Ойын технологиясы
Жоспар
- Кіріспе
-Ойын туралы ұлы ойшылдардың пікірлері
II. Негізгі бөлім
2.1 Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі
2.2.Оқу жұмысындағы ойын технологиясының қолданудың тиімділігі.
2.3. Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтері.
2.4. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері.
2.5 Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
2.6.Ойынның түрлері
А) Дидактикалық ойындар
Ә)Ұлттық ойындар
III.Қорытынды бөлім.
Оқу жұмысындағы ойын технологиясының маңызы.
Әдебиеттер тізімі.
КІРІСПЕ
Еліміздің егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару- оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас- ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекмелерінің алдынан күрделі міндет тұр. Ол- оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде саласының алдына қойылған талаптар- оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтар да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану- бұл проблеманы шешудің бірден- бір жолы.
Ойын- күрделі философиялық, педагогикалық ұғым. Философия адам мәселесін зерттегендіктен, бұл жерде адамның санасы мен ойын арасындағы қарым-қатынас жайы тыс қалмайды. Мысалы, сонау ерте заманға грек ойшылдарынан бастау алатын ойын теориясы қазірге дейін өрбу, даму үстінде.
Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын «Мәңгілік- шахмат ойнап отырған бала». Платон ойын теориясын қалыптастырушы ретінде назарға алынады, оның пікірінше, ойын –әрі жоғары ақыл, рахаттану, қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс.
Осының нәтижесінде қазіргі кезеңде ойынды философиялық тұрғыдан ұғындыруда мынадай теориялар қалыптасқан:
- Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосы
з,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды. В.М. Сухомлинский . - Ойын- артық күштен арылу жолы (Ф.Шиллер., Г.Спенсер).
- Ойын балаларды ересек өмірге дайындайды (К.Гросс, К.Блююллер)
- Ойын- мәңгілікке ұштасатын құбылыс (Платон, Демокрит).
- Функционалды тенденция теориясы (Д.Н.Узнадзе, т.б.)
Педагог ғалымдар ойынның оқыту процесіне оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынадай пікір айтады.
А.С. Гуревич, А.В. Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н. Скатова, Р.И. Половникова, В.К. Романт оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырамыз. Біз ойынды әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
1.Ойын – оқытудың жаңа технологиясының маңызды бөлігі
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде
“ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс
пен мәдениеттің түрлі
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойынды ерте
заманнан үлкендердің іс-тәжірибесін
жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін
пайдаланған. Ойын халық педагогикасында,
мектепке дейінгі және мектептен
тыс мекемелерде кеңінен
Оқыту барысында ойын технологиясының тиімділігі.
Адамзаттың
көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі
ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді.
Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген
жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу
тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша
ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және
мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен
демалысты өткізу мәселесінен туындағын.
Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір
бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса
қажетті көрініс құбылыс. Сабақта тиімді
қолданылған ойын түрлері \ мұғалімнің
түсіндіріп отырған материалын оқушылардың
аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекші бола алады.
Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне
байланысты ойынға өте ынталы келеді.
Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез,
әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың
оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында
балалардың белсенділігі, шығармашылығы
дамиды. Ал мұғалімнің міндеті \ балаларды
ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен
қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам
мәдениетінің өзара байланысы ғылыми
түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы
маңызы анықталды, оның психологиялық
және әлеуметтік факторлармен келісімі
жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары
әлі де білім беру саласында жаңа инновация
болып табылады. Педагогикалық технология
ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін
педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің
кең көлемді топтарын біріктіреді, оның
жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда
нақты мақсатының қойылуымен және оның
оқу\ танымдық бағыты сипатталған, негізі
салынған педагогикалық нәтижесіне сай
анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері
мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.
Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі,
іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды.
Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын
арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені
көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің
қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы
оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру
қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр
оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы,
даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан
оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде
талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері
кез келген оқушының қызығушылығын тудырады.
Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын
арқылы берілген тапсырмаларды асқан
қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.
Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын
ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,
зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс
- тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда,
мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып,
әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар
қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын
сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық
ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында,
қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында
да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың
ой\өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен
қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды
саналы да берік меңгеруге үлкен әсер
етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық
ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар,
сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға
да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында
үйренген сөздерін айтып қана қоймай,
оның қандай мағынада қолданылатынын
да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмүнымен
тығыз байланыста жүргізілгенде ғана
дұрыс нәтижелер береді.
Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Өзінің қазақстандық екенін, Қазақстанда туғаннан әрбір бала мақтаныш ете алса ғана-біздің бұл ісіміздің нәтижелі болғаны. Сонда ғана біз, ұстаздар, бүгінгі заман алдымызға қойып отырған күрделі міндетті абыроймен атқарып, еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеп өсірдік деп сеніммен айта аламыз. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Сабақ барысында ойын түрлерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Сабақты ойын түрінде өткізу шәкірттердің білімге ынта-ықыласын арттырады. Оқытудың түпкі мақсаты - оның сапалы болуы. Яғни, сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оны әдіскерлік, танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейге көтеру. Оқытудың тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейту де осы міндеттерден туындайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану - сабақтың әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе алты жастан бастап оқытудың ойын әдістеріне көп көңіл бөлу керек. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да, ол сабақтың, еңбектің жиынтығы. Ойын түрлерінен тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады.
Оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім-тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал-мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар
қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың
ой-өрісін қалыптастыратын, білгірлікке
шындайтын бірден-бір құрал
1.2. Оқу жұмысындағы ойынның атқаратын негізгі қызметтері:
Педагогикалық
ойындардың функциясын мұғалімнің дұрыс
түсінуі оқу үрдісіндегі ойын
технологиясының орны мен рөлін
анықтайды. Ойын элементтері мен оқытуды ұштастыру мқғалім
шеберлігіне байланысты. Кез-келген ойынның
өзіндік пайдасы бар. Ойынның бірнеше
маңызды функцияларына
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі.
4. Коммуникативтік ойын.
5. Ойынның диагностикалық функциясы.
6. Ойынның емдеу функциясы.
7. Ойынның түзету функциясы.
8. Ойынның көңіл көтерту функциясы.
Енді әр функцияны қысқаша сипаттайық.
1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойын - баланы әлеуметтендірудің бірден-бір құралы. Ол бір жағынан тұлғаның қалыптасуына, құрбы-құрдастарына, қоғамға тән рухани құндылықтар мен нормаларды, білімді игеруге мақсатты түрде бағытталса, екінші жағынан адамның қалыптасуына аяқ астынан әсер ететін әлеуметтік бақылау үрдістері болып табылады. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгісі мәдени байлықты, тәрбие әдеуетін игерген ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Бұл функцияның мақсаты ұлтына, нәсіліне қарамастан барлық адамдарға тән әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгерту болып табылады. Ойындар арқылы кез-келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әртүрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатыгездіксіз шешуге, әр қилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді. Ойында шекара жоқ. Ұлттық ойындар, ұлтаралық ойындар, әртүрлі салалық ойындар, бүкіл адамзатқа тән ойындар көптеп саналады.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Бұл ойынның функцияларының бірі. Адамға ойынның өзін іс жүзінде көрсетіп, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызы зор. Сол себептен ойын үрдісі адам үшін маңызды. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді. Адам өмірінде үнемі ойын жағдаятына кездесіп тұрады. Соны шешу арқылы адамның ой-µрісінің дамуы көрінеді.
4. Коммуникативтік
ойын. Белгілі бір ережесі болса
да ойын коммуникативті әрекет.
Ойын оқушыларды адам қарым-
5. Ойынның диагностикалық
функциясы. Диагностика - диагноз
қою үрдісі, білу қабілеті. Адамның
басқа іс-әрекетімен
6. Ойынның емдеу
функциясы. Ойын адамның
7. Ойынның түзету
функциясы. Ойынның әрбір
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Көңіл көтеру - түрлі нәрсеге, әртүрлі әрекеттерге ұмтылу. Ойынның көңіл көтеру функциясы жеке тұлғаның тұрақтануы мен рухани қуанышын қалыптастыру, сондай-ақ жағымды атмосфера құрып, белгілі бір жағдайларда жайлы жағдай орнатумен тығыз байланысты. Ойындағы көңіл көтеру үнемі ізденіс жағдайында өтеді. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.
Ойын технологиясының негіздері.
Ойын-бұл да әрекеттін бір түрі оны қолдану барысында оқу міндеттері ашылады.Ептілік пен дағды, білімнің жоғары сатыға қамтамасыз ету шешімі, оқу жағдайы немесе мұғалімнің құрастырған жағдайы белгілі мәселе қою арқылы оқу тапсырмаларында түсіндіріледі.
Ойын - әрекеттің қажетті түрі арқылы оқушының жинақталған өмірлік тәжірибесі көрінеді, қоршаған ортаға деген көзқарастары терендейді және бекітіледі, оларға қажетті табысты еңбек әрекеттері мен дағдылану, ұйымдастырушылық қабілет тәрбиеленеді.
Ойын-мұғалім әрекеті тарапынан , бақылау мен бағалаудан тыс еркін тәртіп ережелерінен тұратын қызмет түрі.
Әрбір ойында жарыс элементтері бар. Жарыста оқушының жеңіске деген құштарлығы, белсенділігі туындайды. Жарыс элементтері эмоциялық қызығуды арттырады, оқушының өзін-өзі бағалау әрекетін жандандырады. Оқушы жарыста өз еңбегінің нәтижесін сыныптастарының нәтижесімен салыстырып өзінің көрсеткіштерін жақсартуға тырысады
Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту
2 Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық
3. Репродуктивті, продуктивті , шығармашылық
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету және т.б.
Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.
Оқыту ойыны- бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.
Бақылау ойыны- бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.
Сабақта ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:
-өздік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту
-жағымды ойлай білу ептілігі
-өзара әрекет етуді ұйымдастыру
- шешімді қабылдау
және оның орындалуын
Ойын технологиясының оқытудың сатылары:
Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу .
1.2. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері
Еліміз егеменді ел болғалы бері келелі де ауқымды өзгерістер жүруде. Саяси, экономикалық, қаржылық т.б. салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару - оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Осыдан білім беру мекемелерінің алдында күрделі міндет тұр. Ол - оқушыны саналы ойлайтын ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.
Қазіргі кезеңде математиканы оқыту әдістемесі ғылымында ізденістер, жаңалықтар болып жатыр. Түрлі әдістемелік жүйе, әдістер мен тәсілдер мектепте математика пәнін оқыту үрдісіне енуде. Мысалы: Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологияларының элементтері» , «Блум таксономиясы» т.б
Қазіргі білім саласының алдына қойылған талаптар - оқушыларға білімді тереңдетіп беру. Мұны кейінгі жылдары шыққан оқулықтардан да көруімізге болады. Мұндай жағдайда оқушының алдында үлкен мәселе: оқушыны қалайша шаршатпай, енжарлыққа салдырмай терең білім беруге болады? Осы тұрғыдан алып қарағанда оқыту үрдісінде ойын әдісін қолдану
- бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы. Сыныптардағы математика сабақтарын ойын әдісімен оқыту жұмыстары мынадай бірнеше маңызды мәселелерді шешеді: біріншіден, оқушылар ойын кезінде бір-бірімен тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, бір-бірімен қарым-қатынастары артып, ұнамдық қасиеттері дамиды, бұл оқушылардың логикалық ойлары дамитыны сөзсіз; екіншіден оқулықта берілген материалдарды қызығып, ынта-жігермен оқиды, бұл оқушылардың білімді сапалы меңгеруін қамтамасыз етеді, үшіншіден, оқушылардың арасында жарыс пайда болады, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, төртіншіден, оқушылар шығармашыл ойлауға дағдыланады. Ойын түрінде оқыту барысында әртүрлі түрткінің тәсілдерін қолданады.
1. Қарым-қатынас түрткісі.
2. Моральдік түрткілер.
3. Танымдық түрткілер.
1. Қарым-қатынас түрткісі. Оқушылар ойынға қатыса отырып, бір мақсатты шешу арқылы қарым-қатынас жасауды, жолдастарының пікірімен санасуды үйренеді. Ұжымдық тапсырмаларды шешу барысында оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады. Тәжірибелік іс-әрекет кезінде тез ойлай білетін, жылдам, әрі мұқият жұмыс істейтін байқампаз, сын тұрғысынан қарай білетін балалармен бір топта болудың тиімді екенін байқайды. Ойын кезіндегі біріккен эмоционалды қобалжулар өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді.
2. Моральдік түрткілер. Ойын кезінде әр оқушы өзінің білімін, дағдысын, мінез-құлқын, ерік-жігерін, адамдарға және іс әрекетке деген қарым-қатынасын көрсетеді.
3. Танымдық түрткілер. Әрбір ойынның аяқталуы оқушылардың мақсатқа, жеңіске жету жолында басқалардан білімінің, дағдыларының, спорттық қабілетінің жоғары болуына итермелейді. Топтық ойында әрбір оқушы бас кезінде тең жағдайда болады. Бірақ ойынның қорытындысы әр оқушының дайындығына, қабілетіне, мінез-құлқына, біліміне, шыдамдылығына тәуелді. Кейбір ойындарда оқушылар әлеуметтік бет перде киіп, өздерін тарихтың белгілі бір тұлғасы ретінде сезінеді. Ойында табысқа жету танымдық қызығушылықтың дамуы үшін жағымды эмоция тудырса, ал жеңілген жағдайда танымдық іс-әрекетін жоғарылату қажеттігін тудырады. Ойын балалар үшін бәсекелестігімен тартымды. Ойыннан алынған рахаттану сезімі сабақтарда жағымды жағдай тудырып, пәнді оқуға қызығушылықтарын арттырады. Ойындағы алынбаған жауап балалардың ойлау әрекетін белсендендіріп, жауабын табуға тырыстырады. Ойын барысында ортақ мақсатқа жету үрдісіндегі ойлау іс-әрекеті белсендіріледі. Ойлау танымдық мақсаттарды шешуге бағытталады.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін көптеген ойындар арқылы басқару қажеттілігі туындайды.
Ойынды таңдау баланың
белгілі бір тєрбиелік
Бірінші деңгейдегі мақсат – ойын үрдісінен рахаттану. Егер ойын балаға қуаныш әкелетін болса, онда бала кез-келген белсенділікке дайын болады.
Екінші деңгейдің мақсаты – функционалдық. Ол ойын ережесінің сақталуы, көріністер ойнау, рөлдерді орындаумен байланысты.
Үшінші деңгей ойынның шығармашылық мақсатын айқындайды. Шешу, табу, қорытындыға жете білу жолындағы іс-әрекетті көрсетеді.
Ойын - күрделі математикалық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше "ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.
К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырды. Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік - мотив –мақсат- ойын іс-әрекеті - нәтиже.
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
а) Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастырады:
ә) Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
б) Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
в) Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Педагог ғылымдар ойынның оқыту процесінде оң әсерін тигізетініне келісе отырып, мынандай пікір айтады.
Белгілі педагог Ю.К.Бабанский ойынды "как мощное средство стимулирования познавательного интереса учащихся" - деп көрсетсе, педагогтардың арасында ойын іс-әрекетін педагогикалық құбылыстардың қай түріне жатқызу жөнінде бір пікір жоқ. А.С.Гуревич, А.В.Килиниюктер ойынды оқытудың активті түрі деп қарастырса, Н.Н.Скатова, Р.И.Половникова, В.К.Роман оқытудың ойын әдісі дейді. Тағы бір ғалымдар оқытудың ойын элементтері деп қарастырады. Біз ойынды әдіс деп қарастырамыз. Себебі әдіс секілді ойын кезінде оқушымен оқытушының арасындағы байланыс туындап оқыту процесінде тактиканы емес, стратегияны анықтайды. Біз ойынды іштей жөндей отырып оның мынадай элементтерін өзара тығыз байланыста болатынын атап көрсеткіміз келеді.
Ойын элементтері ойынның біртұтас құрылысын береді. Ойын құрылысында алдымен оқытудың мақсаты тұрады.
Ойын - өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. Адам әрекетіндегі ойын құрылымының кезеңдері:
1) мақсат қою;
2) жоспарлау;
3) мақсатты жүзеге асыру;
4) адамның өзін
субъект деп табуын
С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс-әрекет түрі. Көптеген ойындар келесі түрлерімен ерекшеленеді:
1) еркін дамыйтын әрекет;
2) шығармашылық әрекет;
3) тікелей немесе жанама ережелер.
Ойын технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың
оқуға, еңбекке деген белсенділігін,
қызығушылығын арттырудағы
Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды.

- О кpосс – культурном менеджменте
- Оказание бесплатной юридической помощи
- Оказание консультационных услуг на ООО «Газпром Добыча Ямбург»
- Оказание неотложной медицинской помощи при черепно-мозговой травме
- Оказание парикмахерских услуг
- Оказание первой медицинской помощи пострадавшим
- Оказание платных услуг осужденным
- Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет
- Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
- Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері
- Ойын - психокоррекция құралы ретінде
- Ойын-сауық бизнесіндегі көңіл көтеру мекемелерінің алатын орны
- Ойын-сауық индустриясы
- Ойын теориясының элементтері