Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі

МАЗМҰНЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасында  өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы – бұл астық өндірісі. Сондықтан, астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, ірі сапалы өнім жинау үшін, тыңайтқыштарды тиімді қолдану маңызды рөл атқарады.

Қазіргі жағдайда тыңайтқышсыз  дақылдар өнімін айтарлықтай дәрежеге көтеру мүмкін емес. Сондықтан игерілген ауыспалы егісте тыңайтқыштар қолданудың тиімді жүйесін пайдалану, дақыл түсімін арттырудың шешуші шарты болып саналады.

Республикада  тыңайтқыштарды пайдаланудан алынантын пайда мен қосымша өнім мөлшеріне келетін болсақ, солтүстік облыстар жағдайында, жаздық бидайға қолданылған тыңайтқыштардың экономикалық жағынан тиімділігі жоғары. Өйткені сотүстік топырағында, мысалға алатын болсақ  жылжымалы фосфор мөлшері аз. Сондықтан парға және пардан кейінгі дақылға берілген фосфор тыңайтқышы мол қосымша өнім алуға көмектеседі.

Сонымен, шаруашылықта минералдық және органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану ғана экономикалық жағынан пайдалы болады. Сондықтан тыңайту жүйесін дұрыс ұйымдастыру аса маңызды агротехникалық шаралардың қатарына жатады.

Өзекті  мәселесі: Қазақстанның топырағы, құрамы мен түрі жағынан сан алуан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі жаздық бидайға тыңайтқыштарды солтүстік аймағының топырақ ерекшеліктеріне байланысты қолдану.

Мақсаты: Жаздық бидайдың өнімін, сапасын, топырақ құнарлығын арттыру мақсатында тыңайтқыштарды тиімді, әрі жоспарлы түрде шаруашылықта пайдалана білу.

Міндеттері:

  1. Жаздық бидай дақылдарының өнімін арттыру және оның сапасын жақсарту.
  2. Топырақтың тиімді құнарлығын ұдайы жоғарлату.
  3. Жаздық бидай түрлерімен танысу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1 Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы

 

Бидай – әлемдегі ең кеңінен таралған дақыл, 148 елдің  негізгі азық – түлігі болып табылады. Жер шары халқының жартысынан астамы бидай нанымен қоректенеді. Бүкіл дақылдардың өнімінің 60 % - ы бидайдан алынады.

Жаздық бидай – маңыздылығы  жағынан дәнді дақылдар арасында бірінші орын алады және еліміздің  барлық аймақтарында егіледі. Ол өте  құнды тағамдық дақыл. Дәнінде 18 – 24 % дейін ақуыз болады [6].

Жаздық бидай кебегі – барлық мал түрлері үшін бағалы концентратталған жем. Малға оның сабаны жем ретінде пайдаланылады.

Бидай астығы жарма, макарон,кондитер өнімдерін өндіруде қолданылады. Бидай  астығының сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштеріне дәндегі ақсыл мен дән уызының мөлшері жатады. Бұл көрсеткіштер бидайдың пайдалану сипатын анықтайды. Өңдеу өнеркәсібі мен экспорт үшін жоғары класты жұмсақ және қатты бидай сорттары ерекше құндылыққа ие. Нан өнімдері негізінен жоғары класты бидай сорттарынан, ал макорон мен жармалар – қатты бидайдан өндіріледі.

Жұмсақ бидай  сорттары ұн мен нанның сапасын анықтайтын жинақтайтын көрсеткіші – ұнның  «күшіне» қарай күшті, орташа және әлсіз болып үш топқа бөлінеді [18], [5].

Күшті бидай бөлігінің көптігі, уызының жиырымдылығы және созылымдылығы жағынан көзге түседі. Мұндай ұннан пісірілген нан көмпиіп тұрады, түрі өте ұнамды, бүйір қабығы жұқа немесе тор көзді, жұмсақ, созылмалы келеді, сондай – ақ өте дәмді, сүйкімді иісі болады.

Сонымен қатар  күшті бидайдың байытушылық қасиеті  бар: осал бидайдың ұнына аздап күшті  бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын  нанның сапасы анағұрлым жақсарады. Күшті бидай ең таңдаулы бидай  болып саналады, сондықтан ішкі және халықаралық нарықта оған деген сұраныс жоғары.

Орташа нандық күшті (қуаты) бар бидай, басқаша  айтқанда филлер, ешқандай қоспасыз –  ақ жақсы сапалы нан береді. Оған жататын сорттар белогының мөлшері  орташа, уызының жиырымдылығы біршама  төмен, сондай –ақ қамырының ашытылған кездегі ферменттік тұрақтылығы да төмендеу болады. Мұндай сорттар осал бидайдың нандық қасиетін жақсартуға қабілетті емес [12].

Осал (әлсіз) бидайдың белогы шамалы, дән уызының жиырымдылығы өте әлсіз болады. Сондықтан нан  сапасының көрсеткіштері төмен  болады. Осал бидайдың сапасын жақсарту үшін міндетті түрде күшті бидай ұнын қосады.

Жақсы қатты  бидай астығы жоғары сапалы макарон  өндіруге таптырмайтын шикізат болып  табылады. Жұмсақ бидай ұнынан макарон  өнімдерін жасауға болады, бірақ  олар өз пішінін сақтай алмайды, омырылғыш, піскен кезде жабысқақ келеді де тиімсіз түске өнеді. Сары – янтарлы немесе лимон тәрізді сарғыш түсті макарон өте жоғарғы сапалы деп есептеледі. Мұндай түс каротиноид пигментіне байланысты, ал оның мөлшері жұмсақ бидайға қарағанда қатты бидайға қарағанда қатты бидайды орта есеппен екі есе көп [16], [9], [23].

Жақсы макарон  өнімдері мынадай талаптарға сай  болуы қажет: қамыры тығыз жабыспалы, қалыпқа салғанда жеткілікті дәрежеде механикалқ берік және пішінді. Бұл  қасиеттердің барлығы жоғарысапалы қатты бидай өнімдерінен дайындалған қамырға тән. Қатты бидай жоғары сапалы ұнтақжармасын өндіретін шикізат болып табылады. Қатты бидай дәнін диірменге тартқанда қырлы ұн бөліктер бірыңғай масса болып түзіледі; ұн клеткалары қатты, бірақ нәзік келеді, ал жұмсақ бидайда олар борпылдақ әрі ұсақ саңылаулары болады. Дән уызының мөлшері мен оның сапасы да үлкен рөл атқарады. Қатты бидайдың дән уызы «қысқа» серпімді болып келеді, сондықтан оның ұнынан пісірілген нанның көлемі аз, тор көзділігі нашар болады. Газ ұстау қабілетінің төмендігінен қатты бидайдың нандық сапасы жұмсақ бидайға қарағанда төмен [21].

 

1.2 Аудандастырылған сорттардың анықтамасы

 

Еліміз бойынша  жаздық жұмсақ бидайдың 61 сорты аудандастырылған. Оның ішңнде көп таралғандар сорттары – Саратовская 29,Саратовская 42, Омская 18, Омсакая 19, Целинная 21, Целинная юбилейная, Эритросперум 35 және т.б. соңғы кезде аудандастырылғандары – Әлем, Алтайская 325, Жеңіс, Самал, Саратовская 60, Светланка, Улучшенная және Юго – Восточная 2.

Қазақстанда осы кезде жаздық қатты бидайдың 18 сорты егіледі, ең көп тарағаны Безенчукская 139, Омский рубин, Оренбургская 10, Светлана, Сид 88. Кейінгі уақытта өнім мен сапасы жақсы Омская янтарная, Каргала 9, Алтайская янтарь, Наурыз 8 және Ник сорттары аудандастырылады.  

Бидайдың негізгі  сорттық белгілеріне олардың  масақтарының пішіні қылтанақтарының  сипаты, масақ қабыршағының кескіні, дәннің пішіні, мен түсі жатады [1], [2].

 

Иртышанка 10

Иртышанка 10 жұмсақ жаздық бидайы Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми институтында шығарылған.

Сортты  шығарған: Г.П.Высокос, В.С.Сусляков, Л.А.Михеев, В.А.Зыкин, С.С.Синицын. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында аудандастырылған.

Ботаникалық мінездемесі:

Лютесценс түршесіне жатады, шашылып қалмауға, тамырында тұрып және дестеде жатқанда көктеуге төзімді. Орта мерзімде пісетін өсімдік. Сабан сабағы жуан, мықты, жайылма. Аралық жапырақты, орташа түтіктенген. Балауызды өңезі айқын, түсі күңгірт – жасыл. Масағы цилиндр тәрізді, тығыздығы орташа, ақ түсті. Масақша қабыршағы сопақ, тісшесі қысқа, мұқалған. Дәні дөңгелекше келген, қылтанағы ұсақ. Фенолмен боялғанда қара – қоңыр түсті. Көктемгі – жазғы қуаңшылыққа  орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 32-35 г.

Биологиялық ерекшеліктері:

Сорт ортадан ерте піседі, вегетациялық өсу мерзімі 73-78 тәулік. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Қоңыр татпен, сабақ татымен орташа залалданады, қара – күйемен заладануға бейім сорт.

Негізгі ерекшеліктері:

Тез пісіп, жоғары өнімділік береді.

Иртышанка 10 және басқа да ерте пісетін астық сорттарын  өндіріске енгізгенде – табиғи және жасанды энерго ресурстардың үндемделуі жүзеге асырылады.

Иртышанка 10 сорты мықты астық дақылдарының тізіміне енгізілген. Иртышанка 10 сортынан жасалған нан өнімдерінің сапасы жоғары болады [20].

 

Росинка

Росинка жұмсақ жаздық бидайы Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми институнды шығарылған.

Росинка сорты  өзіне үйлесімді ерте пісуімен, өнімділігі жоғары (6,9 т/га), дәнінің сапалығы жоғары, өсімдіктің жатып қалуына, ауруларға, құрғашылыққа төзімділікті көрсетеді.

Ботаникалық мінездемесі:

Лютесценс түршесіне жатады, түп тігінен өседі. Өсімдік жуан сабақты, мықты, жайылма. Жапырағы күрең – жасыл түсті, түтіктенуі орташа, балауызды өңезі айқын емес. Масағы ақ, түтіктенген емес, призма тәріздес, ұзындығы 8-12 см, тығыздығы 10 см – ге 17-19 масақша. Масақша қабыршағының пішіні жұмыртқа тәріздес, ұзындығы орташа. Дәні қызыл ірілігі орташа, дөңгелекше – ұзындау келген, қылтанағы орташа.

Биологиялық мінездемесі:

Сорт ортадан ерте піседі, 68-73 күнде піседі. Ерекшелігі бір мезгілде піседі, құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Тозаңды қаракүйемен залалданбауға төзімді. Ақ ұнтақ ауруына төзімділігі орташа.

Негізгі ерекшеліктері:

Өнімділігі жоғары және тез пісетін сорттардың бірі. Росинака сортының орташа төзімділігі  37,1 ц/га, Омская  12 және Тулунская сорттарынан 4,7 – 4,8 ц/га – ға артық. Росинка сорты интенсивті технологяларға жарамды. Росинка сорты бағалы астық дақылдарының тізіміне енгізілген [20], [8], [10].

 

Светланка

Омская 26 жұмсақ жаздық бидайы Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми институтында шығарылған.

Сортты  шығарған: Р.И. Рутцем, Л.А. Кротовой, Н.А.Поползухиной, В.А.Зыкин, С.С.Синицын.

 

 

Ботаникалық мінездемесі:

Лютесценс түршесіне  жатады. Масағның түсі ақ, түтіктенген емес, дәні қызыл түсті болады. Өсімдіктің ұзындығы орташа, сабан сабағы жуан. Масағы призма тәрізді, масақ қабыршағы жұмыртқа тәрізді. Қылтанағы орташа,  дәнінің формасы жұмыртқа тәріздес.

Биологиялық мінездемесі:

Сорт ортадан ерте пісетін бидай тобына жатады, Иртышанка 10, Памяти Азиева, Алтайской 92 сорттарымен бір мезгілде піседі. Вегетациялық кезеңі 74-78 күнді құрайды. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Жатып және шашылып қалмауға төзімді. Тозаңды қаракүйе және қатты кеселі қаракүйеге төзімді.

Негізгі ерекшеліктері:

Құрғашылыққа төзімділік, жоғары өнімділік, тез пісетін қасиеттері Светланка сортына тән. Светланка сорты интенсивті технологяларға жарамды. Светланка сорты бағалы астық дақылдарының тізіміне енгізілген [20], [8], [10].

 

Омская 26

Омская 26  жұмсақ жаздық бидайы Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми институтында шығарылған.

Сортты  шығарған: В.С.Сусляков, В.А.Зыкин, И.А. Белан, С.В. Пашков, Л.Я. Сивенкова, Л.Ф. Ложникова, Г.И.Лисенкин. Солтүстік Қазақстан және облысында аудандастырылған.

Ботаникалық мінездемесі:

Сорт гетерогенді және екі биотоптан құралады. Лютесценс түршесіне жатады. Өсімдік орташа мерзімде піседі. Шашылып қалмауға, тамырында тұрып және дестеде жатқанда көктеуге төзімді. Сабан сабағы мықты. Жапырағы жуан, орташа түтіктенген. Балауызды өңезі айқын емес, түсі күңгірт – жасыл. Масағы призма тәрізді, тығыздығы орташа, ақ түсті. Масақша қабыршағы жұмыртқа тәрізді, тісшесі үшкір емес, қысқа. Дәні дөңгелекше келген, қылтанағы жіңішке, терең емес. Фенолмен боялғанда қоңыр түсті. 1000 тұқымның массасы 32-34 г.

Биологиялық ерекшеліктері:

Сорт ортадан  ерте піседі, вегетациялық өсу мерзімі 75-80 тәулік. Иртышанка сортымен бір мезгілде піседі, немесе 1 – 2 тәулік кеш піседі. Құрғашылыққа төзімділігі жоғары. Қоңыр татпен, сабақ татымен орташа залалданады, қара – күйемен заладануға бейім сорт. Омская 26 сортын зертханада зерттегенде оның құрғақшылыққа төзімділігі стандарт деңгейінде екендігі дәлелденді.

Негізгі ерекшеліктері:

Тез пісіп, жоғары өнімділік береді.

Омская 26 сорты  интенсивті технологияларға жарамды, себебі ол жатып қалмауға төзімді, тез  пісетін сорттардың бірі болып саналады.

Бағалы бидай  сорттарының тізіміне енгізілген [20], [15], [19].

1.3 Дақылдың өсіп, өнуіне әсер ететін факторлар

 

Жаздық бидайдың өнімділігі көптеген факторларға, соның ішінде табиғи экологиялық және техногендік (агроэкологиялық) факторларға байланысты. Аймақтағы табиғи экологиялық факторлар (жарық және температура режимдері, жауын – шашын мөлшері, оның маусымдық және әр жылдары бойынша өзгеруі т.б.) адамзат әрекеті арқылы реттелінбейді оған бидай дақылы, оның сорттары бейімделуі керек.

Жарық режимі.

Бидайдан жоғары өнім алу деңгейін анықтау – фотосинтетикалық белсенді радиация мөлшеріне, қолайлы ауа – райы және оптимальды (үйлесімді) агротехникада өсірілген жаздық бидай сорттарының биологиялы өнімділігіне байланысты.

Бидайдың даму процестерінің дұрыс жүруі үшін оның фотопериодтық реакциясының маңызы бар. Дақылдың гүлденуі үшін күннің ұзақтығы тәулігіне 12-14 сағат болып, жарық мөлшері 1800-2000 люкстен кем болмауы керек.

Өсімдіктердің күн сулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ алаңы көлеміне байланысты. Егістікте қабылданған  күн сәулесі радиациясының 80-90 % - ы жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 10-20% - ы сабақтар, масақтар және өсідіктің басқа да органдары арқылы қабылдап бойына сіңіреді.

Егер егіс сирек  болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық белсенді радиацияны қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күн сәулесі радиациясы сирек өсімдіктер арасынан өтіп топыраққа сіңеді, ал бір бөлігі шашырап ауаға кетеді. Егістік өте қалың (тығыз) болған жағдайда өсімдіктердің бір – біріне көлеңкелеу және басқа да зиянды ценоздық әсері күшейе түседі.  Аталған осындай жағдайдың бәрінде егістіктің дән өнімі төмендейді [7], [3].

Температура режимі. 

Жаздық бидай  салқын температура жағдайына төзімді  дақыл. Бидай дәні 1-50С – та өне бастайды, бірақ 2-40С аралығында баяу өседі. Дәннің жақсы өніп шығуы үшін қолайлы температура 10-150С. Дән орналасқан тереңдікте температура төмендеу (6-100С) болса гриб ауруларымен, соның ішінде қаракүйе ауруымен аз зақымданады.

Қазақстанда егілетін жаздық бидай сорттары яровизацияны қажет етеді. Яровизация қалыпты  өту үшін қолайлы температура 2-50С – тан 10-120 С – қа дейінгі аралық және бұл процес 5-14 күнге созылады.

Өніп шыққан алғашқы өскіндер 1-30 С, ал сабақтану кезеңінде дақыл біршама жоғары температураны керек етеді. Масақтану, гүлдену кезеңдерінде ең қолайлы температура 20-250 С, ал дәннің толысуы – пісуі фазаларында – 18-250 С.

Жаздық бидайдың өсіп даму дәуірі сортына байланысты 90-105 күнге созылады, ал осы кезең  аралығында керекті температуралар қосындысы 1550 – 1800 0 С. Бұл тәуліктік орташа температура +100С – тан жоғары болатын кезең аралығына сәйкес келеді [17].

Суару режимі.

Жаздық бидай  ылғалды жеткілікті мөлшерде қажет  ететін дақыл, оның транспирациялық  коэффиценті – 450-500.

Жаздық бидайдың ылғалды қабылдап сіңіруі (тәулігіне м3/га) төмендегідей:

  • себу – түптену аралығында – 12,2 м3/га тәулік;
  • түптену – сабақтау кезеңінде – 36,9 м3/га тәулік;
  • сабақтану – масақтану кезеңінде – 64,5 м3/га тәулік;
  • масақтану – дән толысу кезеңінде – 66,2 м3/га тәулік;
  • дән толысу – сүттену кезеңінде – 57,3 м3/га тәулік;
  • дән сүттену – толық пісу кезеңінде – 29,5 м3/га тәулік;

Жаздық бидайдың ылғалға талабын дақыл сорттарының ерекшеліктеріне, аймақтың гидротермиялық режиміне, радиациялық балансына сәйкес анықталады.

Дәннің жақсы  көктеп шығуы үшін өзінің салмағынан 50-60% ылғал керек, ал түптену кезінде ылғалды көбірек қажет етеді. Осы кезеңде топырақта ылғал жетіспесе, дақылдың өсіп дамуы баяулайды, әрбір жанама сабақтың түбінен қосалқы буын тамырлар өспейді, нәтижесінде өнім төмендеп, дән сапасы нашарлайды.

Ылғалды ең көп  талап ететін фазалар:

  • түптену
  • масақтану
  • дән толыса бастау кезеңдері.

Яғни, жаздық бидайдың потенциальды өнімін шектеуші факторлардың бірі – дақылдың өсу дәуірінің алғашқы кезеңінде топырақта ылғалдылығы аз болуы.

Жаздық бидай  өсіру дәуірі кезінде суарғанға  қайтарымды мол дақыл. Суаруды ертерек, органогенездің ІІ – этаптың соңы, ІІІ - этаптың бастапқы кезінде, яғни түтіптену фазасының басында жүргізген өте тиімді. Бұл жағдайда бидай жақсы түптеніп, әрбір жанама сабақ түбінен буын тамырлары жылдам өсіп нығаяды. Нәтижесінде масақ ірі болып, дән көп байланады [14], [25].

Қоректену режимі.

Жоғары өнім құру үшін жаздық бидай топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар алып бойына сіңіреді.

