Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері. 2
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына – жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.
Сол себептен жасөспірімдердің тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың маңыздылығы да осыдан басталады. «Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы
жастағы өзгешелік психолог А.Г.
Ковалев биологиялық әсері
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық және қоғамдық – саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.
Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым – қатынас.
Ш.
Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза
бойынша бөліп қарастырады. Негативті
фаза пубертодты кезеңде басталады.
Негативті кезеңге
М.И.
Шардаков бойынша жасөспірімдік
кезең адамның тұрмыстық
Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады.
Зерттеудің мақсаты - жасөспірімдер арасында тұлғағалық қарым – қатынастың психологиялық аспектілерін теориялық тұрғыда негіздеп, іс-тәжірибеде анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1.Жасөспірімдердің
тұлғааралық қарым-қатынасының
2.Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы интимді-тұлғааралық қарым-қатынасының рөлін айқындау
3.Жасөспірімдердің
интимді қарым-қатынасында
Зерттеу пәні - жасөспірімдердің тұлғалық интимді дамуы.
Ғылыми болжамы - егер, жасөспірімдер арасында интимді тұлғааралық қарым – қатынас көрсеткіштері, психологиялық аспектілері, шарттары, жолдары анықталып, интимді қарым – қатынаста кездесетін проблемалардың алдын-алу шаралары жүйеленсе, онда жасөспірімдердің мінез – құлықтарын басқара алулары және де тұлғааралық қарым – қатынастарын жүзеге асыру жоғары деңгейде көрініс берер еді.
Зерттеудің нысаны: жасөспірімдердің қарым – қатынасындағы интимді-тұлғааралық даму процесі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері.
Зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.
Зерттеу көздері - жасөспірімдер арасында тұлғаралық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері, философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, нормативтік құжаттар («Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан -2030 стратегиялық дамуының тұжырымдамасы», «Білім» мемлекеттік бағдарламасы) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының құжаттары.
Зерттеу жұмысының әдістері:
1. Қарым-қатынас деңгейін бағалау тесті (В.Ф.Ряховской).
2. Эмоция тестісі
3. С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы.
4. Достық қарым-қатынас деңгейін анықтау тесті
5. В.В.Мегедьдің «Мінездің биоакценттері бойынша махаббаттың түрлерін немесе қатынастарын анықтау» тесті.
Зерттеудің базасы.
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының №32-ші жалпы білім беретін мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі
бөлімнен, зерттеу бөлімінен және қорытындыдан,
әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1
Жасөспірімдердің
психологиялық дамуындағы
өзгешеліктері
XVII – XVIII ғасырларға дейін жасөспірім шақтың дамуы өзінше бір, жеке даму кезеңі болып шықпаған. Бұл жасөспірім шақтың даму процессінің аяқталуы жыныстық дамуы мен байланысты болады, осыдан кейін көптеген жасөспірімдер өз өмірлерін жанұя құрумен жалғастырған, бұндай жағдайлар қыз балаларда кездескен. XVIII ғасырда көптеген ұл балалардың жасөспірім шағы әскери өмірге ауысуымен аяқталған.
Енді
шетел психологтарының
С.Холлдың (неміс психологы) негізгі ғылыми жұмысы бұл жасөспірімнің өсіп дамуы. Ол жасөспірімнің психологиясын, физиологиясын, антропологиясын, әлеуметтік дамуы, жыныстық дамуын, қылмыстық жағдайларын қарастырған. Бұл еңбек алғаш рет 1904 жылы жарыққа шыққан. С.Холлды жасөспірім психологиясын «әкесі» деп есептеген. Ол осы еңбегін «Буря и нацист» деген ат қойып кеткен. Себебі бұл еңбегі XVIII ғасырдағы неміс әдебиеттеріне теңеген. С.Холл өзінің социо генездік моделін құраған жәнеде жасөспірім кезең ол адам өміріндегі тарихи эпоха деген. Себебі осы кезеңде міндетті түрде қарым-қатынаста конфликті жағдайлар, жыныстық толысу, физиологиялық жағына өзгерістер болады.
Р.Бенедикт - биховиаристік ориентацияны зерттеп нәтижесін шығарған. Ол жасөспірім психологиясы әр түрлі әлеуметтік ортаның стимуляциясына байланысты өзгеріп, дамып отырады деген. Ол Европа қаласындағы Боас мектебінің антропологтар мәләметін пайдалана отырып, ғылыми зерттеуін жүргізген. Жасөспірімнің психологиясын мәдени ортада зерттеп Американ жасөспірімдерңмен салыстырған. Осымен қатар ол Үнді, Канада Америка, Африка, Мексика және Жаңа Гвини елдеріндегі жасөспірімдерін зерттеген.
Ал енді Р.Бенедикттің әріптесі М.Мид (1901 - 1978) ол Амеркан этногрофы болған. М.Мид жасөспірім психологиясын әлеуметтік тұрғыдан көп зерттеген. Ол жасөспірімдік даму кезеңін 1928 жылы Самоа және Адмиралтейства аралығанда және 1930 жылы Жаңа Гвинияда зерттеген осы жерлерде жасөспірімнің ересек өміріне ауысуы қандайда бір кризис ретінде көрінбеген. Оларды өмірлік ритмі «салттары» бойынша жасөспірім ересектердің өміріне жеңіл және біртіндеп ауысады. Самоа аралының жасөспірім қыз баласы жыныстық жест туралы ештеңе білмеген, ал кезеңде оынмен жасты Американ қыз бала бұл жайлы бәрін түсініп отырған. Аралды жерлерде, мұхиттарда ешбір өзін - өзі анықтау үшін жағдай (проблема) болмаған (мамандық, әлеуметтік, моральдік). Осы М.Мид зерттеуін қортындылай келгенде аралды жерлерде жасөспірім шақтағы психо – физиологиялық дамуда қандайда бір қиыншылық қысымдар болмаған. Ал Америка елдеріндегі жасөспірімдер үшін бұл шақ өте күрделі ауытқушылық мінез – құлық ерекшелігіне әкеліп соғатын жағдайлар болған.
Е.Эриксон өзінің ғылыми жұмысын 8 түрлі стратегияға бөлген. Жасөспірім шақтағы мінез – құлық соның 5 стратегиясы болып келеді. Осы стратегияды ол былай деген: Егерде болашақ жасөспірім «басқару - бағыну» қатынасын меңгере алмаса онда ол өзінің болашағында ата – ана болуы үшін және қандай да бір өмірлік іс - әрекетпен айналысуы мүмкін емес. Е.Эриксон индивидуалды даму мен қоғамдық дамуының тәуелділігін ескере отырып ол мынанда бағыт берген – индивдтің өзіндік бағытта дамуы ол қоғамның тәрбиесімен және өмірлік тәртібімен байланысыты. Егер ұл баламен әкесінің арасында қарама – қайшы қатынастар болса онда бұл жасөспірім шақта күрделене түседі деген тұжырыммен өз стратегиясынның 5 бөлімін қорытындылаған.
Осымен қатар Ф.Энгельс пен К.Маркс «Неміс идеологиясында» адам өмірінің жолын тек ауыспалы фаза және өзіндік сана – сезім фазасы ретінде қарастырмау керек деген. Адамның өзіне - өзі деген қатынасы шынындада материалды, сол себебті оның санасын және өзіндік сана – сезімінің іс - әрекетіне деген қатынасын бөліп шығаруы керек, және де өмірлік іс – тәжірибесінеде керсінше емес.
Арнольд
Гейзель жасөспірімнің даму жолын
50- жылдары қарастырған. Ол жасөспірімнің
мінез – құлық ерекшелігінің дамуын жас
ерекшелігіне байланысты 10 мен 16 жас аралығын
алған. Сбебі осындағы ең алғашқы 5 жыл
жасөспірім үшін ауыр болып келеді деген.
Кесте
1. Арнольд Гезель бойынша 10-16 жас аралығындағы
жасөспірімдердің мінез-құлқы ерекшелігінің
дамуы.
| 10 жас | Салмақтты, сенгіш, ата – анасымен тең. Сырт бейнесіне көп назар аудармайды күделікті өмірдегі жағдайларды жеңіл қабылдайды. |
| 11 жас | Импупильсивті көңіл - күйі тез арада ауысады, ата –анасына қарсы шығады, құрбы – құрдастарымен конфликтіге тез арада түседі. |
| 12 жас | Жеңілтек мінезі көрінеді, әлемге деген қатынасы позитивті, сырт бейнесіне көп көңіл бөле бастайды. |
| 13 жас | Ата – анасына қарама-қайшы мінез – құлұқ көрсете бастайды. Әр қашанда бір нәрсені ұнатпай тұрады. Өзіне достарды таңдай бастайды. |
| 14 жас | Экстроверсия, белсенді қарым – қатынасшыл, өзіне - өзі сенгіш, басқа адамдарға деген қызығушылығы пайда болады. (Мысалы: ұл баланың қызға). Өзін - өзі жақсы адаммен салыстырады, еліктейді. |
| 15 жас | Жеке басында өзгерістер пайда болады. өзін – тәрбиелейді, жаман жағдай болса соған тез көңіл аударыды және сол үшін қайғырады. |
| 16 жас | Салмақты, қарым – қатынасшыл өзін - өзі іштей тәрбиелейді, өмірге ризашыл болып жүреді. |
Осымен қатар Арнольд Гейзель жасөспірімнің қарым – қатынаста жеке тұлғалық дамуын 9 түрге бөлген.
- Қоғамдық ортада дамуы.
- Көңіл күйі және күн тәртібі.
- Эмоциясы.
- Өзіндік сана – сезімі.
- Өзіндік қарам – қатынасы.
- Қызығушылығы.
- Икемділігі.
- Этникалық дамуы
- Өмірлік көз қарасының дамуы.
Осы көрсетілген белгілер арқылы жасөспірімнің болашағына болжам жасауға болады, бірақ болжам жасау алдында жасөспірімнің неше жаста екендігін білу қажет, және берілген статустар бойынша зерттеуді кең көлемде жүргізуі керек. 1950 жылдары Арнольд Гейзельдің Институтында бұл зерттеулердің теориясы жүзеге аспады, себебі олардың алдына қойған мақсаты нәтиже бермеді.
Ресей психолог ғалымдарының тұжырымдары - олар Л.С. Выготский, Э.Шпангель, Ж.Пиаже, Л. Колберг.
Л.С. Выготский өз кезінде жасөспірімнің жеке басының дамуы ең алдымен оның организмдегі өзгерістермен тығыз байланысты болып келеді деген. Себебі жасөспірім шақта қандаи қиыншылықтар болмасын ол ең алдымен оның физиалогиалық ерекшелігіне келіп тіреледі. Осымен қатар жасөспірім өзінің болашағын жоспарлап орындағысы келгенмен оының өмірге деген шынайы көзқарасы пайда болды. Ол осымен қатар өзінің жеке басының маргенальді жағдайы бар екендігін түсінеді. Бұл деніміз жасөспірімнің өзін - өзі балалар ортасына жатқызбауы және осымен қатар өзінің әлі ересек емес екендігін түсіну. Жасөспірімнің маргенальді мінез – құлқы мына ерекшеліктерден көрінеді. Эмоциясынан шыдамсыздығы мен ренжігіштігінің және ұялшақтылығы мен агрессивтілігі (конфликтілігі) қоршаған орта адамдарымен тез арда конфликтіге түсуі, біреуге баға берумен сынаушы болуға икемділігі. Бірақ осы айтылған Л.С. Выготский көбінесе өзінің зерттелу жұмысында жасөспірімнің физиологиялық ерекшелігін көп назар аударған. 1920-шы жылы психолог Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша жасөспірім кезеңіне қатысты психологияда біршама жалпы теория қарастырылған. Бұл теориялар қазіргі заманда мәнді болып келеді. Кең түрде жасөспірім кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға болады.
1)
Биогенетикалық биологиялық
2)
Социогенетикалық тұрғы
3)
Психологенетикалық - өзіндік даму
негізіндегі психика
Жасөспірімдердің интеллектуалды аспектілерінің дамуын зерттеуші Ж.Пиаже (1932 -1969) болған. Ж.Пиаже бойынша бұл кезеңде жасөспірім шақтағы балада нақты бір обьектісі болмасада ол қандай да бір формальді операцияны орындауға ынтасы дамиды. Сынау формаларының гипотетикті – дедуктивтісі дамиды. Осы Ж. Пиаженің ғылыми зерттеуін жалғастарып аяқтаған Л.Колберг ол жасөспірімнің дамуын негізгі 3 моральді сынауды бөліп шығарған.
1.
Моральға дейін бұл кезді
2. «Конвенциональды» моральді деңгейі. Бұл 10 – 13 жас аралығындағы балалардың қоршаған ортада болатын жағдайлармен келісуі.
3.
«Автономды» моральдің деңгейі
дегеніміз өзіндік моральді
Д.Б.Эльконин 11-17 жас аралығындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя құру деген бұл жаста қарастырылмайды.
К.Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.
Л.Ф.Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. [58]
Психолог В.А.Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән. Жасөспірім кезеңі жалпы тұлға болып дамуындағы маңызды фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады.
Жасөспірім шақты зерттеуші неміс философы мен психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық қарастыра отырып, жас кезеңді қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу жасы. Ол психикалық даму жеке даралық психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.
Э.Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:
1)
Өткір ашулы кризистік
2)
Өте баяу, ақырын, жайбасар тұлға.
Жасөспірім ересектік өмірге
өзінің жеке тұлғасында
3)
Жасөспірім белсенді және
Өзінің ерік – жігерінің күшімен ішкі кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік мінез-құлқы жоғары деңгейдегі адамға тән. Бұл жастағы ең басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы рефлексияның пайда болуы; өзінің жеке даралығы саналы түрде түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы. Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар. Әлеуметтік дамыған тұлғаны тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен ерек-шеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен және оған деген қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік анықталған тұлға - бұл өзінің нені қажет ететіндігін (мақсаты, өмірлік жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық жеке бас және денелік қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған элементтердің тұлғаның өзімен байланыстыруы оның нақты қылықтары мен мінез – құлқының реттеушісі болып, оның іс - әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс - әрекет етеді. Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні қабылдау әлеуметтік маңызды іс - әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс - әрекеттің көрсеткіші болып табылады. Э. Шпрангер, өзіндік – сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады.
Э.Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек. Өтпелі кезең тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана емес, сонымен қатар әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді. Жасөспірім кезеңнің негізгі ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі бір болашақ мамандыққа деген байланыс қалыптасады. Берілген кезең жасөспірімнің үлкендермен мінез – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін көрсетеді. Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды. Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі. [3]
Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э.Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті. Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар. Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады. Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді. В.Целлерді “Конституция и развития” - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады. А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифференциациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел бойынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері. 15 жас Гезелдің жазуынша рухани ішкі жан дүниесінің өсуі, тәуелсіздік, өз-өзін ұстамдылығы, өз - өзін тәрбиелеу мен өте сезімтал болады. 16 жаста қайтадан салмақтылық пайда бола бастайды, ішкі жауапкершілігі ұлғайып, эмоция байсалды, қарым-қатынасқа тез түсуі, болашаққа бағыт бағдар жасайды.
Биогенетикалық
тұрғыға қарама-қайшы
1)
Эмоция мен мінез-құлық, жүріс-
2) Интеллектуалдық және таным қабілеттеріне байланысты-“когнетивті” яғни танымдық немесе “когнетивті-генетикалық” болып бөлінеді.
3)
Тұлғаның біртұтастай дамуына
“персонологиялық”- яғни
Қазіргі
заманда жасөспірім психодинамикалық
теорияның басталуы өкілі танымал американ
психологы Э. Эриксон философия-методологиялық
ұстамын Фрейдтік психоанализ дамуының
жалғасын жасаған. З. Фрейд ойынша дамудың
ең негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық
жыныстың қызығушылығы (либидо) дәлірек
айтқанда психосексуалды қақтығыстың
тууы. Біріқта Эриксон белгілі мөлшерде
биология мен поксексуалдықтан ауытқыды.
Эриксон барлық өмір циклін сегіз фазаға
бөліп көрсетті. Оның әрқайсысы болашақта
дамудың қолайлы, қолайсыз жағын шешетін
ерекшелік. Сонымен жасөспірім шақта адам
өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді,
өзінің біртұтастылығын игеруге талпынады,
басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.

- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу
- Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ
- Жастардың арасындағы лидерлік
- Жастардың әлеуметтік сипаты
- Жастардың киіну мәдениеті
- Жастардың құқық бұзушылыққа бейімі
- Жасанды интелект
- Жасанды интеллект
- Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны
- «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары
- Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы
- Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар
- Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері