Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І.
КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ...................
1.1
Техникалық және
кәсіби білім жүйесіне
кредиттік технологияларды
оқытудың
ерекшеліктері.................
1.2
Оқу процесін
ұйымдастырудың
формалары.....................
ІІ.
АРНАЙЫ ПӘНДЕРДІ ОҚУ
ПРОЦЕСІНДЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ...........16
2.1
Кәсіби лицейдегі
арнайы пәндерді
ақпараттандыру................
2.2
Жаңа заман
технологиясы көмегімен
болашақ мамандардың
кәсіби
қасиеттерін
арттыру.......................
2.3
Техника қауіпсіздігі..........
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
СӨЗДІК........................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде кәсіби оқыту мамандарының кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі жағынан бірқатар тәжірибелер жиналған. Қазіргі кезде кәсіби білім саяси-қоғамдық және психологиялық-педагогикалық білім саласында кеңінен өріс алады. Әсіресе, болашақ мамандарды ғылыми теория және іс-тәжірибе бағытында дайындауға зерттеулер педагогика ғылымдары жүйесінің әр саласында жүргізіліп келеді. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет [1].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында “жоғарғы білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның саналы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұны,таңдауға кеңінен мүмкіндік беру” делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани және инновация жағынан дамуындағы ролін терең зерттеуді қажет етеді [2]. Сондай қажеттіліктердің бірі- кәсіби лицейдегі арнайы пәндерді оқу процесінде ақпараттандыру.
Жалпы, кәсіптік лицей - бұл
жалпы орта білім берудің
Кәсіптік лицей қабырғасында студенттерді кәсіпке бағыттау маман тұлғаны қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы қоғамның экономикалық даму жағдайларына тез бейімделіп, еңбек нарығында өз орындарын тауып, өз іс-әрекеттерінен тұрмыстық және рухани қанағат алатын, өз қабілеттерін орынды пайдаланып және шығармашылық күштерін дамытуға белсене ат салысатын озық ойлы, елжанды мамандарды дайындау қажетті деп есептелінеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан» атты
жолдауында да Қазақстандағы
білім беру жүйесінің алдында
тұрған негізгі мәселелерге
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруде жетілдіру мен оның әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген. Соған байланыста алған білім мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.[4]
Лиссабон конференциясының «Еуропа аймағында жоғары білім мамандықтарын мойындау туралы» шешімін Қазақстан Республикасының қабылдауы республика жоғары оқу орындарының студенттеріне басқа елдердің оқу орындарында оқуларын жалғастыруға немесе бітіріп шығуларына мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қатар, республика оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуі жастардың өзіндік білім деңгейлерін көтерулеріне және өз беттерімен білім алуларына, оқу орындарын таңдауларына және білім көлемдерін кредит түрінде есепке алуларына әсерін тигізуде. XXI ғасырдың өзекті талабы кәсіби- техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарының кадрларын даярлау [1]. Осыған байланысты « Білім туралы заң» 4- тарау, 17- бабы бойынша:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі болып табылады және қоғамдық пайдалы кәсіптік қызметтердің негізгі бағыттары бойынша техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарын даярлауға бағытталған.
2. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бағдарлама мазмұнына және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қатысты техникалық еңбектің жоғары білікті мамандарын даярлауды, оларды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруді көздейді[3].
Тақырыптың мақсаты - жастарды әр кәсіптің
ерекшелігімен, олардың мазмұны туралы
толық біліммен қаруландыру, әрбір кәсіптің
олардың жеке қасиеттеріне қоятын талаптарымен
таныстырумен қатар, таңдап алған кәсібіне
деген терең қызығушылығын ояту, маңыздылығын
сезіндіру, оның қоғамдық өмірдегі әлеуметтік
беделін түсіндіру және жаңа заман технологиясының
көмегімен арнайы пәндерді ақпараттандырылған
түрде болуына қызығушылығын тудыру болып
табылады.
Тақырыптың міндеті - студенттердің
кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта
бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі
саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін,
мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға
тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру.
І.
КӘСІБИ ЛИЦЕЙДЕГІ ОҚУ
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1
Техникалық және
кәсіби білім жүйесіне
кредиттік технологияларды
оқытудың ерекшеліктері
Көп жылдар бойы білімді кәсіптік білімнің негізгі көрсеткіші деп бағалау теория мен тәжірибе жұмысы дайындығы арасындағы табиғи байланысқа мән берілмеуіне, мамандарды кәсіпке дайындауда білім қорының жеткілікті болмауына әкеліп, кейбір студенттердің оқуға, одан кейін болашақ кәсібіне деген біліктілігінің төмендеуіне әсерін тигізді. Кәсіптік лицейдің білім беру барысындағы осы мәселені шешу жолының бірі - студенттердің кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қайта бағдарлау арқылы оларды таңдаған кәсібі саласында өз білімдерін, іс-тәжірибелерін, мақсаттарын толықтай жүзеге асыруға тұлғалық құлшыныстарын ынталандыру. Кәсіби біліктілік - ол маманның таңдаған кәсібі алдындағы талаптарды, міндеттерді және оған сәйкес көзқарастарды, пікірлерді, нұсқауларды барынша қабылдау деген сөз. Әсіресе, студенттердің болашақ кәсібіне байланысты мәселелерді шешу барысындағы олардың шығармашылық ой қабілеттерінің маңызы ерекше. Бастапқы кезеңде бірқатар студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуді жоспарламайды, сондықтан олардың оқуға жағымды көзқарасын тудыру арқылы болашақ кәсібіне қызығушылығын қалыптастыру қажет [1].
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы,технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат - мазмұн - форма - әдіс - оқыту көрнекілігі болса, бүгінгі жаңа технология бойынша: оқып үйрену - меңгеру - өмірге ендіру - дамыту болып өзгеріп отыр.
“Нені оқыту керек?” деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап берсе, “қалай оқыту керек?” сауалына жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өзінің нақты мақсатын дәріс үстінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу керек. Әрбір мұғалім тиісті әдістемелік іскерлікті меңгере білуі, оқу материалы мазмұнын логикалық-дидактикалық тұрғыдан талдай білуі керек. Сабақты интерактивті әдіс арқылы жүргізу тиімді. Оқытушы өзінің әр сабағымен шәкірттерін қызықтыра білгені жөн. Шәкірттерді сол сабақты асыға күтіп отыратын дәрежеге жеткізуі қажет. Сонда ғана оқытушы шын ұстаз болғаны деп саналады.
Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрі - оқу процесіндегі арнайы пәндер бойынша берілетін білімді жалғастыруға және тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжірибелік дайындығын жүргізуге мүмкіндік туғызады.
Кәсіптік- техникалық мектептерде, лицейлерде оқытудың мынадай формалары қолданылады:
- Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық- сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
- Өндірістік оқыту: оқу шеберханаларындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны және т.б.
- Сыныптан тыс жұмыстар мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары және т.б.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция- біліктілік байқау жұмыстары.
Сабақ- оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру- білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс- әрекетінің күйі. Оқу- оқушының нақты білім алып, біліктіліктер мен дағдыларды меңгеріп қамтамасыз ететін, тұрақты бағдарлама мен жоспар арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағытталған барыс.
Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру оқушылардың үздіксіз өз бетімен білім және тәрбие алуды қажетсінуін туындатады. Оқудың сипаты, оның нәтижесі мұғалімдер құрамына, олардың теориялық және педагогтық дайындығына, оқушылардың дайындық деңгейіне, оқу іс- әрекетінің сипатталуына, оқуға олардың қатынасына тәуелді болады.
Кәсіби білім берудегі сабақ өту барысында инженер- педагог оқушыларды білім деңгейі бірдей нақты топтарға, бригадаларға біріктіріп, белгілі бір мерзім ішінде ақпарат береді.
Кәсіби оқытуда сабақ берудің мына түрлері қалыптасқан:
- Теориялық оқыту сабағы;
- Практикалық оқыту сабағы.
Теориялық оқыту сабағы
- Жаңа білім негіздерін игеру;
- Білім мен дағдыны жетілдіру;
- Қайталама- жалпылау;
- Бақылау- тексеру;
- Аралас сабақтар т.б.
Теориялық оқыту үрдісінде
- ұйымдастыру кезеңі;
- үй тапсырмасын орындауын тексеру;
- оқушылардан өтілген материалдарды сұрау;
- жаңа сабақты түсіндіру;
- жаңа сабақты игеруде оқушылардың өз бетінше жұмысы;
- жаңа сабақ материалдарын бекіту;
- сабақты қорытындылау;
- үйге тапсырма.
Өндірістік оқытудың мынадай формалары бар:
1. оқу шеберханаларында оқыту;
2. өндірісте оқыту [5].
Сабақтың сапалы болуы оның ғылыми тұрғыдан,теориялық жағынан жоғары дәрежеде дәлелденуі ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді қолдана білуінде. Ал, қазіргі әлемдік стандартта қолданылатын оқу процесінің жаңа технологиясы немесе әдісі ол- кредиттік оқыту жүйесі.
Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту [3].
Кредиттік оқыту технологиясы - оқу бітіруші түлектер бәсекелестік қабілеттілігімен білім беру кеңістігін таңдауында оқушыға дербестік беру, оқытудың деңгейін көтеру, еңбек сұранысына бағдарланған, оқу бағдарламаларының жоспарлауын икемді ғана болуы мүмкін, әлемдік білім беру көрсеткендей қазіргі білім талаптарына сай технология болып саналады.
Техникалық және кәсіптік білімді енгізу, біздің республикамыздың жоғары оқу орындарының тәжірибесі мен халықаралық жинақтамай тәжіриебенің оқып білу мүмкін емес. Солай болғандықтан, осы технология Қазақстанның жоғары оқу орындарында белсенді жұмыс еткендіктен отандық тәжірибені оқу мәнді болады, одан басқа да аймақтық жоғары оқу орындарының жинақталған тәжіриебесін есепке ала отырып, консультация және әдістемелік көмек көрсету.
Кредиттік–сағаттық жүйе алғаш рет Америка Құрама Штатында пайда болған және онда әбден дамыған. Гарвард университетінің Президенті, белгілі американдық білім қайраткері Чарльз Элиот «кредит–сағат» ұғымын енгізді, 1870-1880 жж. Пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйесінің екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім комитеті «колледж-мектеп» топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, кредиттік жүйені бағалау көлемінің мазмұны бакалаврлық бағдарламаның магистрлік және докторлық білім сатысына да таратылды.
Қазақстанда кредиттік оқу жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан стихиялы қалыптаса бастады. 15 тамызда 2007 жылы «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнамада анықталған. Осы заңның 11 бабында 9 п. білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны белгілінген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген, № 66, 22 қараша 2007 ж., осы ереже білімнің барлық деңгейі үшін құптауға лайық. Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу.
Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.
Кредиттік оқыту жүйесіндегі жоғары білім беру орны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкес студенттердің оқу дәрежесін алуына барынша қолайлы жағдайлар жасайды. Ең алдымен жоғары оқу орны оқу жұмысын әдістеме жағынан қамтамасыз етуге жауапты. Осы мақсатта:
- Әрбір студентті қамтамасыз ету үшін анықтамалар.
- Әрбір пәннен студенттер мен оқытушылар үшін оқу-әдістемелік кешендер.
- Әрбір пәннен дәрісхана жұмыстарына материалдар: лекция көшірмелері, тәжірибе және зертхана сабақ жоспарлары, оқу құрал жабдықтары.
- Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар: үй тапсырмалары мәтіндері, әр пәннен бақылау, тексеру сұрақтары, тақырыптық баяндамалар және курстық жұмыстар, электрондық оқу құралдары.
- Білімді бақылауға материалдар: жазбаша бақылау жұмыстары, тестілер, емтихандық билеттер және т.б.
- Тәжірибе жұмысы материалдары: тәжірибе жұмысын жүргізу әдістеме нұсқаулары және жоспарлары, есеп беру құжат түрлері әзірленеді [6].
Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып, сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек:
Бірінші
кезеңде кредиттік оқыту
Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күнтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.
Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);
Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;
Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.
Қорытынды кезеңде оқу сабақтарының кестесі жасалады [7-8].
Кредит - оқушылардың оқу жұмысының өлшеу көлемінің бірлігін бірыңғайлау. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқа) немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқа) немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқа), барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқа), барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқа) тең.
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.[1]
Дәстүрлі
оқыту жүйесінде кәсіпке
Қазіргі таңдағы жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жұмысын ұйымдастырудағы басты міндеттердің біріне студенттердің өзіндік жұмыстарының ролі мен тиімділігін арттыру және оның кәсіби бағыттылықты дамытуға көзделуі жатады.
Студенттің оқуы - бұл оның өз қалауы бойынша өз оқуын өзі жалғастыруы емес, бұл танымдық және кәсіби мамандығында өзін өзі жүзеге асыруға және өзін өзі жетілдіруге бағытталған оқытушының жетекшілігімен басқарылатын өзіндік іс-әрекет екенін айрықша атап өту қажет .
Студенттердің өзіндік жұмысында оқытушылар мен студенттердің арасында субъект- субъектік қатынастардың дамуы - студенттердің «өздерін өздері басқару тәртібіне» көшуін, яғни оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдеріне олардың белсенді қатысуы үшінші деңгейдегі басқару деп анықталады. Өзін өзі басқаруды адам факторының өзін өзі ұйымдастыра білу қабілеті деп қарап, оны оқу іс-әрекетінде қолдансақ, онда одан мынандай қызметтердің бөлініп шығатынын көреміз. Олар өзара бір бірімен байланысты бір мақсатқа көзделген мотивтер жүйесі, өз жұмысын өзі жоспарлау, өзін өзі ұйымдастыру (өз қызметін ұйымдастыру), өзін өзі қадағалау және өзін өзі бағалау, өзін өзі түзету [2].
Сонымен,
кредиттік оқыту жүйесінде оқытушылар
мен студенттердің кәсіптік дайындығының
қазіргі мәселелері туралы ағарту жұмыстары,
осы процесте тұлғаға бағдарланған білімнің
орны мен қызметі, сонымен бірге олардың
нарық экономикасы және Қазақстанның
әлемдік білім кеңістігімен бірігу жағдайында
кәсіби бағыттылықтың маңызы, оны дамыту
және қалыптастыру ерекшеліктері білім
саласында басты орын алады.
1.2
Оқу процесін
ұйымдастырудың
формалары
Тұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты процестің бірі – оқыту процесі (оқу процесі) болып табылады. Оқыту процесі күрделі процесс болып табылатындықтан оның анықтамалары да әртүрлі.
Ерте дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруды басқару іс-әрекеті және мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды [9].
Қазіргі түсінікте оқытудың мынадай белгілері бар: 1) екіжақты сипат; 2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-әрекеті; 3) мұғалім тарапынан басшылық; 4) арнайы жоспарланған ұйымдастыру және басқару; 5) тұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесін басқару.
Дидактика (гр. Didaktikos – оқытушы, didasko – оқушы, үйренуші) – оқыту мен білім берудің мәселелерін қарастыратын педагогиканың бөлімі.
Дидактика ғылым ретінде оның пәні аясында әрекет ететін заңдылықтарды зерттейді, оқыту процесінің жүргізілуі мен барысын айқындайтын тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін әдістерді, ұйымдастыру формалары мен құралдарын анықтайды. Сондықтан дидактика екі негізгі қызмет (функция) атқарады: 1) теориялық (негізінен, диагностикалық және прогностикалық); 2) практикалық (нормативтік, құрал-жабдықтық).
Дидактика принципі немесе оқыту принципі — бұл негізгі кағидалар. Ғылым негіздерін оқытқанда соларға сүйену керек. Олар барлык оқу пәндерін окытудың барлық сатысында колданатын нағыз жалпы қағидалар болып табылады. Дидактикалық принциптер- оқыту принциптерінің жүйесі мақсаттарына негізделеді. Сондықтан қоғамдық дамудың әр кезеңінде дидактикалық принциптер өзіндік ерекшеліктерімен көрінеді.
Педагогикадағы оқытудың принциптері тәрбиемен бірге дидактикалық негізде құрылады. Қоғамдық прогрестің талаптарына сай оқыту процесінің мазмұнын, оның әдістері мен ұйымдастыру жолдарын анықтайды.

- Жалпы түсіндірме қағазы
- Жалпы ұлттық өнім
- Жалпы ұлттық өнім
- Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ)
- Жалпы эконмика
- Жамбыл менің атам
- Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауыл шаруашылығы өндірісінің даму тұрақтылығының стратегиясы
- Жалпы білім беру
- Жалпы мәліметтер. Ақпараттарды алмастыру цикл
- Жалпы менеджмент жүәесіндегі сапаны басқару
- Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
- Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
- Жалпы менеджмент жүйесінде сапаны басқару
- Жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі