Жадыны басқару
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы
«Жады» болғандықтан, мен біріншіден,
компьютер жадысы жайлы, оның бөлімдері,
түрлері, қасиеттері, параметрлері, ерекшеліктері,
артықшылықтары мен кемшіліктеріне
тоқталып кетсем деймін. Екіншіден, «Жадыны
басқару бөлімі» бойынша
Жалпы бұл курсты таңдап алу мақсатым- жадымен жаңа-жаңа тәжірибелер жасап, жадыны жақсырақ танып білгім келді. Менің ойымша, компьютердің ең басты бөліктерінің бірі- ол оның жадысы. Сол себепті, ең бірінші, осы жадының ерекшеліктерін жақсылап меңгеріп алып, кейін келесі орындалатын компьютердің қадамдарын оқап үйренген жөн деп санаймын. Бұл курстық жұмыс көмегімен мен өзімнің жады жайлы білімімді арттыра түсемін деп ойлаймын.
ЖАДЫНЫ БАСҚАРУ
Дербес компьютердің негізгі жады сипаттамаларына шолу: Электронды есептеуіш машинаның есте сақтау құрылғысы дегеніміз- дербес компьютердегі мәліметтерді сақтап тұратын есте сақтау құрылғыларының жиынтығы. Есте сақтау құрылғыларының ең басты назар аударатын ерекшеліктері ол көлем, яғни ақпараттың мөлшері қанша көлемді алып тұр, және жылдамдық, яғни ақпараттың орындалу жылдамдығы.
Компьютер құрамындағы жадының бірнеше саласы бар. Өзінің есте сақтау ерекшеліктері бойынша жады ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі жадыға регистрлік жады, жедел жад, кэш жады, оперативті жады, тұрақты жады жатады.
Регистрлер процессордың ішкі жады, процессордағы өтпелі ақпараттарды сақтау үшін арналған деп есептеледі, оперативті жады процессордың кез келген ұяшықтарымен қатынас жасай алады, кэш жады, басқаша айтқанда процессор жадысы, оны өзіндік буфер деп қарастыруға болады, . Жедел жад (ЖЕСҚ, ағылш. RAM – Random Access memory – ерiктi жету жады) – бұл процессормен тiкелей байланысты және программалар өңдейтiн мәлiметтердi жазу, оқу және сақтауға арналған аса үлкен емес көлемдi жылдам сақтау құрылғысы. Жедел жад мәлiметтер мен программаларды уақытша ғана сақтау үшiн қоданылады, өйткенi машинаны өшiрген кезде ЖЕСҚ-дағы барлық мәлiметтер жоғалып кетедi.
Жады - мультибағдарламалы
операционды жүйе қатарынан
түбегейлі басқаруды талап
Құбылмалы және командалар идентификациясы үшін символды атаулар,
виртуалды мекен-жайлар мен физикалық мекен-жайлар қолданылады.
Символды атауларды тұтынушы бағдарламаны алгоритм тілінде немесе
ассемблерде жазу барысында қолданылады. Виртуалды мекен-жайларды бағдарламаны машина тіліне аударатын транслятор жасап шығарады. Осылайша, аударылым барысында бағдарламаның оперативті жадының қай бөлігіне барып орнығатыны белгісіз болғандықтан, транслятор бағдарламаларға құбылмалы және командаларға виртуалды мекен-жайларды беріп, бағдарлама нөлдік мекен-жайдан басталатынын ескереді. Үрдістің виртуалды мекен-жайларының жиынтығы виртуалды мекен- жай кеңістігі деп аталады. Әрбір үрдіс өзіндік виртуалды мекен- жай кеңістігіне ие. Виртуалды мекен- жай кеңістігінің максималды көлемі компьютердің аталған сәулетіне тән мекен- жай разрядтылығымен шектеледі, сондай-ақ компьютердің физикалық жадымен сәйкес келмейді.
Физикалық мекен- жайлар құбылмалылар мен командалар орныққан
Оперативті жадының ұяшық нөмірлеріне сәйкес. Виртуалды мекен-жайдан физикалыққа ауытқу екі тәсілмен жүзеге асады. Алғашқыда, алмастыруды арнайы жүйелік бағдарлама – алмастырушы қосушы орындайды. Ол физикалық жадының бастапқы мекен- жайы жөніндегі ақпаратқа сүйемдене отырып, бағдарламаның қосылуын іске асырады. Екінші тәсілде, бағдарлама виртуалды мекен-жайда еш өзгертілімсіз қосылады, бұл ретте операционды жүйе бағдарламалық кодтың виртуалды мекен- жай кеңістігіне қатысты орнығуын бағдарлайды. Бағдарламаның орындалуы барысында оперативті жадыға төну кезінде виртуалды мекен- жайдың физикалыққа түрленуі орындалады. Екінші тәсіл барынша тиімді болып табылады. Ол бағдарламаның орындалуы кезінде оның жеңіл түрде орын алмастыруын қамтамассыз етеді, ал алмастырушы қосушы бағдарламаны жады бөлігіне мықтап бекітіп тұрады. Сонымен қатар алмастырушы қосушыны қолдану шығындар санын кемітеді, себебі виртуалды мекен- жайдың түрленуі қосылу барысында бір рет қана болады, ал екінші жағдайда аталған мекен жайға төну кезінде қайтара орындалып отырады. Жадыны басқарудың барлық тәсілдері екі классқа жіктелуі мүмкін: оперативті жады мен диск арасында үрдістердің орын алмастыруын қолданылатын тәсілдер, және мұндай әрекеттілікті жасамайтын тәсілдер.
ЖАДЫНЫ ДИСК ҚАТЫСЫМЕН БӨЛІСТІРУ
Бөлім дегеніміз- қатқыл дисктің қандай да бір бөлігінде операциялық жүйе немесе қандай да басқа ақпаратты сақтау үшін қолданылатын орын. Дисктің қандай да бір бөлігіне жады үлестіру- дискіні бөлістіру деп аталады. Дисктегі әрбір бөлім өзара тәуелсіз болады. Және әрбіреуіне әрқандай операциялық жүйе орналастырылады.
Жадыны бөлістіруді бірнеше әдіспен жүргізуімізге болады. Мысалы, командалық жол көмегімен, немесе арнайы жадыны бөлістіру программасы көмегімен, тағы бір әдісі диск көмегімен бөлістіру.Әр бір компьютерде қатқыл диск бірнешеге бөлінген (Локальный диск (С:), Локальный диск (D:), Локальный диск (E:) және т.б. Бұның барлығы қолданушыларға ыңғайлы болу үшін және жүйелік дискіге салмақ түсірмеу үшін істелінеді. Қатқыл дискіні операциялық жүйе қондырылуы кезінде бірнешеге бөліну керек. Яғни осы операциялық жүйе орнатылуындағы жадының бөлістіруін қарастырайық:
- Операциялық жүйені орнату қадамдары әдеттегідей өтіп, жады бөліміне келгенде Настройки диска қадамына өтеміз, яғни жадыны бөлістіруге кірісеміз (Сурет 1):
Сурет 1. Жадының параметрлерін таңдау терезесі
- Параметрлері ішінде Создать амалын таңдаймыз(Сурет 2):
Сурет 2. Амалдар терезесі
- Келесі терезеде бізде бар жады көлемін көрсетеді (Сурет 3):
Сурет 3. Көлем көрсету терезесі
- Келесі терезеде біздің амалдарымыздың нәтижесі тұрады (Сурет 4):
Сурет 4. Бөлімдер терезесі
- Келесі тереземізде операциялық
жүйенің орнатылуы жалғасын табады (Сурет 5):
Сурет 5. ОЖның орнатылу терезесі
- Келесі терезеде жадының осы компьютерде қандай бөлімдері бар екенін көрсетеміз (Сурет 6):
Сурет 6. Жады бөліктері терезесі
- Келесі қадамымыз әріп беру қадамы болады, бұл қадамда мен дискіге (I:) әрпін меншіктедім, (Сурет 7):
Сурет 7. Әріп меншіктелген терезе
- Виртуалды машинаның мой компьютер бөлімін ашып көреміз, ішінде біздің жадымыздың жаңа бөлігі тұрғанын көріп тұрмыз (Сурет 8).
Сурет 8. Виртуалды машинадағы жады
- Келесі негізгі компьютерімізді
ң жады орналасқан бөлімін ашамыз, мұнда біздің алғашқы және жаңа жадымыз орналасқанын көріп отырмыз (Сурет 9):
Сурет 9. Мой компьютер терезесі
ЖАДЫНЫ ДИСК ҚАТЫСЫНСЫЗ БӨЛІСТІРУ
Әрбір компьютерде қатқыл диск бірнешеге бөлінген (Локальный диск (С:), Локальный диск (D:), Локальный диск (E:) және т.б). Бұның барлығы қолданушыларға ыңғайлы болу үшін және жүйелік дискіге салмақ түсірмеу үшін істелінеді. Қатқыл дискіні операциялық жүйе қондырылуы кезінде бірнешеге бөліну керек. Ал егер бір себептермен қатқыл диск бөлінбеген болса, әлде өзіңіз тағыда бөлікке бөлгіміз келсе, онда келесідегідей амалдарды орындау қажет. Қатқыл дисктегі ақпараттарды кетіріп алмай, бөлікке бөлу үшін " Acronis Disk Director Server " деген бағдарламаны қолдануға болады.
Жаңа бөлімді құру келесі жағдайлар үшін қажет:
- Осы бөлімде бір типті файлдар жиынтығын топтастыру үшін
- Көрші бөлімдер немесе дискілердің көшірмесін сақтау үшін
- Бөлімді жасау кезінде бөлімнің кез келген түрін жасауға мүмкіндік береді, мысалы активті, негізгі, логикалық.
Ал енді дискті бөлістіруге кіріссек:
- Acronis Disk Director Server программасын шақырамыз да,бөлістіруді ұйымдастыру шеберінен Создать раздел аламын таңдаймыз.(Сурет 10 “а” )
Сурет 10 “а”.Acronis Disk Director Server программасын шақыру терезесі
- Егер шебер компьютерге қосылып тұрған дискте немесе қатқыл дискте бос орын анықтайтын болса (unallo-cated space), онда біз жаңа бөлімді жасауға кірісу керек:
- Бос емес дискте
- Бар бөліктерден бос орын ізделінеді
Бос емес аумақ (Unallocated) деп
бөлімдердің біріндегі бос
Сурет 10. Жаңа бөлім құруды таңдау терезесі
Егер біз дисктегі бос орынға бөлім жасағымыз келсе:
- Алып- қосқышта Незанятое место амалын таңдаймыз
- Бұл жағдайда шебер максималды бос орыны бар диск бөлігін тауып, оны бізге ұсынады.
- Размер раздела бөлімінде бөлімнің көлемін орнықтырып аламыз (Сурет 11):
Сурет 11. Бөлім көлемін еңгізу терезесі
- Келесі парақта бөлімнің типін анықтаймыз, активті, негізгі және логикалық.
- Әдетте, негізгі тип операциялық жүйе орнату үшін қажет болады. Ал логикалық кез- келген файлдарды сақтау үшін қолданылады.
- Егер ОЖ компьютер қосыла салысымен жүктелгенін қаласақ активті типті таңдаймыз.(Сурет 12)
Сурет 12. Бөлім типін анықтау терезесі
- Шебердің келесі парағында Файлдік жүйе нұсқасын таңдаймыз. Бұл жерде шебер бізге ОЖнің файлдік жүйелерінің бірін таңдаймыз, мысалы: FAT32, NTFSнемесе Linux — EXT2, EXT3, ReiserFS, Swap, немесе бөлімді тазаламай, бұрынғы күйінде қалдырамыз (Unformatted) ( Сурет 13):
Сурет 13. Файлдік жүйе таңдау бөлімі
- Келесі парақта бөлім үшін әріпті таңдаймыз (Сурет 14):
Сурет 14. Әріпті тағайындау терезесі
Операциялық жүйе жүктелгенде қатқыл дисктегі бөлімдерге алдын ала әріптер тағайындап қояды. Бұл әріптер қай бағдарламаның қай жерде орналасқанын корсетеді.
Бөлімдерді жасағанда, олардың көлемін таңдағанда, әріп бергенде немесе тағы да басқа амалдар жасағанда операциялық жүйеде келеңсіз жағдайлар тууы мүмкін. Сол себепті, әр операциялық жүйеге әрқандай амал қолдану ережелері бар.
Windows 98/Me үшін:
- Бөлім С әрпінен басталады да, кейін ретпен жалғаса береді, ал осы С әрпі берілген бөлім негізгі болып есептеледі, және оған операциялық жүйе орнатылуға тиіс.
- С әрпі ең негізгі активті бөлімге беріледі.
- Кейін аналогты түрде келесі бөлімдер негізгі тип бойынша қарастырылады.
- Келесі логикалық тип, ол С әрпінен кейінгі әріптер жұмсалады.
Windows NT/2000/XP үшін:
Бұл операциялық жүйеде әріптер Windows 98-ге аналогты түрде орналасады. Windows NT 4.0 FAT32 файлдық жүйесімен жұмыс жасамайды, бірақ әріптерді осы бөлімге қатысты алады.
Дегенмен, бұл операциялық жүйеде алдын- ала орныққан әріптерді өзгертуге болады. Әр әпті беру тек ішіндегі программалардың ашылмай қалу немесе ашылуында қиындық туғызу сияқты мәселелерге алып келуі мүмкін. Операциялық жүйені жүктеу кезіндегі қиындықтар тек осы ОЖ орналасқан бөлімнің әрі өзгерген уақытта ғана қиындық тудыруы мүмкін.
9) Келесі бетте бөлімге белгі немесе белгі беруге болады, мысалы WIN98(C:), WINXP(D:), DATA(E:) т. с. с.
10) Соңғы бетте қатқыл дисктің құрылысы графикалық түрде бейне береді ( Сурет 15):
Сурет 15. Дисктер қатарындағы жаңа бөлім құрылысы
батырмасын шертсек, Acronis Disk Director Server- дің жаңа бөлімнің құрылуының тамамдалуына алып келеді. Жаңа бөлім Acronis Disk Director Serverдің терезесінде графикалық түрде көрінеді.
Сонымен қатар бөлімдерге бірнеше амалдар қолдануға болады, мысалы: бөлімде бос орынды үлкейту, бөлімді көшіру, бөлім ішін тазарту тағы да басқа. Соның ішінде, мысалы үшін, бөлімді көшіруге тоқталайық.
Бөлімнің көшірмесін жасау алғашқы бөлімнің нағыз көшірмесін жасап және сол бөлім ішіндегі барлық мәліметтерді сол күйінде сақтайды. Ол үшін келесі командаларды орындаймыз:
- Шеберде Скопировать раздел
- Выбор раздела для копирования (Сурет 16):
Сурет 16. Бөлім көшірмесін жасауға дискіден орын таңдау терезесі
- Местоположение раздела бұл бөл
імде көшірме жасалатын бөлім қ асиеттері қарастырылады (Сурет 17):
Сурет 17. Бөлім көшірмесін орналастыратын орын қарастыру терезесі
- Келесі бөлімде бөлім көлемі анықталады, бұл жерде өзіміздің қалаған кө
лемді еңгізуге болады (Сурет 18):
Сурет 18. Бөлім көшірмесінің көлемін анықтау терезесі
- Келесі қадам бөлімнің типін анықтаймыз: активті, негізгі, логикалық. Яғни бұл қадам жоғарыда қарастырғанымыздай болады.
- Келесі соңғы амал ЗАВЕРШИТЬ батырмасын шертіп, бөлім көшірмесін жасау процесін аяқтаймыз (Сурет 19):
Сурет 19 Бөлім көшірмесін жасау терезесі
Сонымен қатар жады бөлістірудің командалық жол арқылы бөлістіру әдісі де бар, бұл әдістің негізгі параметрлеріне қысқаша тоқталып кететін болсам:
Бұл әдіс diskdirectorcmd.exe. программасы арқылы жүзеге асады. Бұл программа көмегімен жадыны бөлуге, өшіруге, өзгертуге болады.
/create_partition жаңа бөлім жасау;
/start: алғашқы сектор номері,
қатқыл дискке орнатылатын
/harddisk:X бөлім жасайтын қатқыл дисктің номірін көрсетеді.
/size: бөлім размері.
/filesystem:[fat16|fat32|ntfs|
/type:[active | primary | logical] жасалатын
бөліктің типін анықтайды:
/label:[метка раздела] бөлімге белгі қоюмен айналысады.
/delete_partition бөлімді өшірумен айналысады.
/partition:[номер раздела] өшірілетін бөлім номері мысалы: 1-1, 1-2, 3-1 т. с. с
/resize_partition берілген бөлімнің көлемін өзгертеді.
/partition:[номер раздела] өзгертілетін бөлім номері.
/size:[размер в секторах]
өзгерген өлшемнің жаңа
/list қатқыл дискта кездесетін
барлық бөлімдер кестесін
Мысал келтіретін болсам: diskdirectorcmd /create_partition /start:12000
/size:20000 /harddisk:1 [/filesystem:fat16 /label:new]
[/type:logical] оның мағынасы логикалық типтегі FAT 16 файлдік жүйедегі бөлім пайда болады. Ол бөлім бірінші қытқыл дискте орналасады. 12000 секторында орналасыады, 20000 сектордан тұрады. Пайда болған бөлім NEW белгісіне ие болады.
Бөлімді өшіру : diskdirectorcmd /delete_partition /partition:1-4 бұл команданың көмегімен бірінші қатқыл дисктегі төртінші бөлім өшіріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл жұмысты жасау барысында
мен өзім үшін көптеген жаңалықтар
ашып, білімімді айтарлықтай
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Acronis Disk Director Server 10.0 Copyright acronis, INC, 2000-2005, Руководство пользователя.
- И.И. Попов, Т.Л. Партыка , 2003г., Изд: Форум, 400 бет.
- Дмитрий Иртегов, Санкт- Петербург, 2003г., Изд: BHV, 624 бет.
- Сафонов В.О. Основы современных операционных систем: учебное пособие, Издательство: Бином. Лаборатория знаний Описание: Основы информационных технологий , 2011 жыл,583 бет.

- Жаза жүйелері
- Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
- Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары
- Жаза тағайындау негіздері
- Жазғы жайылымдарда бағу
- Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі
- Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар
- Жoғapы cынып oқyшылapынa кәcіптік бaғдap бepy жұмыcын ұйымдacтыpyдың түpлepі
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
- Жадные алгоритмы. Код Хаффмана