Ойын-сауық индустриясы
Жоспар
Кіріспе.......................
1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері
- Демалыс пен
туризмді дамытуда ойын-сауық түрлерінің
рөлі мен маңызы........................
.............................. .............................. ........................5
1.2 Ойын
–сауық индустриясын
2 Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
2.1 Думан
ойын – сауық орталығы......................
2.2 MEGA сауда,
ойын-сауық орталығы...........
2.3 «Хан
Шатыр» сауда, ойын-сауық
2.4. Шымбұлақ
– отандық туризм ошағы
..............................
2.5 Қазақстанның
әлеуметтік – экономикалық дамуында ойын–сауық
түрлерінің атқаратын орны..........................
3. Қазақстан Республикасында ойын – сауық индустриясының даму болашағы
3.1 Ойын –
сауық индустриясын дамытудағы
аймақтық бағдарламалар
3.2 Қазақстанда
ойын – сауық индустриясы
3.3 Қазақстанда
ойын – сауық индустриясының
инвестициялық тартымдылығын
Қорытынды
Пайдаланған
әдебиеттер
Курстық жұмыстың өзектілігі ойын – сауық индустриясы бұл тек қажеттіліктерді қанағаттандырып, көңіл – көтеру ғана емес, жылдан – жылға өсіп келе жатқан, миллиардтаған айналымы бар әлемдік индустрия болып табылады. Ойын – сауық туризмнің ең басты түрлерінің біріне жатады және оларсыз бірде – бір саяхат өтпейді. Ойын – сауық индустриясының негізгі қызметіне адамдардың қажеттіліктерін көңіл – көтере отырып қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындарға қызметі ойын – сауықпен сипатталатын - цирк, аттракциондар, ойын залдары, демалыс саябақтары, кинотеатрлар және т.б. жатады. Әр түрлі кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары да ойын – сауыққа жатады. Дене шынықтыруға жататын қызметтерді де ойын - сауыққа жатқызуға болады: клубтар, спорт залдары және т.б. Мәдени құндылықтарды да – кітапхана, мұражай, көрмелерді де ойын – сауықпен байланыстыруға болады. Ойын – сауық арқылы адам өзінің рухани, интеллектуалдық немесе физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады, өзін тұлға ретінде бағалайды, өзінің ролін әр түрлі жағдайларда және әлеуметік жүйелерде талдайды, әр түрлі сезімге бөленеді. Ойын – сауық қоғамның жағдайына тікелей әсер ететін адамның күнделікті өміріндегі маңызды сфераның бірі. Оған деген қажеттілік адамның бірінші қажеттіліктерін қанағаттандырғаннан кейін пайда болады. Өмір сүру дағдысы – адамдардың қызығушылығы, қызметі және көзі жеткен болмыс, тұрмыс формасы болып саналады. Адамның өмір сүру дағдысы қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас және іс-әрекетінің қайталанбас портреті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: туризм қазіргі таңда Қазақстандағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың біріне жатады. Соңғы жылдары Қазақстан қалаларының көбінде ойын-сауық кешендері көптеп салынуда. Көптеген отандық өндірушілер елімізде ойын-сауық индустриясының дамуына назар аударуда. Астана осы жағынанан осы тенденцияны көрсететін ең перспективалы дамып келе жатқан өңір болып табылады. Іскерлік белсенділіктің дамуы, туристер ағымының көбеюі, белсенді демалысқа деген қажеттілік қала қонақтарына және өңірдегі халыққа қазіргі заманға сай қызмет көрсететін әр түрлі класстағы ойын-сауық орталықтарының ашылуын талап етеді.
Қазақстанның ойын – сауық нарығында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың толық тізімі емес. Барлық коммерциялық кәсіпорындар өздерінің мақсатын табыс табу деп қояды, дегенмен мәдениет, шығармашылық және бос уақыт үшін жұмыс істейтін кәсіпорындар табыс табумен қатар мәдени қажеттіліктерді жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Еліміз егемендік алып, дами түскеннен бері, мәдени орындардың әртүрлі саладағы кәсіпорындарының саны ұлғайып, олар сәтті жұмыс істеуде.
Қоғамның әлеуметтік негізгі тетігі болып саналатын іргелі ұйымның, яғни ойын-сауық кешеніне енетін кәсіпорындарының орын тебуі мемлекет үшін де, болашақ үшін де өркениет белгісі болып қала бермек. Зерттеу мәні – ойын – сауық индустриясының дамуына ықпал ететін үрдістер, осыдан орай берілген ғылыми жұмыстың міндеттері:
- Ойын – сауық индустриясының теориялық негіздері
- Қазақстандағы ойын – сауық индустриясының даму жағдайын саралау
- Қазақстандағы ойын – сауық индустриясы дамуының негізгі перспективалары.
Курстық жұмыста отандық және шет елдік авторлардың туризм және ойын-сауық кешенінің индустриясы жайлы еңбектерін, осы салаға арналған оқулықтарды негізге ала отырып орындалды. Қолданылған әдебиеттердің ішінен отандық және ресей авторларының арасында маңызды орынды алады – Ердаулетов С.Р., Вуколов В.И., Маханова. М.А., Дурович А.П., Богалдин-Малых М.И., Никитинский Е.С. және т.б. Демалыс және туризм мәселелерін зерттеумен айналысатын шетелдік ғалымдардың ішінен Т.Веблен, Ж.Дюмазедье, Дж. Келли, Дж. Пейленгер, А. Пак, С. Паркер, ДЖ. Шиверсаны атап өту керек.
Соңғы кездері елімізде туризмнің қарқынды түрде дамуына орай берілген әлеуметтік феноменді ғылыми зерттеу де белсенді дами түсті. Туризмнің экономикалық – географиялық шарттары, отандық және шет елдік туристік аймақатар, туристік ресурстар А.Ю.Александрова, Л.А.Багрова, Н.В.Багров, Е.В.Колотов, В.А.Окладникова, В.С.Преображенскиймен зерттелген.
Туристік бизнесті туристік кешендерде ұйымдастыру негіздері, туристік фирмалардың, орталықтардың менеджменті, қаржылық – экономикалық аспектілері, туризмді әлеуметтік – мәдени тұрғыда қарастыру Р.А.Браймер, М.В.Ефремова, М.А.Жукова,Н.Н.Ильина, Н.К.Моисеева, А.Д.Чудновскийдің еңбектерінде сараланған.
Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 негізгі
бөлімнен, қорытындыдан,28 пайдаланылған
әдебиеттерден және 6 сурет, 6 кесте, 1 диаграммамен
жабдықталған.
1 Ойын – сауық индустриясы құрылуының теориялық негіздері
1.1 Демалыс пен туризмді
дамытуда ойын-сауық
түрлерінің рөлі мен
маңызы
Табиғат заңы бойынша адамзат баласы ұрпақ жайып басқа дүниеге есік ашқанша үздіксіз өмір сүріп, тіршілік етіп, онымен күресіп, еңбекшілікпен айналысады. Осы тіршілік үрдісі кезінде әрбір адам ағзасы эмоцаналды түрде демалады оның әрі қарай қызмет етуі биологиялық процесс болып табылады. Сондықтан әрбір адам өз қызмет өмірі барысында міндетті түрде демалып көңіл көтеріп, серігіп, тынығып және т.б. үрдістермен күй кешеді. Қарапайым әрі түбі тереңге кеткен маңызды демалыс, өз кезегінде әрбір адамның қажеттілігіне сай туризм деген мағыналы қызмет түріне әкеліп соқтырады.
Әлемнің барлық тұрғындары (жасы, жынысы, ұлтына, әлеуметтік жағдайына) қарамастан міндетті түрде демалады және демалуға құқылы. «Туризм» сөзі серуендеу, саяхаттау дегенді білдіретін «тур» сөзінен шыққан. Туризм сөзінің 200-ден аса анықтамасы бар.
Жақсы ұйымдастырылған ойын – сауық индустриясы көптеген міндеттерді шешеді:
- Тәрбие;
- Жақсы көңіл – күй жасау;
- Білім;
- Демалыс;
- Адамды мәдени тұрғыда дамыту және т.б.
Өзінің бос уақытының бір бөлігін ойын – сауықпен толықтыра отырып адам өзін еңбек бірлігі ретінде қалыптастырады. Ойын – сауық индустриясының негізгі қызметіне адамдардың қажеттіліктерін көңіл–көтере отырып қанағаттандыратын кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындарға қызметі ойын – сауықпен сипатталатын цирк, аттракциондар, ойын залдары, демалыс саябақтары, кинотеатрлар және т.б. жатады. Әр түрлі кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары да ойын – сауыққа жатады. Дене шынықтыруға жататын қызметтерді де ойын - сауыққа жатқызуға болады: клубтар, спорт залдары және т.б. Мәдени құндылықтарды да: кітапхана, мұражай, көрмелерді де ойын – сауықпен байланыстыруға болады[1,2].
Адам баласының өмір сүру деңгейі дамуымен қатар, оның ойын – сауыққа деген қажеттілігі де арта түсуде. Алғашқы кезеңдерде адамдарға жүгіру бойынша жарыстар және тура ата білу де жеткілікті еді. Одан кейін осы жұмысқа сезім мен ақылдың қажеттілігі байқалды, осылайша театрлар мен интеллектуалды ойындар пайда болды. Егер алғашқы кезеңдері ойын – сауық жабдықтары қолдан жасалған болса, одан кейін бұл жабдықтарға техниканың дамуына орай жаңа идеялар мен материалдар қолданыла бастады. Яғни, біз қазіргі кездегі адамдардың өмір сүру салттарының, көңіл-көтеруге деген мақсаттарының, ойларының өзгергендігін байқаймыз. Осыған орай әрбір ойын – сауық кешені адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазіргі нарықты зерттеп, адамдардың қалауларын қарастырады. Қазіргі кездегі ғалымдардың айтуынша адамдар өздерін және өз ұрпақтарын қорғаудан, киінуден, тамақтанудан бөлек, ойын сауыққа да, яғни көңіл – көтеруге де үлкен көңіл бөледі. Оған дәлел ретінде археологиялық қазбалар кезінде табылған әртүрлі ойын және жарыс жоспарлары болып табылады. Римдіктер, гректер бізге мәдени ғана емес, әлеуметтік – мәдени жоспардағы үлкен байлық қалдырды. Біз оларды осы күндерде де қолданудамыз. Ойын – сауық тарихи даму барысында әрдайым өзгеріп отырды. Крестік жорықтар, революциялар кезінде олар ақырындап баяулай бастады, бірақ тоқтаған жоқ. Көптеген заң актілері құмар ойындарының өткізілуіне тиым салған, дегенмен адамдардың қалаулары үлкенірек болғандықтан олар тоқтатылмаған және жылдан – жылға әйгілі бола түскен. Ойын – сауық индустриясының даму тарихын зерттеудің бірнеше себептері бар. Оның ең бастысы бұрынғы қателіктерді қайта кешірмеу болып табылады. Екінші маңызды себептердің бірі адамның шығармашылық табиғатын зерттеу. Және үшінші себеп, қазіргі таңдағы қоғамның даму тархын зерттеу[3,4].
Ойын-сауық туризмнің ажырамас бөлігі.
Қазіргі таңғы турфирмалар әр түрлі ойын
– сауық турларын ұсынады. Ойын – сауық
турлары бұл бүкіл әлем бойынша әр түрлі
және ең танымал турлар. Оның ең негізгі
мақсаты, әрине саяхат барысында көңіл
көтеру. Ойын – сауық турлары да басқа
турлар секілді шектеулі уақытта болады.
Олардың ұзақтығы көбінесе 2-4 күн. Ең кең
тараған ойын-сауық турлары апта соңында
болатын турлар. Кейбір турлар, тақырыптық
саябақтарды аралауға негізделген турлар
5-7 күнге дейін созылуы әбден мүмкін. Ойын-сауыққа
негізделген турлар көңіл – көтерудің
түріне байланысты болады. Сондай турлар
түрлерінің бірі – демалып жатқан мекендегі
фестивалдық бағдарламаларда, мерекелік
іс-шараларда қатысу. Және ойын-сауық турлары
барысында тақырыптық саябақтарға бару
өте кең таралған. Оларға кіруге арнайы
билеттер сатылынып алынады және көбінесе
ол билеттер жеңілдіктермен берілуі мүмкін.
Ойын – сауық сипатындағы кешкі іс-шаралардың
болуы да мүмкін. Олар арнайы мейрамханаларға,
концерттерге бару болып табылады. Қазіргі
кездегі туристерді тамақтандыру орындары
да өздерінің негізгі қызметтерінен бөлек,
ойын-сауық іс-шараларын ұсынуда. Сондықтанда
турда тамақтануға көбіне кешкі ас
кірмеуі мүмкін. Себебі осындай мейрамханаларда
тамақтанудан бөлек, шоу бағдарламалар
ұйымдастырылатындықтан турфирмалар
үшін олар турдың толық бағасын ақтамауы
да мүмкін. Ойын-сауық түрлері екіге бөлінеді:
Біріншісі, бір реттік турлар – мейрамдарда,
демалыс кездерінде, немесе дәстүрлі фестивальдар
(Венециандық, в Рио-де-Жанейро) ретінде,
қандай да бір ерекше жағдайларда (қаланың
100 жылдығы секілді) ұйымдастырылуы
мүмкін. Екіншісі, әрдайм қызметтегі арнайы
орындарда болатын үлкен – үлкен ойын
– сауық мекемелері (Диснейленд немесе
басқа да тақырыптық саябақтар,
Лас-Вегастағы казино және Сан-Сити
(Оңтүстік Африка)), басқа да аса танымал
емес туристер қызығушылық танытатын,
кішігірім ойын-сауыққа арналған жерлер.
Мұндай жердегі турлар жыл бойы қызмет
көрсетеді[5,6].
1.2
Ойын –сауық индустриясын
ұйымдастыру және
оны басқару
Ұзақ уақыт бойы адамдардың
рухани қажеттіліктерін
Осындай мекемелерге басқару
құрылымын, дұрыс менеджментті
құру, кәсіпорынның экономикалық
тиімділігін зерттеу маңызды.
Қазіргі таңғы тұтынушылар
өз уақытын текке кетірмей,
бір компаниядан максимум
1. стратегиялық жоспар
2. тактикалық жоспар
3. жедел жоспар
Стратегиялық жоспарлау – бұл
кәсіпорынның мақсатымен оның
маркетинг саласындағы
Жоспарлаудың тиімділіктері:
- Басшыны перспективті ойлауға мадақтайды;
- Күш жігер координациясын дәлірек жүргізеді;
- Кейінгі бақылау үшін қызмет көрсеткіштерін анықтайды;
- Кәсіпорынның өзінің міндеті мен саяси көзқарасын дәлірек қарауға мәжбүр етеді;
- Кәсіпорынды – өзгерістерге дайындайды;
- Барлық қызметкерлердің міндеттердің өзара байланысын айқын көрсетеді.
Басқару жүйесінің негізі
Стратегиялық есептерді
- Негізгі ақпарат жүйе қызметіне сыртқы ортаның даму жөнінде әсіресе нарықтың жалпы экономикалық, ғылыми-тенникалық, саяси тенденцияларын бақылау жиынтығы;
- Бақылау қорытындылары кәсіпорын басшысына нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорын мүддесіне қатысты сыртқы ортада жаңа құбылыстардың пайда болуы жөнінде үнемі хабарлап отырады;
- Тиісті маркетинг қызметімен бірге басшылық пайда болатын мәселелерді бірнеше категорияға бөліп топтастырады:
- Тез арада қарастырылып басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін ең жедел мәселелер;
- Келесі жүйелеу кезінде шешуге болатын орташа жедел мәселелер;
- Маңызды, бірақ жедел емес не түбіне дейін анықталмаған құбылысты (мүмкін болатын мәселелер) әрі қарай бақылауды, ерекше хабар мен талдауды жинақталуын қажет ететін мәселелер;
- Нақты талдаудан кейін кәсіпорынға маңыздылығы жоқ болып шыққан және тіпті дұрыс түсінбеген әрі қарай назар аударуға тұрмайтын мәселелер.
- Тез шешуді қажет ететін мәселелер кәсіпорын бөлімінің шешім қабылдауы үшін және уақытша бір белгілі мақсатқа құралған арнайы топтың талқылауы түпкілікті талдау үшін беріледі;
- Мүмкін болатын тактикалық және стратегиялық салдарды алып қарағанда, шешім қабылдау мен оларды орындауды бақылауды кәсіпорынның басшылығының жоғарғы тобында іс жүзінде асырылады;
- Пайда болған мәселелер тізбегі ылғида қайтадан қарастырылып кәсіпорын басшылығының жоғарғы тобымен маңызына қарай топтастырылады.
Әлемдік тәжірибеде туристерді орналастыру, тамақтандыру мекемелері, демалыс орындары да ойын – сауықпен байланысты. Қазіргі заманда әр түрлі қонақ үйлер өзінің негізгі қызметінен бөлек (орналастырудан) туристерге ойын – сауық қызметтерін ұсынуда. Ойын – сауық сегменті қоғам үшін маңызды элемент болып табылады. Өкінішке орай, ойын – сауық түрлерінің, формаларының, әдістерінің көптігіне қарамастан, қазіргі таңғы статистикалық тәжірибеде де, қазақстандық мамандардың зерттеулерінде де ойын – сауық түрлері мен формаларының классификациялары бөлініп көрсетілмеген. Бұл ең алдымен ойын – сауық үрдістерін жүзеге асыратын кәсіпорындардың экономикалық, басқарушылық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылмауына алып келеді. Ойын – сауық үрдістері жасанды және табиғи жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Ойын – сауық үрдістеріне арнайы жағдайлар құру тәжірибесі ойын – сауық индустриясының белсенді дамуына алып келді. Оның қазіргі заманға сай дамуы 20 ғасырдың басында қалыптаса бастады.
Ойын – сауықты массалық және жеке түрдегі деп бөлуге болады. Ойын – сауықтар арнайы дайындалуы немесе аяқ астынан ұйымдастырылуы мүмкін. Кез келген кәсіпорын, оның ішінде казино, ойын-сауық кешені, мейрамханалар, мейлі олар ірі болсын немесе шағын, кішігірім болсын біртұтас құрылымға біріктірілген функционалды бөлімдердің жиынтығынан тұрады, әртүрлі мақсаттағы және әртүрлі қызметтер көрсететін осы бөлімдер өз алдына жұмыс істей отырып, біртұтас кәсіпорынның немесе сауықхананың жемісті жұмыс істеуіне өте зор ықпал етеді. Ойын-сауық, мейрамханалар үшін әрбір қызмет көрсету бөлімінің орыны бөлек. Бөлімдер бір мезгілде бір-бірінен тәуелсіз, сонымен қатар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорында ұйымдастыру жалпы міндеттерден әрбір нақты міндетті кім орындау керектігін және бұл үшін қандай құралдар қолданатындығын анықтауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қызмет арқылы, яғни тапсырмалардың бөлінуі және бірлесулері арқылы әрбір бөлімге қатысты басқару бір бағытта жүргізіледі. Ойын-сауық кешенінің ұйымдастырушылық құрылымы мейрамхананың, казиноның тағайындалуымен оның орналасқан жерімен, қонақтарының ерекшелігімен, оның жан-жақты жаңа үрдісте болуымен, жаңа технологиялардың қолданыста енуімен және басқа да факторлармен анықталады.
Демалысқа деген қатынас ақырындап ғасырдан-ғасырға өзгеріп келеді. Осылай жұмыс аптасы айтарлықтай қысқарып кетті. ХІХ ғасырдың 50 жылдары жұмыс аптасының орташа ұзақтылығы 70 сағатты құрады. Ол тіпті ауыл шаруашылығымен айналысатындардан да ұзағырақ болып кетті. 1920 жылға қарай жұмыс аптасы 50 сағатқа дейін қысқарды. Бұл тенденция ауыл шаруашылығымен қол босамаушылығымен түсіндіріледі. Орташа жұмыс уақытының ұзақтығы сонымен қатар күніне 12-ден 8 сағатқа дейін қысқарып кетті. Жұмыс күнінің саны 7-ден 5 дейін қысқарып кетті. Тұтынушылардың қоғамдық психологиясы айтарлықтай өзгеріп отырады. 1950-70 жылдары, экономика көп өндіріп, ал тұтынушылар көп тұтынатын кезеңде, ал демалыс – алдағы еңбек күшті қайта қалпына келтіру құралы болып саналады. Ал қазір адамдар демалуға деген құқықты өмірдегі маңызды бөлімі ретінде қарастырады. Жаңа тұтынушы баяғыдай көп тұтынуға тырысады, бірақ қазір – бірінші қажеттілікті қанағаттандыру бойынша. Ол көбіне көңіл-көтеруге, әсер алуға, тануға, рахаттануға, өзін-өзі көрсетуге тырысса, ал аз мөлшерде – материалдық құндылықтарға бағыттауға тырысады. Қазіргі нарықта тұтынушының жаңа типі қалыптасты, ол келесідей психологиялық ерекшеліктерге ие:
- Жоғары ақпараттылық;
- Қызметтің сапалы және ыңғайлы болуына жоғары талап;
- Индивидуализм;
- Сана экологизмі;
- Шешімді тез қабылдау;
- Мобильділік (икемділік);
- Демалыстағы физикалық белсенділік;
- Өмірден әсер алу калейдоскопына тырысу.
Өмір сүру дағдысы –
Адамдарды көбіне оқиғалы
Туристік кешендерді дамытуды
басқару әрдайым маркетинг
Осындай шет елде өте әйгілі
ойын – сауық саябақтары
Тұтыныушыларға қызмет жасау
мәселесі жөнінен жаңа
- Компанияның кадр бөлімі жаңа қызметкерлер қабылдау жөнінде арнайы хабар жариялады. Қайда келу, не кию және қаншалықты әрбір оқу деңгейі созылуы мүмкін деген жазба түрде кеңес жаңадан жұмысқа қабылданғандарға берілді.
- Жаңа қызметкерлер жұмысқа қабылданған бірінші күннен бастап танысу семинарына келеді. Олар стөл басында 4 адамнан отырып, аты-жөні жазылған белгі алып, кофе және шырындар ішіп әңгімелеседі. Осындай жағдайда олар өзара танысады. Нәтижесінде әрбір жаңа қызметкер өзінен басқа 3 қызметкермен танысып, ақпарат алады және өзін бір коллективтің мүшесі есебінде сезінеді.
- Танысу кезінде қызметкерлер компанияның қызметімен танысады. Олар өздерінің көңіл көтеру бизнесінде жұмыс істеу керектігін түсінеді. Олар – алдағы уақытта жұмыстары қызығушылықпен, білікті, кәсіби дайындалған және клиенттерге неғұрлым жақсырақ қызмет көрсетуі тиіс бір команданың мүшесі.
- Жаңа қызметкерлерді саябақтың келушілері жиі қоятын сұрақтарға дұрыс жауап беруді үйретеді. Егер қызметкер сұраққа жауапты білмесе, ең қиын және стандартты емес сұраққа арнайы оператордың анықтама телефон номірін теріп жауап ала алады.
- Қызметкерлер компанияның қызметі, персоналға білім беруге ұсыныс және персоналдың біліктілігін көтеретіндігі туралы мағлұматтар бар арнайы газет алады.
- Әр менеджер жыл сайын өз жұмыс орнын қалдырып, бір апта «қиылысты» жұмыста өткізеді. Мысалы, билет тексеру немесе келушілерді аттракциондардан түсіру.
- Компания қызметкерлеріне олардың жұмысқа көңілі толу деңгейі, басшылыққа шағымдары және талаптары жайлы уақтылы сұрақтар қойылып тұрады.
Ойын-сауық кешендері әр түрлі бағыттарда дамуда және тұтынушыларына қызметтің түр – түрін ұсына алады. Мұндай кешеннің дәстүрлі түрі бір ғимаратта көптеген ойын-сауық түрлерінің болуы – бильярд, рулетка, боулинг, сыра бары, мейрамхана, сауна және т.б.
Тәжірибеде, басқару үрдісі бірнеше тәсілдердің жиынтығы арқылы жүзеге асады. Ойын-сауық кешендерін басқарудың ерекшеліктерін бақылау үшін басқару мәселелерін теортетикалық тұрғыдан қарастыру керек.
Ойын-сауық кәсіпорындарын басқару жүйесі қосады:
- Менеджменттің мақсаттары, тәсілдері мен тұжырымдамалары;
- Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері;
- Өнімдер мен қызмет сапасының артуы;
- Өндірісте қолданыладын ресурстарды тиімді қолдану (шикізат, материалдар, элект энергиясы, жұмыс күші);
- Жоспарлау (болжамдау, жоспарлар мен бағдарламаларды қоса);
- Ұйымның құрылымы, бақылу және есептеу;
- Персоналдарды еңбекке ынталандыру;
- Менеджмент жүйесін ресурстік, ақпараттық, құқықтық және ұйымдастырушылық – технологиялық қамтамасыз ету;
- Кәсіпорындардың ішкі және сыртқы қызметі;
- Персоналды басқару;
- Кәсіпорын қызметінің ортасы;
- Басқару мәселелерін қабылдау.
Әрбір басқару жүйесі екі жеке, бірақ
өзара тығыз байланысты жүйелерден тұрады
– басқарылатын және басқаратын. Басқарылатын
жүйеге материалдық игіліктер мен қызмет
көрсетуді қамтамасыз ететін барлық элементтер
жатады. Басқаратын жүйеге кәсіпорынды
басқаратын, адам ресурстарын бақылайтын,
тікелей коллективте мақсатты ықпал ететін
элементтер жатады. Басқару субъектісі
– бұл басқару жүйесінің бір бөлігі, олар
басқару объектісіне тікелей ықпал етеді.
Басқару субъектісін бөліп көрсететін
критерилердің бірі болып басқарушылық
шешім болып табылады. Осыған байланысты
басқару субъектісі де әр түрлі болады.
Ойын–сауық менеджменті – бұл ойын-сауық
кешендерін басқарудың экономикалық әдістерін
материалды және еңбек ресурстары арқылы
рационалды жолмен қойылған мақсаттарға
жетуге бағытталған кәсіби қызметтің
түрі. Сонымен қатар, бұл әлемдік нарықтық
шарттарға сәйкес басқару болып табылады.
Ол мына мәселелерді болжайды: 1.ойын-сауық
кешенінің нарықтың қажеттілігі мен сұранысына
бағытталуы; 2.нақты тұтынушылардың қолдауымен
сұранысқа ие болатын өнімдер түрлерін
өндіруді; 3.өндірудің жоғары деңгейіне
жету, яғни аз шығынмен жақсы қорытынды
алу. Туризм менеджментінің мақсаты –
туристік процесті рационалды ұйымдастыру
жолымен кәсіпорынның пайданы әкелетін
іс-әрекетін қамтамасыз ету, өндірісті
технологиялық базаның дамуын қоса отырып,
сонымен қатар әрбір жұмысшының шығармашылық
белсенділігін көтере отырып кадрлық
потенциалды тиімді қолдану. Әрбір кәсіпорынды
басқарарда оның менеджменттік функциялары
анықталады. Ойын – сауық менеджментінің
негізгі атқаратын қызметтері: ойын –
сауық кешендерінде өндіріс автоматизациясын
қамтамасыз ету,біліктілігі жоғары мамандарды
таңдау, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің
жұмысын орталықтандыру, жаңа қызмет түрлерін
ұсына білу

- Ойын теориясының элементтері
- Ойын технологиясы
- О кpосс – культурном менеджменте
- Оказание бесплатной юридической помощи
- Оказание консультационных услуг на ООО «Газпром Добыча Ямбург»
- Оказание неотложной медицинской помощи при черепно-мозговой травме
- Оказание парикмахерских услуг
- ОЗУ в устройствах динамической индикации
- Ойконимия Австралии и Новой Зеландии
- Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет
- Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
- Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері
- Ойын - психокоррекция құралы ретінде
- Ойын-сауық бизнесіндегі көңіл көтеру мекемелерінің алатын орны