Өсімдіктер  табиғатта кездесетін элементтердің  барлығын сіңіреді, соның ішінде біреулерінен көп мөлшерде, кейбіреулерін аз мөлшерде қабылдайды, бірақ солардың  арасына 20-25 элемент биологиялық тұрғыдан өте қажетті. Бидай дақылы үшін биологиялық аса қажетті элементтерге: көміртегі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, калий, натрий, магний, кальций, кремний, күкірт, хлор, ванадий, хром, молибден, мараганец, темір, кобальт, мыс, мырыш, селен,фтор, иод, бор, қалайы жатады. Бидай денесіндегі құрғақ заттардың негізгі массасы – көміртегі, оттегі, сутегі, азот элеменнерінен құралған. Сондықтан бұл элементтерді – органогендер деп атайды. Бидайдың осы элементтерді сіңіріп отыруы фотосинтез, тыныс алу, су режимі процестерімен тығыз байланысты. Бидай ұлпаларындағы азот, фосфор, калий мөлшері 0,1 – 10 % аралығында. Сондықтан бұл элементтерді макроэлементтер деп атайды. Дақылдың құрғақ зат құрамындағы кальций, магний, күкірт мөлшері 0,1 – 0,5 % аралығында болып макроэлементтер мөлшеріне жатады. Қалған биологиялық аса қажетті элементтер бидайдың құрғақ биомассанында 0,15 – 0,01  % аралығында болса,олар – микроэлементтер, ал 0,01 % - дан аз болса – ультрамикроэлементтер деп аталады [11], [4].

Азот – белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, витаминдер және басқа да органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, бидайдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды. Азот тыңайтқышы бидай сабағының анатомиялық құрылысына да әсері бар. Топырақта азот көп болғанда бидай сабағы ұзарып өседі, бірақ склеренхима қабаты жұқалау болады. Нәтижесінде, сабақтың гриб ауруларымен зақымдануы артады.

Д.А. Пряншиков  пікірі бойынша, топырақта азоттың  мөлшері қаншалықты көбейсе, дақылдардың  өнімі де соншалықты артады. Бірақ, топырақтағы азот тым көп болған жағдайда  бидайдың вегетативтік мүшелері күшті өсіп, ұзарады, көп түптеніп, дақыл жатып қалуы мүмкін. Ал, топырақта азот аз болғанда бидайдың жапырақтары сарғайып, кейін өліп қурайды [13].

Фосфор  – өсімдіктегі зат алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн қышқылдары  (ДНК және РНК), нуклеотидтер, фосфолипидтер, витаминдер және басқа органикалық заттар құрамына енеді. Фосфор тыңайтқыштарының оптималды  мөлшерде болуы бидайдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді, оның пісуін тездетеді. Түптену кезеңіне дейін бидай фосфор қоректік элементін көбірек, ал азотты азырақ қажет етеді.Фосфордың топырақта аз болуы жаздық бидайдың жас, әдетте өсу кезіндегі сабақ пен жапырақтардың яғни жер бетіндегі мүшелерінің биомассасын, әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді [22].

Калий – протоплазма құрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану прцесін тежейді. Калийдің көп бөлігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал қалған бөлігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий тыңайтқыштары бидай дақылының суыққа және түрлі ауруларға төзімділігін арттырады.   

Калий өсімдіктегі  көмірсулар  қозғалысына және көмірсу – белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді, механикалық ұлпалардың синтезделіп құралуын қамтамасыз етіп, гриб ауруларына төзімділігін күшейтеді.

Бидайдың жас  мүшелерінде калий көбірек болады, өсу дәуірінің соңында таман  калий өсімдіктің басқа да жас органдарына жылжиды. Жаздық бидайдың калийді ең көп сіңіретін кезеңі – масақтану фазасы [24].

 

 

 

 

2 ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ АГРОКЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

Аймақ климаты  шұғыл континентальды, жазы қысқа  салыстырмалы ыстық, қысы суық және жауын - шашыны аз. Жаздың орташа температурасы Бескөл селосында +10° тең. Қыста ауаның төмен температурасы және қар жамылғысының тапшылығы топырақтың терең тондануына себепші болады. Қаңтардың орташа көпжылдық температурасы -23,20С, шілде +230С, орташа көп жылдық температура +0,80С.

Ауаның ең төменгі  температурасы – - 480С, ең жоғарғысы +410С. Орташа айлық температура ауытқуы 380С, экстремальді температура – 890С. 

Күн ұзақтығы жыл бойы 7 – ден 17 сағатқа дейін өзгереді, тал түстегі күннің жағдайы – желтоқсанда 11,50 – тан шілдеде 58,50 – қа дейін. Ұзақты күннің күн сәулесінің жоғары құлау бұрышымен үйлесуі облыс аумағын жазғы уақытта жер бедерін жақсы қыздырады, бұған сонымен қатар аздаған бұлттылық та әсер етеді. жазда мұндай күндердің саны айына 18 күнге дейін жетеді. Солтүстік аудандарда бұлттылық 78, ал оңтүстікте 41 күнге жетеді. Күн сәулесінің ұзақтығы жылына 1900 – 2000 сағатты құрайды.

Аумақтың жылу режиміне, сонымен қатар ауа массасының циркулясиясы да әсер етеді. жалпы алғанда  ауа қозғалысы қоңыржай белдеменің батыс желдер ағымына тәуелді оңтүстік – батыс, батыс, солтүстік – батыс. Осы бағытта атмосфералық құйындар – циклондар мен антициклондар қозғалады.

Ұзақ және суық қыс айлары теріс температурамен, қатты соғатын желдермен, жиі  болып тұратын бұрқасын және боранмен ерекшеленеді. Қысқы жылымықтар сирек  болады, жылына 6 – 9 күн. Сәуірдің екінші жартысында басталатын көктем қысқа (20-30 күн), құрғақ және салқын. Температураның 00С-тан жоғары көктемгі ауысымның орташа көпжылдық мерзімі 10-15 сәуірге сәйкес келеді. Көктемгі ауа температурасының өсу қарқындылығы бір күнде 0-50- қа жуық, бұл көктемгі процестердің тез дамуының көрсеткіші болып табылады. Дегенмен сәуірдің аяғы, мамырдың басында суық қайта оралады, ал үсік мамырда және тіпті маусымда да байқалады.

Жыл бойындағы  жауын – шашынның басым бөлігі жаз айларына келгенмен де, жазы құрғақ әрі қысқа болып келеді. Орташа тәуліктік температурасы 00С-тан жоғары жылы кезеңнің ұзақтығы орташа алғанда 125 күнді құрайды.

Күзі  салқын, бұлтты, кейде жауынды. Күзгі жауан – шашын мөлшері, көктемгі топырақ құнарлығына өте үлкен әсерін тигізеді және оған ауыл шаруашылық тәжірибеде үлкен мән береді. Суық тез түседі. Тамыздың екінші жартысында үсік болуы мүмкін. Температураның 00С-тан өтуі әдетте қазанның 20-нан бастап 25 қазанға дейін, ал 50С-тан қарашаның 2-нен 8 дейін болады. Теріс температураның ұлғаюы күзде болады (күніне 0,3-0,40С) (Кесте 1).

 

         Кесте 1 – Ауа температурасының және жауын – шашын мөлшерінің көп жылдық орташа деректері мен 2010 жылдың деректері бойынша салыстырмалы көрсеткіштері, ( Петропавл қаласының метеосанциясының мәліметі)

 

           айлар

жыл

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

IX

X

XI

XII

көп жылдық орташа деректер бойынша ауа температурасы, 0С

 

 

23,2

 

 

13,3

 

 

2,5

 

 

3,5

 

 

12,1

 

 

16,6

 

 

23

 

 

21,5

 

 

12

 

 

5,5

 

 

9,2

 

 

8,5

2010 жылдың ауа  температурасы, 0С

 

25,9

 

16,3

 

3,9

 

5,3

 

13,5

 

18,3

 

18,9

 

20,4

 

11,8

 

3,7

 

7,5

 

6,9

көп жылдық орташадан  ауытқуы

 

+2,7

 

+3,0

 

+1,4

 

+1,8

 

+1,4

 

+1,7

 

-4,1

 

-1,1

 

-0,2

 

-1,8

 

-1,7

 

-1,6

көп жылдық орташа деректер бойынша жауын- шашын мөлшері, мм

 

 

13,4

 

 

13,2

 

 

10

 

 

11,2

 

 

9,1

 

 

28,3

 

 

40,4

 

 

14,9

 

 

15,1

 

 

19,5

 

 

22,9

 

 

17

2010 жылдың жауын-шашын мөлшері, мм

 

19,7

 

12,8

 

16,1

 

7,4

 

4,4

 

23,8

 

34,7

 

6,8

 

10,8

 

14,5

 

28,6

 

19,6

көп жылдық орташадан  ауытқуы

 

+6,3

 

-0,4

 

+6,1

 

-3,8

 

-4,7

 

-4,5

 

-5,7

 

-8,1

 

-4,3

 

-5

 

+5,7

 

+2,6


 

Сурет 2.1 – Көп жылдық орташа деректер мен 2010 жыл деректерінің салыстырмалы ауа температурасы, 0С

 

2.1. суретте көрініп  тұрғандай  көп жылдық орташа көрсеткіштер бойынша ең ыстық айдың бірі шілде +230С, одан кейін тамыз +21,50С және маусым +16,60С. 2010 жылдың көрсеткіштері бойынша ең ыстық ай тамыз +20,40С,  ал шілде айында +18,90С мен  маусым айында +18,30С-ға ауа температурасы төмендеу. Көп жылдық орташа көрсеткіштерге қарағанда 2010 жылдың ауа температурасы маусым айында жылырақ, ал шілде мен тамыз айларында салқындау.

Күзде, күн қысқарған сайын, күн көзінің радиациясы кемиді. Топырақтың беткі қабаты тез суып қалады. Ауа температурасы да күрт төмендей бастайды.  Қыркүйектің 17 – 20-на қарай тәуліктік температура +50С – дан кеми түсе бастайды. Барлық метеостанциялардың мәліметтері бойынша, қазан айында орташа минималды температура -20С – ға төмендейді. Қыркүйектің 15-25-нен, түнгі аяздар басталады. 

 

Сурет 2.2 – Көп жылдық орташа деректер мен 2010 жыл деректерінің салыстырмалы жауын – шашын мөлшері, мм

 

Көп жылдық орташа көрсеткіштер бойынша жауын –  шашынның мөлшері ең көп түсетін ай шілде 40,4 мм, одан кейін маусым 28,3 мм және тамыз 14,9 мм. 2010 жылдың көрсеткіштері бойынша жауын – шашынның мөлшері ең көп түскен айдың бірі шілде 34,7 мм, содан кейін маусым 23,8 мм және тамыз 6,8 мм. Көп жылдық орташа көрсеткіштерге қарағанда 2010 жылдың жауын – шашын мөлшері өте аз болды.

Облыстағы орташа жылдық жауын – шашын мөлшері 350 мм-ге жуық, ол облыс аумағында  салыстырмалы түрде қарағанда бірдей. Жауын – шашын көп мөлшерде (80-85%) жылдың жылы мезгілінде (сәуір – қазан) болады. Оның ең көп жауатын айы – шілде (60мм). Жылдың суық кезеңдерінде 15-20% ғана. Ең аз түсетін кезеңі – қаңтар-наурыз айларында. Бұл аралықта айына 10 мм-ден 20 мм аралығында ғана жауын – шашын болады. Қар қабаты тұрақты, қыс соңында оның орташа қалыңдығы 25 см-ге жуық және ол бес айға жуық (қарашадан наурызға дейін) жатады.

3 ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТОПЫРАҒЫНА МІНЕЗДЕМЕ

 

«СеверЖарс» шаруашылығы Бескөл селосында орналасқан. Шаруашылықтың топырғы – кәдімгі қара топырақ.

Қара  топырақтар Солтүстіқ Қазақстан аумағында кең таралған. Олар Батыс-Сібір ойпатының онтүстік бөлігінде, Қазақтың ұсақ шоқыларының солтүстік бөлігінде (орманды дала және далалық табиғи аймақтар) тараған.

Қара   топырақты   аймақтың   солтүстік   бөлігінде   өсімдіктер   негізінен, ойдым-ойдым   орман  түріндегі  көк терек  араласқан   ақ қайыңнан  тұрады. Оңтүстікке  қарай олар далалық ор түрлі шөптерге ауысады. Олардың ішінде коңырбас   (астық) тұқымдастар формациясы басым келеді.

Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі