Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб
Жоспар
Кіріспе.......................
I.бөлім.Негізгі құралдардың жіктелуі......................
1.1Негізгі құралдардың бағалануы.....................
1.2Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру..................
1.3Негізгі құралдарды кіріске алудың
есебі........................
II.бөлім Негізгі құралдардың тозуы.........................
2.1Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.........................
III.бөлім Жалға алынған және жалға берілген негізгі
құралдардың есебі.........................
3.1 Негізгі құралдарды істен шығару есебі.........................
3.2 Негізгі құралдарды түгендеу......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қосымша.......................
Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп жөніндегі 13.11.96 жылғы
№3 Ұлттық комиссиясы бекітіп, 01.01.97 жылғы
күшіне енген қаулысына сәйкес №16 «Негізгі
құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарты
бойынша реттеледі. Бұл стандарттың негізгі
мақсаты кәсіпорын, меншігіндегі немесе
оның уақытша пайдалануындағы негізгі
құралдар есебі методикасын анықтау, шаруашылық
жұмысын жүргізу немесе жедел басқару
болып табылады. №16 халықаралық қаржылық
есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар
есебінің негізгі сұрақтары келесі көрсеткіштерді
дұрыс анықтау болып табылады:
Мойындау кезеңі;
Қызмет ету мерзімі;
Амортизация есептеу әдісі;
Кезеңдегі күрделі салым;
Бағалау әдісі.
Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады, олар:
1) еңбек заттары (шикізат,
материалдар, сатып алынатын
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар) болып бөлінеді.
Қандай да болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп - өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа обьектілер), көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспабы, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.)
Көлеміне немесе бағасына (арзанды – қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдар қатарына жатпайды.
Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субьектінің нарықтағы іс қимылын анықтап, бәсекейлес субьектіні айқындауға, сондай - ақ субьектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады. Сондықтан шот корреспонденцияларын дұрыс жүзеге асыру үшін негізгі құралдардың жүргізілу тәртібін, әзірлеп, жинақтап, топтастырып есепті жүргізу қажет. Қазақстан Республикасының заңнамалары мен басқа да ресми актілерге сәйкес жүзеге асырылуы керек. Заң тәртібін сақтай отырып бухгалтерлік есеп адал жүргізілінеді. Сондай - ақ негізгі құралдарды жіктеу, бағалау, тозу есебін есептеу, жалға алу есебін сондай ақ түгендеуді дұрыс қамтамасыз ету үшін бухгалтер өз жұмысын толық білу керек. Бухгалтер экономикалық жаңалықтарды оқып, есептерді шешіп эрудит болуы қажет. Курстық жұмыс 7тараудан тұрады. Бірінші тарауда - негізгі құралдарға не жататыны, қалай жіктелінуі көрсетілген. Екінші тарауда - негізгі құралдардың бағалануы толық сипатталады. Үшінші тарауда - есептеуді ұйымдастырудың маңызы жазылған. Төртінші тарауда - шот корреспонденцияларын дұрыс орналастыру тәртібі көрсетілген. Бесінші тарауда -негізгі құралдар амортизациялантын жағдайда есеп қалай жүргізіленетіні жазылынады. Алтыншы тарауда - жөндеу есебі қандай кезде қарастырылынатыны көрсетілген. Ал ақырғы тарауда негізгі құралдар жалға алынған немесе жалға берілген операциялары қалай жүргізілінетіні сипатталады.
Осы тақырыптарды бақылап,
маңызын ашу менің басты
Негізгі құралдардың жіктелуі: Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр - түрлі станоктар, двигательдер, құрал – саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй – жай (коммуналдық)шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы №16 Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес »Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептелінеді.
Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс үдерісіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал – жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептеледі:
а)негізгі құралдар;
ә)тауарлық – материалдық қорлар
б)қаржылық – инвестициялар.
Кәсіпорынға негізгі құралдар мынандай жолдармен алынуы мүмкін: нақты ақшаға сатып алынуы, несиеге алынуы, кәсіпорынның жарғылық капиталына салым ретінде алынуы, басқа кәсіпорыннан сыйлық ретінде алынуы, салу, құру, жасау арқылы алынуы, басқа активтерге айырбастау арқылы.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түсуін, шығарылуын, қозғалысын есепте уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамассыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді пайдалануына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды және модернизациялауды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және уақытылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жедел айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
Инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын обьектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар);
Инвентарлық емес – бұл жер, орман, су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учакелерін жоспарлау,егістік алаңдарын өңдеу).
Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсаттарына және атқаратын қызметіне қарай мынандай топтарға бөлінеді:
а)үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма);
ә)ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс
істейтіндвигательдер, іштен жанатын
двигательдер, электроаппараттық
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және тағы басқалары;
ғ) құрал – саймандар мен жабдықтар (шкафтар,бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтар, тағы да басқалары);
е) жұмыс және өнім малдары;
ж) көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
з) жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары тағы басқалары);
Негізгі құралдардың бұл тобы 5 ішкі топтан тұрады:
Күш беретін машиналар мен жабдық машиналар, жылу және электр қуатын өндіретін генераторлар, әр түрлі қуаттарды механникалыққа, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина – қозғалтқыштар (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, турбинаның бу қозғалтқыштары, іштей жану қозғалтқыштары, электроқозғалтқыш).
Жұмысшы машиналар мен жабдықтар – бұл еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек заттарына механикалық, термикалық және әсер етуге арналған машиналар, аппараттар мен жабдықтар (токарьлық темір жонғыш станоктар, насостар, электрлі моторлар, эксковаторлар, грейдерлер).
Өлшеу және реттеу аспаптары, құрылғылар мен зерттеухана жабдықтары – бұл өндіріс процестерін өлшеу мен реттеуге арналған аспаптар мен құрылғылар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар,водомерлер, манометрлер).
Есептеу техникасы – процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған машиналар, құрылғылар мен аспаптар (компьютерлер мен басқа да есептеу машиналары).
Өзге де машиналар мен жабдықтар (телефон станцияларының, радио желілерінің жабдықтары, өрт машиналары).
Көлік құралдары –
адамдар мен жүктердің
Инвентарлық обьект – барлық тиесілі керек жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген обьект.
Темірді, ағашты өңдеуге арналған құрал сайман, қол еңбегінің механикаланған және механикаланбаған құралы немесе машиналарға бекітілген заттар (кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын еңбек құралдары).
Инвестициялық обьект – басқа инвентарлық обьектінің құрамына кірмейтін заттар.
Шаруашылық инвентарь – кеңсеге және шаруашылыққа қажетті заттар (үстелдер, шкафтар, кілемдер)
Көп жылдық өсімдіктер – жасына қарамастан қолдан егілетін көп жылдық өсімдіктер (жеміс – жидектер, жүзімдіктер, көпжылдық өсімдіктері,роза плантациялары, тірі қоршаулар, қорғаныш өсімдіктер).
Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі шығындар – бұл ауылшаруашылығында пайдалану үшін жерлерді үстіртін жақсарту шараларына арналған, инвентарлық сипаты жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, тамырлардан тазарту, жерлерді тастардан тазарту).
Өзге де негізгі құралдар – бұл кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары.
Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы өте зор болып табылады. Негізгі құралдар өзіндік бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен, жойылу құнымен, амортизациялық тозу құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай – ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез - келген шығындардың жиынтығынан тұрады.
1)Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар (үйлер,жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша мемлекеттік баж).
2)Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.
3)Құрылыс мерзіміне
берілген несие үшін
4)Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
а) Жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар енгізіледі.
ә) құрал - жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал - жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал - жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар енгізіледі.
Алайда құрал - жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Салынатын немесе салынып жатқан құрылыс үшін алынған несиеге есептелген пайыз сомасы бұған жатпайды. Сатып алынған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына шот бойынша сатып алу бағасы, ол үшін төленетін салықтар мен алымдардың сомасы және бұл құралдардың құжаттарын реттеу барысында заңгерге төленген төлемдер кіргізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар
жерді және сол жерге салынған
үйлер мен ғимараттарды біртұтас
ретінде пайдалануға сатып
Негізгі құралдардың ағымдағы (өтелмелі) құны - бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағындағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың жойылу (қалдық) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан обьектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың амортизациялық (тозу) құны - бұл бастапқы және болжамған жою құндарының арасындағы айырмашылық.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен сатып алушы арасындағы мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау (индексациялау) кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі күні өндіріп шығаруға кететін құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағаланғаннан (индексациялағаннан) бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субьект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____________Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің _______ »Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» обьектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетілді.
Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме обьектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) обьектісі деп - өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей ету қажет.Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетіледі.
Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі.
Аналитикалық есеп әрқашан түгендеу карточкасында толтырылады. Оларда негізгі құралдардың аталуы, түгендеу нөмірі, баланста көрсетілген бастапқы құны, амортизациялық аударым мөлшері, зауыттық нөмірі, келіп кіріске алуына және есептен шығарылуына байланысты толтырылған актілердің уақыты (айы, күні, жылы) тағы басқа шартты белгілері мен керекті мәліметтері жазылады.
Ал синтетикалық есеп журнал - ордер №12 толтырылады. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методология департаментімен қабылданған. Журнал – ордер №12 «материалдық емес активтер«, »негізгі құралдар», «инвестициялар», «қаржылық инвестициялар», «басқа да кірістер» шоттар қарастырылады.
Негізгі құралдарды кіріске алу есебі. Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық обьектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Сатып алынған негізгі құралдардың
есебі. Үйлер мен жеңіл
Егер сатып алу бір қалада және бір күнтізбелік ай ішінде жүргізілсе, онда бухгалтерлік жазбаны 3310 шотта көрсетпестен жүргізуге болады, яғни Дт2412-2414, Кт1031,1030,1010,1011 тозу сомасына Дт2412,2414 Кт2421,2423. Бұл тәртіп бұзу болып саналмайды, өйткені ол қаржы нәтижелерінде көрсетілмейді. Өзге қалалық есеп айырысу жағдайында бухгалтерлік жазбаларды 3310 шот арқылы жүргізуге болады, егер үйлер мен автомобильдер жаңа болса, онда тозу операциялары болмайды.Егер негізгі құралдар нарықтық бағасы бойынша сатып алынса, онда ол негізгі құралдар бастапқы құны болып саналады.
Қабылдау актісінде мынандай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- Обьектінің аты;
- Обьектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
- Салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- Құрылыстың салынып біткен уақыты;
- Амортизациялық аударым мөлшері;
- Бастапқы құны;
- Басқа да шартты белгілері.
Актімен бірге обьектінің техникалық төлқұжаттары да беріледі
Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу. Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиетін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Амортизация тозуды қызмет ету мерзімі бойы активтің амортизацияланған құнын жүйелі бөлу түрінде құнмен көрсету. Амортизациялық құн - бастапқы құнмен пайдалы қызмет мерзімі соңында пайда болатын қосалқы бөлшектердің, сынақтардың, қалдықтардың түскен кезде жою құнының арасындағы айырма. Мөлшер (норма) - амортизациялық аударымдардың негізгі құралдардың орташа жылдық бағасына шаққандағы жылдық сомасының қатынасы.
Тозу - бұл негізгі құралдардың физикалық және моральдік қасиеттерін жоғалту процесі.Негізгі құралдар мынандай түрлермен тозады: а)физикалық тозуы -пайданылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты, сондай ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын табиғи климаттық жағдайлардың әсерінен басталды.б)негізгі құралдардың моральдік тозуы техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника мен технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады.Соған байланысты пайдаланудағы құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздайды.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан мынандай жағдайларда шығарылады: жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда; моральдік және физикалық тозу нәтижесінде; төтенше жағдайлар нәтижесінде. №16 ХҚЕС сәйкес амортизация есептеудің 3 әдісі бар: бірқалыпты түзу сызықтық - жолмен есептен шығару әдісі. Обьектінің құны оның қызмет ету мерзім ішінде өндіріс шығындарын біркелкі нормасы бойынша есептейді; Орындалған жұмыстардың көлеміне - прапорционалды түрде есептеу әдісі.Негізгі құралдардың тозуын пайдалану нәтижесіне қарай есептейді; Жеделдетіп есептен шығару - бұл әдіс өндірістік мақсаттағы негізгі құралдардың көптеген түрлері бойынша есептелінеді: а)регрессия - (лат.regresus – қайтару, артқа шегіну) жоғарғы саты формасынан төменге қарай қозғалуы, жаман бағытқа ауысуы. Қалдықты азайту әдісі бойынша негізгі құралдардың амортизация нормасы есептелінеді. Бұл әдіс бойынша жойылу құны соңғы жылға дейін есептелінбейді, ал соңғы жылы ғана есептелінеді;б)кумулятивтік – (cumulatio - өсу) акция арқылы, алынбаған дивиденттің жинақталып қалуы. Сандардың қосындысы әдісі бойынша бірінші кумулятивтік сан анықталады екінші кумулятивтік сан негізінде коэфицент анықталады. Кумулятивтік әдіс ерекшілігі бастапқы жылдары анықталатын амортизация сомасы көп болып біртіндеп азаяды
Формуласы: S=N*(N+1)/2
S – кумулятивтік сан;
N – жылдар саны;
1,2 – тұрақты сандар;
Бірқалыпты есептен шығару әдісіне мысал: станоктың бастапқы құны бір миллион теңге, ал қалдық құны жүз мың теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 3жыл. Бір жылдық амортизациялық аударымды есептесек:
1000000 – 100000 = 900000. 900000 / 3 = 180000
Бұл станоктың барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге, яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы, ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 3жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% деп алайық 900000 * 20% = 180000
Станоктың бастапқы құны |
Бір жылдық амортизациялық аударым сомасы |
Жинақталған тозу сомасы |
Станоктың қалдық құны | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
--------------- |
------------ |
1000000 |
1жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
820000 |
2жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
640000 |
3жылдың соңында |
1000000 |
180000 |
180000 |
460000 |
Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)
әр жылдағы өндірілген өнім саны = 0.09 теңге * ө.ө.саны
Егер станок 1жылы 3 миллион
Егер станок 2жылы 3 миллион
Егер станок 3жылы 2 миллион
Егер станок 4жылы 1 миллион
Егер станок 5жылы 1 миллион
өнім өндірсе, онда оған әр жылда есептелетін амортизациялық аударым мөлшері
1 жылы 270000 тг = 3 миллион * 0.09 = 270000
2 жылы 270000 тг = 3 миллион * 0.09 = 270000
3 жылы 180000 тг = 2 миллион * 0.09 = 180000
4 жылы 90000 тг = 1 миллион * 0.09 = 90000
5 жылы 90000 тг = 1 миллион * 0.09 = 90000
сомаларына тен болады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе тең мөлшерде есептен шығару әдісі бойынша амортизациялық аударым есептеу кестесі
Станоктың бастапқы құны |
Өндірілген өнім көлемі |
Бір жылдық тозу аударым сомасы |
Жинақталған тозу сомасы |
Станоктың қалдық құны | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
--------- |
--------- |
----------- |
1000000 |
1жылдың соңында |
1000000 |
3000000 |
270000 |
270000 |
730000 |
2жылдың соңында |
1000000 |
3000000 |
270000 |
540000 |
460000 |
3жылдың соңында |
1000000 |
2000000 |
180000 |
720000 |
280000 |
4жылдың соңында |
1000000 |
1000000 |
90000 |
810000 |
190000 |
5жылдың соңында |
1000000 |
1000000 |
90000 |
900000 |
100000 |
Жылдамдатып есептен шығару әдісінің екі түріне мысал:
Кумулятивтік әдіске мысал : станоктың қызмет мерзімі мерзімі 6жыл, кумулятивтік сан = 1 + 2 + 3 + 4 +5 +6 = 21. Бұл орайда станоктың бастапқы құны =240000, жою құны – 18000, амортизациялық құны – 240000 – 18000 = 222000 болады.
Регрессия әдісіне мысал: станоктың бастапқы құны 260000, жою құны 80000, пайдалану мерзімі 5жыл, амортизация нормасы 20%.
Жыл |
Нқ. Обьектісінің құны жыл, бастапқысы, соңғы |
Амортизация нормасы |
Жыл ішіндегі амортизация сомасы |
Айға шаққанда |
1 |
260000 |
20% |
52000 |
4333 |
2 |
260000-52000=208000 |
20% |
41600 |
3467 |
3 |
133120 |
20% |
33280 |
2773 |
4 |
106496-80000 |
20% |
26624 |
2219 |
5 |
20% |
26496 |
2208 |
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі. Негізгі құрал – жабдықтар уақытынан бұрын тозып кетпеуі үшін, оларды мезгіл сайын жөдеп тұру керек. Ұйымдастыру – техникалық белгілеріне қарап, жөндеуді күрделі және ағымдағы (жай) болып бөлінеді.
Күрделі жөндеу – бұл негізгі құралдардың обьектісін тұтастай алғандағымен салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді айтады. Машиналардың, жабдықтардың көлік құралдардың күрделі жөндеуі деп бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектеп, барлық тозған детальдары мен бөлшектерін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жөндеуді айтады. Машиналардың негізгі агрегаттарына машина маркасына байланысты алдын ала белгіленген жолын жүріп өткеннен кейін күрделі жөндеу жұмысы жасалынады.
Үйлер мен ғимараттардың күрделі жөнделу кезінде тозған детальдары толық ауыстырылады немесе олар неғұрлым мықты және үнемді, жөнделіп жатқан обьектінің пайдалану мүмкіндіктерін жақсартатын детальдармен ауыстырылады.
Ағымдығы жөндеу дегеніміз – негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстап тұру үшін оның тозған детальдарын ауыстыру немесе жөндеу болып табылады. Негізгі құралдарды қызмет барысынан тоқтатпай жөндеу жасалынады.
Жөндеу есебінде атқарылған жұмыс түрі барлық түрі бойынша рәсімделеді, жұмыс көлемін және оның өзіндік құнын анықтайды, жөндеуге жұмсалатын қаражатты мақсатты түрде пайдалануды бақылайды.
Егер жөндеуді, қайта құруды және жаңартуды сыртқы кәсіпорын орындаған болса, онда актіні екі дана етіп жасайды. Екінші данасын жөндеу, қайта құру және жаңарту жүргізілген субьектіге береді.

- Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
- Жалоба как метод защиты прав граждан
- Жалобы гостей и работа с ними
- Жалобы и заявления граждан: их понятие и роль в обеспечении законности
- Жалобы и конфликты с клиентами
- Жалованные грамоты дворянству
- Жалованные грамоты дворянству и городам. Органы дворянско-сословного управления 1785г
- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі
- Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі
- Жакерия
- Жак-Рене Эбер. Политический портрет
- Жалақы есебін автоматтандыру