Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры
Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры
Жоспар
Кіріспе
- Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
- Жер бедері
- Климаты
- Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
- Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
- Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
- Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
- Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатынаарналмаған жер
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
- Орман қорының жері
- Су қорының жері
- Босалқы жер
- ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу)
- Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
- Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
- Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
- Орман қорының жері
- Су қорының жері
- Босалқы жер
- Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау
- Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жер кадастры — мемлекет аумағындағы жер ресур старының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау
туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекар асы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану
есебі мен жер телімдерін бағалау Жер
кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді.
Мемлекеттік Жер кадастрының деректері
жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған,
жерге орналастырған, шаруашылық қызметін
бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға
байланысты басқа да шараларды жүзеге
асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады.
Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау
кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген
кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын
жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің
қолы жете алады, ол мүдделітұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік
органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін ҚазақстанРеспубликасы ның Үкіметі белгілейді.
Оңтүстік Қазақстан
облысы – Қазақстан
Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық
бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған.
1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды.
Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн адам
(2004). Орталығы –Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында
Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде
Өзбекстан Республикасымен шектеседі.
Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық
әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент,
171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
- Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
- Жер бедері
Оңтүстік Қазақстан облысының
жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі
200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала
шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы,
Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі
ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс
бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін
Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік
жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың
оңтүстік-шығысында Боралдай(
Өзендері облыс аумағында біркелкі
таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы
жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына
қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға
Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км)
өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан
оңтүстік-шығысында Арыс өзенініңсалалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу,
Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің
шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан
басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байыл
- Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
- Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Облыстың жазық бөлігінде топырақ
жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт
сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды.
Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл
қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл
белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан.
Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын,
ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзеніні
- Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
- Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Аймақтағы климат жағдайлары жергілікті экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына қолайлы. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болды. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Оңтүстік Қазақстан үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2010 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды.
Тек тәуелсіздік жылдары Қазақстан Шардара су қоймасынан Мақтаарал ауданының суармалы егістіктеріне машинамен су тарту жобасын іске асыру есебінен облыстың оңтүстігіндегі су мәселесін шешудің сәті түсті. Оңтүстіктер оны «Тәуелсіздік жобасы» деп атады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың арқасында ел үшін ең қысылтаяң қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекет бұған 14 миллиард теңге жұмсап, мақтааралдықтар мақта өсіру кезінде Сырдария суын Өзбекстан аумағы арқылы ағызатын мемлекетаралық «Достық» арнасындағы суға тәуелсіз етті.
Облыста Қазақ мақта шарушалығы ғылыми-зерттеу институты ашылды, оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарды. Оларды егуге көшу нәтижесінде облыс кірісінің экспорттық баптарының бірі болып табылатын шиті мақта өнімін арттырды. ОҚО – Қазақстандағы отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын шиті мақта өсірілетін жалғыз облыс.
Қазақстанның жем өндірісін дамыту тарихында тұңғыш рет институтта жоңышқаның «Көксарай» суармалы сұрыбы шығарылды, ол мақта-жоңышқа тұқым айналымын қалыптастыруға негіз болады. «Көксарайға» дейін Оңтүстік Қазақстанда жоңышқаның өнімділігі өте төмен болгарлық сұрыптары егілетін. Тұқымдар көршілес республикадан әкелініп, аудандастырылмады. Жемдік дақылдың нашар өнімділігі шаруалардың оны тұқым айналымында пайдаланудан тартынуына әкеліп, соның нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендей түсті. «Көксарай» жағдайды оңалтты.
Тағы бір ғылыми мекеме – «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ қойдың жаңа тұқымын шығарды, сондай зерттеулері үшін бір топ ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. Институтта шөлейттенуге қарсы, аридтік дақылдарды себу есебінен жайылымдардың құнарлылығын сақтау, жайылымдық мал шарушалығының оңтайлы тәсілдерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес дәуірінде ұсақ мал басы бірнеше миллиондап жайылса, қазір олардың саны азайып кеткен. Дегенмен, жағдайдың оңалып келе жатқаны байқалады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жайылымдық мал шаруашылығына көңіл бөлуінің арқасында, ҒЗИ ғалымдары кейбір аймақтарда шопандарға қолайлы жағдай жасауға, зертханалар ашуға, байланыс жүйелерін құруға бағытталған жобаларды ойластырып, жүзеге асыруда. Мал шаруашылығының бүкіл елдің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 45,7%. Басым бөлігін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі алады. ОҚО шаруалардың зор қызығушылығын тудырған «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасына қосылды. Облыстың Оңтүстік өңірлерінің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетін ескерсек, қазіргі уақытта газдалған минералды сулар өндірісі артты.
- Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер
Өнеркәсіп. 2012
жылдың қаңтар-шілдесінде 237,9 млрд. теңгеге
өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем
индексі 2011 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне
– 102,5% құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының
жалпы өнім көлемі 74,3 млрд. теңгені немесе
нақты көлем индексі 100,9% құрады. Оның ішінде,
мал шаруашылығында – 67,3 млрд. теңгеге
(101,5%), егін шаруашылығында - 6,8 млрд. теңгеге
(97,0%) өнім өндірілді.
Көлік және байланыс. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде
темір жол көлігінен басқа, облыста барлық
көлік түрлерімен 62,0 млн. тонна жүк және
1204,9 млн. жолаушы тасымалданған, немесе
өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше,
129,1% және 132,9% құрады.
Байланыс кәсіпорындары 4946,6 млн. теңгеге
қызмет көрсеткен, бұл 2011 жылмен салыстырғанда
5,1% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің
үлесі 70,4%-ды құрады.
Шағын кәсіпкерлік. 2012 жылдың 1 тамызына
облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін
шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің
саны 115,1 мың бірлікті құрады, бұл 2011 жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0% артқан.
Шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің
шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен
қызметі) 181,5 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың
тиісті кезеңіне 100,0%, жұмыспен қамтылғандар
саны 293,0 мың адамды, немесе, 101,0% құрады.
Инвестиция саласы. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде
негізгі капиталға салынған инвестициялардың
жалпы көлемі бағалау есебімен 128,0 млрд.
теңгені немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне
104,8% құрады.
2012 жылдың қаңтар-шілдесінде тұрғын үй
құрылысына 7055,5 млн. теңге инвестиция
бағытталған, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіне
2,6 есеге артты.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы
алаңы 185,1 мың шаршы метрді құрады. 2012 жылдың
қаңтар-шілдесінде пайдалануға берілген
тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен
жылдың сәйкес кезеңіне 184,2% құрады.
Сыртқы сауда. 2012 жылғы
қаңтар-маусымында облыстың сыртқы сауда
айналымының көлемі 2085,1 млн. АҚШ долларын
немесе 2011 жылғы қаңтар-маусымына 125,5%
құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше
– 1465,4 млн. АҚШ доллары немесе 137,2%, импорт
– 619,7 млн. АҚШ доллары немесе 104,4% құрады.
Салықтық-бюджеттік сала. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде
мемлекеттік бюджетке түскен салықтар
мен басқа төлемдердің көлемі 99685,5 млн.
теңгені, немесе жоспарға – 100,9%, өткен
жылдың сәйкес кезеңіне – 85,2% құрады.
Республикалық бюджет 64165,6 млн.теңгені
(бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,4%),
немесе, жоспарға – 98,7%, өткен жылдың сәйкес
кезеңіне 74,1% құрады. Жергілікті бюджетке
35519,9 млн. теңге түсіп, жоспарға – 105,2% және
2011 жылдың сәйкес кезеңінен –16,9% артты.
Ақша-несие саясаты. 2012 жылғы 1 шілдеге
екінші деңгейлі банктермен 85,0 млрд. теңге
көлемінде несиелер берілді, бұл 2011 жылдың
сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге
артық, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге
2,9 млрд. теңге несие берілді, немесе өткен
жылдың тиісті кезеңіне 1,9 есеге артты.
Бағалар. 2012 жылдың шілдесінде
облыста тұтыну бағаларының индексі 2011
жылдың желтоқсанына 102,7% құрады. Азық-түлік
тауарлары 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлары
1,9%-ға, ақылы қызметтер 4,7%-ға қымбаттады.
Халықты әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың
басында аз қамтамасыз етілген азаматтардың
саны 13715 адамды, немесе облыс халқының
– 0,5% құрады. 2012 жылдың 1 тамызына олардың
саны 22,8% кеміп, 10593 адамды немесе облыс
халқының 0,4% құрады.
№ |
Көрсеткіштер |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
1 |
ЖІӨ жыл сайын нақты өсімі, НКИ, % өткен жылға |
103,5 |
103,8 |
104,1 |
104,5 |
104,7 |
2 |
Өнеркәсіптің НКИ, % өткен жылға |
109,6 |
110,5 |
110,8 |
111,3 |
111,6 |
оның ішінде |
||||||
3 |
тау-кен өндіру |
110,2 |
111,2 |
111,4 |
111,6 |
111,3 |
4 |
өңдеу өнеркәсібі |
109,5 |
110,6 |
110,9 |
111,7 |
112,1 |
5 |
Ауыл шаруашылығының НКИ, % өткен жылға |
104,0 |
104,5 |
104,8 |
105,3 |
106,7 |
6 |
Құрылыс жұмыстарының НКИ, % өткен жылға |
101,8 |
102,5 |
103,2 |
103,7 |
103,7 |
7 |
Бөлшеке сауда айналымының НКИ, % өткен жылға |
103,4 |
103,7 |
104,2 |
106,5 |
107,0 |
8 |
Көлік қызметінің НКИ, % өткен жылға |
102,6 |
103,0 |
103,5 |
104,0 |
104,0 |
9 |
Инфляцияны жылына 5-8% деңгейінде ұстап қалу |
107,5 |
107,0 |
106,5 |
106,5 |
106,5 |
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде қабылданған 2010-2014 жылдарға арналған өнеркәсіптің салалық даму бағдарламаларында, қазақстандық қамтуды дамыту бағдарламасында мақсатты индикаторлар белгіленген. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасында келесідей индикаторлар жоспарланған:
2011 жылы облыстың ЖӨӨ өнеркәсіптің үлесі – кемінде 23,5% (2009 жылы – 19,2%);
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 1,1 есеге арттыру;
2011 жылы облыстың ЖӨӨ шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі – 25% (2009 жылы – 24%);
Өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.
Көлігі
Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент,Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Геологиясы мен кен байлықтары
Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады
- Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Р/с |
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың атауы |
Алаңы, гектар |
Орналасқан |
Кiмнiң қарауында | |
103 |
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығы |
81236 |
Оңтүстiк Қазақстан
облысының Түлкiбас, Төлеби және Бәйдiбек
аудандары, Жамбыл облысының Жуалы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
104 |
Қаратау мемлекеттік
табиғи |
34300 |
Түркiстан ауданы және |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
104-1 |
Сайрам-Өгем мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi |
149053 |
Қазығұрт, |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті | |
105 |
Ақдала мемлекеттiк табиғи қаумалы (ботаникалық) |
3000 |
Арыс ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
106 |
(Алынып тасталды - 2006.01.26. N 52 Қаулысымен) | ||||
107 |
Жамбыл мемлекеттік |
8600 |
Бәйдiбек ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
108 |
Задария мемлекеттік |
8400 |
Арыс ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
109 |
Боралдай мемлекеттiк
табиғи |
52500 |
Түлкiбас |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
110 |
Темiр мемлекеттiк табиғи |
4000 |
Отырар |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
111 |
(Алынып тасталды - 2006.01.26. N 52 Қаулысымен) | ||||
112 |
Арыс және Қарақтау |
404000 |
Арыс, |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
113 |
Оңтүстік Қазақстан |
6258000 |
Жамбыл облысының Сарысу |
Қазақстан Республикасы
Ауыл | |
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысы бойынша бұрынғы Өгем, Төлеби және Түлкібас орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қосу жолымен құрылды. Яғни паркке қарасты аумақ облысымыздың Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында орналасқан. Толығырақ...
Ақсу – жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.
2000-2300 метр биіктікте субальпілі
шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп
өсетін түркістан аршасынан басқа
ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі
бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі
және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені
есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға
алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды
шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап
ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері
басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық
филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі
болған. Қазір оның орнында әр түрлі
сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ
денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған.
Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние
эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы
бар.
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-республика
қорықтарының ішіндегі ең жасы.Ол 2004 жылғы
1 наурыздағы №240 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің арнайы Қаулысында бекітілген.
Оның құрылу тарихы өте ұзақ және қиын
болды,30 жылға созылды.Қаратаудың ерекше
эндемикті флорасын сақтаудың қажеттілігі
туралы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан
бастап көптеген қазақстандық ботаниктер-М.С.Бәйтенов,В.П. Голоскоков,Н.Х.Кармышева
және басқалар жазған болатын.1975 жылы
«Қазақстандағы қорықтық істердің ғылыми
негіздері» коммисиясының төрағасы академик
Б.А.Быков Қаратау қорығын құру туралы
ұсынысты алға қойды.
Оңтүстік Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.
Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы.
Бұл жерде Қазақстанның архитектураның монументалды ескерткіштердің, қасиетті орны болып есептеледі.
Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.
Түркістан (қаз. تركستان) — Қазақстандағы қала.[2] Түркі
1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі жетекші білім беру ордасына айналды.
ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді (2000).
Абай «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы Әбдірахманның ғылым іздеп, білімін жетілдіру барысында Түркістан өлкесімен таныс болғандығы жөнінде айтады.[3][4]
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
XIV-XV ғ.ғ. Тамерланның бұрығымен құрылған ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың ортағасыр сәулетінің киелі мекені. Мұсылмандарда Қожа Ахмет Яссауи Мұхамедтен кейін екінші болып саналады.
Барлық қалалық орталық Қазірет сұлтанының тарихи-мәдени ордасы. Қожа Ахмет кесенесінен басқа шығыс моншаны, кесене Тимур Рабидің немересі -Сұлтан Бегім тұрған және басқа ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты үй болған жерді де қамтидфы.
Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тас биғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы).
Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі
Түркістанның солтүстігінде 40 км шақырықта Ұлы Жібек жолы бағытындағы ежелгі қала Сауран (XVII ғ.) бейнелеу жазылымдары сақталған.
Ең қызықты сәулет ескерткіштері IX-Xll ғ.ғ. Қарахандықтар дәуірімен байланысты. Бұл Ұлы жібек жолының бағытында жақсы дамыған қалалардың бірі, сәулет қазбалық жұмыстарынан кейін тарихи мәдени Отырар оазисі туристік объект болып келеді
Тарихи орын Ордабасы қазіргі уақытта тарихи қорық ретінде қамтылған. К Здесь, в 30 км от Шымкента, в начале XVIII ғ. Басында Шымкенттен 30 км қашықтықта Батыс моңғолдарға қарсы қазақтар бірңккен болатын.
Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады
Сауран
Сауран қаласы туралы алғашқы ақпарат Х ғасырға жатады. В X IV ғасырда Сауран Ақ Орданың астанасы болды. Авторлар барлығына тоқталып, Түркістан қорғандарының ішінде Сауран қаласы климаты жағынан, қорғану қамалдарымен, қаланың орнығуымен, жерімен артық екендігін ескертеді. Қазіргі қалашық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550 м созылған қабырғамен қоршалған, қабырғадан асып түсетін 4 дөңгелек 2 төбеден тұратын елді мекен. Көлемі қоршаған ортаның үстінен 2-2.5 м созылған. Сақталған қабырғаның ұзындығы шашамен 1400 метрді құрайды. Қаланың ішіне екі қақпаны орналастырған. Қабырғаның айналасы іші тереңдігі 1-3 м., қалыңдығы 15-20 м. Қалашықтың сақталуына байланыстыоңтүстік қазақстандық ежелгі ортағасыр дәуіріндегі өнердің ерекшеліктерін тануға мүмкіндік береді.

- Оңтүстік Маңғышлақтың шөгінді тау жыныстарын зерттеу және литологиялық қимасын тұрғызу
- Ообенности организации финансов коммерческих организаций
- Ообязанности временного управляющегопри проведении процедур банкротства
- Оолітові вапняки та умови їх формування
- ООН в системе обеспечения международной безопасности
- ООН как основной механизм достижения и поддержания международной стабильности и мира
- ООН как системы
- Онтогенез общения со сверстниками
- Онтогенез поздней зрелости
- Онтология Парменида и Гераклита
- Онятие и формы договора купли-продажи
- Онятие и цели управления персонала
- «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау мен аудиті
- Оңтүстік Қазақстан облысы