Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

 

Жоспар:

I.Кіріспе

Жіктеуіштер және олардың  анықтамалары………………………….4

II.Негізгі бөлім

2.1. ҚР-ның мемлекеттік классификаторы…………………………...7

2.2. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы…...7

2.3. Экономикалық қызметтің ең маңызды салалары........................ 11

2.4. АШОК-административті- шекаралық объектілердің классификаторы…………....…………………………………………..21

2.5. НҚК – негізгі қорлардың классификаторы……………………..22

III.Қорытынды……………………………………………………….28

IV.Пайдаланылған  әдебиеттер…………………………………....29

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Жіктеуіш –жіктелген топтамалардың  және (немесе) жіктеу объектілерінің атаулары мен кодтарының жүйеленген жиынтығы ұсынатын ресми құжат.

Ведомстволық жіктеуіш – бұл  экономиканың, министрліктердің (ведомстволардың) белгілі саласын басқарудың автоматтандырылған жүйесінде қолдану үшін  белгіленген  тәртіппен енгізілген жіктеуіш. Ведомстволық жіктеуіштер халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттік жіктеуіштерге  енгізілмеген  ақпаратты қамтиды.

Жіктеуішті жүргізу – жіктеуіштің  эталондық және бақылау даналарын  өзекті (жандандыру) жағдайда ұстау.

Жіктеуіштің эталоны - қағаз және электронды тасығыштарда, ресімделуі бойынша стандарттарға  сәйкес келетін, белгілі бір күнге  жандандырылған жіктеуіштің түпнұсқасы. Жіктеуіштің эталоны Әзірлеушіде  сақталады.

Жіктеуіштің бақылау данасы – эталонның  қағаз және электронды тасығыштардағы көшірмесі. Бақылау данасы Уәкілетті  Департаментте сақталады.

Өнім - тауарлар мен қызметтерді  қамтитын экономикалық қызметтің нәтижесі.

Қызмет – бірінші бірлікпен  алдын ала келісім жасағанға  сәйкес басқа экономикалық бірлік қызметінің нәтижесінде, экономикалық бірліктің (әкімшілік мекеме, кәсіпорын, тұлға  және т.б.) немесе осы экономикалық бірлікке жататын тауар жағдайындағы өзгеріс.

Кодтау – жіктеуіш объектісін қалыптастыру және код беру үрдісі.

Жалпы  мемлекеттік статистикалық  байқау – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау.

Кодтаудың параллельді әдісі – жіктелімнің фасетті әдісі кезінде алынған тәуелсіз топтамалар кодтарын пайдаланып жіктелім тобының және (немесе) жіктелім объектісінің кодын түзу.

Статистикалық нысан – статистикалық құжаттың алғашқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақтама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар)

Код құрылымы – кодтағы белгілердің құрамы мен орналасу бірізділігін шартты белгілеу.

Жіктелімнің фасетті әдісі – көптеген объектілерді тәуелсіз жіктелім топтарына параллельді бөлу. 

Кодтың санды әліпбиі – код түзу үшін қабылданған санды белгілер жүйесі.

Құрылыс өнімдерінің ведомствалық жіктеуішін әзірлеудің негіздері:

- жаңа халықаралық және  мемлекеттік жіктемелер мен стандарттарды  енгізу;

- Қазақстан Республикасы  Статистика агенттігінің және  оның құрылымдық бөлімшелерінің  стратегиялық және ағымдағы жоспарларын  жүзеге асыру болып табылады.

Ведомстволық жіктеуіштің  әзірленуін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Өндіріс статистикасы департаменті құрылымдық статистика, құрылыс және инвестиция басқармасы жүзеге асырады.

Құрылыс өнімдері жіктеуішінің базалық негізі Еуропалық экономикалық қоғамдастықтағы Қызмет түрлері  бойынша өнімдер жіктеуіші (СПА 2008) болып табылады.

Жіктеуіш құрылыс өнімінің кодтарын қалыптастыру принциптерін анықтайды  және оларды ұлттық деңгейде толықтыруға  және (немесе) ұлғайтуға мүмкіндік  береді. Осы жіктеуішпен қарастырылған  кодтар: жекелеген сыныптарды қоспағанда экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚЖЖ – 4 белгі) және өнімдердің (ЭҚТӨЖ – 6 белгі) өзара байланысты жіктеуіштерінің  кодтарын біріктіреді. 

Қазіргі Қазақстанның аумағында  жүйелі және орталықтандырылған статистикалық  қызметтің пайда болуы 18 ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңімен тұспа-тұс келеді.

Негізінен алғанда статистика органдары халық шаруашылық жоспарларының  орындалу барысы туралы экономика мен  мәдениеттің дамуы және оның жағдайы  жөнінде басқару және жос-парлау органдарын статистикалық (жалпыланған) ақпараттармен жедел қамтамасыз етіп отырған жалғыз жүйе болды.  Олар қолда бар статистикалық  материалдарды талдау мен жекелеген  міндеттердің орындалуына және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға үлкен  көңіл бөлді, мұндай жұмыстарды жүзеге асыру 60-70 жылдары бірнеше рет  қолға алынған болатын; кәсіпорындарда, экономика салаларында мемлекеттік  жоспардың орындалмау себептерін, олардағы пайдаланылмаған резевтер туралы баяндап  және анықтап беру мәселесі қолға  алынды.

Өндірістің кезеңді (әрбір 5 жыл сайын) салааралық теңгерімі  мен халық шаруашылығындағы тұтыну, маңызды өнім түрлерін өндіру мен  тұтыну теңгерімі, отын-энергетикалық  теңге-рімдер, еңбек ресурстарының, негізгі қорлардың, қаржы ресурстарының, ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерінің  және басқаларының жыл сайынғы теңгерімдері жасалып отыратын.

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

ҚР-ның мемлекеттік  классификаторы:

ЭҚТЖК – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы. 

АШОК – административті  – шекаралық обьектілердердің классификаторы.

НҚК- негізгі қорлардың  классификаторы.

ЭҚТЖК – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы.

  ҚР  МК03-2003

1. Қазақстан Республикасының  статистикалық орталығы бойынша  өңделген және енгізілген.

2. Қазақстан Республикасының  сауда және индустрия  министрлігі стандарттау метрология және сертификаттау комитетінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығы бойынша бекітілген және енгізілген.

3.ҚР МК 03 -99 орнына экономикалық  қызмет түрлерінің жалпы классификаторы  енгізілген.

4. Шын классификатор   тақырыпта экономикалық қызмет  түрлерінің классификаторын   Еуропалық бірлестікпен құрайды. 

5. Периодтық тексеру –  5 жыл. 

Қазіргі кездегі классификатор, классификатор және кодтау тәртібін, барлық экономикалық қызмет түрлерін және олардың кодын орнатады.

Осы жіктеуіш экономикалық қызметтің барлық түрлерін сыныптау мен кодтау тәртібін (бұдан әрі - жіктеуіш) анықтап, олардың кодын белгілейді.

Жіктеуіштің талаптары өз қызметтерін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын және техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтау бойынша жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде пайдаланатын, ведомствоға қарастылығына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан министрліктер, ведомстволар, жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Осы жіктеуіштің ережелері:

- деректерді жинау, өңдеу және тарату кезеңінде статистикалық деректерді өндіру барысында;

- статистикалық ақпаратты халықаралық  алмасуда, оның ішінде халықаралық  сауалнама негізінде;

- салық, кеден, банк есептерінде,  әр түрлі мемлекеттік дерекқорларда, тіркелімдерде, тізілімдерде;

- ұлттық шоттар жүйесі принциптерімен  экономиканы талдау және макроэкономикалық үлгілеу барысында қолдануға жатқызылады.

Қызмет түрі: Қызмет түрлері жіктеудің ең кішірейтілген санаттарын сипаттайтын өнімнің (тауарлар мен қызмет көрсетудің) бірыңғай жиынтығын жасау процесі.

Қызметтің негізгі түрі: Қосылған құны субъект жүзеге асыратын қандай да болмасын басқа бір қызмет түрінің қосылған құнынан артық болатын қызмет түрі.

Қызметтің қосымша түрі: үшінші тұлғалар үшін өнімдер өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгі түрден басқа қызмет түрі. Екінші реттік қызмет жіктеуіштің тиісті санатында ескеріледі.

Қызметтің қосалқы түрі: Объект қызметінің негізгі түрін қолдау үшін, осы объектінің тұтынуына арналған (тасымалдау, сақтау, сатып алу, өткізуді дамыту, жинастыру, жөндеу және қызмет көрсету, қорғау және т.с.с.) қысқа мерзімді сипаттағы тауарлармен және қызмет көрсетумен қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылатын қызмет түрі. Қосалқы қызмет объектінің негізгі қызметі бойынша ескеріледі.

Бір бейінді және бірнеше бейінді қызмет атқаратын заңды және жеке тұлғалардың экономикалық қызметінің барлық түрі осы жіктеуіштің объектілері (жіктелетін көптік элементтері) болып табылады.

Оларға қатысты ақпарат сұралатын  және статистикалық серпінді қатарлар жасалатын заңды және жеке тұлғалар статистикалық бірліктер болып табылады.

Экономикалық қызметтің бір  ғана түрімен айналысатын заңды  және жеке тұлғалар меншік түріне (жекеше немесе мемлекеттік) және шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық түріне қарамастан жіктеуіштің бір топтамасында жіктеледі.

Жіктеуіште қызмет түрлерін өндірістік және өндірістік емес деп бөлу қарастырылмаған, бірақ бір жағынан негізгі және қосымша қызмет және екінші жағынан қосалқы қызмет арасында  айыру жүргізіледі.

Қызметтің негізгі түрі бойынша  жіктеу жұмыстың өнеркәсіпте немесе үй шаруашылығында машинамен немесе қолмен орындалуы-орындалмауына қарамастан жүргізіледі.

Өнімнің (тауарлар мен қызмет көрсету) тауарлық шығарылымы көлемінде қосылған құн қызметтің негізгі түрін анықтау үшін критерий болып табылады.

Кәсіпорынның көп бейінді қызметті жүзеге асыру барысында қызмет түрлері  көлденең немесе тігінен біріктірілуі мүмкін.

Қызмет түрлерін көлденең біріктіру, кәсіпорын өндірістің біркелкі факторларын пайдалану кезінде қызметтің бірнеше түрін бір мезгілде жүзеге асырса ғана, іске асырылады. Бұл кезде кәсіпорын қызметінің әрбір түрі бір-біріне байланыссыз. Мысалы, тек бір кәсіпорын жүзеге асыратын жөндеу және бөлшек сауда.

Қызмет түрлерін тікелей кіріктіру  өндірістің әр түрлі кезеңдері бір кәсіпорын ішінде бірте-бірте жүзеге асса, және өндіріс бір кезеңде келесі кезең үшін өндіріс құралы болып қызмет етсе көрінеді. Мысалы, саз өндіру және ол саздан кірпіш өндіру.

Көлденең және тігінен кіріктірілген кәсіпорындарды жіктеу жалпы қосылған құнды құруға көбірек үлес қосатын қызмет түрінің негізінде жүзеге асырылады.

Ет алу үшін құс өсірумен айналысатын, одан кейін ауыл шаруашылығы құсының етін және ет өнімдерін өндіретін (тікелей кіріктіру) кәсіпорын қосылған құнға көбірек үлес қосатын қызмет түріне байланысты жіктеледі.

Экономикалық қызмет түрлерін тігінен  кіріктірудің жалпы ережесінен ерекшеліктер Еуростат ұсынымдарында регламенттеледі.

Жіктеуіш екі блоктан тұрады:

- сәйкестендіру;

- атауы. 

Сәйкестендіру блогында жіктеудің төрт сатылы иерархиялық жүйесі және кодтың әріптік-цифрлық алфавитін қолдана отырып кодтаудың тізбектік жүйесі бар.

Кодтау үшін екінші және үшінші таңбалары арасында нүктелері бар төрт цифрлық он таңба қолданылады. Кодтау деңгейлік жүйеде жүргізіледі, оның әр деңгейінің белгісі, коды және элемент саны болады, соның ішінде:

  • бірінші деңгей жіктеуіш секцияларын анықтайды (21) және алфавиттік кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады (A-U);
  • екінші деңгей бөлімдерді анықтайды (88) және екі таңбалы цифрлық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады (01-ден 99-ға дейін);
  • үшінші деңгей топтарды анықтайды (272) және үш таңбалы цифрлық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады (01.1-ден 99.0-ғе дейін);
  • төртінші деңгей сыныптарды анықтайды (615) және төрт таңбалы цифрлық кодпен белгіленетін тақырыптардан тұрады (01.11-ден 99.90-ға дейін).

Сонымен, екі таңбалы деңгейдегі жіктеуіштің ең бірінші санатына 01 коды, үш таңбалыда - 01.1, төрт таңбалыда - 01.11 коды белгіленді.

Жіктеудің нақты деңгейі  келесі кішірейтілген деңгейдің  санаттарына бөлінбейтін жағдайларда "0" саны пайдаланылады. Мысалы, "Темекі өнімдерін өндіру" тобының коды 12.0, өйткені "Темекі өнімдерін өндіру" бөлімі (коды 12) топтарға бөлінбейді.

Жіктеудің ең төменгі деңгейіне төрт таңба кіреді.

Жіктеуіштің 88 бөлімі (екі таңбалы цифрлық код), 272 тобы (үш таңбалы код), 615 сыныбы (төрт таңбалы код) бар.

Ең ірі болып табылатын  екі таңбалы санаттар (бөлімдер) сандық кодтармен белгіленген, блоктарға топтастырылған (А-дан U -ға дейін 21 секция). Бұл блоктар экономикалық қызметтің ең маңызды салаларын қамтиды және 1-кестеде берілген.

1-Кесте

Секциялар

Атауы

Бөлімдер

А

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

01-03

 

өсімдік және мал шаруашылығы, жабайы аң мен құс аулау және өсіру, осы салаларда көрсетілетін қызметтерді қоса

01

 

Орман шаруашылығы жҫне ағаш дайындау

02

 

Балық шаруашылығы және аквамәдениет

03

B

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

05-09

 

Көмір және лигнит өндіру

05

 
Шикі  мұнай және табиғи газ өндіру

06

 
Металл  кендерін өндіру

07

 
Тау-кен  өнеркәсібінің басқа салалары

08

 

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық кызметтер

09

C

Өңдеу өнеркәсібі

10-33

 

Тамақ өнімдерін өндіру

10

 

Сусындар өндіру

11

 

Темекі өнімдерін өндіру

12

 

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

 

Киім өндіру

14

 
Былғары және оған жататын өнім өндіру

15

 

Жиһаздан басқа ағаштан  және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

16

 

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

 

Жазылған материалдарды  басып өндіру және җдайы өндіру

18

 

Кокс және мұнайдың өңделген өнімдерін өндіру

19

 

Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

20

 

Негізгі фармациялық өнімдер препараттар өндіру

21

 

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

22

 

Өзге бейметалл минералдық өнімдер өндіру

23

 

Металлургия өнеркәсібі

24

 
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын  металл бұйымдарын өндіру

25

 

Компьютерлер, электрондық  және оптикалық бұйымдарын өндіру

26

 

Электр жабдықтарын өндіру

27

 

Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтарды өндіру

28

 
Автокөлік құралдарын, тіркемелер және жартылай тіркемелерді өндіру

29

 

Басқа көлік құралдарын өндіру

30

 

Жиһаз өндіру

31

 

Өзге дайын бұйымдарды өндіру

32

 

Машиналар мен жабдықтарды  жөндеу және орнату

33

D

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондиционерлеу

35

E

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуына және таратулуына бақылау жасау

36-39

 

Суды жинау, өңдеу және тарату

36

 

Кәріз жүйесі

37

 

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды өңдеу

38

 

Рекультивация және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

39

F

Құрылыс

41-43

 

Ғимараттар мен құрылыстарды салу

41

 

Азаматтық құрылыс 

42

 

Бір салаға арналған құрылыс  жұмыстары 

43

G

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

45-47

 

Автомобильдер мен мотоциклдерді  көтерме және бөлшек сату

45

 

Автомобильдер мен мотоциклдерден саудасынан басқа, көтерме сауда

46

 

Автомобильдер мен мотоциклдерді  сатудан басқа, бөлшек сауда

47

H

Көлік және жинақтау

49-53

 

Құрылықтағы көлік қызметі және құбырмен тасымалдау

49

 

Су көлігі

50

 

Әуе көлігі

51

 

Жинақтау және қосалқы көлік қызметі

52

 
Пошталық  және курьерлік қызмет

53

I

Тұру және тамақтану жөнінде қызмет көрсету

55-56

 

Тұруды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету

55

 

Тамақ өнімдерін және сусындарды ұсыну жөнінде қызмет көрсету

56

J

Ақпарат және байланыс

58-63

 
Баспа қызметі

58

 

Кино, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар шығару

59

 

Бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау жөніндегі қызмет

60

 
Байланыс 

61

 

Компьютерлік программалау, кеңестер беру және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

62

 
Ақпараттық  қызметтердің қызметі 

63

K

Қаржы және сақтандыру қызметі

64-66

 

Қаржы қызметтері, сақтандыру және зейнетақы қорлары қызметтерін қоспағанда

64

 

Міндетті әлеуметтік сақтандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі,

65

 

Қаржыландыру және сақтандыру қызметтерін ұсыну бойынша қосалқы қызмет

66

          L

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

68

M

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69-75

 
Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет

69

 

Бас компаниялар қызметі; басқару  мәселелері бойынша кеңестер беру

70

 

Сәулет өнері, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

71

 
Ғылыми  зерттеулер және әзірлемелер

72

 

Жарнама қызметі және рынок конъюнктурасын зерттеу

73

 

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

74

 

Ветеринарлық қызмет

75

N

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

77-82

 
Жалдау, жалға беру, лизинг

77

 
Жұмысқа орналастыру

78

 

Туристік операторлардың, туристік агенттіктердің және өзге де ұйымдардың  қызметі

79

 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және тергеу жүргізу жөніндегі қызмет

80

 

Ғимараттарға және аймақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет

81

 

Әкімшілік-басқару, шаруашылық және басқа қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

82

O

Мемлекеттік басқару  және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

84

P

Білім беру

85

Q

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86-88

 
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86

 

Тұрғын орынмен қамтамасыз ете отырып күтім-батау жөніндегі қызмет

87

 

Тұратын жермен қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

88

R

Өнер, ойын сауқ және демалыс

90-93

 

Шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет

90

 

Кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және  мәдени қызмет көрсететін басқа мекемелердің қызметі

91

 

Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет

92


 

 

Спорт саласындағы және демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастырудағы қызмет

93

S

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

94-96

 

Мүшелік ұйымдар қызметі

94

 

Компьютерлерді, тұрмыстық  бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу

95

 

Өзге де дербес қызметтер көрсету

96

T

Үй  қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

97-98

 

Үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі

97

 

Жеке тұтыну үшін тауарлар өндіру жөніндегі үй шаруашылықтарының қызметі

98

U

Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі

99


 

                        Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру

      Аталған бөлімге химиялық процестер арқылы органикалық және бейорганикалық емес шикізатты, материалдарды қайта өңдеу және дайын өнім өндіру кіреді. Ол аралық өндірісті және өнеркәсіпте қалған бағыттарға жататын негізгі химикаттарды одан әрі қайта өңдеу арқылы алынған дайын өнімді қамтитын бірінші өнеркәсіптік топқа жататын негізгі химиялық заттарды өндіруге бөлінеді. Негізгі химикаттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру.Өнеркәсіптік газдарды өндіру сыныбына мыналар кіреді:сұйық немесе сығылған  органикалық өнеркәсіптік  газдарды немесе хладагент буларын: табиғи газды, сұйық немесе сығылған ауаны, хладагент буын, аралас өнеркәсіптік газдарды, көмірқышқыл газы сияқты инертті газдарды,  оқшауланған газды өндіру.Басқа негізгі бейорганикалық химиялық заттарды өндіру сыныбын атап айсақ. Аталған сынып негізгі процестерде қолданылатын химикаттар өндіруды қамтиды. Осы процестердің нәтижелері ретінде әдетте жеке химиялық элементтерді немесе белгілі бір химиялық қоспаларды алуда қызмет етеді. Осы сыныпқа мыналар кіреді:

- химиялық элементтерді  өндіру (өнеркәсіптік газдар мен негізгі металдардан басқа)

- азот қышқылынан басқа,  органикалық қышқылдарды өндіру

- аммонийден басқа, сілтіні,  сақарды және басқа да органикалық заттарды өндіру

- басқа да органикалық  қоспалар өндіру

- темір колчеданын пісіру 

- дистилл су өндіру

Тағы да айтар кетер  бір сынып бастапқы қалыпта пластик  өндіру сыныбы.Аталған сыныпқа шайыр, канифоли, камеди, пластик материалдар және вулкандалмаған термопластикалық эластомер өндіру, әдеттегі тәсілмен шайыр араластыру, сондай-ақ түрленбеген синтетикалық шайырлар өндіру кіреді. Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру бөлімінде атап өтерлік сыныптар да бар:

  • Пестицидтерді мен басқа агрохимиялық өнімдерді өндіру.
  • Бояулар, лактар және җқсас бояғыш заттар, типографиялық бояулар мен мастика өндіру.
  • Сабын және жуу құралдарын, тазалайтын және жылтырататын препараттар, парфюмерлік өнімдер мен косметикалық заттар өндіру.
  • Басқа химиялық өнімдер өндіру.
  • Жасанды талшықтар өндіру және тағы да басқалары.

 

                 Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру

 Аталған бөлімге ағаш массасын және қағазды немесе қосымша өңделген қағаз бұйымдарын өндіру кіреді. Осы тауарларды өндіру кезінде қызмет түрлерінің тік интеграциясы қабылданады,  өйткені әр түрлі операциялар бірінен соң бірі бір ғана бірлікпен жүзеге асырылады. Экономикалық қызметтің үш негізгі түрі ерекшеленеді. Ағаш массасын өндіру целлюлоза талшықтарын ағашта немесе макулатурада бар қосапалардан бөлуден тұрады. Бұдан әрі осы қағаз масса параққа өзгертіледі.Макулатурадан алынған, қосымша өңделген бұйымдар бұдан әрі өңдеу үшін, сіңіру немесме жабын жағу үшін пайдаланылатын әр түрлі материалдардан және қағаздан өндіріледі. Қағаздан жасалған бұйымдарды басу полиграфиялық қызмет көмекші қызмет болып табылған жағдайда осы бөлімге енгізіледі.Ағаш   массасы мен целлюлозасын,  орамасыз картон және қағаз өндіру 17.1. топқа  орналастырылған, сонымен бірге  қалған сыныптар сияқты өзіне одан әрі қағаз және қағаз өнімдерін өндіру  процесін сипаттау кіреді.

 

Жазылған материалдарды  басып өндіру және ұдайы өндіру

 Аталған бөлімге газеттер, кітаптар, кезеңдік басылымдар, бланкілер, құттықтау ашықхаттары сияқты баспа өнімдері және басқа да материалдар, түптеу ісі, баспа формаларын әзірлеу және бейнелерді  өңдеу сияқты  қызмет түрлерін қолдау кіреді. Аталған қызмет түрлерін техникалық қолдау мүмкіндігінше әрқашан баспа жұмыстарымен қоса жүретін (баспа формасы, кітаптарды түптеу) сияқты баспа өнеркәсібінің интеграцияланған бөлігін қамтиды. Баспа ісінде қолданылатын процестерге қағаз, пластмасса, металл, тоқыма немесе ағаш бұйымдары сияқты өңделетін үстіңгі беттеріне электрондық тасымалдаушыдан бейнелер беруге арналған әдістер көптігі де кіреді. Аталған әдістердің негізгісі электрондық тасымалдаушыдан үстіңгі беттеріне бейнелер беру әдісі болып табылады. Бұл - литография, өрнек, экрандық немесе флексографиялық баспа сияқты әдістер. Көбіне компьютерлік файл байланыссыз тәсілмен (сандық баспа немесе байланыссыз баспа) бейне жасау үшін тікелей «басуға», яғни басушы механизмге тікелей жіберіледі. Басу немесе жариялау (мысалы, газет өнімі) кейбір басқа жекелеген қызмет түрлері сияқты  сол жабдықта орындала алады. Аталған бөлім өзіне компакт-дискілер, бейне жазбалар, дискілердегі бағдарламалық қамсыздандыру, жазбалар және т.б. осылар сияқты жазбалар тасымалдаушыны жаңғыртуды кіреді. Аталған бөлім жариялауды қамтымайды (J тарауын қараңыз).

          Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

 Аталған бөлімге олардың механикалық қондырғылары мен ерекше тәсілмен жасалған кез келген  бастапқы әзірлемесін қамти отырып,  материал өңдеудің механикалық әдісі болса да, немесе термикалық әдісі болса да, немесе  материалмен қандай да бір жұмыс орындау болсын (шаңдату, өлшеу немес орау), материалға байланыссыз жұмыс істейтін техника мен жабдықтар кіреді. Өнеркәсіптік, құрылыс немесе азаматтық нысандар үшін құрылымдалғанына байланыссыз, жылжымайтын және оңтайлы қондырғылар кіреді. Жолаушылар немесе жүк көліктеріне арналған  мамандандырылған жабдықтар өндіру осы тарауға кіргізілген. Аталған бөлім мамандандырылған техника өнідірісіне бөлінеді, яғни NACE өнеркәсібінде шектеулі пайдалануға арналған техникаға немесе NACE өнеркәсібі бағыттарының кішігірім тобында және жалпы мақсатқа арналған техникаға, яғни NACE өнеркәсібі бағыттарының кең шеңберінде пайдаланыла алатын техника өндірісіне бөлінеді. Сондай-ақ аталған жіктеменің басқа тарауларына кіргізілмеген, арнайы бағыттағы демалыс және мәдениет парктеріне арналған жабдықтар, кегельбанға арналған автоматты жабдықтар және осылар сияқты  басқа да техника  түрлерін өндіру кіреді.

 

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

    Бұл бөлімге жабдықты әрі қарай жаңғырту және басқа да өнімді жұмыс қалпына келтіру мақсатында өндірістік секторға қатысты тауарларды мамандандырылған жөндеу кіреді. Мұндай өнімдерді жоспарлық техникалық күту және қызмет көрсету (яғни, қызмет көрсету және жөндеу) жабдықтың өнімділігін жоғарлату үшін қажет етіледі және көбінесе жабдықты уақытынан бұрын жөндеуден сақтайды. Бҗл бөлімге тек жабдықты мамандандырылған жөндеу, техникалық күту және қызмет көрсету ғана кірмейді. Жоспарлық жөндеу, әдетте, осы секцияда топтастырылған техниканы және жабдықты пайдалану кезінде жүзеге асырылады және әрбір жеке жағдайда пайдаланылады. Сату және жөндеу де осы қағидалар бойынша жіктелген. Техниканы немесе жабдықты жаңғыртуөндірістік қызметке жатқызылған және осы бөлімнің басқа да бөлімшелеріне енгізілген. Тұтынушыларға арналған тауарларды жөндеу, техникалық күту және қызмет көрсету тұрмыстық аспаптарды (мысалы, офистік және тұрмыстық жиһазды жөндеу (35.24 қараңыз)) дегенді білдіреді. Бұл бөлімге сондай-ақ жабдықты мамандандырылған орнату кіреді. Бірақ, электр өткізгішін, эскалаторларды және ауаны желдету жүйелері сияқты ғимараттың немесе осындай құрылымдардың интегралдық бөлігін құрайтын жабдықты орнату құрылыс бөліміне жатқызылған.

 

         АШОК-административті- шекаралық объектілердің классификаторы.ҚР МК 11-2008

  • Қазақстан Республикасының статистикалық орталығы бойынша өңделген және енгізілген.
  • Қазақстан Республикасының сауда және индустрия министрлігі стандарттау метрология және сертификаттау комитетінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №542 бұйрығы бойынша бекітілген және енгізілген.
  • ГК ҚР 03-99 орнына экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторы енгізілген.
  • 2008 жылдың алғашқы тексерісі.
  • Периодтық тексеру- 5 жыл.

         Орнына енгізілген классификатор «Административті – шекаралық объектілер атауының жүйесі»

Мазмұны:

  • Облыс және қала кодтары республикалық белгіленумен
  • Ақмола облысы
  • Ақтөбе облысы
  • Алматы облысы
  • Атырау облысы
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Жамбыл облысы
  • Қарағанды облысы
  • Қостанай облысы
  • Қызылорда
  • Маңғыстау
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Павлодар
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Щығыс Қазақстан облысы
  • Астана қаласы
  • Алматы қаласы

НҚК – негізгі қорлардың  классификаторы.

  • Негізгі қорлардың классификаторлары, негізгі қорларды есепке алу мақсатында кеңінен қолдануға арналған, яғни бухгалтерлік және статистикалық сферадағы есеп бойынша тіркеу мақсаты.
  • Негізгі қорлар классификаторы 2 бөлімді қосады: негізгі материалдық қор және материалды емес негізгі қорлар.

   Келесі есептерді шешуде қолданылады:

  • Алғашқы және бухгалтерлік есептің кірісуі, құрамы және негізгі қорлар жағдайының болуы;
  • Жалпы мемлекеттік және ведомствалық статискалық қадағалау орны;
  • Негізгі қорларды құрамы және құрылымы болса халықаралық сәйкестендіру.
  • Статистикалық және бухгалтерлік есептің өткізілуі (жазылу, тіркелу және негізгі қорларды бағалау амортизациялық қор санағы шамаларды анықтау және т.б.)
  • Басқа да есептер, соның ішінде спецификалық және арнайы.

Жіктеуішті жүргізу жіктеуіштің  эталон және бақылау даналарының жасалуын, олардағы бар ақпараттардың растығын және толықтығын қамтамасыз ету, қызметтің жаңа түрлерін жіктеу мен кодтау мақсатында оларға өзгертулер енгізуді қарастырады.

Жіктеуіштің эталон данасын  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүргізеді. Бақылау данасын  Қазақстан Республикасы Индустрия  және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті жүргізеді.

Жіктеуіштің эталон данасына өзгерістер енгізуді стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органмен жасалған келісім бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жүзеге асырады.

Еуропалық қоғамдастықтың экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуішіндегі (NACE rev. 2) өзгерістер жіктеуіштің эталон данасына өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ҚР СТ 5.2-2005 5.4 тармағына  сәйкес Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесі. Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуішін жүргізу туралы ереже ЭҚЖЖ жіктеуіші қызықтырған тұлғаларды қамтамасыз етеді.

Жіктеуішті біріктірудің түрлі деңгейлерінде: экономикалық қызметтің жекелеген субъектілері деңгейінде; субъектілер топтары  деңгейінде; бүкіл экономика деңгейінде қолдануға болады.

Негізгі қорларды есепке алу  үшін жіктеуішті пайдалану [1] талаптарына  сәйкес аса маңызды макроэкономикалық  статистикалық көрсеткіштер әзірлеуге  мүмкіндік береді.

Негізгі қорлар: Тауарларды өндіру немесе жеткізу, рыноктық және рыноктық емес қызметтер көрсету, жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және мынадай:

  • оларды бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану көзделетін;
  • болашақтағы экономикалық тиімділіктер осындай активтерге байланысты болуы мүмкін;
  • активтің құны дәл анықталуы мүмкін талаптарға жауап беретін материалдық және материалдық емес бейақша активтер.

Материалдық негізгі қорлар (негізгі құралдар): Субъект тауарлар өндіру немесе жеткізу және қызметтер көрсету үшін, басқа субъектілерге жалға беру үшін не әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланатын және бір жылдан астам уақыт бойы пайдалану көзделген жылжымайтын мүліктерді (жер, ғимараттар, имараттар және жерге байланысты басқа да активтер), машиналар мен жабдықтарды қоса материалдық-заттық нысаны бар бейақша активтер.Нақты мәні жоқ, оларды:

-   анықтауға болатын;

-   субъектілер бақылайтын;

-  оларды пайдаланудан  субъект болашақта экономикалық  тиімділік алудан үмітті ұзақ (бір жылдан астам) уақыт бойына  тауарлар (жұмыс, қызмет) өндіруге  немесе өткізуге және әкімшілік  мақсаттар мен басқа субъектілерге  жалға беруге арналған бейақша  активтер.

Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету