Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі
21
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі»
Тексерген:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны......................4
2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік
жұмысын жүргізу әдістемесі....................
3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша) түрлері...................12
Мазмұндамалардың әдістемесі ..............................
Шығарманың әдістемесі ..............................
3.3 Ауызекі сөйлеуді дамыту........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Тіл дамыту жұмыстары қазіргі мектептердің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселелердің біріне айналып отыр.Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсіне білсе, ауызекі сөйлеуі әдеби тіл нормаларына сай келсе, құба-құп болар жағдай еді.
Тіл дамыту-қазақ тілін оқытудың , білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады.Сондықтан, осы тақырып күні бүгінге дейін зерттеуден қалар емес.
Зерттеу тақырыбының мақсаты:
Мектептегі тіл дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстардың ауызша және жазбаша түрлеріне тоқталу.
Зерттеудің міндеттері:
- «тіл дамыту», «тіл ұстарту» ұғымдарының мәнін ашып көрсету;
- Тіл дамытудағы сөздік жұмысының маңыздылығына тоқталу, оларды жіктеу;
- Тіл дамыту мен байланыстыра сөйлеу әдістемесінің байланысын ашып көрсету,
- Тіл дамыту жұмыстарының ауызша және жазбаша түрлеріне тоқтала отырып, олардың ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеудің нысаны:
Қазақ тілі пәні бойынша тіл дамыту жұмыстарының түрлері
1. Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны
Оқушылардың тілін ұстарту – қазақ тілі әдістемесінің басты міндеті. Мұғалім, мектеп оқушыларын таза, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалектика мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын байланыстыра, жүйелі, логикалық тұрғыда жазу дағдыларын қалыптастыруға тиіс.
Оқушының сөйлеу дағдылары — сөзді ауызекі сөйлеуден немесе жазу жұмысында орнымен қолдана алатындай дағдылар жүйесінен, сұраққа қысқа да, толық та жауап құрастыруынан, оқыған немесе көрген жай-ларын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағдысынан, шығарма жазу, жоспар, конспект, реферат, жазу дағдыларынан құралады. Мектеп бағдарламасында тіл ұстартуға байланысты жұмыс түрлері қазіргі қазақ әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеп, дұрыс жазу дағдыларын жетілдіруді көздейді. Оқушының тілі әр алуан жағдайлардың ықпал-әсерінен (сөйлеу ортасы, оқушылардың өмірге белсенділікпен немесе жайбарақат қарауы, кітап оқуы) үздіксіз дамып, жетіліп отырады. Міндет — осы үздіксіз жетілу процесін ұйымдасқан мақсатты бағытқа бұру болып табылады. Тіл дамыту қазақ тілі пәнінің барлық кезеңдерінде (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) үзбей жүргізіліп отыруы керек.
Тіл дамытудың мазмұны. Тіл дамытудың негізгі компоненттері дыбыс, сөз тіркесі, сөйлем және сөйлемдер тізбегі (яғни байланыстырып сөйлеу) болады. Тіл дамыту әдістемесі тілдің жоғарыда айтылған барлық жақтарын қамтып, оларды оқытудың объектісі (мазмұны) етеді.
Әдеби тілмен дүрыс сөйлеу нормаларының жиынтығы тіл білімінде орфоэпия деп аталады.
Дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем — тілдің әрі сандық әрі сапалық компоненттері болып есептеледі. Олар өзара күрделі (құрылым және мағынасы жағынан), бірақ қатаң шектелген, нормаланған қатынаста бола отырып, байланыстырып сөйлеуге қызмет атқарады. Мысалы, сөз, сөз тіркесіне (синтагмаға) құрамды бөлек ретінде кірсе, сөз тіркестері тұтас алғанда өзара байланысқа түсіп, сөйлемді құрастырады, ал сөйлемдер жиынтығы өз ретінде сөзді байланыстырып сөйлеуді қүрастырады.
Байланыстырып сөйлеу, жекелеген сөз тіркесі сияқты, жай ғана қосынды емес, ол — тілдің барлық жағын қамтиды. Ол өз ішіндегі құрамды бөліктерінің арасы ішкі логикалық байланыста болатындықтан, байланыстырып сөйлеу деп аталады. Бүл ретте қатар түрған сөйлемдердің ғана емес, алшақ тұрған сөйлемдердің ара-сындағы байланыстарды да, олардың арасында кеп сатылы өтпелі жолдар арқылы логикалық байланыстар болатындығы ескеріледі, демек бір логикалық байланыстан екінші логикалық байланысқа жалғаса өтіп отырады.
Байланыстырып сөйлеу оқушылардың сөзі мен фразеологиялық тіркестері байлығына негізделмесе, алуан түрлі синтаксистік құрылыстарды пайдалану дағдыларына, құрылысы әр түрлі сөз тіркестері мен сөйлемдердің, лексикалық қабаттар мен сөз тудырушылық элементтердің (жұрнақтардың) мағына түрлілігін, сти-листикалық ерекшеліктерін ажырату іскерлігіне негізделмесе, онда ол мағыналы да, мазмұнды да, әсерлі де бола алмайды.
Байланыстырып сөйлеу дегеніміз — оқушылардың бұрын қабылдаған алуан түрлі сөйлеу шеберлігі мен дағдыларының, соның ішінде орфографиялык, және пунктуациялык, жағынан дұрыс, интонация жағынан әсерлі, тартымды (ауызекі сөйлегенде) тұрғыда іскерліктер мен дағдылардың шоғырланған түрде қолданылған айту формасы. Сөйлеудің бейнелі, көрікті, сезімге әсерлі және логикалық байланыстырып айту мен жазуға бірдей қатысты.
Бағдарлама бойынша тіл дамыту үш бағытта жүргізіледі:
1. Оқушылардың сөздік қорын байыту, бұл — сөздік жұмысы арқылы (әр түрлі жаттығулар, мазмұндама, шығармалар жазумен байланысты) қамтамасыз етіледі.
2. Қазақ әдеби тілінің нормаларын игеру (дұрыс айту, сөз формаларының жасалуы, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру, сөз таптары мен синтаксистік құрылыстардың стилистикалық мүмкіндіктерімен таныстыру, лексикалық синонимдермен, жалғау, жұрнақтардың синонимдігімен таныстыру.
3. Ауызекі сөйлеу және жазу түрінде ойды байланыстыра мазмұндау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқушы сөйлеуіндегі қателердің жалпы себептері мен түрлері. Өзінің сипаты жағынан оқушы сөйлеуіндегі қателердің негізгі төрт түрі бар:
1) лексикалық және фразеологиялық қателер;
2) грамматика-стилистикалық (морфология, синтаксистік);
3) толық байланыстыра сөйлеуді құрастыру кезінде, яғни олардың логика-құрылымдық ерекшеліктерінен туындайтын қателер;
4) орфоэпиялық (оның себептері: ортаның әсері, сондай-ақ жеке адамның сөйлеуіндегі кемшілік). Қатенің әрбір түрі мұғалімнің ерекше көңіл бөлуін, оны жою және болдырмау үшін ұйымдасқан әдістемелік тұрғыны қажет етеді. Сөйлеудегі қателердің себептері жалпы алғанда мына сипатта болады:
1) ортаның әсері: а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді; ә) «көшенің» әсері (дөрекі, «былапыт» тіл); б) газет және кітапта жіберілген тіл кемшіліктері; в) әдеби тіл нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері (бұл — ешбір кешірімсіз нәрсе);
2) сөйлеу дағдылардың жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайды қарап, қазақ тілі сабағын әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыра алмауға байланысты);
3) жекелеген оқушының тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т. б.). Бұнда сөйлеу мүшелерінің нормаларын патологиялық ауытқуға ңемесе жаман әдетке байланысты.
2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік жұмысын жүргізу әдістемесі
Сөздік жұмысын жүргізудің білімдік-тәрбиелік маңызы зор. Өйткені ол оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастырады, болашақтағы қызметіне дағдыландырады. Сөздік жұмысының мазмұны-оқушыға таныс емес, жаңа сөздерді түсіндіру, бұрыннан таныс сөздердің мағынасына талдау жасап нақтылау, сөз байлығымен таныстырып, стильдік мүмкіндігін көрсету. Сөздік жұмысын ұйымдастыруда, сөз қолдану мағыналарына талдау жасағанда, қазіргі әдеби тілдегі сөз қолдану тұрғысынан кей жағдайда тарихи тұрғыда қарастыру. Сөздік жұмысы — мұғалімнің, өтпелі ісі емес, керісінше, дұрыс ұйымдастырылған, педагогикалық тұрғыда белгілі бір мақсатта құрылған — қазақ тілінің барлық салалары бойынша жүйелі жүргізіліп отыруға тиіс.
Грамматика сабақтарында жаңа материалды түсіндірген кезде әдетте арнаулы терминдер айтылады, ал ережені нақтылайтын мысалдарда оқушылардың тілін байытатын жаңа сөздер енгізіледі, бақылау диктантының алдында мұғалім түсініксіз сөздерді түсіндіреді, оқулық бойынша үйге тапсырма бергенде, жаттығу мәтініндегі сөздердің бәрі оқушыға түсінікті я түсініксіз екендігі тексеріледі. Сөздік жұмысының көпшілігі әдебиет сабақтарында жүргізіледі.
Оқушылардың сөздігін байыту. Оқушы сөздігін байыту деген сөздердің тек санын көбейте беру емес, оның сапалық өзгерісін, үғымдар көлемін кеңейту, мағыналарын нақтылау, таныс сөздердің жаңа мағыналарымен таныстыру.
Екіншіден, сабаққа жақсы дайындалмаған оқушының көп сылтауы оның сөздігінің молдығын емес, керісінше, сөз қорының кедейлігін аңғартады. Сөйлеуі жетілмеген оқушылардың тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер, әр түрлі демеуліктер, одағайлар көп қолданылады (жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, неқылып, анау, не, әлгі т. б.).
Оқушының сөзі мазмұнды болуы керек. Көптеген оқушы ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұшырайды. Бұл жайында А. С. Пушкин «Мағынасыздықтың екі түрі бар: бірі -сөздің көптігі сезім мен ойдың жетімсіздігінен пайда болады; екіншісі -сезім мен ой асып-төгіліп жатады, бірақ оны айтып бере алатындай сөз жетіспейді» -деген.
Оқушы сөйлегенде үнемі қолданатын сөздерді оның активті сөздігі дейді: оқушыға белгілі дәрежеде таныс, бірақ өз тілінде қолдана қоймайтын сөздерді оның пассивті сөздігі дейді. Бұлай бөлу, әрине шартты, өйткені пассив сөздігі оның актив сөздігіне ауысып, толықты-рып отырады.
Әр сөз сөйлемде бір мағынада ғана қолданылады. Көп мағыналы болса, оның әрбір мағынасы тек контексте айқындалады. Бұларды ұзақ жаттығулар, талдаулар арқылы көрсетіп, оның тура және ауыспалы мағынада қолданылатынын анықтайды (күміс қасық — күміс күлкі). Мұндай ерекшеліктер жүмбақтарға тән: Тісі көп, аузы жоқ (ара). Құнаны — темір, құйрығы — кендір (ине мен жіп). Алты аяқ, екі бас, жалғыз құйрық (атты кісі). Бірақ оқушыларға берілген сөздер оқушы-лардың қабылдауына (зат, түйсігіне) сәйкес және әрбір қабылдау соған сәйкес сөздермен аталатындай болу керек. Бүл жөнінде К. Д. Ушинский былай дейді: «Балаға белгісіз бір сөзді үйреткенмен, ол оның мәнін үқпай көп қиналады, егер оны суретпен байланыстыра айтсаңыз, оларды тез қағып алады».
Мұғалім оқушының пассивті сөздігін өз сөзінде жиі қайталап қолдануы аркылы, активті сөздігіне айналдыруға тиіс. Оқушылар кітапты не мақаланы оқыған кезде, кейбір сөздердің мағыналары түсініксіз болуы мүмкін. Осындай жағдайда мүғалім тиісті кітапты алдын ала өзі оқып шығып, түсініксіз болады деген сөздерді түсіндіреді. Диалект, қарапайым сөздер кітапты оқу кезінде ескертіліп отырады. Оқушылардың сөздік қорына енуге тиісті басқа сөздер, ішінара алдымен біліп алуға тиісті сөздер және кейінгі кластарда білуге тиісті сөздер болып бөлінеді. Сонымен, әр түрлі топтағы сөздермен жұмыс жүргізудің әдістемелік тұрғыда белгілі бір мақсатты көздеген кезектестігі орнығады.
Қандай жағдайда болмасын, сөздік жұмысында сан қуалаушылықтан сақ болу керек. Бұл - әдістемелік қатеге ұшыратады. Өйткені көп сөздің мәнін оқушылар естеріне сақтап үлгере алмайды да, мағыналарын бір-бірімен шатастырып, не жөнді түсінбей, кейін ұмытып қалады.
Жаңа сөздерді есте сақтаудың мынадай тәсілдері мен жаттығулары бар: 1) тақтаға сөз жазып, оны буынға бөле айту, оның дұрыс айтылуына машықтану, яғни әрі жазып, әрі сөйлеп жаттығу; 2) сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығу-лар; 3) жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, әр мағынасын ашу (жану, тіл, ауыз т. т.); 4) орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу; 5) жаңадан үйренген сөздерге байланысты творчестволық жұмыстар (әңгіме, мазмұндама, шығарма т. т.) жүргізу; 6) балалар сөздіктерін жасату (түсіндірмелі, алфавитті немесе тақырыптық сөздіктер, класс бойынша не жеке оқушы сөздігі, дәптер түрінде және қабырға сөздік-кестелер).
Сөздік жұмысына сөздер сұрыптауда мына сияқты әдістемелік принциптер ескерілуі керек: а) сөздіктің түсініктілігі (әр кластың жас ерекшелігі ескеріліп отыруға тиіс, бірақ өте жеңіл, қарапайым сөздер алудың қажеттігі жоқ); ә) сөздіктің мөлшерін (санын) белгілеу тәжі-рибе арқылы анықталады (қай оқушы қандай мөлшерде ұсынылған сөздікті қабылдай алады).
Түсініксіз сөздерді түсіндіру. Оқушылардың тілін ұстарту, ойлауын жетілдіру сабақтарында мұғалім жұмысының ойдағыдай орыңдалу шарттарының бірі - оқу кітабында, оқулықта немесе әңгімелесуде кездесіп қалған таныс емес бірде-бір сөз түсіндірілусіз қалмауы керек.
Түсініксіз сөздерді түсіндіру сабақ барысында немесе арнаулы бір уақытта жүзеге асырылады.
Мұндай сөздер: а) ғылым мен техника салаларындағы нақты құбылыстарды, заттарды, фактілерді білдіретін сөздер; ә) дерексіз ұғымдарды білдіретін сөздер (соның ішінде қоғамдық-саяси лексика), б) басқа тілден ауысқан сөздерді; в) қолданылудан шығып қалған сөздер, тарихи сөздер, г) көркем шығармаларда кездесетін диалектизмдер мен қарапайым сөздер. .
Таныс емес сөздерді түсіндіру кезінде мұғалімнің сөзі жатық, түсінікті болуы керек.
Сөз мағыналары мынадай жолдармен айқындалады: а) заттың өзін немесе суретін көрсету — көрнекілік әдісі; ә) ұғымдарды мүшелеп, олардың белгілерін санамалау; б) сөзді контекске енгізу; в) сөзді синонимдермен ауыстыру; г) салыстыру, салғастыру, ұқсас белгілерін таптыру (мағына. жақындығын айқындау), айырмашылығы қарама-қарсылық антонимдері); д) сөзді кұрамына талдау; е) энциклопедиялық немесе түсіндірмелі сөздіктерден қарау; ж) сұрақ беру (депрессия, довалвация дегендер нені білдіреді?).
Сөздік диктант. Қөптеген орфограмманы қамтитын жекелеген сөздерді жазу ұсынылады; қос сөз, біріккен, қысқарған сөздер. Қосымша не шылау екенін анықтау. Көптеген сөздердің жазылуы орфографиялық сөздіктен алынады. Сөздік диктанты үшін сөздер әдебиеттік оқу кітаптарынан да алынады. Жаңа сөздердің мағыналары түсіндіріліп, қалай жазылатындығы көрсетіледі. Әсіресе термин сөздерге қосымшаның жалғауындағы ережелер ескеріледі. Металл - метал+ға, класс+ы — класы, немесе сол сөздердің жазылуы: цирк, театр, санаторий, гараж т. б. Сөздік жұмысын грамматика, оқу сабақтарында және басқа пәндерге байланысты да жүргізіледі (Тарих, география сабақтарында арнаулы терминдермен қатар, сол пәндерге байланысты көпшілікке арналған кітаптарды оқып, кездескен жаңа сөздерді жазып отыру). Қазақ тілі сабақтарында басқа пәндерден бағдарлама бойынша өтілетін материалға байланысты кездескен терминдер мен жаңа сөздерді пайдалану қажет. Ол үшін: а) жаңа сөздердің мағынасын ашу (отарлау -елге келімсектердің қоныстануы); ә) сөздің төркінімен таныстыру.
Сөздік кестелер. Оқушылардың сөздігін байыту және жеке сөздердін мағыналарын анықтау мақсатында арнаулы сөздік таблицалар жасалады. а) Сөздердің тақырыптық тізімі. Мысалы, . Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романындағы әскери-жауынгерлік сөздер, Ғ. Мұс-тафиннің «Қарағанды» романындағы көмір өндірісіне байланысты сөздер; ә) бір түбірден тараған сөздер; б) бір түбірден әр түрлі жолмен жасалған сөздер (көр — көрші, көрім — көрімдік, көресі — көрермен, көрме — көрік—көреген, көрімпаз, көрісу, көргенді) т. т.; в) картина сөздіктер (төменгі кластар үшін); г) синоним, антоним, омоним қатарлары, эпитет, метафора, антитеза қатарлары т. т.). Мен көмір де, сен темір, еріткелі келгенмін т. т.).
Оқушылардың сөздік қателері. Жеке сөздер, сөз тіркестерін қолдануда әр түрлі қателер жібереді. Қателердің сипаты мына сияқты болып келеді:
1) тең мағыналы сездердің орнына әр түрлі мағыналы сөздерді қолдану: жеміс—өнім, біреу—әлдекім.
2) ұқсас, бірақ әр түрлі мағынадағы сөздерді шатастыру: үкімет—өкімет, білім—ілім—ғылым.
3) сөздің толық мағынасын білмегендіктен оның шығу төркініне жаңсақ талдау жасау: қыпшақ — екі пышақ (0. Сүлейменов).
3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша) түрлері
Іс қағаздарының тілі — жазбаша байланыстырып сөйлеудің бір түрі. Іс қағаздарының тілі деп әр түрлі ресми құжаттардың, қатынас қағаздарының, сенім хат, куәлік хат, ресми немесе ресми емес хаттардың т. б. тілін айтады. Іс қағаздарының тілінде өздеріне тән стильдік, лексикалық ерекшеліктер, қолданылу аясы болады.
Іс қағаздарының екі түрі болады:
1) Арнаулы қатынас қағаздары, құжаттар, жазбалар, бұлар мекемелердің арасында немесе жеке адамдар арасында қолданылады: өтініш, анықтама, сенімхат,куәлікхат, қолхат, акт, өмірбаян, хаттама, шарт, мінездеме, хат, есеп, ордер, анкета, хабарландыру, телеграм-
ма, мәлімдеу, жұмыс жоспары, баяндама т. б.
2) Кітап оқумен, оқу сабағымен, өздігінен білім алумен байланысты: конспектілеу, тезис, аннотация (түсініктеме) жасау, рецензия (пікір айту). Бұлар қазақ тілі сабақтарына тікелей жанаспаса да, практикада жиі кездесетіндіктен, олардың үлгілері қазақ тілі кабинеттеріне жазып ілініп қояды.
Сабақ үстінде кейде олардың қалай жазылуымен таныстырып отыруы қажет. Мысалы: 1) хабарландыру зат есімді оқытқанда, мекен, мезгіл пысықтауыштарына байланысты мысал ретінде беріледі (бүгін, 1984 жылдың 26 желтоқсанында, сағат 1900-де студенттер жатақханасында әдістеме үйірмесі болады), 2) сенім хат - сан есімді оқытқан кезде, 3) телеграмма — жай сөйлемді оқытқанда, 4) өтініш — жай және құрмалас сөйлемдерді, 5) хаттама құрмалас сөйлемді оқытқанда жаздырылады. Әрине, бұлардың бәрі шартты түрде алынып отыр. Іс қағаздарының қайсысы оқушыларға қажет болған жағдайда, сабақ тақырыбын күтпей-ақ үлгілерін бере беруге болады. Мысалы: хабарландыру, өтініш, хаттама.
3.1 Мазмұндамалардың әдістемесі.
Мазмұндама дегеніміз - байланыстырып сөйлеу түрлерінің біріне жинақталып берілген атау. Бұл - мектеп өмірінде де, қоғамдық өмірде де, практикада жиі қолданылады. Мектеп жағдайында мазмұндама — оқылған текстің, естіген әңгіменің, көрген нәрсенің (фильм, спектакль) мазмұнын жазу түрінде беріледі. Мазмұндама, сонымен қатар, конспектілеу, жиналыста естігенін жазып отыру түрінде де іске асады. Мазмұндаманы белгілі бір жүйемен өткізіп отыру оқушылардың, бөгде сөзді мәнді логикалық-грамматикалық жақтан дұрыс жеткізуіне мүмкіндік береді, соған үйретеді. Мазмұндама байланыстырып сөйлеудің сұраққа жауап түрінен өз бетінше кеңірек баяндау түріне ауысып, мектеп жағдайында шығармаға да ұласады (оның ішінде іс қағаздарының тілі, баяндама, есеп, хаттама т. б.).
Жаттығудың басқа түрлері сияқты, мазмұндама да оқушылардың әр түрлі дағдыларын қалыптастыруға пайдаланылады. а) Бөгде сөзді немесе ұзақ не қысқа мәтіннің мазмұнын тыңдап, еске сақтап, одан кейін ауызша не жазбаша қайталап айту дағдылары; ә) логикалық ойлау дағдылары - мазмұндаудың бірізділігі, басты және негізгі еместері дұрыс іріктеу, текстік және түрлік қатынастарды айыру, дәлелдер, қорытындылар жасау дағдылары; б) сөз байлығын барынша және ор-нымен қолдану дағдылары; в) неғұрлым әсерлі мазмұндау үшін тілдің грамматикалық және стилистикалық құралдарын қолдану дағдылары.
Мазмұндалуға тиісті текстің мазмұны, тілі стилі оқушылардың санасына, тілі мен стиліне де ықпал етеді. Мазмұндама тәрбиелік міндет те атқарады (Ұлы Отан соғысының батырлары, еңбек ;ардагерлері, достық ту-ралы т. б.), эстетикалық тәрбие беруге ықпал жасайды. Мазмұндама өзінің мәні, мақсаты, көлемі және күрделілігі жағынан бірнеше түрге бөлінеді.
Мазмұнына қарай мәтінді баяндау сипатында мазмұндауға болады (нақты іс - оқиғаны сипаттау, табиғат құбылыстарын суреттеу, еңбек процесін суреттеу, заводты, ферманы суреттеу, портреттік сипаттамалар, топшылау - пікірлеу т. б.).
Жанр түрғысында - ауыз әдебиеті шығармалары (ертегі, аңыз, әңгіме), көркем проза мен мысалдан үзінді, сюжетті өлең , газет және журнал мақалалары, (хаттама).
Мақсатына қарай үйретуші мазмұндама және бақылау мазмұндама-болып бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырма-үйрету мазмұндамасынын, алдында оқушыларға даярлық жұмысы жүргізіледі: жаңа фактімен, мағлұматпен қаруландырады, мазмұндалатын текспен алдын ала даярлық жұмысы жүргізілмейді.
Көлемі жағынан қысқа (ықшам) мазмұндама және жатыңқы (толық) мазмұндама болып бөлінеді. Мазмұндалатын текст көлемі 100 сөзден 350—450 сөзге шейін (яғни әр класс тұрғысынан) беріледі. Мәтінге қатысы жағынан мазмұндама мәтінге неғұрлым жақын немесе одан неғұрлым алыс, яғни еркін болып келеді. Еркін мазмұндама түрі, тілі және мазмұндау бірізділігі жағынан да текске аз ұқсайды.
Мазмұндама мәтінімен оқушыларды таныстыру болады: а) мұғалім тексті оқиды; ә) оқушылардың өздері оқыған тексті мазмұндайды; б) оқушылар класта тексті іштерінен оқып мазмұндайды; в) мұғалім класта оқыған тексті оқушылар үйден дайындап келеді; г) бұрын оқылған текстің естерінде қалғанын айтып береді; д) бірнеше қайталап оқыған тексті мазмұндайды; е) текстің мазмұнын бірнеше оқушы ауызша айтып шығады.
Мазмұндаманы әр оқушы өз бетінше де ұжымдық түрде де, мұғалім басшылығымен де орындайды. Мазмұндама мәтіннен алшақ кетпей, оның мазмұнын берумен шектелуі де, немесе қосымша тапсырмалармен күр-деленуі де мүмкін. Жоспар тұрғысында мазмұндама жоспарлы және жоспарсыз да болады.
Класта мазмұндама жазудың типтік схемасы мынадай болады: мұғалім мазмұндама тексін жайлап 2 рет оқып шығады. Оқу барысында немесе сабаққа дейін түсініксіз сөздерге тоқталып түсінік беріледі. Жоспар жасалады. Содан соң 1—2 оқушы жоспар бойынша тексті толық ауызша баяндайды, әрі қарай жазуға кіріседі.
Бағдарлама бойынша қазақ тілі сабақтарында мазмұндама мына тәртіпте жүргізіледі: V класс. Баяндау текстерін, табиғат көрінісін суреттеу элементтерімен қоса толық немесе ықшам мазмұндау. Фильм, спектакль, радио, теледидар хабарларын толық баяндай мазмұндау.
VI класс. Диафильм, кинофильм, радио, теледидар
хабарларын қысқаша мазмұндау. Қатысушы адамдар-
ды сипаттайтын баяндау текстерін толық және талғап
мазмұндау. Адамдардың сыртқы көрінісін суреттеу эле-
ментін қатыстыра мазмұндау.
VII класс. Көпшілікке арналған мәтінді ықшам маз-
мұндау. Елді мекенді, архитектура ескерткіштерін сурет-
теп, әдеби шығармалардың кейіпкерлерінін, іс-қылықта-
рына баға беру, ол кейіпкерлердің өзі және қылықтары
туралы пікір айту түрінде мазмұндау.
Мазмұндама жүмысының бастапқы кезінде оның ұжымдық түрі мұғалім басшылығымен өткізіледі. Оқушылар мазмұндама жазуға дағдыланып, төселген сайын, жеке мазмұндау басым болады. Бастапқы кезде мұғалім мазмұндама жазуға дайындайды: материалды сұрыптау; негізгісін таңдап алу; ұсақ-түйек жайларды жазбау; ұзақ баяндаудан сақтандыру; тілдің мазмұндауға ыңғайлысын таңдап (мысалы, мәтін диологтан басталса, не істеу керек) жоспар жасап, сол бойынша әңгімелеу; оны аяқтау т. б.
Оқушыларды мазмұндама жазуға дайындау барысында мына сияқты жұмыстар жургізіледі: а) сұраққа жауап беру; ә) мағына жағынан бақылау болатындай сөйлемдер ойлау; б) сөйлемнің бір түрін екінші түріне ауыстыру; в) баяндайтын не суреттейтін мәтінді диологқа айналдыру; г) үлгі бойынша тексті қысқарту; д) мазмұндамадан шығармаға ауысатын форма ретінде еркін шығармашылық диктант жүргізу; е) сұрақтарға жазбаша жауап беру; ж) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрау.
3.2 Шығарманың әдістемесі
Шығарма дегеніміз — белгілі бір мазмұнды байланыстыра, кеңірек мазмұндау түріндегі көптеген жаттығулардың жалпы атауы. Идеялық-тәрбиелік міндеттер тұрғысынан қазақ тілі бо-йынша жүргізілетін басқа жұмыстардың ішінен шығарма аса маңызды орын алады. Мұнда оқушының ішкі жан дүниесі аса күшті және әсерлілікпен жарыққа шығады, шығармалар бойынша оқушының дамып, көзқарасының қалыптасуын, өмірге деген көзқарасын байқауға болады. Шығарма оқушының нақты материалды қаншалық білетінін, өз ойын жеткізуге тілдік құралдарды пайдалану іскерлігін білуге мумкіндік береді. Шығарма арқылы оқушылар өзі білген нәрсені ой елегінен өткізуі, стилінің жетіле бастағаны, байланыстырып айту желісінің әсерлігі аңғарылады. Шығарма IX—XI кластар аралығын қамтиды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес шығарма мақсатына, тақырыбына, күрделілігіне, мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Шығарма класта да, үйде де жазылады. Шығарманы класта жазғаннан бастаған дұрыс, өйткені оқушы бастапқы кезде шығарма жазудың қарапайым дағдысын білмей, мұғалімнің көмегін қажет етеді. Кейін бірте-бірте шығарманы үйде жазып келу тапсырылады.
Шығарма белгілі бір жүйемен жаздыралады. Бірте-бірте оның мазмұнды болуына, сауаттылығына талап күшейе түседі. Қысқасы шығармалар жүйесі жоспар бойынша оқушының баяндау іскерлігін, оқиға желісін үзбей белгілі тәртіппен айтуын, құбылыстар арасындағы басты байланыстарды ажырата біліп, қорытынды жасауын қамтамасыз етеді. Шығарманың негізгі екі түрі бар: бірі мазмұны жағынан әдеби тақырыпқа арналады да, екіншісі — еркін тақырыпқа арналады. Әдеби тақырыбына арналған шығармалар әдебиет әдістемесінің оқулығында баяндалады.
Еркін тақырыптағы шығармалар: Материал алынатын көзіне жанрына, көлеміне, орындау орны мен тәсіліне, қосымша орындалатын тапсырмаларына қарай бөлінеді.
Шығарма: 1. Оқушының өзінің басынан кешкен оқиғалары туралы
жазылады. Бұл — оқушының өмір тәжірибесіне негізделеді. 2 .Табиғат кұбылысына, қоғамдық өмір мен адамдардың өндіріс іс-әрекеттері туралы.
3. Картина, сурет бойынша (картинаның сюжетін айту,
табиғатты суреттеу, картинаны шығармаға кіріспе
ретінде алу). Картиналы шығарма грамматикалық
тапсырмамен қоса орындалуы да мүмкін.
4. Мұғалім қойған сұрақтарға оқушының жазба түрде
баяндап жауап беруі. Бұл көбінесе, класта орында-
лады және 10—15 минут уақыт жіберіледі. Демек,
бұл үлкен, көлемді шығармаға дайындық ретінде
кішігірім шығарма болады.
5. Көркем шығарма мен ғылыми-көпшілік әдебиеттерін
оқытудың нәтижесінде шығарма жаздырылады. Кі-
тапқа қысқаша түсініктеме (аннотация), пікір-рецен-
зия, жазылады.
6. Естелік жазбалары түрінде жазылатын шығарма.
7. Әңгіменің үлгісі бойынша жазылған шығарма. Бүл
үшін көбінесе мысал жанры алынады.
Жанр бойынша шығарма: баяндау, суреттеу, топшылау, портреттік мінездеме, хат, іс қағаздары, оқушының өз бетінше орындаған әдеби туындысы түрінде болады.
Қосымша тапсырмамен орындалатын шығарма: тірек сөз бойынша тексті толықтыру мақсатында, грамматикалық тапсырманы қоса орындау ретінде жүргізіледі.
Шығармаға дайындық жұмысы: а) сөздікпен жұмыс, тақырыптық шығарма үшін жеке сездер іріктеу, ә) сөйлеммен жұмыс, б) орфография және пунктуация жұмысы. Шығарманы талдағанда, оның мазмұнын, жүйесін, тілінің жандылығын, грамматикалық жақтан дұрыс құ-рылғандығын, сауаттылығын баса айтады. Мазмұнын бағалағанда, алдымен, тақырыбына сәйкестігі, қажетті деректерді қамтығаны, ойының дәлдігі, көрнекі мысалдарды орынды келтіруі ескерілді. Шығарма жүйесін сәтті құру — сындарлы, жинақы, логикалық бірізділігі, бөліктерінің өзара байланысы, әрі олардың арасындағы қатынастардың дұрыстығы. Тілінің әсерлілігі — нақты мәселеге қатысты сөздерді орынды қолдана білу, ай-шықты сөздерді қолдануда тілдің стилистикалық мүмкіндіктеріне сүйену (змоциялы, бейнелі сөздер). Грамматикалық жақтан дұрыстығы — грамматикалық нормаларды бұзбауы (сөйлемді құрастыру). Шығарманы мұғалім мұқият тексеріп астын сызып көрсетіп қояды.

- Жакерия
- Жак-Рене Эбер. Политический портрет
- Жалақы есебін автоматтандыру
- Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб
- Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
- Жалоба как метод защиты прав граждан
- Жалобы гостей и работа с ними
- Жаза тағайындау негіздері
- Жазғы жайылымдарда бағу
- Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі
- Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар
- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі