Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
КІРІСПЕ
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шарушылық жүргізуші субъектінің күрделі эканомикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай – ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке
алынған ақпараттардың
Эканомиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
Курстық
жұмыс үш бөлімнен тұрады: бухгалтерлік
есеп, салық және салық салу және
аудит. Осы курстық жұмыс бухгалтерлік
есебін игерушілер үшін жақсы демеу
бола алады деп үміттенемін.
1 БУХГАЛТЕРЛІК
ЕСЕП
1.1
Ақшасыз есеп айрысудың
негізгі нысандары
Төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма талап төлемдері; кеден мен салық қызметіні органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айрысу нысандарын келісім- шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа жатқыза алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы- материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айрысу кезінде, сондай ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке берілген нысандағы банкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтық шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды бірге тапсырады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 үкн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының номері;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған ) коды( ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының номері;
- бенефициардың коды ( БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар 2 символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономикалық секторын көрсетеді;
- бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім- шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды( ЖТБК немесе ИИК ) – филиаларалық айналымдардың коды (ФАК немесе МФО);
- төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік – құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
- бюджеттік классификацияның коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні – ақша қаражатын бенифициардың банктікшотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлар анықталса.
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
- чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клиринктік платаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады.
Вексель – бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді
Жай вексель ( соло вексель)
– талап етуі бойынша немесе
белгіленген мерзімде
Аударма вексель (тратта) – вексель
берушінің үшінші тұлғаға
бірінші вексель ұстаушыға
1.2
Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен
есеп айырысу есебі
Кәсіпорын өз өндірісінің
Демек, кәсіпорын
Өнім жеткізушілер мен есеп айрысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айрысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-факураларды алдымен « Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қойады. Журналдың деректерін 671 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлерді, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі , акцептелген бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактура ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүргізіледі.
Бірінші кезеңде журналға
Екінші кезеңде журналға
Кіріс құжаттары мұқият
Сондай-ақ журналда жұмыстар
Үшінші кезеңде журналда шот-
Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептеледі және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Журналдың қорытындысы төрт
Жабдықтаушылар мен және
- Тауарлы- материалдық құндылықтарды алғаны үшін ( ҚҚС есебінсіз) акцептелген шот-фактураларына: 201-208, 222-223 шоттары дебеттеледі, сондай-ақ осымен бірге шот-фактурасына енгізілген ҚҚС сомасына 331 шоты да дебеттеліп, 671 шот кредиттеледі
- Жабдықтаушылардың төленген шот-фактурасына: 671-шот дебеттеліп, 441,431,432 шоттар кредиттеледі.
- Төленген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы есепке алынады, ол кезде: 633- шот дебеттеліп, 331- шоты кредиттеледі.
- Жабдықтаушылардың орындалған жұмыстар мен қызметтері үшін акцептелген шот-фактурасына сондай-ақ 671- шоттың кредиті бойынша жүргізілген басқа да жазулар мына төмендегі шоттардың дебеті бойынша көрініс табады:
126
«Аяқталмаған құрылыс» шоты
301
«Алынуға тиісті қарыздар»
334
«Дебиторлық басқа да қарыздар»
351
«ТМҚ-мен жабдықтау үшін
811
«Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
сату бойынша шығындары»; 821 «Жалпы және
әкімшілік шығындары»; 901,921,931,934,936,941,944,
Мына төмендегі шоттардың кредитінен 671-шотының дебетіне жазылған жазулар 301 «Алынуға тиісті шоттар», 351 «Тауарлы материалдық запастары үшін берілген аванстар» 422 «Аккредитивтегі ақша қаражаттары» 423 «Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол ақша», 431 «Ел ішіндегі валюта шотындағы қолма-қол ақша», 432 «Шетелдердегі валюта шотындағы қолма-қол ақша» 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоттары бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттарының тиісті шоттарынан төленетін ін көрсетеді.
Жабдықтаушылар мен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 671- шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар жөнінднгі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысу ын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықташылардан.
Талдамалық деректер бойынша берешекткрді анықтама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі келмеген, төлеу мерзімі өткен вексельдер бойынша, жолдағы материалдар (соның ішінде жүк айналымының нормативтен тыс мерзімі)
Жабдықтаушылар мен мердігерлер бұл ұйымдар кәсіпорынларға ТМҚ-ды әкеледі және жұмысшылар мен қызметтерді жүзеге асырады. Жабдықтаушылар кәсіпорынға шикізат, әр түрлі материалдарды, тауарларды, негізгі құралдарды және материалды емес активтерді сатады. Мердігерлер әр түрлі жұмыстарды көрсетеді. Кәсіпорындар мердігерлермен және жабдықтаушылармен келісім шартқа отырады. ТМҚ- ды әкелген соң және жұмыстарды қабылдағаннан кейін кәсіпорын олармен есеп айырысады.
Кәсіпорын
жабдықтаушылармен және мердігерлермен
есеп айырысу есебін 671 «Берушілер мен
мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді
берешек» шотын пайдаланады. Бұл синтетикалық
пассивті шот.
1 схема «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының схемасы.
Дт
| Бастапқы сальдо – ай басындағы кәсіпорынның берешегін көрсетеді. | |
| Дебеттік айналым – төлемақысы істелінген соң жабдықтаушылар және мердігерлердің алдынан қарыздардың азайтылуын көрсетеді. | Кредиттік айналым – есеп беру кезінде кәсіпорынның берешектердің көбейгенін көрсетеді. |
| Сс=Бс+Ка-Да |
1 кесте «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуының» басқа да шоттармен есеп айырысуы.
| Операция мазмұны | Дт | Кт |
1.Жабдықтаушылардан
құндылықтар сатып алынды:
2.Алынған
құндылықтар бойынша ҚҚС 3.Мердігерлерден жұмыстар қабылданды:
4.Қабылданған
жұмыстар бойынша ҚҚС сомасы 5.Жабдықтаушылардың
және мердігерлердің шот |
211 221 141 101 331 821 811 126 931 331 |
671 671 671 671 671 671 671 671 671 671 |
1 кестенің аяғы
|
671
671 671 671 |
441
451 431 441 |
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың аналитикалық есебі №6 журнал ордерінде жүргізіледі.Журнал ордерінің 3 бөлімі бар.
- Ай басындағы бірінші бөлімде жабдықтаушылардың атауы және бастапқы сальдо жазылады.
- Келіп түскен шот фактуралардың номерін және сомасын жазады. Бұл бөлімде бухгалтерлік шоттың корреспонденциясын жазады.
- Шот фактураның төленгенін көрсетеді. Ай соңында журнал ордері бойынша қортындысын есептейді. Кредиттік айналым Бас кітапқа көшіріледі.
1.3 Берілген аванстар бойынша есеп айырысудың есебі
Берілген аванстар бойынша есеп айырысудың есебі 35 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар – 351 «Тауарлы-материалдықь құндылықтармен жабдықтау үшін берілген аванстар» және 352 «Орындалатын жұмыстармен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар».
Аванс берілген жағдайда 35- бөлімшенің шоттары дебеттеледі және 441 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша», және т.б. шоттары кредиттеледі, сондай-ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 725 шоты корреспонденцияланады. Тиесілі шоттардың (351,352) кредиті бойынша және 671 шоттың дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі, сондай-ақ шетелдік валютада берілген авнс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 844 шоты корреспонденцияланады.
Берілген
аванстың (талдамалық) есебі басқалай
кредиторлық және дебиторлық қарыздар
бойынша есеп айырысудың аналитикалық
тізімдемесінде 351 және 352 шоттары бойынша
бөлек жүргізіледі.
2 САЛЫҚ
ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
2.1
Қосылған құн салығы
бойынша есепке қою
ҚҚС бойынша есепке қойылатын талаптар.
- Қорытынды бойынша тауарларды өткізу бойынша айналымның мөлшері осы баптың 3-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлғалар кез келген кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
- Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса , есепке алынбайда.
- Заңды тұлғаның құрылымдық мөлшерлері болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.
- Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі осы баптың бірінші тармағында көрсетілген кезнңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 15000 еселенген шамасын құрайды.
- Осы баптың 1-ші тармағына сәйкес ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС-ғын салуға жататын тауарларды өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
- ҚҚС салығы бойынша ол есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап ҚҚС салығын төлеушіге айналады.
- Жеке кәсіпкер он жұмыс күнінен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, жеке еәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы тұлға жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап ҚҚС төлеушіге айналады.
- Мемлекеттік мекемелерді сондай-ақ ҚР-ғы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннен кешіктірмей салық органына ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш берген жағдайда осы тұлғалар өздері салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап ҚҚС төлеушілерге айналады.
- ҚҚС төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініші берілген айдан кейінгі айдың 1-ші күні ҚҚС-ын төлешілерге айналады.
Қосылған
құн салығы бойынша
есепке қойылатын
орын
- Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ҚҚС бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
- Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін ҚҚС бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
- Егер заңды тұлға өзін ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағына объектілер салу жөніндегі қызметті жүзегше асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның өтінішсіз ҚҚС-ын дербес төлеуші деп қарастырылады.
Қосылған
құн салығы бойынша
есепке қою туралы
куәлік
- ҚҚС бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда
Қосылған құн салығы
бойынша есептен шығару
- Егер ҚҚС
төлеушінің соңғы 12 айлық кезеңіндегі
салық салынатын айналым
мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы. - ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ҚҚС бойынша есепке қойған кеезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады.
- Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірілмей, өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
- Салық органы ҚҚС төлеуші болып табылатын және салық есептілігін беру мерзімінен кейін алты ай кезең ішінде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы ҚҚС бойынша есептен шығаруды ҚҚС-ғын төлеушіні хабардар етпестен, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
- ҚҚС төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттік тізімінен алып тасталған күннен бастап ҚҚС бойынша есептен шығарылуға тиіс.
Қосылған
құн салығынан
босатылған және айналымдар
импорт

- Жадные алгоритмы. Код Хаффмана
- Жадыны басқару
- Жаза жүйелері
- Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
- Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары
- Жаза тағайындау негіздері
- Жазғы жайылымдарда бағу
- ЄС: мета, склад, структура та механізм наднаціонального регулювання
- Єтапи формування товарного асортименту в роздрібній торгівлі
- Жoғapы cынып oқyшылapынa кәcіптік бaғдap бepy жұмыcын ұйымдacтыpyдың түpлepі
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті