Жамбыл менің атам

                                    Кіріспе

               Зерттеу жұмысымның жалпы сипаттамасы

   Қазақ  әдебиеті тарихында XX- ғасырдағы алыптар тұлғаларының ішінде бірден-бір есімі аталатын айтыскер ақын Жамбыл Жабаев. Оның өлең жырлары көптеген шет елдерге және бүкіл кеңес одағы адамдарына мәлім. Жамбыл сөз өнерінің асқан шебері. Ақындық таланты қайта гүлдеген Жамбыл Жабаев өз заманының үрдісіне лайық шығарма тудырды. Қазақта «жау шапқандай» және «жау тигендей» деген сөз тіркестері кездеседі. Бұл қазақ елінің қауіп-қатер төнді деген мағына береді. Мұны айтуымыздың себебі Жамбыл сол кезеңдерде елімізде қауіп-қатер төніп үлкен зобалаң жылдарды соғыс тақырыбына арнаған туындылардың иесі болып табылады.

 Ұлы отан соғысы  кезінде Жамбыл Жабаев 96 жаста  еді. Қарт ақын қазақ елдерін Ленинградты, Сталинградты, Мәскеуді Қорғауға шақырды. Бұған атақты Ленинградтық өренім өлеңі мысал бола алады. Жалпы жұмысымның сипаттамасы айтыскер қарт ақынның шығармаларын зерттеу.

Қазақ әдебиетінің ұлы  отан соғысы дәуіріндегі ерекшеліктері поэзияда толық көрінеді.Оның себептерін түйіп айтсақ, поэзияның кекселігі мол дәстүрі кадрының көптігі әрі ауңызша, әрі жазбаша поэзияның қоян-қолтық келіп, бір үлкен мазмұн мақсатқа жұмсады. Бір тілекті көп ұлтты совет халықтарының қаһарлы кезеңдегі тарихи сын үстіндегі рухани келбетін тануда поэзияның атқаратын рөлі үлкен.Бұл тұста қазақ ақындары өз шығармалары мен әдебиетке елеулі үлес қосты. Соның ішінде Жамбыл Жабаевтың  да қосқан үлесі зор болды. Оның поэзиясы адам қиялына қиял, ойына ой, рухани азық эстетикалық ләззат сыйлады. Ақынның поэзиясын зерделесеңіз бір ойдың қиялында кететініңіз анық. Сондықтан да зерттеу жұмысының өзектілігін Жамбыл атаның имправизаторлық өнерін көрсетуге дәлдеп алдым.

Жамбыл Жабаев қазақ әдебиеті тарихындағы кемеңгер тұлға. Ол өз заманының жанашыры Жамбылдың мақсаты өз кезеңінің бай шонжарларын қатал жазалау, молдалардың арсыздығын бетіне басып, қазақшылықтың түнегінде қалған қазақ халқын жарық әлемге шығарып отыр. Ол өзі үшін де көп күресті. Оның бірден-бір дарын иесі екендігін суырып салмалық өнерінен тануымызға болады. Оның аяқ астынан сөз тауып қиыншылықтардан шығуы оның тапқырлығы. Бұған мысал ретінде  Жамбыл Жабаевтың Құлманбетпен, Айкүміспен айтысын ортаға қоюымызға болады. Сондықтан да ақындық өнерді шыңдай, ұштай түсетін

                                                           3                           

қазақтың көнеден  келе жатқан халық ауыз әдебиетінің  ерекше бір түрі ақындар айтысы екені  баршамызға мәлім. Айтыстың өзі өнер мектебі болып есептеледі. Демек Жамбылдың да бұл мектептен өткені анық. Ол жастайынан басқалардан ерекшеленіп тұратын қайым айтысқа бейім болады. Сондықтан да өзімнің зерттеу жұмысымның мақсаты ретінде Жамбыл Жабаев айтыс өнерінің шебері екенін дәлелдеуді мақсат еттім. Ал осы жұмысты студенттер арасында ортаға салып саралауды, өзіме нақты міндет етіп алдым.Қазақ халқы өзінің қатал тарихи жағдайларда тіршілігі үшін, тәуелсіздігі үшін жүргізген күрес.Тартыс жағдайларында жасаған күш жігерлері ішінде көзінің қарашығындай сақтап қалған асыл мұрасы, байлығы, тілі, ақындық өнері болды. Мұны асыл қазына ретінде сақтап қалу келешек ұрпақтың мына біздердің міндетіміз болып есептелмек. Мұны қазақты білгеннің бәрі біледі. Әсіресе Жамбылды білген адамға бұл аса қиыншылық келтірмесі анық.

  Зерттеу жұмысының әдісі: жалпы зерттеу жұмысына баяндау және әңгімелеу әдісін пайдаландым.

        Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлім 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Жамбыл менің жай атым. Нысанбек Төрекулов, Алматы «Санат» 1996ж.
  2. Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Қазақ ССР – нің «Ғылым» баспасы. М. Байділдаев, С. Нигимов, Алматы 1975ж.
  3. Қазақ әдебиетінің тарихы № 3 том, II кітап 224
  4. Қазақ әдебиеті мектеп баспасы. 2003ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Мазмұны

 

Кіріспе: ..............................................................................................................3

Негізгі бөлім: Шаң жұқпайтын шын жүйрік..................................................5

2.1 «Жамбыл  – ұлы заманның ұлы ақыны»...................................................45

2.2 Жамбыл  – халық поэзиясының алыбы.....................................................25

2.3 Жамбыл – айтыс өнерінің шебері............................................................32

3. Қорытынды..................................................................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        I.Тарау.  Шаң жұқпайтын  шын жүйрік

Қазақ халқының көп ғасырлық   тарихи - қоғамдық дамуына байланысты туған ақындық өнердің аса бір қиын және өте бір қызықты түрі — қынаптан қылыш ауырып салма ақындық өнер еді. Осы бір таңғажайып, тамаша, өнер ғасыр бойы атадан балаға мұра болып, күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Қазақ ақындарының  осындай өнерпаздық мектебінің қайталанбас  дәстүрін еске алғанда, туғанына 125 жыл  толып отырған Жамбылдың аты  ерекше құрметпен аталады.

Ақын деген  қасиетті атты халық нағыз өнерпазға, табанына шаң жұқпайтын шын жүйріктерге ғана берген. Жамбыл — осы құрметті атаққа жастай ие болған ақын. Ол бұл өнердің халық бағалаған шын мағынасында майталман шебері болділ?

Жүз жыл ғұмыр  кешкен қарт ақын XIX ғасырдың екінші жартысы  мен XX ғасырдың бірінші жартысында ел басындағы, халық - өміріндегі әр алуан оқиғаларды, ұлы өзгерістерді көріп, жырына өзек еткен. Табан аузында, таудан құлап аққан бұлақтай, төгілте айтатын ақын ғасыр бойы домбырасын қолдан түсірмей жырлағанын еске алғанда, оның қаншама өлең, жыр, дастандар селін ағытқанын шамалау қиын емес! Ақынның революцияға дейінгі шығармаларының көбі бізге толық, жеткен жоқ. Ал, жеткендеріне назар аударсақ, шебер ақынның кер замандағы теңсіздікті күйіне жыр еткенін байқаймыз. Еңбекші халықтың ауыр тұрмысына аяныш білдірді. Әділдікті, адалдықты, адамдықты, оған қоса ерлікті, бірлікті уағыздады. Жалғандық пен опасыздықты, халық мүддесіне жат нәрсенің қандайын болсын ащы әжуа, алмастай кесіп түсетін мысқылмен аяусыз шенеп отырды. Сөйтіп, ол демократиялық идеяны, озат гуманизмді жыр туы етіп ұстады.

Ұлы Октябрь  социалистік революциясының алтын  шапақты күні еңбекші халыққа, сол  халықтың абзал перзенті Жамбылға да бақыт нұрын төкті.                                 

                                                  3          

 Ежелгі арманы  шындыққа айналғанын көрген ақын  қырандай қайта сілкініп, қанатын  жайып, бұрын шыға алмаған биігіне  қайтадан самғады.    

 Кәрі жолдасы  — домбырасының босап кеткен  құлағын қайта бұраған Жамбыл  содан бері Советтік Қазақстанның бұрын-соңды болмаған ұлы өзгерістерінің барлығын да көріп, соларға шаршамай, шалдықпай жалынды жырымен үн қосып отырды. Жамбыл жырының өзегі — жаңа заманның жаңа дәстүрі, советтік патриотизм, халықтар достығы. Ұлы Отан, Коммунистік партия, данышпан көсеміміз В. И. Ленин, Еңбек Ерлері мен Отан қорғаған батырлар бейнесін жасауда да Жамбыл поэзиясының орны өзгеше. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жалынды жырларының өлеңдік қуаты, тәрбиелік мәнінің қандайлық күшті болғанын бүкіл совет халқы жақсы біледі.

Сөйтіп, ол өзі  тұстас ақындардың ішінде советтік шындықты, коммунистік идеалды барынша  мол, ерекше шеберлікпен жырлай алған  жыр алыбына айналды. Оны халқымыздың  поэтикалық энциклопедиясы десе де болады.

Алатаудың өркешті  ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.

Тау мүжіледі, темір  тозады, бірақ, халық мұңын мүңдаған, халық, қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры — осындай жыр.

1.1. Жамбыл — Ұлы  заманның Ұлы ақыны

Жайқалған орман  мен аласа дөңдер арасында, жазық  даланың ағысы баяу өзендерінің  көктемгі жағалауларында Россияның  данышпан ақынына бір ауыздан  және әр тілде қошемет көрсетілген  бәрімізге қымбат                              А. С.Пушкин жерлерінен бүкіл халықтық достық пен поэзияның эстафетасы бейнебір Қазақстанның ұлан - байтақ жеріне, шыңдары мәңгі қар жамылған, өзендерінің қатты ағысы гүрілдеген асқар таулардың етегіне жеткендей болды. Үлкен карталарда белгіленбеген — елеңді ауылға және Алматыға жеткендей болды. Мұнда біз туыстарымызбен, достарымызбен

                                               4

бірге ұлы Жамбыл алдында перзенттік парызымызды  өтеп отырамыз.

Біздің бүгінгі  мерекеміз — поэзия мерекесі. Бірақ, біз поэзияны қаншалықты сүйгенімізбен, оған, жүрек әміршісіне, қаншалықты аса зор мән бергенімізбен, бұл атаулы күндердің мәнін тек бір поэзиямен, тек бір өнермен және тіпті бір ғана мәдениетпен айтып болмайды. Біздің мерекеміз — республикамыздың гүлденіп көркеюінің мерекесі. Советтік Қазақстан терезесі тең бауырлардың тату семьясында қазір металымен, машиналарымен, рудасымен, көмірімен, құнарлы жерімен, жас қалаларымен, жаппай сауаттылығымен Ғылым академиясымен, орынды мақтан етіп отырған азаматтарының жоғары мәдениетімен, білім мен творчествоның барлық салаларындағы көптеген таланттарымен даңқты. Біздің мерекеміз — халықтардың лениндік достығының гүлдену мерекесі, биылғы жылдағы ең үлкен салтанаттың — Советтік Социалистік Республикалар Одағының елу жылдығының, көп ұлтты қуатты держава мерекесі алдындағы сәтті мереке. Жамбылдың аса ғажап халық ақыны болумен қатар, еңбек жыршысы, туысқандық пен достықтың жыршысы, Совет Одағының жыршысы, сүйікті Коммунистік партияның жыршысы болғаны тамаша емес пе!

Біздің көп ұлттық семьямыздың жыршыларына деген өзара құрмет пен сүйіспеншілік мотивтері Жамбыл творчествосында өте күшті. Оның Фирдоусидің социалистік мұрагері Ғасем Лахутимен шабытты үндесуі, оның Дағыстанның қанатты ашугі Сулейман Стальскийге арнаған өлеңі еске түседі. Жамбылдың Тарас Шевченко туралы өлеңі бейне бір бүгінгі таңда жазылғандай естіледі.

Біздің ақын Пушкинге тірі жандай екі рет үн қатты. Совет заманының теңдесі  жоқ ақынының жүрек нәзіктігі мен керек ойы  осы   үннен айқын   көрінеді. Оның қарапайым және,  сонымен бірге, оңтүстіктің ыстық күні сияқты азаматтық әуенге толы өлендері, халықтардың туысқандығы туралы толғаулары бүгінгі таңда   да біздің   жасампаздық  творчествомыздың шеруіндегі аңындың ұран болып естіледі.

Жамбыл отызыншы және қырқыншы жылдардың да, біздің                              

                                               5

уақытымыздың  — жетпісінші жылдарының да, ақыны. Өңменнен өтетін өткір, бірақ мейрімді және сәл мысқылшыл көзді, ақ сақалды  дана шалдың бейнесінен, оның сабырлы және тапқыр сөздерінен, оның жас адамдарға деген әкелік ықыласынан, еңбек сүйгішгінен, өткендегіні өте жақсы білетіндігінен және сезімталдырынан халықтың таңдаулы қасиеттері   айқын көрінеді. Бұл қасиеттер атақты   күріш   өсіруші Еңбек Ері Жақаевтан, тарыдан  рекордты   мол  өнім алған шебер Шығанақ Берсиевтен   де табылады. Бұл қасиеттер біздің ер жүрек диқандарымыз бен малшы-ларымыздан, шахтерлеріміз бен металлургтерімізден, ғалымдарымыз бен жауынгерлерімізден де табылады. Белгілі бір аймаққа   ғана   мәлім   болған   ауыл ақынының даңқы Қазақстаннан және бүкіл елімізден тысқары жерлерге   тараған бүкіл халықтың ақынға айналғаны — оның Совет дәуіріндегі өмірбаянының кереметі. Бұл — халықтың алып таланттары оянған, ұлттың өнері, ұлттың әдебиеті қалыптасқан жылдар болды. Бұлардың өсуін халық творчествосының нәрлі бұлағынсыз көз алдыңа елестетуге де болмайды. Жамбыл даңқының осылайша тез һәм кенет тарауын осы тұрғыдан түсіндіруге және түсінуге болады.

Иә, ақын біздің заманымыздікі, әйткенмен оның түпкілікті өмірбаяны сонау XIX ғасырға үңілдіреді.

Кәне, қымбатты жолдастар, қысқаша болса да Жамбыл өмірінің елеулі беттерін ақтарып көрейікші.

Абай мен  Жамбылды құрдас деуге болады. Тек өткен жылы ғана біз қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын Абайдың 125 жылдығын атап өттік. Олар біри - бірімен кездесер де, достасар да, кейіннен жеке творчестволарымен танысар еді, бірақ олардың өмір тағдырлары мүлде басқаша болды. Абай бала кезінен тек фольклормен, Шығыс поэзиясымен шектелмей, орыстың классикалық әдебиетімен кеңінен танысты. Ол бала шағынан сауда һәм әскери-әкімшілік қаласы ғана емес, Ертіс бойындағы орыстың демократиялық мәдениетінің орталығы — Семейде болып жүрді.

Ал, Жамбылдың  балалығы мен жігіттік дәурені көшпенділікпен өтті.            

                                               6

Оның шапырашты  руы Жетісудың басқа қазақтары  сияқты Қоқан хандығының қарауында  болып, өткен ғасырдың алпысыншы  жылдарының екінші жартысында ғана Россияның  қарамағына кірді. Сол жылдары пайда  болған Верный қаласы көп уақыт бойы патшалық Россияның кішігірім соғыс қамалы ретінде қала берді.

Ақынның ертедегі өлеңдеріне қарағанда, тіпті молданың өзі тек көк шыбықпен дәріс  берген, ал, бала Жамбыл оның «сабақтарынан» қашып жүргенде, Абай Ахмет Ризаның  көне медресесінде парсы поэзиясының классикалық үлгілерімен кеңінен танысқан.

Бірақ, Жамбыл бала кезінен халың творчествосының  кәусар бұлағынан сусындап өсті. Ол дала жыршылары мен әңгімешілерін, ертегішілерін, ертедегі аңыздарын  қызыға тыңдады. Ол Ұландай шешесінің  ағасы, атақты музыкант һэм композитор. Қанаданның жолын қуды. Домбыра тартуды үйренді. Бала Жамбыл әкесінің рұқсатынсыз халықтың көне өнері – айтыс өнерін үйрену үшін өткен ғасырдың атақты ақыны Сүйінбайға барды. Сүйінбай өз шәкіртіне өткен замандардағы айтыстарды игермей тұрып, нағыз ақын болмайтындыгын әрдайым айтып отырған.

Атақты ақын Жамбылға халық эпосын жаттатты. Жамбыл ен дүниенің ең қымбаты деп поэзияны сүйді.

«Сапарың сәтті  болсын, балам, халың қуана-қуана жаттап, мәңгі есінде сақтайтын өлең тудыр, сенің өлеңіңе жекелеген адамдар ғана емес, бүкіл халық сүйсінсін. Сенің өлеңің жүректен шығып, жүректен төгілсін. Шындықты айта отырып, теңдікті жырла, біреулер жүріп өткен жолмен жүрмей, өз соқпағыңды тап, айналаңда болып жатқан уақиғаға әділ баға бер. Сенің жаның ханның қазынасынан да бай болсын».

Жамбылдың есінде, ең озық шәкірті ретінде өз домбырасын берген Сүйінбай бейнесі осылайша қалды.

Менің пірім  – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері,

                                                 7

Маған тартқан сыйыңдай.

Сүйінбай деп  сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл  құйындай.

Өлеңдерін Жамбыл Сүйінбай есімімен бастайтын. Ол өз ұстазын  ойша болса да айтысқа шақыратын, өйткені бұл кезде Жетісуға белгілі  ақынның шеберлігі осы айтыстарда өсіп, жетілген еді. Жамбылдың бар кезінде фольклорымыздың бақытына қарай, сол поэтикалық сөз жарысының бірнеше текстері, атап айтқанда, ақын қыздар – Айкүміс пен Бөлек қатысқан екі айтыс қалпына келтірілді. Осы бірнеше поэтикалык, сөз жарысының ішінде Жамбылдың оған дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген ақын «құлан аяқ» Құлмамбетпен айтысы ерекше орын алады. Арада жүз жылдай уақыт өтсе де, біз айтыстың поэтикалық шыншылдығына, өткір де шымыр сөз таласына, мінездемелердің образдылығы мен дәлдігіне сүйсінеміз.

Айтысушылар бір-бірін аямайды, тіпті айтыстың қызған кезінде «дауласып» та қалады. Бірақ, мәселе басқада — айтыстан кейін ақындар өзара сыйластығын сақтайды.

Құлмамбет жас  әріптесінен жеңілді, бірақ онымен бірігіп ауылдарды аралады. Жамбыл қазақ эпосын үйренумен болды, Құлмамбеттің шабытты өлеңін де ыждаһатпен тыңдады. Кейіннен де ол дарынды Сарыбаймен, керемет білімдар Досмағамбетпен, қызыл сөздің шебері Шашубаймен кездесіп, сөз жарыстырды. Және осы айтыстарда Жамбыл үнемі жеңіп шығып отырады.

Жамбыл сөз  сайысында жеңімпаз болып қана қойған жоқ. Өз әріптестерін айтылған теңеулермен таңдандырып қана қойған жок, ол айтыстың бұрынғы дәстүрінде кездесетін адамның дене мүшесіндегі кем-шілікті де күлкі-әжуа ететін бір қақпай эпиграммаларды да қолданған жоқ, біздің шыншыл да, данышпан Жәкең одан биік тұрады. Айтыстарда ол әрдайым өз халқының жақсы ңасиеттерін, батырлар мен халық бақыты үшін күрескерлерді мадақтады.

                                                  8

Айтыс тыңдаушылардың көз алдында үйреншікті арнасынан  өзгеріп отырады. Жаңадан эпикалық поэма туады, тек осылайша «Сұраншы батыр», осылайша «Өтеген батыр» дүниеге келген болар-ау. Осыған орай Қазақстанның филолог-ғалымдары алдында Жамбыл творчествосында эпикалық поэма жанрының қалыптасу негіздерін зерттеу проблемасы тұрғанын айта кеткім келеді. Осылай, күресте халықпен қоян-қолтық араласа жүріп Жамбыл өсе береді. Ол бүкіл Қазақстанға кеңінен тараған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысынан ңалыс ңалған жоқ. Жамбылдың бауыр-лары, Жамбылдың достары, Жамбылдың өлеңдері Бекболат батыр бастаған көтерілісшілермен бір сапта болды. Дәл осы кезде патшалық озбыр әкімшілік — басы Жамбыл болған тоғыз ақынды түрмеге жапты.

Түрме, өмірдің қиыншылықтары  және жақындап қалған кәрілік өз дегенін  істеді. Жамбыл төсек тартып, көзі бұлдырады, өзін енді ешқашан да жаңа өлең тудыра алмайтын, қаусаган шалмын деп ойлады. Бірақ, керемет өзгеріс болды. Бұл керемет қазақ даласындағы Ұлы Октябрьдің жеңісімен ұштасты. Жамбылдың өмірбаянынан қысқаша үзінді келтірейік: «Мен 75 жасқа шыққанда,— деп есіне алған еді ол,— бойыма жаңа күш қосылғанын сездім. Мен төсектен тұрдым, таяқты тастап, қолыма домбыра алдым, жанарым ашылып, көзім оттай жанды, дауысым қатайып, күшім қайнады. Маған жастық жігер қайтып оралғанын сезіп, мен өлең айттым. Айнала төңірекке көз тастап, өз даламды танымай қалдым. Сол кезден бастап мен қайтадан атқа мініп, ауыл-ауылды араладым, жаңа өмірді жырладым. Мен халықпен бірге болдым».

Бүкіл Қазақстан, содан кейін  бүкіл совет елі ақ сақалды  Жамбылды білді. Оның домбырасы барған сайын әсем күмбірлеп, қарт ақынның поэзиясы батыл түрде ұлт шеңберінен асты. 1936 жылғы май айында «Пранданың» беттерінде Жамбылдың «Туған елім» деген поэмасы жарияланып, бұл поэма ақынның есімін сан миллиондаған оқушыға мәлім етті. Ақынды бүкіл халық таныды.

Жамбылдың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы   сіңірген еңбегі мүлдем ерекше. Оның соғыс тақырыбына жазған өлеңдері бүкіл халық,

                                                 9

жүрегінің   тынысы, ақ сақалды дана әкенің сөзі ретінде  естіледі. Ақынның майданға жолдаған хаттарының арасында Москва, Сталинград, Воронеж қаһармандарына, совет гвардияшы-марына, шын мәнінде, бүкіл халықтық ұранға айналған  «Лнинградтық өрендерім!» деген өлеңі ерекше орын алды.

Жауынгер жазушы, Қызыл Флот теңізшісі  Всеволод Вишневский Жамбылдың нақ осы өлеңі   туралы шабыттана былай дейді: «Ленинградтың ең ауыр күндсрінде — 1941 жылғы күзде қадірменді Жамбыл бізге, қаланы қорғаушыларға   арнап:    «Ленинградтық өрендерім»,— деп шабытты үндеу айтты. Біз бұл хатты  көзімізге жас алмай, қуанышты толғаныс сезімінсіз оқи алмадық. Біз хаттың күшті, қосымша резервтей бағалы екенін сездік. Қазақстанның халқы бізге туысқандық сәлем, сүйіспеншілік пен достық жолдады, біз еселеген күшпен шайқасқа аттандық».

Ақынның жасы жүзге жақындап қалған еді, бірақ ол совет елінің бүкіл ерлік тылындай жұмыс істеді. Бәрі де — Қарағанды шахтерлерінің үздіксіз вахтасы да, Қазақстан малшыларының   қажымас   еңбегі   де, әкелік қамқорлық та, ана қайғысы да оның назарынан тыс қалған емес.   Ол сталинградтық   жауынгерлерге өлеңдерін жіберіп қана қойған жоқ, оның баласы — Алғадай Волга қамалын қорғап, шайқаста қаза тапты.

1.2. Жамбыл – халық поэзиясының алыбы

Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл туралы жеңіл  де оңай және сөйте тұра – күрделі  де қиын. Оның айтуға жеңіл себебі,  Жамбыл – әлеуметтік, ақындық, тұрмыс – тіршілік жақтарынан алып қарағанда өмірде сирек кездесетін тұтас сом тұлға. Оның алып тұлғасын  мүсінші өмір – бүтін бір жақпар граниттен қашап шығарғандай, суретші өмір – оның табиғи көркін бір түсті қалың бояумен айнытпай түсіргендей, ал композитор өмір – оған пәрменді үн беріп, симфониялық әуенге бөлегендей.

Жамбыл туралы айтудың  қиындығы мен күрделілігі – оның өмірі мен творчествосы түгелдей қазақ халқының болмыс, тұрмысының 

                                         10

диалектикалық өзгерісімен тығыз тұтастығында. Жүз жыл ғұмыр кешкен ақын қалайда  туған халқының ең бір ірі тарихи асуын бейнелеуі керек болды. Өйткені, Жамбыл XIX ғасырда туып өсті де, XX ғасырда қайта туып, қайта  жасағандай, өзінің дархан талантының тамаша қырларын ашты. Жамбыл Абай мен Некрасовтың, Маяковский мен Сейфуллиннің тұрғылас замандасы болды. Ұлы жыршыны зерттеудің күрделілігі мен қиындығының тағы бір себебі мынада: оның творчествосынан бүкіл халық тағдырының өзгерістері мен құбылыстары айнадай ақын көрнісі тапты. Сонымен қатар екі ғасырдың жартысы болған қарт ақын  Россияның үш императоры тұсындағы халықтың тұрмысы мен аянышты халдерін бейнеледі. Ақырында ол отыз жыл байы советтік жаңа заманды және көсеміміз В. И. Ленинге деген бүкіл социалистік ұлттардың сүйіспеншілігін бар шабытымен асқақтата жырлады.

Егер де Жамбыл ақындығының басты белгілерін анықтауға  тәуекел етсек, онда оның табиғатынан  төкпе шешен, тегеурінді талант иесі  екенінен бастауға тура келеді.

Көпке мәлім, Маяковский өзінің өмір тарихын мынандай сөздермен  бастағанды: «Мен ақынмын. Сонымен тартымдымын  да қалаулымын». Осы қисынды Жамбылға сәйкестендірсек: Жамбыл өресі биік, өрен жүйрік ақын. Сонымен тартымды да қалаулы ол. Қазақ халқының тарихында поэзияның алтын дәуірі Абай Құнанбаевтан  бастап бүгінгі Тұманбай Молдағалиев пен Олжас Сүлейменовтерге дейін созылуда десек, осы арада Жамбыл ең алдымен айырықша ірі және байырғы талант иесі тұлғасымен танылады, табанда суырып салып, турасын айтатын тапқырлығымен көзге түседі. Оның бала кезінен бергі барлық өмір жолы халыққа өлең өнерімен қызмет жасауға бағышталған. Мұны ол өзінің азаматтық борышым деп білген. Бұдан басқа жолды Жамбыл білген де жоқ, білгісі де келген жоқ.

Сондықтан ол әкесі  дәріс тыңдатуға берген молдадан ат құйрығын кесісіп, қашан шықты да, өзінің нағашысы Қанадан домбыра тартуды, ал Сүйінбайдан ақындық – импровизаторлық өнерді үйренді.

Осындай құнарлы  топырақта Жамбыл таланты дарқан дамып,

                                           11

кемелденді. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының стихиясы ірі толқындардың жотасында шынайы халық ақыны Жамбылдың таудай тұлғасын аспанмен таластыра шарықтатты. Сондықтан «оның жырларындағы қазақ халық поэзиясының ғасырлар бойы жасаған дәстүрі әлемдік әдебиеттегі факт боп табылды» деп түйді венгер ғалымы Вальдапфель.

Біздің тағдырға ырза болатын бір   жайымыз,   ол ғасырлар бойы қайғы шеккен қазақ  халқының қараңғы көгінде XIX ғасырдың алғашқы жартысының бас-аяғы отыз жылының  ішінде бір шоқ жарық жұлдыздың  пайда болуы еді. Бұл болашақ  бақыт  таңының нышаны іспетті жарқын есімдердің шоғыры болатып. Мен Махамбет, Шоқан, Ыбырай, Абай, Сүйінбай туралы айтып отырмын. Осы жарқын жұлдыздардың шоғырына Жамбыл да қосылады. Олар өзінің талантымен, жігер-қуатымен белгілі тарихи жағдайда дүниеге көз-қарасы, білімі, творчествосы арқылы   туған   халқының рухани байлығын көрсете алды.   Сөйтіп мұндай халықты ешкім құрта да, құлдыққа сала да алмайтынын дәлелдеді. Бұлардың еңбегі   мен шығармаларының арқасында тарих мынаны көрсетті:   шетел бас-қыншыларының табанының астында, ғасырлар бойы хандардың, сұлтан мен патшалардың, бай мен молдалардың езушілігінде Әбу Насыр әл-Фараби заманынан қалған көптеген қалалар мен селолар, жолдар мен каналдар, кітапханалар,   мәдени   ескерткіштер  құрып кеткен. Кейін білдік, осыншама мол шығынға қарамастан, асыл мұраның бірқатары сақталыпты, жетіле түсіпті және халықтың қол жеткен табысы мен оның рухани байлығының қазынасы   ретінде біздің күнге келіп жеткен.

Жамбыл кезінде  көптеген ақындармен айтысқан. Ол айтыстың көпшілігі естен шығып, бізге он шақтысы ғана жеткен. Айтыс өнерінде Жамбыл жеңіліп көрмеген ақын. Бұл жердегі ақындардың пірі болып есептелетін атақты ақын Құлмамбетпен айтысы — әлеуметтік жағынан нағыз сөз семсерін салысқан өткір жекпе - жектің үлгісі еді. Жамбыл қарсыласқан дұшпаның  тек қана ақындық қуатының басымдылығымен емес, сонымен қабат ащы шындыңты айтқан өткір сатираның уытымен жеңді, байларды қызғыштай қорғаған Құлмамбет тұрғысының

                                               12

дәрменсіздігін  аяусыз масқаралап жеңді.

  • Уа, Құлмамбет сөз тыңда,

Байларым деп  салмақтап

Не қыласың  құр мақтап,

Өңкей ақымақ есекті.

Бидің сиқын  кетірген,

Кәсіп қып өтірік-өсекті.

Мен сөйлесем қаларсың

Ашылмас тұман  ескекке.

Баймын деп  сендей тасыман,

Кедеймін деп  жасыман

Берекелі елді айтам,

Ел тұтқасы  ерді айтам,

Басымнан сөзді  асырман.

Есте жоқ  ескі замандағы өз өмірі туралы Жамбылдың былай дегені бар.

«Жас кезімде, - дейді Жамбыл,— бұқара халықты  жақсы түсіндім. Өзім  туралы   және халқым   туралы шындап жырладым. Халқым   туралы   жырлағаным,өзім туралы жырлағаным. Өзім туралы жырлағаным, халқым туралы жырлағаным.

Менің жырларым даланың еркін құсындай Жетісу өлкесін  түгелдей шарлады. Арық атпен ауылдан  ауылға жылжыдым. Қайғы мен шер  туралы сыр шерттім.

Бай – манаптардың  құлқы мені сүймеді, бірақ қипақтады.Көптеген ру басшылары өздеріне икемдеді. Менің  басқа ру ақындарымен  айтысқы  түсіп, оларды   мақтауым үшін азық беруге жақсы сый – сияпат көрсетуге  уәде етті. Бірқа, мен халықтан қол  үзбеу үшін байларға бармадым. Олармен ат құйрығын кесісіп, өз қалауым мен ілгері кеттім». Революцияға дейінгі   ақынның алғашқы өмірі жетпіс бір жылға созылса, соның елу бес жылын, яғни жарты ғасырдан артығын ол өлең –жырғажұмсады. Қазақ, қырғыз жерін көп аралады.

 Халық ауыз  әдебиетінің озық үлгілерін, демократиялық  дәстүрлерді                                   

                                                 13

жалғастыра  отырып,сол дәуірде Жамбыл эпос пен  лириканың өшпес нұсқаларын жасады,айтысқа  түсіп өлеңді суша сапырып, қарша боратты, көптеген мақалдары мен қанатты сөздерді халық жадына сақтап келді. «Кәдірбайдың төбеті», «Зілді бұйрық», «Өстепкеде», «Патша өмірі тарылды» секілді сатиралық өлеңдері көпшілікке кеңінен мәлім.

Жамбылдай эпик ақынның тамаша табиғи дарындылығы «Сұраншы батыр» мен «Өтеген батыр» секілді эпикалық дастандар тудырды. Бұл дастандарда тек қана халық қайғысы мен қасіреті емес, сонымен бірге, халықтың бақытты, шадыман, еркін өмірін аңсаған арманы мен үміті айқын көрініс тапты.

Қазақ кедейінің өкілі, халық мұңының жыршысы Жамбыл болашақ революцияны қарсы алуда халық жағында болды. Осы тұста Жамбыл өміріндегі сирек кездесетін бір жайды айта кетуге тура келеді. «55 жасымда,— дейді Жамбыл,— жүдеу тарттым. Кәріліктен және ауыр тұрмыстан бүркіттей бүрісіп, көзім қарауытты, даусымда қарлығу пайда болды. Домбыраның орнына таяқ ұстадым, кең даланы еркін кезген басым, енді тар төсектен орын таптым. Менің қартая бастағанымды көріп, байлар мен билер, молдалар мен діндарлар қуанып «осы тілі ащы пәледен ертерек құтылсақ екен» деп тіледі. Бірақ олардың тілегі орындалмады ».

Октябрь революциясы  жеңді. Қазақ халқы тарихында  зор бетбұрыс жасалды. Қарт ақында қайта  жасарып, қайта қанат қақты. Гётенің  Фаусты секілді тың күш, соны серпінге ие болып, жігері мен творчестволық қуаты қайтадан қалпына келді. Бұл жөнінде Жамбыл өзі былай дейді:

«Жетпістен  асқанда жаңа өмірдің таңы атты. Мен жер бетіне орнаған шындыңты көрдім. Ленин батырдың атын есіттім, Қызыл әскердің жеңісін көрдім. ... Мен бұл бақытты, қуанышты өмір туралы, бүкіл халықпен бірге, шын жүректен шыққан өзімнің шабытты жырларымды айттым». Жамбылды жасартқан революцияның керемет күші екендігі шындық. Оны өте жақын білетін замандастары бұған қапысыз кепілдік ете алады. Әрине, Жамбылдың жасарып қайта жасауы, дене қуаты мен творчестволық жігерінің қайта тууы сыңылды «керемет» кездесе бермейтін өте сирек

                                           14

құбылыс, бірақ  болған факт.

«Қаным қымыздай қайнап, бұрқылдап, бүкірейген белім  түзелді, кіршіксіз ақ тіс пайда болғандай сезіндім өзімді»,— деген сөзді Жамбыл өз жырында да айтты. Ол шын мәнінде күш-қуатының көпір тасқынын сезілген еді. Дүние тану түйсігі жағынан, тақырыбы жағынан, образдың  құрылым,   лирикалың   саздылығы, ақындық шабыты жағынан Октябрь алдындағы, Октябрь  революциясынан  кейінгі және совет  тұсындағы жырларын салыстырсақ әлгі шындықты байқаймыз: рас, ол қайта жасарды, екінші рет жасады. Ол өзін шалқыма шабыттың қанатында сезінді де, XIX ғасырдың шаң-тозаңын сілкіп тастап, XX ғасырдың алдыңғы қатарлы адамдарының сапына ұлы сеніммен батыл барды. Жаңа дәуір,   Октябрь жыршыларымен   үзеңгілес болды. Үзеңгілес   қана емес - ау, шырқай   шарықтаған творчестволық талантымен үздік көзге түсті.

Жалпыға мәлім, Коммунистік партия, қалың оқырман  және революцияның тұңғыш толқынында суырылып түскен қазақ ақын-жазушылары Жамбылдың  оянған халықпен  бастап -ақ бір ниетте, бір тілекте , екендігін, революция мен Ленин ісіне жан-тәнімен берілген талант екенін таныды. Бұл оның тегеурінді поэзиясының жаңа идеялық-эстетикалық қасиеті мен арынынан, ондағы революция нығайтқан лениндік халықтар достығының аса әсерлі жырлауынан, Октябрь, дұшпандарын әшкерлейтін қаһарлы сатиралық, образдарынан, халыққа деген шексіз сенімінен анық байқалды. Жамбылға Октябрьді қабылдау ма,яки қабылдамау ма, халықпен бірге жұмыс істеу ме, не болмаса одан тыс қалу ма, әлде азамат соғысы біткенше қарай тұру жөн бе деген секілді сауалды шешудің қажетті болмады.  

Жамбыл менің атам