Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар

Жазуға үйрету үшін қажетті  гигиеналық талаптар. 
 
Жазу жұмысына қажетті жағдайлар мен оған қойылатын талаптар . Жазудың айқын таза

болуы үшін , ең әділі жазу дәптерінің қағазы сапалы ( ақ , сия сормайтын ) болуға тиіс . Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу тәртібі ұсынылады . Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет . Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу , әрбір жаңа ойды абзацтан ( жаңа жолдан ) бастап жазу , дәптердің түп жағынан ( 10 – 15 мм ) , оң жағынан ( 20 мм ) бос орын қалдыру , біркелкі көркем жазу талап етіледі .  
 
Гигиеналық талап дегеніміз – оқу , жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы . Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо – физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді . 
 
1 . Сынып бөлмесінде партаға дұрыс отыру ережелерінің ілініп тұруы . 
 
2 . Сынып бөлмесіне жарықтың сол жақтан түсуі . 
 
3 . Оқушының партаға кеудесін тік ұстап түзу отыруы ( оқушылардың белі орындықтың арқалығына тіреліп тұруы шарт ) .  
 
4 . Оқушының кеудесінен партаның арасындағы қашықтық 4 – 5 см сәйкес болуы керек .  
 
5 . Оқушының басы алды – артына аз солға қисаймай тік болуы және дәптердің бетімен оқушының арасындағы қашықтық 25 – 30 см сәйкес болуы керек . 
 
6 . Оқушының екі аяғы үшбұрышталып партаның кергішіне не төртбұрышталып еденге тиіп отыруы керек . 
 
7 . Оқушының 2 – ші сыныптағы партасының бетінде болып дәптердің жоғары , төмен жылжуын сол қолдың ықпалымен жүзеге асады . 
 
8 . Оқушының қаламсап ұстаған жұдырығы оның көкірек тұсында болуы . 
 
9 . Оқушының жұмыс дәптері партасының бетінде көлбеу жатуы ( есік жағы жоғары , терезе жағы төмен ) . 
 
10 . Дәптердің жоғары немесе төмен жылжуы тек сол қолдың ықпалымен жүзеге асады . 
 
11 . Оқушы қаламсапты ұшынан 2 – 3 мм қашықтықта үш саусақтың көмегімен қатты қыспай еркін ұстап жазуы . 

 
Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың  ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың   жұмыс  қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғаргы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ  болады.

Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.

Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді.

Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.

 

Мектептің жазуға арналған құралдарына қойылатын талаптар


 

Мектептің жазу құралдары (қалам, қарындаш, дәптер, сия) балалардың көру органдары мен олардың жастарына сәйкес өте әлсіз келетін қолдарының ұсақ бұлшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі керек. Сондықтан, жуан немесе өте жіңішке қаламдарды қолдану әріптердің дұрыс жазылуына кедергі келтіреді.

Өзегі шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде берілетін қаламдардың ұзындығы 142-150 мм, диаметрі 8-10 мм, салмағы 10 граммнан артық болмауы керек. Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетіні гигиенистік зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Гигиеналық тұрғыдан алғанда қаттылығы орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180 мм, диаметрі 7-8 мм қарындаштар мақсатқа сәйкес келеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға қырлы қарындаштарды қолдануға болмайды.

Қазіргі қолданып жүрген нормалық құжаттар бойынша мектеп дәптерінің ені 170 мм, ұзындығы 250 мм болып келеді. Дәптердің беттеріне түзу жолақтар сызылады және ені 25-30 мм жиектік жолақ қалдырылады.

Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қызметін жеңілдетеді және жазу жылдамдығының азаймауына мүмкіндік жасайды деп есептелінеді. Дәптердің қағазы тығыз, кедір-бұдырсыз жазық, ақ түсті және жазу екінші жағынан көрініп тұрмайтындай болуы керек. Оның бетіне жазғанда сия жайылып кетпейтіндей болуы керек. Сияның түсі күңгірт-күлгін түсті немесе қара түсті болғаны дұрыс.

Кітаптар мен дәптерлерін тасу үшін оқушылар портфельдер мен папкаларды пайдаланады, бірақ, гигиеналық тұрғыдан ранецтер (арқаға асылатын сөмке) дұрыс болып есептеледі. Ранецтерды пайдаланғанда жүктеме біркелкі түсіп, оқушының қолы бос жүреді және дененің симметриялық жағдайы сақталады. Бастауыш мектептің бала-лары міндетті түрде ранецтерды пайдаланғаны дұрыс. Олар, материалдарына, өлшеміне, өңделуіне қойылатын гигиеналық талаптарды ескере отырып жасалады. Ранецтың салмағы - 500 гр, ені - 360 мм, ременнің ұзындығы - 85 см және олардың жоғарғы бөлігінің кеңдігі 35 мм кем болмауы керек.

 

Балалардың кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар


 

Балалар ес білгеннен бастап, белгілі көлемдегі ақпаратты қабылдап, түсіне білуі қажет. Білімді меңгерудің жаңа жолдары мен хабар алудың жаңа құралдары пайда бола бастағанымен ақпарат алудың негізгі көзі кітап болып қала береді.

Мектеп оқушыларында жақыннан көргіштік дамуы көптеген факторларға байланысты болатынын, әсіресе, оқулықтар мен балалар әдебиетінің сапасының төмендігінен болатынын өз заманында Ф.Ф.Эрисман атап көрсеткен болатын. Бұл жағдай офтальмологтар мен педагогтардың бақылауларында да айтылады. Сондықтан, кітаптың өзі де, оқу процессі де регламенттеуді қажет етеді.

Жаңадан басылып жатқан оқулықтарға санитарлық бақылау екі бағытпен (басылып шыққанға дейін және басылып шыққаннан кейін) жүргізіледі:

  1. Әрбір оқулықтардың басылымын, олар көптеп шығарылғанға дейін өндірістік мамандардың іріктеп тексеруі (жағдайлары толық көрсетілген техникалық құжаттар);
  2. Басылымнан шыққан оқулықтарға гигиеналық сараптма жасау үшін, таңдап, іріктеп алу;

Оқулықтардың мұқабасын  өңдеуге қойылатын гигиеналық талаптар, балалардың көз анализаторларының ерекшеліктеріне негізделген. Оқыған кезде көзге түсетін жүктеме негізгі екі жағдайдан тұрады: көріну жағдайы және оқуға қолайлылығы. Текстің көрінуі қағаз бен баспаның сапасына байланысты болады, оқуға қолайлылығы - баспа белгілерінің размеріне, олардың түсіне, баспа бояуларының суретіне және теріп алынған әріптердің орналасу жағдайына байланысты болады.

Сонымен, оқулықтың гигиеналық сипаты - қағаздың, баспаның, шрифтің, баспа жиынтығының, форматтың және кітаптың салмағы мен мұқабасының сапасына баға беруден тұрады.

Оқулықтарға арналған қағаз - баспа белгілері мен фонның арасындағы қарама-қарсы түстердің жеткілікті болуын қамтамасыз ету үшін ақ немесе аздап сарғыш түсті болуы керек. Сөйлем мәтіндері қағаздың екінші беттегі сөйлем жолдарынан көрініп тұрмауы керек. Қағаз беті тегіс және жарықтың шағылысуына кедергі келтірмейтіндей өте жылтырамауы керек. Кедір-бұдырлы жұмсақ қағаз ылғалды тез сіңіреді және ұзақ уақыт бойы сақталатын патогенді микроорганизмдерді, органикалық лас заттарды өзінде ұстап қалады. Арнаулы жүргізілген зерттеулер арқылы туберкулез таяқшаларының кітап беттерінде 5 айға дейін, дифтерия қоздырғыштары 3 айға дейін, гемолитикалық стрептококктар бір ай бойы өмір сүре алатындығы анықталған.

№1 типографиялық және №1, №2 офсет қағаздары гигиена тұрғысынан ең жақсы болып есептеледі. №2 тифографиялық қағазды қолдануға болмайды. Оқулықтарды №3 типографиялық қағазда және газетке арналған қағаздарға басып шығаруға тиым са-лынады.

Оқулықтардың басылымы айқын, біркелкі, анық көрінетін, қою қара түсті болуы керек. Тақырыптар, қортындылар мен ережелерді, жеке сөйлемдерді бөліп көрсету және формулалардың элементтерін жазу үшін түрлі-түсті баспа әріптерін қолдануға болады.

Оқу процессі кезінде шрифтардың гарнитурасының жас ерекшеліктеріне әсерін оқып, білуге арналған зерттеулердің нәтижесінде әліппе оқулығына белгілі психологиялық-педогогикалық талаптарға сәйкес, арнаулы шрифт: келбетінің қарапайымдылығы, әріптердің анықтығы, әріптер аралығының өлшемдерінің жеткіліктілігі, түр түсінің қанықтығы қажет екендігі анықталды. Осы талаптарға ең жоғарғы дәрежеде, рубленная (кертік) гарнитура сәйкес келеді екен.

Азбука әріптерінің әліппе әріптерінен айырмашылығы штрихтары өте жуан және әріптер аралықтарының жақын орналасуында. Бірінші сынып оқушыларының оқулықтары мен әліппесі үшін, әліппелік немесе журналдық кертіктік гарнитурасын алған жөн. Кейінгісін бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін арналған оқулықтарға да қолдануға болады.

Екінші сыныптан бастап оныншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған оқулықтарға мектептік (школьная) гарнитура қолданылады. Оның кертіктік гарнитурадан айырмашылығы штрихтарының жіңішкелігінде және әріптердің аяқ жағында онша анық емес кертік таңбалары болатындығында. Әріптердің шрифтері мектеп гарнитурасынан жіңішкелеу келеді.

Үшінші сыныптан бастап және одан жоғары сыныптарға арналған оқулықтарда қосымша мәтіндерді (ескертпе, түсініктеме, көрсеткіштер, сөздіктер және т.б.) басу үшін көлбеу типографиялық шрифті (курсивті) қолдануға рұқсат етіледі. Өрнектелген шрифтерді оқулықтардың мәтінін басуда (жазу үлгісінен басқа) қолдануға болмайды.

Шрифтердің биіктігінің  де гигиеналық үлкен маңызы бар. Мұнда  оқушы жас болған сайын, шрифт ірілеу болуы керек деген заңдылық байқалады. Балалар оқыған кезде әріптерді бөлшектеп қарастырады, сондықтан, оның жеке элементтерінің өлшемі және әріптің өзінің тұтас алғандағы өлшемі жеткілікті болуы керек. Сонымен қатар, жылдам көз жүгіртіп оқыған кезде әріптердің биіктігі 4 мм-ден жоғары болуы керек, өйткені бұндай жағдайда оның өлшемі көздің торлы қабатының сары дағының орталық нүктесінен асып тұрады да анық көру мүмкіндігін төмендетеді. Оқуға дағдылану қалыптасқан соң, үлкен шрифтерден кішісіне қарай көшу керек, өйткені үлкен шрифтер оқу жылдамдығын азайтады.

Бірақ, бұдан кейінірек жүргізілген зерттеулер, шрифтің биіктігін жас мөлшеріне байланысты бөлу қажеттігін көрсетті, және бұл ұсыныстардың бәрі ересектерге де арналатындығы анықталды. Шрифтің биіктігі мм немесе кегльмен белгіленеді (кегль типографиялық пунктпен өлшенетін литер ауданының биіктігі)

Әріп штрихтарының биіктігі сөйлем жолындағы "Н" - әрпінің биіктігімен өлшенеді. Әліппеде ол 48 бен 20 кегль арасында болады, немесе 8 ден 3,5 мм дейін, бірінші сынып оқушыларының оқулықтарында - 16 кегль (2,8 мм), екінші сынып оқулықтары 16-14 кегль (2,3 мм) үшінші және төртінші сыныптар үшін 14-12 кегль (2,0 мм). Бесінші сыныптан бастап жоғары қарай оқулықтың негізгі текстінің шрифтері 10 кегль (1,75 мм) болып келеді. Көзге үлкен жүктеме түсіретіндіктен және оқушылардың тез қажуына әкеліп соғатындықтан, гигиенистердің пікірі бойынша, жоғарғы сынып оқушыларының өзіне 10 кегльден төмен шрифті қолдануға болмайды деп есептеледі.

Одан ұсақ шрифтермен - петитпен (8 кегль) орта және жоғары сынып оқушыларының оқулықтарында қосымша мәтіндерді басуға рұқат етіледі. Петитті оқулықтар тізімін жазғанда, сөздіктер, нұсқауларды басқанда кеңінен қолдануға болады. 7-8 сыныптардағы тақырыптарға арналған мәтіндерді петит қолдану арқылы 4 жолдан ар-тық басуға болмайды; ал 9-10 сыныптарға арналған оқулықарда бір бетте 16 жолдан артық болмауы керек. 8-9 сыныптарға арналған оқулықтарға сұрақтар мен тапсырмаларды, әрбір сұрақтың мәтіні екі жолдан, ал петиттің барлық мәтіні - 16 жолдан аспаған жағдайда баспаға петитті қолдануға рұқсат етіледі.

Сондықтан оқу дағдысы  аз төменгі сынып оқушылары үшін 20, 16, 14 кегльден тұратын ірі шрифтармен басылған оқулықтарда сөйлем жолдарының ұзындығының ең қолайлы мөлшері 126-130 мм болып есептеледі, 5 сыныптан бастап 10 кегльден тұратын шрифтармен басылған кітаптарда сөйлем жолдарының ұзындығы 113 мм бастап, 98-95 мм дейін азайтылады.

Осыған байланысты бастауыш және орта сыныптардағы мектеп оқушыларына арналған оқулықтарға екі бағаннан тұратын текст жиынтықтарын қолдануға рұқсат етілмейді. Бір сөйлем жолынан екіншісіне жиі көңіл аудару мектеп оқушыларында жылдам қажу пайда болғызады. Екі бағанды баспаны тек қана 8-10 сынып оқушыларына қолдануға және олардың ішінде, негізінен ұзақ уақыт үзіліссіз оқуды қажет етпейтін (анатомия, физиология, география және т.б.) оқулықтарға ғана рұқсат етіледі. Оқулықтардың мәтінін үш бағанды баспамен басуға тиым салынады.

Қолайлы оқу үшін сөйлем жолдарының және әріптерінің арасының өзара қашықтығының да (интерлиньяж және апрош) маңызы өте зор. 1-4 сынып оқулықтарында интерлиньяж 2,8 мм, жоғары сынып оқулықтарында апрош 4-11 мм, 3-4 сынып - 3 мм, 5 сыныптардан бастап жоғары қарай - 2 мм болуы керек. Кон пластинкасымен өлшенген баспа жиынтығының тығыздығы шрифтің биіктігіне байланысты 1 см2 орында 10-15 белгіден көп болмауы керек.

"Мектеп оқулықтарын өңдеудің санитарлық ережелері" оқулықтардың эксперименттік және сынамаға арналған түрлерінен басқа барлық түріне арналды. Оның талаптарының сақталуын бақылап отыру, оқулықтар басып шығаратын баспасы бар территорияға қызмет ететін санитарлық-эпидемиологиялық станцияға міндеттеледі. Баспадан шыққан оқулықтар "санитарлық ереженің" талаптарына сәйкес келмесе СЭС сол оқулықтардың басылып шығуы мен таралуына тиым сала алады, немесе кемшіліктерді жойғанша өндірістің жұмысын тоқтатады.

 

Балалар мен жасөспірімдердің жиhаздары


 

Жиhаздардың өлшемі баланың  бой ұзындығына сәйкес болуы үшін балалардың бой ұзындықтары белгілі топтарға бөлінген, яғни жиhаздар баланың белгілі бой ұзындықтарының топтарына сәйкес келуі керек. Сәби жасындағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалардың бой ұзындықтарының 6 тобы - 80 см-ден, 130 см. дейін, 10 см аралықпен бөлінген, соған сәйкес, жиhаздардың әріптермен белгіленген 6 тобы А,Б,В,Г,Д,Е дайындалады.

Бір жастан төрт жасқа дейінгі сәбилер тобының бөлмесі төрт орынды столдармен жабдықталады. Столдарды бөлмеде жарық көзі сол жақтан түсетіндей, екі қатар етіп орналастырады. Стол аралықтары 0,45см кем болмауы керек.

Балалардың кереуеттері 2 түрлі болады: үш жасқа дейінгі сәбилерге жан-жағы қоршалған биіктігі реттелетін кереуеттер және үш жастан жеті жасқа дейінгі балаларға арналған кереуеттер. Олардың функционалдық өлшемдері арнаулы СанНменЕ құжатында беріледі.

Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін кереуеттердің аралығы 0,3м кем болмауы керек, сыртқы қабырғадан ара қашықтығы 0,7-1,0м болуы керек. Мектепке дейінгі топтарға төсеніші қатты жиналмалы кереуеттер мен қабырғаға жапсырыла жасалған бір, екі қабатты кереуеттерді қолдануға болады.

Қазіргі білім беру мекемелерінің жиһаздарын төмендегідей жіктеуге болады:

  1. Оқу сыныптарына арналған жиһаздар: оқушының бір немесе екі орынды столдары; оқу кабинеттеріне (физика, химия, биология…) арналған столдар, компъютерлік столдар, оқу құралдарына арналған шкафтар, техникалық құралдарын сақтауға, тақта астына қоюға арналған тумбалар, әртүрлі модификациядағы сынып тақталары;
  2. Кітапханаға арналған жиһаздар: кітапханаға арналған бір, екі жақты сөрелер; кітапханаға арналған жиһаздар жинағы;
  3. Асханаға арналған;
  4. Оқу шеберханаларына арналған;
  5. Шешінетін орынға арналған;
  6. Мәжіліс залдарына арналған жиһаздар.

Мектептердің негізіг жиһаздары (парталар, стол мен орындықтар) баланың бой ұзындықтарына сәйкес әр түрлі өлшемде жасалады. Әрбір оқушы өзіне қолайлы, бой ұзындығына, көру, есту жағдайына сәйкес жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және бала партаға аяқ киімімен бірге өлшенген бой ұзындығына сәйкес отырғызылады.

Мектеп оқушылары үшін бой ұзындығының (130 см бастап 15 см аралықпен бөлінген) 5 тобы бар және олар үшін жиhаздардың (әріптермен белгіленгін А,Б,В,Г,Д) 5 тобы жасалады. Жиhаздардың әрбір тобына сандар арқылы немесе әртүрлі бояулар арқалы белгілер салынады. Сандық белгілер бөлшекпен көрсетіледі (бөлінгіште жиhаз топтары, бөлгіште бой ұзындығы) және ол жиhаздың төменгі бетіне жазылады. Түрлі-түсті белгіні жиhаздың бүйір жағына, диаметрі 25 мм дөңгелек арқылы, жиhаз өлшеміне сәйкес түрмен бояп жасайды.

Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы


Іс-әрекет - даму мен денсаулық факторы. Баланы тәрбиелеу (еңбекке баулу, ой- өріс, әдет- ғұрыпқа) жан- жақты жүргізіледі, бірақ, жас мөлшеріне байланысты мұндай тәрбиелеу аспектілерінің арасындағы қатынас олардың түрлеріне байланысты болып келеді. Баланың іс-әрекеті оның организмінің өсуі мен дамуын анықтайтын, өмір сүруіне ең қажетті фактордың бірі болып саналады.

Қимыл-қозғалыс өмір сүрудің маңызды шарты болғандықтан, өсіп келе жатқан организм биологиялық қимыл-қозғалыс қажеттілігін сезінеді. Әсіресе үдемелі өсіп-даму кезеңінде қимыл-қозғалыс қажетігінің маңызы арта түседі. Өйткені, қимыл-қозғалысты іс-әрекеттер биологиялық дамуды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, дағдылану механизмдерін де қалыптастырушы фактор болып табылады.

Қимыл-қозғалыс белсенділігі орталық жүйке-жүйесінің, бұлшық еттердің, дамуын жақсартады, зат алмасуын жоғарылатуға қатысады, сөйлеу қаблетінің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Балалар ертерек жүріп кетсе, оның сөйлеуі де тезірек қалыптасады, мектеп жасына дейінгі кезеңде іс-әрекет қимылдары жақсы қалыптаса бастаса, одан былайғы еңбек дағдылары да жеңіл дамиды.

Солай болғанымен, қимыл-қозғалыстағы биологиялық қажеттілік, балаларды дұрыс тәрбиелемегендіктен болатын гиподинамияның дамуын жоққа шығармайды. Мұндай жағдайлар, көбінесе, қимыл-қозғалыстағы табиғи қажеттілік ата-анасының тәрбиесіне байланысты (жаяу жүргізудің орнына балаларға арбашаларды қолдану, телехабарларға көп әуестендіру т.с.с.) шектелген, мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі.

Іс-әрекеттің кез келген түрінің, организмнің функционалдық мүмкіндіктерін уақытша азайтуға, яғни, қажуға әкеліп соғуы, оның заңды нәтижесі болып есептелінеді. Бұл процесс қайтымды және жұмысты тоқтату, жоғалған қызмет қаблетін қайтадан қалпына келтіреді.

Қызмет  қаблетінің үш фазасын айыруға болады: еңбекке дағдылану, ең өнімді жұмыс уақыты және қажу. Еңбекке дағдылану фазасы жұмыс қаблетінің ақырындап ең өнімді жұмыс уақыты фазасына дейін көтеріле бастауымен сипатталады, одан соң қажу фазасы дами бастайды.

Сондықтан, қатты қажуды болғызбау үшін, балалардың іс-әрекеттерінің барлығы мөлшерленуі керек. Гигиеналық нормаландыру баланың жас мөлшеріне және организмдерінің қызмет мүмкіндіктеріне байланысты жасалады.

Организмнің қоршаған ортамен байланысында, үнемі ішкі және сыртқы ритмдер бір-бірімен әсерлесіп отырады, олардың қосындысы физиологиялық жағдайды анықтайды. Биологиялық ритмдер дегеніміз - организмнің әртүрлі жағдайларының және физиологиялық қызметтерінің белсенділігінің мезгіл сайын алмасып тұруы.

Организмнің биоритмологиялық құрлысы тұқым  қуалағыштық заңы бойынша жасалаған және онтогенез процессінде үзіліссіз құрылып тұрады. Бірақ, әрбір биологиялық циклдың құрылуына, белгілі-бір алдыңғы себептер қажет болады.

Сондықтан, биологиялық ритмдер, балалар организмдерінің қоршаған ортаға дағдылануының негізгі механизмдерінің бірі болып есептелінеді. Егер, баланың іс-әрекеттерінің (оқу, дене еңбегі) қандайда бір ритмі оның биологиялық ритмімен қабаттаса жүрсе, онда ол қызмет қаблетінің жоғарлауымен көрінеді.

Организмнің физиологиялық функциясының циклдылығы әрбір адамда ерекше, бірақ белгілі бір аралықта болады. Адамдарда ең төмен физиологиялық көрсеткіштер (тыныс алу, тамыр соғысының жиілігі, артериялық қан қысымы, бұлшық ет тонусы т.с.с.) түнгі уақытта байқалады. Күндіз бұл көсеткіштер жоғарылайды, бірақ бірқалыпта тұрмайды. Ересек адамдардың көпшілігінде таңертеңгі және кешкі биоритмиялық ең қолайлы функционалдық жағдайларын анықтауға болады. Балаларда, мұндай, уақытқа байланысты болатын белсенділік онша білінбейді. Бірақ, олардың функционалдық көрсет-кіштері тәулік ішіндегі белгілі бір уақыттарда, көбінесе таңертеңгі уақыттарда жоғарылайтыны анықталды. Сондықтан, кейбір авторлар балалар арасында акрофазаның (белсенділік циклдары) үш түрін бөліп қарауды ұсынады: таңертеңгі, кешкі және аритмиялық.(бұл шартты түрде алынған)

Балалардың  биологиялық ритмдерінің арасында, ең жақсы үйлесімділік болу үшін, оқу, еңбек, тұрмыс, демалыс нормаларын өңдеп жасау хронобиологияның алдына қойған мақсаты болып табылады.

Гигиеналық  тұрғыдан жоғарыда көрсетілген факторлардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің өмірінде тұрақты түрде орын алатындары ғана (оқу жағдайларын ұйымдастыру, қажу, ауыспалы еңбек және күн тәртібі сияқтылар) ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Бұндай жағдайларда гигиеналық принциптердің сақталмауы организмдегі биологиялық процесстерді бұзады және сонымен бірге, әр түрлі патологиялық дамуларға әкеліп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

 

  1. Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар.

 

  1. Мектептің жазуға арналған құралдарына қойылатын талаптар

 

  1. Балалардың кітаптарына қойылатын гигиеналық талаптар

 

  1. Балалар мен жасөспірімдер жиһаздары

 

  1. Балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекет гигиенасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.

 

  1. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.,

 


Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар