«ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары
Мазмұны |
||
Кіріспе |
5 | |
1. |
Нарық жағдайында өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері |
7 |
1.1 |
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы |
7 |
1.2 |
Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар |
9 |
1.3 |
Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері |
10 |
2. |
«ЖАСИ» ЖШС-ның өндіріс тиімділігін талдау |
14 |
2.1 |
«ЖАСИ» ЖШС-ның технико-экономикалық сипаттамасы |
14 |
2.2 |
«ЖАСИ»ЖШС-ның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау |
23 |
3. |
«ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары |
25 |
3.1 |
Инновация - өндіріс тиімділігін |
25 |
3.2 |
«ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін жоғарлату жолдары |
27 |
Қорытынды |
32 | |
Пайдаланылған әдебиеттер көздері |
34 |
Кіріспе
Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субьекті-кәсіпорынның іс-әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субьектісі, экономика транформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі кәсіпорын болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2007 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз».
Бүгінде
еліміздің алдында жаңа, өршіл
міндеттер тұр. Қазақстанда
Ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “секірістерге” негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс екендігін атап көрсетті.
Кәсіпкерлікті, экономиканы әртараптандыру мен инвестициялар тартуды белсенді ету мақсатында туризм, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, металлургия, мұнай-газ, мәшина жасау, құрылыс материалдары және көлік логистикасы секілді 7 басым кластерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Таяудағы уақытта елде іскерлік ортаны жетілдіру және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөнінде бірқатар шешуші шаралар қабылдау жоспарланған.
Қазақстан экономикасының тұрақты, қарқынды экономикалық өсуі үшін отандық өнеркәсіп салалары даму қажет. Инвестициялардың өндіруші секторларға ағылуы жалғасты. Осының нәтижесінде жеңіл өнеркәсіп, машина жасау химия өнеркәсібі және басқа да салалар өнімдері нарық талаптарына сәйкес емес болып, оларда өткізу мәселесі шиеленісіп, не мүлдем өнім өндірілмей өнеркәсіп салалары терең дағдарысқа түсті. Міне осылар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі салаларында, біріншіден, өндеріс құлдырауының ең жоғарғы көрсеткіштері, екіншіден, жинақ үшін қор жетіспеушілігі, үшіншіден, ескірген өндірістік құрал – жабдықтар мен машиналарды алмастыру үшін мүмкіндіктердің және инвестициялық ынталандырудың болмауы байқалуда. Көптеген кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігінің төмендігі олардың шаруашылық қызмет нәтижелеріне, олармен байланысы бар басқа да субьектілер нәтижелеріне кері әсерін тигізді.
Экономиканы көтерудің ең басты тез және тиімді жолы – ол өндірістің тиімділігін жоғарылату.
«Өнеркәсіптік
кәсіпорында өндіріс
- Нарық жағдайында тиімділікті арттырудың теориялық мәселелерін қарастыру;
- Өндіріс тиімділігіне әсер ететін, факторларды және оны бағалаудың көрсеткіштерін талдау;
- Жалпы Қазақстан Республикасындағы қағаз бен картон шығару нарығының даму тенденцияларына тоқталып өту;
- «ЖАСИ» ЖШС – ның технико – экономикалық сипаттамасын беру және өндірістік тиімділігін талдау;
- Қазақстан Республикасын қағаз бен картон шығару нарығының дамуын қолдау мүмкіндіктерін және « ЖАСИ» ЖШС – ның тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі - Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «ЖАСИ» ЖШС-гі. Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін отандық кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін талдау, бағалау және арттыру бойынша еліміздің және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары мерзімді баспа сөздегі мәліметтер мен ақпараттар, арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар нормативтік құқықтық актілер мен ҚР Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары қағаз шығару мен айналысатын « ЖАСИ » ЖШС – ның жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Бірінші бөлімінде жалпы экономикалық тиімділік көрсеткішінің теориялық аспектілері ашылады.
Екінші
бөлімінде жалпы Қазақстан
Үшінші бөлімінде картон мен қағаз өндірісінің дамуы және жетілдіруін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуы, « ЖАСИ » ЖШС – ның өндіріс тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
1 Нарық жағдайында өндіріс
тиімділгін арттырудың
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кәсіпорындарды бәсекенің артуы, өндірістік шығындардың жоғары болуына өткізу нарығының қысқаруы, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі - бұл негізінен кәсірорын көлемінің артуы және өндіріс көлемінің кеңеюі (өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар санының артуы). Даму деген – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, техналогия және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсекеге қабілетті өнім өндіретін кәсіпорын қалыптастыру, ол үшін өндіріс жұмысшылары және акционерлердің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен қатар жабдықтаушылар мен тұтынушылардың жоғары талаптарын ескеру қажет.
Осы өндірістің экономикалық тиімділігі мәселесі бойынша әр экономист ғалымдар өз пікір- тұжырымдамаларын ұсынған.
Кейбіреулер еңбек өндірісінің өсуі немесе бір өнімді шығаруда –ең аз еңбек шығындары деп есептейді. Басқаларының ойынша - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламды
өндіріс тиімділігі жұмыс
Л.Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз –ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелілігі. Ал М.Н. Тимохинның айтуынша, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі – бұл оның барлық обьективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсететін күрделі котегория.
А.П. Вавилов, А.И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н.Уоол, Л.Маркузе, Д. Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, ең кеңінен
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі: өнімділік (бір жұмысшыға өнім өндіру);
- өндірістің тиімділігі: өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы;
- қаржылық
тиімділік: активтердің
Профессор Н.Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау барысында оның техникалық (технологиялық) және экономикалық деп ажыратады. Егер берілген өндіріс технологиясымен (әдісімен) тұрақты өнім көлемін өндіргенде өнім өндіруең көп, ал ресурстарының шығындары ең аз, онда өндірістік тиімділік технологиялық тиімді деп саналады. Экономикалық тиімділікке жету өндіріс үрдісінде пайдаланылатын ресурстар түрлерінің баламалық құнын минималдаумен байланысты. Осының негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық
тиімділік экономикалық жүйенің
әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің
пайдаланылған ресурстар
Біздің ойымызша,
өнеркәсіптік өндірістің экономикалық
тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген
стратегияға тәуелді
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік
шығындардың экономикалық
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің
тиімділігі өндірістік
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың
әр элементінің жағдайын
- ұсынылған
жаңа әдістерді әзірлеу,
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
- өнім көбейеді, шығындар азаяды;
- өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
- өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
- өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
- өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Осылайша, өндірістің
экономикалық тиімділігін арттыру
әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат
болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы
әр – түрлі факторларға
1.2 Өндірістің экономикалық
тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндіріс тиімділігін басқару – оның тәуелді болатын факторларын мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділігін арттыру факторларның мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс бағалағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығындарына әсер ететін жағдайлар. Олар келесілер:
- ҒТП –
тің жеделдеуі, ең алдымен,
кәсіпорынға бәсекелестік
- өндірісті
құрылымдық және
- басқару
әдістері мен жүйесін
- өндірістің
жетілдіруі және дамуының
- халықаралық
еңбек бөлінісінің
Факторлардың маңыздылары және маңыздылығы төмені, обьективті (материалды) және субьективті (саяси, құқықтық, идеологиялық), қысқа және ұзақ мерзімділері болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді. 1 қосымшада өндіріс тиімділігіне әсер етуші факторлардың жіктелуі көрсетілген.
Ішкі орта
факторларына кәсіпорын өзінің алдына
қойған мақсаттары мен міндеттері,
қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім
сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар,
технология, басқару деңгейі және
шешім қабылдау әдістері, персонал,
оның арнайы және технологиялық білімдері,
корпоративтік мәдениет және т.б. жатқызамыз.
Ішкі факторлар негізі және негізі
емес болып бөлінеді. Негізгілеріне
өндірістік және өндірістік емес факторлар
жатады. Негізгі еместеріне тиімділік
көрсеткіштері мәнімен тікелей
байланысты емес, бірақ кәсіпорын
қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар
жатады. Мысалы, шаруашылық, қаржы және
технологиялық тәртіптің
Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көңіл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.
Қорытындылай
айтқанда, өндіріс тиімділігін арттыру
жолдарын қарастыру әр
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін бағалаудың экономикалық көрсеткіштері табылады.
1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері
Экономикалық тиімділік деңгейі екі өлшем - экономикалық тиім (нәтиже) және өндіріс шығындарын салыстыру арқылы айқындалады. Экономикалық тиім көрсеткіштері қандай шығындар және ресурстар құнымен экономикалық нәтиже алынғанын көрсетеді.
Экономикалық тиімділік жалпы (абсалютті) және салыстырмалы деп ажыратылады.
Жалпы тиімділік шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде (сала, кәсіпорын, ұйым, капиталды құрылыс объектісі) анықталып, тиімділіктің жалпы шамасын анықтайды.
Салыстырмалы
тиімділік - белгілі-бір өндірістік-
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жалпы шамасын анықтайтын көрсеткіштерге кеңірек тоқталайық.
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағанда экономикалық нэтиже еңбек, материал шығындарымен, өндірістік қорларымен (негізгі және айналым), капитал салымдарымен және табиғат ресурстарымен сәйкестендіріледі.
Өндірістің экономикалық тиімділігі мына көрсеткіштер арқылы айқындалады:
1. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі (қор қайтарымы және қор сыйымдылығы)
2. Инвестициялардың тиімділігі ( капитал қайтарымы және капитал сыйымдылығы)
3. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі ( еңбек өнімділігі, еңбек сыйымдылығы)
4. Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігі (материал қайтарымы, материал сыйымдылығы)
5. Шаруашылық қызметінің жалпы тиімділігі ( пайдалылық )
Қор қайтарымы - 1 теңге өндірістік қорларға есептегендегі өндірілген өнім құнын көрсетеді.
Ол өнімді өткізуден түскен табыстың ( Б ) негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құнына (Ғ) қатынасымен анықталады.
Қор қайтарымын анықтағанда өнім көлемі құндық (өнімнің кең номенклатурасын шығаратын кәсіпорындарда), заттай және шартты (тек бір ғана өнім түрін өндіретін кәсіпорындарда) өлшеммен есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің үлес салмағының артуы қор қайтарымына оң әсерін тигізеді.
Қор қайтарымына кері көрсеткіш қор сыйымдылығы - өнім бірлігіне санағандағы өндірістік қорларды
fc=1/fқ
немесе
fc=Ғ/ DN
2. Капитал
салудың қайтарымы мына
Мұндағы: Кқ - капитал қайтарымы
Q – капитал салымы нәтижесінде өнім көлемінің өсімі
К –капитал салымы
Капитал сыйымдылығы - өнім көлемінің бірлігінің өсіміне қажетті негізгі қорларды құру үшін жұмсалған капитал салымдарын көрсетеді, капитал қайтарымына кері шама:
3. Еңбек өнімділігінің
негізгі көрсеткіші - бір жұмыс
істеушіге шаққандағы жылдық
орташа өндірілген өнім көлемі
болып табылады. Оның шамасы бір
жұмысшыға шаққандағы орташа
өндірілген өнім мен жұмыс
істеушілер құрамындағы
Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
Wо= DN *r/ R*r = D/r * r/R (5)
Мұндағы: R - жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;
г - жұмысшылардың тізімдік орташа саны;
DN / r - бір жұмысшыға шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім;
г/ R - жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың
үлес салмағы;
Бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге - уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін факторлар жатады. Материал сыйымдылығы - өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды бағыты, 1 теңге тауарлық өнімді өндіру үшін қанша материалдық ресурстар шығындары жұмсалатынын көрсетеді. Ол материал қайтарымына кері шама болғандықтан былай анықталады:
Өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындар үлесі -материалдық шығындар сомасының (Мқұны) өндірілген өнімнің толық өзіндік құнына (С) қатынасы. Осы көрсеткіштің динамикасы өнімнің материалдық сыйымдылығының өзгеруін көрсетеді.
5. Шаруашылық
қызметінің жалпы
тиімділігін көрсететін
пайдалылық көрсеткіштерін
1) өндіріс
шғындарының өтімділігі
Rз= ӨСТТ/Шс немесе Rз = ТТ/Шс
ӨСТТ - өнімді сатудан түскен табыс;
ТТ - таза табыс;
Шс - өткізілген өнім бойынша шығын;
Бұл көрсеткіш өнімді өндіру және өткізуге кеткен шығындардың әр теңгесінен кәсіпорын қанша пайда табатынын көрсетеді. Оны кәсіпорын бойынша жалпы немесе бөлек бөлімшелер, жеке өнім түрі бойынша есептеуге болады.
2) сатылымның көрсеткіштері
Сатылымның пайдалылығы (айналым) - өнімді сатудан түскен табыстың немесе таза табыстың түсімге қатынасы (В):
Rрп= ӨСТТ/Т немесе Rрп = ТТ/ Т (8)
ӨСТТ- өнімді сатудан түскен табыс;
ТТ- таза табыс;
Т- түсім;
Осылайша
анықталған көрсеткіш, 1 теңге сатылымнан
кәсіпорын қанша пайда
3) капиталдың табыстылығы
Капиталдың табыстылығы - баланстық, жалпы, таза табыстың жалпы инвестицияланған жалпы капиталға (КL) немесе оның жеке бөліктері: меншіктік, қарыз, негізгі, айналым, өндірістік капиталдардың орташа жылдық құнына қатынасы. Формуласы былай бейнеленеді:
Rк=БП / КL; Rк =Прп/ КL; Rк =ЧП / КL (9)
БП, Прп, ЧП - баланстық, жалпы, таза табыс;
КL - активтер
4) Өнімнің пайдалылығы (Rп) - өнімді сатудан түскен табыстың (DN) толық өзіндік құнға (С) қатынасы:
Мұндағы: ӨСТТ - өнімді сатудан түскен табыс;
С - толық өзіндік құн
Оларды дұрыс есептей білу, әртүрлі себептердің олардың деңгейінің өзгеруіне әсерін анықтап, талдау өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін ашуға, табылған кемшіліктерді жою туралы ұсыныс жасауға, оның қаржылық жағдайының жақсарып, бекінуіне мүмкіндік береді.
2. «ЖАСИ» ЖШС– ның өндіріс тиімділігін талдау
2.1 «ЖАСИ» ЖШС– ның технико – экономикалық сипаттамасы
«ЖАСИ» ЖШС картон мен қағаз шығару мақсатымен 2002 жылы 10 ақпанда ашылды. Ұйым құқықты заңды тұлға болып табылады. Серіктестік ҚР – ның Азаматтық Кодексі нормасы, ЖШС заңы, жарғысы ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заңды актілер негізінде жұмысын жүргізеді.
«ЖАСИ»
ЖШС – гі бірінші мемлекеттік
тіркеу күні 10.02.2002 жыл. Серіктестік
иелері Үсенбаев Б.Р, Кокенов
Т.Б, Балотин Н.В басқару

- Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы
- Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар
- Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу
- Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ
- Жартылай өткізгіштік құралдар
- Жарык беру
- Жарып сою хаттамасы
- Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті
- Жасанды интелект
- Жасанды интеллект
- Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны