Жалпы эконмика
Экономика
«Экономика» деген
сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын
білдірген. Қазіргі уақытта экономика
кең көлемде: өндіріс, тұтас халық шаруашылығы,
жалпы өндірістің әр саласы, қаражат-ақша
айналасы, т.б. байланысты айтылады. Біздер
экономиканы кең көлемде, қоғамдық өндірістің
жүйесі деп түсінеміз.
Өндіріс-қоғамның өмір сүруіне және дамуына
қажетті материалдық игілікті жасайтын
процесс. Жұмысшы күші-өндірістің адамдық
факторы, ал өндіріс құралы-заттық фактор.
Бұл факторлар өзінен-өзі ештеңе де өндірмейді.
Тек оларды біріктіру ғана игілікті шығаруға
жағдай жасайды, яғни өндірісті іске асырады.
Жұмысшы күші, еңбек құралы мен еңбек тәсілінің
арасында күрделі қатынас жүйесі пайда
болады. Бұл қатынас пен адамның еңбек
құралына әсер етуінің тәсілін технология
дейміз.
Аталған факторлардың күрделі бөлікте
өмір сүруі, адамдардың еңбекке қатынасуы
өндірісті ұымдстырумен қамтамасыз етеді.
Өндіргіш күш-қоамдық өндірістің жетекші
саласы. Бұл қоғамның табиғатқа қатынасын
көрсетеді.
Өндіріс процесінде адамдар сонымен қатар
өзара қатынаста болады, яғни өндіріс
қатынасына енеді. Бұл да күрделі жүйе.
Оған меншік қатынасы да, өндіріс шығаратын
өнімді бөлу, алмастыру және тұтыну да
жатады. Тұтыну өндіріске байланысты.
Материалдық игілікті шығару адам қоғамының
материалдық негізін құрайды. Ол үдіксіз
жүріп жатуы тиіс.
Экономикалық қатынас
жүйесіндегі адам
Әрбір адам көпқырлы экономикалық қатынас
арқылы басқалармен байланыста болады.
Ол өнім шығарады, жалақы алады, меншік
иесі болады, сатушы немесе сатып алушы
рөлін атқарады. Ақша қоғам жасаған материалдық
және рухани байлықтан адамның өзіне тиістісін
сатып алуға мүмкіндік береді.
Адамның пайда табуға, оны иеленуге құқығы
бар. Ол қандай кедей болса да бір нәрсені
иеленеді, оны құрметтейді, қорғайды. Адамның
меншігі – оның дене болмысы, білімі, ақыл-ойы
мен қабілеті. Адамның интеллектуалды
меншігі – оның ашқан жаңалығы, өзі жасаған
өнер туындылары, шығармалары мен ғылыми
еңбектері.
Адамның жеке меншігі – оның үй-мүлкі,
киім-кешегі, машинасы, саяжайы, т.б.
Біздің елімізде адам еңбек шаруашылығының
(ұсақ кешендердің), шаруа және қосалқы
шаруашылықтың меншік иесі. Бұлар оның
еңбегі мен одан түскен пайдасы арқылы
жасалады.
Бұл аталған меншіктің бәрінің де иесі
– адам. Ол өз меншігін еркімен пайдаланады,
тұтынады, басқа біреуге бере алады, өзінің
ұрпақтарына мұра етіп қалдырады. Оларды
қорғайды, дамытады, байытады,тиімді түрде
тұтынады.
Демократиялық қоғамда жұмысшылар ұжымдық
кешен құрады, өз акциялары арқылы өндірісті
басқаруға немесе өнім шығаруға, бөлуге
қатысады.
Адамды еңбектен шеттеуді жоюдың негізгі
бағыты – мемлекеттік кешендерді басқаруды
демократияландыру, өндірістік және әлеуметтік
мәселелерді шешуде еңбек ұжымының құқығын
арттыру.
Екінші бағыты – еңбек жағдайын ізгіліктендіру,
еңбектің мазмұнын өзгерту, оны ақыл-ой
еңбегі арқылы байыту. Бұл өзгерістер
жаңа техника мен технологияның жетістіктеріне
тікелей байланысты.
Өндірістегі адамның орны қандай болмақ?
Ғылыми-техникалық прогресс адамның өндірістегі
орнын өзгертеді, оның еңбегі мен қызметінің
мазмұнына әсер етеді. Ғылыми-техникалық
революция ой еңбегінің, адамның жағдайды
бағалау және дербес шешім қабылдау қабілетін,
шығармашылық, бастамашылдық рөлін арттырады.
Жаңа техника мен технология адам қабілетінің
артуына жағдай жасайды, оны ынталандырады,
сонымен қатар еңбекке қатаң талап та
қояды.
Еңбек өнімділігінің артуының негізгі
бұлағы-адам. Мәселе оның кәсібінің жоғарылығында,
қабілетінде, еңбекке қатынасында.
Адамның еңбекке қатынасы адам мен қоғамның
әндіріс процесіндегі байланысын көрсетеді.
Демократиялық қоғамда көпшілік адамдар
саналы еңбек етеді. Олар өздерінің ұйымшылдығын,
ұқыптылығын көрсете біледі, жалқаулықпен,
тәртіпсіздікпен күреседі. Бұған қоғам
да, адам да мүлделі болады, адам өзінің
жоғары сипатты кәсіби, оның сапасын мақтаныш
тұтады, одан моральдық қанағат алады.
Тұтыну қатынасындағы адам. Адам-тұтынушы.
Ол тұтыну мәселесін шешу үшін басқалармен
қатынасқа түседі.
Адамның тұтыну қажеттілігі қоғамның
дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл ретте
адам өз шаруашылығында, кәсібінде қандай
өнім шығару, нені сатып алу, еңбегін қаблетін
қалай қолдану керектігін білуі қажет.
Адамның тұтыну қажеттілігі өндірісті
реттеушілік те рөл атқарады. Мәселен,
бұрын теледидар болмады, адамдар бұл
саладағы қажеттіліктерін театрға, киноға
барумен қанағаттандырды. Теледидар пайда
болған соң оның сапасына назар аударылды,
түрлі-түсті теледидар қажет болды. Ал
бұл қажеттілік теледидардың осы түрін
шығару мақсатын қойды.
Адамның тұтыну қатынасында оның ұқыптылығы
үлкен рөл атқарады. Алған жалақысы немесе
қосымша табысы отбасының, әрбір ұйымның
өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Демек, адам отбасылық өнімнен бастап,
қоғамдық өндіріске дейін экономикалық
қатынасқа тікелей араласады. Оның жоғары
сапалы кәсібі, ұқыптылығы, икемділігі
шешуші рөл атқарады. Адам – өнімді шығарушы
ғана емес, оны бөлуші және тұтынушы. Ол
– экономикалық өмірдің шешуші тұлғасы.
Ұлттық экономика
Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]
Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.
Адам Смит
Жалпы экономикалық тепе-теңдік
идеясы бұдан көп бұрын экономист-
Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]
Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Экономикалық өсу және оның түрлері.
Экономикалық өсу түрлері және себептері.
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары
Дәріс мән-мәтіні
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
- Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
- Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
- Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
- Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
- Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның бос уақытының көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: |
Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
|
|
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.
Елбасы Нурсылтан Назарбаев биылғы Қазақстан
халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың
бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік экономикаға
интеграциялаган жағдайда ғана қол жеткізе
алатынымыздың» атап көрсітілуі ел экономикасының
жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе
жатқанын айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың
басты қортындыларын бағалай отырып, сөз
жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті
түбегейлі өзгергенін мойындау керек.
Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің
бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық
жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың
үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық.
Еркіндік пен демократияны жариялауды
өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық
қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай
көрінген бұл кезең принципті тұрғыда
өз рөлін орындады. Реформалардың басты
қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың
еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен
бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам
шегінуі ынғайнда жарияланған жаппай
ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция,
өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың
пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз
жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауздықтауға,
қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізүге,
нарықтық экономика қағидаларын қабылдау
мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық
бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және
экономиканың күйреүінен құтқарып қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен
демократияның қажеттігі жөнінде жариялаумен
ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен
ережелерін міндетті және мүлтіксіз сақтай
отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді.
Алайда, кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік
нышандары жеткілікті дамыған елдерде
монитаризм шеңберінде қолдануға болатын
қатаң бағыт біздің халқымыз бен экономикамыз
үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды.
Және де реформаторлық міндеттерді жүзеге
асыруғ а тым революциялық тұрғыда келу
шыныменде жөн болмай шықты. Прагматикалық
жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым
жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге,
сонымен бірге отандық өндірісті нақты
көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды
ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұрұға арналды.
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат
ұстанған, елдің экономикалық тынысын
нақты сезінетін және экономикалық бағытты
түзеу қажеттігін аңғарған Президент
Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған
бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық
өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын
қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың
бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық
жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі
өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді.
Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға
айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан
өзін-өзі қамтамасыз ете алатын болғанымен,
ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл
жәйт сыртқы рынокқа шығуды талап етті.
Дағдарыс қисыны бойынша рыноқ қажет еткен
өндіріс дамып, морльдық жағынан ескірген
техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз
өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек.
Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы ресурстары
жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан
экономикасы мемлекеттік бюджет пен ірі
кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін
айтарлықтай ауқымды ресурстарды қажет
етті.
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі
ірі өндірушілердің біріне айналды және
әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар
позициясы бойынша алдыңғы лектегі 10 елдің
қатарына кіреді. Мемлекеттің таяудағы
10 жылға арналған сратегиялық міндеттерінде
республиканың экономикадағы дәстүрлі
басымдықтарын барынша пайдалану қажеттігі
міндеттелген. Бұл арада әңгіме табиғат
байлығы мен минералдық шикізат қоры жөнінде
болып отыр. Қазақстан олардың кейбірінің
абсолюттік қоры бойынша да, өндіру бойынша
да, соның ішінде халықтың жан басына шаққанда
жүниежүзінде бірінші орынға ие.
Қазақстан әлемдік және минералдық шикізат
кешеніндегі өзінің күшті позицияларын
сақтай алады және солай етуі тиіс. Бұл
үшін руданы өңдеу мен метал балқыту жөніндегі
қазіргі заманғы технологиялардың дамуын
қамтамасыз етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық,
тау-кен ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005
жылдары кен металлургия кешеніне инвесторлардың
жылына 2 млрд. доллар және одан да артық
көлемде инвестициялар салуы көзделінген.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік
инвестициялар экономикалық қайта құруға
жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді.
Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік
инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда
өсімге қол жетті, бұл да экономиканың
жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды
фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында
біржақтылыққа жол бермеуі керек.
Қазақстанның өзара қатынастардың жаңа
класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң.
Егер республиканың шикізат рыногына
қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер
рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан,
инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық
компаниялардан тұратын кедергілер бар.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа
Индустриялық-инновациялық бағдарламасын
жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты
қарауы керек болады.
Қазақстанда жоғары сапалы болат пен арнаулы
қорытпалардың қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық
дамудың басым бағыттарының бірі бола
алады. Талдаулар көрсетіп отырғанындай,
жаңа материалдардың пайда болуына қарамастан,
әлемде болаттың беріктігі жоғары тат
баспайтын, подшипниктік түрлеріне қажеттілі
өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың жаңа
түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың
болжамына қарағанда, таяудағы жылдары
болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс
есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік
болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт
жоғарылай алады.
Өз өнеркәсібінің көтеріліп жатқанына
қарамастан Қазақстан темір, хром, марганец
рудаларын үлкен көлемде сыртқа, нң алдымен
Рессей зауыттарына жөнелтуді жалғастыруда.
Республиканың елеулі резервтерінің бірі
болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде
мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту
болып табылады. Жалпы метеллургияның
дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары
сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар
шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан
астам табыс әкеле алады.
Әлем деңгейінде 215-ке жуық мемлекет бар
екенін ескерсек, оның алдаңғы шептегі
елеуінің санына қосылу біздер үшін бұл
асқақ арман. Оған жету шебер басқару жүйесін,
терең білімді, жоғары біліктілікті, жан-жақты
дайындықты, қажымас еңбекті, үлкен ізденістерді
талап етеді. Алдағы елдер біздер қатарына
қосылсын деп күтіп тұрмайды. Сондықтан
ад біздер осы арманға даму қарқынын жеделдетіп,
уақыт ұтқанда ғана жетеміз.
1999-2004 Қазақстанның ішкі ұлттық өнімі
60% жуық өсті. өсу қарқыны жағынан біздер
ТМД елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс
Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз. Шама
бойынша енді 2-3 жыл ішінде ұлттық ішкі
өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1
Қазақстан 2 Қазақстан болады деген сөз.
Бір кездері күрделі экономикалық реформалар
жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне
олардың ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі
үшін орта есеппен 12-13 жыл керек болған,
біз осындай нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол
жеткіземіз деген үміттеміз. Яғни алған
қарқын жақсы, осының арқасында алға кеткен
елдермен ара қашықтықты азайтамыз деген
жоьаның негізі бар. Бұл қарқын қолданып
отырған саясаттың дұрыстығын растайды.
Сонымен қатар осындай дамуға бізге Алла
сыйлаған жер байлығының да көмегі молынан
тиіп отырғанын мойындауымыз керек.
Адам басына шаққанда ІЖӨ бізде 2004 жылы
2700 долларға жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге
жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш 3207 доллар
ал 2007 жылы 3800 доллар болады деп жобаланып
отыр. Осы маңызды көрсеткіш бойынша біз
Түркияның, көптеген Азия елдерін, Ресейден
басқа барлық ТМД елдерін басып оздық,
Шығыс Еуропа елдеріне біршама жақындадық.
Дегенмен, жоғарыда аталған ұлттық байлықтың
адам басына шаққан мөлшері жөнінен біз
көптеген дамыған елдерден әлі тым қашықтамыз.
Мысалы, осы мөлшер әлем елдері алдында
келе жатқан Сингапурда 30 мың доллар шамасында
болса алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына
қосылуға жақын Венгрияда 14 мың доллардан
артық. Яғни біздің адам басына табысымыз
осы елдерден 5-10 есе төмен, еңбек өнімділігі
де осыған сәйкес төмен
Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында елдің экономикалық өсу жолдарына талдау жасалған
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Үкімет Мәжіліске Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.
Мәжіліс депутаттары бұл құжатты ел бюджетін қарау кезінде негізге алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елдің 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген.
Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарларын және 2010-2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеуге негіз болып табылады.
Аталған құжатта елдің
экономикалық өсу жолдарына талдау
жасалған. Атап айтқанда, 2000 жылдан 2007
жылға дейін Қазақстан
Экономика өсуінің баяулауы 2007 жылдың екінші жартысында басталды. 2007 жылдың қорытындылары бойынша ЖІӨ-нің нақты өсімі 8,9 пайызңға төмендеді.
2008 жылдың екінші жартысында
әлемдік қаржы және тауар
Ірі қаржы институттарының банкротқа ұшырауы мен биржалық баға белгіленімінің төмендеуіне әкеп соққан әлемдік қаржы нарығындағы кезекті тұрақсыздық толқыны әлемдік экономиканың баяулауына ұласты.
Егер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында ЖІӨ-нің нақты өсімі 5,7 пайызды құраса, екінші жарты жылдығында - бағалау бойынша 1,4 пайызды құрады. 2008 жылы Статистика агенттігінің деректері бойынша ЖІӨ-нің нақты өсуі 3,3 пайызды құрады.
Қазақстан экономикасы өткен жылдың соңынан бастап негізгі саудадағы серіктес елдер экономикасының баяулауының, соның салдарынан Қазақстанның экспорттық өнімдерге сұраныстың қысқаруының жағымсыз әсерін өзінде сезеді.
Өндіріс көлемдерінің қысқаруы байқалады. 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі (9,5 пайызға) сияқты, электр энергия, газ және суды бөлуде де (6,5 пайыз) төмендеуі есебінен өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,7 пайызға қысқарды.
Құрылыста белсенділіктің төмендеуі байқалады, оның көлемі 10,9 пайызға қысқарды.
Нақты ЖІӨ бағалау бойынша 2009 жылдың бірінші жарты жылдығында 2,3 пайызға дейін төмендеген.
Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.
- Экономикалық цикл және оның кезеңдері.
- Жұмыссыздықтың мәні мен түрлері.
Жұмыссыздықтың зардаптары.
- Инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдары.
- Инфляция түрлері. Инфляцияға қарсы саясат.
Мақсаты: Экономикалық цикл және оның кезеңдерін, жұмыссыздықтың мәні мен түрлері, оның зардаптарын, инфляция түсінігі және қазіргі кездегі инфляцияның салдарын, инфляция түрлері, инфляцияға қарсы саясат туралы студенттерде түсінік қалыптастыру.
Негізгі терминдер мен түсініктер
Дағдарысқа қарсы саясат, Жандану,Рецессия (дағдарыс), Стагфляция, Тоқырау, Экономикалық цикл, Жасырын жұмыссыздық; Жұмыссыздық; Құрылымдық жұмыссыздық; Филлипстің қисық сызығы; Фрикциондық жұмыссыздық; Циклдық жұмыссыздық.
Дәріс мәнмәтіні
Техникалық прогрес пен
адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық
экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер
әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне
қарай белгілі ырғақ пен
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
- Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
- Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
- Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
- Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
- Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
- Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы:
- Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
- Инвестициялар өседі.
- Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
- Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
- Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
- Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
- Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
- Тауарлардың бағасы өседі.
- Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
- Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.
Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
14.1. кесте
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар |
Тоқырау фазасында |
Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты |
Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. |
Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2. Фискальдық саясат |
Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. |
Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты |
Жалақыны өсіру. |
Жалақыны төмендету. |
4. Мемлекеттік инвестициялар |
Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. |
Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: |
Шаруашылық белсенділігін ынталандыру |
Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері |
Ұзақтылығы |
Себептері, ерекшеліктері |
1. Дж.Китчиннің қысқа толқындары» |
2-4 жыл |
Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
2. К.Жуглярдың «орташа |
10 жыл |
Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
3. Кузнецтің циклдары |
18-25 жыл |
Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты |
4. Н.Д.Кондратьевтің «ұзын |
40-60 жыл |
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. |
5. Форрестердің циклдары |
200 жыл |
Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
6. Тоффлердің циклдары |
1000-2000 ж. |
Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.
Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.
Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

- Жамбыл менің атам
- Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы
- Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы
- Жанажол кен орны
- Жанама және тікелей салыққа сипаттама
- Жанама және тікелей салыққа сипаттама
- Жанама және тікелей салыққа сипаттама
- Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
- Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
- Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша
- Жалпы түсіндірме қағазы
- Жалпы ұлттық өнім
- Жалпы ұлттық өнім
- Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ)