Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері

Жоспар

Кіріспе………………………………………………………………….3

Негізгі бөлім.

  1. Заңи жауапкершіліктің ұғымы………………………………..5

2. Заңи жауапкершілік түрлері……………………………….......7

    3. Заңи жауапкершіліктің жүзеге асырылуы……………….….22

Қорытынды……………………………………………………….23

Падаланған  әдебиеттер тізімі..............................................…….25

 

 

 

..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Курстық жұмыс тақырыбы “Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері”.

Бұл курстық  жұмыстың мынадай мәселелер қарастырылады, яғни заңи жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және түрлері, заңи жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңи жауапкершілікті болдырмайтын мән жайлар, заңи жауапкершіліктен босату негіздері.

Заңи жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы заңи жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық тәртіпке құқықбұзушылықтан келетін  зиянның алдын алу және жолын кесуде заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша  екі аса қажетті міндет тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заңмен қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы көмегімен жойылады, екіншіден,  құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.

   Заңи жауапкершілік туралы көптеген мақала, басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып бір тоқтамға  келе алмады. Бұдан шығатын қорытынды заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықты.

Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда  болып және оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты деуге болады.

    Мемлекет  және құқық теориясы методологиялық  ғылым бола тұра кейбір зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңи жауапкершілік пен құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.

Сондықтанда курстық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын ұғымдар, принциптер қарастырылады. “ Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері “ тақырыбы бойынша мақала, монография және басылымдарды  сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді оқу,  тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен мүмкіндік береді.

 Сонынмен  бұдан курстық жұмыстың мақсаты шығады:

  • “ Заңи жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі” тақырыбы бойынша жеке зерттеу.
  • Зерттеу тақырыбы бойынша  (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер пайдалану.
  • Практикада оқып білумен байланысты ұсыныс енгізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Заңды  жауапкершіліктің ұғымы

Заңи жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңи жауапкершілік туралы көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салыстыру мүмкін емес.

Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның  қоғамға  және мемлекетке, басқа тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір талаптарды орындауы.

Жаупкершілік  тар мағынада немесе әлеуметтік –  заңдық мағынада құқықбұзушылық жасаған  тұлғаға заңда көзделген тәртіппен  мемлекеттік мәжбүрлеу шарасын  қолдану.

Заңи жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады1.

Заңи жауапкершілікті сипаттайтын негізгі белгілер:

1) ол ерекше  мемлекеттік мәжбүрлеу аппаратына  сүйенеді, бұл құқық нормасымен  қарастырылған санкцияны жүзеге  асырудың нақты нысаны;

2) қоғамға қауіпті  құқық бұзушылық жасаған уақыттан бастап пайда болады;

3) іс жүргізушілік  нысанында қолданылады.

Осы аталған  белгілер заңи жаупкершіліктің міндетті белгісі болып табылады.

    Адамның  іс-әрекеті әр алуан әлеуметтік  қағидалармен сәйкес реттеліп  отырады. Адам  өмір сүретін  қоғамдық ортада оның сана-сезіміне, іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына әдептік қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар өз әсерін тигізеді. Өзіне де, өзгеге де жалпыға бірдей әдеп сақтаған адамды жұртшылық тәрбиелі адам деп санап, мәдениетті, зиялы адам ретінде қошеметтеп, құрметтейді. Ал көпшілікке тән әдет-ғұрыптарды сақтамай, тәртіп бұзғандарға жұртшылық күдікпен қарайды, ондайлар көпшіліктің теріс пікіріне тап болады. Ұяты бар арлы адам басқалардың, қоғамның пікірін жоғары бағалап, әдепсіз қылықтардан, жаманаттан өзін аулақ ұстайды.

    Адамгершілік  принциптер мен қағидалар, әдет-ғұрып,  дәстүр, сондай-ақ құқық ережелері  т.б әлеуметтік қағидалардың негізі  болып саналады. Бұған адамның  күнделікті өміріне үңіліп қарасаңыз,  көзіңіз жетеді. Мысалы, кім ұрлық  жасаса, ол-ар мен ұяттан айырылған адам. Егер ата-ана баласына үнемі қамқор көзбен қараса, өзі де жоғары мәдениетті, парасатты адам болса, оның балалары да адамгершілігі жоғары, заң талаптарынан аулақ кетпейтін, кәдімгі жақсы адамдар қатарында болады. Мұнда құқықтық нормалар адамгершілік, ар-ұяттық принциптерге сүйенеді.

     Егер  адамдардың басым көпшілігі заң  нормаларын сақтап, оның ережелерін  дұрыс орындайтын болса, онда  қоғам тыныштықта өмір сүретін  болады. Мұндай қоғамда әрбір  адам тыныштықта қалыпты өмір  сүреді, өзінің денсаулығын, дүние-мүлкін сақтау жөнінде көп алаңдамайды. Егер қоғамдық ортаның қалыпты өмір сүруі төмендеп кетсе, онда ел ішінде адамгершілік қасиеттер де төмендеп, бірден қылмыс көбейіп кетеді.

    Әрине,  адамдардың басым көпшілігі адамгершілік  нормаларды аяққа басып, тәртіп сақтамаса, қоғам бір қалыпты өмір сүре алмайды. Мұндай қоғамның болашағы да жоқ. Осындай жағдайды болдырмас үшін адамгершілік тәрбиені күшейтіп, адам санасына заң ережелерін сақтау міндетін орнықтырып, үнемі бақылап, қамқорлық жасап отыру қажет. Ал бұл үшін заңды іс-әрекет деген не екенін әр адамның білуі керек. Егер заң талабы іс жүзіне асырылатын болса, адамдар мінезінің төмендегідей белгілері байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Заңи жауапкершіліктің түрлері

Жалпы заңи жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:

  • Қылмыстық жауапкершілік.
  • Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.
  • Азаматтық – құқықтық жауапкершілік.
  • Әкімшілік жауапкершілік.

Осы аталған  жауапкершілік түрлеріне жеке –жеке  тоқталып кетейік.

 

Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы

    Кеңестік Конституциядан Қазақстан Республикасы Конституциясының айырмашылығы-еңбек етуге міндеттілік белгілемейді. Еңбекке қабілетті әрбір адам қайда еңбек ететінін, қандай жұмыспен шұғылданатынын өзі шешеді. Егер адам кәсіпкерлік еңбекпен шұғылданса, еңбекпен, жұмыс уақытымен, демалыспен байланысты мәселелерді өзі шешеді. Егер адам мемлекеттік ұйымға, қоғамдық не жеке меншік мекемеге жұмысқа орналасса, онда жұмысшының міндеті мен жауапкершілігі еңбек заңына байланысты шешіледі. Мұнда мәселе жұмысшы мен жұмыс берушінің құқығына, міндеті мен жауапкершілігіне орай шешіледі.

    Конституция азаматқа  еңбек бостандығына, еңбектің, мамандықтың  түрлерін таңдауға еркіндік құқығын  береді. Бұл-азамат заң жүзінде  тыйым салынғаннан басқа еңбектің  кез келген түрімен шұғылдануына болады, ол мемлекеттік, жеке мекемелерге, кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады.Демек, Қазақстан азаматы шетелдік азаматтарға қарағанда жұмысқа орналасу жөнінде кең мүмкіндікке ие. Мысалы, шетелдік азамат, ереже бойынша мемлекеттік қызметке қабылданбайды. Республика азаматы бос тұрған қызмет және жұмыс орнын алу жөнінде басқалардан артықшылық құқықты пайдаланады. Адам құқығы жөніндегі халықаралық-құқықтық актіде адамға заң жүзінде еңбек етуге міндеттеу-еңбек етуге мәжбүрлеу, яғни құлдық еңбек деп таниды. Конституция белгілі бір жағдайда ғана азаматқа еңбек етуге мәжбүрлік жасайды. Сот үкімі бойынша, төтенше немесе соғыс жағдайында ғана еңбектенуге мәжбүр етуге болады. Әрине, бұдан еңбек етуге міндеттейтін заңның жоқтығы дені сау, еңбекке жарамды адам еңбек етуіне болмайды деген мағына тумауы керек. Кәмелетке толған әр адам өзін, өзінің отбасын еңбек етіп асырап-сақтауы керек. Бұл оның адамгершілік парызы. Бұл парыз- оның Конституцияда жазылғандай заңи парызы. «Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті»( Конституция, 27  -бап).

    Заң еңбекпен  байланысты салада кез келген  алалаушылыққа тыйым салады. Әрбір  азамат өзінің еңбек жөніндегі  құқығын басқалармен тең түрде  пайдалана алады. Мұның өзі  ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірмейді, сондай-ақ жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дәулетіне, лауазымдық дәрежесіне, тұрған жеріне, діни ерекшелігіне және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды деген сөз. Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын кейбір жағдайлар да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсібі, мамандық ережесі еске алынады. Жұмыс процесінде іскерлік сапасы, еңбек ету үстіндегі ісінің нәтижесі де есепке алынуы мүмкін. Егер адам еңбек ету кезінде алалаушылыққа кездессе (жұмысқа қабылданарда, жұмыс процесінде т.с.с.), онда ол сотқа шағынуға құқылы. Егер сот алалаушылыққа жол бермеу жөнінде шешім қабылдайды. Сонымен қоса, сот кінәлі адамнан жапа шеккен адамның көрген зиянын өндіріп алуды міндеттейді.

    Жұмыскердің  қандай құқықтары бар? Әрбір  еңбек адамының құқықтары төмендегідей. Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен  гигиена талабына сай болуы  керек. Бір түрлі еңбекке әр  адам бір мөлшерде, тең еңбекақы  алуы керек. Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс, бұл жөнінде заң еңбеккерді жұмыс берушіден қорғап отырады. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен бнлгілінеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшының демалыс күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы төлемелі еңбек демалысы кезінде демалуға және мамандығын дайындауға және мамандығын көтеруге құқығы бар. Жұмысшы еңбектегі міндетін орындаумен байланысты денсаулығына немесе еңбек ету ұжданына, мүлкіне зиян келтірілсе, оны төлеуді талап етуге құқықты. Егер жұмысшының еңбек құқығы бұзылса, онда ол сотқа дейін шағым етіп, өз құқығын қорғай алады. Жұмысшының кәсіподақтар ұйымына мүше болуға құқығы бар. Жұмыссыздықтан қорғануға, сондай-ақ жұмысынан айырылған кезде әлеуметтік кепілдік алуға да құқықты.

    Заңда  белгіленгеніндей, азамат 16 жасқа толған  соң еңбек келісімшартын жасауға  құқығы бар. Ал 15 жасқа толғандар  еңбек келісімшартын ата-анасының  немесе қамқорлыққа алған кісінің  келісімі бойынша, немесе өз  алдына еңбек етуге дайындала  жүріп, бос уақытында оқу кезінде жасаса алады. Орта білім алған жағдайда немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастаған жағдайда да келісімшарт жасала береді. Сондай-ақ ата-анасының біреуінің келісімімен (қамқоршысы, қорғаншысы) жеке еңбек шарты 14 жасқа толған оқушымен жасалына береді. Жұмыс оқушының оқу процесіне, денсаулығына зиян келтірмейтін болуы керек.

    Кәмелеттік  жасқа толмаған жасөспірімдер  Қысқарған жұмыс уақыты бойынша  еңбек ете алады және де  еңбек ақысы қысқартылмайды. 14-тен  16 жасқа дейінгі оқушылар үшін  апталық еңбек уақытының ұзақтығы 36 сағат болып белгіленеді. 18 жастан төменгі жұмысшыларды түнгі жұмысқа және де жұмыс уақытынан тыс жұмысқа, зиянды және қауіпті жағдайдағы еңбекке пайдалануға болмайды.

 

Тәртіпсіздік мінез-қылықтың әкімшілік міне-қылықтан айырмашылығы бар. Тәртіпсіздік жасайтын азамат- тек жұмысшы (қызметші) оның үстіне ол жұмыс орнында немесе сол жұмыспен байланысты болады. Ал әкімшілік тәртіп бұзушылықты 16 жасқа толған және оданда ересек кез келген азамат жасауы мүмкін. Тәртіпсіздік мінезді жұмысшы ішкі еңбек орнында, белгілі бір жұмыс берушінің алдында көрсетеді, ал әкімшілік мінез-қылық мемлекеттік басқару орнында жалпы тәртіпті бұзу қылығымен ерекшеленеді. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзу (ұсақ бұзақылық ), жол ережесінің тәртібін бұзу, төлқұжаттық тәртіпті бұзу т.с.с. Тәртіп бұзушылыққа тәртіптік шара қолданылады. Әкімшілік тәртіпсіздікке ерекше әкімшілік жаза қолданылады. Мысалы, жүргізушілік құқығынан айыру, әкімшілік тұтқындау, ақшалай айып салу т.с.с. Тәртіпсіздік шараны жұмыс беруші еңбекке қатысы бар өзінің жұмысшысына қолданады. Әкімшілік жазаны арнайы орган өзіне берілген құқықпен тәртіп бұзушыға қолданады. Мұндай органдар-атап айтқанда, мемлекеттік, санитарлық және басқа инспекциялар, ал жұмыс беруші әкімшілік еңбек келісімшартындағы көрсетілген шаралар бойынша қолданады.

Әкімшілік жазалау  шаралары белгіленген тәртіп бойынша  қолданылуы тиіс. Мұның өзі әкімшілік  шараларды әкімшілік басшысына  жұмысшының өз басы жақпағанына қарай  емес, тәртіпсіздік қылығына қарай  қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті өздеріне тәртіптік өкімет билігі берілген лауазымды адамдар, арнайы органдар қолданады. Мысалы, мектепте мұндай билік оқу ісін басқарушыға емес, директорға ғана берілген. Тәртіпсіздік қылық үшін тек нормативтік құжаттарда көрсетілген шаралар ғана қолданылады. Бір тәртіп бұзушылық іске бір шара ғана қолданылатынын ескерген жөн.

Тәртіптік жазаны (немесе шараны) қолданғанда, оның белгілі  бір мақсаттылығын, әсіресе оның әділеттілігін қатты ойластыру  керек болады. Мұның өзі әрбір  тәртіп бұзушыға жеке-жеке қарауды қажет етеді. Жұмысшының (немесе қызметшінің) жеке басы, өзінің ісіне қалай қарайтындығы, істеген қылығының ауыр, жеңілдігі, тағы басқа жайлар салмақтай қаралып, осыларды жан-жақты есепке алуы тиіс. Жаза қолданудан бұрын ол адамнан жазбаша не ауызша түсінік алуы керек.

Тәртіптік жауапкершілік екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы. Арнайы тәртіптік жауапкершілік мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы т.б), сондай-ақ жұмысшылардың кейбір түрлері үшін жасалған жарғыларда белгіленеді.

Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек жүйелерінің ережелерінде белгіленеді. Заң жалпы тәртіптік шараның төмендегідей түрлерін қарастырады: 1) ескету; 2) сөгіс; 3) жеке еңбек шартын бұзу;

Тәртіптік шара тәртіпсіздік қылық фактісі анықталғаннан кейін, бір ай өтпей тұрып қолдануы тиіс және тәртіпсіздік қылық болған күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданылмайды.

Өздерінің міндеттерін  бұзғаны үшін жұмысшыға да, жұмыс  берушіге де материалдық жауапкершілік  жүктеледі. Жеке еңбек шартында тараптардың материалдық жауапкершілік шарты нақты көрсетіледі. Жеке еңбек шартының бір тарабы екінші тарапқа зиян келтірсе, оны еңбек туралы заңға сәйкес сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді. Жұмысшының денсаулығына зиян келетіндей болса, немесе еңбек қабілетіне зиян келетіндей зақымданса, жараланса, мертіксе, жұмыс беруші ол зиянды өтеуге міндетті. Сондай-ақ жұмыс беруші жұмысшыны заңсыз еңбек ету құқығынан айырса; заңсыз негізбен жұмысқа қабылдамаса, заңсыз жұмыстан босатса, жұмысшыны қаралайтын мағлұматтар таратса, онда ол материалдық жауапқа тартылады. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асыратын еңбек туралы заңның бұзылмауына бақылау енгізілген. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретіне мыналар жатады: шағымдар мен тексерулердің ізімен қараудың еңбек қатынастарын реттейтін еңбек туралы Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің бұзылмауына бақылау; еңбек туралы заңның бұзылуының себептерін анықтау және талдау; бақылау нәтижелері бойынша нұсқау беру т.б. Мемлекеттік инспекторлар берген нұсқаудың меншік түріне тәуелсіз барлық ұйымдарда орындалуы міндетті.

 

Қылмыстық жауапкершілік

    Кез  келген заң бұзушылық мінез-қылық  қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі  бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал қылмыс дегеніміз-қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан: қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру, кедей мен бай, қазақтар, орыстар, тағы басқалар болуы мүмкін.

    Қылмыскерлерден  әсіресе жасөспірімдер зардап  шегеді. Олар құрбандыққа тікелей  де, жанама түрде де тап болады. Егерде адам қылмыс істесе, оның  балалары зардап шегеді. Егер  бала отбасында жақсы тәрбиеленбесе,  үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.

        Қылмыс үшін жазалау. Жазалау дегеніміз жасаған қылмыс үшін қылмыскердің жаза тартуы. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады, ол жазалардың түрлері, мысалы, жеке басының еркінен айырады, азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні болмас еді. Қылмыс жасаған адам азаматтардың құқығын сақтап, қалыпты өмір сүру үшін жағдай жасап отырғандағы қоғаммен, мемлекет күшінің қандай екендігін айқын сезінуі керек. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға төмендегідей жаза түрлері белгіленген:

    Айып салу. Бұл- Қылмыстық кодексте көрсетілгендей, белгіленген мөлшерде ақша өндіріп алу жазасы. Айыптың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығына және айып төлеушінің жағдайына қарай сот белгілейді.

    Құқықтан  айыру. Істеп жүрген қызметі құқығынан айырып, орнынан алу. Белгілі бір өтеп жүрген қызметі құқығынан айыруды, белгілі бір мемлекеттік қызметтен, жергілікті басқару органындағы, белгілі бір мамандықтағы қызметі құқығынан айыруды немесе орнынан алуды сот шешеді.

    Қоғамдық  жұмысқа тарту. Сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан не оқуынан тыс уақытта еңбекақысыз қоғамдық-пайдалы еңбекке тарту. Мұндай жұмыс түрін жергілікті атқару органы белгілейді.

    Еңбекпен түзету  жұмысын  сотталған адам сотта  белгіленуіне қарай 2 айдан 2 жылға  дейінгі мерзімде өзін апарған  жұмыс орнында еңбек етіп өтейді.

    Бас бостандығын шектеу.  Бұл сотталушыны арнайы орында қоғамнан оңашаламай ұстайтын орын. Сырынан бақылау қойылады. Бас бостандығын шектеу жасы кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, азаматтардың басқа да белгілі топтарына қолданылмайды.

    Тұтқындау.  Бұл сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау жағдайында 1-6 ай мерзімде ұстау. Тұтқындау 16 жасқа толмағандарға қолданылмайды.

    Әскери  тәртіп бөлімінде ұстау.  Бұл жаза әскери қызметке шақыру бойынша мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендерге әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады.

    Бас  бостандығынан айыру.  Сотталушыны қоғамнан оңашалау жолымен колонияға жіберу- жалпы, қатаң, ерекше қатаң режимдегі түзету колониясының орнына немесе абақтыға орналастыру. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған 18 жасқа толмаған сотталушы жалпы және күшейтілген режимдегі тәрбиелеп түзету колониясына орналастырылады.

    Өлім  жазасы.  Бұл ерекше ауыр: кісі өлтіру, мемлекеттік сатқындық т.с.с. қылмысы үшін өте сирек қолданылатын ауыр жаза. Әйелдерге, 65 жасқа толған ерлерге, 18 жасқа толмаған қылмыскерге бұл жаза қолданылмайды.

    Дүние-мүлікті  тәркілеу.  Бұл-сотталушының дүние-мүлкін түгелдей немесе белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу.

   

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы.

        Күнделік өмірде адамдар бір-бірімен  әрқандай сипатта (мүлікті не  мүліксіз) түрде де байланыс жасайды.  Ал мұның жеке азамат үшін  де, мемлекетті тұтастай алғанда   да аса зор маңызы бар. Біреулер  материалдық игіліктер (азық-түлік,  өндіріс заттары немесе басқа да қажетті заттар мен бұйымдар) өндірсе, басқа біреулер оны тұтынып, материалдық және рухани қажеттіліктермен өздерін қамтамасыз етеді. Сөйтіп өндіруші мен тұтынушының арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынас сатушы мен сатып алушының арасында туады сонымен бірге біреуге біреудің қызмет етуі мен қызметті пайдалануы көрініс береді. Осындай қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет, осы сияқты байланыс шеңберінде бұған қатынасушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Азаматтық мүліктік қатынастың ерекшелігіне қарай екі жақ та тең құқықты болып есептеледі.

    Сондықтан көпшілік  жағдайда мүліктік қатынас бұған  қатысушылардың еркіне қарай  құрылады. Ешкім де біреудің мүлкін  береуге еріксіз сатпайды, немесе  сатып алмайды. Немесе ешкімде шеберханада біреуге еріксіз, зорлап киім тіккізе алмайды. Екі жақта ерікті түрде байланысқа келіп, құқықтарын пайдаланады, бір-бірінің алдында міндеттілігін орындайды. Мұның өзі бір жақ қажетті тауарын әкеліп берсе, екінші жақ оның тиісті бағасын төлеуге міндеттенеді. Әрине, мұнда екі жақта келісім бойынша әрекет жасайды, сөйтіп заңға бағынады.

    Адамдар арасында  мүліктік қатынастан басқа мүліксіз  қатынас та жасалып, ол да  азаматтық заң тәртібімен реттеліп  отырады. Мысалы, ар-ұждан, қадір-қасиет және іскерлік дәреже құқығын қорғау дегеніміз жеке, мүліксіз құқық. Осы құқықты пайдалана отырып, жәбірленуші өзінің ұжданын, қадірін, іскерлік дәрежесін қаралаушыға жаза қолданылуын талап ете алады.

    Мүліктік сондай-ақ  жеке мүліктік емес азаматтық  құқықтық байланыс олардың субьектісі болып аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі ретінде жеке бір адам, әлде адамдар ұжымы шығады. Жеке адам азаматтық заңда азамат деп аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі болуға тек Қазақстан Республикасы азаматы емес, азаматтығы жоқ шетелдіктерде құқылы.

    Ұйымдарда азаматтық  құқықтық байланыстың субъектісі  бола алады. Оларды заңды тұлға  деп атайды.

    Азаматтық құқықтық  байланысқа қатысушылардың белгілі  бір сапасы болуға міндетті. Бұл  үшін құқықтық қабілеттілік немесе жалпы қабілеттілік, сондай-ақ құқықтық субъект деген ұғымдар пайдаланылады.

    Азаматтың өз  құқығына ие болуына және құқықтық  міндеттерді орындауына құқық  қабілеттілігі жалпы қабілеттілікке  сай келе ме, мұны Заң анықтайды.  Азаматтың құқық қабілеттігі туған кезден-ақ пайда болады да, қайтыс болғанында тоқтатылады.

    Жоғарыда  көрсетілгендей, құқықтарды пайдалану  үшін қабілеттілік қажет. Азамат  өзінің іс-әрекетімен азаматтық құқығына ие болып және азаматтық құқығын пайдалана білуін, өзі үшін азаматтық міндет жасап, оны орындауын азаматтық қабілеттілік деп атайды. Кейде адам өзі белгілі бір жағдайларға байланысты өзі іс-әрекет жасауға қабілетсіз болады. Бұған психикалық жағынан не ақыл ес жағынан әлі жетілмегендік, психикалық науқасы себеп болуы мүмкін. Сондықтан адам өз алдына біртіндеп іс-әрекет жасауға үйренеді. Заң кәмелеттік жасқа толмағандарға белгілі жасқа келген кезеңде кеңірек құқық беруді қарастырады. 14 жасқа толмаған кәмелеттік жасқа жетпегендер әлі де қабілеттілікке жеткен жоқ деп есептелінеді. Оның атынан барлық келісімді ата-анасы немесе асырап алған, не қамқорлыққа алған адам жасайды. 14 жасқа дейінгі кішкентай балалар ұсақ, үй-ішілік, тұрмыстық келісімдерді өздері жасауға құқылы. 14жасқа толған балалар ірі келісімдер, заңды өкілдіктер мен жазбаша шарттар жасауға толық құқылы болады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер олардың келісімінсіз-ақ өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара азаматтық өабілеттілігі пайда бола бастайды және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді.

    18 жасқа  толғаннан бастап азаматтың қабілеттігі  толық түрде көрінеді. Бірақ 18 жасқа толған соң да заң бойынша азаматтың қабілеттілігіне шек қойылатын жайлар кездеседі. Мысалы, маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуына байланысты адам саналы іс-әрекет жасай алмайды. Бұл ретте құқықтық қабілеттілігі жоқ адамның мүліктік құқығын, басқа да мүддесін отбасы қорғайды. Мұндай жағдайда адамның қабілетсіздігін тек сот арқылы анықталады. Басқа жағдайларда адамның құқықтық қабілеттігі мен қабілетсіздігіне шек қоя алмайды.

Азаматтық құқықтық жауапкершілікке мыналар  жатады:

1) құқыққа қарсы  іс-әрекет 

2) жауапкердің  кінәсі

3) шығынның нақтылы  мөлшері 

4) құқыққа қарсы  іс-әрекеттің жауапкері мен келтірілген  шығын арасындағы себептік байланыс.

    Азаматтық  заң мүліктік құқық қатынасына  түсушілердің іс-әрекетіне әр  түрлі талап қоюды қарастырады.  Құқыққа қарсы болып табылатындар: басқаның мүлкіне немесе жеке басқа зиянын тигізген адамның іс-әрекеті; Құқыққа қарсы іс-әрекет әрекетті немесе әрекетсіз түрде болуы мүмкін. Құқыққа қарсы іс-әрекет – заңда тыйым салынған немесе келісімшартқа қарсы белсенді іс-әрекет. Ал егер адамға іс-әрекет ету міндеттелсе, белгілі бір жағдайда ол әрекетсіздік көрсетсе, ол әрекетсіздікке жатады.

    Атап  өткеніміздей, кінә адамның өз  құқығына қарсы іс-әрекетіне психикалық  жағынан байланысты болып келеді. Азаматтық құқық бұзушылықта  кінә әдейі немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Мұнда бір қызықты жай бар. Қылмыстық құқықта кінәсіздік болжамы, немесе кінәсіздік нышаны деген әрекет қолданылады. Бұл кінәләуші кінәлінің қылмыс істегенің дәлелдеуі қажет. Азаматтық құқықта кінәлілік принцип те қолданылады. Жауапкер өзінің кінәсіздігін дәлелдеп бергенге дейін кінәлі болып есептеледі. Жәбірленуші жауапкерді тек кінәлап қана қоймауы тиіс, оның кінәлілігін дәлелдеуі керек.

    Нәтижесінде  жауапкердің құқық бұзушылық  әрекеті шығын түрінде зиян  келтіреді. Құқыққа қарсы іс-әрекетпен жауапкердің арасында шыққан шығынға сәйкес себептік байланыс әрқашанда болып тұрады. Мысалы, жүргізуші өзінің 12 жасар баласына машинасын беріп еді, бала жүргіншіні басып кетті. Сырттай қараған да мұнда құқық бұзушылық жоқ сияқты. Өйткені 12 жастағы бала жауақа тартылмайды.  Бұл істе тікелей емес, жанама себептік байланыс бар.Жас бала келтірген зиянв үшін ата-анасы жауап береді. Осы көрсетілген мысалда жас балаға сеніп берген ат-ананың құқыққа жатпайтын қылығы мен келтірілген зиянның арасында тікелей себепті байланыс бар.

    Заңда  көрсетілгендей жәбірленуші кінәлі  адамнан материалдық және моральдық  шығынды өтетіп алу үшін сотқа  арыздануына болады. Материалдық  зиян адамның денсаулығына келтірілген  зиянына қарай бағаланады және  кінәлі адамнан негізінде ақшаға есептеліп өндіріліп алынады.

    Адамға  материалдық зиян мен бірге  моральдық зиянда келтірілуі  мүмкін – ол тәнге зиян келтірумен  қатар жанға да зиян келтіру  түрінде болады. Мысалы, адам денсаулығына  зиян келудің салдарынан адам  еңбек ету қабілетінен айырылады, тәні де азап тартады. Егер адам туралы оны қаралайтын мәлімет таратылса оның жаны жапа шегеді.Моральдық зиян соттың белгілеп шешуі бойынша ақшалай немесе басқа да материалдық түрде өтеледі. Сондай-ақ моральдық зиян материалдық зияннан тыс, өз алдына төленеді.

Заңи жауапкершілік ұғымы, белгілері және олардың түрлері