Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны
Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық
кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)........................
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12
II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-
2.1 Жеткіншек кезеңіндегі
дағдарыстардың сипаты.........
2.2 Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21
2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі
дағдарыстық мәселесінің психологиялық
шешімдері.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық күшеюде. Оның ішінде біздің тақырыбымызға арқау болып отырған, яғни зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі - жас ерекшеліктік дағдарыстарына деген көзқарастар қазіргі кезде қызығушылық тудыруда. Сондықтан, зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі де - жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұнын толық зерттеу арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.
Дағдарыс кезінде өзінің терең қайта өзгеруін талап ететін, дүниені түсінудегі санаға симайтын, әлеуметтік-рөлдік қатынастар баланы шыны бетіне соғылған көбелек сияқты етеді. Жағдайлар өзінің қауырттығымен заттар арқылы әрекетті меңгерудегі баталған бағдар құрылымын бұзады, әлеуметтік қатынастардағы және рөльдік мінез-құлық формасындағы басты қажеттілік ретінде бағдарды туғызады.
Дағдарыс кезінде іс-әрекет толқыны объективті кедергілерге ұшырап, оны уақытша бөгелу ретінде санап, одан өтіп кетуге тырысады. Бұл баланың өжеттігінен, бірбеткейлігінің артуынан көрінеді, қыңырлық ең кінәмшілдік оны қоршаған әлеуметтік ортаға ықпал ету тәсілі ретінде көрінеді. Кейін бұл психологиялық толқын артқа, жеке бастың ең терең бастапқы қабатарын қайта құруға - оның қажеттілікті қисындылық саласына қарай бұрылады. Осыдан кейін қозғалыс пайда болған кедергілерді ескеріп, заттық-когнитивтік схемаларды меңгеруге қарай, іс-әрекетті, эмоциялық ерік-жігердің реттелу деңгейі арқылы жүреді. Сөйтіп, іс-әрекет бірнеше рет айналып өтетін органикалық қозғалыс сияқты дамуда ширатылады. Дамыған ой даналығы күрделі өмірлік жағдайлардың объективті қайшылықтарын шамамен айналып өту қабілеттілігі арқылы анықталады.
Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.
Жас ерекшеліктік кезең дағдарыстарының адам өміріндегі алатын орны Д.Б. Элькониннің анықтамасы бойынша кезеңдердің әрбір жұптары жеке адамның дамуындағы бір дәуірді құрайды. «Бір дәуірден келесісіне өту, баланың операциялық-техникалық мүмкіндіктері, міндеттері мен іс-әрекет қисындары арасындағы сәйкессіздік тұсында пайда болады» [1; 24б].
Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден
қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық
күшеюде.
Бір дәуірден екіншісіне өту кезіндегі дағдарыстар жеке адамның әрі қарай дамуына сөзсіз әсер етпей қоймайтын жағдай. «Баланың жеке басында прогрессивті дамуы, жаңа нәрсенің ұдайы қалыптасу барысында барлық жаста нақты білінеді, ал дағдарыс кезеңдерінде өшеді, уақытша тоқтайды»,— деген. Л.С.Выготскийдің пікіріне сүйенсек, дағдарыстардың жас ерекшелігіне қарай өтіп отыруы, адамның кейінгі өмір сүруінің қайнар көзі секілді. Дағдарыс кезеңінде бала ешнәрсені алмайды, қайта бұрынғы алғандарынан айырылады».
Зерттеу жұмысының пәні: Жас ерекшеліктік психологиясы, балалар және жеткіншектер психолоиялары және жткіншектік кезеңдегі баланың дамуындағы дағдарыстар психологиялары.
Жас ерекшелік психологиясының зерттеу объектісі: 1 жас, 3 және 5 жастағы балалардағы дағдарыстар, балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңіндегі, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықтағы дағдарыстар, қыз балаларда 11—13 жаста, ер балаларда 13—15 жастағы, қыз балалар 10—11, ер балалар 12—13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысындағы дағдарыс кезеңдері.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Жас ерекшеліктік дағдарыстарды зерттеу арқылы олардың мәнін, құрылымын, мазмұнын анықтау. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орнын, оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезеңдерін, осы жастарда болатын жас ерекшелік дағдарыстарын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығын анықтау. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшеліктерін, олардың үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастарын зерттеу, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтерін бақылау т.б. осы кезеңдердегі жас ерекшеліктік дағдарыстарын толық зерттеу арқылы тақырыптың мәнін, мазмұнын ашу.
Зерттеудің міндеттері:
- жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық дағдарыстардың пайда болуын зерттеу;
- Жас ерекшеліктік дағдарыстардың сипатын топтастыру;
- Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдерін (жас ерекшеліктеріне қарай) зерттеу;
- Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгерістерді анықтау;
- Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипатын бақылау;
- Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұнын ашу;
- Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық мәселесінің психологиялық шешімдерін жасау;
- Дағдарыстарды ерекшеліктікке сәйкес жіктеу (кестемен).
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы: Жас ерекшеліктер дағдарыстарын Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Н.С.Лейтес, Б.Д.Эльконин және т.б. көптеген психологтар өз еңбектерінде атап көрсетті. Бала дамуының дағдарыстық кезеңдер теориясына сәйкес Л.С.Выготский әрбір өтпелі немесе дағдарыстық кезең, біріншіден, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі баланың обьективтік орны, екіншіден, ішкі позициясының өзгеруі арқылы көрінетін дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруін дәлелдеді. Бұл кезеңдердің негізгі мазмұндық ерекшеліктері П.П.Блонский мен Л.С.Выготский еңбектерінде жазылған. П.П.Блонский көрінетін ауысулардың нақтылығы, айқындылығына көңіл бөледі. Л.С.Выготский «ең алдымен ауыспалы кезең бұл баланың өткен тәжірибесінен жинаған ерекшеліктерін жоғалтуымен көрінетін кезең» дейді.
Л.С.Выготскийдің жеке адамның дамуындағы сезгіштік кезеңдер идеясына сүйене отырып, көптеген психологтар әрбір жас кезеңінің психикалық даму сипаттамаларын бөліп көрсету қажеттілігін көрсетеді. Н.С.Лейтестің көрсетуінше, балалық уақытында көрінетін дамудың жоғары мүмкіндіктері тек өтпелі, белгілі бір уақытқа ғана байланысты болады.
Сонымен қатар, Л. С. Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін алға қойды.
М.И.Лисина зерттеулері үшін басты мәселе адамның жас мөлшерінің дағдарысы болған. (1 жас, 3 және 7 жас). М.И.Лисина дағдарыстық кезеңді зерттей келе тұлғалық өзгерістің әр жас мөлшеріне тән екенін аңғартады. С.Ю. Мещеряковтың пікірінше, алғашқы жылдың тұлғалық өзгерістің бастысы жағдайлық белсенділік болып табылады. Белсенділік өз тілектерін дамытуға, қоршаған ортаға және ересек адамдарға бағытталған. Т.В.Ермоловтың жұмыстарының нәтижесінде 3 жастың дағдарыс кезінде бала жалпы заттық іс-әрекеттің субьектісі болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады. Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен карым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, кауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.
Зерттеу жұмысының болжамы: Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бір-ақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік әзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларыныц өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар:
1) ересектіктің дамуын тежейтін жайлар: балалардын көбінде басқадай тұракты және байыпты міндеттер болмай, тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;
2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Зерттеу жұмысының әдістері: Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық күшеюде. Көптеген уақытқа дейін бұл мәселе терминологиялық қарама-қайшылықты тудыру мүмкіндігіне байланысты, көптеген әдебиеттерде қарастырылмады. Қарастырылатын мәселенің адекваттылығына байланысты, «дағдарыс» ұғымының орнына «ауыспалы кезең» ұғымын қолданған дұрыс болады. Себебі актілі түрде алатын болсақ, бала өзінің дамуының бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысады. Ауыспалы кезеңде, екі жастың кездесуінің негізінде, бір жастың даму кезеңінің тоқтауын және екінші жастың дамуының басталуын көрсететін дағдарыстар туындайды. Бұл мәселенің педагогикалық тәжірибеде қарастырылуының практикалық құндылығы, осы жастағы балалармен жұмыс істеудің қиындығына байланысты болып отыр. «Бала өзінің дамуында белгілі бір кезеңдерде қиын тәрбиеленетін жүріс-тұрысымен көрінеді» деп жазады Л.С.Выготский.
Зерттеудің жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК
ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)
Әрбір жас кезеңінде бала өзіне деген қандайда бір қатынасты талап етеді.
Білім беру орындағы, оның ішінде, білім берудің тәжірибелік психологиясы мектепке дейінгі шақты (3-6/7 жас), мектептік шақты (6-9 жас), жасөспірімдік кезеңді (10-14 жас) және ерте жастық шақ уақытын қамтиды (15-17 жас).
Л.С.Выготский жасты жалпы даму циклінде сандық әрі сапалық өзгерістермен сипатталатын ерекшелік деп көрсетеді. Жас ерекшеліктері жалпы дамуға бағытталатын, жастың аса ерекше өзгерістері мен сипаттары арқылы көрінеді. Қандай да бір жас кезеңі жеке адамның арнайы психикалық процестері мен қасиеттеріне, психологиялық сапаларына сезгіш деңгейде болады. Әрбір жас кезеңінің дамуының бастапқы шағында тек осы жасқа ғана тән бала мен орта арасында қайталанбас қатынас туындайды. Мұны Л.С.Выготский осы жастың әлеуметтік даму жағдайы деп атаған. Дамудың әлеуметтік жағдайы осы жас кезеңіне сәйкес келетін психикалық даму динамикасы мен сапалы психикалық құрылымдар арқылы сипатталады. Осыған орай, әрбір жас кезеңіне жекелеген ерекшеліктерімен жаңа құрылымдардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар жеке адам құрылымының бірегейлігі және осы жас кезеңіне тән даму тенденциялары жатады. Басқаша айтқанда, баланың жас ерекшеліктік психологиялық сипаттамасы оған тән жекелеген сипаттармен емес, әрбір жас кезеңіндегі жеке адамдық құрылымының әртүрлілігімен көрінеді. Л.С.Выготскийдің жеке адамның дамуындағы сезгіштік кезеңдер идеясына сүйене отырып, көптеген психологтар әрбір жас кезеңінің психикалық даму сипаттамаларын бөліп көрсету қажеттілігін көрсетеді. Н.С.Лейтестің көрсетуінше, балалық уақытында көрінетін дамудың жоғары мүмкіндіктері тек өтпелі, белгілі бір уақытқа ғана байланысты болады. Сондықтан да дамудың жоғарғы қарқынында, әрбір жас кезеңінің жастық жетістігі айқын түрде көрініп, жеке адамның дамуына маңызды үлесін қоса білуі маңызды болып саналады [3].
Баланың әрбір жас кезеңін толық түрде өткеруі, келесі кезеңнің жаңа құрылымдарының көрінуіне мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі білім беру орындарында балалардың ерекшеліктері мен әрбір жасқа тән қызығушылықтары, жекелеп айтқанда ойын, оқу іс-әрекетінде, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда, балалармен қарым-қатынасында толығымен ескеріле бермейді. Әсіресе көптеген мәселелер өтпелі кезеңдерде туындайды.
Бала дамуының дағдарыстық кезеңдер теориясына сәйкес (Л.С.Выготский) әрбір өтпелі немесе дағдарыстық кезең, біріншіден, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі баланың обьективтік орны, екіншіден, ішкі позициясының өзгеруі арқылы көрінетін дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруінің нәтижесі. Әрбір ауыспалы кезең ұқсас мазмұндық ерекшеліктерімен жалпы заңдылықтар арқылы көрінеді. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысуда мазмұны тұрақты кезеңдердегі даму ерекшелігінен тұратын, даму дағдарыстарынан тұрады. Ауыспалы кезең-жас ерекшеліктік дамудың негізгі сатылары болып саналады. Бұл уақытта балада осы жас кезеңіне тән негізгі жаңа психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасқан болуы керек. Бұл кезеңдердің негізгі мазмұндық ерекшеліктері П.П.Блонский мен Л.С.Выготский еңбектерінде жазылған. П.П.Блонский көрінетін ауысулардың нақтылығы, айқындылығына көңіл бөледі. Л.С.Выготский «ең алдымен ауыспалы кезең бұл баланың өткен тәжірибесінен жинаған ерекшеліктерін жоғалтуымен көрінетін кезең» дейді. Дамуға сәйкес келетін ауыспалы кезеңдер жеке адамның мүмкін болатын жаңа сипаттарымен толықтырылып көрінеді. Дамудағы ауыспалы кезеңдердің жағымсыз мазмұны кез келген ауыспалы жастың басты және негізгі мәнін құрайтын, жеке адамның жағымды өзгерістерінің келесі жағы болып саналады.
«Дағдарыстық жас» - көп кездесетін нақты емес түсінік. Оны басқаша өте
күрделі, дағдарыс қалпы деуге болады. Біз әртүрлі зерттеулердің жұмысында
дағдарыстық жасты сипаттауларында, талдауда қарама-қарсылықты, сәйкессіздікті көреміз. Бір жағынан, авторлар жеке адамдық жаңа құндылықтардың талдауына көп көңіл бөле отырып, осы даму кезеңдерінің
арнайы психологиялық ерекшеліктерін көрсетсе, екіншіден, балалардың осындай ерекшеліктерге сай қиын тәрбиеленетіндігін ескертеді. Қазіргі кезде
бұл ұғымды жасөспірімдік уақыт туралы (10-11-ден 14-15 жасқа дейін), сонымен қатар жастық шақ дағдарысы (16-17 жас) туралы айтуда қолданады [4].
Дағдарыс психологиялық дамудың ерекше құбылысы ретінде өте ертеден
қарастырылып, біраз уақыт өткен соң бұл ұғымды эмпирикалық түрде қарастыру тоқтатылғанмен, қазіргі кезде бұл мәселеге деген қызығушылық
күшеюде. Көптеген уақытқа дейін бұл мәселе терминологиялық қарама-қайшылықты тудыру мүмкіндігіне байланысты, көптеген әдебиеттерде қарастырылмады. Қарастырылатын мәселенің адекваттылығына байланысты,
«дағдарыс» ұғымының орнына «ауыспалы кезең» ұғымын қолданған дұрыс
болады. Себебі актілі түрде алатын болсақ, бала өзінің дамуының бір кезеңінен екінші кезеңіне ауысады. Ауыспалы кезеңде, екі жастың кездесуінің негізінде, бір жастың даму кезеңінің тоқтауын және екінші жастың дамуының басталуын көрсететін дағдарыстар туындайды. Бұл мәселенің педагогикалық тәжірибеде қарастырылуының практикалық құндылығы, осы жастағы балалармен жұмыс істеудің қиындығына байланысты болып отыр. «Бала өзінің дамуында белгілі бір кезеңдерде қиын тәрбиеленетін жүріс-тұрысымен көрінеді» деп жазады Л.С.Выготский.
Ауыспалы кезеңнің мазмұндық сипатының мәні мен білімін түсіну, әртүрлі
жас кезеңдерінде оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыруда балалардың жас ерекшеліктік психологиялық ерекшеліктерін дұрыс ескере білуге мүмкіндік
береді. Жастық дамудың тағы да бір маңызды бөлігіне көңіл бөлейік.
Жасөспірімдік және жастық шақ уақытындағы психикалық және жеке адамдық дамудағы қиындықтар мен ерекшеліктер жыныстық жетілумен байланысты болады. Қыздар мен ұл балаларда бұл кезеңде жай ғана ессею сезімі пайда болып қана қоймай, белгілі бір жынысқа жатқызу дифференциациясы, яғни «ішкі ер позициясы» немесе «ішкі әйел позициясы»
арқылы жүреді. Физикалық тез өсу және жыныстық жетілу жасөспірімдердің
ішкі және сыртқы әлемінде айқын өзгерістер және өз-өздерімен қарама-қарсы
жыныс өкіліне деген қызығушылықтар тудыртады. Жасөсіпірімдерде жаңа түйсінулер, сезімдер, уайымдар туындайды, сонымен қатар осы көзқарас тұрғысынан өздерін түсінуге деген қажеттілік қалыптасады, «ересек ер», «ересек әйел» секілді идеалдар пайда болады, бұл болса өз кезегінде ата- аналарға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге аса бақылана қоймайтын, жасөсіпірімнің өзіндік сана-сезімінің бір көрінісін құрайды. Мектептегі оқу-тәрбиелік жұмыстың бағдарламалары мен әдістері жасөсіпірімнің өзін жеке жыныс өкілі туралы ойын, қыз балалар мен ұл балалардың қажеттіліктерін, мотивтерін, құндылық бағдарларын, басқа жыныс өкілдеріне деген қатынастарын ескермейді. Баланың жынысына сәйкес жеке тұлғасының дамуының міндеті біріншіден, психикалық жынысын, екіншіден қарама- қарсы жыныс өкілдерімен қатынас жүйесін қалыптастыру болып табылады [5].
Жастық ерекшеліктер жекелік ерекшеліктермен бірлікте болатындықтан, жас өз бетінше жеке адамның стандарттық психикалық дамуын анықтамайды.
Психологияда жеке адамның жекелік ерекшеліктері ретінде индивидті
басқалардан ерекшелендіретіндерді айтуға болады. Олардың қалыптасуына
адамның табиғи қасиеттері, әлеуметтік орта, дамудың жалпы деңгейі, жеке
адамның бағыттылығы, әртүрлі қасиеттері мен сапаларының өзара қатынас сипаты үлкен әсерін тигізеді. Жекелік ерекшеліктер тек осы адамға ғана тән, оның психикасы мен тұлғасын құрайтын, қайталанбас адам ретінде сипаттайтын ерекшеліктер. Психологтар (Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, Н.С.Лейтес, Б.Д.Эльконин және т.б.) көрсеткендей, жеке адамның жастық ерекшеліктері дамудың жекелік нұсқасы формасының негізінде көрінеді.
Бала дамуының әлеуметтік жағдайы – психикалық даму механизмдерінің негізгі түсінігі. Әр даму кезеңі, баланың ересектермен қарым қатынасының сипатына қатысты, өзінің әлеуметтік жағдайымен ерекшеленеді.
Жетекші әрекет - белгілі даму сатысында балада жаңа психологиялық қырлардың қалыптасуын анықтайтын әрекеті.
Даму дағдарысы – қалыпты психикалық дамудағы өтпелі кезең. Ол екі жас кезеңінің түйісінде көрінеді. Ол адамның дамып келе жатқан физикалық және психикалық мүмкіндіктері мен үйреншікті әрекеттері арасындағы қарсылықтан туындайды. Бұл қарсылық дамудың қозғаушы күші болады.
Бала кезіндегі қайтару кезеңдерінің шекарасы белгіленген. Бала кезі өткен шақта қалғанда, барлық психикалық функциялары негізінен құралған және жеке тұлғаның қалыптасуына орнығады, жеке жас шекаралары барлық шарттарға жету болып қалыптасады. Бірақ 17 жас дағдарысы үйреншекті мектептік және ересек өмірдің қиылысу кезіңде пайда болады.
Соңғы жылдары белгіленгенінен бастап, барлық жасөспірімдер мектеп қабырғасын тастап 9 – сыныптан кейін кетеді. Сабақ оқығы келмегендігінен және төмен үлгерімдегілердің барлығы талпынбайды содан кейін техникалық колледждерге барады (бұрынғы ПТУ) ал кейбіреулері конкурстан өте алмай қалады. Белгілі бөлігі жұмысқа орналасады, ал жақсы жағдайда түнгі мектептерге барады. Егер жасөспірім өзіне сондай жолды таңдап алса, өтпелі кезеңі (15 жас) айқын көрсетілген дағдарысқа айналады, және 17 жас дағдарысы уақытынан бұрын пайда болады [11].
11- сыныпты көбінесе жақсы балалар бітіреді. Бірақ 17 жастағы дағдарыс 15 жастағы дағдарыстан жеңілдеу болмайды. Эльконин белгілегендей, бұл дағдарыс 3 және 11 жастағы дағдарысқа қарағанда әлде қайда қиын.
17 жастағы оқушылардың
көбі оқуын жалғастыруға
Мектеп түлектері, өздерінің жақын болашақтарын жоғарғы оқу орындарымен байланыстыратын болса, олар өздерін кейде екі дәрежеге бөледі: біріншісі ата – ананың көмегіне үміттенеді, яғни ақылы оқуына, сондықтан өздерінің рухтық тепе – теңдігін жоғалтпайды, екіншісі тек өздерінің күштеріне үміттенеді. Нақты кімде - кім өмірге ұмытылғысы келсе, мектеп бағдарламасын және қосымша материалды бәрінен көп еңбектену арқылы дайындық курстарына қатысу керек. Өмірде барлығына өздері қол жеткізгісі келіп мектептегі бағдарламаларды игеріп қосымша материалдармен шұғылданып жүрген оқушылар оқуға түсу кезінде стреске жиі түседі.
Жасөспірімдер мен қызметкерлер – рухани бағыттағы тұлғалар олардың бір бөлігі, өзі қойған мақсат үшін күресуге даяр. Екіншілері беделге ұмтылатын тұлғалар, қандай жолмен болса да өзі қалаған жоғарғы оқу орнына түсуге барын салады.
17 жас дағдарысын қатты
уайымдағандарға өзіндік
Бозбалаларды әскер алдындағы, жоғарғы оқуға түсер алдындағы сәтсіздігі, қателесу мүмкіндігі, жаңа өмір алдындағы қорқынышы артады. Бітіру, оқуға түсу, эмтиханын тапсыру алдында кейбіреуде үрей – қорқыныш пайда болады. Олардың ыстығы көтеріліп бастары ауырып тіпті асқазан ауруы асқынып т. б. созымалы ауыруларға шалдығуы мүмкін.
Ұлы 17 жас дағдарысында жеке айырмашылыққа мазасыздау. Бәрі- бір, егер мектеп бітірушілер аз мазаланса олар үшін барлығы оңай шешіледі. Және тез өмірдің ауысу бейнесің жұмыстын жаңа түріне қосылу, жаңа адамдармен әңгімелесу едәуір шиеленіскен қарым – қатынасқа шақырады.
Жаңа өмірлік жағдай оған бейімделуді қажет етеді: маңызды 2 факторға бейімделуге көмектеседі. Отбасының қолдауы, өзіне-өзі және сана-сезіміне сенуі.
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс
Жеке адамның дамуы олардың дағдарыстары және эволюциялық қозғалыстар өрістегенде де айтуға болады. олардың бөлінетін кезеңдері арқылы жүреді. Психикалық дамудың кезеңденуі жеке адамның әлеуметтік жүйедегі іштей қозғалыс заңдарын айқын көрсетеді. Совет психологиясында кезеңдену заңдары П.П.Блонскийдің, Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтъевтің, А.В.Запорожецтің еңбектерінде сондай-ақ анағұрлым жақты және аяқталған схемада Д. Б. Элъкониннің зерттеулерінде нақты берілді [6].
Л.С. Выготский баланың психологиялық дамуын қоғам мен табиғаттың іштей дамуымен дұрыс салыстырды. «Біз психологиялық жасты дамудың белгілі бір дәуірі, циклы немесе сатысы ретінде дамудың салыстырмалы түрдегі белгілі тұйық кезеңі ретінде алдын ала анықтауымызға болар еді. Бұл кезеңнің мәні оның дамудың жалпы цикліндегі орнымен анықталады және дамудың жалпы заңдары барлық кезде өзінің сапалы көрінісін табады. Бұл орайда дамудың жас сатыларын адамзат дамуының тарихы сатыларымен немесе дәуірлерімен, органикалық тіршілік дамуының эволюциялық дәуірлерімен немесе жердің даму тарихының геологиялық дәуірмен салыстыруға болар еді». Психикалық дамудың ұзақ кезеңдері сипаты жағынан табиғаттың немесе қоғамның дамуына ұқсас, ал психикалық дамудың дағдарыстары табиғатына қарай органикалық жүйелердің құрылымын сапалы түрде қайта құратын революцияға ұсқас.
Балалар психологиясын зерттеулерді қортындылау негізінде Д.Б. Эльконин жеке адамның даму кезеңдерін қарастырады, олардың әрқайсысы баланың басты іс-әрекетінің ерекше үлгісі ретінде сипатталды. 6—8 айға дейінгі кезең нәрестелік кезең, оның басты іс-әрекеті ересектермен тікелей эмоциялық қатынас болып табылады; 3 жасқа дейін ерте балалық шақ, мұнда оның басты іс-әрекеті заттық манидулятивтік іс-әрекет болады; 7 жасқа дейін мектеп жасына дейінгі кезең, басты іс-әрекетті — рөлдік ойын; 10—12 жасқа дейін — төменгі мептеп жасы, басты іс-әрекеті — оқу; 14—15 жас жеткіншек жасы, басты іс-әрекеті — құрдастарымен жеке-жақын қарым-қатынас, содан кейін жасөспірім кезеңі — басты іс-әрекеті — оқу-кәсіпке машықтану.
1-сурет. Психологиялық дамудың дағдарысы
Бөліп көрсетілген кезеңдерден қатынас формасын меңгеруге бағытталған басты іс-әрекеттен және эмоцияллық ерік-жігердің реттелуінің дамуынан заттық-танымдық сипаттама іс-әрекетке міндетті түрде өтудің кезеңдері алмасып келіп отыратынын анық байқауға болады. Әрбір бірінші немесе тақ кезең жеке адамның эмоциялық ерік - жігер сферасының басып дамуымен байланысты, ал әрбір келесі кезең ең алдымен психиканың когнитивті дамуымен, заттар туралы білімдер мен заттық әрекетті игерумен байланысты. Бірінші кезеңде негізінен мотивациялық сфераның қалыптасуы, екінші кезеңде — заттың-танымдың қажеттілікті қанағаттандыру жүзеге асады.
Психологиялық дамудың кезеңдері жеке адамның әлеуметтік-тарихи табиғатын әрі оның өздігінен дамуының заңдылықтарын ашады. Д.Б. Элькониннің анықтамасы бойынша кезеңдердің әрбір жұптары жеке адамның дамуындағы бір дәуірді құрайды. «Бір дәуірден келесісіне өту, баланың операциялық-техникалық мүмкіндіктері, міндеттері мен іс-әрекет қисындары арасындағы сәйкессіздік тұсында пайда болады» [7].
Жеке адамның дамуы түзу сызықты қозғалыс емес, спираль бойынша өрістейтін қозғалыс ретінде көрінеді. Кезеңдердің әрбір жұбында жеке адам қоғамдық мәдениет жүйесінде психикалық дамудың дағдарысын туғызатын қандайда бір «бастапқы» кезеңге оралатын толық бір айналым жасап, қозғалыстың келесі бір сапалы жоғары деңгейіне өтуге қадам басады. Әрбір дәуірде адам бұрынғы дәуірлерде жасаған айналымды қайталайтындай; қатынастың «эмоциялық-ерік-жігерлік» кезеңінен танымның «заттық» кезеңіне, сөйтіп ақырында қайтадан дағдарысқа өтеді, бірақ әр кез сайын қатынастың күрделі формаларын, іс-әрекеттің эмоциялық және когнитивті реттелуін сапалы түрде игере отырып, мәдениеттің басқа деңгейінде орындайды. Жеке адам әрбір дәуірдегі әлеуметтік процестерді сіңіре отырып, мәдениеттің сәйкес жағдайларын жүзеге асырып, өзінің айналымдарын кеңейген спираль формасында қайта туғызады. Уақыт өсімен кезеңдер спиралінің өрістеуі біз көрсеткен суреттегіден қозғалыстың толқынды немесе тербелісті бейнесін жасайды.

- «ЖАСИ» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру жолдары
- Жас қыздарға арналған маусымаралық пальтосы
- Жасөспірімдердегі девиантты мінез – құлық және олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар
- Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің итимді-тұлғааралық қатым-қатынасындағы психологиялық ерекшеліктері
- Жасөспірімдердің қарым-қатынас деңгейін эксперименталды зерттеу
- Жартылай өткізгішті диодтар
- Жартылай өткізгіштік құралдар
- Жарык беру
- Жарып сою хаттамасы
- Жасанды және синтетикалық талшықтардан тоқылған маталардың ассортименті
- Жасанды интелект
- Жасанды интеллект