Основа бухгалтерского учета
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
АЛМАТЫ ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Еңбек өнімділігі және еңбекақы
Орындаған: Б-3-1 тобының студенті Тоқпаев Г.Қ.
Тексерген: Жармухамбетова Р.А.
Мазмұны
Кіріспе
І. Еңбек ақы туралы жалпы түсінік
1.1. Еңбек ақының түрлері, еңбек ақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
1.2. Қосымша еңбек ақыны құжатпен рәсімдеу және есептеу
ІІ. ҚР-ның еңбек ақы
2.1. 2007-2008 жылдардың ҚР-ның еңбек ақының жалпы қоры
2.2. Еңбек ақыдан ұстап қалулар мен төлемдер
2.3. Еңбек кодексі: негізгі ерекшеліктері мен жаналықтары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еңбек ақы – бұл еңбек өлшемі
мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге
асыруға көмектестін маңыздық экономикалық
құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне
қарамастан әрбір қызметкердің кірісі
субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін
ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады
және салықтармен реттелінеді. Еңбекақытұтынушы кіріснің үлкен бөлігін
құрайды, сондықтан да сұраныстың мөшеріне,
тауардың тұтасына және олардың бағасына
елеулі әсер етеді. Еңбек ақының номаиналды
және шынай түрлері болады.
Номиналды еңбек ақы дегеніміз -жалдамалы
еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық,
айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы.
Номиналды жалақының мөлшеріне қарап
табысының деңгейі жайында айтуға болады,
бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл
– ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы – алған ақшаға сатып
алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің
жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей
қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы
қызметтердің бағасы деңгейімен кері
қатынаста болады.
Жалақы өнімінің өзіндік құнының негізгі
элеметтерінің бірі болып табылады, сондықтан
да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы
еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің
өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің
өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады.
Еңбек ақының мәні. Осы мәселеге
байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама
бар:
1. Еңбек ақы еңбек бағасы,оның дәрежесі
мен динамикасы рыноктық факторлар- сұраныспен
және ұсыныспен анықталады.
2. Еңбек ақы жұмыс күші-тауардың бағасы,еңбектің
бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола
алмайды,еңбек ақы өндіріс жағдайымен
де,рыноктық факторлар сұраныс,ұсыныспен
де анықталады, олардың ауытқуы еңбек
ақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары,бірде
төмен болатындығын көрсетеді.
Еңбек ақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның
саяси экономикасының классиктері А.Смит
пен Д.Рикардоның теориясына негізделген.
А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы
айырмашылықты ашып көрсеткен емес.Оның
пайымдауынша,еңбек табиғи бағасы бар
«тауар» деп саналады. Ал,табиғи баға өндіріс
шығындарымен анықталады,яғни жұмысшының
және оның отбасының тіршілігіне қажетті
құнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы»
деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Еңбек
ақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті
құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа
жалақы тарихи және рухани элементтерді
қамтиді, осымен байланысты Смит еңбек
ақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын
түсіндірді. Рикардо еңбек ақы теориясын
Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды.
Еңбек ақы, осы теория бойынша, халықтың
табиғи өсуіне сәйкес күнкөріс заттарының
минимумына ұмтылады. Маркстік тұжырымдамаға
сәйкес еңбек ақы еңбек бағасы емес, өйткені
еңбек тауар емес, олай болса оның құны
да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал
еңбек ақы осы тауардың бағасы, оның құнының
ақшалай көрінісі. Жұмысшы еңбек ақы түрінде
бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек
мөлшерінің құнын алады. Еңбек ақының
экономикалық маңызы мынада, осы табыс
арқылы өндірістің жеке факторының орны
толтырылады, адамның материалдық және
рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады,
білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге
асырылады. .
Еңбекақының мәні, түрлері және принциптері.
Еңбек ақы
жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың
құрамды бөлігі болып табылады және
оның қызметінің тиімділігі оған елеулі
ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы
жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы
ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне,
сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға
тиіс.
Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі
үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті
өнім көлеміне сәкес берілетін төлем.
Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің
құнына тең және оның ақшалай түрі болады.
Былайша айтуға болады – еңбек ақы кәсіпорын
қызметкерлері жалақысына баратын өнім
өндіруге және сатуға кететін шығындардың
бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны
мұндай факторлар анықтайды:
Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметтердің
өміріне қажет және оның еңбек қабілетін
қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың
жинақ құны. Бұларға жататындар:
– Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын
мүлік құны;
– Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
– Оның отбасының өмір сүруіне қажетті
заттардың құны;
Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім
көлемін анықтайды. Оның өзіндік жұмыс
күшінің құны әр елде әр түрлі және уақыт
өткен сайын өзгеріп те отырады.
Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі.
Ол еңбек ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бірақ, оның өзіндік еңбек өнімділігінің
өсуі еңбек ақының өсуіндей шапшаң болады.
Жұмыс күшінің біліктілеу және еңбектің
түрі. Мысалы: күрделі, қиын жұмыстардың
ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек
және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты
адамдардың шығармашылық еңбектері және
т.б. жоғары бағаланады.
Қажетті өнімнің әлеументтік дәрежесі.
Қазіргі қоғамда қажетті өнімнің барлығы
жұмыскерге жеке еңбек ақы түрінде берілмейді.
Қажетті өнімнің бір
бөлігі әлеументтенеді және әр түрлі салық,
есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық
тұтыну қорына кетеді.
Кәсіпорында жалақы саясаты әзірлеуде
және оны ұйымдастыруда жалақының мына
төмендегі принциптерін еске алу керек:
– Әділдігі, яғни тек еңбекке тең жалақы;
– Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы
және еңбек біліктілігінің деңгейі;
– Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене
еңбегінің есебі;
– Еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының
адамдығы үшін ынталандыру.
– Ақаулық жібергені және өзінің міндетіне
жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз
жағдайлар болғаны үшін материялдық жазалау;
– Еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны
арта жалақының өрлеу қарқынына қарағанда
озық жүруі;
– Инфляцияның деңгейіне сай жалақыны
индекстеу;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы
жалақылардың
айырмашылықтары мынадан тұрады;
– Мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарында
жалақы үкімет актілерімен
реттеледі, ал жеке кәсіпорындарында
кәсіпорын әкімшілігі шешімімен;
– Мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы
тіркеледі; яғнитұрақты болады.
– Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны
мен жалақыкепілді, ал мемлекеттік
емес кәсіпорындарда олар оның
экономикалық жағдайына қарай анықталады.
Жалаұқы еңбек ақы, жалақы, ақы төлеу деген
ұғымдарға тоқталатын болсақ: орындалған
тапсырма, атқаратын жұмыс, қызмет үшін
азаматтық құқықта кездесетін ақы төлеу
деген ұғым бар. Мұның бәрі азаматтық шарт,
келісімдер арқылы жүргізіледі. Сондықтан
олар азаматтық құқық-қатынастар
саласына жатады. Ал еңбек ақы, жалақы
туралы ұғымдарды алсақ, олар еңбек құқығы
мен копператив-калхоз құқығы салаларында
кездесетін нақтылы, тірі
еңбекке, жұмсалған еңбектің саны мен
санасына қарай белгіленген нормалар
мен төленетін ақы. Осылайша олар еңбектің
құқық қатынастарының құрамына енеді.
Және еңбек құқығының дербес құқықтық
институты болып есептеледі. Сонымен қатар
ескерілетін нәрсе, біз еңбек құқықтары
қатынастары мен еңбек құқығын кең көлемде
алмақпыз. Сауда экономикасының барысына
қарай оны калхоздікі, коперативтікі немесе
өндірістікі деп бөлмейік. Бәрі де бағыттағы
еңбек процесі болғандықтан,еңбек құқығын
универсалдық кең шеңберде қарап отырамыз.
Адам еңбегі жұмысқа жарамды, еңбектік
қабілеті бар адамдардың жұмыс істеуі
тіршілігі. Сөйтіп еңбек процесі басталады.
Ол дегеніміз адамның жұмыс күшімен құрал-саймандардың
қосылу арқасында болатын іс. Мұның нәтижесінде
өнім туады, пайда, табыс деген ұғым шығады.
Бұлардың бәрінің бастамасы адам, оның
жұмыс күші, оның еңбектік қабілеті. Тек
еңбектік қабілеті бар адамдар еңбек қатынастарына
араласа алады.
Еңбек ақының анықтамасын, ежелде, іске
пайдаланған жұмыс күшінің құны деп атайды,
Өйткені жұмыс күшінің құны жұмыскердің
күн көруіне қажетті затқа сай келсе керек.
Ол заттардың өзі қажетті еңбекке, демек,
қажетті жұмыс уақытының баламасына байланысты.
ССонымен еңбек ақы дегеніміз не? Бұл жөнінде
қазір айтылып жүрген екі ұғым бар. Бірі
– жұмыс күнінің құны, екіншісі – істелген
еңбектің саны мен сапасына қарай төленетін
ақы. Осының қайсысы дұрыс? Жұмыс күшінің
құны деке дұрыстау. Бірақ оған қосып мынадай
түсінік беруіміз керек. Біз көпке дейін
жұмыс күші товар емес деп келдік. Өйткені,
ол нарық, сауда қатынастарына, яғни сатып
алуға жатпайтын дүние деп келдік.
Шындығын алып қарағанда, жұмыс күші қазіргі
саудалық экономика жағдайында саауда
базарына түсіп отыр. Еңбек биржасына,еңбек
нарығына яғни еңбек саудасына түсіп отыр.
Жұмыс күшідеп әр адамның ьойында бар
еңбектік қабілеттік,ой, қол-күшін пайдаланып,
белгілі бір мақсатта іске асыру, өнім
өндіру деп білеміз. Еңбектің сонымен
сапасын сипаттайтын жалпы қасиеттеріне
оның өнімділігі жатады. Әрине еңбек ақы
төлемдерде еңбектің
осы қасиеттерінің бәрі ескеріледі. Сондықтанда
еңбектің саны мен сапасы еңбек ақы анықтамасының
құрамына енеді.
Сөйтіп, еңбек ақы, яғни жалақы дегеніміз
жұмыскелер еңбегімен өндірілетін қажетті
өнімнің ақшаға айналдырылған бейнесі.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың
екі негізгі нысаны пайдаланылады – кесімді
және мерзімді.
Мерзімді еңбек ақы деп – нақты істеген
уақыты үшін еңбек ақының мөлшері не тарифтік
мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін
жалақының нысанын айтады. Мерзімді еңбек
ақының нысаны жаймерзімділік және сыйақылы-
мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүесінің кезінде өзіне
берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе
нақты істелген уақыт бойынша еңбеккерлерге
еңбек ақы есептелінеді.
Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын-ала
белгіленіп қойған деңгейде әзірленген
өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір
бірлігіне
есептеледі.Кесімді еңбек ақы нысаны
келесідей еңбек ақы жүесіне бөлінеді:
Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау
төлемін қарастырады, белгіленген
көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылар:
Кесімді –прогрессивті еңбек ақы
төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың
белгіленген нормадан артық өндіргені
үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады.
Жанама кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда
қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек
төлемі қызмет көрсететін учаскесінің,
цехтық негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына
шаққандағы процентімен анықталады.
Еңбек ақының аккордтық жүесі. Бұл жүеде
жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған
және жұмыс көлемінің орындалуы және алдын-ала
кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына
белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша
анықталады.
Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру
мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтарының
жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараландырудың
кемуі кесімді жүенің қолданыс шамасын
қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек
төлемінің мерзімділік – ұжымдылық және
мерзімділік сыйақылық жүелеріне аламастыруы
мүмкін. Жалпы еңбек ақының мерзімдік
нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін
көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды
ынталандырады:
1. 2. Тарифтік жүйе.
Жұмысшының еңбек сапасын арттыру және
жалақы төлеуді дұрыс ұйымдастыру үшін
біріңғай тарифтік жүйе қолданылады.
Жұмысшы, қызметші жалақысы екі бөлімнен
тұрады: тұрақты және өзгермелі. Тұрақты
жағы тарифтік стафкалар мен кесімдерден,
оклаттардан, үстемақы мен қосымақылардан
(надваки и доплаты) тұрады. Оның бәрі мемлекет
тарапынан күні бұрын белгіленіп қойылады.
Өзгермелі жаағы – нормалар мен тапсырмаларды
асыра орындағаны, қаржы үнемдегені үшін
берілетін қосымша,сыйлық ақыдан, жұмыстың
жылдық қортындысы үшін төленетін 13-айлықтан
және сыйлықтардан тұрады. Мұның бәрі
арнайы қосымша сыйлық қорлар есебінен
беріледі.
Жалақыны тұрақты бөлігі – қажетті өнім
есебінен, екіншісі, өзгермелі бөлігі
қосымша өнім есебінен төленеді.
Экономикалық реформа бойынша жалақы
төлеу саясаты мүлдем өзгереді. Оның мәнісі
ортаалық тараптан реттеуді жергілікті
кәсіпорын, мекемелерге жақындатып, еңбек
ақы қорын жасауды салық өтеу тәсілін
байланыстыру. Әрбір жұмысшыға жалақысынан
оның жеке өндірген өніміне сай келтіру,
жалақының тек төменгі кепілді мөлшері
мемлекет тарапынан белгіленіп, жоғарғы
мөлшерін кәсіпорын, ұйымдардың өздері
белгілейтін болады. Осыған байланысты
оларда қолданылатын тарифтік жүйенің
атқаратын
қызметі мүлдем өзгереді – ол жалақы төлеуді
шектеуіш факторынан әлеументтік кепіл
факторына айналып отыр. Тарифтік кесімдер
мен ақылар жалақы мөлшерінің өсуін шектемей,
оның мемлекет тарапынан белгіленетін
төменгі мөлшерінің нормасы болып табылады.
Сөйтіп барлық кәсіптер мен қызметтер
үшін бірінғай тарифтік жүйе енгізіледі.
Онда мемлекет тарапынан тарифтік стафкалардың
төменгі, бірінші разряды мен тарифтік
коэфциенті белгіленеді. Ол ел, жер, аудан
аралығы, олардың табиғи –климаттық жағдайы,
шаруашылық салалардың ерекшелігі мен
өмір–
тұрмыс жасау деңгейі – құны ескеріледі. Осылайша негізгі, базалық тарифтік жүйе жасалады да, оған қарап әрбір өнеркәсіп, ұйымдар өз жұмыскерлері үшін
өздерінің тарифтік кесімдері мен ақыларын
белгілейді. Оларды өздерінің экономикалық
хал– ахуалдарына қарай, жоғарылатып,
төмендетіп реттеп отыруларына болады.
Оған қоса олар сыйлық, қосымша ақыларын
өз еркімен қолданып отыруға ьқұқығы бар.
Сонымен қатар орталықтан реттелетін
көп жыл сіңірген еңбегі үшін берілетін
ақының да
шешімі жергілікті
мекемелерге жетті.
Соңғы жағдайларды алып қарағанда, жалақы–
еңбекақы ұйымдарын қосып айтуға болады.
Өйткні, қазір біздің калхоздардың жекешелендіру
жағдайында бұрынғы айтқан ерекшеліктерге
аса жол жоқ.Сондықтан оның бәрін «жалақы»
деп қосып айтқанымыз жөн. Бәрі «қажетті
өнім» ұжымына тән мәселе. Енді сол « қажетті
өніміңізбен» таза табыстың шеңберіне
қайта оралайық. Мәселенің бәрі осындай
болып отыр. Олардың арасына кім, қандай
шеңбер қойып отыр?
Қазіргі жағдайда біздің елде олардың
шеңберін шамамен былай белгілепті: 70-
30%. Демек, біздің жалақымыз (оның қоры)
ұлттық,яғни жалпы табыстың 30 % екен. Ал,
АҚШ, Германия, Япония елдерінде керісінше
30-70% яғни ұлттық табыстың 70% жалақыға жұмсалады,
сөйтіп ондағы жұмыскерлер бізден 100-150
есе артық жалақы алады. Бұл деген нағыз
еңбекшіні қанаушылық емес пе? Біз бұған
70-75 жылдан төзіп– « өсіп» келе жатыппыз.
Біз мұның 70-75% қоғамдық қамсыздандыру
қорына беріп жатыппыз. Бәрін
« қоғамдық қам» үшін деп. Ол не деген сөз?
Мемлекет аппараты қызметкерлері әскери
қарулы күш, ішкі істер, қауіпсіз органдарын
ұстау т.б. Қоғам қорлары үшін бөлінетін
қаржылар.
Оның бәрін қысқартып, жағдайдың бәрін
дұрыстау керек. Жаңағы алдынғы қатардағы
елдердегідей. Бізді өзгеден артық қорғаудың
еш қажеті жоқ. Еңбекші өзіне тиісті еңбек
ақысын алуға тиіс: 70-30%, 70-сі жалақы, 30-ы
қоғамдық мүддеге. Осындай шек қойылуы
керек және осыны Жоғары өкімет орындары
(Парламент) ( мәжіліс ) шешімі бойынша
мойындату керек.
Еңбекақыға, жалақыға жан-жақты сипаттама
беру үшін оның шыққан тегін, негізін анықтап
алу керек. Ол жалпы табыс (валавой доход),
былайша айтқанда жаңа алынған өнім. Оның
құрамы екі бөлектен тұрады. Бірі– еңбекақы
қоры, екінші – таза табыс.
Еңбекақы қоры– қажетті өнім, яки қажетті
еңбектің баламасы, қажетті жұмыс уақытының
туындысы, оның материялдық болмысы–
жалпы табыс. Осы жалпы табыстың екі бөлімі
бар. Бірі еңбекақы қоры, екіншісі– таза
табыс.
Еңбекақы (жалақы) осы қордың есебінен
өтеледі. Таза табыс, немесе қосымша өнім
болса, ол қосымша еңбектің, яки қосымша
жұмыс уақытының туындысы. Мұныың есебінен
қоғамдық тұтыну қорлары жасалады. Ол
мемлекетке тиісті алым-салықтар өтелген
соң қоғам мүдесіне, яки еңбекке баламаланбай,
тегін пайдаланылады, тегін таратылады.
Мәскелен, зинетақы (пенсия), жәрдем (пособие),
степендия, ақысыз білім алу, емделу, бала
бақшалар мен мектеп, оқу орындарын қаржыландыру
дене шынықтыру және туризм мүдделеріне
т.б. қоғам қажеттеріне жаралады. Оны мұны
төмендегі схемадан көруге болады.
Қазіргі кезеңде біздің жалпы табысты
бөлудегі ең үлкен кемістік қажетті өнім
мен қосымша өнімнің, яки, еңбекақы қоры
мен қоғамдық тұтыну қорларының ара қатнасын
(попорциясын) дұрыс белгілемей, реттемей
келеміз. Еңбекақы қорларына жалпы табыстың
20-30% ғана жұмсап, қалғанын, яғни басым
көбін қосымша табысқа (чистый доход) жіберіп
клеміз.
Өркениетті елдерде жұмыскерлердің жалақысына
жалпы табыстың 70-75% бөлінеді. Сондықтан
да олардың еңбекке деген ықыласы зор.
Демек істелген жұмыстың да нәтижесі де
жоғары, өндірілген өнім де мол, оның есебінен
өтелетін жалақының мөлшері де жеткілікті.
Еңбекақының арғы атасы– жалпы өнім, яғни
барлық өндірілген өнімнің жиынтығы.Оның
өзі екі түрлі бөлімнен тұратыны белгілі:
Жалпы табыс (ваовой доход) ен материялдық
өндіріс шығындары (құрал-саймандар-машина,
трактор, комбайн, соқа– саймандар мен
жөндеу бөлшектері,ұрық, тұқым, тыңайтқыш
т.б.). Біріншісі, жоғарыда айтыландай,
нақтылы,жаңа (тірі) еңбектің құнынан тұрады.
Екіншісі, өндіріс шығындары, бұрынғы,
заттандырылған еңбектің құнынан тұрады.
Демек, әлемдегі барлық заттар, өнімдер,
еңбектен жаратылған, еңбектің туындысы.
Адам да еңбекпен жаратылған, еңбектің
туындысы. Демек, еңбектен сыйлы , еңбектен
қадірлі ешнәрсе жоқ. Ол барлық дүниенің
көзі, негізі, тетігі.
Сөйтіп, біз жалақының шығу көзін,шығу
тегін ашып алдық. Енді жалақының мән –
жайы , ішкі дүниесі мен құрамы туралы
сөз етелік .
Еңбекақы төлеу жөнінде анықтама жасау
күрделі мәселе болып отыр . Өйткені , бұл
туралы авторлар әр түрлі пікір айтып
жүр . Біреулер – оны қоғамдық табысты
бөлудің формасы , түрі десе, екіншісі–
мекеме, өнеркәсіппен жұмыскер арасында
есеп айырысу тәсілі, ал үшінші– жұмысшыға
атқарған еңбегі үшін кәсіпорынның «қайтарма
әрекеті» деп түсіндіреді. Ал, осыған орай
бұл қайтарма әрекетінің негізгі мәні
не деген заңды сауал туады. Шындығында
оның мәні істелген еңбек үшін оның саны
мен сапаасына қарай ақы төлеуде. Осы тұрғыдан
алып қарағанда Д.В.Швейцердің жалақыны
«жұмысшы мен қызметшінің жасаған жұмыс
күші үшін төленетін еңбек ақысы» деген
анықтамасы дұрыстау келсе керек. Дегенмен
бұл анықтамада жалақының өзіне тән ерекшеліктері
мен ринциптері қамтылмағаны сезіліп
тұр . Бұған қарағанда А.Е. Пашерстиниктің
1949 жылы жарық көрген «жұмысшылар мен
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің
құқықтық мәселелері» деген іргелі әрі
көлемді деген еңбегінде берілген анықтамасын
дұрыс деп қолдағымыз келіп тұр: «Жалақы
дегеніміз еңбектік құқық қатынастарының
элементі ретінде кәсіпорын, мекеме немесе
ұйым жұмысшылар мен қызметшілердің еңбегі
үшін оеың саны мен сапасына қарай алдын-ала
берілген норма бойынша төленетін еңбекақысы,
еңбектің баламасы».
Бұл анықтама дұрыс деп отырған себебіміз
біріншіден , ол жалақыны еңбекақы деп
, еңбектік құқық қатынасының элементі
деп тура айтып отыр . осы ретте ол еңбек
құқығының сабағына жатады .
Азаматтық құқық қатынасында ақы телеу
жалгерлік , тапсырма және авторлық шығармашылық
келісімдері бойынша өтеледі . Оның мөлшері
заттың (товардың) құны бойынша өлшенеді.
Сөйтіп оған таза, нақтылы еңбекпен қатар
заттандырылған еңбектің құны енеді. Ал,
еңбектің құқық қатынастарындағы еңбекақы
мөлшері тек таза, нақтылы еңбектің құнымен
есептеледі. Осыған байланысты еңбекақы
ұғымы құқықтың әр салаларының сабақтық
құрамына жатады. Біріншісінде кооператив
құқығына, екіншісінде– азаматтық құқығына,
үшіншісінде– еңбек құқығына тән.
Сондықтан еңбекақы тек еңбек құқық қатынасына
тән деген А.Е Пашерстниктің ұғымын дұрыс
деп айта алмаймын, өйткені оның мағынасы
әр қайсысында әр түрлі. Мәселен, кооператив
құқығында кооперативке мүшелік қатынастармен
қоса соның құрамында бірге жүреді. Азаматтық
құқығындағы ақы товарлық, ақша-қаржы
қатынастары арқылы анықталады. Ал, еңбек
құқығындағы жалақы болса, ол жұмсалған
ңбектің саны мен сапасы арқылы өлшеніп,
таза, нақтылы еңбектің құны деп белгіленеді.
Енді тағы бір анықтаманы аңғарып көрейік.
Соңғы кездегі әдебиетімізде келтірілген
анықтаманың бірі М.И. Палладина осы проблемма
туралы жазған докторлық диссертациясында
кездестірдік. Онда жалақы былай деп түсіндіріледі:
«Негізгі қажетті өнімнің ақшалай баламасы,
кәсіпорын
(мемлекеттік, колхозаралық,колхоз),
мекеме немесе ұйым жұмысшылары мен қызметшілерге
еңбегі үшін оның саны мен сапасына қарай
алдын-ала белгіленген норма бойынша және
мемлекет анықтаған төменгі мөлшерден
кем
етпей төленетін еңбекақының. Ал колхозшылардың
еңбекақысының өндірілген қажетті өнімді
бөлудің негізгі формасы деп анықтайды.
Бұл анықтамаларды кемістіксіз деп айтға
болмайды. Мұнда ауыл шаруашылық қызметкерлерінің
еңбекақысын төлеуді олардың әр түрлі
категорияларына лайықты келтіріп отыр.
Мұндағы келіспейтін жеріміз колхоздың
қажетті өнімі «негізгі» немесе
«қосымша» түрге бөлінбейді, қажетті өнім
дегеніміз бір тұтас ұғым, ол еңбекке бөлінуге
арналған колхоздың жалпы табысының бір
бөлігі. Ол барлық қажетті өнімнің жиынтығы
болып колхоздың еңбекақы қорын құрайды,сөйтіп
ол тек қана еңбекақыға ғана төлеуге арналған.
Сондықтан ол тек осыған ғана жаратылу
ы тиіс, соған жұмсалады.
Ал, қосымша ақы болса оған жоспардан тыс
артық алынған қосымша өнім есебінен өтеледі.
1.3. Жыл қортындысы бойынша берілетін еңбекақы.
Жыл қортындысы бойынша берілетін еңбекақы
жүесіне тоқталатын болсақ. Еңбекақының
бұл түрі Қазақ ССР Еңбек кодексінің 87-бабында
көрсетілген. Ол негізгі жалақыдан тыс
1995ж қарашаның 4-күні СОКП ОК
және КСРО Министрлер Кеңесі қабылданған
еңбекшілердің материялдық ынтлылығын
көрсету үшін жыл қортындысы бойынша табысты
істеген кәсіпорын және мекемелерде төленетін
ақы. Ақы алынған табыс есебінен арнайы
құралатын қор есебінен беріледі. Оның
мөлшері жұмысшының 1. Табыс алуда қосқан
үлесіне; 2. Кәсіпорында, мекемеде істеген
жұмыс уақытының ұзақтығы мен жұмыс стажына
байланысты. Жыл аяғында алатын ақының
мөлшері жалпы алынған табыстың көлеміне
байланысты.
Құқықтық реттеу тәртібі әр кәсіпорын,
мекеме кәсіподақ ұйымымен бірге қабылданған
арнайы ережелер арқылы жүргізіледі. Демек,
бұл көрсетілген еңбекақының болмысы
кәсіпорын, мекеме, жұмысшы қызметшілерінің
жұмыстарының нәтижелілігінде , табыс
көлеміне тығыз байланысты. Мақсат– еңбекшінің
жұмыстағы ынта –жігерін марапаттап
көтермелеу. Ал, төмен ақының мөлшері,
жоғарғы және төменгі деңгейлі шектелмеген.
Ендігі мәселе жалақы мен қоғамдық тұтыну
қорлардың ара қатынасы туралы. Жалақы
болатын болса, ол өтелген еңбекпен тығыз
байланысты, сонымен қайнап піскен деуг
болады. Ал қоғамдық тұтыну қорларды алатын
болсақ (зейнетақы, жәрдемақы, степендия
және т.б.) олардың еңбекпен тікелей байланысы
жоқ. Көбіне олардың кшкгі өткен еңбекпен,
өтелген еңбек стажына қарай байланысы
болуы мүмкін. Мәселен, зейнетақыны алайық
оның тағайындалуы мен мөлшері кешегі
өтелген еңбекпен, атқарған жұмыс стажына
байланысты. Ол жалақы сияқты нақтылы
еңбектің саны мен сапасына қарай өлшенбейді.
Оқушылар степендиясын алсақ, оның нақтылы
еңбекке ешқандай қатысы жоқ, тек оқуында
дұрыстап, үлгеріп оқысаң болғаны. Сондай-ақ
ауырып қалғандар үшін, екі қабат, бала
туған әйелдер үшін берілетін жәрдемақы
да солай, олардың еңбектің саны мен сапасына
қатысы жоқ, нақтылы еңбекпен өлшенбейді,
тек еңбек ұжымында мүше болсаң болғаны,
тиісті жәрдемақы алуға құқылысың.
Еңбек ақының экономикалық мәні
Еңбек адамның мақсатқа
сай қызметі. Еңбектің көмегімен адам
өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді,
өзіне лайықтап икемдейді.Адамның тіршілік
етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек.
Адамды адам еткен деп айтудың өзі де жайдан-жай
емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дуниесінен
бөлініп шықты, табиғат күштерін игере
отырып, оны өз муддесіне пайдаланды, еңбек
құралдарын жасауды игерді, қабілетін
дамытты, білім алып, оқу өнер, ғылымды
игерді.
Еңбек туралы айта отырып,
еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы
деген ұғымдарда да тоқталған дұрыс болар.
Еңбек қарқындылығы –белгілі бір уақыт
ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен
еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті)
жұмыс әдісін шапшандатқанда,бір мезгілде
жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде,
уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға
болады.Ғылыми-техникалық революция жағдайында,
өндірісті кешенді механизациялау және
автоматттандырумен байланысты жұмысшының
дене күшін жұмсауы азаяды,есесіне ой-
ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды.Жұмыс күнінің
ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы
артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы
артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі
мумкін.Ғылыми-техникалық революция еңбек
сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық дәрежесі
өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға
кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі
машиналар мен механизмдерді пайдаланумен
байланысты адамдардың дене еңбегінің
үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық
процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі
жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен
бастама көрсететін дәрежеге көтерілді.
Жұмыс куні бойынша еңбек қажетті және
қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс
уақытының бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді
өндіруге жұмсайды.Бұл уақыт ішінде жұмсалған
еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы
тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе,
қоғам одан әрі дами алмаған болар еді.
Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын
жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті
қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға
көмек көрсету, материалдық емес өндіріс
салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін
өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға
қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге
де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған
еңбек-қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін
жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып
бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән,
ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде
бұл жоқ.
Шаруашылық үрдістері жабдықтау,
өндіру және сату деп алдыңғы тауарларда
айтып өткен болсақ, осы өнім өндңіру үшін
қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары,
сондай – ақ жұмысшы күші екендігі белгілі.
Тауарлық – материалдық қорлардың есебін
қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі
құралдардың есебін қарастырғанда еңбек
құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне
тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген
кәсіпорындар мен ұйымдардағы жүмыстарды
орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың
еңбегін дүрыс бағалап, олрдың сіңірген
еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай
кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің
бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің
бірі болып табылатын қызметкерлер мен
еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы
өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы
осыдан.
Еңбек пен еңбекақы есебінің
негізгі міндеттері :
1. Еңбектің өнімділігі мен
орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін
кеңінен қолдану.
2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы
ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік
құрылымын қолдану.
3. Еңбекақы төлеудің сыйлық
беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы
жетістіктермен тығыз байланыстыра
отырып дұрыс қолдану.
4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде
осы күнгі талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы
есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.
5. Өндірілетін өнімдер мен
істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған
төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.
6. Еңбек өнімділігінің өсімін
бақылау.
7. Жұмсалған еңбектің саны
мен сапасын бақылау.
8. Жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан,
қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа
қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.
9. Жұмысшы және қызметкерлермен
уақтылы дұрыс есеп айырысу.
10. Өндіріске жедел басшылық
жасау үшін тиісті мәліметтер алу.
11. Еңбек және еңбекақы жайлы
статистикалық және бухгалтерлік қорытынды
есепті беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы
есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру
үшін мынадай жағдайлар қажет :
Жалақы-еңбек құнының (бағасының)
ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының
аралас әлеуметтік бағытталған наықтық
экономикаға көшу кезінде минимальды
деңгейдегі еңбек ақыны мемлекет кепілдендіреді
және жоғарғы деңгейдегі еңбек ақыға шек
қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың
және еңбек өнімділігін арттырудың басты
құралы ьолып, қоғамдық өндірісті тиімді
дамытуға ықпал етеді.
Жалақыны дифференциялау
және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейі
халық шаруашылығы саласына қарай өзіндік
ерекшелігімен айқындалып, ол бес прнципке
негізделген.
Еңбек Өнімділігі
Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]
[2] Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құ
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнім
ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары
Басқа көп
түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер
жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен
белгіленеді. Өнімділіктің' шағ
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы
бар.
Біріншіге өнімділіктің статика
Екіншіге өнімділіктің динамика
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы
болса (еңбек, капитал, қуат, информа
ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
- еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
- еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштер
Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал шығындар
Материал қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық шығындар
Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлім
- ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
- аралас бағалау (осы және басқалар).
Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:
МФ = Q / f(x)
немесе:
МФ = ΔМФ / МФ¤
Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар;
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне
кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде
аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке
біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда
өнімділік өседі:

- Основа затратного и рыночного ценообразования
- Основа логистики предприятия
- Основание Административной отвественности
- Основание административной ответственности
- Основание административной ответственности
- Основание возникновение и прекращения права собственности
- Основание возникновения трудовых правоотношений
- Оснащение рабочего места и эффективность его улучшения
- Оснащение рабочих мест сотрудников кадровой службы государственных учреждений
- Оснащение тестирования и основные этапы организации
- Оснащение торговых залов торговым оборудованием
- Оснащения предприятия торговли холодильным оборудованием
- Оснащенность оборудованием конференц-залов гостиницы "Интурист"
- Основа автоматизации технологических процессов