Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Жалқы есімдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 АУДАРМАДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктері........5
1.2 Жалқы
есімдердің аудармада берілудің
амал – тәсілдері..............
2 Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдерiнiң аудармасы
2.1 Топонимдерді
аудару ерекшеліктері.................
2.2 Кісі есімдері,
лақап және әлеуметтік
дәрежені білдіретін атауларды
ағылшын тілінде беру ерекшеліктері.................
2.3 Ұлттық
Зоонимдердің аудармадағы сипаты...........
Қорытынды.....................
Пайдаланыған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы [19, б. 70].
Аударма бар да, оны зерттейтін ғылым бар. Бұның біріншісін екіншісінен бөліп алып қарауға болмайды. Аударма қисыны аударманың жүйесіне сүйенеді.
Лингвистикада және аударматануда да аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т.б.).
Тілде ұлттық діл болатыны өз-өзінен түсінікті, дегенмен әлемдік өркениетке қосылу үшін кез-келген ұлт өз рухын басқа бір ұлтқа жеткізуге, түсіндіруге мүдделі болады. Сондай-ақ бір ұлт басқа ұлттың жетістік-кемістіктерін өзін дамыта түсу үшін білуге тырысып отырады. Осы тұрғыдан қарасақ, аударманың, оның теориясының қоғамдық мән-маңызы да ашыла түседі.
Аударма – адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қостілді» адамдар – тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын тәржімашылар қатары қосылады. Жазба аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ тәржіма халықтың мәдени – қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма – халықтың рухани қызметінің, мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістердің бірі. Оның тұтастай алғанда әлем әдебиетіндегі, жекелеген халықтардың мәдениетіндегі рөлі айрықша маңызды. Осы ғасырда өркениетті елдердің барлығында да аударма жұмысымен шұғылдану өте-мөте белсенділік танытып отыр, еуропалық зиялы қауымның бүгінгі дәуірді «аударма ғасыры» деп атауында мән бар, себебі нақ сол ой-санасы жоғары қауым бұл арнаны жер бетіндегі күллі ұлттар мен ұлыстардың келісім-татулығын, бейбіт қарым-қатынастарын қалыптастыруға сүйеу бола алатын басты тіректердің бірі деп таниды.
Демек, аударма ісі – қоғамдық құрылымдағы қайшылықтарға, саяси ағымның екпініне тәуелсіз. Сөз жоқ, бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап–мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейінен қарағанда, соңғы бергі тарихта, бастапқыда ауызша кейіннен біріңғай жазбаша қалып қалған тәржіма шаруасының қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметінің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі – білім -ғылымды, оқу–оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни ағартушылық қызметі; екіншісі – қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі: жазба әдебиет нұсқасы ретіндегі тілді байыту қызметі.
Бір тілден екінші тілге аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды танытатын белгілердің бірі – әр халықтың лингвомәдени ерекшеліктері. Лингвомәдени ерекшеліктер, ең алдымен аудармашының лингвоэтикалық құзыретін талап етеді.
Мәдениеттің тілдегі көрінісі, ұлттық мәдени сипаттардың тілдік құралдар арқылы белгіленуі қазақ ғылымында ретроспективалық ыңғайда этнолингвистика аясында қарастырылып келгені белгілі. Сонымен қатар ғасыр соңындағы жаңа ғылыми бағыттарда қоғам, қоғамдық құрылым, жеке адамның қоғамдағы мінез–құлқы, табиғат құбылыстары, қоршаған табиғи орта, өсімдік, жан–жануар ерекшеліктері, сондай–ақ адамның антропологиялық келбеті, ішкі жан–дүниесі белгіленетін, осыларды концептуалды немесе образды түрде атайтын тілдік құралдардың қай-қайсысында да лингвомәдени сипат, мәдениет пен тілдің қарым–қатынасы көрінетінін дәлелдеуге ұмтылыс бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдер аудармасының ерекшеліктерін зерттеу;
Курстық жұмыстың міндеті:
- Аудармада жалқы атауларды берудің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеу;
- Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал–тәсілдерін қарастыру;
- Топонимдерді аудару ерекшеліктерін анықтау;
- Кісі есімдері, лақап және әлеуметтік дәрежені білдіретін атауларды ағылшын тілінде беру ерекшеліктерін зерттеу;
- Ұлттық Зоонимдердің аудармадағы сипатын беру.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы:
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі:
1 АУДАРМАДАҒЫ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Аудармада жалқы атауларды берудің
лингвистикалық ерекшеліктері
Тілдердің лингвомәдени сипаттамалары, рухани ұлттық мәдениетті танытып тұратын тілдік құралдар (лингвокультуремалар) екі тілдегі мәтінді – түпнұсқа мен аударма мәтінді салыстырғанда, нақтырақ байқалады. Лингвомәдени ерекшеліктері – ұлттық мәдениетпен біте қайнасқан, ұлттық мәдениеттен бөлшектенбейтін төл сипат – белгі: сондай – ақ мәдениеттердің байланысы мен қарым – қатынасынан туындаған сипаттар да бар. Бұл құбылыстарды зерттеуге көркем әдебиеттегі тұрақты теңеулердің, арнаулы ақпаратты әдебиет пен көркем әдебиеттегі фразалық тіркестердің салыстыруы көп үлес қосады. Аударылатын әдебиеттің тілі мен түпнұсқаның тілін қатар салғастыру, сондай–ақ мифологиялық, теориялық атауларды, материалдық мәдениет атауларының, уақыт пен кеңістікке қатысты ұғымдар атауларының және бұл аталғандарды белгілейтін образдық құралдардың аккумуляциялық қызметінен де мол мәлімет береді.
Бір тілден екінші тілге аудару қоғамға басқа елдің мәдениетімен етене араласуға, яғни аударма арқылы екінші халықтын мәдениетімен пікір алмасып, қарым–қатынасқа түсуге мүмкіндік береді. Белгілі бір ұлтқа, халыққа тән мәдени ерекшеліктерді екінші тіл оқырмандарына өзгеріссіз жеткізу – аударма саласындағы маңызды мәселе.
Аудармашыға қойылатын ең бірінші талап: ол екі тілді де барынша жақсы білуге тиіс. Оның үстіне, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық–жазушылық дарынның иесі болу керек.
Бұл айтылғандарға қосымша, аудармашыға ауадай қажет нәрсе – нағыз энциклопедиялық жан-жақты, жоғары мәдениет. Ол түпнұсқаның тілінде сөйлейтін халықтың тарихынан, тұрмыс–салтынан, сол дәуірдегі қоғамдық қалыбынан мол хабардар болуға тиіс. Тіпті жалғыз сол халықтың ғана емес, жалпы адамзат тарихы мен мәдениетіне байланысты көп нәрседен мағлұматсыз болмауы керек. Өйткені ол әрбір ойдың түпкі төркіні қайдан шығып жатқанын біліп отырмаса, сөздің арғы сырын жеткізе алмайды. Бұл тұрғыдан аудармашыға ғалымдық білімпаздық, әр алуан сөздіктер мен энциклопедияға үйірсектік керек.
Тілдегі жалқы есімдер дегеніміз жекелеген заттардың бейнелеу қызметін атқаратын, заттық мағынаны беретін арнайы атаулар тобы. Қазақ аудармасының тарихында жалқы есімдерді мүмкіндігінше аудару үрдісі де болған. Мысалы: Пушкин – Зеңбіреков, Лев Толстой – Арыстан Жуанов, сондай–ақ Н.Гогольдің кейіпкерлері: Собакевич – Итбаев, яичница – уыз құймағы (М.Дәулетбаевтың аударуы); А.Чеховтың «Лошадиная фамилия» шығармасындағы Овсов–Сұлыбаев (А.Ахметовтің аударуы). Соңғы сөзді Бекмұхамедов сол күйінде қалуын ұсынса, С.Талжанов Сұлыбаев деген баламаны дұрыс аударылған деп табады, өйткені ғалымның пікірінше кейіпкердің есімінің «сұлымен» байланыстылығы шығарманың идеясымен үндес. Мұнан шығатын мәселе – сол жалқы есімді басқа тілге жеткізудің жолы қандай екенін іздеу.
Жалқы есімдер мен атауларды берудің көбінесе транскрипция, транслитерация, калька әдістері қолданылады. Ағылшын тілінің грамматикасы латын, ал орыс, қазақ тілдерінің грамматикасы кирилица жазуына негізделгендіктен жалқы есімдермен атауларды екінші бір тілде беру барысында, аудармашылар үшін қиындақтар туу мүмкін. Оқырмандардың кейбірі бір ағылшын есімінің орыс немесе қазақ тіліне екі түрлі аударылатындығына көңіл аударады. Мысалы: William – Вильям, Уильям, Watson – Ватсон, Уотсон. Мысалға Charles есімі ағылшын короліне қатысты айтылатын болса, «Карл» болып аудрылса, қазіргі таңда Чарлз болып аударылып жүр. Бұл не себептен? Жалқы есімдерді екінші бір тілде беруде белгілі бір тұрақталған ереже жоқ па деген сауал туындайды.
Бұрынғы уақытта жалқы есімдер транслитерация тәсілімен, яғни сөздің фонетикалық транскрипциясын еске алмай, сөздің графикалық, яғни әріптік формасын беру көп қолданылып келді. Мысалы, ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның (Isaac Newton) есімі осы жолмен берілген. Уақыт өте келе транскрипция тәсілі, яғни орыс әріптерімен ағылшын сөздерінің фонетикалық берілуі, Исаак Ньютон есімі аудару барысында Isaac транслитерация тәсілімен, ал Newton транскрипция тәсілімен аударылған-дығына көз жеткізуге болады. Кез келген аудармашы орыс немесе қазақ тіліне жалқы есімдерді қалай дұрыс аудару керектігін жақсы білуі қажет. Жалқы есімдерді аудару барысында белгілі бір әріптердің немесе дыбыстардың екінші бір тілде болмауына байланысты фонетикалық алмасулар кездесіп тұрады.
Географиялық атаулар екінші тілге әр түрлі жолмен аударылады.
- Калька тәсілі арқылы. Егер олардың құрамына аударылатын компонент кірсе. Мысалы, The rocky Mountains – Скалистые горы, The Salt Lake – Соленое озеро, The Black Sea – Черное море т.б.
- Транскрипция тәсілі арқылы аударылады. Мысалы, Florida – Флорида, Washington – Вашингтон, Pearl Harbour – «Перлхарбер» - «Жемчужная бухта» деп аударылмай бастапқы қалпында қалған.
- Аралас тәсілі арқылы аударылады, яғни семантикалық және транскрипция. Мысалы, Gulf of Mexoco – Мексиканский залив, River Thames – река Темза, The Pacific Ocean – Тихий океан, Hilton Hotel – отель Хилтон.
Ал, кейбір географиялық атаулар аударма тілінде, түпнұсқамен мүлдем сәйкес келмейді. Мысалы, England – Англия, The English Channel – Ла Манш.
Басылым атаулары, көше, алаң, музыкалық топтардың атаулары да транскрипция тәсілімен аударылып, екінші бір тілде өз атауын сақтап қалады. Мысалы, Wall Street Journal – Уолл Стрит Джорнал, Beatles – Битлз, The Capitol – Капиталий, Detroit Red Wings – Детройт Ред Уингз. Қазіргі таңда көптеген журналистер немесе осы салада істейтін адамдар ағылшын атауларын аударуды керек ететін сөздердің барлығын, аудармай тек транскрипция тәсілі арқылы берудің нәтижесінде мәтін толығымен ағылшын сөздеріне толы болады. Бұл дұрыс емес, түзетуді қажет етеді. Кейбір атауларды дұрыс қысқартпай, бір–екі әріппен аударады. Халықаралық ұйымдар, мемлекеттер, қызмет және партия атаулары әдетте аударылады. Мысалы, Conservative – консервативная, House of Presentetives – палата представителей, US department of state - государственный департамент США.
Бірақ бұл жерге де бұл ережеге бағынбайтын атаулар кездеседі. Мысалы: Scotland yard – управление Лондонской полицией – Скотланд Ярд болып аударылады. Foreign office – иностранный офис емес, министерство иностранных дел, соедененного королевства, яғни Форин Офис болып қала береді. Intelligence service – развед управление Великобританий, яғни Интелидженс Сервис болып қала береді.
Ал, оқу орындарының атаулары жартылай немесе толығымен семантикалық аудармаға ұшырайды. Мысалы, Westren Michigan University – Западно – Мичиганский университет, Cherry Hill High School – школа высшей ступени Черри Хилл, St.Petesburg State University – Санкт – Петербургский государственный университет. Сонымен қатар, көлік марка, басылым атаулары транскрипция арқылы беріледі. Мысалы, Subaru – Субару, Ford Mustang – Форд Мустанг, Facts on File - Фактс он Файл, Новая газета - Novaya Gazeta.
Тағы бір жалқы есімдердің түрі, реалийлер қатарына кіретін аңыз, ертегі кейіпкерлерінің атаулары транскрипция арқылы беріледі, өйткені олар белгілі бір халықтың ұлттық–мәдени реңкін көрсетеді. Мысалы, Алдар көсе – Aldar Kose, Баба-яга – Baba-Yaga, Goblin – гоблин, ал кейбір әдебиеттерде мағыналық компоненті бар есімдер аралас немесе калька тәсілі арқылы аударылады. Мысалы, Кощей безсмертный – Koshchey the Deathless (немесе Immortal), Mirkwood – Мехалесье.
Жалқы есімдердің болмысын толығымен ашу мен теория тұрғысынан ұғыну үшін олардың атқаратын рөлін анықтау өте маңызды. Лингвистикада, соның ішінде ономастикада атау қызметінің нақты мазмұны мен көлемін анықтаған бір шешім жоқ. Әрине, әр түрлі деңгейде берілетін элементтерден тұратын ауқымды құбылыс ретіндегі тілдің қызметіне қарағанда жалқы есім қызметтері жекелеген болып саналады. А.В.Суперанскаяның айтуы бойынша, «тілдегі жалқы есімнің арнайы ерекше қызметі жоқ. Олардың негізгі грамматикалық қызметі – сөйлемде бастауыш пен толықтауыш қызметін атқару, ал негізгі лексикалық қызметі – атау. Жалпы есімдердегі сияқты бұл функциялар жалқы есімдерге де қолдану аясы мен жағдай ерекшелігіне қарамастан тән». Барлық зерттеушілер жалқы есімнің бірінші қызметі атау болып табылады дейді: «Сөздер болмыстағы заттар мен құбылыстарды атауы мүмкін: бұл номинативтік қызметі, атау қызметі; таза осы қызметті атқаратын сөздер – жалқы есімдер... Жалқы есімдер гипертрофирлі атау беруші: олар атау үшін қалыптасқан, бұл олардың мақсаты» [16; 10, 36, 66]
Жалқы есімнің атау қызметі мен жекелеуші және ажыратушы қызметі тығыз байланысты, бұл аталмыш объекті басқа объектілермен салыстырып, ажыратуға, жекелеуге мүмкіндік береді. Н.Д.Арутюнованың пікірі бойынша, жалқы есім «индивидке қатысты теңестіру қызметін атқарып, белгілі бір дескрипцияның эквиваленті болып табылады» [11, 16]. Н.В.Подольскаяның сөздігінде барлық үш қызметі: атау – салыстыру – жекелеуші қызметі деп бір ақ жинақталған [12, 145]. Дегенмен көптеген зерттеушілер оларды біріктіргенді жөн көрмейді, себебі олардың әрқайсысын ономастикалық қызмет деп қарастырады.
1.2 Жалқы есімдердің аудармада берілудің амал–тәсілдері
Түпнұсқаның ұлттық мәдени сипатын көрсететін тілдік құралдардың бірі – жалқы есімдер: жер-су аттары, кісі есімдері, лақапаттар. Көркем аудармадағы жалқы есімдер, бір қарағанда, функционалды қызметі – жүгі жоқ, ақпаратты жеткізу міндетін атқаратын элемент деңгейінде ғана көрінеді. 1950 жылдардан кейінгі кезеңдерде қазақ әліпбиінің орыс графикасына көшуіне және алфавит құрамына өзге тілдік әріптердің енгізілуіне байланысты жалқы есімдердің жазылуы өзге тілдің емлесіне негізделген, әрі бұл жайт норма ретінде орнықты.
Арнаулы ақпаратты әдебиетте де, көркем әдебиетте де жалқы есімдердің ақпараттық–танымдық, ұлттық мәдениетті білдіру сапасы өте жоғары, стильдік қызметі айрықша байқалып тұратын жалқы есімдер де бар. Көркем аудармадағы транскрипциясын сақтау үрдісімен қатар аудармашылар жалқы есімдердің ішкі семантикасына, стильдік қызметіне қарай ара–тұра қазақшалауға да барып отырады. Белгілі бір семантикалық жүк және стильдік қызмет әсіресе лақапаттарға тән. Сонымен қатар екі халықтың да этно-мәдени сипатында тұрмыс тіршіліктің ажырмас бөлігі – жан-жануарларға ат беру дәстүрі бар. Ат беру дәстүрінде екі халықтың тілінде де теңеуге, образ жасауға негіз болатын сөздердің негізгі семантикасы бір–біріне жуық, жақын. Аудармашылар көп ретте осындай ерекшелікті ескеріп, түпнұсқадағы лақапаттың қазақша баламасын қазақ ұғымына сәйкестендіре ұсынып отырады.
Жалқы есімдерді аудару белгілі бір дәрежеде ұлттық реалия сөздері келесі тілге жеткізуімен ұқсас келеді. Себебі жалқы есімдерді аударуда калька тәсілі және транскрипция, транслитерация тәсілдері қолданылады.
Реалия – белгілі бір ұлттың, елдің өзіне ғана тән тұрмыстық, материалдық, рухани, тарихи – қоғамдық құбылыстары мен заттарының тура мағынасындағы атаулар. Ағылшын халқымен қазақ халқының салт-дәстүрі, тілі, мәдениетінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей болғандықтан, жалқы есімдерді, реалий сөздерін аудару барысында аудармашы транскрипция, транслитерация, калька, сипаттама тәсілдерін кеңінен қолданады.
Әңгіме тура мағына туралы болғандықтан, мұны аудару ешқандай қиындық келтірмейтіндей де сияқты. Алайда мұның аударматануда ерекше сөз болуына себеп болар жайттар баршылық. Ол, біріншіден, бір халықтың өмір салты екінші халықта айна–қатесіз қайталануы мүмкін емес; екіншіден, сөз контексте тәуелсіз болып тұруы мүмкін; үшіншіден, ол сөзде ерекше бір стильдік бояу болуы міндетті емес. Міне, сондықтан ұлттық реалияны бейнелейтін сөздерді келесі бір тілде жеткізудің өзіндік шарттары, өзіндік тәсілдерінің болуы – заңды құбылыс.
Өзге тілде жазылған аударылмақшы материалдағы ұлттық өмір шындығын, ғылыми практикалық құбылыстар, қоғамдағы басқа құбылыстардан хабардар болумен байланасты соңғы кезде салыстырмалы тіл білімі мен аударматануда, елтанудағы сияқты, «фондық білім» деген ұғым қалыптасты. Түпнұсқадағы бейнеленген болмысты түсінудің кілтін мәтіннің бойынан да табуға болады, ал сол мәтіндегі кейбір атауларды түсіну үшін, негізінен, фондық білім керек.
Басқа халықтарда, елдер мен жерлерде қайталанбайтын, белгілі бір кезеңнің, елдің, жердің, тұрмыстық, тарихи–мәдени элементтердің атауларын аудару аударма практикасындағы қиын іс екенін айтып өттік. Жергілікті, ұлттық және тарихи бояуы қалың кез-келген тілдің реалия атауларының дәл баламасы басқа тілде бола бермейді.
Алайда орыс тілінің немесе басқа тілдердің қазақша аудармаларына жасалған талдауларға қарағанда, түпнұсқадағы реалия сөздерді аударуда қалай бере білудің әр түрлі жолдары бар екені байқалады. Ондай жолдардың қатарына транскрипция, транслитерация, калькалау, жаңа сөздер енгізу тағы да басқа тәсілдер жатады.
Реалия сөздердің экспресивті–эмоциялық, ұлттық бояуын толық жеткізу үшін транскрипция жолының маңызын қатты бағалауымыз қажет. Өйткені, бұл тәсіл реалия сөздердің бойындағы ұлттық, мәдени, тарихи қасиеттерді мүмкіндігінше сақтауға тырысады.
Себебі жалқы есімдерді аударуда аудару және транскрипция тәсілдері қолданылады. Мұндай жағдайда неғұрлым атақты, белгілі географиялық атауларға байланысты қолдану (Сарыарқа, Алатау, Қарату тағы да басқа), ал тар көлемдегі жергілікті ғана мәні бар географиялық атауларға аударуды (Шортанды – Шучье, Царское село – Патша селосы, Белогорье – Ақкемер тағы да басқа) қолдану үрдісі байқалады. Бұл әрине, тұрақты түрдегі, бір қалыпты үрдіс емес, мұндайда ретіне қара аудару да, транскрипция да қатар қолданыла береді. Тарихи тұлғалардың лақап аттары жалқы есіммен бірдей болмайтындықтан, оларды көбінесе аударып береді. Мысалы: Святая Мария – Әулие Мария, Петр Первый – Петр Бірінші, Карл Великий – Ұлы Карл, Ақжелге – Белогривый (М.Әуезеовтің «Қилы заман» романының кейіпкері). Қазіргі газеттердің, журналдардың аттары басқа тілде баламасы бола тұра аударылмайды (Индустриальная Караганда, Известия, Казахстанская правда, Нойес Дойчланд тағы сол сияқтылар), өйткені осы арқылы бұл атаулардың белгілі бір халыққа, елге қатыстылығы айқындалып отырады.
Жалпы айтқанда, жалқы есімді келесі тілге жеткізуге қатысты аударудың болмаса транскрипциялаудың екеуінің бірін қолдану дәстүрге де байланысты.
1920-30 жылдардағы алғашқы аударма тәжірибесінде жалқы есімдерді қазақшалаудың бірді–екілі фактілері болды. Бірақ бұл әрекет түпнұсқасының мазмұнын бұзатын, аударманың деңгейін төмендететін жайт ретінде бағаланады. Бұл жөнінде Ә.Исмағамбетов былай деп жазды: «Авторлардың өздеріне ғана тән жазушылық ерекшеліктерімен, ұлттық өзгешеліктерімен санаспай, өздерінше қазақшалап беру ол кездегі аудармалардың жалпы стилі еді... Гогольдің Собакевичтері – Итбаев, Ноздревтары – Танауов болып аударылған. Бүгінгі таңда оларды әдеби брак деп санайды».
Жалпы аударма тәжірибесінде жинақталған ойды бір тілден екінші тілге жеткізудің бірнеше тәсілдері бар. Олар:
- транскрипция, транслитерация
- сипаттама
- калька жолымен аудару
- компенсация жолымен аудару
- антонимдік (шендестіре) аудару
- конкретизация (нақтыландыру)
- генерализация(жалпыландыру)
Транскрипция, транслитерация – бұл тәсіл бойынша сөздер тілдің артикуляциялық ережелеріне сәйкес аударма тілдің фонетикалық жазу құралдарының көмегімен басқа тілге сол күйінде енеді. Транскрипция арқылы фонетикалық дыбысталуы, ал транслитерация арқылы оның графикалық формасы.
Мысалы: Қасым хан – Kasym Khan, Орақбатыр – Orak Batyr, Әбілқайыр – Abulkhair, Қобыланды батыр – Kobylandy Batyr, Жәнібек пен Керей – Janybek and Kerei, Тобыл мен Нұра – Tobol and Nura, Ертіс – Irtysh, Моғолыстан – Mogolistan, Баянауыл – Bayan –Aul, Мырза – Mirza, Сұлтан – Sultan, Besbarmak, тағы басқалары.
Сипаттама (экспликация) –бұл лексико–грамматикалық трансформация, бұнда шетел тілінің лексикалық единицасы, оны суреттейтін сөз тіркесімен ауыстырылады. Аударма тілінде толық түсіндірмесі немесе анықтамасы беріледі. Сипаттама тәсілі арқылы баламасыз лексиканың мағынасын беруге болады.
Калька тәсілі – тілдік единицаның (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа–нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. Мысала: Қанішер Абылай – Ablai the Bloodthirsty, Әз–Тәуке – Wize Tauke, Сарыарқа – Yellow–Back, Golden Arka.
Компенсация (орын толтыру) – бұл тәсіл түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме –дәл баламасы болмауына байланысты, аудармашының оның басқаша тәсілдермен және дәл сол сөйлемнің ішінде емес, текстің басқа бір жерінде түпнұсқа сөзінің орнын толтыруға қызмет етеді. Бұндай жағдайда кейбір сөз суреттеме, сипаттала арқылы аударылуы мүмкін. Конкретизация, генерализация – түпнұсқа тілдегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе керісінше түпнұсқадағы тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береді.
2 Ағылшын тiлiндегi жалқы есiмдерiнiң аудармасы
2.1 Топонимдерді аудару ерекшеліктері
Ең бірінші топқа топонимдерді жатқызып, олардың аталмыш романдағы берілу жолдарына анализ жасаймыз. Топонимдер – жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім. Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі – кез келген географиялық объектті атау.
Бірінші қарастыратын сөзіміз – Сарыарқа
Сар - сөзінің кездесу жиілігі Трилогия бойында 42 рет кездессе, ағылшын тіліндегі аудармасында «Сарыарқа», ал бұның қалған 11 Арқа қалпында кездеді. Ағылшын тіліндегі аудармасында «Сарыарқа» сөзі үш түрлі жолмен берілгендіктен “Golden – Arka” қалпында үш рет кездессе, Sary – Arka, күйінде 12 рет кездесіп, Sary – Arkі қалпында 2 рет кездесіп, “Yellow Back” - деп түсіндірме берген
«Еділ өзенінің сағасындағы Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан «Сарыарқадағы елімді көремін» деген сылтаумен оң түмен қолмен күйікке қарсы жүрген». [1.10].
“The Golden Horde’s troops moved to meet him. Baty said he wanted to find out what the situation was like in his possessions in Sary – Arka”. [4.10].
“Sary – Arka” – name of the central part of modern Kazakhstan, literally – “Yellow Back”.
“The set up light camp – tents by the hills, at the foot of Argynaty, one of the most beautiful places of the “Golden – Arka”. [4.17].
Берілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, аудармашы, Олег Чоракаев, «Сарыарқа» географикалық атауын транслитерация және калька тәсілімен аударған. Бірақ Сарыарқаны - “Yellow Back” немесе “Golden – Arka” деп аудару мүмкін емес. Себебі О.Чоракаев «Сары» сөзін түсті білдіретін, бұл күнде әбден түсінікті, жиі жұмсалатын сөздердің бірі ретінде ағылшын тіліне “Yellow” деп аударған.
Сарыарқа – Қазақстанның ұлан байтақ жеріндегі толып жатқан жер – су аттарының әрқайсысының өзіндік мән – мағынасы, шығу тарихы, көпшілікке беймәлім сыр – құпиясы бар екені күмән тудырмайтын нәрсе.
«Сарыарқа» сөзінің этимологиясы жөнінде ғалым топонимист Е.Қойшыбаев та арнайы мақала жазған. Бұл географиялық атаудың «сары» бөлігін арнайы қарап ЕҚойшыбаев «сары аяз», «сары қар», «сарыгідір», сарытоқым» т.б. тұлғаларда, алуан мәнде қолданылатынын көрсетеді. «Сары» сөзі көптеген жер – су аттарының құрамында бар: Сарыадыр, Сарыбел, Сарыбұлақ т.б. Е.Қойшыбаевтың пікірінше «... бұл атаулардағы сары сөзінің арғы тегі түркі – монғол тілдері тегінен артып, орал – алтай тілдері негізіндегі сар тұлғасына, яғни бұл күнде өзінің сол бұрынғы географиялық мәнін сақтап келе жатқан «кең» мағыналарындағы ұғымға саятын сөз болуы мүмкін». Сонымен Е.Қойшыбаевтың болжауынша Сарыарқа сөзі «кең жер», «жалпақ үстірт», «шексіз қырқа деген тіркестер мәніндегі атау. Яғни бұл жерде не “Yellow”, не бұл сөзге синонимдес “Golden” деп аудару мүмкін емес. Бұл сөзді транслитерация немесе транскрипция арқылы аудару ең ұтымды жол екені сөзсіз.

- Жалоба как метод защиты прав граждан
- Жалобы гостей и работа с ними
- Жалобы и заявления граждан: их понятие и роль в обеспечении законности
- Жалобы и конфликты с клиентами
- Жалованные грамоты дворянству
- Жалованные грамоты дворянству и городам. Органы дворянско-сословного управления 1785г
- Жалпы автомобиль тарихы
- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі
- Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі
- Жакерия
- Жак-Рене Эбер. Политический портрет
- Жалақы есебін автоматтандыру
- Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб