Оңтүстік Қазақстан облысы

 
 
                                                  Жоспар

Кіріспе.....................................................................................................................3

1.Оңтүстiк Қазақстан облысы туралы жалпы түсінік.........................................5

2.Оңтүстік  Қазақстан  облысының экономика жағдайы...................................8

3.Оңтүстік  Қазақстан облысының бюджет жүйесі...........................................17

 Қорытынды.............................................................................................................37

 Пайдаланылған  әдебиеттер..................................................................................38

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          КІРІСПЕ

        Тақырыптың  өзектілігі.  Жер ең негiзгi табиғат байлығы. Ол барлық тiршiлiк көзi, өмiр сүру ортасы. Қазір адамдар өздерiне керек қоректiк заттардың  88%-н егiстiк жерлерден, 10%-н ормандар мен жайылымдардан, 2%-н теңiз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиiмдi пайдалану сондықтанда ең негiзгi, ешқашанда маңызын жоймайтын өзектi мәселе.

    Өнеркәсiптiң дамуы, қалалардың, жолдардың, гидротехникалық құрылыстардың салынуы жердiң беткi қабатын бұзып, табиғи ландшафтардың өзгеруiне алып келедi. Өзгерген жерлер шаруашылық жағынан төмен бағаланып, қоршаған ортаны токсиндiк заттармен ластап, адам өмiрiнiң санитарлық-гигиеналық жағдайын төмендетедi.

     Жер қорының құрылымдық және сапалық жағдайының өзгерiсiн қарастыра отырып байқайтынымыз, олардың, әсіресе ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң даму бағыты негативтi сипатта екендiгiн көре аламыз. Мұндай жағымсыз процестер жердiң ресурстық потенциалының қысқаруына, оның нәтижесiнде ауылшаруашылық өнiмдерiнiң төмендеуiне алып келiп, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiне қауiп тудырады. Бұл процестi тез арада тоқтатудың ең негiзгi жолы жердi тиiмдi пайдалану. Әсiресе бұл қазіргi шаруашылық жағдайында, яғни, өнеркәсiптiк ресурстардың жетiспеушiлiгi мен топырақтың өнiмдiлiгi төмендеген уақытта маңызды.

    Жер өндiрiс қорының көзi, әрi өндiрiстi орналастыру ортасы ретiнде өндiрiстiң барлық саласына қатысты. Өндiрiстiң даму қарқыны артқан сайын жер байлығын, жер қорын пайдалану мөлшерi де өсiп келедi. Соған байланысты, жер ресурсының тиiмдi қорының сапасының төмендеуi қоғамның өндiрiске жұмсалатын шығынының артуына керi әсер етуде. Жер қоры сапасының төмендеуiнен туындайтын өндiрiс тиiмдiлiгiне керi әсердi ғылыми техникалық жетiстiктер нәтижесi де жоя алмай отыр.

    Сондықтан жер қорын үнемдi, тиiмдi пайдалану кезек күттiрмей шешiмiн табуы тиiс мәселеге айналып отыр. Оны шешу үшiн жердi тиiмдi пайдаланудың қазіргi экономикалық механизмге сай жаңа экономикалық жағдайларды ұйымдастыру керек және осындай комплекстi жолдардың iшiнен ең тиiмдiсiн, ең қолайлысын, нақтысын таңдап алуымыз керек.

Мiне, осының бәрi жұмыстың тақырыбын, мақсатын, мiндетiн  айқындап бердi.

     Қазіргі таңғы фискалды саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдаланудың негізгі бағыттарын, қаржыландырудың әдістемесі және қаржыландырудың басты көзі, бюджеттің ашық көрінуіне қол жеткізуге бағытталған, нормативтік базаның сенімділігіне, салық базасының кеңдігіне қарамай салықтың кемітілуіне, тиімсіз мемлекеттік инвестицияның қысқартылуына және мемлекеттік шығындардың құрылымын жақсартуды, халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндіктерін айқындайды. Орта мерзімді фискалды саясат тиісті қаржы жылына арналған бюджетті әзірлеу кезінде негіз болып табылады.

     Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімді фискалдық саясат) Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары, өңірлік бағдарламалар негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауын есепке ала отырып әзірленді.

    Мемлекеттік басқарудағы барлық деңгейлерінде салық және бюджеттік саясатын іске асыруда орта мерзімді фискалдық саясат жергілікті бюджетті қалыптастыру және үйлестіру құжатыныың негізі болып табылады.

Осы құжатта 2009-2011 жылдарға арналған фискалдық  саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары анықталған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
 
 

  1.Оңтүстік Қазақстан облысы туралы және табиғи жағдайлары

                 Оңтүстік Қазақстан облысы

    Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км2. Тұрғыны 2,18 млн. адам (2004). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

      Қазақстан Республикасы өзінің табиғи және географиялық ерекшеліктерімен танымал. Негізгі саяхат  аймақтары Оңтүстік Қазақстанда – Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары болып табылады.   Бұл аймақ өзінің бай тарихи және мәдениетімен атақты, оған куә Тараз қаласындағы Айша-Бибі, Қарахан, Бабаджа-Хатун архитектуралық мавзолейі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи архитектуралы ансамбілі және  т.б.  Бұған қосымша бола алатын Алматы облысындағы Жетісу өлкесіндегі ғажайып Сақтардың мазаратты дөңбешіктері . Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында әлемге әйгілі атақты Байқоңыр космодромы орналасқан.

    Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан   дем алуға өте қолайлы климаттық  ерекшеліктермен атақты онда  аңшылық, альпизизм,  шаңғы спорты, канки тебу сияты спорт түрлері  дамыған. 

    Оңтүстік Қазақстан құрамына  Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан  облысы және Қызылорда облыстары  кіреді. Оңтүстік Қазақстан үлкен  территориялы аймақты алып жатыр,  батысында арал теңізінен бастап, шығысы Жоңғар қақпасына дейін  созылып және балқаш көлі мен  солтүстігінде  Бетпақ-дала мен  оңтүстік жағы Қызылқұмның солтүстік  бөлігімен шекараласса, Тянь-Шяньнның  батыс және солтүстік таулы  алқаптары Жоңғар Алатаумен шектеседі.  Батыстан оңтүстікке қарай территория  шамамен 2000 км, ал солтүстіктен  оңтүстікке қарай 700 км. алып жатыр,  негізгі өзендері -  Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі.  Ең ірі көлдері – Арал теңізі, Балхаш көлі, Сасықкөл. Алматы облысының  аймағы Ұлыбританияның аймағынан  сәл ғана кіші. Бұл территория  түрлі рельф қосындыларымен ерекшеленеді. Бір күн ішінде әртүрлі климаттық   зоналар мен ландшафтыларды: құмды  алқаптардан бастап тау шыныңдағы  қатқан мұзға дейін  кездестірулеріне  болады. Туристік жоспарда Алматы  облысын Шарын құзы, релекті   Жайсан жасыл тоғай, Тамғалы  және Іле өзендерінің петроглифтері,  Үлкен Алматы және Көлсай  көлдері,  сонымен бірге Іле Алатау Жоңғар  және Орталық Тянь-Шань таулары.  Ол көне тарихи мәдениет шоғырланған  жер өзінің Түркістандағы   Қож Ахмет Яссауи мовзолейі  мен тараз қаласындағы Айша  Бибі, Қарахан және бабаджи Хатун  кесенелерімен, Жетісудағы сақтардың  мазары мен Оңтүстігіндегі –  «Байқоңыр» космостық орталықпен  әйгілі.   

     

    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 1932 жылы 10 наурызда құрылған, республиканың оңтүстігінде, Сырдария алабында орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың км2, бұл Қазақстан аумағының 4.3% бөлігін құрайды. Халқының саны 2282,5 мың. Терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыста 11 аудан, 8 қала, 13 кент және 932 ауылдық елді мекен бар. Облыс аумағы 171 ауылдық округтерге және 13 кенттік округтерге бөлінген. Орталығы - Шымкент қаласы.

    Облыс тұрғындарының саны жағынан  республикада алдыңғы орында  тұрған облыстардың бірі екендігі, байырғы тарихи-мәдени орындарының  молдығымен де ерекшеленетіндігі  белгілі. Атақты Отырар қамалы, түркі жұртына мәлім болған  бұрынғы Иасы, қазіргі Түркістан  қаласы, осы топырақта туып өскен,  орта ғасырдағы атақты шығыс  жұлдыздарының қатарында аталып  жүрген ғалымдардан, ғұламалардан  қалған көне соқпақтың ізін  әлі де саралай түсу - бүгінгі  ұрпақтың парызы.

   Республикада қолайлы табиғи  жағдайларымен ерекшеленетін, қысы  қатал, жазы салқын Түлкібас  пен түгін тартса майы шығатын  Жетісайдың, жайма шуақ Түркістанның  арасында ежелде өмір сүрген  өркениетті ел болғандығын дәлелдейтін  археологиялық қазба орындар  мол. Жақпар тастарда, қыш кітаптарда  қалған таңбалар оңтүстік өлке  тарихының сырлы белгісі іспетті. 

Облыстың  айтарлықтай өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері бар. Олардың негізін  орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары кұрайды. Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша - үшінші орын алады.

   Облыс мақта, тері шикізаттары,  өсімдік майы, жеміс-жидек, көкөніс  өнімдерін, жүзім, бау-бақша, макарон,  темекі, сыра және басқа да  алкогольсіз сусындарды басқа  жерлерге жеткізіп отырады. Сонымен  бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы,  шифер, автотрактор шиналары, экскаваторлар,  трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз  шығарылады.

   Облыста екі бағытта жалпы ұзындығы 445 км темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың км автомобиль жолдары, оның ішінде қатты жабыны бар 5,1 мың км жол бар. Азаматтық авиация ұзындығы 27 мың км ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түркістан-Сібір магистральдарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары өтіп жатыр.

    Ерте кездердің өзінде Оңтүстік өңірі, оның Отырары мен Түркістаны, Сайрамы мен Шымкенті, тағы басқа қалалары, Қаратауы мен Алатауы, Мырзашөлі мен Қызылқұмы, Созағы мен Қазығұрты, Сырдариясы мен Арысы сиякты таулары, өзен, сулары, жазиралы далалары, берекелі құмдары баршаға мәшһүр болған. Тіпті әріге кететін болсақ, Қаратаудың күнгей және теріскей беттері адамзаттың бұдан миллион жыл бұрын мекен еткен жерлері екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Оңтүстік өлкесі - небір қасиетті, әулие ата-бабаларымыздың кесене-күмбездері, тарихи-мәдени ескерткіштері неғұрлым көбірек сақталған аймақ. Олардың әрқайсысы өз кезендерінен өзгеше шежіре шертеді.

                              Табиғаты

       Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шанның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

                    Геологиясы мен кен байлықтары

   Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.

                                         Климаты

   Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

               Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

    Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

       Халқы

   Оңтүстік Қазақстан облысында республика халқының 14,5%-ы тұрады (2004). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км2-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (69%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), әзербайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.

     

 Шаруашылығы

   Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады. 

           2.Оңтүстік Қазақстан облысының экономика жағдайы

  Оңтүстік Қазақстан облысы - республикасының мақта өсіретін негізгі аймағы. Қазіргі кезде осы дақылмен облыстың Төлеби және Созақ аудандарынан басқа аудандары айналысады. 
Соңғы он бес жылда ОҚО-нда мақта алқабының ауданы екі есеге өсті, бірақ мақтаның өнімділігі екі есе төмендеді. Бұл көрсеткіштер серпінін облыс бойынша жалпы емес, шаруашылықтың жекелеген категориясы - ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылығында Сонымен қатар, қозаның өзіндік құны күрт өсті: соңғы бес жылда ол тоннасына 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге көтерілді."Онтүстік Қазақстанның мақта өсіру шаруашылығы мен мақта тазалау салаларының талдауы өнімділік пен тиімділіктің төмендеуінің негізгі себептері оңтүстікке тән негізгі жағдайлардың салалық ерекшеліктері екендігін көрсетілді. Қазіргі таңда мақта өндірумен облысымызда 45 мың шаруа қожалықтары айналысады. Олардың 80 % астамы жер иелері 5-10 гектарға шейін. 
Элиталық тұқым шаруашылығының болмауы және элиталық тұқымдарды қолайлы бағада жаппай шығару мәселесі. Облыста тұқымды бес элиталық тұқым шаруашылығы шығарады. Бірақ, олар негізінен ОҚО-нда бірнеше ондаған жылдар бұрын бейімделген және өзінің құнды қасиетін жоғалтып үлгерген "С47-27" сортын өсірумен келеді. Тәжірибе станцияларынан алылған элиталық тұқымдар мақта зауыттарында бір буртқа салынады және басқа тұқымдармен араласып кетеді, ал ол ғалымдардың еңбегін “жоққа” шығарады. Мақта себетін аудандарда жақсы элиталық және жаппай тұқым шаруашылығы болмауынан сорттар қоспасы пайда болуда. Элиталық тұқымды жаппай өндіру мәселелерін шешу үшін мемлекет жақын болашақта мына тәжірибе станциясында құрылатын элиталық шығаратын кіші зауыт салуға 35 миллион есе болып отыр. 
Мамандардың айтуы бойынша қажеттілікті қанағаттандыру үшін облыста 6,5 мың тонна тұқым керек. Қазіргі таңда 14 элиталық шарауашылықтардың бесеуі ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық өнім 50-55 теңге тұрады, ал импорттық баға 2 есе төмен. Тұқымның бағасы жоғары болса қарапайым шаруа қожалықтары базардан контрабандалық жолмен әкелінген сапасыз сертификатсыз төмен бағалы тұқымды алуларына тура келеді.  
Мақтаның бағасы сұранысқа және Ливерпульдық биржаның ұсынысына айланысты қойылады. Әрине әлемдік бағаның өсуі немесе төмендеуі қазақстандағы мақтаның бағасына әсер етеді. 2003 жылы Мақтааралда 1 сорттық мақтаның бағасы тоннасына 90000 теңге болды. Соның арқасында келесі жылы 220 мың теңге гектарына егілді, бірақ 2004 жылы шаруа қожалықтарындағы мақтаның өзіндік құны тоннасына 42-45 мың арасында болды. 2006 жылы 10 тамызда мақтаның бағасы Ливерпульдық биржада 1324 $ құрады. 
        Өнеркәсібі

  Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.

                              Ауыл шаруашылығы

    Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн. га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн. га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.

                                           

                      Көлік және коммуникация

   2007 жылы сала бойынша бюджеттің атқарылуы - 8 104,6 млн.теңге құрады немесе 89,1 %,оның ішінде облыстық бюджет бойынша 4 046,9 млн. теңгеге игерілді. «Көлiк және коммуникациялар» функционалдық тобы бойынша шығыстар 2009-2011 жылдары бюджеттің жалпы көлемінің 6,1-3,7 %-ы деңгейінде болжанып отыр.

  Оңтүстік Қазақстан облысының жалпы қолданыстағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының көліктік- пайдалану көрсеткіштерін көтеру үшін 2008-2010 жылдарға арналған автомобиль жолдарын дамытудың өңірлік бағдарламасы дайындалды.

2009-2011 жылдар  аралығында 2 582,6 млн. теңгеге 2 көлік инфрақұрылымы нысандарының құрылыстары жоспарланған, оның ішінде: 2009 жылға - 860,1 млн. теңге, 2010 жылы - 1362,8 млн. теңге, 2011 жылға - 359,7 млн. теңге. Жоспарлануда:

- Бәйдібек  ауданында құрылысы 2008 жылы басталған  «Қошқарата-Кенсай-Жамбыл облысының  шекарасы» инвестициялық жобасына 2009 жылы 360,1 млн. теңге, 2010 жылы 362,8 млн.  теңге және 2011 жылы 359,6 млн. теңге; 

- «КХ-56 Тараз-Акколь-Шолаккорган—Кентау (253-275 шақырым)» инвестициялық жобасына 2009 жылы - 500,0 млн. теңге, 2010 жылы - 1000,0 млн.теңге. 

   2009-2011 жылдары облыстық бюджеттен 3866,6 млн. теңгеге 18 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстары қарастырылуда, оның ішінде, 2009 жылға - 826,7 млн. теңгеге 6 нысанның, 2010 жылға - 1 615,2 млн. теңгеге 11 нысанның, 2011 жылға - 1 424,7 млн. теңгеге 4 нысанның.

   Көлік-коммуникациялық кешенді дамытудың негізгі мақсаты экономика және халық тарапынан көлік қызметтерін көрсетуге сұраныстар өзгерген кезде оның тұрақты ұтқырлық дамуы және жедел реттеуді қамтамасыз ету және толық көлемде қанағаттандыру болып табылады.

 Оған қол жеткізу үшін мына міндеттерді іске асыру қажет:

көлік үдерістерінің тиімділігіне барынша  қол жеткізу және ішкі, транзиттік және экспорттық-импорттық қатынастарда түпкі өнім құнындағы көлікке  қатысты құнды төмендету;

бірыңғай  экономикалық кеңістікті нығайту және аймақаралық байланыстарды дамыту, сондай-ақ экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылыққа кепілдік беретін деңгейде көліктік қол жетімдікті арттыру;

көлік әлеуетін (потенциалын) дамыту және тиімді пайдалану;

көлік секторында қолайлы инвестициялық  ахуал қалыптастыру.

     Бағдарламаның іске асырылуы:

облыстағы қазіргі қолданыстағы автожолдар желісін  техникалық қалыпты күйде сақтауға;

жолдардағы  жасанды құрылыстарды белгіленген  нормативтерге сәйкестендіруге;

қозғалыс  қауіпсіздігі деңгейін арттыруға;

жол бойындағы  автосервистердің деңгейін көтеруге;

автокөліктің  пайдаланатын шығынын едәуір төмендетуге;

көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік  береді, оның әлеуметтік-экономикалық зор маңызы бар.

Көлік және коммуникация саласындағы шығыстардың 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары  мыналар:

жергілікті  маңызы бар автожолдардың қолданысын қамтамасыз ету;

көлік инфрақұрылымын дамыту;

облыстың  автомобиль жолдарын сақтау және қалпына  келтіру 

қайта жаңарту және күрделі жөндеуден  кейінгі автомобиль жолдарының учаскелерінде  жөндеу аралық мерзімдерін сақтау;

- қатты  жамылғысы бар жолдар тораптарын  ұлғайту; 

- облыстық  барлық елді мекендерге жылбойғы  жүрісті қамтамасыз ету. 

- әлеуметтік  маңызы бар ішкі-қатынас жолдарымен  жолаушыларды тасуды ұйымдастыру. 

    Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.

         
   
Оңтүстік Қазақстан облысы