Жұмыссыздық. 4
Рыноктық қатынастарға көшу
“Еңбек” ұғымымен қатар “
жұмыспен қамту” түсінігі
«Жұмыспен қамту»
Жұмыспен қамтылу, еңбектен
Жұмыспен қамтылудың
Жұмыспен қамту тиімділігін
Халықты жұмыспен қамту
Сондықтан да жұмыссыздық
Курстық жұмыстың мақсаты - жұмыспен
қамту саясатының мазмұны мен
мәнін, оның экономикада
Құрылымы жағынан курстық
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
Жұмыссыздық: түрлері,
деңгейі мен құрылымы
Экономиканың дамуы қолда бар ресурстардың және де ең алдымен жұмысшы күшінің қаншалықты тиімді пайдаланылуымен сипатталады. Жұмыспен қамтуды қамсыздандыру - экономикалық саясаттың маңызды мақсаты. Жалпы рыноктық экономикаға жылдан-жылға саны өзгеріп отыратын жұмыссыздық тән болып табылады. Дж. М. Кейнстің ойынша, капитализм тұсында толық жұмыспен қамсыздандыратын ешқандай тетік жоқ, экономика біршама жұмыссыздық деңгейінде теңестірілуі мүмкін.
Еңбек рыногы (жұмысшы күші) –
қоғамның экономикалық, әлеуметтік
және саяси өмірінің маңызды
және көп жоспарлы саласы
Еңбек рыногы жұмыспен қамту
динамикасындағы бірқатар
Толық емес жұмыспен қамту
– бұл орындалатын жұмыс
Экономикалық және әлеуметтік
әдебиеттерде жұмыссыздыққа
Жұмыссыздық – халықтың
Жұмыссыздық – жұмыс істегісі
келетін экономикалық белсенді
халықтың халықтың өз жұмыс
күшін пайдалана алмайтын
- берілген уақытта жұмыс істемейтін;
- нақты және белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген;
- берілген уақытта жұмыс істеуге дайын индивидтер.
Осылайша, жоғарыда айтылғандар негізінде жұмыссыздыққа түсініктеме беруге тырысайық. Нақты экономикалық өмірде жұмыссыздық жұмысшы күшіне ұсыныстың оның сұранысынан артып кетуін айтамыз. Жұмыссызға, дамыған елдердің статистикасы бойынша олардың жұмыспен қамту статусына байланысты уақытта жүргізілген сұрауда жұмыспен қамтылмаған, алдағы төрт аптаның ішінде жұмыс іздеуге әрекеттенген және еңбек биржасында тіркелген адамдар жатады.
Жұмыссыздықтың ұзақтығы –
Қазіргі заманғы батыс
Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс іздеумен немесе күтумен байланысты. Кей адамдар жұмыс орындарын кәсіптік бағытының өзгеруіне, тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты немесе басқа фирмаларда жақсы қызметке ауысуына байланысты ерікті түрде ауыстырады. Келесілері жаңа жұмыс орындарын фирманың банкротқа ұшырауына байланысты немесе жұмыстан шығып қалуына байланысты іздейді. Үшіншілері уақытша маусымдық жұмыстан айырылады. Жастар жұмыс орындарын бірінші рет іздейді. Бұлардың барлығы жұмыс тауып орналасқанда, олардың орнына жаңа дамдар жұмыссыздықтың осы түрін ай сайын толықтырып келіп отырады. Фрикциондық жұмыссыздық еңбек рыногының икемсіздігін көрсетеді, жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды тарату жүйесі жетілдірілмеген, ал жұмысшылардың географиялық орын ауыстыруы жедел өтпейді. Қолайлы жұмыс орнын іздеу белгілі бір уақыт пен күшті талап етеді. Фрикциондық жұмыссыздық еңбеккерлерге еңбек жағдайын жақсартып, жоғары еңбекақыны табуға мүмкіндік береді.
Мазмұны жағынан мұндай
Құрылымдық жұмыссыздық салалар, өңірлер бойынша еңбекке деген сұраныстың құрылымының өзгеруімен және жұмысшы күшінің құрылымы мен еңбеккерлердің белгілі қасиеттері және белгілі бір кәсіптік талаптары бар бос орындар арасындағы сәйкестікті орнату үшін белгілі бір уақыттың қажеттілігімен байланысты. Технологиялық бетбұрыстар барысында бір мамандықтарға сұраныс кемиді немесе жойылады, басқаларына артады, жұмыс орындарының географиялық бөлінісі өзгереді. Мысалы, дербес компьютерлердің енгізілуі жазу машинкаларына сұранысты қысқартты, ол жазу машинкаларын шығаратын өндірістік кәіспорындардағы еңбекке сұранысты қысқартты. Сонымен қатар электрондық өнеркәсіптегі еңбекке сұранысты арттырды. Түрлі өңірлер түрлі тауарлар шығарады, еңбекке деген сұраныс бір өңірде қысқарса, келесілерінде артуы мүмкін. Егер фрикциондық жұмыссыздардың пайдалана алатын бейімі бар болса, құрылымдық жұмыссыздар қайта дайындықсыз, қосымша оқытусыз, мекен-жайын өзгертусіз жұмыс таба алмайды. Құрылымдық өзгерістер тұрақты түрде болып тұратындықтан, жұмысшыларға жұмыс ауыстыруға белгілі бір уақыт қажет болғандықтан, құрылымдық жұмыссыздық тұрақты нышанда болуы мүмкін.
Құрылымдық жұмыссыздар
Циклдық жұмыссыздық экономикалық циклдың жалпы шығындардың сәйкесіздігімен ерекшеленетін құлдыраумен туындайды. Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс қысқарса, жұмыспен қамту төмендейді де жұмыссыздық өседі. Құлдырау - іскерлік белсенділіктің циклдық төмендеуі, оның нәтижесінде адамдар сұраныс қайтадан өсіп, іскерлік белсенділік артқанша жұмыс орнын жоғалтады.
Күту жұмыссыздығы жалақының қатаңдығы мен осыдан келіп туындайтын жұмыс орнының жетіспеушілгінің нәтижесі болып табылады.
Рыноктың теңестірілген
Жалпы алғанда, жұмыссыздық
Сонымен бірге жұмыспен қамту
орнына бармайтын тіркелмеген
жұмыссыздар саны да артуда. Олар
ресми емес түрде жұмыс тауып,
табыс табады. Ол мемлекеттік
статистика жүргізуге
Тіркелген және тіркелмеген
Алайда олардың арасында
Жұмыссыздардың 2/3 бөлігі материалдық
өндіріс саласынан шыққандар, 1/3
өндірістік емес салада жұмыс
істегендер. Сол сияқты жұмыссыздар
арасында ұзақ уақыт жұмыс
істемеуі себепті кәсіптік
Тіркелген жұмыссыздық деңгейі еңбекке қабілетті халыққа қатысты – 1,5 % құраса, тіркелмегендер- 5,5 % құрайды.
Еңбек рыногы – рыноктық
Жалпылама тұрғыдан алғанда,
Еңбек рыногының негізгі
Еңбекке сұраныс - еңбек рыногындағы
жұмысшы қажеттілігінің
Еңбек ұсынысы – жалдамалы
жұмысқа ынталы, қажетсінетін адамдардың
саны мен құрамын, еңбекке
Еңбек рыногының коньюнктурасы
– жұмыспен қамту баламалылығы
мен еңбек рыногын реттеу
Еңбек рыногындағы тепе-теңдік
сұраныс пен ұсыныстың
-тұрғындардың жалпы санымен;
-жалпы тұрғындар санындағы жұмыс істейтіндер санымен;
-жыл немесе апта бойында жұмысшының атқаратын орташа сағат мөлшерімен;
-жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдары – бұл эмоционалдық, қаржылық, отбасылық, медициналық және саяси салдар болып табылады. Жұмыссыздықтың эмоционалдық салдарына адамның өзін - өзі төмен бағалауы, депрессияны, өзіне өзі қол жұмсауын, стационарда психиатриялық емдеудің қажет болу мүмкіндігі жатады. Медициналық мәселелердің арасында – денсаулықтың күйзеліп ширығудың (стресстің) әсерінен бұзылуы (мысалы, жүрекпен бүйрек ауруы, алкоголизм). Жұмыстан шығарылғанға дейінгі еңбеккерлерде қолдарына жұмыстан шыққандығын хабарлайтын мәлімдеме тигеннен кейін артериалдық қысымдары көтеріліп, жаңа жұмыс тапқанша дейін сақталатындығы анықталған. Жұмыссыздықтың салдарынан туындайтын күйзеліп (стресс) өмір сүрудің ұзақтығын қысқартуы мүмкін.
Отбасындағы қатынастардың
Ғалымдар жұмыссыздық пен
Зерттеушілер әзірге жұмыс
Алайда бұл шараның өзі де
толық нәтиже бере алмайды,
себебі жұмыс іздеуші ең
- 2 % - жергілікті әкімгершілікке;
- 5,8 %- кәсіпорын басшылығына;
- 8,6 %- кәсіподақтарға;
- 70,6 %- тек өзіне;
- 13 % - ешкімге де сене алмайды
Қалалықтардың жұмыс іздеу барысында
тек өздерінің жеке бастамаларына сенетіндігі
сөзсіз. Ал жұмыс іздеу барысында олар
қандай іс-әрекеттерге барады екен?
Осылайша, респонденттердің көпшілігі
жұмысқа орналасуда өзінің байланыстарын
пайдалану тиімді деп санайды. Әрбір төртінші
адам мемлекеттік жұмыспен қамту орталығына
барса, әрбір оныншы адам жарнамаларға
сенеді екен.
Жұмыспен қамту саясаты:
түрлері, мазмұны.
Жұмыспен қамту саясатын таңдаудың екі түрі бар: активті және пассивті. Осыдан мемлекеттік активті және пассивті жұмыспен қамту саясаттары ажыратылады.
Активті жұмыспен қамту саясаты ( еңбек рыногындағы активті саясат) - бұл:
-мемлекеттің жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жүргізетін құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жиынтығы;
-жұмыс орындарын сақтап қалу үшін еңбеккерлерді жұмыстан босату туралы ескерту және профилактикамен байланысты шаралар;
-жұмыс іздеуші тұлғаларды оқыту, қайта дайындау және кәсіби біліктілігін жоғарылату;
-жұмыс орындарын белсенді түрде іздеу мен іріктеу;
-жаңа жұмыс орындарын ашуды қаржыландыру;
-қоғамдық жұмыстар жүйесі арқылы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Мұндай саясат шеңберінде еңбеккерлерді жұмыстан шығаруды болдырмауға, жаңа жұмыс орындарын ашуды субсидиялауға бағытталған іс- шаралар жүзеге асырылады.
Пассивті жұмыспен қамту саясаты (еңбек рыногындағы пассивті саясат) негізінен жұмыссыздықтың теріс салдарын реттеуге бағытталған: мемлекет кепілдік беретін жұмыссыздық жәрдемақысын төлеу, оның мерзімі біткен соң - әлеуметтік жәрдемақы төлеу, сол сияқты басқа да шаралар. Пассивті саясат мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі арқылы жұмыс орнын таңдау қызметін ұсынады. Көбінесе басыңқы пассивті саясат термині пайдаланылады. Ол да жұмыссыздарға материалдық көмек беруді қарастырады, алайда ұсынылатын қызмет түрі көп болады.
Сырт қарағанда, жоғарыдағы екі вариант та ағымдық мемлекеттік шығыстар тұрғысынан алғанда үнемді болып табылады. Алайда экономикалық өрлеуді пасивті күту тактикасы тек еңбек рыногының жоғары икемділігі жағдайында және жұмысшы күшінің өз бетімен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болған жағдайда ғана өзін өзі ақтай алады. Болмаса еңбек рыногындағы пассивті саясаттың тежеуші реттегіштері әлсіз болып, нақты жағдайды күрделендіріп жіберуі мүмкін.
Активті мемлекеттік халықты жұмыспен қамту саясаты республикалық және өңірлік жұмыспен қамту бағдарламаларын өңдеу мен жүзеге асыру арқылы жүргізілуі мүмкін. Олар еңбек рыногындағы жағдайдан және оның даму болжамынан туындай отырып жасалады.
Халықты жұмыспен қамтудың тиісті заңдылықтарына сәйкес мемлекеттік саясат бағытталған:
-еңбек үшін адами ресурстарды дамыту;
-республиканың барлық азаматтарына факторларға тәуелсіз (жынысы, жасы және т.б.) ерікті еңбек етуге және жұмыспен қамтудың кез келген түрін таңдау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
-адамның еркін дамуы үшін жағдайлар құру;
-заң шеңберінде жүзеге асырылатын азаматтардың еңбектік және кәіспкерлік бастамаларын қолдау және олардың өндірістік, творчестволық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
-халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғауды қамсыздандыру, әлеуметтік қорғауды өте қажет ететін және жұмыс іздеуде қиыншылықтар көретіндерге жұмыспен қамтуды қамсыздандырушы шараларды жүргізу;
-массалық және ұзақ уақыттық (бір жылдан артық) жұмыссыздықтың алдын алу және қысқарту;
-әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматарды жұмыспен қамсыздандыратын жұмыс берушілерді ынталандыру;
-халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттардың басқа да бағыттарымен үйлестіру;
-халықты жұмыспен қамту және оған бақылау жүргізу шараларын өңдеу мен жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, кәісподақтардың, еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің өкілдерінің қызметін үйлестіру;
-халықты жұмыспен қамтуда халықаралық ынтымақтастық жүргізу.
Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларының үш деңгейі бар:
- республикалық;
- өңірлік немесе облыстық;
- жергілікті;
Бұл әрбір бағдарламаның төрт ірі бөлшегі бар:
- аналитикалық (жұмыспен қамту туралы статистикалық және аналитикалық ақпаратты жинау, нақты бір жердегі, өңірдегі, жалпы мемлекеттік деңгейде жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігін анықтау);
- бағдарламалық – мақсаттық (жұмыспен қамту саясатының нақты мақсатын анықтап, құрастыру);
- ресурстық – қамсыздандырушы (барлық бағдарламаларды қажетті материалдармен, адами және басқа да ресурстармен уақытылы және толық қамтамасыз ету),
- ұйымдастырушылық- үйлестірушілік (бағдарламаны ұйымдастыру, бақылау, қажет болған жағдайда үйлестіру).
Республикалық деңгейде

- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
- Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
- Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі
- Жұмыс күшінің миграциясы
- Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
- Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
- Жұмыс сапасын бақылау