Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті

 Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті

 

Жасанды талшықтардан тоқылған маталардың тобы

 

         Жасанды талшықтардан тоқылған маталардың тобына вискозалық, ацетаттық және триацетаттық жіптер мен олардың үйлесімді құрамаларынан шығатын крептік, тегісті, жаккардты, түкті маталар жатқызылады.  Маталардың ассортиментінің алуан түрлі болуы кешенді және текстуриленген жіптердің түрліше құрылымдардан тұруына, өрімдердің түрлеріне және безендіру түрлеріне байланысты болады. Таза вискозды маталар жоғары гигроскопиялық қасиетімен, жібектей жылтырымен, және грифпен ерекшеленеді, алайда ылғал күйінде тез мыжылып, беріктік қасиетін жоғалтады. Заманауи ассортиментінде олардың шығарылуы елеулі түрде қысқартылған. Ацетатты және триацетатты маталардың вискозды маталарға қарағанда форма тұрақтылығы мен өлшем тұрақтылығы жоғары болғанымен гигроскопиялық қасиеті мен уатылуға төзімділігі жағынан сапасы төмендеу болады. Одан бөлек белгілі жағдайларда ацетатты және әсіресе триацетатты маталар жоғары түрде электрленіп одан туындаған жабысуды айқын көрсетеді.

Тегісті топшаны негізінде  таза ацетатты және триацетатты маталар  құрайды, тек кішкене үлесі ған  таза вискозды малардың үлесіне тиесілі  келеді. Сондай-ақ ол топшаға жасанды  жіптердін әр түрлі үйлесімдерінен жасалынатын маталар жатқызылады.

Тегісті жасанды маталардың ассортиментіндегі үлкен топты  еңкіш оралымдағы ацетатты кешенді жіптерден алынатын маталар құрайды. Олар жақсы безендіріліп, салыстырмалы жұмсақ жібектей грифті тегіс беті бар қарапайым және ұсақ өрнекті өрімдері жеңіл (67-122 г/м²), жұқа (0,10-0,25 мм) маталар. Бұл топтағы маталар тегістеліп боялған, ағартылған және көбінесе тығыздалып безендірілген түрде шығарылады.

Ацетатты маталар майысқақтыш, аз мыжылғыш және шөгуі мен форма тұрақтылығы жоғары қасиетімен ерекше, бірақ гигроскопиялық қасиеті төмендеу болады.

Ацетатты маталардың азғантай тобын жоғары оралымды (500-600 орал.) ацетатты маталар мен ацетатты муслиннен (800 орал.) алады, бұл жіптер көрінетін  және қиыстырылған өрімдерге ие, бұл  олардың ауаны өткізгіштігін  жоғарылатып гигиеналық қасиеттерін  жақсартады. Жіптерді қатты оралымнан  өткізудің және сиретілген құрылымға  байланысты бұл маталар жіптердің  жеңіл себілуіне және жіптердің  жылжуына бейім болады, бұны әсіресе  бұл маталардан түрліше бұйымдарды тіккен кезде ескеру қажет.

Ацетатты маталардың бір  бөлігін уток бойынша жоғары оралымның  негізінде жазық оралымды ацетатты жіптерден жасап шығарады. Өрілген жіптерден жасалынатын маталарға қарағанда олардың құрылымы толық әрі тұрақты, бірақ қозғалғыштығы төмендеу болады.

Ассортименттегі үлкен топты  жазық оралымды кешенді жіптерден, триацетатты муслин мен текстуриленген жіптерден жасалынатын триацетатты  маталар құрайды. Триацетатты жіптерден  жасалған маталарда жібектей гриф болады, жақсы безендіріліп, онша қатты мыжылмайды, формаға тұрақтылығы да жоғары бұл  маталар оңай жуылады, жарық пен  ауа райының әсеріне төзімді  келіп, тез кебеді. Бірақ салыстырмалы түрде гигроскопиялық қасиеті төмендеу (4%-ға жуық), желініп жыртылғанға  да төзімсіз әрі тез электрленеді. Мұндай маталарды кеңінен жазғы  киімдерді тіккен кезде көп қолданады.

 

Талшықтары басқа  жасанды жіптерден тоқылатын  маталар тобы

 

Ассортименттегі  ең үлкен  әрі алуан түрлілігімен ерекшеленетін  маталар тобына талшықтары мен жіптері  бақса жасанды жіптерден тоқылған маталар жатқызылады. Олардың  негізі вискозды, ацетатты және триацетатты  жіптерден тұратын, утогы бойынша  синтетикалық және табиғи жіптердің  әр түрлілігімен үйлестіріп жасалынады. Сондай – ақ оларды массасы бойынша  жасанды жіптерге үлесі көп келетін  қиыстырылған, текстуриленген, мулинирленген  және фасондалған жіптертерден жасайды. Өрімдердің түрліше түрлерін қолдана  отырып, текстильді жіптердің құрылымы мен талшықты құрам нұсқаларының көптүрлілігі сыртқы түрі мен қасиеттерінің  алуандығына тән маталардың үлкен  ассортиментін жасауға мүмкіндік  береді. Бұл топтағы маталардың ассортиментіне крептік, тегісті, жаккардты маталар  жатады.

Крептік маталардың топшасының заманауи ассортиментінде «Адонис» матасы жалғыз экземплярда қарастырылады. Ол көрінетін өрімді, негізі бойынша қиыстырылған ацетатты-капронды жіптердерден тұрса, утогы бойынша триацетатты-вискозды мооскрептен тұрады.

Тегісті маталардың топшасы  артикулдардың шығарылу көлемі мен  санына байланысты ең үлкен болып  есептелінеді.

Вискозды-мақталы маталарды  негізі бойынша вискозды кешенді  жіптен, ал утогы бойынша мақта-қағазды  жіптерден жасайды. Оларға жібектей жылтыры бар мақта тектес түр  тән. Бұл маталар жеңіл (80-100 г/м²), жіңішке (0,18-0,26 мм) әрі жорары дәрежеде гигроскопиялы болып келеді. Вискозды маталарды негізінде вискозды кешенді  жіптер мен утогында вискозды жіптерінің үйлесімінің нәтижесінде алады. Олар аламаталар түрінде әрленіп, жақсы  гигроскопиялық, алайда дымқыл өңдеуде  тез шөгіп қалады.

Викозды-полиэфирлі маталардың негізі вискозды және утогы бойынша  олар мақтаполиэфирлі жіптерден  немесе полиэфирлі текстуриленген жіптен тұрады, кей кездері мақтақағазды жіптермен үйлестіріп те алуға болады.  Полиэфирлі талшықтарды немесе жіптерді қолдану арқылы мыжылып қалу мен  тез жыртылуды төмендеуге болады, шөгіп кету де азайып маталардың гигроскопиялық қасиеті бәсеңдейді.  Полиэфирлі жіптердің болуы маталарға қосымша түрде созылмалы, құрғақ және біршама қатты грифке ие болуға мүмкіндік береді.

Қасиеттерінің алуан түрлілігімен ерекшеленетін тесктильді жіптердің  бірнеше түрін ацетатты жіптермен  үйлестіре отырып жасалынатын маталар  үлкен топты құрайды.

Ацетатты-мақталы және ацетатты-вискозды маталар уток жүйесінде мақтақағазды немесе вискозды жіптерге ие, сондықтан  олардың мақталы түрі болады, гигроскопиялық қасиеті де жеткілікті, форма тұрақтылығы  сақталып, грифі жағымды жұмсақ болып  келеді.

Ацетатты-капронды маталарды  екі жүйеде де қиыстырылған жіптерден  жасайды, немесе негізінде ацетатты болып, уток жіптері қиыстырылған ацетатты-капронды болып келеді. Олар тегіс боялған  немесе бастырылған әрлеу түріндегі  жеңіл, жұқа маталардың маңызды тобын  құрайды. Көбінесе ацетатты маталарға  қарағанда берік, аз мыжылады және жақсы созылатын крептік немесе кенепті өрімдерден тұрады.  Ацетатты муслин мен өрілген ацетатты-капронды қиыстырылған жіптерді қолдану арқылы грифі біршама құрғақ әрі қатты, ауа мен бу жақсы өткізгіш, мыжылмайтын жеңіл маталарды алуға мүмкіндік береді.  Ацетатты-капронды маталарды сондай-ақ ацетатты текстуриленген жіптерден алады. Аталмыш жіптер маталардың құрылымына үлкен толықтыруды, сыртқы тығыздықты және қалыңдықты беретін жіңішке капронды кешенді жіптермен оралады.  Костюмдік топты алатоқылған, бір түсті немесе бастырылған әрлеу түріндегі елеулі түрде ауыр (140-160 г/м²) маталар құрайды. Профилирленген капронды қолдану арқылы маталар өшіп сөнетін жылтырға ие болуға мүмкіндік алады екен.

Костюмді ацетатты-полиэфирлі маталарды уток жүйесінде полиэфирлі тектуриленген жіпті қолдана  отырып алады; тығыз костюм маталарын  «Бэлан» текстуриленген жібін 11,0 текс сызықтық тығыздығында пайдаланып жасайды; одан жеңіл, жұқаларын -  9,0 текс сызықтық тығыздығындағы орташа созылмалғыштағындағы текстуриленген жіптерден жасайды. Текстуриленген жіптердің болуы маталардың төзімді қасиетін күшейтеді.

Тегісті маталардың ассортиментіндегі  екінші үлкен топты триацетатты  жіптерді текстильді жіптердің басқа  түрлерімен үйлестіріп жасалынатын  маталар құрайды.

Триацетатты-мақталы маталарды  мақтақағазды немесе мақтасиблонды  жіптері бар утогы ретінде  қолданып шектеулі ассортиментте ғана шығарады.; олардың гигроскопиялық қасиеттері жеткілікті түрде жақсы болып келеді.

Триацетатты-капронды маталар  ацетаттыкапронды маталар секілді  көйлекті және костюмді-көйлекті маталардың асортиментіндегі елеулі тобын құрайды. Олар жіптердің әр түрлі түрлерінен жасалынады: қиыстырылған, текстуриленген, фасонды. Қиыстырылған жіптерден жасалған маталар триацетатты кешенділермен  үйлестіріле отырып крептік құрылымдағы  жұқа жеңіл костюмді маталардың кішігірім  тобын құрайды.

Капронды кешенді жіптермен  оралып өрілген триацетатты тектуриленген  жіптерден әрі негізі бойынша  кшешенді триацетатты жіптерді үйлестіре отырып жасалынатын мталар үлкен маңызды топты құрайды. Бұл маталарды көбінесе крептік қарапайым және ұсақ өрнекті түрліше өрімдермен жасап, тегіс боялған, бастырылған және ала тоқылған әрлеу түрінде жасайды.

Құрылымы мен қасиеттері жағынан қызық маталар тобын  қиыстырылған, текстуриленген, фасонды  немесе профильденген капронмен  үйлестірілген триацетатты муслиннен  алынатын маталар құрайды. Маталар  түйінді, ұсақталған спиральды немесе жіңішке созылмалы рубчигы бар  беті мен профилирленген капроның өшіп сөнетіндей жылтыры бар әдемі  крептік жылжымалы, жіңішке құрылымымен  ерекшеленеді. Маталарға ерекше сән  беру үшін пластилектің просновкаларын қолданады.

Утогында полиэфирлі текстуриленген  жіптері бар маталар салыстырмалы түрде үлкен әрі дамитын топты  құрайды; «бэлан» секілді көлемді  жіптерді қолдану арқылы құрылымы толығып  тұрған болады, ал 7,4-12,0 текс орташа созылғыш сызықтық тығыздығындағы жіңішке текстуриленген жіптерді қолдану арқылы жеңілдікке, әдемілікке және азайтылған қалыңдыққа ие болады.

Жасанды жіптер мен басқа  жіптерден жасалынатын жаккарды маталар жіптердің алуан түрлі  үйлесімділігінің әркелкілігімен ерекшеленеді.

Негізінде вискозды жіп және утогында вискозды жібі бар маталардан альпак немесе атластар түріндегі ұлттық маталардың ескі дәстүрлеріндегі жаккардыты маталарды жасайды; вискозды негізгі жіптер мен капронмен, мақтақағазды жібімен, текстуриленген триацетатты-капронды және полиэфирлі жіптермен үйлесімдері де кездеседі.

 Жаккардты маталардың  негізгі бөлігін басқа жіптермен  үйлестірілген ацетатты және  триацетатты жіптерден жасайды.  Уток жүйесінде қиыстырылған  немесе текстуриленген ацетатты  және триацетатты-капронды жіптерді  қолдана отырып тегіс немесе  біршама рельефті жаккардты бейгесі  бар маталарды алуға мүмкіндік  береді.

 

 

Синтетикалық  талшықтардан жасалынатын маталар  тобы

 

Синтетикалық жіптерден  жасалынатын мталардың тобына түрліше  құрылымдағы полиамидты және полиэфирлі жіптерден жасалынатын тегісті  және жаккардты маталар құрайды. Синтетикалық жіптерден құралған маталарды  созған жағдайдағы жыртылмайтын, жоғыры түрде беріктігі, форма тұрақтылығы  мен ысырылуға төзімді болуы  басқа маталардан ажыратады. Алайда олардың елеулі кемшіліктеріне төмен  дәрежеде гигроскопиялануы, тез электрленіп, жабысуға бейм болуы болып табылады, сондықтан бұл маталардан жасалынатын  киімдерде дискомфорт көп байқалады.

Белгілі бір дәрежеде синтетикалық маталардың кемшіліктерін профирленген және текстуриленген жіптерді қолданып, өрімдерді таңдаудың арқасында  азайтуға болады. Негізінде бұл топтағы  маталарды тегіс боялған түрде  шығарады. Текстуриленген полиэфирлі жіптерден жасалынатын маталар  үлкен топты құрайды. Олар үшін жақсы  толығатын, құрылымның көлемге тұрақтылығы, жұмсақ пластикалық гриф, жақсы безендірілу, жоғары созылмалылығы мен мыжымлмаушылық тән.

Тығыздалған костюмді маталарды  екі бүктелген тектуриленген  полиэфирлі жіптерден алады; олар тегіс  боялып, ірі дәндес беті бар саржты, крептік өрімдері бар бастырылған әрлеу түрінде шығарылуы мүмкін; сондай-ақ костюмді маталар секілді ала тоқылған сызық немесе тор түрінде ұзыннан ұзын сызықтары бар тегіс боялған түрде жасалынады.

Полиэфирлі текстуриленген жіптері бар капронды жіптерді немесе түрліше құрылымдағы полиамидты жіптерді үйлестіре отырып жұқа маталарды  жасайды. Бұл топтағы жаккардты  маталар жеткілікті түрде үлкен  ассортиментті құрайды және негізінде  сәнді костюмдердерді дайындауда қолданылады. Одан ауыр және тығыздалған костюмдік  маталарды «Бэлан» типтес полиэфирлі текстурилеген жіптер мен оларды капронды жіптермен үйлестіре отырып даярлайды.

 

Басқа талшықтары бар синтектикалық талшықтардан жасалынатын маталар тобы

 

Басқа талшықтары бар синтектикалық  талшықтардан жасалынатын маталар  тобы тегісті және жаккардты топшаларынан тұрады. Бұл маталарда негізінде синтектикалық полиамидты немесе полиэфирлі жіптерге ие, ал утогы бойынша жіптің талшықты құрамы бойынша әртүрлі: мақтақағазды немесе аралас, ацетатты немесе триацетатты, ацетатты немесе триацетатты- капронды қиыстырылған, мулинирленген, текстурилеген, фасонды және тағы басқадай жіптерден құралған. Сондықтан да сыртқы түрі мен қасиеттері бойынша костюмдік маталардың әркелкі ассортиментін жасауға мүмкіндік бар.

Костюмдік маталарды текстурилеген  пневмоқосылған меланжды әрлеудегі  вискоздыполиэфирлі жіптерден жасайды, оларға беріктік, аз мыжылғыш, жеткілікті гигроскопиялығы бар көлем тұрақтылығы  тән.

Бұл топтың жаккардты маталары сыртқы әрлеудің әркелкілігімен, құрылымның оригиналды кейпімен ерекшеленеді. Олардың ішінен дәстүрлі болып қалыптасқан екі қабатты ауыр (350 г/м²) жаккардты суреті бойынша бір бірімен қосылған вискозды және капронды кенептерден тұратын костюмдік маталар тобы ерекшеленеді.

 

ХИМИЯЛЫҚ ТАЛШЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

 

Химиялық талшықтарға  вискозды, мысты-аммиакты, полинозды, ацеатты, триацетатты, капронды, лавсанды, нитронды, хлоринді, винилды, диэтиленді, полипропиленді, және т.б. жоғарыда көрсетілген химиялық талшықтардың әрқайсысы әр түрлі қасиеттері мен көрсеткіштерімен сипатталады, бұлар химиялық құрам мен олардың құрылымымен анықталады. Сондықтан да өндістегі технологиялық процесстерді дұрыс өткізу үшін және де химиялық талшықтардан жасалынатын маталарды қолдану үшін олардың қасиеттері мен құрылымдық құрамын білу қажет. Химиялық талшықтарды қолдану өндірістің көлемін елеулі түрде ұлғайтып, маталар мен басқа текстильді бұйымдардың ассортиментін кеңейтті. Химиялық талшықтардың әркелкі түрлерінде құрамдары бірдей болмай құрылымы да түрліше болады, сондықтан олар өз қасиеттері бойынша  жиі ажыратылады. Химиялық талшықтардың қасиеттерін білу арқылы пайдалы қасиеттері бар маталар мен бұйымдарды жасауға мүмкіндік туғызады.

 

Жасанды талшықтардың қасиеттері

 

Текстильді өндірісте өндірілетін жасанды талшықтарға вискозды, полинозды, мысты-аммиакты, ацеатты, триацетатты талшықтарды жатқызады.

Вискозды, мысты-аммиакты және полинозды талшықтардың қасиеттері ацетатты және триацетаттылардан ажыратылады, бұл олардың химиялық құрылымына байланысты.

Вискозды, мысты-аммиакты және полинозды талшықтар гидрацеллюлозадан (регенерацияланған целлюлозадан), ацетатты және триацетатты талшықтар  – целлюлоза эфирі мен сірке  қышқылынан тұрады.

Өндісте сығынды операциясын  қолдана отырып, жоғары төзімділігі  бар, бірақ аз ғана созылатын талшықтарды  алуға болады. Вискозды, мысты-аммиакты және полинозды талшықтардың үйкеліп бітуге төзімділіге жоғары көрсеткіштермен сипатталды, ол табиғи жібектің үйкеліп тозуынан да жоғары.

Ацетатты және триацетатты  талшықтардың үйкеліп тозуға деген  төзімділігінің салыстырмалы төмен  көрсеткіштермен сипатталады: бұл  көрсеткіш онда 3-8 есе вискозды талшықтан  гөрі төмен. Ацетатты және триацетатты  талшықтарды үйкеліп тозатын  бұйымдарды жасауда қолданылатын астарлы  және басқадай маталардың өндірісінде  пайдалану орынсыз.

Ылғал күйінде жасандыталшықтардың  барлық түрлері өз беріктігін жоғалтады, бұл олардың басты кемшілігі  болып табылады. Мысалы, вискозды және мысты-аммиакты талшықтар ылғал  күйінде 55-60%-ға жыртысқа беріктігін төмендетеді, ал ацетатты және триацетатты -25-40%-ға (құрғақ күйдегі беріктікке қарағанда).  Бұл жағдайда мұндай талшықты бұйымдардың дефрмацияға тұрақтылығы азаяды, мәселен, ылғал күйдегі бұйымдарды пайдаланғанда немесе кір жуылғанда.

Жасанды талшықтың маңызды  қасиеттерінің бірі оның созылу кезіндеге  ұзаруы болып табылады. Белгілі бір  жүктеме кезінде талшықтардың жалпы  ұзаруы иілгіш, эластикалық, және пластикалықтардан  құралады.

Талшықтардың иілгіш ұзаруы жүктемені алып тастағаннан кейін  бірден жоқ болса, эластикалық –  жай, уақыт өте, ал пластикалық қалдықты болып қалады, яғни жүктемені алып тастағаннан кейін қала береді, жоғалмайды.

Бұйымдарды қолданғанда  иілгіш және пластикалық ұзару елеулі маңызға ие, себебі олар негізінде  бұйымның форма тұрақтылығын, оның мыжылмай қалуын анықтайды. Алайда мата мен бұйымды жасау процесстері кезінде пластикалық ұзарудың да маңызы бар.

Вискозды және мысты-аммиакты талшықтардың жалпы ұзаруы кең шектерде өзгереді: 10-нан 30%-ға дейін. Талшықтардың бұл түрлеріндегі ұзарулар толықтай көп емес. Ацетатты және триацетатты  талшықтың иілгіш ұзаруы вискозды талшыққа қарағанда 2 есе жоғары, бұл ацетатты және триацетатты талшықтардан жасалынған бұйымдардың аз мыжылып қалудың бір себепкері болады.

Жасанды талшықтардың физика-механикалық  қасиеттерінің бір маңыздысы  көп реттік қайталанатын жүктемелердің  әрекетіне олардың төзімділігі  болып табылады. Мұндай төзімділік талшықтардың эластикалық қасиеттерінің, яғни қайтымды ұзарулардың шамасының арқасында пайда болады. Шамасы мен бағытына қарай қарай өзгеретін көпреттік деформациялардың әрекетіне вискозды талшықтардың төзімділігі талшықтың жұқалығына және формалануының жағдайларына байланысты. Вискозды бұйымдардың қасиеттеріне элементарлы талшықтың жіңішкелігі де әсер етеді. Элементерлы талшық неғұрлым жұқа болған сайынтүрліше деформацияларға төзімділігі артып, талшықтар мен олардан жасалынатын бұйымдар жұмсақ болады. Ацетатты және триацетатты талшықтардың көпреттік иілгіш жүктемелерге төзімділігі вискозды талшықтарға қарағанда төмен. Гидрацеллюлозды талшықтың гигроскопиялық қасиеті 12-13% тең, ацетатты – 6-8%, триацетатты – 3,2-4%. Ацетатты және триацетатты талшықтарвискозды талшыққа қарағанда суда аз бөртіп кетеді екен.  Суда ацетатты талшық 21-22% дейін ылғал сіңіреді, ал вискозды тура сол жағдайларда 55-70%, сондықтан да ацетатты талшық пен одан жасалынатын бұйымдарды  кептірудің ұзақтығы вискозды талшық пен одан жасалынатын бұйымдардан гөрі 3-4 есе аз. Триацетатты талшық ацетатты талшыққа қарағанда ылғалды аз сіңіреді.

 

Синтетикалық  талшықтардың қасиеттері

 

Барлық синтетикалық талшықтар  келесідей топтарға бөлінеді.полиамидты, полиэфирлі, полиакрилнитрильді, полихорвинилді, поливинилспиртті және полиолефинді.

Полиамидты талшықтар (капрон, анид) маңызды қасиеттер кешеніне ие, бұл оларды түрліше бұйымдарды жасауда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Полиамидты талшық үйкелу мен бүктеуге өзінің жоғары төзімділігімен, оңай жыртылмай эластикалық, көпреттік деформацияларға тұрақтылығымен  бағалы болып келеді. Мақтаға қарағанда капронды талшықтың жыртысқа берітігі 2-3 есе жоғары.

Полиамидты талшықтардың ең бағалы қасиеті – үйкелуге төзімді  болуы. Егер де полиамидты талшықтың  үйкелуге беріктігін 100% ретінде қарастырсақ, онда мақта үшін ол тура сол жағдайларда 10% ғана құрайды. Талшықтардың үйкелуге қарсы мұндай беріктігіне байланысты оларды басқа талшықтармен (жүн, вискоза) араластыра отырып қосымша түрінде қолданған жөн. Вискозды талшық пен жүнге иірілген жіпке 10-15% полиамидты штапельды талшықты қоса отырып араластырса,  2-4 есе камвольды маталардың үйкеліп тозуға төзімділігі жоғарылайды.

Полиамидты талшықтардың жоғары эластикалық қасиеттері бар, бұл өз ретте қайтымды ұзарулардың  елеулі көлемін, жіптің жоғары беріктігін және көпреттік деформацияларға  тұрақтылығын анықтайды. Біршама кішкене  жүктемелерді алып тастағаннан  кейін  полиамидты талшықтардың ұзындығы сол  қалпында дерлік қалады, ал басқа талшықтардың (жүн, вискоза) ұзындығында біршама  қосылыған ұзару байқалады.

Полиамидты талшықтардың гигроскопиялық қасиеті жоғары емес. 65% салыстырмалы түрде ауаның ылғалдылығы  жағдайында бұл талшықтар 3,5-4% ылғалды  сіңіреді.

Полиамидты талшықтардың тығыздығы (меншікті салмағы) табиғи және жасандыларға қарағанда елеулі түрде  төмен, 1,14г/м² құрайды, сондықтан да белгілі бір жіптердің тығыздығы  мен қалыңдығына ие капроннан жасалынатын бұйымдар  мұндай жасанды талшықтардан жасалған бұйымдардан салмағы бойынша жеңіл болып келеді.

Полиамидты талшықтардың термотөзімділігі онша көп емес. 140ºС температурада полиамидты талшықтың  беріктігі 60-70% төмендейді. Капронды талшықтары бар бұйымдарды үтіктегенде 100-110ºС-та үтіктеу керек. Өртегенде бұл  талшықтар жанбайды, олар балқиды. Полиамидты  талшықтар күн сәулесі мен атмосфералық құбылыстардың әсеріне онша қатты төзімді болмайды. Олар химиялық реагенттердің көпшілігіне, нақты айтқанда сілтілерге төзімді болып келеді. Концентрленген минералды қышқылдарға полиамидты талшықтар тұрақты емес, ал мұздай сірке, құмырсқа қышқылдарында және суфенолды ерітінділерде ериді. Полиамидты   талшықтар домалақ, тегіс бұл олардың басқа талшықтармен бірігуіне кедергі болады. Мәселен, капронды штапельді талшықты қолданыс кезінде жүнмен (20%) араластырғанда ол матаның сыртқы қабаттарына өтіп, нәтижесінде бұйымдардың сыртқы түрі нашарлайды.

Полиамидты талшықтардан тұрмыстық және техникалық қолданысындағы түрліше бұйымдарпды жасап шығарады.

Штапельді полиамидты талшық басқа талшықтармен (мақта, жүн, вискозамен) аралас күйде кеінен қолданылады. Мұндай араластан кейін бұйымдардың  қызмет ету мерзімі едәуір ұзарады. Әдетте полиамидты талшықтардың басқа талшықтармен қосындыларындағы мөлшері 10-15%-дан аспайды, мұндай мөлшерде полиамидты талшықтарды араластырып қосса бұйымдардың гигроскопиялық қасиеттері өзгермейді.

Полиэфирлі талшықтар (лавсан) – сыртқы түрі бойынша бұл талшық жүнге ұқсайды. Беріктігі бойынша полиамидты талшықтардан кем түспейді. Қалыпты жағдайларда полиэфирлі талшық ылғалдың 0,4% ғана сорбциялайды. Лавсан талшығы өте иілгіш және қатты созылады, сондықтан да лавсан талшығы мен одан жасалынатын бұйымдар мыжылмайды.

Лавсан талшығының шөгуі  онша көп емес. Тығыздығы (меншікті салмағы) полиамидты талшыққа қарағанда  жоғары, 1,38 құрайды. Лавсан термопластикалық талшық болып табылады. Қызуға шыдамдылығы  жағынан ол тұрмыстық қажеттілікте қолданылатын бұйымдардың талшықтарының  ішінде бірінші орынды алады. 235-245ºС температурада лавсан жұмсарады, ал 260-265ºС температурада балқиды. Лавсан 200ºС температурада 5 мин ішінде құрғақ ыстық ауамен өңдеуге шыдайды. 30-60 мин ішінде 135ºС температурада булану жағдайында талшықтың 10% беріктігі  жоғалады. Лавсан 90 мин ішінде 130ºС температурадағы  қысымда сумен өңдеуге шыдайды. Одан да жоғары температурада беріктік қасиеті төмендейді. Лавсаннан жасалынатын  бұйымдарды 130-160 ºС температурада үтіктеген жөн. 200ºС температурада үтік талшыққа жабыса бастайды екен.

Талшық қышқылдар мен  тотықтырғыштардың әсеріне төзімді, әсіресе салқын концентрленген қышқылдарға: күкірт, тұз және фторсутекті қышқылдарға. Ол жоғары температураларда қатты сілтілермен әсер еткенде ғана ірітіледі. Лавсан талшығының үйкелуге төзімділігі вискозды және табиғи талшықтардың төзімділігінен едәуір жоғары алайда капронды талшықтың беріктігінен төмендеу. Сол себепті лавсанды шұлықты бұйымдарға қолданбаған жөн. Лавсан амидты талшықтарға қарағанда жарық пен атмосфералық жағдайлардың әсеріне жақсы қарсы тұра алады, сондықтанда гардинді және жиһазды маталарды жасауда қолданылады. Лавсан штапельді талшығы 50% пропорцияларында жүнмен жақсы араласады. Ал лавсан полиэфирлі талшығын жүнмен араластырса мұндай маталардың қасиеттері жақсарады: беріктігі артып, шөгу мен мыжылуды төмендетеді. Дымқыл күйдегі жоғары беріктік, ылғалды аз сіңіргіштігі мен микроағзалар мен көгеріп кету әсеріне төзімділігі лавсан талшығын теңіз арқандары мен балық аулау ауларының өндірісіне аса бағалы шикізат ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған қасиеттер лавсанды өндірістің түрліше салаларында қолдануға мүмкіндік береді, мысалы халық тұтынатын тауарлардың өндірісінде.

Полиэфирлі талшықтарды  ескекшілердің костюмдерін тігетін  маталарды шығаратын салада кеңінен  пайдаланады. Мұндай маталардан тігілген костюмдерді практикалық тұрғыда  сынақтар жасағанда лавсанды қосылған жүннен жасалған бұйымдардың ауа-райының қолайсыздығы кезінде жақсы қасиеттерге ие екендері көрсетілді.

Лавсанның жоғары қайтымды деформациясы форманың жақсы сақталуына жәрдемдеседі. Лавсаннан тігілген костюмді үнемі үтіктеудің қажеті жоқ. Суласа да үстіндегі қырлары кетпейді. Мұндай маталардан тігілген бұйымдар ұзаққа дейін өз бейнесі мен формасын сақтайды.

Лавсанның негізгі кемшіліктері пиллингтік қасиеттері, тез кірлеп қалу, аз гигроскопиялылығы, электрленуі, нашар боялуы болып табылады. Алайда өндірісте талшықтарды бояудан өткізіп, арнайы бояғыштар мен өңдеуден өткізіп мұндай кемшіліктерден арылуға болады.

Полиакрилнитрильді  талшықтар (нитрон) жоғары беріктікке ие, алайда ол полиамидты және полиэфирлі талшықтарға қарағанда едәуір төмендеу. Нитронның ең басты артықшылығы оның аз тығыздығы болып табылады (1,17 г/см²).

Нитронның жарылғыш ұзаруы 16-20%. Нитрон талшығы мен оның қатарлас сополимерлер созылғыштың жағары бастапқы модуліне ие, яғни көпреттік жүктемелер кезіндегі созылуларға жақсы қарсы тұра алады, нәтижесінде мұндай талшықтардан жасалған бұйымдардың сыртқы кейпі мен түрі мыжылғаннан кейін қайта қалпына келеді.  Қалыпты салыстырмалы ылғалдылықта (65%) талшық ауадан 1 %-дай ылғалды сорбциялайды. Ылғал күйіндегі нитрон талшығы өз беріктігін сәл ғана жоғалтады.

Нитрон талшығының механикалық  көрсеткіштері мен оның созылғыш қасиеттері формалаудың жағдайларына байланысты кең көлемде өзгеруі  мүмкін, сондықтан бір жіп иіру ерітіндісінен түрліше жарылғыш жүктемелері (20-45 км жарылғыш ұзындықтағы)  мен ұзаруы бар талшықты алуға  болады.

Полиакрилнитронды талшығының үйкеліп тозуға төзімділігі 5-10 есе полиэфирлі мен поамидты талшықтарға қарағанда төмендеу, сондықтан нитрон талшығын шұлықтық өндіріс пен басқа да бұйымдарды шығаруға қолданбаған жөн.

Жарық пен жыл мауысымдарының ауа райы жағдайларының әсерлерінен  табиғи және химиялық талшықтары өз беріктігін жоғалтады, ал нитронның беріктігі  тек 20%-ға ғана төмендейді.

Нитроның минералды қышқылдардың, кәдімгі органикалық еріткіштердің, майлардың, минералды тұздардың  ерітінділердің әсеріне жақсы тұрақтылығын көрсетеді. Мұндай маталарды 100ºС-тан  жоғары температурада үтіктеуге  болмайды.  Температура жоғарылаған  жағдайда талшықтар сарғаяды. Мысалы, 200ºС температурада үтіктесе, үтікпен  жай бір басқаннынң өзінде сарғаю лезде көрініп қалады. Сондықтан  да нитроннан жасалған бұйымдарды төмен  температурада сарғаюды болдырмай бірнеше рет үтіктесе болады. Нитроннан жасалған бұйымдардың құрғақ және сұйық өңдеулер кезінде форма мен көлем тұрақтылығы жақсы сақталады. Өртеген кезде талшық бірінші балқып, содан соң бықсыған күйемен сары отпен жанып кетеді. Полиакрилнитрилді талшықтың суыққа қарсы жақсы қасиеті бар, алайда минус 20-30 градустағы температураларда ол қатты әрі нәзік болып қалады. Нитрон көгеріп кету мен шіріткі бактериялардың әсеріне берік жәндіктер де одан аулақ.

Полиакрилнитрилді талшықтар  жұмсақ, теріні де коздырмайды, аз мыжылады, термоөңделіп бүктелген бүрмелер мен плиссені жақсы сақтайды. Тұрақты шыйыршығы бар, жүнмен қоса араласуларда киізденіп кетпейді, басқа синтетикалық талшықтармен араласуларға қарағанада төмен дәрежеде пиллинг жасайды. Мұндай маталардан жасалған бұйымдарды көпреттік жууға болады, олар өзінің бастапқы қалпынан айырылмайды. Нитроннан жасалған маталар шөгіп отырмайды.

Аталған қасиеттерге байланысты нитронды текстиль өндірісінде кеңнен қолдануға болады: таза күйде трикотажды өндірісте, басқа талшықтармен (жүн, вискозды штапельді талшықтармен) араластырып  жүн өндірісінде.

Полиолефинді  талшықтар. Талшықтардың бұл тобына полипропиленді және полиэтиленді талшықтарды жатқызу керек.

Полипропиленнен жасалған талшықтың  жоғары физика-механикалық қасиеттерімен  қатар ол азғантай тығыздыққа (0,92 г/м²) ие, сондықтан да одан жасалған бұйымдар суда батпайды, қышқылдардың, сілтілердің, микроағзалар мен т.б. әсеріне тұрақты. Алайда пропиленнен жасалған талшық жарық пен жылудың әсеріне төзімсіз. Бұл кемшілікті талшықтың мерзімсіз бұзылуын болдырмайтын арнайы заттарды енгізумен кетіреді. Таза және басқа химиялық талшықтармен араластырылған  күйдегі талшық маталарды жасауда қолданылады.

Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті