер асты су деңгейін төмендету, алаңды құрғату.
Алаңды тазартуға келесідей жұмыстар жатады: ағаштар мен бұталарды алу,табиғи үлкен қойтастардан, құрылымдардан тазарту. Ағаштар мен діңгектерді тамырымен қоса қопарып алып жаңа жерлерге отырғызады.
Жер ғимараттарын гиодезиялық бөліктерге бөлу арқылы аймақтық орнын анықтайды. Бөліктерге бөлу тігінен және горизонтальды жазықтық өлшемі арқылы жүргізіледі. Горизонтальды бөлу арқылы салынатын ғимараттардың осьтері анықталып жобаға сызба ретінде енгізіледі, ал тігінен бөлгенде – қазым тереңдігі мен кері көму биіктігі анықталады.
Өсімдік қабатын алу скрепермен және бульдозермен топырақты шабықтау немесе атжалға жылжыту арқылы немесе бір куректі эксковатормен тасымалдау көлігіне тиеу арқылы жүргізіледі.
Ғимараттың жұмыс жобасы арқылы жұмыс көлемі анықталады. Нөлдік циклдік жұмыстардың технологиялық процестері құрамынан жұмыс көлемінің тізімдемесі алынады. Жұмыс өндірісінің жобасы арқылы құрылыс жұмыстары жобаланады, жоба арқылы жер жұмыстарының көлемі анықталады.
- Тік бұрышты қазаншұңқырдың көлемі мына формуламен анықталады:
мұндағы; Н – қазаншұңқырдың тереңдігі,
a, b – қазаншұңқырдың түбі бойынша ұзындығы мен ені
c, d – қазаншұңқырдың үсті бойынша ұзындығы мен ені
Vқ.ш = м3
а = а/ + 2 * і.е/2 + 2(0,3÷1), м
а/ – қазаншұңқырдың түбі бойынша ені
а = 24 + 5 = 24,5 + 5 = 25 + 1 + 1 = 27
b = b/ + і.е + 2(0,3 ÷ 1), м
b/ – қазаншұңқырдың түбі бойынша ұзындығы
b = 36 + 1 + 2×1 = 39, м
с – қазаншұңқырдың үсті бойынша ені
mН = 3,90×0,5=1,95+1,95=3,9, м
с = 24 + 1 + 2×1 = 27 + 3,9 = 30,9, м
d – қазаншұңқырдың үсті бойынша ұзындығы
mН = 3,90×0,5=1,95+1,95=3,9, м
d = 36 + 1 + 2×1 = 39 + 3,9 = 42,9, м
- Кері көмілетін топырақтың көлемін анықтау:
Vқ.к = , м3
Vқ.к =
Vқ.ш – қазаншұңқырдың көлемі
Vіргетас – іргетастың көлемі
Кп.р – алғашқы қопсыту коэффиценті
Vжертөле – жертөленің көлемі
Vжертөле = а× b×һ = 25 × 37 × 3,60 = 3330 м3
- Артық топырақтың көлемі:
Vа.т = Vқ.ш - Vқ.к , м3
Vа.т = 4628,4 – 1168,5 = 3459,9 м3
- Қалдық топырақтың көлемі:
Vқ.т = а × b × һқ.т , м3
һқ.т – қалдық топырақтың қалыңдығы (0,1÷0,4 м)
Vқ.т = 27 × 39 × 0,4 = 421,2 м3
- Өсімдік қабатын алудың ауданы:
Қазаншұңқырды өңдеуден (қазбастан) бұрын өсімдік қабатын алу (кесу) керек. Инженерлі-геологиялық талаптарға сәйкес 0,5 м құрайды.
Fө.қ = с × d × 1,05 ,м2
Fө.қ =42,9 × 30,9 × 1,05 = 1391,9 м2
6. Жұмыс көлемінің ведьмосі
3 – кесте.
№ |
Жұмыс аты |
Жұмыс көлемі |
Ескерту | |
Өлшем бірлігі |
Саны | |||
1. |
Уақытша қоршау |
1м |
560 |
ЕНиР 9, вып. 2-33 |
2. |
Өсімдік қабатын бульдозермен алу |
100 м2 |
1,3919 |
ЕНиР 2, вып.1-5 Fө.қ |
3. |
Қазаншұңқырды эксковатормен өңдеу ЭО-4121А 1)Ат жалға төгу 2)Көлікке тиеу |
100 м3 |
46,284
11,685 34,60 |
ЕНиР 2, вып.1-11 Vк.к Vа.т |
4. |
Қалдық топырақты қолмен өңдеу |
1 м3 |
121,2 |
ЕНиР 2, вып. 1-47 Vк.қ |
5. |
Іргетастың астына қиыршық тастан тегістеу қабатын орындау |
1 м3 |
92,5 |
ЕНиР 9, вып. 2-32 |
6. |
Жинақтау жұмыстары ФЛ. Таспалы іргетастарды орнату ФБС. Іргетас қабырғаларының блоктарын орнату ФБС 24.6.6-Т ФБС 9.6.6-Т ПК. Қабатаралық жабынды орнату |
дана |
98
736 64 100 |
ЕНиР 4, вып 1-1,3,7 |
7. |
Конструкцияларды судан оқшаулау жұмыстарын жүргізу (шайыр мастика екі қабаттан жағу) |
1 м3 |
122,4 |
ЕНиР 11-39 |
8. |
Іргетас табанын қолмен топырақты кері көму |
1 м3 |
175,275 |
ЕНиР 2, вып.1-58 |
9. |
Бульдозермен іргетастың жиегін кері көму ДЗ-43 |
100 м3 |
993,2 |
ЕНиР 2, вып. 1-34 |
10. |
Кері көмілген топырақты катокпен тығыздау |
100м3 |
11,685 |
ЕНиР 2, вып. 1-31 |
11. |
Құрылыс ауданын тік тегістеу |
1000м2 |
0,26 |
ЕНиР 2, вып. 1-36 |
12. |
Уақытша қоршауды алу |
1м |
560 |
ЕНиР 9, вып. 2-33 |
- Жер жұмыстарын өңдеу кезіндегі пайдаланылатын машиналар
Жер жұмыстарын өңдеудің жалпы көлемінің 85% - ын механикалық тәсілмен жүргізеді. Жер жұмыстарын механикалық тәсілмен өңдеу кезінде келесі негізгі машиналар пайдаланылады.
- Эксковатор (кері күректі және тік күректі, бір немесе көп шөмішті роторлы)
- Жер қазып тасымалдайтын машиналар 1) бульдозер 150 м – ге дейін, 2) Скрепер 800 – 1500 м – ге дейін, 3) Грейдер жер құрылысына қосымша машиналар автосамосвалдар бұлар тек қана тасымалдайды.
Ұзын ор немесе қазаншұңқыр көбінесе эксковатордың көмегімен өңделеді. Қазаншұңқырды немесе ұзын орды өңдеу кезінде эксковатордың шөмішінің түрі топыраққа байланысты қабылданады (саздақ және сазбалшық топырақтары үшін тісті шөмішті, ал құмдақ және құм топырақтары үшін тегіс кесетін шөмішті қабылдаймыз). Қазылатын қазаншұңқырдың немесе ұзын ордың көлеміне байланысты эксковатордың шөміш сыйымдылығы анықталады. Шөміш сыйымдылығы кесте арқылы анықталғаннан кейін “Технология строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование”. Хамзин С.К, Карасев А.К (138-139 бет) анықтама кітабы бойынша эксковатордың үлгісі анықталады. Эксковатормен топырақты өңдегенде атжалға төгеді немесе көлікке тиейді. Қазылып кеткен ойманы өтіс деп атайды. Топырақты өңдеу айырмашылығы бойынша маңдайша немесе бүйірлі өтіс болуы мүмкін. Маңдайша өтісте эксковатор ойма осьі бойынша жүреді және алдындағы екі жағындағы топырақты өңдейді. Ал бүйірлі өтіс бойынша эксковатор бір жағынан қазады.Технологиялық карта жасаған кезде кем дегенде екі немесе одан да коп эксковаторлар таңдалады. Олар қондырғыларының түрлеріне байланысты және шөміш сыйымдылықтары әр түрлі болуы қажет.
Салыстыру үшін екі эксковатор таңдаймыз: Э9-3322А – 0,5м3 және ЭО-4121А – 0,65м3. 1м3 топырақты өңдеу шығыны аз эксковаторды таңдаймыз.
І. Эксковатор Э9-3322А, шөміш сыйымдылығы – 0,5м3
1. 1м3 топырақты өңдеу құнын анықтаймыз(тг):
мұндағы 1,08 – шығынды ескеретін коэффицент
Смаш-смен – эксковатордың машинасы мен құны. “Технология строительного производства, Курсовое и дипломное проектирование”. Хамзин С.К, Карасев А.К (138-139 бет.) бойынша.
Псмен-өнімділік – эксковатордың сменалық пайдалану өнімділігі.
2. Эксковатордың топырақты
ат жалға және көлікке тиеуін
ескере отырып сменалық
мұндағы – қазаншұңқырдың көлемі.
- Эксковатордың машина-сменалық санын анықтаймыз:
Мұндағы, = 3,3 – топырақты ат жалға (навымет) төгу кезіндегі эксковатордың уақыт мөлшері (ЕНиР 2 вып 1),
= 4,6 – топырақты көлікке тиеу кезіндегі эксковатордың уақыт мөлшері (ЕНиР 2 вып 1). 8,2 – 1 сменадағы эксковатордың жұмыс істеу уақыты. 100 – уақыт мөлшері 100 бірлікке беріледі.
- 1 м3 топырақты өңдеу үшін жоғалтылған капиталды салымды әр эксковатор үшін мына формуламен анықтаймыз:
Мұндағы, 1,07 – шығындарды ескеретін коэффицент, – эксковатордың инвентарлы есептік құны, – орташа жылдық саны.
- 1м3 топырақты өңдеу үшін кеткен шығынды анықтаймыз:
Мұндағы, – капиталды салымның тиімділігінің мөлшерлі коэффиценті, құрылыста ол 0,15-ке қабылданады.
ІІ. Эксковатор ЭО-4121А, шөміш сыйымдылығы – 0,65 м3
1. 1м3 топырақты өңдеу құнын анықтаймыз(тг):
мұндағы 1,08 – шығынды ескеретін коэффицент
Смаш-смен – эксковатордың машинасы мен құны. “Технология строительного производства, Курсовое и дипломное проектирование”. Хамзин С.К, Карасев А.К (138-139 бет.) бойынша. Псмен-өнімділік – эксковатордың сменалық пайдалану өнімділігі.
2. Эксковатордың топырақты
ат жалға және көлікке тиеуін
ескере отырып сменалық
мұндағы – қазаншұңқырдың көлемі.
3. Эксковатордың машина-сменалық санын анықтаймыз:
Мұндағы, = 2,8 – топырақты ат жалға (навымет) төгу кезіндегі эксковатордың уақыт мөлшері (ЕНиР 2 вып 1),
= 3,2 – топырақты көлікке тиеу кезіндегі эксковатордың уақыт мөлшері (ЕНиР 2 вып 1). 8,2 – 1 сменадағы эксковатордың жұмыс істеу уақыты. 100 – уақыт мөлшері 100 бірлікке беріледі.
4. 1 м3 топырақты өңдеу үшін жоғалтылған капиталды салымды әр эксковатор үшін мына формуламен анықтаймыз:
Мұндағы, 1,07 – шығындарды ескеретін коэффицент, – эксковатордың инвентарлы есептік құны, – орташа жылдық саны.
5. 1м3 топырақты өңдеу үшін кеткен шығынды анықтаймыз:
Мұндағы, – капиталды салымның тиімділігінің мөлшерлі коэффиценті, құрылыста ол 0,15-ке қабылданады.
Пуд Э9-3322А > Пуд ЭО-4121А (0,18>0,13) – ЭО-4121А эксковаторын таңдаймыз.
Бульдозерді таңдау.
Өсімдік қабаты бульдозермен немесе скрепермен алынады. Машина түрлерін таңдаған кезде технологиялық үдеріс тек өсімдік қабатын алудан және оны тасымалдаудан тұратынын ескеру қажет. Бульдозермен топырақты тасымалдау кезінде оның ең үлкен тиімділігіне келесі ара-қашықтықтар жатады: ДТ-74, ДТ-75, Т-4АП1 бульдозерлері үшін ең тиімді ара-қашықтық 30 – 50 м есептеледі. Ал Т-100, Т-130 тракторлары үшін 50 – 70 м, Т-130, Т-180 тракторлары үшін 100м , Т-180, ДЭТ250, Т-330 тракторлары үшін 150м (скрепер үшін 800-1500м).
Топырақты өңдеу процесі бульдозермен жүргізілгенде үш негізгі үдерістен тұрады: күректі толтыру, тасымалдау және топырақты төсеу. Алаңды бульдозермен тегістеу келесі екі тәсілмен жүргізіледі:
1 – ші ұзын орлы;
2 – ші қабаттар тәсілі.
Қабаттап тасу әдісі кезінде бір жолақпен бульдозер қалыңдығы 0,4 – 0,6м тереңдікпен бірнеше рет өтеді. Жер қазып тасымалдайтын машина ретінде бульдозердің қуаттылығына байланысты топырақты 150м ара-қашықтыққа тасымалдау тиімді.
Бульдозердің Т-130 тракторы негізіндегі ДЗ-43 үлгісін таңдаймыз.
Бульдозердің сменалық пайдалану өнімділігін анықтаймыз:
Мұндағы, Тсм – бульдозердің жұмыс істейтін ұзақтылығы, сағ. Тсм=8сағ.
q – бульдозердің бір рейсте тасымалдайтын тығыз денедегі топырақтың көлемі, м3 («Проектирование земляных работ и устройство фундаментов». Хамзин С.К, Таженов А.Г, 3.2-кесте ,31-бет) q=2,2 м3
α – топырақты тасымалдау процесінде топырақтың жоғалуын ескеретін коэффицент, α = 1-0,005×Lr(50м) = 0,25
Кв – машинаны уақыт бойынша пайдалану (қопсытылған тасты топырақтар үшін 0,75-ке тең, ал басқа топырақтарға 0,8 қабылданады)
Кв = 0,8
Тн – топырақты толтыру ұзақтылығы, мин. («Проектирование земляных работ и устройство фундаментов». Хамзин С.К, Таженов А.Г, 3.2-кесте ,31-бет) Тн = 0,36
Тп – бульдозердің жылдамдығын ауыстыруға кететін уақыт, мин. («Проектирование земляных работ и устройство фундаментов». Хамзин С.К, Таженов А.Г, 3.2-кесте ,31-бет) Тп = 0,09
Lr, Lп – бульдозердің жүкпен және жүксіз орын ауыстыру ара-қашықтығы, м Lr, Lп = 50м
Ur - жүпен қозғалғандағы бульдозердің жылдамдығы, («Проектирование земляных работ и устройство фундаментов». Хамзин С.К, Таженов А.Г, 3.2-кесте ,31-бет) Ur = 5,1км/сағ=85м/мин
Uп – жүксіз қозғалғандағы бульдозердің жылдамдығы, Uп = 4,4км/сағ=73,3м/мин
Автосамосвалдың санын анықтау.
Эксковатормен бірге машиналар жиынтығының ішінде артық топырақты шығару үшін автосамосвалдар таңдалады. Автосамосвалдар эксковатордың шөміш сыйымдылығына және топырақты тасымалдау қашықтығына байланысты таңдалады.
Біріншіден олардың жүк көтергіштігін таңдайды. Содан кейін үлгісі таңдалады. «Технология строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование.» Хамзин С.К, Карасев А.К. (стр. 45, табл. 2,7 и 2,8) анықтама кітабы бойынша.
Үлгісі таңдалғаннан кейін осы автосамосвалдарға есеп жүргізіледі.
МАЗ-503 Автосамосвалын таңдаймыз.
- Біріншіден эксковатор шөмішіндегі тығыз денедегі топырақтың көлемі анықталады:
Мұндағы, – қабылданған шөміш сыйымдылығы
Vнап – шөмішті толтыру коэффиценті – 1,25
Кпр – топырақты алғашқы қопсыту коэффиценті – 0,32
- Эксковатор шөмішіндегі топырақ салмағын анықтаймыз:
Мұндағы, – топырақтың орташа тығыздығы – 1,95т
- Автосамосвалдың шанағына тиейтін топырақтың шөміштер санын анықтаймыз:
П – автосамосвалдың жүк көтергіштігі.
- Автосамосвалдың шанағына тиейтін тығыз денедегі топырақтың көлемін анықтаймыз:
- Автосамосвалдың бір циклдегі жұмыс ұзақтылығын анықтаймыз:
Мұндағы, – топырақты тасымалдау арақашықтығы
– топырақты автосамосвалға тиеуге кететін уақыт
Vr – жүктелген күйдегі автосамосвалдың орташа жылдамдығы,
70 км/сағ
Vп – бос күйіндегі автосамосвалдың орташа жылдамдығы – 25-30км/сағ
tp – топырақты төгүге кететін уақыт – 1-2мин
tм – кран астына автосамосвалды ыңғайлап қоюға кететін уақыт – 2-3мин
- Авосамосвалдың санын анықтаймыз:
№ |
Жұмыс аты |
Жұмыс көлемі |
Негізделуі БМБ |
Мех. өлш. бірлігі м-сағ |
Машина уақыт шығыны |
Звено құрамы БМБ б-ша |
Жұмы-ң өлш. бір.ад-сағ |
Жқмыс-ң еңбек шығыны |
Бағасы тг |
Еңбек ақы тг |
Қажетті машина лар | ||||||||
Өлшем бірлігі |
Саны |
м-сағ |
м-смен |
кәсібі |
разряд |
саны |
ад-сағ |
ад-кун |
Машин. |
Жұмы-ы |
Маши-т |
Жұмы-ы |
аты |
үлгісі | |||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
1 |
Уақытша қоршау |
1 м |
560 |
Е 9-2-33 |
– |
– |
– |
ұсташы |
3 |
2 |
0,25 |
140 |
17 |
– |
0,175 |
– |
98 |
– |
– |
2 |
Өсімдік қабатын алу ДЗ-43 |
1000 м2 |
1,3919 |
Е-2-1-5 |
0,98 |
1,36 |
0,166 |
Маш-ст |
5 |
1 |
– |
– |
– |
0,892 |
– |
1,24 |
– |
Буль-р |
Т-74 |
3 |
Қазаншұң-ды экскова-н өңдеу ЭО-4121А |
100 м3 |
46,284 |
Е-2-1-11 |
3,2 |
31,68 |
Машинист |
6 |
1 |
– |
– |
23,47 |
– |
1086,28 |
– |
Эксковатор |
ЭО-4121А | ||
4 |
Қалдық топырақты қолмен өңдеу |
1 м3 |
121,2 |
Е-2-ІІ |
– |
– |
Жер қаз-ы |
3 |
3 |
27,87 |
3,40 |
– |
0-16,1 |
– |
1951 |
– |
– | ||
5 |
Іргетас-ң астына тегістеу қабатын оры-у |
1 м3 |
92,5 |
||||||||||||||||
6 |
Жинақтау жұмыстары |
дана |
900 |
||||||||||||||||
7 |
Конструкцияларды судан оқшаулау |
1 м2 |
122,4 |
Е-11-ІІ-1 |
– |
– |
Су оқ-шы |
4 2 |
1 1 |
171,36 |
20,89 |
– |
1,00 |
– |
122,4 |
– |
– | ||
8 |
Іргетастың табанын қолмен топы-ы кері көму |
1 м3 |
175,275 |
Е-2-1-58 |
– |
– |
Жер өңдуші |
2 1 |
1 1 |
192,80 |
23,51 |
0-67,7 |
– |
– |
11866 |
– |
– | ||
9 |
Бульдо-н іргетас-ң жиегін кері көму |
100 м3 |
993,2 |
Е-2-1-22 |
20,72 |
Маш-ст |
5 |
1 |
– |
– |
0-35,5 |
– |
34762 |
– |
ДЗ-43 |
Т-74 | |||
10 |
Кері көмілген топыр-ы тығыздау |
100 м2 |
11,685 |
Е-2-1-59 |
– |
– |
Жер өң-і |
3 |
1 |
68,94 |
18,40 |
– |
3,78 |
– |
44,16 |
– |
– | ||
Құрылыс ауданын тік тегістеу |
1000 м2 |
0,26 |
Е-2-1 |
20,72 |
Маш-ст |
5 |
1 |
– |
– |
5,67 |
– |
1474,2 |
– |
ДЗ-43 |
Т-74 | ||||

- Нпалоговая система Республики Казахстан
- НПА - основной источник права в Республике Беларусь
- НПА Правительства и их реализация на практике
- НПЗ « Краснодарэконефть» - источник образования нефтешламов
- НПФ и их роль в пенсионной реформе
- Нравственная и этическая сторона управленческих решений в сфере торговли и услуг
- Нравственная культура делового общения в ресторанном бизнесе (на примере ресторана «Аквариум» г. Чита)
- Нотариат: понятие, организационно-правовые основы деятельности
- Нотариат Российской Федерации, основы организации его деятельности
- Нотаріат України
- Ноу-хау и коммерческая тайна – объекты интеллектуальной собственности
- Ночная Кострома
- Ночная сорочка
- Ночные клубы как специфическая форма анимационного воздействия на эстетические вкусы посетителей