Жаза жүйелері
27
Мазмұны:
І Кіріспе....................... | 3 |
1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі...................... | 5 |
ІІ Жаза жүйелерінің түрлері |
|
2.1 Негізгі жазалар....................... | 6 |
2.2 Қосымша жазалар....................... | 20 |
III Қорытынды..................... | 25 |
IV қолданылған әдебиеттер тізімі........................ | 27 |
І КІРІСПЕ
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкес жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ҚК-те көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот қана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады.
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше билік тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айыппұл салу жєне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты тақырыптың мазмұны мен мәнін толық ашып зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін алдыма төмендегідей міндеттерді қойдым:
- Жазаның түсінігін толықтай ашып зерттеу;
- Жазаның мақсаттарын анықтап, дәлелдеу;
- Жаза жүйелерінің ұғымын талқылау;
- Қылмыстық жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды зерттеп, ашып көрсету.
1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңды белгіленген сотар үшін міндетті және тұжырымды, аырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдык жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметгі атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекетгік наградадан айыру.
2. Сотгалған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотгалған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді:
Бірінші топты негізгі жазалар кұрайды.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
ІІ Жаза жүйелерінің түрлері
2.1 негізгі жазалар
Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты мынандай жазаның негізгі түрлері қолданылады :
1)айыппұл салу ,
2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ,
3) қоғамдық жұмыстарға тарту ,
4)түзеу жұмыстары ,
5) әскери қызмет бойынша шектеу ,
6) бас бостандығын шектеу ,
7) қамау ,
8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау ,
9) бас бостандығынан айыру ,
10) өлім жазасын қолданылуы мүмкін
Енді осы жаза түрлеріне жеке-жеке мәлімет беріп өтейін:
Айыппұл(40 бап)
1. Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.
2. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
3. Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
4. Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тиісінше айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының, немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге қамаудың есебінен қоғамдық: жұмысқа тартумен, түзеу жұмыстарымен немесе қамаумен ауысты-рылады.
Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретіңде қолдануға жатпайды. Тек кана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолданады.
Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік керсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Сондай-ақ айыппұл сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге табысының мөлшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады. Қылмыстық-атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді занда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындалуға жатады. Занда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару — сотталған адамның өзінің ақша қаражаттары, басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден ашық бас тартуы болып табылады.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті езін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды ажаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41 -бап).
Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген: белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру.
Жазанын бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап) колданылуы мүмкін.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шүғылдану қүқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құкьіғынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде қолданылады.
Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты кайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдык жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.
Екіншісі, сотгалған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю, т.б. ҚК-нің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру(41 бап)
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде бір жыддан жеті жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Қылмыстық Кодекстің 41-бабының ескертуіне сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстары деп Қылмыстық кодекстің 176-бабының үшінші бөлігінің «2» тармағында, 193-бабының үшінші бөлігінің «а» тармағында, 209-бабының, үшінші бөлігінің «а» тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінін «в» тармағында, 310-315 баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар танылады.
Қылмыстық кодекстің 41-бабының ескертуінің екінші бөлігінде экстремизмнің, белгілері бар қылмыстар тізбегі берілген. Оларға Қылмыстық Кодекстің 164,168-171,233-3,236-
Жазаның бүл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе занның санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне карай сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құкығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина қызметкерлерінің мамандык, міндеттерін тиісті орындамаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ уақытқа денсаулығы бұзылса, айыппұлға немесе бас бостандығына шек қоюға жазалаумен бірге (114-бап, 1-бөлігі) қосымша жаза ретінде дәрігерлік қызметпен белгілі бір уақытта шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағағайындалады.Сонымен:
1. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте,; жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде а'лты айдан үш жылға дейін мерзімге белгіленеді.
3. Белгілі бір, лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан қосымша жаза ретінде айыру қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделмеген жағдайдада тағайындалуы мүмкін.
4. Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.
Қоғамдық жұмыстарға тарту(42 бап)
1. Қоғамдық жұмысгар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта, түрін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейтін, тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.
2. Қоғамдық, жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда олар осы Кодекстің тиісінше 45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығын шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.
3. Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балала-ры бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүтедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.
Түзеу жұмыстары
1. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.
2. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан :-: соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес проценттен жйырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүг\ргізіледі.
3. Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмьісы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жүмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерек-ше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жүмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.
4. Түзеу жүмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады.
Түзеу жұмысына сотгалған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін енбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі со-талған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.
Сонымен бірге түзеу жүмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.
Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның, түзелуі міндетті түрде қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда жүзеге асырылады. Жазаны өтёу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлігі мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы, жазасын өтеу мерзімі жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын — қылмыстық орындау инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша түзеу жүмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі. Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адам бұрынғы сотталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кәсіби қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның жұмыс орнында өтелуі тиіс. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан 5 проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады.
Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес: Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп окитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің, Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айып-пұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарынын орнына айыппұл тағайындауы мүмкін.
Әскери қызмет бойынша шектеу(44 бап)
1. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
2. Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ жиырма проценттегі аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады, Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымың, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзімі кезекті әскери атақ беру үшін енбек сіңірген жылдар мерзіміне есептелмейді.
Бас бостандығын шектеу(45 бап)
1. Бас бостандығЫн шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мұмкін.
2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі..
3. Бас бостандығын шектеу кәмелетке толмағандарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, елу бес жасқа толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қолданылмайды.
Қамау(46 бап)
1. Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табы-лады.
2. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
3. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйел-дерге қоланылмайды.
2.8. 50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру
1. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнау-лы немесе өзге де атағынан, сыныптың шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттаған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, біліктілік шенінен, диплома-тиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді.
Әскери қызметшілер қамауды абақтыда өткізеді. 47-бап.
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау
1. Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Бұл жаза әскери қылмыстар жасағаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды.
2. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудын бір куні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен белгіленеді.
Бас бостандығынан айыру,48 бап
1. Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
2. Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны ушін бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ол осы Кодекстің 49-бабының бірінші бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін — жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру он жылдан аспауға тиіс. Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі осы Кодекстің 49-бабының ушінші бөлігінде, 69-бабының бесінші бөлігінде және 7-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда—жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.
4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жаса-латын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды,

- Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
- Жаза тағайындаудың түсінігі, маңызы және қағидалары
- Жаза тағайындау негіздері
- Жазғы жайылымдарда бағу
- Жаздық бидай өсіруut тыңайтқыштар қолдану жүйесі
- Жазуға үйрету үшін қажетті гигиеналық талаптар
- Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті
- Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
- Жадные алгоритмы. Код Хаффмана
- Жадыны басқару