Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Салық салуды
ұйымдастыру мемлекеттің өз қызметтерін
қамтамасыз етуін жүзеге асырады, бұл
экономиканың салықтық реттеу міндеттілігін
анықтайды. Бұл рационалды құрылған
салық жүйесінің салық
Салық жүйесінің қызмет етуінің мәселелері нарықтық қатынастар қалыптасуының барлық кезеңдерін өтпеген және өз салық жүйесі болмаған ел үшін өте өзекті болып табылады. Салық салу мәселесін зерттеу оның мемлекеттің құрылуымен пайда болатынын, сонымен қатар қоғамдық және жеке, мемлекеттік және корпоративті мүдделерді байланыстырады.
Бүгінгі күнге дейін салықтар, салық салу, салық саясаты туралы теориялық - әдістемелік мәселелердің талқылаушылық сипаты салық салу жүйесін құрудың қиындығын, оның мәні туралы біртұтас көзқарастың жоқтығын көрсетеді.
Салық жүйесі - әрі салық алу үрдісі, әрі әлеуметтік құбылыс, әрі экономикалық категория ретінде сипатталады. Салық және салық жүйесі сияқты өзара байланысқан түсініктердің біржақты түсінілмеуі салықтар саласындағы мемлекеттік саясаттың даулы мәселелеріне әкелді.
Диплом жұмысының мақсаты
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған мына міндеттерді шешу қажет:
- ҚР салық жүйесінің мәні және маңызын анықтау;
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдерін анықтау;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің түсуіне талдау жасау;
- салық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі ойын бизнесі салығы болып табылады.
Зерттеу пәні. Салық жүйесінің қызмет етуімен байланысты қаржылық қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың монографиялары мен мақалалары, салықтық және қаржы-бюджеттік қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар қолданылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің, Қаржы министрлігінің материалдары, Шығыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының есептері, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, республикалық, облыстық және аудандық бюджеттердің орындалуы туралы мәліметтер, сондай-ақ факторлық, салыстырмалы және статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Салықтық жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерін кешенді зерттеу және салық жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу диплом жұмысының ғылыми жаңалығы болып табылады.
Жұмыстың практикалық маңызы мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде басқарушылық шешімдерді өңдеу, салық жүйесінің аймақтық компонеттерін жетілдіру үшін зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын пайдалану мүмкіндігінде болып отыр.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Соңғы жылдары нарықтық экономикаға өткен елдердегі үрдістерге қадағалаушылардың барлығы орталықтындырылған жоспарлы шаруашылықтың оң өзгерістерінің барлығы бұл елдердегі нарықтық экономиканың қызмет етуі үшін бүкіл мемлкеттің экономикалық саясатын белгілейтін тиімді салық саясатын құруды қаншалықты жылдам және табысты құруынан байланысты екенін атап көрсетеді.
Салық саясатының маңызды құралы салық жүйесі болып табылады. Ол меншік формасына тәуелсіз шаруашылық субъектілерінің қызметінің мотивациясы шарттарын құруға, кәсіпкерлік қызмет және еңбек белсенділігін ынталандыруға, жекелеген азаматтардың әлеуметтік ақталмаған ақша кірістерін шектеуге, инфляциялық теңдікті ескеру арқылы бағалар мен кірістердің өсуін шектеу, мемлекеттік бюджеттің кіріс базасының өсуі мен нығайтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Түптеп келгенде, салық жүйесі экономикалық және салық саясатының құралы ретінде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық саясатының жүзеге асуына және тиімділіінің жоғарылауына көмектесуі керек.
Экономикалық мазмұны бойынша салық жүйесі әртүрлі мемлекеттер арасындағы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы, жекелеген салық төлеушілер арасындағы, аймақтар, муниципалдық құрылымдар, сонымен қатар, оған қатысушы кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалардың арасындағы мемлекет қызметінің қаржылық қамтамасыз етілуі жөніндегі күрделі өзара байланысқан әлеуметтік – экономикалық қатынастар жүйесі.
Бұл өзара қатынастардың неғұрлым гармониялы болуына байланысты салық жүйесінің елдің экономикалық саясат тиімділігіне әсері соғұрлым белсендірек болады.
Салық жүйесінің белсенділі негізінен оның екі қызметін орындауынан көрінеді: фискальдік және реттеушілік. Салық төлеушілердің мемлекет алдындағы міндеттерін бейнелейтін салықтардың фискалды қызметі экономикалық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ететін кірістерді құруға мүмкіндік береді. Салықтардың реттеушілік қызметі мемлекеттің салық төлеушілер алдындағы қызметін бейнелей отыра, экономикаға оның тең бөлікті және позитивті дамуын қамтамасыз ете отыра ынталандырушы әсер етеді.
Салық жүйесінің бақылаушылық, қайта үлестірушілік және ынталандырушы қызметтерін жүзеге асыруда, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуда мүмкіндіктері көп. Салық жүйесінің аталған қызметтері салық саясаты, салық ставкалары және көлемі, жеңілдіктер және санкциялар жүйесі, салық несиелері және жеңілдіктері арқылы көрінеді. Алайда әрбір жекелеген сәтте экономикалық саясаттың мақсаттарына, міндеттеріне, құрылымына сәйкес артықшылық салық жүйесінің фискалдық, не реттеуші қызметтеріне берілуі мүмкін. Гармониялы салық жүйесінің, оның елдің экономикалық біртұтас кеңістігін құрудағы құрамдас бола алу қабілеті осыдан көрінеді.
Салық жүйесі «Бұл салық төлеушілердің және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында бір – бірімен өзара бйаланыста болатын салықтар жиынтығынан құралатын белгілі бір кешен. Бұл жүйенің құрамына келесілер енеді:
1) салық қатынастарын еттейтін заңдық және нормативтік база;
2) салықтар және басқа міндетті төлемдерді алу әдістері, салық салудың қағидалары, салық элементтері;
3) салықтық бақылау жүргізудің түрлері және нысандары (салықтық есептемеге камералдық бақылау, салық төлеушілер мониторингі, құжатық және рейдтік салықтық тексерулер);
4) салықтар және басқа міндетті төлемдерді алу қызметтеріне енетін ұйымдар, атап айтсақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, салық органдары, қаржы полициясы.
Салықтардың экономикалық мәнін алғаш рет экономикалық теориядағы классикалық мектептің көрнекті өкілдері А.Смит пен Д.Рикардо зерттеген.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, салықтар дегеніміз- азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір мөлшерде және нақты мерзімде мемлекеттік бюджетке төлейтін міндетті төлемдері [10].Біздің пікірімізше, салықтар тек фискалдық құрал ғана емес, шаруашылық өмірге саналы әсер ету қүралы.
Салықтардың мәні олардың мазмұнымен тығыз байланысты. Салықтардың экономикалық мазмұны мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтар арасындағы мемлекеттік бюджет кірісін калыптастыру барысында туындайтын өзара ара қатынасын сипаттайды. Бұл өз кезегінде олардың атқаратын функциялары арқылы іске асады. Салықтардың функциялары туралы алуан пікір қалыптасқан. Олар көптеген экономикалық әдебиеттерде әртүрлі нұсқада келтіріледі.
Қазіргі ұғымда, салықтар қанша қызмет атқарса да оның ішіндегі ең бастылары:
А) фискалдық;
Б) қайта бөлу;
В) реттеушілік және ынталандырушылық.
Бұл функциялар бір - бірімен өзара тығыз байланысты. Фискалдық функция арқылы салықтардың басты міндеті жүзеге асырылып, мемлекет қаржымен қамтамасыз етіледі.
Қайта бөлу функциясы арқылы әртүрлі меншік нысанындағы субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді.
Реттеушілік функциясы салық түрлері, элементтері, салық менеджменті тәрізді құралдар арқылы ұлттық шаруашылықтың даму барысына ықпал етеді. Біздің пікірімізше, салықтық реттеу дегеніміз - экономикаға, оның ішінде нақты өндіріс саласындағы шағын және орта бизнеске жоғарыда аталған құралдар арқылы тікелей немесе жанама әсер ету болып табылады.
Бұл құралдар тиімді қызмет жасауы үшін қаржыландыру, несиелеу, жоспарлау тәрізді экономикалық өзге де тетіктермен тығыз байланыста болуы шарт.
Салықтық реттеудің көздейтін екі мақсаты бар:
- біріншіден, халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілер
табысының бір бөлігін мемлекет үлесіне алу; - екіншіден рыноктық экономиканың мемлекеттік реттеу жүйесін
қамтамасыз ету.
Салықтың ынталандырушы
Қазақстан Республикасының Ата Заңында салық төлеудің міндеттілігі ашық көрсетілген. Біздің пікірімізше, осыған орай тек салық төлеудің міндеттіліғін ғана емес, әділдігін, айқындығын да Қазақстан Республикасының Ата Заңында заң түрғысында белгілеген жөн. Салық заңнамасының ережелері салық салу қағидаларына қайшы келмеуі керек. Мемлекет мүддесі мен қажеттігіне сәйкес салық түлері мен салық салу әдістері өзгеріп, өңделеді және сәйкесінше олардың мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерінде алатын орыны да өзгереді. Біздің пікірімізше, қандай өзгерістер болса да елдің салық жүйесі мынадай қағидаларға сай болуы шарт:
1) салықтар мүмкіндігінше аз болуы тиіс;
2) салық салу шығындары мейлінше төмен болуы керек;
3) екі жақты салық салуды болдырмауы қажет;
4) салықтар бәсекеге кедергі келтірмеуі тиіс;
5) табыстарды әділетті бөлуге бағытталуы қажет;
6) салық мөлшері мемлекет қажетіне сәйкес болуы керек;
7) адамның жеке өмірін құрметтеуі керек;
8) коммерциялық қүпияны сақтауға кепілдік беруі тиіс;
9) салықтар құрылымдық саясатқа сәйкес болуы керек
Құрамының толықтылығынан басқа, келтірілген анықтамаларда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Демек, біздің ойымызша, салық жүйесін мемлекетте қызмет ететін салықтардың, салық салу әдістері мен тәсілдерінің, салық заңнамасы мен оған қатысты заңнамалық кесімдердің, сондай-ақ салық қызметі органдарының жиынтығы деп тұжырымдаған дұрыс.Көптеген экономист-ғалымдар да, кәсішсерлердің өздері де салық шағын және бизнестің дамуын тежейтін бірден-бір құрал деген пікірде. Біздің пікірімізше бүл қисынсыз тұжырым. Өйткені қазіргі таңда біздің елімізде шағын және орта бизнестің қалыпты дамуына кедергі болып отырған фактор - салықтардың өздері емес, ең алдымен салық жүйесінің тұрақсыздығы. Өйткені салық жүйесіне жиі енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың өздері де кәсіпкерлік қызмет барысына өзіндік ықпалын тигізері сөзсіз. Енді нақты атап айтатын болсақ:
Бұл жүйенің құрамына келесілер кіреді:
Сурет 1 ҚР салық жүйесінің құрамы
1) Заңдық және құқықтық база, оның мақсаты салық қатынастарын реттеу(салық кодексі, жарлықтар, шешімдер, бұйрықтар, т.б.):
- салықтарды жинау әдістемесі;
- салықтық бақылауды жүзеге асыру түрлері мен формалары (салық төлеушілер мониторингі, құжаттық тексерістер, рейдтер);
- салық органдары.
Қазақстан Республикасы салық жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы барысында
келесідей сатыларды бөліп
2) «ҚР салық жүйесі туралы» Заң (25.12.1991ж.).
3) «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» ҚР президентінің жарлығы (24.04.1995ж.).
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексі (12.06.2001ж.).
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық кодексі (10.12.2008ж.).
Елімізде салық саясатында алғашқы
қабылдалған заң барысында
Қазіргі заманғы салық жүйелері қағидалардың бірнеше түрін пайдаланады :
Сурет 2 Қазіргі заманғы салық жүйесінің қағидалары
Дегенмен, еліміздің экономикасының дамуының жаңа сатыға шығуы 2001 жылы жаңа Салық кодексін қабылдауды талап етті. Уақыт өтуіне қарай осы Кодекстің өзіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, Қосымша құнға салық, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы төмендетілді (2004 жыл 1 қаңтар).
1)Жалпылығы, яғни барлық экономикалық субъектілерді қамту.
2)Тұрақтылық, яғни салықтардың барлық
түрінің және мезгілді салық
3)Жүктемені тең бөлу, яғни барлық салық төлеушілер үшін сол мөлшерлеме бойынша сәйкесті салық төлету.
4)Міндеттілік.
5)Мәжбүр ету, яғни төлемнің сәйкесті болмай қалмайтыны, салықты есептеу мен төлеуде субъектінің тәуелсіздігі.
Осы құрылымды талдай отыра салық жүйесі дегеніміз – салықтың жиынтығы (алымдар), сондай-ақ салықтық бақылау әдістері мен нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік.
Салық жүйесінің негізгі түсініктері: салықтық ауыртпалық, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық жеңілдіктері.
Салық жүйесінің түрлері:
А) Қосарланған салық салудың классикалық жүйесі.
Б) Корпоративтік салықтан корпорациялық бөлінетін пайданы толық босату жүйесі.
В) Акционерлер деңгейінде салық салуды төмендету жүйесі.
Салықтың атқаратын төрт маңызды қызметтері: қазыналық, әлеуметтік, реттеушілік, ынталандырушылық [3].
Сурет 3 Салықтың атқаратын қызметтері
Қаражаттың мемлекеттік
Салықтың реттеушілік қызметі – ол мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғайған кезінде туындайды.
Ол мақсатты бағытталған түрде қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ұлттық шаруашылықтың дамуына әсер етеді.
Бұл орайда, салықтың нысандарын таңдау,
олардың мөлшерлемелерін алу, жеңілдіктер
мен төмендету әдістерін
Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, жинақтау және тұтыну мөлшеріне әсер етеді.
Ынталандыру қызметі – жеңілдіктер, артықшылықтар және ерекшелік жүйесі арқылы байқалады.
Ынталандыру реттегіштері, көбінесе, салық төлеушілерді өндіріс пен өндірістік емес құрылыстың дамуына, мүгедектер мен зейнеткерлерді, қайырымдылық қызметін және т.б. қамсыздандыру шығынын қаржыландыру мәселелеріне ынталандыруда пайдаланылады.
Салық жүйесі барлық әлемде жалпы қолданылатын бірқатар қағидаларда негізделуі тиіс: жариялылық, ашықтық, төлету мен есептеудің қарапайымдылығы, салық жүйесінің икемділігі, салық төлемінің бұлтартпастығы, салық жүйесінің тұрақтылығы.
Экономиканы салықтық реттеу әдістері салықтар мен алымдарға заңның енгізілуімен, салық салуға мөлшерлемені белгілеумен, салық жеңілдіктерін берумен байланысты.
Салық жүйесі - күрделі қаржы салымын ынталандыру механизмінің құрамдас бөлігі. Ал, мемлекетте шағын және орта бизнестің өркендеуіне жағдай жасау барысында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру әсіресе, рыноктық экономика жағдайында өте маңызды макроэкономикалық міндет болып танылады.
1.2 Ойын бизнес салығының қызмет ету механизмі және экономикалық мәні
Ойын бизнес салығы –
жанама салықтың бір түрі болып табылады
. Ойын бизнес салығы сонымен қатар
ойын бизнесі мен лотореяны ұйымдаст
Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады: ойын бизнесі, лотореяны ұйымдастыру мен өткізу.
Мыналар:
А) Ойын бизнес салығын төлеушінің қызметін жүзеге асыратын мынадай операциялары:
1) Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;
2) Лотореяны ұйымдастыру мен өткізуі;
Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ойын столы, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы, тотализатор кассасы, букмекер кеңселерінің кассасы салық салу объектілері болып табылады.
Лоторея ұйымдастырушысының лоторея билеттерін сатуға шығаруы лоторея бойынша салық салу объектісі болып табылады.
Лотерея билеттерін
сатуға шығарудың әрбір
Лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Мынадай:
Суре 4 Ойын саласындағы қызметтердің түрлері
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызмет
Салық салу обьектілері:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор
кассасы;
4) тотализатордың
электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің
кассасы;
6) букмекер кеңсесінің
электронды кассасы ойын бизнесіне салық
салу объектілері болып табылады.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
Сурет 5 Салық салу обьектілері
Кесте 1
Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
ойын үстеліне |
айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшері |
ойын автоматына |
айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшері |
тотализатор кассасына |
айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшері |
тотализатордың электронды кассасына |
айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшері |
букмекер кеңсесінің кассасына |
айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшері |
букмекер кеңсесінің электронды кассасына |
айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшері |
1) ойын үстеліне – айына айлық есептік
көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына айлық есептік
көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор кассасына - айына айлық
есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық салу объектілері
айдың 15-ін қоса алғанға
Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
Сурет 6 Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері
1) казино қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің
135000 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматтары залы қызметінен
- айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген
мөлшерін;
3) тотализатор қызметінен - айлық есептік
көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерін;
4) букмекер кеңсесі қызметінен - айлық
есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерін
құрайды.
Белгіленген табыстың шекті мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
Ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі бойынша салық органына табыс етіледі.
Ойын саласына қатысты салықтың бір түрі – ол тіркелген салық болып табылады.
Тіркелген салыққа қатысты қолданылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
1) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда
саңылаулары) бар және оларсыз бильярд
ойынына арналған арнаулы үстел;
2) ойын жолы - боулинг
ойынына арналған арнаулы жол
(кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар
өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық
(механикалық, электрлi, электронды және
өзге де техникалық жабдық);
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейiн жететiн екiтактiлi двигательдi, көлемi шағын жарыс автомобилi.
Сурет 7 Тіркелген салыққа қатысты ойындардың түрлері
Тіркелген салықты төлеушілер:
- ұтыссыз ойын автоматтарын;
- ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
- ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
- картты (картинг);
- бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз
ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5)карт;
6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкасының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
12 |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
18 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
83 |
Карт |
2 |
12 |
Бильярд үстелі |
3 |
25 |

- Ойын - психокоррекция құралы ретінде
- Ойын-сауық бизнесіндегі көңіл көтеру мекемелерінің алатын орны
- Ойын-сауық индустриясы
- Ойын теориясының элементтері
- Ойын технологиясы
- О кpосс – культурном менеджменте
- Оказание бесплатной юридической помощи
- Озоновые дыры
- Озоновый слой
- Озоносфера
- ОЗУ в устройствах динамической индикации
- Ойконимия Австралии и Новой Зеландии
- Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет
- Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы