Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ-----------------------
І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері-------6
1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар---------------------
1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие----------------------9
ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЗАҢ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық -------11
2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы------------------------
2.3 Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар----------------------
ІІІ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫ ЖАСТАРҒА ОТБАСЫНЫҢ ӘСЕРІ---------------18
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Курстық жүмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті, жастармен әлеуметтік жұмыс мәселелері және оның құқықтық аспектілері тұтастай алынып зерттеліп отыр. Жастардың әлеуметтенуі мен олардың құқықтық санасының қалыптасу ерекшеліктері, жастардың қүқықтық мәдениетін көтерудегі құқықтық тәрбиенің орны, құқық бұзушы жастармен жасалатын әлеуметтік жұмыс және Қазақстан Республикасында жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір өзекті мәселелері қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адам өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық сана мен құқықтық мәдениет маңызының арта түсуіне жол ашты. Қоғамдағы шынайлықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі -құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз - шетсіз де шексіз кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес. Ол - белгілі дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділІк.
Мемлекетіміз өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспарлар қойып отырғанын біз жақсы бІлеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр.
Бұл еліміздің көркейіп, дамитындығын көрсетеді. Отанымызды биік дәрежеге көтеріп, оның болашағына ие болып, гүлдендіретін де жастар болып табылады.
Ал жастарды осы бастан ел мен жерге құрмет көрсете білуі максатын казақ халкының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің үлгілерін өз бойына сіңіруге, ғылым мен білімнің соңғы жетістіктерін жете меңгерген кәсіпқойлыққа баулуымыз кажет.
Мемлекеттің өркендеуінде табиғи байлық, халық саны, жердің кеңдігі қандай рөл атқаратын болса, жастардың кәсіпкой, өз ісінің шебер маманы болып қалыптасуы да зор рөл атқарады. Қазақстанның ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын басты назарда ұстау қажеттілігі туындайды. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне көтеріле аламыз.
Қазіргі заманның басты талабы - мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай, бәсекеге икемді түрлі саладағы жас мамандарды даярлап шығару. Бұл өте күрделі іс. Оның негізіне жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде даярлығы мол, өзіне қойылатын әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген кәсіпқой маман тұлғасын қалыптастыру, отан сүйгіш, интернационалдық сезімде тәрбиеленген жастарды қалыптастыру, дүниежүзілік құқықтық дамудың тәжірибесін меңгеріп қана қоймаған, ел дамуының кәсіптік мүддесіне сай өз көзқарасын қалыптастырған, оларды пайдалана білуге дағдыланған азаматтарды тәрбиелеу басты іс болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңе заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары білікті маман иелерін даярлау ісі құқықтық білім беру және кұқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылалы. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.
Бүгінгі таңның ең артық мұраты – тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аулурылуда.
Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңгыртуға тиіспіз». Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.
Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жана сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық құндылықтарға деген ұмтылыстарымен ерекшеленеді.
Үшіншіден, қазақ ұлты жастарының ұлттық идеясы өз дәрежесінде емес. Оны тіл, діл, дін, салт – дәстүр салаларындағы келенсіздіктерден байқауға болады. Олардың санасы жеке меншіктік, бай және кедей психологиясы дәрежесінен аса алмайтын жағдайда.
Төртіншіден, кейбір саяси партиялардың атынан шығып жүрген жастар ұйымдары акциялары арзан ырду - дырдулардан әрі бара алмауда. Оларды Отан сүйгіштік рухта, әртүрлі саяси күштердің жетегінде кетпейтіндей етіп тәрбиелеу қажет. Мақсат - Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын корпоративтік мүдделер шегінен шығарып, оны жалпыұлттық дәрежеге көтеруде болмақ.
Бесіншіден, жастар арасындағы девиантты мінез - құлық көбеймесе азаяр емес. Есірткі мәселесі де жастар үшін үлкен күрделі проблема. Оған қарсы күресті бүкіл қоғам болып жүргізіп,бұл мәселе қоғамдық ұйымдардың да алдындағы міндеттердің бірі екенін ескеру керек./1,227 б./
Бұл жастар ісіндегі бір бағыт қана. Еліміздің ертеңі жастарсыз жарқын бола қоймайды. Сондықтан да қазіргі кезден құқықтық мәдениеті жоғары жастарды тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Қазақтың алтын бесігі ауыл, ал қазіргі кезде ауыл жастарының басым көпшілігі жұмыссыз, бос. Мемлекет тарапынан ауыл жастарын әлеуметтік-мәдени тұрғыдан көтермелеуге байланысты арнайы бағдарлама қабылдап, оны тез арада жүзеге асыруға кірісу қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кезде нашақорлыкқа, ішкілікке салынушылардың дені жастар болып отыр. Әртүрлі жұқпалы аурулар мен СПИД-тің де тамыр жайып отырған ортасы да осы жастар. Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі осы еліміздің жастарының үлесіне тиюде. Жас, тәуелсіз мемлекетіміздің алдында ертеңгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті түр. Осы айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі көптеген ғалымдар тарапынан жалпы құқықтық мәдениет мәселелерін қарастыру барысында сөз болады. Жалпы жастардың қүқықтық мәдениеті кешенді мәселе болғандықтан, кейІн оның әрбір қыры жеке-жеке зерттеудің пәніне айналып отырған.
Жастардың құқықтық жағдайын зерттеуде оны көбінесе жастардың құқықтық тәрбиесімен астастыра қарастыру орын алған. Жалпы құқықтық мәдениет және жастардың құқықтық мәдениеті туралы Қазақстанның танымал заңгер ғалымдары - С.З. Зиманов, М.Т. Баймаханов, Ж.Д. Бусурманов, С.С. Сартаев, С.Н. Сабикенов, Г.С. Сапарғалиев, Н.Б. Мухитдинов, Т. Ағдарбеков, Н.Ө. Өсеров, С.Ө. Өзбекүлы, Е.К. Нурпеисов, А.К. Мухтарова, Е.Б. Абдрасулов, С.Ф. Ударцев, А.С. Ибраева, А.У. Бейсенова көлтеген еңбектер жазған.
Жастардың құқықтық тәрбиесі мәселесі Л.А. Сахипова, А.И. Долгова, М.В. Лукьяненко, В.М. Фокин, В.И. Новоселов, К.Х. Найманов, А.П.Чуғунов, В.В. Альхиминко, А.Б. Козловский, В.В. Бородин, Е.С. Кубанков, З.А. Бренчев, Г.Б. Елемисов, К.А. Бегалиевтін еңбектерінде кеңінен қарастырылып, арнайы зерттеу нысанасына айналған.
Сонымен қатар, жастардың құқықтық мәселесін жетілдірудің жолдары құқықтық сананың аясында қарастырылады. Бұл бағыт Л.М. Голубеваның, С.А. Батованың, В.В.Оксамытныйдің еңбектерінде жүйелі түрде сөз етіледі. Жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу ісі Е.А. Зорченконың және т.б. еңбектерінде арнайы зерттеледі./4, 45 б./
І. ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің
ерекшеліктері
Жастар - еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап ертеңгі мемлекетіміздІң даму бағытын, бейнесін көруге болады. Жастар - ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуі бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-түрысының, құқықтық мәдениетінің қалыптасуының механизімің ашуға, жастардың қоғамда қалыптасқан құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге асыруына әсерін тигізетін объективті, субъективті және позитивті, негативті әлеуметтік факторлардың табиғатын тануға мүмкіндік береді. Жалпы құқықтық әлеуметтену нақты қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы талаптарды индивидтердің сақтауына жол ашатын нормативтік құндылықтар, ұстанымдар, көзқарастар және т.б. қамтылып қана қоймайды, олардың толыққанды азамат болып қалыптасу процесіне әсер ететін объективті және субъективті факторларды да қамтиды.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуіне макродеңғейлер мен қатар микродеңгейдің де тигізетін ықцалы өте күшті. Оның ішінде жас жеткіншектің алғашқы құқықтық әлеуметтену тәрбиесін жинайтын жері - ол отбасы. ҚР УҒА академигі С.З. Зиманов қазақ халқының құқықтық мәдениетін зерттей отырып, отбасының маңызын былай деп анықтаған: «Баласының табиғи дарынын байқаған ата-анасы оған би болу жолында дұрыс бағыт-бағдардағы тәрбие беруге тырысқан. Ең алдымен отбасында оған казақтың айшықты сөз өнерін, әдеттік-кұқықтық дәстүрлері мен ережелерін үйреткен, логикалық мәселерерді шешуді, яғни соттық қызмет барысында кездесетін сан-қилы өмірлік мәселенің түпкі негізін табуды үйренуге көмектесетін, қисынды сөзбен қиюластырылған жұмбақ сөздің астарын табуға баулаған».
Шын мәнінде жастардың бойында моральдық құндылықтар мен мінез-құлық нормаларының қалыптасуында отбасының ықпалы зор. Бала туылғаынан бастап шамамен 15-18 жасқа дейін үзіліссіз ата-анасының қолында болады. Бұл уақыттар аралығында бала ата-анасының, айналасындағылардан тілді, мінез-құлық ережелерін, салт-дәстүрлерді, кәсіптік дағдыларды және т.б. үйренеді. Осылай әлеуметтенудің алғашқы қадамдарын жасайды. Бірақ бұл жас аралығында әлі де болса олардың өмірдегі әлеуметтік орыны белгісіз болады. Соған қарамастан жеке адамның құқықтық әлеуметтенуін жас кезден бастаған жөн. Себебі, адамға тән қасиеттердің 70 пайызы жас кезде қалыптасады. Өмір тәжірибесі көрсетіп жүргендей салауатты, бақытты отбасында тәрбиеленген әлеуметтік дағдылары қалыптасқан бала өзіне және айналасындағыларға сеніммен қарай алатын болады. Ол оз отбасының мәдениет нормаларын шынайы және саналы түрде қабылдап, үлгілі тәрбиеленген жеке тұлға ретіңде қалыптасады. Соған байланысты бала өзінің болашағын анық түрде бағыттай алатын жағдайда болады.
Егер отбасы жоғарыда келтірілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, балалардың жүріс-тұрыс дағдыларын қабылдауында және тәрбие ісінде үлкен кемшіліктер кетіп, ауытқыған мінез-құлық түрі дамиды, Себебі, жастардың қылмысын зерттеу барысындағы нәтижелер көрсеткендей, ауытқыған мінез-құлығы бар жастардың 85 пайызы осындай жайсыз отбасында тәрбиеленгендер. Қазақстанда отбасының этикалық ерекшеліктеріне және қала мен ауылдың әсеріне байланысты өзіндік нысандары қалыптасқан. Осыған сәйкес жастар да әртүрлі деңгейде әлеуметтену процесінен өтеді./9, 28 б./
1.2 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және оған әсер ететін факторлар
Жастардың құқықтық мәдениетінің бірден-бір негізгі компонентерінің бірі - олардың құқықтық санасы болып табылады. Құқықтық сана жалпы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына үлкен ықпал етеді. Құқықтық сана дегеніміз - қоғамда кең етек жайған адамдардың құқықтық құбылыстарға қатысты сезімдерін, көзқарастарын, ой-пікірлерін білдіретін қоғамдық сананың бір түрі болып саналады. Жастардың құқықтық санасының ерекшеліктеріне көңіл бөлгенде, біз бір жағдайды ескеруіміз қажет. Ол, біздің ойымызша, жастардың әр алуан топтарының әлеуметтік, құқықтық және т.б. жағдайлары. Аталған жағдайларға байланысты қоғамдағы жастарды әртүрлі топтарға жіктеуге болады.
Мәселен, жастардың ерекшеліктеріне байланысты: балалар (14 жасқа дейінгілер); жасөспірімдер (14-18 жасқа дейінгілер); кәмелет жасынан кейінгілер (18 жастан асқандар). Тұрақты жерлеріне қарай жастар ауыл жастары және қала жастары болып бөлінеді. Білім денгейлеріне қарай: орта білімді, арнайы орта білімді, жоғары білімді деп ажыратылады. Әртүрлі қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың мүшелігіндегі және ондай іспен айналыспайтын да жастарды бөліп қарауға болады. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуын зерттеуде көрсетілген жіктеулердің маңызы ерекше.
Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына және дамуына күрделі факторлар жүйесі әсер етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасу үрдісінде мынандай элементтерге ерекше мән берген болар едік:
- құқықтық білім;
- құқық туралы түсінік;
- қолданыстағы құқыққа қатысты көзқарас;
- құқықка қойылатын шарт (талап);
- құқықтық талапты орындауға қатысты ой-пікір.
Жастардың құқықтық санасының көрсетілген элементтері бірімен - бірі өте тығыз байланысты және біріне-бірі тәуелді болып келеді. Жастардың құқықтық санасын қалыптастыруда құқықтық білімнің орны ерекше екендігіне біздің көзіміз жетуде. Сондықтан да жастардың құкықтық білімін көтеру үшін оларды әртүрлі кездер арқылы құқықтық ақпараттармен қамтамасыз етіп отыру қажет. Бұл жағынан республикамызда "Хабар" арнасы мұрындық болып өткізіліп жатқан "Азамат" бағдарламасының алатын орны ерекше. Болашақта осы тектес жастардың өмірінің әр қырынан сыр шертетін бағдарламалар легі көбейсе, нұр үстіне нұр болар еді. Арнайы жастарға қатысты, олардың құқықтары мен бостандықтарын сөз ететін қызықты бағдарлама қажет. Оны еліміздің барлық жастарына жеткізу үшін орыс және қазақ тілдерінде ұйымдастырған жөн болар еді. Мысалы: "Жас азамат өз құқығыңды біл және қолдан" немесе "Жас азамат сенің де құкығың бар" т.б. айдарлар беруге болады.
Жастардың ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы өзіндік көңіл бөлуді қажет етеді. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуына ата-анасының, туған туыстары мен мектеп үлкен ықпал етеді. Кәмелетке толмаған жастардың арасында ата-аналары мен жақындарының істеген әрекеттері, көрсеткен қылықтары өзінің көрінісін қалайда болмасын табады. Кәмелет жасына жетпегендер арманшыл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан, оларды қандай да болмасын әрекеттерге үгіттеу өте оңай. Сол үшін де кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен мектепте әртүрлі бас қосуларда, мұғалімдер жиі олардың балалары туралы, оның жүріс-тұрысына қатысты сұхбаттасып отырулары қажет. Оның өзі жасөспірімді әртүрлі теріс әрекеттерге барудан белгілі дәрежеде сақтандыруға септігін тигізері хақ. Кәмелет жасына жетпегендердің ісін қарайтын соттарды құрып, олардың қызметінің жауапкершілігін арттыру қажет. Осындай кешенді шаралар ғана кәмілетке толмағандардың қоғамда өте дұрыс бағыт алуына жағдай жасайды.
Жастардың тағы да бір категориясы - ауыл жастары. Ауыл - қазақтың қазақтығының алтын бесігі. Бүгінгі таңда ауыл жастары өте ауыр күй кешуде. Ауылдағы жүмыссыздық, жастардың бос уақытын өткізуге қатысты мәдени шаралардың келмеске кетуі - ауыл жастарын теріс жолдарға итермелеуге себепші болуда. Еліміз үш жылды «Ауыл жылы" деп жариялады. Осы бағдарлама аясында ауыл жастарына, олардың тұрмыс-тіршілігіне арнайы көңіл бөлінсе. Өйткені, қазақтың болашағы осы ауылда. Ауыл жасының бойынан көп жағдайда біз қазір ұмыт болуға айналып бара жатқан үлкенді сыйлау, кішіге құрмет сияқты озық ұстанымдарды көре аламыз. Ауыл жасы қанша дегенмен үлкеннің сөзімен өскен. Ағайынгершілік, имандылық көбіне-көп осы ауыл жастарының бойынан табылып жатқандығы өтірік емес. Осы уақытқа дейін ауыл жастарының азғындап тозбауына ауыл ақсақалдары мен қазақи дәстүрді сақтаған ата-аналарымыз еңбек сіңірді. /10, 271 б./
1.3 Жастардың құқықтық мәдениеті және құқықтық тәрбие
Жалпы тәрбие - қоғамды сауықтыру мен жүйелі бағытта жылжуында негізгі орынға ие болып табылатын қоғамдық факторлардың бірі. Тәрбиенің оның ішінде құқықтық тәрбиенің маңыздылығына адамдар ерте бастан-ақ ерекше көңіл бөлгенін көруге болады. Ежелгі Вавилондағы әйгілі Хаммурапи патшаның заңдары тек билік өкілдеріне ғана арналмаған, ол көпшілік халыққа да арналған болатын. Ежелгі Шумерліктерде оқушылар едәуір уақыттарын құқық негіздерін, сот шешімдерін оқып үйренуге арнаған болатын. Мұны біз ертедегі Греция мен Рим мемлекеттерінің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен де көре аламыз.
Құқықтық тәрбие қандай да болмасын мемлекеттік-құқықтық дамуында соңғы орындарға ысырылып тасталмағанын сеніммен айтуға болады. Кезіндегі азулы Кеңес мемлекеті де құқықтық тәрбиені мемлекеттің құқықтық қызметінің басым қырларының біріне жатқызды. Кеңестік кезеңде құкықтық тәрбиенің теориялық-методолгиялық базасын жасауға арналған іргелі енбектер де өмірге жолдама алып жатты. Сөз етіп отырған уақыт аралығында құқықтык тәрбиенің құқықтық үгіт-насихат, құқықтық ағарту, құқыұтыұ білім беру сияқты нысандары дами түсті. Әрине, кеңестік дәуірдің барлық тәжірибесін жаман жағынан бағалауға болмайды. Оның қазіргі кезеңде де қоғам талабына бейімдеп, жаңғыртып пайдаланар мұралары баршылық. Біз кеңес дәуірінде өткеннін бәріне күйе жағудан аулақпыз. Жоғарыда сөз етіп отырған құқықтық тәрбиенің үлгілері мен нысандарының кеңестік уақыттың соңғы тұсында тиісті деңгейде жүргізілмеуін біз 70 жылдардың аяғы мен 90 жылдардың басында құқықтық тәрбиеге қатысты іс-шаралардың барлығы тәжірибеден гөрі қағаз жүзіне ауысып, оған жауап беретін мүдделі орындардың енжарлық көрсетуінен деп санаймыз. Құқықтық тәрбиені жастар арасында саяси, патриоттық, адамгершілік, рухани, ізгілік бастаулардан нәр алу бағытында өрбіту міндет және қажеттілік болып табылады.
Жас ұрпақты әлеуметтік қорғау проблемалары мен оны шешудің жолдары қарастырылып, осы мәселенің өзекгілігі зерттелген. Буыны қатпаған жас мемлекет үшін осындай саясатты қалыптастырудың қажеттілігі елдің әрі қарай дамуына, жастардың жаңашылдық, адамшылдық көзқарасын қалыптастырып, интелектуалдылығын арттыру үшін қажет. Осы тақырыпшада, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттің балалар мен жасөспірімдер және жастар арасындағы әлеуметтік қорғау бойынша жүргізген саясатын таңдап, осы саланың заңмен қамтамасыз етілуі жөнінде нақты мысалдар келтірілген. Жастар арасындағы әлеуметтік – экономикалық алаптация процессінің қарама – қайшылықта және ауыр жағдайда болатыны белгілі.
Өтпелі кезеңде Қазақстандағы әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы негізінен экономикалық құлдыраудың, жоғары инфляция мен жұмыссыздықтың келеңсіз әлеуметтік – экономикалық салдарларын жұмсарту жолымен жүрді. Атап айтқанда. Бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар (жұмыспен қамтылу, зейнетакы, әлеуметтік сақтандыру), әлеуметтік төлемдерді индекстеу механизмдері және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсету жөніндегі мекемелердің желісі құрылды. Алғашқы жылдары Қазақстанда шын мәнінде еңбекке берілетін әлеуметтік кепілдіктер, тегін білім алу мен медициналық қызметтер түріндегі және тағы басқа халықты әлеуметтік қорғаудың ескі үлгісі бұзылып, ал қалыптасу үстіндегі әлеуметтік қорғаудың жаңа үлгісі үшін қаржылай қаражаттар жетіспеді.
1992 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Министрлер бөлмесінің № 305 қолдауы шықты: онда денсаулығында кемшілігі бар жастар мен балаларға әлеуметтік – кәсіби еңбек жүйесі болып табылатын Республикалық орталық ашуды ұйғарды. Осы ұйғарудан бұл орталық құрылып өз жұмысын жалғастыруда. Осыдан кейін 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жарлығы қабылданды «пунктің 2-ші қаулысы бойынша жаңадан жанұя құрған жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қозғалды. Барлығы 26 мың кредит бөлінді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жаңа қаулы №340 – шы жастардың әлеуметтік жұмыстарын жақсарту қабылдады. Осы сияқты қаулылар мен жарлықтар 1994 жылға дейін шыға берді. 1994 жылдың 12 сәуірін біздің еліміздің заң шығарушы органдары жастардың тарихта қайталанбас сәті деп санауға болады. Дәл осы күні 2 – ші қаулы шықты. 1994 жылғы республикалық бюджет жайында 7 пунктқа қатысты 1-3 пунктардың 4 және 5 бөлімдері статьяның 9-11 бөлімдері 7 заңның «Қазақ КСР-нің мемлекеттік жастар саясаты 1997 жылдың сәуір айына дейін қабылданды. Осы заң қабылданған соң мемлекетте жастарға бөлінетін қаражат жетпейтін бола бастады. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті 30 мамырда ака қаулы қабылданды № 573-ші қаулыда «Жоғары оқу орындарында техникалық училищелерде оқитындарға материалдық көмек көрсетуі қаражат жетіспегендіктен орындалмады және ол ұзақ уақытка дейін орындалмай келді. Сол жылғы күздің 5-ші қазаңында Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауы сияқты кейбір заңдарды өзгерту және кейбіреуіне қосымша енгізу жайында, заңды түрде үлкен орны бар қаулысы қабылданды. 1996 жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті дарынды балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсету туралы құжатқа қол қойды. Өкінішке орай, бұл қаулы қаражат жетіспегендіктен орындалмады./11, 94 б./
ІІ. ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Жасы кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық
Криминология ғылымы үшін жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы проблемасы әр уақытта да өзекті мәселе болып табылады.
Жасы кәмелетке толмағандардың қылмысына жасы 14-пен 18-дің арасындағы адамдардың жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттері жатады. Жасөспірімдер қылмысы жылдан-жылға өсе түсуде. Еліміз бойынша орта есеппен әрбір он екінші қылмысты жасөспірімдер жасайды, оның ішінде 14-15 жастағы жастардың қылмыстық көрсеткіші 16-17 жастағы жасөспірімдердің іс-әрекетіне қарағанда едәуір белсенділікті байқатады. Жасы кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстың жекелеген түріне келсек, олардың орта есеппен 60 пайызы ұрлық, 8-9 пайызы тонау, 7 пайызы бұзақы-лық іс-әрекеттер. Ал, қасақана кісі өлтіру, адамның денесіне ауыр зақым келтіру, зорлау сияқты өте ауыр қылмыстардың көрсеткіші 1 пайыздан аспайды. Жасы кәмелетке толмаған қылмыскерлердің адамдарды кепілге алу, қорқытып талап ету, қару-жарақ, нашақорлық заттармен алып сатарлық жа-сау, ақша, бағалы қағаздарға байланысты алаяқтық, компьютерлік қылмыс және басқа түрлермен айналысатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің әрбір бесіншісі бұрын қылмыс жасап сотталған-дар, осы тұрғыдағы қылмыскерлер қылмысты көбінесе топ болып жүзеге асырады (65 пайыз) некен-саяқ болса да ұйымдасқан қылмыстық топқа біріккендер де кездеседі.
Жасы кәмелетке толмағандарды ересектердің қылмыстық іс-әрекеттерге тарту фактілері де жылма-жыл өсе түсуде. Бұрынырақта жасы кәмелетке толмағандар қылмысы незігінен «көшелерде» жасаған іс-әрекеттер болса, соңғы кездегі олардың қылмыстық іс-әрекеттері қоғамдық орындарда, көлікте, бөтеннің үйінде, оқу орындарында, жатақханаларда жүзеге асырыла бастады.
Жасы кәмелетке толмағандардың 90-95 пайызы — ер балалар. Жеткіншектердің қылмысына не себеп дегенге келсек, бұлардың көпшілігі оқуға, адал еңбекке ынта қоймайды, бос уақыттарын көбінесе қаңғыбастықпен, құмар ойындарға, ішімдікке, нашақорлық және басқадай есеңгірететін заттарды пайдалануға, ойынханаларда жат музыка тыңдауға, жыныстық немесе нәпсіқұмарлық іс-әрекеттермен айналысуға арнайды. Қоғамға жат осындай іс-әрекеттер сөз жоқ, оларды қажетті қаражатты табу үшін әртүрлі ұрлыққа, тонауға және басқалай пайда күнемдік қылмыстар жасауға итермелейді. Маскүнемдікке салынған қылмыскерлер көп реттерде, өзін «нағыз еркек» етіп көрсету мақсатында кез келген қылмысқа барудан тайынбайды, мұндай ретте олар қылмыстың зардабына онша мән бермейді.
Жасөспірім қылмыскерлерге тән қасиетке келсек, олар өздерінің іс-әрекетін жоғары бағалайды, жауапкершілікті сөзінбейді, ұят, ар-намыс дегеннен жұрдай болады, бұлардың кепшілігі ыза-қор, кекшіл, мақтаншақ, даңққумар болып келеді. Қылмыс жасаған жасөспірімдердің бір бөлігі ақыл ойының кемістігі барлар, жүйке ауруымен зардап шегетіндер, жұқпалы және басқа да аурумен ауыратындар болып отыр. Бұлардың көпшілігі тәрбиенің, бақылаудың жоқтығынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды тұты-нуға үйренген, қаңғыбастықпен, үйден қашып, кездейсоқ қылмыстық элементтермен байланыс жасағандар./3, 21 б./
Жасы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық кәсіпті, қылмыстық нормалар мен дәстүрлерді жете меңгергенде кездеседі. Көптеген отбасылардың материалдық жағдайларының қиындығы, ата-аналардың мо-ральға жат теріс қылықтары, әке мен бала арасындағы өзара кикілжің, түрлі діни уағыздардың кері әсер етуі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы порнографиялық заттардың, қатыгездік, күш қолданудың
Көптеген жасөспірім қылмыскерлердің күнделікті іс-әрекетіне отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымы тарапынан ешқандай бақылау болмағандықтан, соңы қылмыстық әрекетке ұласатынын тәжірибе көрсетіп отыр.
Бұл тұрғыдағы қылмыспен күресу үшін, ең алдымен отбасы, оқу орындары, еңбек ұжымы жасөспірімдердің уақытты тиімді пайдалануына бақылауды барынша күшейту керек. Сол сияқты, жасөспірімдер жөніндегі инспекцияның қызметін жандандырып, олардың штатын ұлғайтып, арнаулы тәрбиелік функцияларды іске асыруына жағдай туғызу қажет. Клубтарда, спорт, демалыс, оқу орындарында, лагерьлерде жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелейтін іс-әрекеттерді нығайту қажет. Жасөспірімдер арасындағы құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиені күшейту қажет, жасөспірімдер заң негіздерін оқып-үйрену, қандай іс-әрекеттердің құқық бұзушылыққа жататынын жете түсіну керек. Ол үшін құқықтық білім беруді, құқықтық тәрбиені бастауыш мектептен бастап оқу пәні ретінде енгізу орынды болар еді. Бақылаусыз қалған, жетім қалған жасөспірімдерді қылмысқа ұрындырмау үшін оларға арналған арнайы мектеп, интернат, тәрбие мекемелерін өркениетті елдердегіше қайта құру қажет.
Жасөспірімдерді қылмысқа тартатын, итермелейтін ересектердің іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту қажет. Оқу-тәрбие мекемелерінің бұл істегі жауапкершілігі мен міндетін өмір талабына сай қайта қарап, оларға ерекше мән беру керек./2, 17 б./
2.2 Құқық бұзушы жастармен жүргізілетін құқық органдарының жұмысы
Жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.
Бұл дегеніміз мемлекеттің әділеттік және ізгілік принциптерін басшылықка ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылыктың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір онтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен колдануды белгілеген.

- Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу
- Жастар – әлеуметтік-демографияльқ топ
- Жастардың арасындағы лидерлік
- Жастардың әлеуметтік сипаты
- Жарып сою хаттамасы
- Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті
- Жасанды интелект
- Жасанды интеллект
- Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны
- «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары
- Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы