Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы



Жоспар

Кіріспе              6

1 .Нарықтық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылыгы өндірісінің дамуы

1.1.              Ауыл шаруашылығы өндірісінің даму деңгейі              9

1.2.              Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың
негіздері              14

1.3.              Нарықтық жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқару
жолындағы нарықтық механизмнің рөлі              17

2.              Жамбыл облысы Жуалы ауданының табиғи-экономикалық көрсеткіштерін
талдау

2.1.  Жуалы ауданының табиғи-климаттық жағдайын талдау              21

2.2.  Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін
талдау              30

3.              Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы   өндірісінің даму
тұрақтылығының стратегиясы

3.1.              Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекет тарапынан реттеу              40

3.2.              Ауыл    шаруашылығы    өндірісінің    бэсекелестік    деңгейін    арттыру
жолдары              43

3.3.              Ауыл   шаруашылығы   өнімдерінің   сапасын   арттырудағы   маркетингтің рөлі              51

3.4.              Жамбыл облысы Жуалы ауданының болашақтағы даму жоспары              56

Қорытынды              64

Қолданылған эдебиеттер              67



К І Р І С П Е

 

Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы нарықтық қатынастардың дамуына орай ауыл шаруашылығының кейбір мәселелерінің күрделене түсуімен сипатталады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы жолдауында «Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту, мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар элуетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғарғы маңызды, табысты саласы болуы тиіс» - деп ауыл-селоның жалпы ел экономикасында атқаратын рөлін атап көрсетті. [1 ].

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылы-ғын анықтайтын факторы болып келді және әлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор әлеует пен үлкен қорға ие. Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайлары қоңыржай жылы белдікте барлық дерлік дақылдарды өсіруге және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканы егжей-тегжейлі білуімен қатар, қазіргі таңдағы өркениетті елдердің өсіп-өркендеу жолдарын жан-жақты түсінетін, әрі айрықша ынтамен қызмет ететін мамандарға байланысты.

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды ескере отырып, экономиканы жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осындай күрделі іс-шараларды шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі - өндірісті, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықтық-экономикалық қатынастарды дамыту, оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру.

Басқару тиімділігі өндірістің технологиялық деңгейіне сонымен бірге кадрлар сапасына да байланысты. Кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты -өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жэне тауарлар мен қызметтерді өткізу, кәсіпорынның негізгі іс-әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру. Кез келген кәсіпорынның жұмысының тиімділігін арттыру үшін, өндіріс қүралдарын толық пайдалануы, сыртқы ортамен байланыста болуы, еңбек бөлінісі тәртібін қатаң сақтауы тиіс. Сонымен бірге тиімді басқару арқылы сапалы өнім шығарып, оны ұтымды жолдармен өткізу, яғни өткізуді басқару керек.

Басқару тиімділігін жетілдіру жолында мынандай нақты қызметтер орындалуы тиіс.

- кәсіпорынның даму болашағын болжай білу және алдағы мақсатты дұрыс таңдай білу;

- ресурстарды даярлау және тауарлар өндіру мен қызметтер ұсынуды
ұйымдастыру;

- кадрларды дұрыс іріктеу және орналастыру;

- билік жүргізу және басқа іс-әрекеттерді үйлестіру;

- кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау.

Осы қызметтерді орындаумен бірге, ауыл шаруашылығының сала ретіндегі өзгешелігіне   байланысты   ауыл   шаруашылығын   басқарудың   белгілі   бір [ерекшеліктері ескерілуі тиіс. [3. 30-41].

Ауыл шаруашылығын басқару тиімділігін  арттыру арқылы аграрлық бизнестің нәтижелері жоғарылайды, яғни белгілі бір тауарға сұранысты қалыптастыру, тұтынушылардың талап-тілектерінен шығу жүзеге асады. Сонымен бірге нарықтық қатынастарға лайықты басқарудағы  соңғы әдіс-тәсілдерді қолдану, оның ішінде жаңарту негізінде басқару, тұтастай жаңа стратегиялар әзірлеу негізінде басқару және жедел шешімдер   қабылдау негізінде басқару.



Ауыл шаруашылығы өндірісі еліміздің экономикасының аса маңызды табысты саласы болуы тиіс. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы өндірісін басқару тиімділігін арттыру және үздіксіз жетілдіріп отыру ұлғаймалы ұдайы өндірісті ұтымды жүргізудің алғышарты ретінде аса маңызды. Ол ресурстарды тандау кезінде балама нұсқаларды анықтау үшін қолданатын сапалы бағалау көрсеткіші болып табылады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Жамбыл обылысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясына арналады. Дипломдық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. 1 бөлімде нарықтық экономика жағдайындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуының теориялары. 2 бөлімде Жамбыл облысы Жуалы ауданының табиғи-экономикалық көрсеткіштерін талдаудан тұрады. 3 бөлімде ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекет тарапынан реттеу, бәсекелестік деңгейін арттыру жолдары және өнімдердің сапасын арттырудағы маркетингтің рөлі және Жуалы ауданының болашақтағы жоспарынан тұрады.

 


1. Ауыл шаруашылығы өндірісін жетілдірудің теориялық негіздері

1.1. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі келелі мәселелер

Ауыл шаруашылығы халық шарашылығының, аграрлық өнеркэсіп кешенінің ең басты саласы, өзекті буыны болып табылады. Елімізде аграрлық-өнеркэсіптік кешен барған сайын ауыл шаруашылығының табиғи бөлігіне, жетекші буынына айналуда. Ауыл шаруашылығы қоғамдық материалдық өндірістің ерекше саласы болғандықтан, ауыл шаруашылығының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.

Ауыл шаруашылығында қоғамдық еңбектің, күн энергиясын, табиғи жағдайдың әсер етуші күштерін және өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер өнімінің биологиялық процестерін пайдаланудың әсерінен адамның мүдделері үшін қолданылатын органикалық заттардың кебею процесі болады. Бұл процесс тек ауыл шаруашылығына тэн. Ауыл шаруашылығында ұдайы өндірістің экономикалық процесі табиғи процесімен тығыз байланыстырылады. Ауыл шаруашылығының басқа материалдық өндіріс салаларынан негізгі өзгешелігі осында. Сонымен қатар табиғат заңдарының, өсімдіктер мен жануарлардың ұдайы өндірісінің биологиялық заңдылықтарының да эсерін ескеру қажет. [3 46-58].

Ауыл шаруашылығы өндірісін басқарудың ұйымдастыру жүйесін қайта құрудың ең басты мақсаты - оның салаларының әлі күнге дейін сақталып отырған кейбір қажетсіз пунктерін жою. Ауыл шаруашылығы өндіріс процесі өзара байланысты негізгі бес сатыдан қалыптасатынын атап өту қажет, олар:

        ауыл шаруашылығы мен басқа да салалар үшін өндіріс қүрал-жабдығын өндіру және өндірістік қызметтер көрсету;

        ауыл шаруашылығы өндірісі: ауыл шаруашылығы өнімін дайындау,
тасымалдау, сақтау, ұқсату;

          азық-түлік;

          ауыл шаруашылығы шикізатынан киім, аяқ киім, талшықтар өндіру;

          кешеннің өнімін халыққа жеткізу.

Аграрлық-өнеркэсіп кешенінің экономикалық функциясы - ауыл

шаруашылығы өнімін өндіруде, азық-түлік жэне басқа тұтыну заттарын тұтынушыға жеткізу.

Ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды орналастыру еліміздің әрбір ауданының табиғат жағдайларын неғұрлым толық және дұрыс пайдалануды көздейді. Осыған орай қажетті мөлшерде және жоғары сапада тұқым алу мақсатымен белгілі бір дақылдардың тұқымын өсіретін неғұрлым қолайлы аудандырда белгілеу қажет.

Еліміздің ұлан-байтақ территориясында ауыл шаруашылығы өндірісін дұрыс орналастыру қазіргі жағдайдағы аграрлық саясатта ауыл шаруашылығын неғұрлым ұтымды да интенсивті пайдаланудың маңызды эдісі ретінде қаралады.

Ауыл шаруашылығын тиімді орналастыру мен мамандандырудың табиғи түрде жэне өзара байланысты, бірақ осы ұғымдардың әрқайсысының өз мазмұны бар. Ауыл шаруашылығын орналастыру - еліміздің территориясында өнімдерді өндіру жэне салаларды бөлу бойынша географиялық еңбек бөлінісі. Яғни, ауыл шаруашылығы дақылдарының, мал, құс және өндірісістік топтарының табиғат және экономикалық жағдайлары бойынша біркелкі территориялық таралу шекарасын белгілейді.

Ал, ауыл шаруашылығы өндірісін мамандандыру жекелеген экономикалық аудан, аймақ, шаруашылық, ішкі шаруашылық бөлімшелердің өздерінің күш-жігерін тауарлы өнімнің кэсіпорынның немесе кэсіпорынар тобының өндірістік құрылымын сипаттайтын бір немесе бірнеше түрлерін жұмылдыруға байланысты. [5. 78-94].

Ауыл шаруашылығын ғылыми негізделген түрде орналастыру және дұрыс мамандандыру республика, облыс, жекелеген аймақ, аудан шаруашылықтары және олардың бөлімшелерінің шегінде жүзеге асырылады. Сондықтан мамандандыру аймақтық, яғни аудандық, шаруашылық аралық, ірі шаруашылық немесе ішкі салалық мамандандыру түрлеріне бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің оңтайлы көлемі әр түлі факторлармен: өндірістік бағытпен, шаруашылықтың интенсивтілік деңгейімен, техникамен жарақтандырылу деңгейше, технологиялық процестердің ерекшеліктерімен, өндірісті ұйымдастыру мен басқару формаларымен, жол шаруашылығының, байланыстың техникалық құралдарының жай-күйімен, қызметкерелердің біліктілігімен және басқа жағдайлармен анықталады.

Ауыл шаруашлығы өндірісін шоғырландыру ауыл шаруашылығын дамытудың аса маңызды заңдылықтарының бірі болып табылады. Ірі өндірістің ұзқ өндірістен басымдығы тек теориялық жағынан ғана емес, практикалық жағынан да дэлелденді. Ол - өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін шоғырландыру және белгілі бір кәсіпорында өнім алу.

Ауыл шаруашылығы өңцірсін одан әрі дамыту қажеттігі ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруға принципті жаңа көзқарасты, оны неғұрлым ұтымды мамандандыруды, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен пайдалану мақсатымен шаруашылықтардың күш-жігерімен біріктіруді объективті түрде талап етеді. Ғылым мен заман талабына сай интенсивтендірудің басқа факторлары сияқты жерді, еңбекті, техниканы, үлымды пайдаланудың жэне осы өнім көлемін артырудың жэне ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың сенімді жолы екенін білдіреді. [6.123-126].

Ауыл шаруашылығын интенсивтендіру тиімділігі өндірістік шығынның және алынған өнімнің ара салмағымен, жүмсалған қаржының тиімділігімен, өнімнің өзіндік құнының кемуімен анықталады. Өзгеріссіз шығында өнім неғұрлым көп өндірілсе, ауыл шаруашылық өндірісінің интенсивтілігі мен тиімділігі соғүрлым жоғары болады.

Интенсивтендірудің аталған бағыттарының арасында егіншілік пен мал шаруашылығының салаларын химияландыруды бөліп көрсету керек.

Өндірісті химияландыру - белгілі бір түпкі нәтиже алу үшін ауыл шаруашылығында химиялық заттарды пайдалану процесі.

Ауыл шаруашылығы мамандары мен басшыларының негізгі міндеті өзіне ісырылған саланы халық талабына сай өркендетуді қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін әр маман нарықтық экономика қатынастарына сай коммерциялық есеп, жалгерлік, өзіндік құн, баға, табыс пен шығын, тиімділік сияқты  экономикалық  ұғымдарды  терең  түсініп   қана  қоймай,   шаруашылық жағдайын  жан-жақты  сауатты  түрде  талдауы,   оның  болашаққа  дұрыс  даму жолдарын қателеспей белгілеп, дәлелдей алуға қабілетті болуы тиіс. Яғни, әрбір агроном, зоотехник, мал дәрігері, инженер тек егіншілікті, мал өсіруді немесе іеуді, техниканы біліп қана қоймай. міндетті түрде қоғамдағы өзгерістерге эсер гін экономика заңдылықтарын игеруі қажет.[7.122-137].

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мақсатымен жерге, малға, өндірістік құралдарға ие болып, бірігіп ұйымдасып жұмыс істейді. Ұйымдастыру дегеніміз белгілі бір мақсатқа жету үшін адамдарды біріктіру. Өндірісті ұйымдастыру жүмысшы күшін, құрал-саймандарды ұтымды пайдалана отырып, өндірілетін өнімнің санын, сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті өнімдер өндіру арқылы тиімді нэтижеге жету шараларының жүйесі болып табылады.

Өндірістің барлық саласында да еңбек ұжымы қызмет етеді. Ұжым мүшелерінің саны қанша болса да, олардың әрқайсысына нақты жұмыс тапсырылуы    тиіс.     Ол    үшін    жұмыстардың    түрлерін,     олардың     қалай орындалатынын, не себепті бөлінетінін жете білу керек.

Ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында өз  ерекшеліктеріне байланысты риыстардың түрлері төртке бөлінеді:

- технологиялық жұмыстар - өсімдіктер мен малдың өсу кезеңдеріне байланысты түрлі технологиялық жұмыс түрлері жер жырту, егін егу, егінді күту, ару, аналықтарды ұрықтандыру, төл алу, малды күту, бордақылау тағы да басқа сол сияқты жұмыстар жатады;

- міндетті жұмыстар - өндірістік құралдарға қатысына байланысты әр адам нгегізгі жұмысшы қатарына немесе оған қызмет ететін көмекшісі ретіндегі міндетін атқарады, ол мамандар мен басшылардың өзіне тиісті міндеті болады;

- кәсіптік жұмыстар, негізгі жұмысшылар өз кәсіби мамандығы бойынша тракторшы, комбайнер, сауыншы, тағы басқа кәсіптік қызмет атқарады;

- мамандану   дәрежесін   қажет   ететін   жұмыстар   -   кейбір   жұмыстарға мамандану деңгейінің жоғарғы дәрежесі қажет, мысалы  1-класты тракторшы, жүргізуші тағы басқа жоғарғы дәреже жұмыстың сапалы орындалуына әсер етеді.

 

 

1.2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін

арттырудың негіздері

Ауыл шаруашылығы көптеген өнеркәсіп пен өндеуші кәсіпорындардың өндірісі үшін шикізат көзі болып табылады. Бірақ аграрлық сектордағы жүргізілетін реформа негізінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші мен өңдеуші кәсіпорындар арасында қарым-қатынастарды жетілдіруді қажет етеді.

Ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын кэсіпорындар арасында экономикалық қатынастарды жетілдіру үшін облыс пен аудан деңгейіндегі ауыл шаруашылық кооперацияларын дамыту қажет, яғни шаруашылықты басқаруға басты назар аудару керек. [8.65-89].

Облысымызда көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындар орналасқан, бірақ қаржы мен шикізат көздерінің дер кезінде бейімделмеуіне байланысты жүмыс тоқтап тұр. Сондықтан тауар өндірушілер кооперациясын құру мынандай мэселеледі шешу мақсатында жұмыс істеуі қажет:

        ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер кооперациясы мен
интеграциясын дамыта отырып,  өңдеуші кэсіпорындар үшін  шикізат қорын қалыптастыру;

        ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен өңдеуші кәсіпорындар
арасындағы өндірістік-шаруашылықтық байланысты нығайту;

        өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдерінің арасындағы
баға теңсіздігін жою мақсатында баға белгілеу әдістерін жетілдіру;

        ауыл шаруашылығы шикізаттарын және өңдеуші кәсіпорындардың мүмкіндігін пайдалану;

        ауыл шаруашылығы өндірісіне қажетті ресурстарды кәсіпорындар арасында рационалды орналастыру;

          сонымен қатар кәсіпорындар арасында коммерциялық дамытудың
ғылыми негізделген тиімді жақтарын, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін келісім шарттарды әзірлеу жэне шараларды дамыту.

Жалпы өндіріс тиімділігі - экономикалық категория, ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуын көрсетеді. Осының нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік процесті қамтамасыз етеді.

Тиімділіктің басты мәселесі, нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін, тұтыну қүнын өндіру кезінде ресурстарды жоғары деңгейде үнемдеу. Бұл жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқықтық нормативті актілермен анықталып, өндірістің табыстылығының есебінде жүргізіледі. [8.43-56].

Жалпы тиімділік ұғымы ағылшын тілінен аударғанда іс-әрекет, нәтиже мағынасын білдіреді. Тиімділік - үлғаймалы ұдайы өндірісті үтымды жүргізудің алғышарты. Ол ресурстарды таңдау кезінде балама варианттарды анықтау үшін қолданылатын сапалы бағалау көрсеткіші болып табылады.

Тиімділік факторлары мынандай түрлерге жіктеледі:

    өндірістің шартты табиғи, топырақ, климат, экономикалық, бағалар мен тарифтер,    несиелер,    салықтар,    дотациялар,    бюджеттен    алынатын қаржылар, еңбекті ынталандыру, әлеуметтік жағдайлар.

    материалдық жэне еңбек ресурстары;

    өндіріс шығындары;

    өндіріс процестерінің технологиясы жэне оны ұйымдастыру;

     нарықтық факторлар.

Сонымен қатар, ол өндіріс резервтерін анықтау, өндіріс құрылымының қалыптасуын жалпы және тікелей бағалау кезінде қолданылады. Тауар - ақша қатынасы жағдайында өндірістің тиімділігін, ұтымды экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Осындай ұтымды тиімділік кәсіпкерлік қызметтің мақсаты ретінде және кез    келген ұйымдық-құқықтық шаруашылықтың тиімді жұмыс істеп, ксңейтілген өндіріс жүргізу жолындағы қажетті шарты болып есептеледі. Сонымен қатар, ол материалдық өндірістің барлық буынында ғылыми -техникалық прогрестің дамуы үшін зор экономикалық қозғаушы күш болып табылады және тұтыну құнының сапасын жақсартады.[8.63-78].

 

1.3. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді басқару жолындағы нарықтық механизмнің рөлі.

Өндірістің тиімділігін артыру үшін эрбір кэсіпорын ең алдымен өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыруға, яғни түсетін ақшалай табысты жүмсалған шығындармен салыстырып отыруға, сөйтіп рентабельді жұмыс істеуге тиіс. Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін үнемі әрі терең талдау жасап отыру қажет. Терең талдау жасау үшін аграрлық кәсіпорындардың басшылары коммерциялық есептің мынандай принциптерін ескеру қажет:

1.     Өнім  өндіруге  жүмсалатын   шығынның  өткізлуі  жэне  тауарлы   өнімді
өткізілуден түскен табыс оның өзіндік қүнынына асып түсуі үшін сату
бағасының жоғары болуын қаматамысыз ету;

2.     Кәсіпорынның басқа өндірушілерімен бәсекелестігі, өнімнің, сапасы бағасы
қызыметпен өнімнің түрлері бойынша бәсекелестікке төтеп беріп, озып
шығу;

3.     Барлық қызметкерлердің, өндірісітің нэтижелі болуына ынталығы еңбекке
негізгі ақы төлеу, қосымша ақы төлеу, сыйлық беру арқылы жүзеге асады,
ал ондай эдістер рентабельді шаруашылықта ғана қолданылады.

4.     Өндірісте   бақылау   жүргізу   нәтижелерді   ақшадай   формада   өлшеуге
негізделген және оны басшы қызметкерлер жүзеге асырады.

Осы аталған принциптер орындалу үшін нарықтық механизм қалыптастыру қажет. Нарықтық механизм факторлары - өнім (тауар), бәсеке, баға және нарық.[9.49-57].

Бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықтық ортаны қалыпты жағдайда ұстап түру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдай да тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

Нарықтық экономика жағдайында ескеретін маңызды жэйт -ол өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншік жэне кэсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықтық экономикаға сай экономикалық мәні болмайды. Нарық жағдайында бэсеке күресінің бірнеше түрлері болады:

а)              таза бэсеке

б)              монополиялық бэсеке

в)              олигополиялық бэсеке

Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілмеген бэсеке (ол нарықтық бағаға қатынастардың ешқайсысы да эсер ете алмайтын жағдайда болады) жэне жетілмеген бэсеке (ол егер белгілі бір тауардың негізгі массасын тек қана бірнеше ірі фирмалар өндіретін жағдайда болады) деп те бөледі. Енді жоғарыда көрсетілген бэсеке түрлеріне кеңірек тоқталайық.

Таза бэсеке нарығын бір біріне ұқсас тауарлардың көптеген сатушалар жэне сатып алушылар қүрайды, олардың бірде-біреуі жеке дара сүранысқа бақылау орнатуға, нарыққа тауар жеткізу немесе оған баға қою да үстемдік жасай алмайды. [9.77-98].

Олигополиялық (грекше «олигас» - көп емес, «полео» - сатамын) бэсеке нарығында баға белгілеу саясаты мен маркетингтік стратегияға аса сезімтал аз ғана сатушылар тобы қүрайды. Олигополиялық нарықтың қатысушыларының көп болмауы көбінесе ондай нарыққа ену жағдайының қиындығымен байланысты.

Таза монополия жағдайында жеке кэсіпорындар бэсекелестердің болмауына байланысты өздерінің дара үстемдігін орнықтыруға тырысады. Монополист кэсіпорындар өздерінің экономикалық үстемдігін шаруашылық шарт жасау, бір өзі ғана өнім шығара отырып оны жоғары бағамен сату арқылы жүзеге асырады. Жасанды монополизмен күресу үшін бір-бірімен байланысты екі мақсатты жүзеге асыру керек: экономиканың монополиялық қүрылымын жою, заң жүзінде - монополияға қарсы саясатты белсенді түрде іске асыру. Бүл

арада ескеретін жәйт - монополияға қарсы заңдылық кэсіпкерлерге экономикалық емес жолмен жасалатын қысым қаруына айналуы керек. Себебі, дамыған нарықтық қатынастар жоқ кезде монополизмге қарсы күрес экімшіл-эміршілдік жүйенің сақталуына жэне күшеюіне жақсы бүркеме болуы мүмкін. Қорыта айтқанда, экономикадағы монополиялық үстемдікті жоймай, нарықтық экономиканы дамыту мүмкін емес.

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық қүрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі жэне мэнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметрлерімен де айқындалады. Агробизнес кешені нарықтың эр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс-қимылын білдіреді. Соның нэтижесінде фирмалардың бэсекелестік бейімділігінің эр түрлі үлгілерін танытады. [10.144-167].

Ауыл шаруашылығы өндірісі нарығының бір қатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: ауыл шаруашылығы - нарықтық қүрылым мен қарым-қатынас жүйесі элі де сақталған, еркін бэсекелестік нарығына барлығынан жақын түрған үлттық масштабтағы жалғыз жэне соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:

Біріншіден, ауыл шаруашылығы нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп.

Екіншіден, еркін бәсеклестік нарығы болып саналатын ауыл шаруашылығы нарығының белгісі ретінде эрбір жекелеген өндірушінің бағаға эсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға эсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Еркін бэсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі - өнімнің біртектілігі жэне қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бүл астық бір сорттағы жэне сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Еркін бэсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі - бэсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың нарыққа келуі үшін кэдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы.

Нарыққа кіру барьері эр - түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық жэне монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуатты өндірісте шығындарды азайту жэне өнімнің бэсекелстікке бейімділігін арттыру.

Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай барьер ауыл шаруашылығында жоқ. [10.56-87].

 

 

 

 




-мамандану   дэрежесін   қажет   ететін   жұмыстар   —   кейбір   жұмыстарға шандану деңгейінің жоғарғы дэрежесі қажет, мысалы  1-класты тракторшы, эгізуші тағы басқа жоғарғы дэреже жұмыстың сапалы орындалуына эсер етеді.

 



Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы