Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН
АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН
1.1.Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін
бағалау.......................
II – ТАРАУ.
ЖАЗУДАҒЫ КАЛЛИГРАФИЯЛЫҚ
2.1. Жазудың сапасы
және оны қалыптастыру
2.2 Қатені болдырмау
үшін жүргізілетін жұмыстар......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Жазу, таза жазу, дұрыс жазу, сауатты жазу – қай тілдің болмасын басты ұстанымы. Сауатты жазудың алғышарты бастауышта қаланады. Мектеп табалдырығын аттаған балаға бірінші сыны птан бастап дұрыс сөйлету үшін сөздердің дыбыстық жағы, дұрыс айтылуы қадағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларына орфографияны игерту тілді оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асады. Бағдарламада қазақ әліпбиіне қатысты мәселелерді шешуде әліппеге дейінгі кезеңнің, әліппеден кейінгі кезеңнің талаптары анық көрсетілген. Талдап көрсеткенде, бастапқы кезеңде төмендегі білім-білік дағдысына көңіл бөлінеді:
- дыбыстарды әріппен белгілеу, яғни, бас әріп пен кіші әріптердің баспа және жазба түрлерін біртіндеп енгізу және оларды меңгерту;
- бас әріп пен кіші әріптерді дұрыс каллиграфиялық тұрғыда жазу, оларды бір-бірімен өзара байланыстыра қосып жазу.
Ал, екінші кезеңде дыбыс және жұп дауыстылар, буын, әліпби туралы түсінік беру, жазу тәсілдерін (мәтінді көшіріп жазу, естуі бойынша жазу) жетілдіру; орфографиялық және пунктуациялық дұрыс жазу сауаттылығын қалыптастыру ескеріледі. Сондай-ақ кейбір дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар түрлерінің емлесіне мән беріледі.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатын белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, ягни оған оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика-графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анык жазуға машықтандыру міндеті де түр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Әдемі жазу
- өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқу
да жеңіл, ондай жазумен
Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нәрсені басшылыққа алу керек: біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және жеке әріптерді өзара құрастыра білу, екіншісі - әріп элементін. дұрыс жазуға дағдыландыру, үшінші - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасады. Мұғалім бұл үшін жұмыстың әр түрлерін, оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланары сөзсіз. Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймайды, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының қол икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті және сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мәні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті - ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әртүрлі зат бейнесін," геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеу мен ойлауын активтендіреді. Штрихтер арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріңе жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндеп үлгідей орындалады. Оқушылар үшін геометриялық фигуралар мен әртүрлі зат бейнесінің трафареты дайындалады немесе олардың өздері дайын геометриялық фигуралар трафаретынан зат бейнесін құрастырады. Мұғалім. альбомға салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, кұрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, «оң», «сол», «шеті», «жоғары», «төмен», «түзу», «қисық», дөңгелек» т.б. ұғымдарды меңгереді .
І тарау. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКА МЕН ЕМЛЕ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУДАН АЛҒАН БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН, ШЕБЕРЛІКТЕРІН ЕСЕПКЕ АЛУ
1.1.Оқушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін бағалау
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырсын. Оның мынадай жолдарын көрсетуге болады:
- Бір сабақтың негізінде бағалау.
- Бірнеше сабақтың негізінде бағалау.
- Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.
Оқушылардың білімін бір сабақтың негізінде бағалағанда мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін қай оқушының қандай сұрауларға, қалай жауап бергенін және қандай жұмыстарды орындағанын есепке алып отырады. Сабақтың соңында бірнеше оқушыға бүкіл сабақ бойы істеген жұмыстарының (еңбегінің) негізінде баға қояды және оған неге бұлай баға қойғанын бүкіл сыныпқа хабарлайды (дәлелдейді). Мұндай жағдайда мұғалім сабақ бойы кез-келген оқушыдан сұрай алмайды: кімдерді бағалау керектігін, қандай сұраулар қоятынын, қандай жұмыстар жасайтынын алдын ала жоспарлап алады. Сабақта сұраулар бүкіл сыныпқа қойылып, дағдыландыру, жаттығу жұмыстарына барлық оқушылар қатыстырыла тұрса, мұғалім білім дағдысын шеберлігін есепке алатын оқушыны іштей байқап сұрағанда көбіне соларды тұрғызады. Мысалы, ІІ сыныпта оқушыларға деформаланған мәтін ұсынылып, ондағы сөйлемдерді тауып соңында нүкте қою керектігі тапсырылды дейік. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім олардан сөйлем жөнінде не білетіндерін сұрайды: үш-төрт оқушыдан сұрағанына жауап алады 1) аяқталған ойды білдіреді, 2) сөйлем өзара байланысты сөздерден құралады, 3) сөйлемнен соң нүкте қойылады, 4) әрбір жаңа сөйлем бас әріптен басталып жазылады. Сол оқушылар өздіктерінен мысалдар келтіреді, талдайды. Мұғалім олардың сөйлем жөніндегі түсініктерін, дәлелдемелерін байқайды. Осыдан соң берілген тапсырманы бүкіл сыныптың қалай орындағаны жалпы тексеріледі. Бұл үшін жекелеген оқушылар орындарынан тұрғызылып, нүкте қойған бас әріппен жазған әр сөйлемді оқиды. Алдыңғы сұралған үш-төрт оқушыны тақтаға шығарылып, олардың дәптерін тексереді; қажет болса, тақтаға сөз, сөйлем, сөз тіркесі жаздырылады. Балаларды бағалау үшін мұғалім осылайша материал жинайды. Сабақ соңында бірер сұраққа жауап берген бірнеше бала және жаттығуды орындаған балалардың еңбектері де атаусыз қалмайды. Олардың қай сабақта қандай сұрауға жауап бергенін, қандай жұмысты орындағанын ескеріп жүріп, бірнеше сабақтағы еңбектері қорытылып бағаланады. Бұл үшін мұғалім өзінің арнаулы дәптеріне (балаларға көрсетпей), әр сабақтан кейін қажетті мәліметтерді жазып жүреді. Балалардың әр жауабы, әр еңбегі ескерілгеніне көзі жетсе, әр сабақта өз білетіндерін көрсетуге тырысады, белсенділіктері артады.
Оқушылардың
білімін, дағдысын, шеберлігін үйге
берілген тапсырманы
Мектеп тәжірибесінде
балалардың білімдерін және
Орфографиялық
бақылау жұмысы белгілі бір
тақырып аяқталып, оқушыларда жазу
дағдылары қалыптасқаннан
Балалардың
жазғандарын қарағанда тек
Бақылау жұмысында әдетте текст немесе жеке сөйлемдер алынады. Әр сыныпқа белгілі мөлшерде сөз саны есептеліп беріледі.
Бір түрлі
орфограмманың бірнеше
Бақылау жұмысында ең соңғы оқылған тақырыпқа 2-6 нысан, ал бұрын оқылғандарға екі нысаннан келтірілген жеткілікті.
Бірдей орфограммада
кездесетін сөздерді
Мұғалім бақылау диктантінің мәтінін тұтас оқып шығады, ондағы түсініксіз сөздер мен сөз тіркестерін түсіндіреді, сонан соң жеке сөйлемдерді оқиды, онан әрі мұғалім сөйлемді тағы бөліп оқып жаздырады. Әр сөйлем қайта тұтас оқылады, бұл кезде оқушылар жазғандарын қайта тексеріп шығады. Ең соңында мәтін тұтас, жай, бір рет оқылады, балалар оған ілесіп отырып, жазғандарын тексереді. Оқушыларға жұмыстарын жөндеуге қосымша уақыт берілмейді. Мұғалім жазғандарын жинап алады.
Оқушылардың
алған білімдерін, дағдыларын, шеберліктерін
тексеру мақсатында өтілген
Сабақта
оқушылардың қойған сұрақтарға
жауап қайтарып қоюы
Сонымен, оқушылардың білімін, дағдысы мен шеберлігін белгілі бір жүйе мен есепке алу жұмысы мұғалім мен оқушылар еңбегінің көрсеткіші болып табылады.
II –
ТАРАУ. ЖАЗУДАҒЫ
2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.
Оқушылардың жазу жұмысына қарап кейбіреуінің жазуы таза, көркем, анық жазғаның байқаймыз. Ал, кейбірінің жазуы қисық, біркелкі емес, қалай болса солай жазылғанын көреміз.
Мұндай қателіктер кетпес үшін мұғалім көркем жазу немесе қазақ тілі сабағында жазу сапасымен үнемі жұмыс жасау керек.
Жазу сапасына оның айқындылығын, біркелкілігі, дұрыс байланысуы, жұмыс жолында дұрыс жазылуы жатады.
Жазудың сапасын дұрыс қалыптастыру үшін мұғалім мынадай бағытта жұмыс жасайды:
1. Ең алдымен
бірінші сабақтан бастап
2. Әріптердің дұрыс байланысуы ж.ж.к.
3. Біркелкі көлбеу болуын ж.ж.к.
4. Әріптің биіктігі біркелкі болуын ж.ж.к.
5. Әріп арасына, әріп элементтері, сөз, сөйлем арасындағы қашықтықтың бірдей болуы керек.
6. Сыныпта оқушылардың жазу жылдамдығы бірдей болуы керек.
7. Жазу біркелкі ритмикалық болуы керек.
Әріптің формасымен
жұмыс – көркем жазу негізгі міндетінің
бірі, себебі жазудың айқындылығы
әріптің дұрыс жазылуына байлан
I сыныптың оқушысы барлық әріптің таңбалануының үйренеді, бірақ кейбірін ұмыта бастайды.
Оқушылардың әріп формасын түсіне отырып жазу маңызы орын алады. Әсіресе, 1, 2 сыныпта оқушының жазуы автомат – н кезде маңызы зор. Бұл кезде әріпті бейнелей отырып қозғалу немесе таза жазу дағдыға қалыптасады.
Әріпті түсіне отырып шеру үшін мынаны білу керек:
1. Әріптің негізгі немесе байланыстыра ажырата білу.
2. Әрі әріптің элемент ерекшеліктеріне назар аудару ( шиек, дөңгелек, жарты доға )
3. Әріптің жазылу ерекшеліктеріне назар аудару.
4. Дұрыс жазылған
немесе дұрыс емес жазылған
әріәпті ажырата білу, оның себебін
айта білу керек: Әріптің
Бұл элемент
бағыты бірдей, түзу штрихпен
жазылу керек.Әріпте қанша
Щ әріпті қай әріпке ұқсайтынын анықтайды. ( ш,ц )
Мұғалім тақтаға щ әріпті жаза отырып, оның ерекшелігін айтады. Осыдан кейін тағы екі әріпті жазады. Бұл әріптердің арақашықтығы бірдей. Балалар өз бетінше 3 – 5 әріп жазады. Мұғалім осы уақытта оқушылардың жазуын бақылайды. Оқушылардың жазуларынан кеткен қателерді көреді. Мұғалім тағы да тақтаға щ әріпін жазады, бірақ қателікпен жазады. Егер оқушылар тақтада қате жазылған әріпті көрсе, олар күледі немесе қатесін айтып, түсіндіреді. Мысалға, әріпте екі қате бар: элемент арасындағы қашықтық дұрыс емес немесе шиек дұрыс салынбаған. Мұғалім жетекшелігімен кеткен қатені түзету жолдарын айтылады. Осыдан кейін, дұрыс емес әріп өшіріліп, дұрыс жазылған әрі салынады. Оқушылардың тек тақтадан емес, өзінің жазуынан да кеткен қатені көргені дұрыс. Мәселен, мұғалім әріпті жазуға бергенде, оқушының кеткен қателерді не себептен кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын сұрайды. Осыдан кейін тағы да әріпті жазады да, біршама дұрыс жазғанын көреміз. Кейбір оқушылар өзінен кеткен қатені көрмейді. Бұд жағдайда, оқушылар бір – бірінің қатесін тексереді.
Кейбір оқушылар әріптің жазылу жолын жеке көрсектсе ғана дұрыс жазады. Мұғалім оқушы дәптеріне жазып көрсетеді, ал оқушы сол бойынша жазады.Ал, біреулері оның қолын ұстап бағыттап отырғанда ғана жаза алады.
Оқушылар дұрыс бағытта қозғала отырып жазу үшін мұғалім түсіндіргеннен кейін оқушылар бірінші оның көзбен қаламсапты көзін жұмып ауада жазады.Осыдан кейін ғана олар жаза бастайды.
Мұғалім оқушының қатесін көркенде ерекше назар аудару керек және ортаға салғанда оқушылар атын айтпау керек. Ал,жақсы орындаған сыныптың алуында айтуға болады. Сауат ашу кезеңі ааяқталғаннан кейін, оқуңшылар кейбір әріптің таңбалануын ұмытып қалады. Сондықтан, көркем жазу сабағында таңбалануы қиын әріпті жазып, еске түсіріп көркем жазудың дағдысын қалыптастыру керек.
Әріптің формасымен жұмыс жасағанда оның сөзде, сөйлемде жазылуы, байланысуына назар аудару керек.Бұл жұмыстың көркем жазу сабағында жүргізіледі.
Жазу үрдісіне немесе әріп элементтеріне талдау.
Графикалық
дағдыларды үйрету барысында жазу үрдісінің
заңдылықтарын
Ерте кезде, әріп элемнттін талдау жазу шрифтінің ерекшеліктерімен байланысты болатын. Бұлай жазу, тіпті үзіліссіз жазылатын әріптерді де элементке бөліп қарастырады. Мысалға, б әрібі.
Кіші әріп элемнеттері:
- түзу сызық; - жұмыс жолының төменгі сызығынан асатын сызық; - имегі бар сызық; - жоғары жағында имегі бар сызық; - л, м, я әріптерінің бастапқы элементі; - жоғыры және төменгі жағы имектелген сызық; - ж әрібінің ортаңғы элементі; - төменгі жұмыс жолынан шығатын имек; - жоғары жағынан шығатын имек сызық; - қысқа имек; - к әрібінің элементі; - жарты дөңгелекше; - дөңгелек; - и әрібінің жоғарғы элементі;
Үлкен әріптердің элементтері:
- түзу сызық;
- оң жағына қарай имегі бар
сызық; - сол жағына қарай
имегі бар сызық; - жоғары
және төменгі жағы
Әріпті бұлай бөлшекке бөлуді, мұғалім әріп элементіне талдау жасауда қолдануына болады.
Әліппе кезеңінде элементпен талдау балаға әріпті бейнелеуге көмектеседі. Бірақ, бұл кезде де әріпті жеке элементкебөлудің қажеті жоқ. Жазуды дұрыс қалыптастыру үшін жазу барысындағы қозғалысқа талдау жасау керек. Сонымен, әріпті элементтен талдау жасаудың ерекшеліктеріне неде екенін қарастырамыз. Ең алдымен, әріптің негізгі элементін бөліп ашу керек. Кез келген әріпті жазғанда бірінші өзімізге қарай жазу негізгі екенін айтамыз.
Осы қозғалыспен негізгі элемент – түзу сызық салынады.Келесі элементі жазу үшін жоғарыға қарай оңға көлбеу етіп жазамыз. Бұл қосатын элемент оның қызметі – екі элементті немесе екі әріпті қосу. Бұл қозғалысты жазу барысында жүзеге асыру ыңғайлы. Бұл элементтерді жазу үзіліссіз жүргізіледі. Бұл элементтерді и, ш ,п, т, р әріптерін көруге болады.
Негізгі элемент - өзіне қарай қозғалу - өз көлбеулікпен жазылады, қосатын элемент - өзінен қозғалу өте үлкен көлбеулікпен жазылады.
Әріпті негізгі немесе көмекшіэлементке бөлу де өзінен бастап жазу кейбір әріптерде сағат тіліне қарама – қарсы қайталанып жазылады.( э, з ) Бұл әріпті бөлу тек әріп формасын дұрыс жазу үшін емес, сонымен қатар біркелкі бағытты, паралель штрихты ритмиканы сақтауға көмектеседі.
Әріптің жазбаша түрінің кейбірі жазу заңдылығына сәйкес келмейді.
Өзімізге қарай төмен жазуды тік, ал өзімізден жоғары қарай сызуды – оңға қарай көлбеу етіп саламыз. Мәселен, б әріпті жазу заңдылықтарына сәйкес келмейтіндіктен, оны оған қарама – қарсы болғандықтан оқушылар көп қате жібереді.
Жазуға оқытудың алғашқы кезінен бастап – ақ мұғалім негізгі элементті - өзіне қарай көлбеу тік сызықты ажырата білуге үйрету керек. Бұл элементті оқушы тек негізгі элементі ретінде беріп әріптерде ғана емес ( п, и, т ), басқа кез – келген әріптен көре білуі тиіс. ( ш, я, в, р ). Әріпті бұлай элементтеп ажырату жазуды түсіне отырып игеруіне алып келеді.[14./42-45б./]
Әліппе кезеңінен кейін, әріпті қайталау үшін мынадай жаттығулар береді:
и|| и || и || н|| н || н ш||| ш ||| ш |||
в || в || в || г | г | г | г | г | р || р || р ||
Бұл арқылы әріптің негізгі
элементін ажыратуға
Осылайша әріпке талдау жасау маңызды орын алады. Бұл әдіс жазуға үйренудің барлық кезеңдерінде қолдануға тиіс. Бірақ бұл әдіс барлық әріптерге қолайлы емес. Әріп элементтеріне талдау жасау дәлірек немесе айқынырақ болуы мүмкін. Мәселен, имекшесі бар сызық ,шиек, дөңгелек, жартылай дөңгелект.б. элементтерден қосымша да негізгі элементті табуға болады.
Бұл элементтерді әріпті жазғанда ғана көре аламыз.
Жазу барысында қозғалыс элементі суретін салуға сәйкес келе бермейді. Мәселен, дөңгелек элементі бар әріптер. Бұлардың негізгі элементі дөңгелек. Бірақ дөңгелек түгелмен тек о, ө, ю әріптерінде жазылады. Ал я, д, ф әріптері сөздің басында келсе дөңгелекше аяқталмай екінші элемент жазылады.
Ф әріпін екі дөңгелекше бар. Бірақ, екінші дөңгелекше біріншісіне қарағанда тіпті басқаша жазылады ( біріншісі сағат тілімен, екіншісі сағат тіліне қарсы ). Екіншісі ортанғы элементке қосқанда ғана дөңгелекше болады.
Бұл мысалдарды, яғни қозғалыс элементтеріне талдау және шрифт элементтеріне талдауды бір – біріне ұқсастығын байқау үшін береміз. Алайда, жазуға үйрету барысында екі жақты талдау да маңызды орын алады.
Жазу үрдісіне талдау жүргізу әріптер арасындағы ұқсастықты, айырмашылықта, қозғалыс бағыты түсінуге мүмкіндік береді.
Әріп элементтеріне талдау жасай отырып, элементтің оңайына күрделісіне қарап әріпті топқа бөлуге болады.
Бұл генетикалық принципке сәйкес, оңайдан қиынға қарай жазуға негізделеді.
2.2 Қатені болдырмау үшін жүргізілетін жұмыстар
Мұғалім
грамматика мен емледен
Оқушылар
жазу жұмыстарында қате
Біраз уақыт
өткеннен кейін (тоқсан
1) оқушы ережені білмегендіктен (кезінде түсінбеген немесе ұмытып қалған) жіберген бе?
2) ережені біледі, бірақ оны жазуда дұрыс қолдана алмаған, яғни ережені жазуда қолдану дағдысы қалыптаспаған.
3) ережелерді араластырып шатастырады.
4) жазып отырғанның мағынасына (не жазып отырғанның өзіне өзіне түсінбейді) түсінбей, зейін қоймай, механикалық түрде әрекет етеді.
5) кейбір дыбыстарды қате естиді немесе өзі қате айтады да, өзін-өзі бақылай алмайды.
6) асығыс, ұқыпсыз
орындау салдарынан қатені
Оқушылардың жұмыстарында кеткен қателерді түзету жолдары да алуан түрлі. Қателерді қай кезде түзету керек? Егер жұмыс шағын болса, сол табанда түзету керек. Мысалы, ескерту, түсіндірме диктанттары, көшіріп жазу жаттығуларын сол сабақтың үстінде-ақ түзетуге болады. Ал бақылау диктанты, мазмұндама шығармадағы қателер соңынан түзетуледі. Қате түзетуде жазу жұмыстарына талдау жасаудың пайдасы зор. Талдау барысында мұғалім балаларға әуелі дәптерлерін таратып бермейді, өйткені олар өз дәптерлеріне қарап алаң болады да, мұғалімді тыңдамайды, ұжымдық жұмысқа қатыспайды.
Жұмыс осы
сыныптағы оқушылардың
Екінші сабақта жеке оқушылардың жіберген қателері талданады. Осы мақсатпен балалардың дәптерлері таратылып беріледі. Олар мұғалімнің түзеткен қателерін табады. Оны жұмыстың соңғы жағына теріп көшіреді. Қосып сөйлем құрастырады т.б. Қатемен жұмыс тек бақылау диктантына байланысты ғана жүргізіліп қоймайды, сонымен қатар басқа сабақта да жүргізіледі.
Балалардың
жұмыстарындағы қателерді
1) қате жазылған сөз сызылып, үстіңгі жағына сөздің дұрысы тұтас жазылады;
2) қате жазылған
әріп немесе сөздің асты сызыла
3) қате жазылған
әріп немесе сөздің асты
4) қате әріптің асты сызылады, ешқандай ескерту берілмейді.
Бұл көрсетілген жағдайлардың қайсысын қалай қолдану:
1) сыныптың ерекшелігіне байланысты ( І- ІІ сыныптарда айқынырақ түзету қолданылады, ІІІ-ІV сыныптарда күрделірек әдістер қолданылған мақұл (3-4 әдістер),
2) оқушылардың дайындық ережесіне байланысты. Мысалы, жақсы оқитын оқушы қате жіберсе, оның қатесінің асты ғана сызылып қойылады, ал нашар оқитын оқушының қателерін әр түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай, қателерді түзетуге оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі өте пайдалы.
Оқушылар
бір түрлі қатені қайталай
беретін болса, онда
Оқушылардың
жазғандары, айтқандары орфаграфиялық
жағынан сауатты,

- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жайрем кен байыту кенішінің қысқаша мінездемесі
- Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі
- Жакерия
- Жак-Рене Эбер. Политический портрет
- Жалақы есебін автоматтандыру
- Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есеб
- Жаза жүйелері
- Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
- Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары
- Жаза тағайындау негіздері
- Жазғы жайылымдарда бағу
- Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі
- Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар