Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар
М
а з м ұ н
ы
Кіріспе
..............................
Негізгі бөлімі
1. Қажетті қорғану.......................
2. Қажетті қорғану
шегінен асып кеткендік........
3. Жалған қорғану................
4. Аса (мәжбүрлі)
қажеттілік....................
5. Қылмыс жасаған
адамды ұстағанда зиян келтіру.......................
6. Орынды тәуекел................
7. Күштеп немесе
психикалық мәжбүрлеу.....................
8. Бұйрықты немесе
өкімді орындау.......................
Қорытынды.....................
Колданылған
әдебиеттер....................
К і р і с п е
Әрбір азаматтың конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материялдық белгісі болып табылатын басты белгі- қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою,тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.
Аталған
жағдайларда істелген әрекет немесе
әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне
ұқсамағанымен, толарда қоғамға қауіптілік
болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды.
Өйткені бұл аталған институттар қоғамға
пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады.
Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.
- Қажетті қорғану
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.(32-бап, 2-бөлік). Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскісін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде,егер бұл орайда қажетті қоғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып танылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі).
Бұл жерде мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Қажетті қорғану - әрбір адамның
заңды және заңмен
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Коститутцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставқа, басқадай нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милиция қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы арқылы» 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық қауіптерден қорғаудағы коститутциялық құқығын жүзеге асырудың ең бір кепілі екендігіне соттардың назарын аудару керек.
Азаматтар заңға сәйкес
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32- бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер деп көрсетілген. Бұл әрекет шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл – бұл ашықтан - ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе не төндіргені қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қажетті корғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа татылады.
Қажетті қорғану әкімшілік
Қажетті қорғануды қарсы
Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты – қорғану қол сұғушылық нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол сұғушылықтың бастамасы болып, қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтады. Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып, іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер қол сұғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты – болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын көрсеткен. Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырыта алмаудан қолдану жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде «Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолданса, ол әрекетті қажетті қорғануға жатқызуы керек» делінген. Егер қорғанушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегініен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану қолданса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің
Қажетті
қорғанудың үшінші бір
шарты – қоғамға қауіпті қол сұғу айқын,
шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға
анық зиян келтіретін болуы керек. Адамның
санасында ғана елестетілетін қиянаттың
зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ.
Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған
қорғану дейміз.
2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Қылмыстық кодекстің 32-
Заң қиянаттың қаупі мен
Егер қорғанушы қиянаттың
Мысалы: К. деген азамат қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда денені ауыр жарақаттағаны үшін (109-бап, 2-бөлігі) мына төмендегі жағдайда кінәлі деп табылып, сотталған. Сыраханада К-ға қызу күйдегі, бір аяғы жоқ Ж. деген мүгедек адам тиісіп, өзіне екі құмыра сыра алып беруді талап еткен. Ж-ны итеріп жіберіп К. далаға шықпақшы болған, итеруден құлап түскен Ж. жалма-жан тұра сала К-ны балдағымен ұрып, тағы да екінші рет ұрмақшы болған, осы кезде К. қолындағы құмырасымен Ж-ны бастан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот үкімінде «қажетті қорғану шегінен асып, қиянаттың қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян келтірген» деп көрсетілген. Ж. бір аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде мас болған. Осы жағдайға байланысты К. оны басынан құмырамен ұрмай-ақ, оның қолындағы балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жарақат салмай-ақ, қиянатты тоқтатуға толық мүмкіндігі бар еді.
Қорғанушы қорғану шегінде
Қазақстан Республикасы
Сонымен қажетті қорғану
Заңда қажеттті қорғаныс
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп – қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының
әр түрлі обьективтік
Жалған қорғану – қоғамға қауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге
Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы
4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік
Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап, 1-бөлігі).
Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған жағдайына сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалатын мүдделерге оларды сақтап қалғаннан гөрі, көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана әрекеттерде ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса қажеттілік деп - біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға болмайтындай болса, заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс болып табылмайды.
Аса қажеттілікте қауіп
Обьективтік жағынан алғанда аса қажеттілік көп жағдайларда әрекет арқылы, кейбір уақыттарда әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Мысалы, әрекетсіздікке жоғарыда айтылған екі бірдей ауру адамның, ауыр науқаспен ауырғанына барып, жеңілірек ауруға бармай немесе оған кешігіп келуін айтамыз.
Аса қажеттілік жағдайында
Бірінші шарт: нақтылы қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол қауіп стихиялық апаттардан, машиналар мен механизмдердің ақауынан, хайуанаттардың шабуылынан, адам организімінде болатын физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адамның тарапынан орын алған тікелей төнген қауіптен болуы мүмкін. Мысалы, тұңғиық орман ішінде адасқан адамның аңшылар үйінде қалған азық-түлікті өз пайдасына тұтынуы. Ауру адамды ауруханаға жеткізу үшін тіл алмаған адамның машинасын иесінен тартып алып, ауыр науқасты ауруханаға жеткізу.
Аса қажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауы да негіз болады. Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырса, бұл сөз жоқ қажетті қорғану болады. Мұндай жағдайда аса қажеттілік жоқ. Себебі бұл жерде зиян тікелей қиянат жасаушыға келтіріліп отыр. Егер тікелей төнген қауіпті тойтару үшін зиян үшінші бір жаққа келтірілсе, онда ол аса (мәжбүрлі) қажеттілікке жатады. Мысалы, «Просвещенец» демалыс үйінің жүргізушісі Д. тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз айдынына автобуспен апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне қарама-қарсы жолмен жол жүру ережесін өрескел бұзып келе жатқан машинамен соғысып қалмау үшін, өзі жүргізіп келе жатқан автобусты жалма-жан сол жаққа бұрып үлгереді. Нәтижесінде автобус аударылып, 3 жолаушы орта дәрежелі жарақат алған. Д. аса қажеттілік халінде әрекет жасау арқылы үлкен зиянның алдын алған, өйткені екі машина бетпе-бет келіп соғысса, орасан зор зиян орын алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді. Бұл жерде аз зиян келтіру арқылы, ірі зиянға жол берілмеді. Осы мысалда қауіп тудырудың көзі болып қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушінің қоғамға қауіпті іс-әрекеті болып отыр. Заң бойынша тікелей төнген қауіпті жою осы мерзімде басқа бір заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Болашақта болжанатын қауіпті нәрселерге аса қажеттілікті қолдануға болмайды. Сол сияқты өтіп кеткен қауіпке де аса қажеттілікті қолдануға болмайды.
Аса қажеттілікті қолданудың екінші шарты: заң қорғайтын мүддеге зиян келтіру арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ондай зиян, залал келтірмей оны тойтару ешбір мүмкін емес. Заң қорғайтын басқа мүддеге зиян келтірмей-ақ қауіпті тойтаруға болатын жағдайлар аса қажеттілікке жатпайды. Мұндай жағдайларда мүддеге зиян келтіру кінәлі жағдайда зиян келтіру деп саналып, ол үшін қылмыстық жауаптылық белгіленеді.
Үшінші шарт: Аса қажеттілік болу үшін келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиянның мөлшерінен кем болуға тиіс. Келтірілген зиян тойтарылған зиянмен бірдей болса да, іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында істеледі деуге болмайды. Ол туралы заңның өзінде «Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатар жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады» делінген (34-бап). Сондықтан да өз өмірін сақтап қалу үшін басқа біреудің өмірін қиып жіберу аса қажеттілікке жатпайды, оның шегінен шығу болып табылады. Аса қажеттілікті қолданып көп адамның өмірін сақтап қалушылық қылмыс болып табылмайды. Мысала, қатты жүріп келе жатқан поездың ен даладағы, күзетілмейтін, өтуге рұқсат етілмеген жолында көлденең тұрған машинаны шұғыл тежеп, тоқтатпастан, ақырын тежеп келіп, соғып, машинаны және өның жүргізушісін таптап өтуі, соның нәтижесінде поездағы азаматтардың өміріне зақым келмеуі аса қажеттілік жағдайында жасалған деп саналады. Сол себепті поезд жүргізушінің іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмайды.

- Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар
- Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар
- Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі
- Іс жүргізудегі ақпараттық жүйе
- Іс жүргізуші” қолданбалы курс бойынша
- Іс қағаздарын жүргізу тарихы мен жіктемесі
- Іслам та тероризм
- Іран: у пошуках шляхів подолання міжнародної ізоляції
- Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
- Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
- Ірі бизнесті дамыту құралдары
- Ірі бизнесті дамыту құралдары
- Ірі бизнесті дамыту құралдары
- Ірі қара төлін өсірудің маңызы