Ойлау туралы курстық жұмыс көлемі 40 бет
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
- 1.1 Ойлау.
9 - 1.2 Ойлаудың
психологиялық териясы.
12 - 1.3 Ойлаудың
негізгі формалары.
21
2. ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. АҚЫЛ–ОЙ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ. ОЙЛАУ ҚАСИЕТТЕРІ.
2.1
Ойлаудың негізгі түрлері.
2.2
Ақыл–ой операцияларының
2.3
Ойлау қасиеттері.
3. ОЙЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. ОЙЛАУДЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.
- Ойлауды
зеттеу әдістері.
34 - Ойлаудың
даму ерекшеліктері.
37 - Баланың
ойлауының дамуы.
38
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Когнитивтік психологияның
Ойлау процесі шығармашылық
Өткен ғасырдың елуінші
Джонсон–Лэард
және Возон (1977).
“Адамдар – нағыз логикаға ие емес тірі жандар”
Спок.
Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың қажеттілігін, соның ішінде “іс-әрекет”, “психикалық бейне”, (ұғынылған, ұғынылмаған) “тұлға”, “қарым–қатынас” категорияларын анықтайды. Ойлау кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия, формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының бара–барлығын зерттейді.
Ойлау жоғары психикалық
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының (дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді.
Берілген жинақта XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағы және шетел психологтарының ойлау психологиясындағы классикалық еңбектерінен үзінділер ұсынамыз.
Ойлауды шынайы психологиялық
зерттеу тек қана оның басқа
танымдық процестер мен
Ойлау психологиясы–психологияның қызықты, сонымен қатар күрделі салаларының бірі. Бұл пәннің күрделілігімен және оның теориялық және практикалық аспектілерін зерттеудің көпқырлылығымен байланысты.
Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана) табиғаты оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі болып табылады.
Ойлауде зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Мұнда кез келген ой процестерін бөлінген формада сипаттауға мүмкіндік беретін формалды логиканың негізгі түсініктері туралы айтылады.
Логикалық ғылымның дамуындағы сәттіліктерге байланыссыз ойлауға деген логистикалық ықпал, әсіресе ойлаудың өзіне тән ережелерін түсіндірудің ерекшеліктері психология үшін жағымсыз мәнде болады. Ойлаудың шынайы процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы зерттелмеді деп те айтуға болады.
Ең алдымен, Вюрцберг мектебінде жүргізілген эксперименттік зерттеулерді атауға болады. Мұнда зерттеу пәні ретінде ойлаудың тек қана бір түрі–сөздік–логикалық ойлау, ал зерттеу әдісі ретінде тек интроспекция әдісі болғанына қарамастан, Вюрцберг мектебінің өкілдері ойлау процесінің біраз маңызды заңдылықтарын ашты. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б. мәселелер еді. Ойлауды эксперименттік зерттеу гештальт психология мектебінде сәтті жалғастырылды, мұнда творчетсволық ойлау, сонымен қатар жаңа әдістемелік тәсілдер жасалды.
Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында психологиялық әдебиеттерде әр түрлі практикалық іс-әрекеттер барысындағы ой актілерінің жүруі туралы мәліметтер көптен шыққан. “Таза” ойлауды зерттеудегі артефактілер, атап айтқанда, ойлаудың мотивациялық сферамен байланысы психологиялық талдаудың пәні болды. Маңызды қосымша материалдар клиникалық бақылаулардың негізінде алынды.
Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді.
Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды.
Осылайша, қазіргі уақытта ойлау психологиясы өзі зерттейтін салаға әр түрлі критерийлер бойынша енетін феномендер мен процестерді қарастырады.
Қазіргі жаңа танымдық процестерді зерттеу ерекшелігіне қарай ойлауды тар және кең мағынада қарастырамыз. Кең мағынадағы адамның ойлуы, оның белсенді танымдық іс-әрекеті, сонымен қатар ішкі іс-әрекеті жоспарлау мен реттеу процесі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан біздің қалай ойлайтындығымыз туралы мәселе өзімізді қоршаған әлемді және өзімізді қалай түсінеміз, қалай елестетеміз, осы білімдерді өз мінез–құлқымызды басқаруда қалай пайдаланамыз дегенді білдіреді.
Ойлау тар мағынасында
С.Л. Рубинштейн философия, психология, педагогикадағы іс-әрекеттік тәсіл тұжырымдамасын ұсынған. Оның ұйғаруы бойынша: “Адам және оның психологиясы” практикалық іс-әрекетінің көрінісін ала отырып, қалыптасады және сондықтан да олардың көрініс табуы арқылы іс-әрекеттің негізгі түрлерінде, яғни еңбекте, танымда, оқуда, ойында зерттелуі қажет. Тұлғаға психологиялық сипаттама бере отырып, С.Л. Рубинштейн кез келген психологиялық құбылысты түсіндіруде барлық сыртқы әсердің өзгеруі арқылы тұлғаның ішкі жағдайдың тұтас жүйесі ретінде көрінетіндігін айтады.
Көптеген жылдар бойы О.К. Тихомиров “Жалпы психология” негізгі курсы бойынша дәрістер оқыған, бірқатар арнайы курстарды дайындаған және оқыған, үлкен әдістемелік жұмыс жүргізген, үш оқу құралы мен оқулық жазған. Ол үнемі студенттер мен аспиранттардың ортасында болған, олардың курстық, дипломдық жұмыстарына және диисертациялық зерттеулеріне жетекші болған.
О.К. Тихомиров 200–ден астам ғылыми еңбек жариялаған. Оның көптеген жұмыстары шетел тілдеріне аударылған, бірнеше рет халықаралық конгрестер мен конференцияларда баяндалған. Ол шетелге де әйгілі отандық психологтардың бірі болған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол Мәскеу Мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша маманданған кеңестердің төрағасы және мүшесі, психологиялық журналдардың редакциялық алқасының құрамында болған.
Оның көптеген жылдар бойғы теориялық және эксперименттік зерттеулерінің нәтижесі “адамның ойлау іс-әрекетінің құрылымы” (“Структура мыслительной деятельности человека”, 1969); “Эмоциялар мен ойлау” (“Эмоции и мышление”; бірлескен–ұжымдық монография, 1980); “Шығармашылық іс-әрекетті зерттеу психологиясы” (“Психология исследования творческой деятельности”, 1975); “Мақсат қалыптастырудың психологиялық механизмдері” (“Психологические механизмы ценообразования”, 1977); “Интеллектуалды іс-әрекетті психологиялық зерттеу” (“Психологические исследования интеллектуальной деятельности”, 1977) атты жұмыстарда негізінен қалыптастырылған ойлау теориясын қалыптастыруы болып табылады. Ол ағылшын тіліне аударылған, жалпы психология курсы бойынша негізгі оқулықтардың бірі болып табылатын “Ойлау психологиясы” (1984) атты оқулықтың авторы.
Тихомиров психология ғылымында жаңа бағытты–компьютерлеу психологиясын дамытты.
А.В Брушлинский (1933-2002)–Ресей психологы, Ресей Білім Академиясының корреспондент–мүшесі, С.Л. Рубинштейннің жақын оқушыларының және ізбасарларының бірі. Субъектілі іс - әрекет бағытының ұстанымынан психология ғылымының негізін, субъект психологиясының табиғатын, ойлау заңдылықтарын, XX ғасырдағы психология ғылымының үрдістерін зерттеді. Адамның психикасын зерттеуде континуалды– генетикалық әдісті жасаған. Ойлау теориясын алғашқы белгісіз есепті шығаруда субъектіні болжаудың үздіксіз процесі ретінде ұсынды; ойлаудың тұлғалық және процесуалды аспектілерінің арақатынасын ашты.
Адам психикасын зерттеудің
Осы уақытқа дейін кеңестік
психологияда адам
Майкл Коул және Сильвия Скрибнердің “Мәдениет және ойлау” атты еңбектерінде мәдениетті өмір сүретін халықтардың танымдық іс - әрекетін зерттеуде тест әдісін қолдануға қатты сыни көзбен қарайды. М. Коул және С. Cкрибнер бұл әдістің толығымен ғылымға сай келмейтіндігін және оның көмегімен сенімді мәліметтер алуға қабілетсіздігін ашып көрсетеді. М. Коул және С. Скрибнер өз еңбектерінің соңғы бөлімінде кеңестік психологияның позициясына, оның ішінде Л.С. Выготскийдің теориялық көзқарасына сүйенеді.
М. Коул оның әріптестерінің
зерттеу жолы қоғам дамуының
түрлі деңгейінде өзгеретін,
К. Дункер шығармашылық
Гештальт психологияның өкілі К. Дункердің еңбегін де Ж. Пиаже мектебіндегі ойлаудың дамуын зерттеу мен шығармашылық тапсырмаларды шешу процесін зерттеуді қарастырады.
О. Кюльпе–ойлау психологиясының Вюрцберг мектебінің негізін салушы. Ол Вундтың идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып, жоғары психикалық функцияларды–ойлау және ерік–күшін зерттеу үшін инстроспекция әдісін пайдалана бастады. Оның зерттеулерінің пәні “эмпириялық ойлау” аталған және “таза ойлауды, нақты ойлауды өзінді жүзеге асыратын психологиялық акті мен жай–күйлер болды. Кюльпеннің атауы бойынша, психикалық актіні бақылау “жүйелік инстроспекцияның” көмегімен орындалады.
О. Зельцтің ғылыми жұмысының басы Вюрцберг мектебі шегінде ойлаудың эксперименталды зерттеулерімен, оның әдістері мен көріністерін дамытуымен байланысты. Ол ассоциативтік тұжырымдамалардың сынаушы талдауы негізінде “спецификалық реакциялар” мен “комплекс теориясында” сипатталған және кең атақ аталған репродуктивті міндеттердің шешу процесінің жалпы принциптерін ұсынды. Зельц міндеттерді шешу әдісі сияқты, ойлау операцияларын анық жіктеді. Содан соң ол ойлау іс- әрекетінің жалпы заңдылықтарын ерекшелей отырып, өз теориясын өнімді ойлауға таратты.
- ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
1.1 Ойлау.
Психология тарихының бас
XX ғасыр бойынша арасында В.
Вундт, Джеймс, Торндайк, Дьюи, Дж. Уотсон
және Вертгеймер бар көптеген
атақты психологтар өздері
Соңғы жиырма жыл бойы
Біздің қоршаған дүние туралы
білімдеріміз түйсік пен
Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау–жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілеген ақпараттарды қайта эасау жолымен жасалады. Ойлау–ақыл–ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнды элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады. Біз кітап оқығанда ақпараттар сенсорлық сақтау қорынан ес сақтау қорына жүйелі түрде беріледі. Содан кейін, бұл жаңа ақпарат қайта өзгереді, “қорытылады”, нәтижесінде қайталанбайтын ерекше нәтиже алынады.
Егерде сіз, Германиямен соғыс
кезінде II Николай патша Ресей
азаматтарының негізгі
Түйсіктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерін, көбіре ретсіз кездейсоқ түрде бейнелендіреді. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезімдік түрде берілмеген қасиеттерін, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтіп, ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді.
Сонымен, жекеден жалпыға және
жалпыдан қайта жекеге
Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.
Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап көрсеткен. Мұның себебі, ойлау іс-әрекетінде біз ассоциацияларды өте кең қолданамыз олар ойлау есептерін шығаруға елеулі септігін тигізеді. Мысалы, біз қазір тап болған жағдайға ұқсаса, оқиғаларды жиі, арнайы еске түсіреміз. Мұнда пайда болған ассоциациялар біздің ой мәселесін шешуімізде пайдаланылады. Олар бізді одан алыстатпай, оның жауабына, шешіміне жақындатады.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде, өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектеліп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеуді бірдей деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрыл болып табылады.
Бала тілі шықпай тұрған кезде
де ойлай алады. Нәресте
Ойлау адамның сыртқы дүниемен
қарым–қатынас жасау
Ойлау-өзіндік ішкі қарама–қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады, яғни ойлау осы қарама–қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбиді.
Ойлау “ішкі” процесс пе
- Ойлау когнитивті болып табылады, яғни “іштей” ақыл ойда өтеді, алайда оны мінез–құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.
- Ойлау–ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жұмысын ойластыра отырып шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.
- Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді “шешетін” немесе оның шешілуіне бағытталған мінез–құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған.
Ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау сияқты когнитивті процестерді қарастырмастан бұрын, біз әрине, алдыңғы тақырыптарды талдауды аяқтаймыз, себебі ол ақпараттарды өңдеу тізбегінің соңғы буыны болып табылады, сонымен қатар олар “жоғары деңгейдегі” танымдық іс-әрекетке жатады. Ойлау “жоғары деңгейдегі” танымдық іс- әрекет ретінде сипатталады, себебі ол ақпараттарды өңдеу процесінің анағұрлым іргелірек компонентіне тәуелді болып табылады, Осы ақпараттардың өңдеудің бірізділігінде қабылдау, паттерндерді тану және ес феномендері ерте пайда болған жағдайда ғана олар “симметриялық” деген мағына негізінде танымдық іс-әрекеттің “төменгі деңгейін” құрайды.
Ойлау танымдық теориялық іс-
Айтып өткеніміздей, когнитивті модельдің берілген компоненттері бір– бірінен оқшауланбайды; осыған сәйкес ойлау, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау танымдық процестердің ертеректегі сатыларынан бөлінбейді.
Іс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзі жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі болып табылады. Шынайы ойлау–ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен оның өнімінің бірлігі негізінде түсініледі.
Ойлау процесі күрделі процесс
әрі ақпараттарды өңдеудің
Сонымен, ойлау–аса күрделі

- Ойын бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетің қалыптастыру құралы
- Ойын бизнесі салығының қызмет етуінің теориялық негіздері
- Ойын - психокоррекция құралы ретінде
- Ойын-сауық бизнесіндегі көңіл көтеру мекемелерінің алатын орны
- Ойын-сауық индустриясы
- Ойын теориясының элементтері
- Ойын технологиясы
- Ознакомление с трудом взрослых как средство познания мира социальных отношений между людьми
- Ознакомления детей дошкольного возраста с художественной литературой
- Озоновые дыры
- Озоновый слой
- Озоносфера
- ОЗУ в устройствах динамической индикации
- Ойконимия Австралии и Новой Зеландии