Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ)
Атырау мұнай және газ институты Мамандық: 5В050800 «Есеп,аудит және сервис» Топ: ЕжА-11 қ/б
Бекесова Ж.С
КІРІСПЕ.......................
Негізгі бөлім:
I. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ (ЖҰӨ).........................
1.1 Жалпы
ұлттық өнім түсінігі..........
1.2 Нақты
және атаулы жалпы ұлттық өнім.
II. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ.......15
2.1 Аралық
өнім және қосымша қосылған
құн...........................
2.2 Жалпы ұлттық өнімді шығындар,
табыстар бойынша есептеу ..............................
2.3 ЖҰӨ дефляторы.................
III. Қазақстан Республикасындағы
ЖҰӨ...........................
3.1 Қазақстан Республикасындағы
жалпы ұлттық өнім көрсеткіші....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды.
Жалпы ұлттық
өнім экономикадағы бір жылғы
барлық тауар мен қызмет көрсетудің
түпкі өндіріс көлемінің
Жалпы ұлттық
өнім — экономика жағдайын сипаттайды,
себебі адамдар аз табыстарға қарағанда
үлкен табыстарды көбірек қалайды.
Яғни өндіріс тауарлары мен
Жалпы ұлттық
өнім материалдық өндірісте
Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын. Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын. Мемлекетгік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады.
Курстық
жұмыстың маңыздылығы: жалпы ұлттық
өнім — экономикадағы табыс пен
өндірістегі шығын көлемін
I . ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ
- Жалпы ұлттық өнім түсінігі
Кез келген
ғылым сияқты макроэкономика
да теориялардың өзара
Экономикалық
көрсеткіштер экономикалық
Жалпы ұлттық өнім
экономикадағы бір жылғы
Жалпы ұлттық өнім экономика көрсеткіштерінің ең нақтысы деп есептеледі. Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық әс ірекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген. Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:
- барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы.
- өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
Жалпы ұлттық өнім — экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлтгық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып-үйренуіміз керек.
Біз жалпы
ұлттық өнімнің жалпы шығын көлемін,
сонымен бірге экономикадағы
жалпы табыс көлемін
- қоғам экономикасының жай күйін бақылау;
- экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
- мемлекеттік саясатты қалыптастыру.
Жалпы ұлттық өнім БҰҰ-ның методология бойынша статистикалық органдары есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. Жалпы ұлттық өнім өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың амортизациясын, материалдық өндіріс саласының таза өнімін және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табыс енгізіледі.
Жалпы ұлттық
өнім көмегімен еліміздің
Жалпы ұлттық өнімнің белгілі модификациясы – жалпы ішкі өнім көрсеткіші болып табылады. Ол белгілі бір ел шенберінде кәсіпорындар мен қызметкерлердің ұлттық азаматтық сипатына байланыссыз өндірістік қызметінің нәтижесін қамтиды. Жалпы ұлттық өнім жаопы ішкі өнімнен сол елдің ресурстарын шет елде пайдаланудан түскен табыстар сомасында (проценттер, дивиденттер, жалақы және т.б.) көп болады. Мысалы маусымды жұмысшылардың жалақысы жұмыс істеп жүрген елдің жалпы ішкі өнімінде есептеледі және олардың тұрақты тұратын елінің жалпы ұлттық өнімінде де есептеледі.
Жалпы ұлттық өнім ағымдағы, рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылту керек, таразылау керек, яғни баға индексін қолдану керек, сөйтіп жалпы ұлттық өнімнің нақты құнын білуге болады.
Гипотекалық экономикада, мұнда тек нақты өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ-ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығынын қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.
Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағаларымен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз етеді, үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрлерін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет есебі үшін, ЖҰӨ-нің құрылымына өздері өзіне "төлейтін", "жалдау ақысы" енгізілді. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелінген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады. Мысалға, тұрғындарға әкімшілік, полиция және өрт сөндірушілер қызмет көрсетеді. Осы көрсетілген қызмет құнын бағалау қиын, себебі олар сатылмайды және нарық бағасын иемденбейді. Жалпы ұлттық өнім құрамында осы мемлекеттік жұмысшылар өнімінің құнының көрсеткіші олардың жалақысы болып табылады. Көптеген жағдайларда осы тәріздес есеп өте қажет, бірақ ол практика түрінде жүзеге асырылмайды. Яғни, жалпы ұлттық өнімде арнайы есептелінген құн — жалға берілген жеке үйлер, машиналар және ұзақ қолданылатын тауарлар іс жүзінде жасалынбайды. Осымен қатар кейбір тауарлар үйде жасалынып, үйде қолданылады, олар нарықта болмайды. Мысалға, үйде дайындалған тамақтың, ресторанда дайындалған тамақтан айырмашылығы жоқ болса да тамақты дайындау барысындағы қосылған құн жалпы ұлттық өнімге енгізілмейді. Сондай-ақ жалпы ұлттық өнімге заңсыз дайындалған және сатылған тауарлардың, мәселен есірткінің бағасы енгізілмейді. Яғни, арнайы есептелген құн есебінің тәсілі жүзеге асырылмаса, көптеген тауарлардың бағасы мен көрсетілген қызмет бағасы мүлдем жалпы ұлттық өнімге енгізілмесе, онда жалпы ұлттық өнім - экономикалық қызметтердің нақты көрсеткішінің нәтижесі бола алмайды.
Жалпы ұлттық өнім көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — наркобизнес, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.
Жалпы ұлттық
өнім тұрғындардың әл-ауқаттылығының
өсуін сипаттайтын дәл
1.2Нақты және атаулы жалпы ұлттық өнім
Жалпы ұлттық өнімді номиналды және нақты деп айырады.
Номиналды (атаулы) жалпы ұлттық өнім – сол жылғы ағымдағы бағамен есептелген тауарлар мен қызмет көлемі.
Нақты жалпы ұлттық өнім – баға өзгерісін ескеретін немесе базалық бағамен есептелген жалпы ұлттық өнім көлемі, сонымен қатар инфляция немесе дефляцияны (номиналды жалпы ұлттық өнім инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.
Нақты жалпы ұлттық өнім көлемінің қозғалысы циклдық маусымдық ауытқуларға байланысты. Кейбіреулері өндірістік пайыздық ерекшеліктерімен байланысты: мәселен, жылдың суық кезінде үй құрылысын жүргізу көптеген қиындықтар әкеледі, сонымен қатар, жыл мезгіліне байланысты адамдардың қалауы өзгереді.
Номиналдық жалпы ұлттық өнімді нақты жалпы ұлттық өнімге келтіру үшін екі индекс қолданылады. Тұтынушылық бағалар индексі және жалпы ұлттық өнім дефляторы.
Номиналды ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ = баға индексі
Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ x ЖҰӨ дефляторы
Жалпы ұлттық
өнім 90-шы жылдардың басында АҚШ-та
ағымдағы бағада 5570 млрд. долл. құрады,
ал тұрақты бағада (1982 жылы) – 4254 млрд.
долл. болды. Баршаға белгілі жай,
егер жалпы ұлттық өнімнің жыл
сайынғы нақты өсімі 4%-дан асса,
онда экономиканың жағдайын дұрыс деп
санауға болады, ал жалпы ұлттық
өсімнің нақты өсімі 4%-дан аз болса,
онда дабыл қағуға болады: бұл кезде
өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп,
экономика тұрақсыздыққа
Номиналды және нақты жалпы ұлттық өнімді дұрыс түсіну үшін оны мысал ретінде қарастырайық: апельсин мен алма өндіретін экономика. Жалпы ұлттық өнім өндірілген алма мен апельсиннің құнына тең:
ЖҰӨ = (алма бағасы х алма саны) + (апельсин бағасы х апельсин саны)
Жалпы ұлттық өнім өлшемі осы алма мен апельсиннің бағалары немесе санының өсуінен жоғарылайды. Осындай жолмен есептелген жалпы ұлттық өнім экономика жағдайының тура әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Ол тұтынушылар, фирмалар мен мемлекет сұранысын қанағаттандыру мүмкіндігін тура сипаттамайды.өндірілген өнімнің құны 2 есе жоғарыласа, ал саны өзгермесе, онда жалпы ұлттық өнім де 2 есе көбейеді. Сонымен бірге 2 есе бағасы өскен тауардың саны өзгермей қалса, онда тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі 2 есе өсті дегеніміз қате. Жалпы ұлттық өнім құрамында тауар мен көрсетілген қызметтердің бағасы ағымдағы бағамен есептелсе, онда олар атаулы жалпы ұлттық өнім деп аталады. Экономика жағдайын нақты көрсету үшін, экономикада өндірілген тауарлар мен қызмет саны баға өзгерісінің әсеріне тиісті болмауы керек. Нақты жалпы ұлттық өнім көрсеткіші осы мақсатты көздейді, мұнда тауарлар мен қызмет құны тұрақты бағалармен өлшенеді.
Жалпы ұлттық өнім нақты көлемінің есебі үшін базисті жыл, мәселен 1982 жыл таңдалады. Содан кейін барлық тауар құны 1982 жылғы құнмен есептелінеді және жинақталады. Сонымен, біздің алма-апельсин экономикамыз үшін нақты жалпы ұлттық өнім 1990 жылда былай болады:
Нақты ЖҰӨ = (алма бағасы 1982жылы х алма саны 1990жылы) + (апельсин бағасы 1982жылы х апельсин саны 1990 жылы)
Яғни, баға тұрақты болғандықтан, жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің шешіміне алма мен апельсин өндірісі көлемінің өзгерісі ғана әсер етеді. Сондықтан, нақты жалпы ұлттық өнім – бұл базисті жылдағы өндірілген өнім бағасының жиынтығы (яғни 1982 жыл). Халықтың материалдық тұтыну қанағаттануының дәрежесі өндірілген тауарлар мен қызметтерге тәуелді болса, онда атаулы жалпы ұлттық өнімге қарағанда, экономика жағдайының тура көрсеткіші нақты жалпы ұлттық өнім болып табылады.
II. ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМДІ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ
2.1 Аралық өнім және қосымша қосылған құн
Жалпы ұлттық
өнім көлемін өлшеуде батыстық экономистер
мен статистика қоғамдық өндірістің
ұлғаймалы концепциясына
Аралық өнім және қосымша қосылған құн әдісі. Жалпы ұлттық өнім белгілі уақыт кезеніңдегі қоғамның қарамағындағы игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Жалпы ұлттық өнім көлемі бір жылда өндірілген өнімнің ақшалай есептегендегі сомасы. Бұл көрсеткішке мемлекеттің тауарлар мен қызмет көрсетуге және жеке инвестицияға шығындары да енеді. Сонымен, жалпы ұлттық өнім осы әдіспен анықтағанда тауарлар сатып алу, қызмет көрсету және жеке инвестицияларға жұмсалған мемлекет шығындарының қосындысы.
Табыстар мен шығындар ағымы әдісі. Жалпы ұлттық өнім жеке адамдар мен кәсіпорындардың табыстарының сомасын құрайды (жалақы, процент, рента және пайда) және өндіріс факторларының орнын толтыру сомасы ретінде анықталады. Оған жанама салықтар, амортизация жарнасы да кіреді. Жалпы ұлттық өнім халық шаруашылығы табыстарының сомасы ретінде де анықталады.
Екі әдістің
екеуі де бірдей бағалы. Дегенмен АҚШ-тың
Сауда министрлігінің экономикалық
талдау бюросы жүргізетін жалпы ұлттық
өнімді есептеу статистикасы ең жетілген
деп айтсақ қателеспейміз. Мұнда
жалпы ұлттық өнім оқшауланбай, қайта
ұлттық есептеу жүйесінің шеңберінде
есептеледі, жалпы ұлттық өнім мен
ұлттық табыстан басқа, тамақ пен
күрделі қаржының салааралық балансын,
финанс ағыстарының балансын, ұлттық
байлық пен еңбек ресурстарының
балансын қамтиды. АҚШ-тың жалпы
ұлттық өнімі түпкі тауарлар мен
қызмет көрсеуді есепке алады, яғни жалпы
ұлттық өнімге жеке және қоғамдық тұтынуға
түсе отырып, өндіріс процесіне мүлдем
қайтып оралмайтын немесе еңбек құралдары
ретінде өндіріс саласына қайтып
оралатын өнім түрлері жатады. Жалпы
ұлттық өнім АҚШ-тың басқа елдермен
сыртқы сауда жұмыстарының қалдығын
қамтиды. Баланс беру үшін жалпы ұлттық
өнімге АҚШ азаматтарының өз елінен
тыс жерлерде өндірген өнімдерінің
бір бөлігі кіреді, ал АҚШ-та американдық
емес азаматтардың өнімдері есепке алынбайды.
Осыдан басқа жалпы ұлттық өнімге
шетелдегі капиталдың пайда, дивиденттер,
проценттер, ренталық төлемдер таза табыс
ретінде енеді. АҚШ-та алғашқыда
жалпы ұлттық өнім нақты, ағымдағы бағалармен
есептелді, алайда ол бағаға ықпал ететін
инфляциялық құбыластармен
Аралық өнім және қосылған құн әдісі бойынша есептеу әдісі. Көптеген тауарлар және қызмет түрлері жалпы ұлттық өнімде нарықтағы бағалармен есептелінеді, ал кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлері нарықта сипатталмайды, сол себепті нарықтық бағасы жоқ. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет құны жалпы ұлттық өнімге енгізілуі керек, сол үшін біз оларды өлшеуіміз керек. Осындай бағалар шартты түрде есептелінген құн деген атауға ие болады. Осы шартты түрде есептелінген құндар , мысалы, тұрғылықты ортада қызмет бағасы ретінде қолданылады. Пәтерді уақытша жалға алушы адам барлық қызмет құнын төлеп, үй иесінің табысын қамтамасыз ететін үй иесінің табысы, тұруға берген үйдің шығындары, бәрі жалпы ұлттық өнімді есептегенде осы жалдау төлеміне есепке енгізіледі. Сонымен қатар, көптеген азаматтар өз үйлерінде тұрады. Бұлар үй иесіне жалдау ақысын төлемегенімен, бәрібір олар сол көрсетілген қызмет түрін пайдаланады. Яғни пәтерді уақытша тұруға алатындар секілді. Сол себепеті, жеке үй қожайындары пайдаланатын қызмет себебі үшін, жалпы ұлттық өнімнің құрылымына өздері өзіне «төлейтін», «жалдау ақысы» енгізіледі. Әрине, олар жалдау ақысын өзіне төлемейді. Сауда министрлігі жалдау ақысы мөлшерін бағалайды, егерде олар өз үйлерін жалға берген жағдайда және жалдау ақысын төлеген жағдайда, сонымен бірге осы арнайы есептелген құн өлшемін жалпы ұлттық өнімге енгізеді. Осы жалдау ақысы үй иелерінің шығындары және табыстары деп есептелінеді. Мемлекет ұсынған қызметтер де осындай жолмен бағаланады.
2.2 Жалпы ұлттық өнімді шығындар, табыстар бойынша есептеу
Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдісі бар: елдегі жасалған өнімге шығындар сапалы болуына «шығындар ағымы» немесе өнімді өндіру «табыстар ағымы».
Экономистердің
көзқарасы бойынша, тек қана өндіріс
тауарлары мен көрсетілген
- Тұтыну (С), тауар және қызметтерді (нан, киім, көлік т.б) сатып алуға үй шаруашылығының кеткен шығындары.
- Инвестициялар (І), Станок, гимарат, үй құрылысы және тағы басқаларды алу үшін
- Мемлекеттік сатып алу (G), тауар және қызметі (мемлекеттер, аурухана, электроқуаттар және т.б) және транспорттың төлемдерге ( зейнетақы, жәрдемақы, степендия және т.б төлеуге) кететін шығындар.
- Таза экспорті (Xn), экспорт пен импорт көлемінің арасындағы айырмашылық.
Y = C + I + G + Xn
Жалпы ұлттық өнім – бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің жиынтығы, жалпы ұлттық өнім құрамындағы әрбір шығын құрауышы осы топтардың біреуіне жатады. Бұл тендік өрнек болуы – осыған кіретін айналымдардың анықтамасы әсерінен тендік орындалады. Бұл «ұлттық есепшот тепе-теңдігі» деген атау алады.
Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлінеді:
- Қысқа мерзімді қолданылатын тауарлар;
- Ұзақ мерзімді қоолданылатын тауарлар;
- Көрсетілген қызмет.
Қысқа мерзімді қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мәселен, киім және азық-түлік тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзімді тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мәселен, машиналар, кіржуатын машиналар, т.б. жатады.
Көрсетілген қызмет түріне тұтынушыларға жасалған қызмет, мәселен, шаштараз және медициналық қызмет т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға бөлінеді:
- Өндірістік капиталды салу (немесе негізгі өндірістік фактор инвестициясы жатады);
- Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
- Қор инвестициясы.
Негізгі өндірістік фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндірістік кәсіпорындар мен жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.
Тұрғын үй-құрылыс
инвестициясы – бұл тұратын жаңа
үйлер мен жалға беретін
Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады)
Мемлекеттік шығындар – үкімет тарапынан сатып алатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы жатады. Мұнда трансфертті төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кірмейді. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар жалпы ұлттық өнім құрамына енгізілмейді.
Соңғы топ
– бұл басқа елдермен сауда
жасаудың нәтижелерін көрсететін таза
экспорт. Таза экспорт тауарлар мен
көрсетілген қызметтердің экспорт
және импорт құны көлемінің айырмашылығына
тең. Тепе-теңдік жағдайында, сыртқы сауда
шеңберінде қарастырғанда экспорт
пен импорт көлемі тең болады, демек
таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда
жалпы ұлттық өнім ішкі шығындар жиынтығына
тең болады. Бірақ егерде экспорт
импорттан көп болса, онда біз
әлемдік нарыққа «нетто-
Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс жиынтығының көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнім қолданылады, одан кейбір құрауыштар арқылы ерекшеленетін басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады.
Таза ұлттық өнімді алу үші, өндірістік кәсіпорындар, жабдық және тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны өлшемін, яғни капиталдың негізгі тозу құнын есептейміз.
Ұлттық есеп жүйесіндегі келесі көрсеткіш фирмалардағы жанама салық сомасына жүргізіледі. Таза ұлттық өнімнен жанама салықтарды алып тастасақ, басқа көрсеткіш аламыз. Оның атауы – ұлттық табыс. Ұлттық табыс барлық экономика агенттерінің табыс жиынтығын көрсетеді. Ұлттық есеп жүйесінде ұлттық табыс, табыс алу тәсіліне байланысты бес құрауышқа бөлінеді. Осы 5 санат (категория), сонымен бірге әрқайсысының ұлттық табыстағы үлесі төменде пайыз түрінде көрсетілген:
- Еңбекақы (73%). Жұмысшылардың алатын жалақысы мен сыйлығы.
- Жеке меншік табыстар (70%). Кішігірім дүкендер, фермалар, т.б.
- Ренталық табыс (2%). Жылжымайтын мүлік иелерінің алатын пайдасы, оған қоса өздері өзіне «төлемейді» деп есептелінген жалдау ақысы жатады.
- Корпорация пайдасы (11%). Жұмысшылар мен несие берушілерге төленген төлемнен қалған корпорация пайдасы.
- Таза пайыз (7%). Белгілі бір елдің кәсіпорын төлемдерінің пайыздық сома мен олар арқылы алынған пайыздық сома елдердің экономикалық агенттерінен түскен пайыздық соманы қосқанға тең.
Қайталап есептеуді болдырмау үшін, жалпы ұлттық өнімге кірмейтіндер:
- Аралық тауарлар, кейін қайта өндіруге кететін өнімдер. Оған шикізат, жанармай, көмекші материалдар жатады.
- Төлемдер ( әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы, жұмыссыздыққа жәрдемақы байланысты)
- Барлық өндірістік емес келісімдер, яғни өндірілген өнімнің көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызбайтындар.
- Бағалы қағаздарды сату сатып алу жөнінде келісімдер.
- Ұсталған заттарды сатып алу
Жалпы ұлттық өнімді шығындар, табыстар бойынша есептеу
ЖҰӨ ді шығындар сомасы бойынша есептеу. |
ЖҰӨ ді табыста сомасы бойынша есептеу. | ||
Тауар ағымының әдісі |
Шығындар ағымының әдісі | ||
Жеке тұтыну шығындары |
3226 |
Тұтынылған капиталдың көлемі |
505 |
Жалпы жеке ішкі инвестициялар |
765 |
Бизнеске салынған жанама салықтар |
393 |
Тауарлар және қызметтерді мемлекеттік сатып алу |
964 |
Жалақы |
2905 |
Таза экспорт |
-93 |
Арендарлық төлем |
20 |
Жалпы ұлттық өнім |
4862 |
Проценттер |
392 |
Амортизация |
-505 |
Жеке алымдардан түскен табыс |
325 |
ТҰӨ |
4357 |
Корпорацияның пайдасына салынған салық |
145 |
Бизнеске салынған жанама салықтар. |
-393 |
Дивиденттер Корпорацияның бөлінбеген пайдасы |
98 |
Ұлттық табыс |
3964 |
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы |
79 |
Әлеуметтік сақтандыру салымдар |
-445 |
Жалпы ұлттық өнім |
4862 |
Корпарацияның пайдасына салынған салық |
768 |
||
Трансферттік төлемдер |
224 |
||
Жеке табыс(алынған табыс) |
4063 |
||
2.3Тұтыну бағасының индексі және ЖҰӨ дефляторы
Номиналдды жалпы
ұлттық өнімінің нақты ұлттық
өнімге қатынасы бағаның
Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленуі. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100 тең болады.
ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгеі туралы экономикада әр түрлі ақпарат берді. Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:
1) Жалпы ұлттық
өнім дефляторы барлық
2) Жалпы ұлттық
өнім дефляторы тек
3) Бағаның
әр түлі болуында.Тұтыну баға
индексі есептегенде, әр түрлі
тауар бағалары тұрақты
ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну баға индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарларды бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. ТБИ өзгермейтін тұтыну қаржыны қолданылыды, ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қаржыны бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мысалы Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма бағасы қатты көтеріледі. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаны жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. ТБИ өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасынан көтерілуі тұтыну бағасының индексі көрсетілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрс индексі», ал өзгеретін тауар жиынын «Поаше индексі» көрсетеді.

- Жалпы эконмика
- Жамбыл менің атам
- Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы
- Жамбыл облысындағы туризмнің даму болашағы
- Жанажол кен орны
- Жанама және тікелей салыққа сипаттама
- Жанама және тікелей салыққа сипаттама
- Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
- Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
- Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
- Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша
- Жалпы түсіндірме қағазы
- Жалпы ұлттық өнім
- Жалпы ұлттық өнім