Жұмыссыздық. 2
Аннотация
Бұл жұмыста жұмыссыздықтың түсінігін, нақты атауларын, жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік зардаптары көрсетілген.
Казакстан Республикасындағы
жұмысбастылық пен
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына талдау жүргізілді.. Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет,
1- кестеден, 20 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 8 қосымшадан тұрады.
Мазмұны
Кіріспе |
5 |
1 Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері |
7 |
1.1 Жұмыссыздық және оның түрлері |
7 |
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі |
9 |
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары 1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы |
11 12 |
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері |
15 |
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштермен байланысы |
15 |
2.2 Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы
3 Жұмыссыздарды жұмыспен қамту шаралары |
20
23 |
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек нарығын мемлекеттік реттеу 3.2 Халықты жұмыспен қамту бағдарламалары |
23 26 |
Қорытынды |
32 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
34 |
Кіріспе
Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ еліне Жолдауында негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар мен іс шаралардың жиынтық тізімін шартты түрде атап өтеді және орындалуына бұйрық береді. Көбінесе халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Мысалы, халықтың денсаулық сақтау деңгейі, білім алу мүмкіндіктері, мәдени іс шаралардың жүргізілуі, әлеуметтік қамсыздандыру және т.с.с. мәселелерге назар аударылуда. Осыған орай халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыссыздықпен күресу мақсатында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары да қабылданып жүзеге асырылуда.
Бұл өзіндік жұмыстың мақсаты жұмыссыздықтың мағынасын, оның негізгі түрлерін, сонымен қатар зардаптары мен салдарын ашып көрсету болып табылады.
Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады.
Мысалға мұндай процес Қазақстанда жүріп жатыр. Ол өзімен бірге бірқатар жаңа проблемаларды алып келеді. Сонымен қатар жұмыссыздық проблемасы адамдармен тығыз байланысты және соларға тікелей әсер етеді. Жұмысынан айрылу олардың табысының азаюына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, сонымен қатар психологиялық стреске алып келеді. Осы себепті көптеген саясат адамдары өзінің сайлауалды компанияларында жұмыс орындарын жасауға көп көңіл бөледі.
Жұмыссыздықты зерттеу
олардың пайда болу себептерін аныктайды,
мемлекеттің тарапынан
Ал міндеті жұмыссыздықтың деңгейін төмендету үшін атқарылып отырылған барлық мемлекеттік іс шаралар мен бағдарламалардың нәтижесін талдап, оның көрсеткіштерімен танысу болып табылады.
Зерттеу объектісі - макроэкономистер бұл статистиканы өздерінің талдауларында пайдаланады. Бұл экономикалық көріністерді бағалауда және тиісті әдәстерді жасағанда көмек көрсетеді.
Зерттеу пәні - экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жұмыссыздық азаматтардың жұмыспен қамтылу дәрежесін және еңбек нарығы мен көлемін сипттайды.
Зерттеу мақсаты- барлық көрсеткіштер қалай есептелінуі мен олардың экономика туралы қандай ақпараттар алуға болатандығын қарастырамыз.
Көрсеткіштер мазмұнын анықтағанда саяси-экономикалық концепцияларға негізделіп зерттелген үрдістер мен құбылыстарға сандық талдау жасалады. Бұл концепциялар жұмысбастылық, жұмыссыздық, еңбек нарығы, т.б., сияқты аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерге де қолданылады.
Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:
- халықты жұмыспен қамту мен еңбек нарығын жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;
- жұмысбастылық пен
жұмыссыздықтың әлеуметтік
- елдегі еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- елдегі халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасының қажеттілігі мен жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жолдарын негіздеу.
Зерттеу кезінде ғылыми оқу әдебиеттерінің, монографиялар, мерзімді басылымдар мақалалардың талдауы, сонымен бірге экономико – статистикалық және графикалық әдістердің талдаулары қолданылды.
Курстық жұмыс 34 беттен құралған, 3 сурет, 1- кестеден, 20 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 8 қосымшадан тұрады.
- Жұмыссыздық, оның мәні және негіздері
- 1 Жұмыссыздық және оның түрлері
Жұмыссыздық дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде елдің экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болады.
Жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді. [11]
Әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады: жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер. Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа жатқызамыз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол – жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.
Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. [3]
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны (1)
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс.
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды.
Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді.
Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл-ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. [12]
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, жастар проблемасының шиеленісуін білдіреді.
Уақытша жұмыссыздық
Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде “жұмысаралық” жағдайда калады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады. Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.
Осы жұмыссыз адамдар
жаңа жұмыс орнына немесе уақытша
жоғалтқан жұмысқа қайтып келген
кезде, олардың орнын басқа
Уақытша деген анықтама
бұл құбылыс мәнін нақты
Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті деп бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайда өз еркімен түседі, олар – өздерінің төмен жалағылы жұмыстарын жоғары жалақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы. [3]
Құрылымдық жұмыссыздық
Уақытша жұмыссыздық ақырындап “Құрылымдық жұмыссыздық” деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының “қысқы белдеуден” - “жазғы белдеуге” миграциясымысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда “сатуға” болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады. [3]
Циклдік жұмыссыздық
Циклдік жұмыссыздық
құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе
жиынтық шығындардың
1.2 Жұмыссыздықтың себептері және деңгейі
Жұмыссыздықтың себептері
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше «себептері» бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен цикылдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдардың пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады: мұндағы – ЖД - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС – жұмыссыздар саны;
ЖК – жұмыс күшінің саны;
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақша алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі. Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780жж) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Қазақстанда еңбек саласына нарықтық қатынастарды еңгізу 1991 жылы Қазақстан Республикасының «Еңбек ету туралы» Заңын қабылдаудан басталды, онда жұмыссыздық, еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс, т.б. ұғымдар бірінші рет көрсетіледі.
Бұл заңға сәйкес Қазақстан
Республикасында өздеріне байланысты
емес себептерден еңбек табасы жоқ,
мемлекеттік жұмысқа
Жұмыссыздық деңгейі
Жұмыссыздық деңгейі
– бұл дұмыс істеуді
Үкімет экономикалық саясатты жүргізу барысында қадағалап отыратын маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздардың жиынтық жұмысшы күші құрамындағы үлесі. Пайызбен алғанда:
u = U / L * 100% (2)
мұнда: U – жұмыссыздар саны;
L – жиынтық жұмысшы күші құрамына кіретін адамдар саны;
и – жұмыссыздық деңгейі.
L = E + U болғандықтан, e + u = 1, немесе e = 1 – u (3)
Жұмыссыздық деңгейі кейде барлығына, кейде ел тұрғындарының ересектеріне катысты есептеледі. [2]
1.3 Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары мен зардаптары
Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді.
Әлеуметтік салдары:
Кері әсерлер:
1. Крименогенді жағдайдың өршуі
2. Әлеуметтік кернеудің өршуі
3. Физикалық және психологиялық аурулардың көбеюі
4. Әлеуметтік дифференцияның өсуі
5. Еңбек белсенділігінің төмеңдеуі
Пайдалы әсері:
1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының артуы
2. Өз бос уақытының көбеюі
3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік
4. Әлеуметтің мән мен еңбек құндылығының артуы
Экономикалық салдарлар:
Кері әсерлер:
1. Алған білімнің құндылығын жоюы
2. Өндірістің төмендеуі
3. Жұмыссыздарға көмек шығындары
4. Квалификациясын жоғалту
5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі
6. Ұлттық табыстың төмендеуі
7. Салықтың аз жиналуы
Пайдалы әсері:
1. Экономиканы қайта
жарақтауға жұмыс күшіің
2. Еңбекке бейімділігін өсіру мақсатында жұмысшылар арасында конкуренция
3. Білімін жоғарылату үшін уақыт
4. Еңбек өнімділігі
мең өндіріс интенсивтілігі
Жұмыссыздықтың зардаптары:
1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:
- халықтың сатып алу қабілеті төмендейді;
- қазына – қор қысқарады;
- инвестицияға сұраныс қысқарады;
- өндіріс құлдырайды.
2. Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.
3. Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.
Жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Американдық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжірибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыдық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің елдегі жұмыссыздықтың негізгі нысандары – жасырын және фрикциондық болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасуы барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары ебек ауқымдылығымен сипатталады. [9]
1.4 Филлипс қисығы. Оукен заңы
Филлипс қисығы
1958 жылы Ұлыбританиядағы беделді экономикалық журналда Лондон экономика профессоры Албан Филлипстің мақаласы жарияланды. Оның айтуынша, еңбек сұранысы төмен болған жағдайда еңбекақы біртіндеп азаятын болады.
Филлипс осы гипотезаны Ұлыбританиядағы еңбек нарығы туралы мәліметтердің негізінде тексеруге тырысты. Еңбек сұранысы шамасының оның ұсыныс шамасынан алшақтығы жайлы пікір білдіруге мүмкіндік беретін статистикалық көрсеткіш – жұмыссыздық деңгейі (и). Егер алғашқы болжам дұрыс болса, онда статистикалық талдау кезінде атаулы еңбекақы өзгерісінің қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы тұрақты әрі ұзақ уақытқа созылатын кері байланыс аңғарылуы тиіс.
Сол себепті, Филлипс жұмыссыздық серпіні мен атаулы еңбекақы серпіні арасындағы арақатынасқа айрықша назар аударды. 1861-1957 жылдар аралығындағы көптеген статистикалық мәліметтердің негізінде ол өз болжамын эмперикалық тұрғыдан растады: жоғарыда аталған екі көрсеткіш бір-бірімен кері байланысты болды. Егер Филлипстің қисық сызығын аналитикалық тұрғыдан сөз етсек, онда оның өзі зерттеген кезеңнің алғашқы 52 жыл ішінде (1861-1913 жж.) бұл байланыс W = - 0.9 + 9.638и функция түрінде көрінді. Ол жүргізген статистикалық зерттеу кейнсиандық мектептің бастапқы теориялық болжамын растады және Филлипс функциясы экономикалық талдаудың баршаға танылған құралына айналды. Мұнда өзге елдерде де еңбекақы өзгерісі мен жұмыссыздық деңгейі арасында осыған ұқсас байланыстың болуы мүмкін.
А. Филлипс тоқтаған тұжырым графикте
қисық сызық түрінде
Сурет 1. Филлипстің қисық сызығының алғашқы нұсқасы
Абсцисса осінде жұмыссыздық деңгейі, ал ордината осінде ақшалай еңбекақы өсімінің жылдық қарқыны бейнеленген. Графиктен көрініп тұрғандай, жұмыссыздық 5,5% жұмысшы күшіне тең болғанда, ақшалай еңбекақы өзгеріссіз қалады. Егер жұмыссыздық қысқаратын болса, онда еңбекақының өсу қарқыны өседі. Ал жұмыссыздық артатын болса, еңбекақының өсу қарқыны бәсеңдейді. Алайда, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан төмен болған жағдайда ақшалай еңбекақы деңгейінің өзгеру қарқыны, егер аталмыш деңгей осы мәннен асып түсетін болса, онда оның өзгеру қарқынынан біршама айрықшаланатыны байқалады. Бірінші жағдайда жұмыссыздық деңгейінің шамалы ғана өсуі ақшалай еңбекақының өсу қарқынын көп өзгеріске ұшырады, ал екінші жағдайда еңбекақының өсу қарқынында өзгеріс аз болады.
Атаулы еңбекақының өзгеру қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы кері байланысты, яғни Филлипстің қисық сызығының теориялық бастапқы нұсқасын тік сызық түрінде келтіруге болады:
w = -λ (и – иf) (4)
мұнда: и – Жұмыссыздықтың нақты деңгейі;
иf – жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;
λ – атаулы еңбекақыға тән өсу қарқынының жұмыссыздық деңгейінің өзгерісіне сезімталдық коэффициенті. Ол кезеңдік жұмыссыздықтың 1%-ға өзгеруі барысында атаулы еңбекақының λ%-ға кері бағытта өзгеретінін көрсетеді:
w = w – w-1 / w-1 * 100% - атаулы еңбекақы деңгейінің орташа жылдық өсу қарқыны. [2]
Оукен заңы
Жұмыссыздық жұмыс істейтіндер үшін, әсіресе жұмыссыздар үшін үлкен әлеуметтік апаттармен байланысты. Жұмыссыздық жайлаған жерде өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары көбейіп, қылмыс өршиді, сонымен бірге адамдар жүрек және жүйке сырқатына шалдығады және т.б. Бұл жұмыссыздықтың әлеуметтік шығыны. [2]
Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін ығыстыру нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті шығындарын есептеу Оукен заңы негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі өзгерісін жалпы ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады. [3]
Жұмыссыздықтың экономикалық шығынына ЖҰӨ-нің нақты деңгейінің әлеуетті деңгейден артта қалуы жатады. Егер экономика жұмыс істегісі келетіндердің бәрін жұмыс орнымен жеткілікті қамтамасыз ете аймайтын жағдайда болса, онда тауарлар мен көрсетілген қызметтердің әлеуетті өндірісі біржола құриды. Жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ-нің өз әлеуетті деңгейінен артта қалуының арасындағы байланысты А. Оукен статистикалық материалдар негізінде қадағалады. Аталмыш тәуелділік Оукен заңы деген атауға ие болды: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда жалпы өнім мөлшерінің артта қалуы 2,5%-ды құрамақ. Егер бұл байланысты формула түрінде келтірсек, ол былайша өрнектеледі:
Y-Yf / Yf = - β * (u-uf) (5)
мұнда: Ү - өндірістің нақты көлемі,
Үf - ЖҰӨ әлеуетті көлемі,
и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі
uf - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
β – ЖҰӨ циклдік жұмыссыздықтың динамикасына сезімталдық эмпиристік коэффициенті. Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи түрдегіден 1%-ға жоғары болса, онда өндірістің нақты көлемі әлеуетті түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%
Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі
экономистер жұмысындағы
2 Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері
2.1 Қазақстан Республикасындағы жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштермен байланысы
Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б. болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.
Жастардың орнын әлеуметтік-экономикалық жүйеде талдау қажеттілігі ең аз дегенде екі маңызды шартпен негізднледі. Біріншіден, жастар шамамен Қазақстанда еңбекке жарамды халықтың 25% құрайды; екіншіден, бұл аса маңызды, олар – елдің болашағы, олардың қызметі оның әрі қарай дамуымен байланысты. Бүгінде жастар көбінесе қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымын анықтайды. Сонымен бірге бұл дүние жүзіндегі еңбек нарығында, әсіресе Қазақстанда қатты осал топтардың бірі болып табылады. Аталған мәселелердің маңыздылығына қарамастан, оларға ғылыми зерттеулерде, бұқаралық ақпарат құралдарынды, үкіметтік құжаттарда аз көңіл бөлінеді.
Еңбек нарығындағы жағдайларда
маңызды көрсеткіш болып
Курстық зерттеуде жұмыспен қамтудың қазіргі заманғы құрылымында аграрлық, индустриалды, қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз етудің ақпараттық секторларында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету өте төмен, себебі кәсіби білімінің жоқтығына байланысты. Аграрлық секторда жұмыспен жастардың аз бөлігі қамтамасыз етілген, себебі еңбек ақысының төмен болуы. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан - экономикалық қатынастар жиынтығын көрсетеді деп есептейді, бұл басқару объектісінің және субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталған, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігін береді.
