Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы
1 Сән бағытына қысқаша мінездеме
Сән - дегеніміз адамның ұшқыр
ойлау қабілетінің, қиял - ғажайып
ойын бір арнаға тоғыстыра отырып,
көркемділікті, сәнділікті мақсат ете
отырып, қиялын барынша іске асыруға
мүмкіндік беретін күрделі
Дипломдық жобада ұсынылған бұйым - әйелдер пәлтесі. Әйелдер пәлтесі курткалар мен үлпілдектерге қарағанда өз орнын таба білді. Әйелдер мен қыздар күздік, көктемдік, соңғы кездері қыстық йық бұйымдарын таңдағанда, үлкен мән береді. Өйткені пәлте тек қана суықтан ғана сақтамайды. Сонымен қатар, өте сәнді, дененің кемшіліктерін жасырады.
2010 - 2011 жылғы сән әлемінде болған
жарқын жаңалықтардың бірі
Биыл подиумда өте қарапайым тік және классикалық пішімдегі пәлтелер ұсынылды. Немесе керісінше модель дене бітімінің сұлулығын белдікпен айқындап көрсететін, барлық назарды беліне аудартатын, екі өңірлі қысқа және ұзын пәлтелер топтамасын ұсынды. Айта кететін жағдай қыс - күз маусымдық пәлтелерінде ұзын қолғаптармен киетін үште төрт жеңдер қайта оралды.
Emanuel Ungaro жаңа маусымда романтика және жеңіл маталы модельдер топтамасын ұсынды. Назарға қынамалы силуэтті, драпировкалармен, романтикалық бүрмелерімен, көлемді жеңдерімен және желбіршектерімен ұсынды. Әртүрлі фактуралы маталарды пайдалану өте үйлесімді. Бұлардың бәрі модельге ерекше дене бітімін айқындап көрсетеді.
Қысқа және ұзын пәлтелер. Сіздің аяқтарыныздың ұзындығын, сұлулығын көрсететуге мүмкіндік тудыратын қысқа пәлтелер де 2010 – 2011 жылғы қыс – күз апталығын да қалыс қалған жоқ. Ұзындығы тізеден жоғары келген қысқа пәлтелер көп сәнгерлердің топтамаларында кездеседі. Қысқа пәлтелермен ұзын қонышты етіктер, батфордылар мен туфлилар жаңа маусымда керемет көрінеді. Сонымен қатар топтамаларда өте ұзын пәлтелер де кездесті. Бірақ көп емес.
Ұзындығы тізеге дейінгі пәлтелер біздің қыздар мен әйелдер арасында танымал ұзындық болып табылады. Бұндай ұзындықпен шалбармен қоса әртүрлі ұзындықты белдемшелер де, қонышты етік, ботильон, туфли керемет көрінеді.
Кең пішімді пәлтелер сәнді трендтердің бірі. Түймесіз, тұтынушының қалауына байланысты белдікпен және белдіксіз. Кимоно және халат типтес пәлтелер. Трапеция формалы , классикалық стиль мен тізу силуэт болуы мүмкін.
Қынамалы пәлтелер. 2010 - 2011 жылғы қыс - күз маусымдық сән топтамасында қанамалы силэтті пәлтелер көп кездеседі. Әйелдердің қылдай белін тек қана жазда ғана емес, басқа да маусымдарда көрсеткілері келеді. Сондықтан қанамалы силэтті пәлтелер таңдай отырып, ешқандай белдіктерге жүгінбей ақ сіз қайтадан өзініздің беліңізді еш қиындықсыз көрсете аласыз.
Былғары 2010 - 2011 жылғы қыс - күз маусымдық сән топтамасында негізгі мата ретінде былғарыдан тігілген пәлтелер де ұсынылды. Жаңа маусымда жағасы мен манжеті былғарыдан тігілген керемет туындылар сәнге шықты. Британдық танымал Burberry бренді былғарыдан тігілген пәлтелер топтамасын ұсынды. Сонымен қатар Hermes, Pamella Roland, Etro, Ralph Rucci, Margaret Howell, MaxMara, Phillip Lim сыңайлы брендтердің де топтамаларынан кездестіруге болады. Ал жағалары мен жеңдері мехпен өңделген пәлтелерді Moschino, Oscara de la Renta и Carolina Herrera топтамаларында ұсынды.
2010 - 2011
жылғы сәнгерлер ұсынған
2010 - 2011 жылғы сәнгерлер ұсынған классиканың негізі ақ қара түс, пастель, көкшіл, қызғыл, қызыл сары түстер подиумдарды жаулап алды. Ал маталардан: жүн, жібек, мақта мата, бархат, вельвет, жұмсақ былғары, полиэстер, кашемир, бұршақ, түрлі – түсті жолақты, твид - фланель, полиалид, гобелен, парча, жаккард, жүн қалың және төзімді маталар, ұстағанда жұмсақ маталардан тігілген киімдер ұсынды.
Йық бұйымдарының көбісі астармен. Ал костюмдік маталар өсімдік және гүлді өрнектері бар маталар. Ал түстік гаммада бұрынғыдай ашық түстер және түрлі - түсті түстер сәнге шықты. Ал кейде қызыл мен көк, қызғылтты изумрудты жасыл түстерді үйлесатіретін батыл қадамдар таңқалдырады.
2010 – 2011жылғы қыс күз апталығында көктем жазғы аксессуарлар топтамасы:
Ұзын былғарыдан тігілген қызыл, көк түсті қолғаптар ұсынылды. Бұндай қолғаптармен мойынға тағатын гүлді орамалдармен тіпті керемет болады. Сонымен қатар сырға мен сағаттар. Сырғалар изумруд пен сапфидан жасалған бұрынғы заманды еске түсіретін үлкен сырғалар болу керек. Ал сағаттар үлкен емес, көзге бірден түсетін белдеуішімен.
Ал аяқ киімдер былғарыдан тігілген қанық түсті гладиатор және қарапайым сандалилер. Қыста биік өкшелі туфлилер, ал жазда олар одан да биіктейді және жіңішкереді. Ал сөмкелер квадратты формалы сөмкелер сәнге айналды.
Шашқа арналған аксессуар. Шығыс стильіндегі көк, жасыл, фиолетовые, шие, таңқурай және қарапайым қызғылт түсті шалма сәнге айналды. Сонымен қатар белдіктер, гүлді феерия, грециялық тиара да қалыс қалған жоқ.
1.2.Cтильдік шешімді таңдау, көркемдік образын бейнелеу
Стиль дегеніміз - шығармашылық әдістердің, әртүрлі пікірлердің мазмұнының бірлігін тудырған бейнелі жүйенің, көркемдік бейнелеу құралдарының орнықтылығы. Стиль дәуірдің жалпы көркем бейнесін білдіріп, өз кезенінің жүйесімен мәдениетін бейнелейді. Стиль үлкен тарихи кезеңге сай келіп, өмірдің барлық салаларында эстетикалық талғамның бірлігін білдіреді.
Стиль тұтас халықтың тіршілігінде
жүріп жатқан белгілі бір тарихи
процесстердің нәтижесінде
Модельді жобалау үшін әр түрлі стильді, кейде бір - бірінен алыс кететін стильдерді қолданамыз. Стиль сән бағытымен тығыз байланысты. Стильде сән бағыты әрқашан да өзгеріп отырады. Коко Шанель айтқандай сән кетеді стиль қалады. XX ғасырда нақты қалыптасып, бекілген киім үлгісіндегі стильдік бағыт XXI ғасырда да өз маңызын жоғалтқан жоқ. Бұлар: классикалық, спорттық, романтикалық және этникалық. Бұлардың барлығының да алдыңғы дәуір кезеңінің тарихи көркемдік стилінен айырмашылығы негізінен, костюмдік функционалдығы мен мақсатында. Стиль әр түрлі идеялардың, қиялдардың жиынтығы болып табылады. Сондықтан осы стильдерден басқа стильдер яғни қытый, сафари, авангард, ампер, кантри, денди секілді стильдер бастау алады.
Стильді киіну тек қана стильді көріну ғана емес, сонымен қатар ыңғайлылықты да сезіне білу.
Сәнгерлер өз идеялары мен қиялдарын бір арнаға тоғыстырудың нәтижесінде киім стилі мен ассортиментін шығарады. Тұтынушылықты қанағаттандыруды басты мақсатқа алып, әр маусымда жаңа киім топтамасын халық назарына ұсынады.
Романтикалық стиль –
бұл өзінің нәзік маталарымен
ерекшеленеді. Оған көптеген жиырмалар,
банттар, гүлдер, әртүрлі әшекейлер
жатады. Көбінесе кешкілік көйлектер,
сәнді белдемшелер иен
Ұсынылған бұйым романтикалық стильге жатады. 2010 - 2011 жылғы қыс - күз маусымдық сәнді топтамасындағы ұсынылған бұйымдарға сай келеді. Бұйым романтикалық стильде деуіміздің себебі беліндегі бүрмелері, кең пішімді жеңдері романтикалық стильдің айқын нышандары болып табылады. Бұйымның романтикалық стильде болуы тұтынушының сұранысын зерттеу барысында қалауына байланысты романтикалық стиль деген тоқтамға келдік. Бұйымның тұтынушыға жарасымдылығын, қонымдылығын, ыңғайлылығын, талғамын қалауынша қанағаттандыруға барымызды салдық.
Сәнді киіне білу де – өнер демекші, ұсынылған бұйымның өзіне жарасымды, ыңғайлы, өз талғамына сай стильді киіну арқылы қоғамның стильге деген көзқарасын бейімдейді. Сондықтан да сәнді де стильді киіне білейік !!!
1.3. Ұсынылған матаның
түсі, фактурасы және сыртқы
Тігін өнеркәсібі халық үшін сәнді де ұнамды киім шығаруды басты негізге алады. Киім адамдарға қажетті басты құндылықтардың бірі болып табылады. Тұтынушының сұранысын қанағаттандыру барысында негізгі нышандардың бірі мата болып табылады. Қазіргі заманда мата ассортименті өте көп. Шет елдерден алып келетін маталардың алынуы мен қасиеттері жөнінен алуан түрлі болып келеді.
Бұйымға мата таңдауда ең маңыздысы - матаның түсі болып келеді. Түс киім композициясының құрамы, сонымен қатар маңызды элемент болып табылады. Ұсынылатын бұйымға матаны дұрыс таңдай білу өте маңызды. Мата таңдауда тапсырыс берушіге мата түсінің жарасымдылығы басты назарға алынады. Бет әлпетінің түсіне, дене бітіміне сәйкес келуі керек.
Матаның ассортиментінің
көп болуы киімнің сәнді, ыңғайлы
болуына тікелей әсер етеді. Ал бұл
негізді матаның талшықтық
Суретші өзінің идеяларын
дәнекер ретінде беретін
Матаның фактурасы дегеніміз – материал бетінің сырттай бейнеленуі. Ол майда, түкті, мөлдір т.б. болуы мүмкін. Сондықтан матаны таңдағанда тігілетін бұйымға сәйкестігін, матаның өлшемді қасиеттерін, яғни матаның физикалық, механикалық, технологиялық, өлшемдік, оптикалық қасиеттеріне сай болып, ыңғайлылығына мән беру керек. Ерекше атап өтіп кететін жағдай матаның өрнегі, суреті. Мата бетінде сурет болған жағдайда түсінің шығуы, суретінің сәйкестігіне көңіл бөлу керек. Мата тор көз, жолақты және ірі өрнекті жағдайда басқа маталарға қарағанда көп кетеді. Өйткені бір - біріне сәйкестендіру кезінде мата өлшеміне әсер етеді. Сонымен қатар бойы қысқа адамдарға көлденең жолақ бойын одан әрі қысқартып көрсетеді. Ал тік жолақты мата адамды ұзартып көрсетеді.
Алуан түрлі маталар ассортименті:
Мата таңдаудағы
негізгі назар аударатын
Бүкіл маталар тобы қасиеттері бойынша 5 топқа бөлінеді:
- механикалық
- технологиялық
- физикалық
- өлшемдік
- оптикалық
Матаның механикалық қасиеттері - киімді пайдалану барысында оның тозуы, негізінен - тартатын, қысатын, бүктейтін күштердің әсерінен болады. Сондықтанда киімнің түрлері мен түсін сақтауда, киім уақытын ұзартуда оның механикалық қасиеттерінің, яғни әр түрлі механикалық ықпалға қарсы тұра алу қабілетінің маңызы зор. Матаның тозуға төзімділігі, ұзаруы, қыртыстанбауы, қаттылығы, драпталынуы және т.б. жатады.
Матаның физикалық қасиеті - оның гидроскопиялық, ауа өткізгіштік, бу өткізгіштік, шаң жинау қабілеті, электрленгіш, су сіңіру қабілеті және т.б. қасиеттері жатады. Гидроскопиялық қасиеттері матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті.
Матаның технологиялық қасиеті матаның тайғақтығы, сетінегіштігі, ойылғыштығы, жіптің тігісте жылжығыштығы, отырғыштығы, пішуге қарсы тұрғыштығы, ылғал жылу өңдеу арқылы формасын сақтау қабілеті.
Матаның өлшемдік қасиеттеріне матаның ені, қалыңдығы жатады.
Матаның оптикалық қасиеттеріне адамның көзімен көруге болатын қасиеттері жатады. Яғни матаның түсі, өрнегі және жылтыры жатады. Оптикалық қасиеттері жағынан маталарды өңделмеген яғни өз түсімен ағартылған, сурет бастырылған ала тоқылған, меланджды, молимерленген болып бөлінеді.
Ұсынылған бұйымның негізгі матасы - кашемир мата. Талшықтық құрамы - лавсан, айқаспасы - саржалық, қалыңдығы – орташа, мықтылығы – орташа, тозуға төзімділігі – орташа, маталардың ұзаруы – орташа, тайғақтығы – төмен, сетінегіштігі – орташа, ойылғыштығы- төмен, тігісте жылжығыштығы – төмен, пішуге қарсы тұруы – төмен, қаттылығы – төмен, ауа өткізгіштігі – төмен, бу өткізгіштігі – төмен, шаң жинау қабілеті – орташа, отыруы – орташа, түсі – қызыл, өрнегі – жоқ, жылтырауы – төмен, су сіңіру қабілеті – жоғары, ЫЖӨ арқылы форманы жақсы сақтайды.
Астарлық мата - тігін бұйымының астын көрсетпеу үшін және киімдерді оңай киіп шешу үшін қолданылады. Астар маталарға мынандай талаптар қойылады: тозуға төзімді, тайғақтығы, үйкеліске мықтылығы, химиялық тазалауға мықтылығы, және де астар матаның отыруы негіз матаның отыруымен бірдей болу керек.
Астар маталар әр түрлі талшықтардан жасалуы мүмкін. Тоқыма ақаспасы жағынан көптеген полотналық, саржалық, майда өрнекті және т.б. болуы мүмкін. Өңдеу жағынан бір түсті және сурет бастырылған, ал тоқылған болады.
Ұсынылған бұйымның астары. Талшықтық құрамы - лавсан, айқаспасы - сәтенді атласты , қалыңдығы – төмен, мықтылығы – орташа, тозуға төзімділігі – жоғары, маталардың ұзаруы – жоғары, тайғақтығы – жоғары, сетінегіштігі – жоғары, ойылғыштығы - жоғары, тігісте жылжығыштығы – жоғары, пішуге қарсы тұруы – жоғары, қаттылығы – төмен, ауа өткізгіштігі – жоғары, бу өткізгіштігі – жоғары, шаң жинау қабілеті – төмен, отыруы – төмен, түсі – қызыл, өрнегі – жоқ, жылтырауы – жоғары, су сіңіру қабілеті – орташа, ЫЖӨ арқылы форманы нашар сақтайды.
Қатырма маталар тігін бұйымдарына форма беру үшін қолданылады. Қатырма мғатериал ретінде желімді және желімсіз материалдар қолданылады. Желімді материалдарға дублирин, флезилин, желімді торлар, паутинкалар, ұнтақтар және жіптер жатады.Желімсіз материал ретінде зығырлы бартовкалар, қарапайым шыт, бяз т.б. маталар қолданылады. Ұсынылған бұйымда дублирин қатырма матасы қолданылды.
Желімді материалдарға мынандай талаптар қойылады: желімнің қауіпсіздігі, яғни денсаулыққа зиянсыз болу керек. Керекті мықтылығы, қаттылығы, серпімділігі, драпталынуы, серпімділігі, мыжылуы, ауа өткізгіштігі, төмен температураға шыдамдылығы болу керек.
Бұйымды жобалау барысында мата таңдауда мұқият болу керек. Фасонына байланысты бүрмелермен болған жағайда мата қалыңдығына байланысты икемдеп, баланыстыра білу керек. Сонымен қатар жоғарыда аталған қасиеттеріне сай мата таңдай білу керек.
Бұйымда тек киімнің ғана емес аяқ киімнің, сумканың және т.б. акссесуарлардың да түсі маңызды. Костюм ойластырылып жасалған кезде түс оның сызықтарымен, пішінімен, материал фактурасымен, фурнитурасымен тікелей байланысты.
Ұсынылған бұйымның матасы 2010-2011 жылғы сән апталығы сәнге айналған маталарға түсі менде матасымен де сәйкес болды. Сонымен қатар таңдалған бұйымның фасонына сай келді. Ал түсі тапсырыс берушінің бет әлпетіне, қалауына байланысты таңдалынды. Мата таңдауда жаңылмадым деп ойлаймын!!!
1.4.Бұйымға әсемдеуші
сәндік бөлшектер,
Бұйымның әсемдеуші сәндік бөлшектері бұйымның образын жеткізуге септігін тигізетін элементтер болып табылады. Бұйымның сыртқы көрінісін, ойын барынша жеткізуге әсемдеуші сәндік бөлшектер, аксессуарлар, бұйымдағы майда бөлшектер, фурнитуралар таптырмас көмекші элементтер болып табылады.
Әсемдеуші сәндік бөлшектер,
аксессуарлар ассортименті
Жаңа заман талаптарына сай сән әлеміндегі киім үлгілері дамыған сайын әсемдеуші сәнді бөлшектер мен аксессуарлар қарқынмен дамып келеді. Көзге ерекше түсетін аксессуарлар қатары күннен-күнге ұлғаю үстінде. Әсемдеуші сәндік бөлшектерге ленталар, тоқыма баулар, шілтелер т.б. жатады. Ал аксессуарларға бас киім, аяқ киім, белдіктер, галстук т.б. жатады.
2010 – 2011жылғы қыс күз апталығында көктем жазғы аксессуарлар топтамасы:
1.5. Силуэт формасын табу, бұйымды пішуге негіздеу
Силуэт дегеніміз - (фр. silhuette VIII ғасырдағы француз министері Силуэттің есімімен аталған) кез – келген заттың контурлық кескінін не біртүсті шешімін жалпақтықта көруді айтамыз. Осыған орай силуэт киімнің көлемділігін анық көрсетеді. Өйткені ол формалардың көлемінің пропорциясы болып есептеледі. Егер киім силуэтінде сызықтардан түзілген белгілі бір форма болмаса, ол көрнекі болып есептеледі.
Форма - ол заттың сырт көрінісі, сырттай бейнесі. Қазіргі заманның киімнің тұрақты формасы болмайды. Сондықтан форма дегенде адам денесінде немесе манекенді бейнелейтін киім формасын ұғынамыз. Форманың конфигурацясы бұл оның сыртқы контурының бейнесі, форманың геометриялық түрі.
Форманың құрылымы, конфигурациясы, алаңы, беткі түрі - негізгі сипаттамалар. Бұл сипаттаманың параметрлері тұрақсыз. Олар киім түріне (көйлек, белдемше, шалбар), дене өлшемдеріне, жас мөлшеріне, киімнің материалына, модаға тәуелді болады.Киім формасына қарай сұлбаны белгілеуге болады. Сұлба - (силуэт) киімнің адам денесіне қонымдылығы.
Силуэтте арнаулы
әртүрлі сызықтар бар:
Силуэтті 2 негізгі түрден анықтайды:
- 1.Скульптуралық – адам денесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ерекшелеп көрсету, қайталау.
- Декоративтік – адам денесінің өзіне тән, кескінінен өтіп, оның өзіндік ерекшеліктерін көлеңкелеп және жасырып, көрерменге дене формасын және пропорциясын өзгертіп, бұзып көрсету. Декоративтік силуэт адам денесінің өзіндік формасын жасырады, басқаға көңіл аударады.
Силуэтті геометриялық денелермен және басқа заттармен салыстырады. Силуэттің анық мінездемесін алу үшін оны әртүрлі геометриялық денелермен салыстырады. Мысалы негізгі сызықтары параллель жатса, ол тіктөртбұрышты елестетеді. Егер негізгі сызықтар төмен қарай кеңейіп кетсе, оны трапециямен салыстырады. Ал ортақ нүктеден жоғары төмен кеңейіп кететін негізгі сызықтармен, 2 үшбұрышты елестетеді. Егер силуэт толқынды қисық сызықтардан түзілсе, оны овалмен салыстырады. Силуэт бұдан да күрделі геометриялық денелерден құралуы мүмкін. Мысалы жартылай овал тіктөртбұрышты денемен, трапеция тіктөртбұрышпен немесе трапециямен.
Силуэт – бұл белгілі бір форма түзіп және фасон жасайтын аудан.
Моданың
әр түрлілігі осы силуэтті
«ерекшелендіру, ойнақыландыру» принцпімен
шешіледі, әдейі күрделендірілген
фасондар, әртүрлі сызықтарды үйлестіру,
бөліктердің бөлшектерін
Жартылай қынамалы силуэт қынамалы силуэтке қарағанда бір бүкпесі аз болғандықтан адам денесіне жартылай қону әсерінен еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Адам денесін бір қалыпты қыспай көрсетеді. Ұсынылған бұйым жартылай қынамалы силуэтті.
- 6. Құрастыру әдістеріне форма бер
у үшін негіздеу
Әрбір жаңа бұйымды құрастыру өзінің пішу әдістемесіне өңдеу тәсілдеріне байланысты құрастырылады. Бұйымды құрастыру кезінде форма беретін элементтер өте көп. Яғни қалталар, драпировкалар, бүрмелер, қатпарлар және т.б. Соның бәрі бұйымда декоративті ғана рөл атқармайды, сонымен қатар функционалдығын да қарастырады.
Силуэттік сызықтар бұйымның
формасын толығымен ашпайды.
Бұйымға форма беретін элементтер вертикальді және горизотальді сызықтар болып табылады.
Горизотальді форма беретін элементтерге мыналар жатады: иық сызығы,қолтық ойындысының тереңдігі, иініш сызығы, бөксе, етек сызықтары жатады.
Иық тігісі- артқы немесе алдыңғы бойда орналасуы мүмкін. Иық тігісі иініштің сызығына ауысып, болмауы да мүмкін.
Горизотальді бүкпелер
Қолтық ойындысы сызығы - иініш сызығы оның орналасуы модельге байланысты. Егер де жауырын сызығынан жоғары орналасқан болса, онда отырғызылуы иінішке аударылады, алдыңғы бой түзу сызықпен сәнделеді. Қолтық оындысының деңгейі бір қалыпты, көтерілген, немесе түсірілген болады.
Иініш сызығы. Орналасу орны модельга байланысты. Егер де иініш жауырын сызығынан 2 – 3 см жоғары орналасқан болса, онда сутюжканы иініш аударады. Алдыңғы бой түзу сызықпен сәнделеді.
Бөксе сызығы- сызбада түзу сызық, егер модель бойынша бөксе сызығы кесілген болса, онда ол қиғаш болып сәнделеді. Силуэтке осы сызықтар төмен кеңейтілген немесе тартылған форма береді. Жан тігісін сәндеп болған соң, бұйымның етегін талдайды.
Вертикальді форма беретін сызықтар - алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы, вертикальді бүкпелер, жан тігісі, артқы бойдың ортаңғы тігісі, бедерлі тігістер жатады.
Киімнің негізгі бөліктерінің формасы киім пішімімен анықталады. Пішім жеңді сипаттайды. Жеңнің бес түрі бар: қондырма жең, реглан жең, комбинерленген жең, тұтас пішілген жең және жейде жең.
Бұйымның сыртқы көрінісі, суреті, пішімі, размері, толықтығы, матаның фактурасы, бұйымның бөксе және етек сызығы, жеңнің ұзындығы және ені, жағаның размері - модельдің ең маңызды ерекшеліктері болып табылады. Бұйымға жұмсақ форма және көлем беру үшін бүкпелер, жиырмалар, драпировкалар қолданады.
Ұсынылған бұйымда
1.7. Модельдің сыртқы түрінің сипаттамасы.
Жобаланған бұйым – әйелдер күздік пәлтесі.
Cилуэті - жартылай қынамалы.
Негізгі мата – қызыл түсті кашемир.
Астар – лавсан талшықтарынан құралған.
Фурнитурасы мен сәндік таспалар бұйымның түсімен көркемдік сәйкестікте.
Бір өңірлі 4 түймесімен 4 ілгектерімен.
Алдыңғы бой - бедерлі тігістерімен, иінішімен.
Артқы бой - ортаңғы, бедерлі тігісімен және иінішімен.
Белі сызығы бойынша кесілген, кеңейтілген. Жұмсақ қарама – қарсы орналасқан бүрмелерімен.
Қалтасы – тігістегі оймалы қалта.
Жең - бір тігісті қондырмалы жең, манжетпен.
Жағасы – тік.
Астары етегінде ашық күйінде.
II құрастыру бөлімі
2.1. Киімді құрастыру әдісін таңдау және негіздеу.
Киімді құрастыру - көркемдік және техникалық шешімдерді байланыстыратын творчествалық процесс. Пішін бөлшектерінің сызбасының орындалуын қамтамасыз етіледі. Модель бойынша конструкциялау көркемдік және техникалық тапсырмалардың шешімін біріктіретін күрделі шығармашылық үдеріс.
Сәндік пішін мен бұйым
Ал техникалық тапсырманың
Конфигурация бойынша бұйымға берілген форманы жасауға мүмкіндік береді. Мақсаты: бұйымның конструкциясын жасау. Сызбада немесе лекалда берілген бұйымның құрастырылуын конструкция деп айтамыз.
Бұйымды құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:
- 1.Зерттеу – бұл кезеңде жұртшылықтың сұранысын зерттейді, яғни сән бағытына сай өлшемдер, силуэттер таңдау.
- 2.Техника экономикалық есептер және матаның өз құнын анализдеу.
- 3.Эскизді жобалау – эскизді жобалап, бекітіп алған соң ғана құрастыру процесіне көшеді.
- 4.Құрастыру сызбасын есептеу және құру.
- 5. Бөлшектерді дайындау, пішу, үлгілерді тігу.
Конструкцияға қойылатын талаптар:
Тұлғаның өлшеміне сәйкес мүсінге жақсы отырғызу.

- Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар
- Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу
- Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ
- Жастардың арасындағы лидерлік
- Жарык беру
- Жарып сою хаттамасы
- Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті
- Жасанды интелект
- Жасанды интеллект
- Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны
- «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары