Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар. 2
Шығыс
Гуманитарлық коледжі
Пәндік-цикл позициясы: «Жалпы гуманитарлық
Курс жұмысы
«Іс-әрекеттің
қылмыс екенін жоятын мән-жайлар»
Жетекші:Қ.
Қ. Құрманғалиева
Жұмыс қорғауға жіберілді:
«
»
- 2003ж
Орындаған: 02 Пказ тобының студенті
Өскемен,
2003
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
§1. ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Еліміздің кылмыстык кұкық теориясыңдағы, ғылыми дотринадағы, іс-әрекеттін. кылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың жиьнтығына қарамастан ұзақ уакыт бойы Казақстанның кылмыстық заннамасында тек кажетті қорғану мен мәжбүрлі кажетгіліктін белгісін кұраған екі норма ғана іске асырылып келді.
1997
жылғы 16 шілдеде қабылданған Казакстан
Республикасының Қылмыстык
Бұл әрекеттердін кылмыстык еместігі ез алдына, тіпті олар әлеуметтік жағынан пайдалы. Кеңірек карастырар болсақ, кажетті қорғану, қол сұғушылык жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік және орынды тәуекел жағдайында жасалған әрекеттер қоғамға пайдалы болып келеді. Осы әрекеттерді жасау аркылы кұкык қорғау мүдделеріне белгілі бір шекте зиян келтіру — адамнын жеке басының кұкыктарын корғау, мемлекет пен коғам мүдделерін қорғау сиякты пайдалы максатқа жету жолындағы қажеттіліктен туындаған мән-жайлар болып табылады.
§2. ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ
ҚК-тің 32-бабының бірінші бәлігінде "кажетті корғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни корғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да кұкықтарын, қоғамның немесе мемлекеттін заңмен корғалатын мүдделерін коғамдық кауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолмен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті корғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды" деп көрсетілген. Сол қылмыс болып табылмайды деп керсетілген қорғану әрекеті — кажетті қорғану болып табылады. Осылай, келтірілген зиян өзінің сыртқы формальды белгілері бойынша ҚК-тін Ерекше бөлімінде көрсетілген әрекеттердің кұрамына сай келген қажетті қорғану іс-әрекеттін кылмыс екендігін жоятын мән-жайлар катарына жаткызылады.
Әрбір адамның мемлекет органдарынан, я болмаса басқа тұлғалардан көмек сұрау мүмкіндігіне қарамастан кажетті корғану арқылы қоғамға кауіпті кол сұғушылыктан құтылуға құкығы бар.
Кажетті қоргану қылмыспен күресудегі маңызды әрі тиімді әдістердің бірі. Ол азаматтардың Конститушялык құкығы бола отырып, олардын жалпы кұкыктары мен бостандықтарының кепілі және коғамға пайдалы әрекет ретінде, кылмыстың алдын алуда және кылмыспен күресуде белсенділікті арттырады.
Қажетті қоргану— әрбір адамнын заңды және заң колдайтын әрекеті болып табылады. Себебі, корғану киянат жасауды тыюдын, оған тойтарыс берудің белсенді әрекет нысаны. Ол — шабуыл жасаушыға тікелей қарсы істелген әрекет болып саналады. Заң бойынша барлық азаматтар — кәсіби немесе езге де арнаулы даярлығына, қызмет жағдайына карамастан кажетті қорғануға бірдей негізде кұкылы. Занда лауазым адамдары немесе басқадай құқық корғау органдары үшін кажетті корғануды қолданудын ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін кажетті қорғануды қолдану олардың жеке құкығы болып табылады. Алайда, қажетті корғануды жүзеге асырудың негізгі шарттары да бар. Қажетті корғанудың бірінші шарты бойынша әрекет қоғамга қауіпті болуы керек, яғни ол аркылы заңмен қорғалатын мүдделерге тікелей зиян келетін болуы немесе зиян келу қаупі туындауы керек. Міне осы жағдайда қажетті корғануды қолдануға болады.
Көбінесе
адамның өмірі мен
Кажетті
қорғануды колданудың екінші шарты
— нақты қол сұғушылықтың бар
болуы. Нақтылы төніп тұрған кол
сұғушылық заң қорғайтын
Кол
сұғушылық нақты төнген қатерден
басталып, оны шын мәнінде тойтарумен
аяқталады. Егер де кол сұғушылык
бітіп кеткен болса, оған кажетті
корғануды қолдануға болмайды. Яғни,
кажетті корғануды нақтылы
Кажетті
корғанудың үшінші шарты — қоғамға
қауіпті қол сұгудың шын
- Қорғанушынын
жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес
әрекетін қоғамға кауіпті екен деп қателесуі; - Қорғаушының кателесіп басқа бір тұлғаны киянат келтіретін қол сұғушы тұлға ретінде болжауы. Жалған корғану қоғамға кауіпті әрекет болғандыктан, оны жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық жауаптылыкка тартылады. Жәбірленушіге қарсы әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған киянат келтіруші абайсыздықта істеген кылмысы үшін жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Ол тек мына: өз катесін сезуге міндетті немесе сезе алатын болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Корғану
сәтінде кажетті корғануды
Олар мына темендегіше сипатталады:
Біріншісі шарт бойынаша кажетті корғанудың ережелеріне сәйкес қоғамдык мүдделер ғана қорғалуға жатады. Олар кылмыстық заң бойынша былайша көрсетіледі: 1) корғанушының кұкьіғы мен занды мүддесі; 2) басқа бір тұлғаның кұкығы мен заңды мүддесі; 3) коғамның мүддесі; 4) мемлекет мүддесі.
Екінші
шарт бойынша қорғанушы қол
Үшінші
шарт бопынша қажетті қорғану
кезінде кажетті қорғану
ҚК-тің 32-бабының үшінші бөлігіне сәйкес шектен шығу түсінігі былайша сипатталған: "Нәтижесінде кол сүғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, кол сұғушылыктың сипаты мен қоғамдық кауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі кажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады".
Қорғануды заңның мазмұнына сай заңға сыйымды деп тану үшін ол қорғаныс шегінен шықпауы керек. Адам заңсыз әрекеттер жасады деп, сылтауратып, ол жағдайды өзінін кұкыққа жасауға килігу (төбелес шығару, кек алу әрекетгерін жасау және т.б.) әрекеттерін кажетті қорғану кезінде болды деп санауға болмайды. Қорғанудың заңға сыйымдылығын шешу кезінде қол сұғушылықтың сипатын, кауіптілік дәрежесін, және басқа да факторларды ескеру қажет. Осы мәселелердін барлығы жеке-жеке талданып, олар өздерінін жалпы жиынтығында, болған оқиғаның салдары мен сипатына карай анықталуы керек.
§3. ҚОЛ СҰГУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАУ КЕЗІНДЕ ЗИЯН КЕЛТІРУ.
Ұзақ уакыт бойы Қазакстан Республикасының қылмыстық заңында қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру жөніндегі мәселе өз шешімін таппай, ашық күйінде қалып келген болатын.
1997
жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан
Республикасының кейбір заң
Қол сұғушылык жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру мәселесінің шешімі табылуының қылмыстылықпен күресудегі, қылмыстық-құкыктық заннаманы күшейтудегі немесе азаматтардың конституциялық кұкықтарын қорғаудағы манызы зор.
Бұл біріншіден, кылмыстық-құкықтық институт ретінде қылмыс жасаған адамды қылмыстық іс жүргізу талаптары бойынша уақтылы ұстауға, сот әділдігін жүргізуге, бұдан кейін де басқа да адамдардың қылмыс жасауын тыюға, кылмыстардың алдын алуға әсерін тигізеді.
Екіншіден, бұл адамның мүддесі мен конституциялық құкықтарын корғауда маңызды орын алады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыскерді ұстау шараларын колдану бәрінен бұрын заңға бағынатын азаматтардың өмірін, денсаулығын, және мүліктік мүдделерін қол сұғушылыктан қорғауды, сонымен қатар қоғамдық қатынастың бұзылмауын камтамасыз етеді. Мұндай қорғаудың манызы мынадан көрінеді: кылмыскерді ұстау арқылы оның жаңа кылмыс жасауы тыйылады, басқа тұлғанын, зиян шегуі есебінен объектінің қорғанысы қамтамасыз етіледі. Қылмыскерді ұстаудың негізі оның біткен немесе аяқталмаған қылмысты істеуі немесе қылмыс істегеннен кейін одан жасырыну, кұтылғысы келу әрекеттерін жасауы болып табылады. Кез келген азаматтар сияқты кол сұғушылык, жасаған адам да өзінін кінәлілігіне карамастан, конституциялық кұкықтарға, мүдделерге ие болады.
Тек қана оның коғамға қауіпті әрекеттері үшін ғана тұлғаға белгілі бір зиян келтірілуі мүмкін (камау, соғу, байлау; денеге зиян келтіру, мүмкіне зиян келтіру, кей жағдайларда өмірінен айыру т.б.) ҚК-тің 33-бабыңаа сәйкес зиян келтірудін мақсаты қылмыскерді мемлекет органдарына тапсыру, оның басқа да жана кылмыстар жасауын тыю болып табылады.
Кылмыскердін бостандыгын шектеудің занды белгілеріне мыналар жатады:
- Адамның
қылмыс жасауы және кылығы үшін мемлекет
органдары алдындағы жауаптылығы. Кылмыскерді ұстауға
оның жасаған әрекеті негіз болып табылады. - Кылмыс
субъектісіне тән барлық белгілерге ие
болғаны-
на карамастан, коғамға қауіпті кол сұғушылық жасаған кез-
келген адам кылмысы үшін мемлекет органдары аркылы ұста-
луға жатады. Егер де ұсталуға жататын адам, кылмыс
субъектісінің белгілеріне ие болмағандығы туралы алдынала
білген болса, онда оған тигізілген зардап кажетті деп саналады.
3
Қол сұғушылық жасаған адамды
ұстауға бұған арнаулы
4. Қол
сұғушылық жасаған адам қылмыс жасаған
уақытты
үстінде немесе кылмыс жасағаннан кейін
де, я болмаса кыл-
мыстық жауаптылықка тартылуы мүмкін
болған жағдайларға
дейін де ұсталуға жатады.
Арнайы зерттеулерге қарағанда кылмыскерлердің 12%-і қылмыс жасағаннан кейін арада біраз уақыт өтіп барып қана қолға түсетін көрінеді. •
5. Қылмыскерді
ұстау, егер ол қысқа уакыт аралығында
жүргізілсе заңды болып табылады. Қылмыскерді
жәбірленуші,
куәгер немесе баска да адамдар тез арада
ұстап, тапсырулары
қажет. Алайда, қылмыскерді ұзақ уакыт
бойы жеткілікті
негіздерсіз ұстау ҚК-тің 126 немесе 308-баптарына
сәйкес жау-
аптылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кылмыс істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек қылмыскердін өзіне ғана келтірілуге тиіс. Қандай да болмасын жағдайларға байланысты қылмыскердің өміріне, ден-саулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде белгілі бір шарттардың болуы кажет.
Олар мыналар
зардап тигізудін қажетті болуы;
арнайы мақсаттың болуы;
әрекеттін нақты жағдайларға сай болуы.
Бұл
шарттар заңды түрде қол
Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің кажетті болып табылуы мына жағдайларда:
1)
қылмыскердің әрекеті үшін
2}
қылмыскердің кашуға
Қажеттлік мына үш факторға:
- қылмыскерге және ұстау кезіндегі онын әрекетіне:
- қылмыскерді үстайтын адамға;
- ұстау кезіндегі
жағдайға байланысты сипатталады.
Кылмыс жасаған адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіру — тек қана оны ұстау, бас бостандығын шектеу мақсатымен ғана жүзеге асырылады. Ұстау мақсатымен қажетті түрде келтірілген зиян тиісті мән-жайға байланысты болуы керек.
Кылмыстық кодекстін 33-бабының екінші бөлігінде кажетсіз зиян келтіру жайында баяндалған: "Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян кажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстын сипаты мен қоғамдык қауіптілік дәрежесіне және ұстаудын мән-жайына корінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады".
Заңда көрсетілгендей асыра сілтеуді былайша түсінуге болады:
а) қылмыс істеген адамды ұстағанда істелген қылмыстың қаупінін сипаты мен дәрежесіне сай емес жағдайда зиян келтіру;
ә) ұстау жағдайына мүлде сәйкес келмейтіндей, оған байланыссыз салдар болса да шамадан тыс артық (кажетсіз) зиян келтіру Мысалы, болмашы зиян келтіріп ұстауға болатын болса да, шамадан тыс ауыр, кажетсіз залал келтіру, жарақат салу, ату, мүгедек ету т.б. әрекеттер.
Заңда колданылатын, "ұстау кезіндегі жағдайдың" мәнісі ретінде кең ауқымды, әр түрлі объективті шарттарға байланысты кылмыскерді ұстау кезінде пайда болатын мән-жайларды айтуға болады. Мысалы, аса кауіпті қылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілетін зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға карағанда едәуір көп болатыны, түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-аткару кодексінің тиісті бабына сөйкес тұтқын орнынан қашкан әйелдерге, жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды. Осыған байланыты жасөспірімдерді, әйелдерді, егде жастағы адамдарды, мүгедектерді қылмыс істеген кезде немесе одан кейін үстағанда оған колданылатын күштеу шараларын шектеу қажет.
Зиян келтіру кейбір жағдайларда ұсталатын қылмыскердің карулануына, қылмыс істеу уақытына, орнына, жағдайына да байланысты. Қылмытскерді ұстау барысында онын өміріне қауіп келтіру кажетті қорғану шегінде ғана жүзеге асырылады.
Қылмыскерді ұстаудағы шектен шығушылық қоғамға қауіпті болып табылады және бұған кінәлі адам қылмыстық жауаптылыкқа тартылады Алайда, қоғамға кауіптіліктің бұл түрінің басқа қасақана қылмыс жасаудан кауіптілігі едәуір төмен. Сондықтан, шектен шығушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қылмыскердің өлімі кезінде (ҚК-тін 99-бабы) немесе кылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтірген кезде (ҚК-тің 110-бабы) тағайындалады. Мұндай жағдайдағы жасалған қылмыстар үшін жаза, әрине, касақана кісі өлтіру мең ауыр зиян келтіру сияқты қылмыстарға тағайындалатын жазадан едәуір мөлшерде женіл болады.
§4 АСА (МӘЖБҮРЛІ) ҚАЖЕТТІЛІК
Аса кажеттілікке қатысты ҚК-тін 34-бабынын бірінші бөлігінде: "Осы Колекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамнын немесе өзге де адамдардын өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды" делінген. Заңда көрсетілгендей, аса кажетгілік заңмен корғалатын мудделерді сақтап қалу үшін, зиян келтіру арқылы жасалатын кажетті жағдай әрекет. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек.
Аса
қажеттілік жағдайындағы әрекеттерді
кез-келген азаматтар жасай алады.
Белгілі бір санаттағы
Іс-әрекет аса кажеттілік жағдайында жасалған болуы және онын заңды деп табылуы үшін мынадай бірнеше шарттардың жиынтығы болуы қажет:
Бірінші шарт төнген кауіпке қатысты шарт.
Қауіп төніп тұрған және одан қорғану кезіндегі аса қажеттілік жағдайындағы әрекет заңды болуы үшін әр түрлі қауіп көздерінен туындайтын қауіп-катер:
- белгілі
бір адамның жеке басына, сол адамның немесе
бөгде адамдардың құқықтарына, коғам мен мемлекеттің заң-
мен корғалатын мүдделеріне төнуі керек; - нақты бар болуы керек;
- шын мәнінде, анық болуы керек.
1. Аса
қажеттілікті тудыратын кауіптің көздері
әр түрлі бо-
луы мүмкін. Сондықтан оларды төмендегідей
топтарға бөлеміз:
а) Адамның
өміріне, денсаулығына, бағалы материалдық
мүліктеріне қауіп төндіретін табиғаттың
немесе өкдірістік апат-
тардың әсері (жер сілкінісі, дауыл, улы
газдын таралуы жене т.б);
ә) технжаның немесе әр түрлі механизмдердін бұзылуы, акаулығы;
б)
физиологиялық (суық, аштық) немесе биологиялык
(әр
түрлі аурулар болуы) процестер;
в) адамның коғамға кауіпті әрекеті;
г) жануарлардың (ит, өгіз, жабайы аңдар) шабуылы.
- Қауіп нақты
болуы керек. Ол жоғарыда көрсетілген
мүдделерге тікелей төніп тұруы керек. - Кауіп шын
мәнінде анық (жалған емес) болуы керек.
Яғни
заңмен корғалатын мүдделерге кауіп жөніндегі жорамал, елес-
тер емес нақты, шын мәніндегі кауіп тікелей төніп тұруы ке-
рек. Жалған қауіптің түсінігі, жалған корғанудын түсінігімен
ұқсас болып келеді.
Екінші шарт — төнген кауіптен қорғауға катысты шарт. Аса қажеттіліктін, төніп тұрған кауіптілікті тыюға жататын заңды шарттары мыналар болып табылады:
а) Корғау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мудделерін корғауға бағытталған болуы керек;
ә) Кажетті корғанудағыдай зиян қол сұғушыға емес, баска, бөтен адамдарға (үшінші жаққа) келтірілуге тиіс;
б) Аса
қажеттілік жағдайында төніп тұрған кауіпті
залал
келтірмей тойтару, ешбір мүмкін емес
болуы керек;
в) корғау өз уақытында дер кезінде жүзеге асуы керек.
г) Қорғану
аса кажеттіліктің шегінен шығып кетеуі
керек.
ҚК-тің 34-бабының екінші бөлігіне сәйкес
кұкық қорғау мүдделеріне алды алынғанға
тен немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген,
төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне
және қатер жойылған жағдайға көрінеу
сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік
шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен
шығушылык тек қасақана зиян келтірілген
жағдайларда ғана жауаптылықка әкеп соғады.
Аса қажеттілік те кажетті корғану сиякты
занды және қоғамға пайдалы іс-әрекет
болып табылады. Бірак, бұл екі институттың
өзара өзгешеліктері бар. Қажетті қорғануда
қиянат жасаушыға келтірілген зиян, тойтарылған
зиянан көп болуы мүмкін. Аса кажеттіліктің
бұдан өзгешелігі сол, ол тойтарылған
зиян болған немесе орын алған зиянан
гөрі көбірек болғанда ғана заңды болып
саналады. Бұлардан баска, кажетті қорғануға
қарағанда аса кажеттілік кезіндегі келтірілген
зиян үшін, азаматтық-кұкықтық жауаптылық
жойылмайды және де азаматтық іс жүргізу
арқылы келтірілген зияннын орны толтырылуы
мүмкін.
§5. ОРЫНДЫ ТӘУЕКЕЛ ЕТУ
Қазіргі ғылым мен техниканың күрт дамуы кезенінде тәуекел кажеттілігі көп туындап отыр. Бұл жағдай, яғни технологияны жетілдіру, өндірістік істер жургізуді үйрену, ғылыми тәжірибелер жүргізу - заңмен қорғалатын мүдделерге қатысты тәуекелсіз жұмыстар жүргізу мүмкін еместігімен сипатталады. Сондықтан ҚК-тін 35-бабының бірінші бөлігінде қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық кодекспен қорғалатын мудделерге зиян келтірудің кылмыс болып табылмайтындығы бекітілген.
ҚК-тің 35-бабы мынандай екі мақсатты көздейді: біріншіден, ғылым мен техниканын дамуының шапшандығын және адамның денсаулығын сактауды камтамасыз ету; екіншіден, шыгармашылық, кәсіптік немесе шаруашылық кызметтерде орын алатын қажетгіліктерді қамтамасыз ету. Аталған кажеттіліктер тәуекелге барудын негізгі себептері болып табылады. Ал мұндағы мақсаттар тиімді жетістіктерге жету үшін туындайды. Тәуекел орынды болуы үшін онда мынадай бірқатар шарттардың болуы қажет:
- Тәуекел
әлеуметтік пайдалы мақсатқа жетуге бағытталған
болуы керек (адамдардың өмірі мен денсаулығын корғауға,
мемлекет қорғанысын күшейтуге және т.б.); - Алға қойылған
әлеуметтік пайдалы мақсаттын, тәуекелсіз
жүзеге аспауы немесе жетістіктерге жету тәуекелсіз мүмкін
емес болуы керек; - Тәуекелге
бел буған адам заңмен қорғалатын мүдделерге
қажетті жағдайлардың барлығын жасаған болуы керек.
ҚК-тін 35-бабының үшінші бөлігінде егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына керінеу қатер төндіруге, экологиялық апатқа, қоғамдык күйзеліске немесе езге де ауыр зардаптарға ұшырататын болса онда тәуекел ету орынды деп танылмайды делінген.
Орынды тәуекелдін аса кажеттілікпен белгілі бір ұқсастығы бар. Ол ұқсастық мынада: екі жағдайда да қоғамға пайдалы мақсатка жету коғам мүдделеріне зиян келтіру аркылы орындалады.
Аса қажеттілікте адамнын әрекеті зиянды тойтаруға бағытталған. Орынды тәуекелде әрекет коғамға пайдалы жана жетістіктерге немесе қолда барды жақсартуға бағытталған. Аса кажеттілік жағдайында зиян үшінші жаққа келтіріледі. Ал орынды тәуекелде зиян тек қана бейтарап жакқа немесе қоғамдық мүдделерге келтіріледі. Аса кажеттілік жағдайында қауіпті тойтару арқылы сақтап қалған мүдделерге азырак зиян келтіріледі, ал орынды тәуекелде зиянның көлемінде ешкандай шек болмайды.
§6. КҮШТЕП НЕМЕСЕ ПСИХИКАЛЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ
Жаңа Қылмыстық кодекстің 36-бабының бірінші бөлігінде "Егер күштеп мәжбүрлеудін салдарынан адам өзінін, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде осы Кодекспен корғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды" делінген.
ҚК-тің 36-бабынын, екінші бөлігі бойынша психикалық мәжбүрлеудің нәтижесінде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіңдігін сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе Кодекстін 34-бабының ережелері ескеріле отырып шешіледі.

- Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар
- Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі
- Іс жүргізудегі ақпараттық жүйе
- Іс жүргізуші” қолданбалы курс бойынша
- Іс қағаздарын жүргізу тарихы мен жіктемесі
- Іслам та тероризм
- Ісорія України 14-17 ст.
- Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
- Іргетас блоктар өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
- Ірі бизнесті дамыту құралдары
- Ірі бизнесті дамыту құралдары
- Ірі бизнесті дамыту құралдары
- Ірі қара төлін өсірудің маңызы
- Іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мән-жайлар