Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі
Жоспар
Кіріспе.......................
І. Жұмыс
күші-еңбек потенциялының бір бөлігі........................
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі
жағдайы.......................
III. Халықты жұмыспен қамтудың
Қорытынды.....................
Әдебиеттер....................
Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді
әлеуметтік саясат – ол халықты
жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып
келеді және болып қала береді. Осыған орай
әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік
топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға
тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды
жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті
ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік
деңгейі жұмыспен қамту саласындағы
саясатты әзірлегенде, кәсіби дайындықтағы
қажеттіліктерді анықтағанда
Осы көрсеткіш еңбек рыногында халықтың әр түрлі санаттағы қозғалыс серпінін түсінуге көмектеседі. Теориялардың біреуіне сәйкес халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі мен құрылымы табыстағы жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері мен қажеттілігіне тәуелді, олар халықтың әр түрлі санаттары үшін әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, әр түрлі жас топтардағы әйелдердің экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі оның отбасы жағдайы мен білім деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйелі түрде түрленеді. Сондай-ақ, әр түрлі әлеуметтік-экономикалық санаттар арасында қала мен ауылдың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейлеріндегі елеулі айырмашылықтар байқалады. Тамақтанудың жеткіліксіздігі, мүгедектік және созылмалы аурулар да еңбек ету қабілетіне зиянын тигізуі мүмкін және сондықтан экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейін әсіресе табысы төмен өңірлерде анықтайтын маңызды факторлар болып есептелінеді.
Еңбек статистиктерінің 13-ші халықаралық конференциясының анықтауымен (1982 ж., ХЕҰ) жұмыс күшіне немесе ағымдағы экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа талаптарды қанағаттандыратын және оларды жұмыспен қамтылған немесе жұмыссыздар санына қосылуға мүмкіндік беретін барлық адамдар жатады.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты өлшеу үшін ХЕҰ-ның стандарттарына сәйкес қабылданған жас – 15 және одан жоғары жастағылар. Көптеген елдерде осындай жас шегі білімге және жұмысқа құқық алудың әлеуметтік стандартына сәйкес келеді.Алайда, кейбір елдерде экономикалық тұрғыдан белсенділер құрамына 15-тен төмен жастағы адамдар да жатады, себебі «еңбекке жарамды жас» 15 жастан ерте басталуы мүмкін.
Экономикалық белсенділік
Еңбекке жарамды жастағы халық – бұл әрбір елдің экономикалық сипатын өлшеу мақсатында белгіленген белгілі бір жасқа жеткен адамдар.
Қазақстанда еңбекке жарамды жастағы адамдарға 16 жасқа жеткен азаматтар және 63 жастағы ерлер, 58 жастағы әйелдер (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және «Қазақстан Республикасының азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) жатады.
І. Жұмыс күші-еңбек потенциялының бір бөлігі
Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам(2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.
Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы - еңбек жалақысы өсуге емес, керісінше қосымша сағаттарға жұмыс істеуге дайындықты төмендетуге әкеп соқтыратын жағдаят. Мысалы, әдеттегі ісімен айналысатын шаруалар және толық жұмыс кестесі бойынша оқу жылы ішінде жұмыс істейтін студенттер қосымша ретінде «мақсатты табыс» алуы мүмкін; осыған байланысты аз сағатты жұмыс пен еңбек жалакысын жоғарлату арасындағы таңдау.
Баланстық құрылым жүйесі жұмыспен
тиімді қамтуды қамтамасыз етудің
әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына
еңбек ресурстарының балансы мен оларды
тиімді пайдалану балансы; халық шаруашылығының
аялары мен салалары бойынша нақты еңбек
шығындарының бөліну сипатын бұдан да нақтырақ
көрсететін еңбек балансы; шаруашылық
қызметтің салалары мен аялары бойынша
қажетті сипаттайтын жұмыс орындарының
балансы кіреді. Барлық еңбек ресурстары,
оның ішінде: 1.Экономикалық белсенді халық
– жұмыс күші, халықтық тауарлармен қызметтер
өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз
ететін бөлігі. Оған халық шаруашылығында
жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.
2.Экономикалық белсенді емес халық – халықтың
дәл осы уақыттақоғамдық өндірісте жұмыс істемейтін
еңбекке жарамды бөлігі. Жұмыспен қамту
проблемаларын шешетін бағдармалық-
- Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ;
- Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзіжұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;
- Жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта даярлаужәне кәсіби даярлау;
- Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;
- Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзіндежұмысқа орналастыру;
- Тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөніндеақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерінжәне т.б. өткізу.
Мемлекет атынан
жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз
- Жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау әрі болжау;
- Еңбек нарығының жай-күйі жөнінде ақпарат жинау және ұсыну ;
- Бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері жөніндеөтініш жасайтын азаматтардың есебін жүргізу;
- Жұмысқа орналасу мен жұмыс күшімен қамтамасыз етумүмкіндіктері, мамандықтар мен қызметраларын керлерге қойылатынталаптар туралы мәселе және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуменбайланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;
- Жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету;
- Жұмыссыздарды тіркеу, жәрдемақы төлеуді қоса алғанда оларғакөмек көрсету, халықтың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларынқарастырған
жұмыспен қамту бағдармаларын әзірлеуді
ұйымдастыру;халықты жұммыспен қамтамасыз
етумен байланысты
мәселелердішешуге жәрдемдесу; - Азаматтарды кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру. Мемлекеттік органдар қызметті
тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбекнарығында коммерциялық
бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы
болса,ақылы негізде жұмысқа орналастыру
жөніндегі қызметтер көрсететін басқада
ұйымдар жұмыс істейді.Жұмыссыздықты
сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
жұмыссыздықдеңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметіоргандарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалғанжұмыссыздардың саны.Мемлекет тарапынан жұмыссыздық проблемасына жете назараударылады. Бұл әрқашанда осылай болған және көз жетерлік келешекте деқандай да болмасын түбегейлі өзгерістер орын алуы екіталай.Кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының қорытындыларына сәйкес,нарықтық экономика жағдайында толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасызететін, әрі оған кепілдік беретін тетік жоқ.
Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін жүйе болыпсаналмайтыны және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеудіқажетсінетіні жөніндегі негізгі ереже осы теорияның қорытындысының біріболып табылады.Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбіразаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегендібілдірмейді. Мемлекеттің араласуы мына негізгі екі бағытты:
1) жұмыссыздықтың деңгейі мен оның ұзақтығын реттеу;
2) жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғауды топтастырады. Бірінші бағытты таңдау кезіндегі мемлекет міндеті нақты жұмыссыздықты деңгейі жағынан да, ұзақтығы жағынан да табиғижұмыссыздыққа айналдыру болып табылады. Сөз жұмыссыздықтың әлеуметтік жарамды деңгейі туралы болып табылады. Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық деңгейінен төментүсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару қажет, «толық жұмыспенқамтылуды» орнатудың бос әурешілік әрекеттерін тоқтату керек.Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейінтөмендете отырып, өз реттеу әлеуетін толық түрде іске асыра алады. Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мемлекеттіңжұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгелқолдануға құқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қарастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қатынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен инфляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі. Мемлекет адамдардың жұмыс іздеуге кетіретін уақытын қысқыртып, босжұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осышартты толық сақтайды
Еліміздегі экономика дамуының қазіргі заманғы деңгейі барлық деңгейлерде басқарудың әкімшілік әдістерінен экономикалық әдістеріне өтуімен сипатталады. Экономикалық шаралар халықты жұмыспен қамтуға және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға көмек көрсетудің барлық негізгі бағыттарын қаржыландыруды қарастырады. Бұған кіретіндер: жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша кәсіпорындарды ынталандыру, жеңілдетілген салық салу, жаңа жұмыс орындарын ашуға несие беру, әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұлғаларды жұмысқа алу, сонымен қатар бос жұмыс орындарын жасырғаны үшін, жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшін айып салу түріндегі экономикалық санкциялардың қолданылуы.
Басқарудың экономикалық әдістері әкімшілік ықпал ету шараларынсыз, қандай-да бір мақсаттарды шешуде басқарылатын объектінің экономикалық мүдделілігін ынталандыратын, құралдар мен күштерді пайдаланумен тығыз байланысты. Халықты жұмыспен қамту ісіне қатысты басқарудың экономикалық әдістерін қолданудың өрісі айтарлықтай кең. Ол өзіне кәсіпорынның қызметкерлері үшін ақы төлеудің, жер ресурстарын пайдаланғаны, су ресурстарын қолданғаны үшін, айыппұл төлетудің түрлі нормативтерін белгілеудің негізінде, үкіметтің және өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарының қарым-қатынасында шаруашылық есептің енгізілуін қарастырады. Кәсіпорынның қажетті кадрларды дайындайтын оқу орындарымен, сонымен қатар оларды қайта даярлау орталықтарымен шаруашылық есеп қатынастарын кеңейту туралы жұмыс атқарылуы қажет.
Еңбек ресурстарын басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің үйлесімділік негізі – басқарудың ұйымдастырушылық әдістері болып табылады. Еңбек ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық әдістерінің мәні еңбек ресурстарын басқарудың жүйесінде қосымша құрылымдарды ұйымдастыру арқылы, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістерінің жүзеге асырылуында. Сонымен қатар, басқарудың ұйымдастырушылық әдістері басқару объектісі сияқты субъектісінің де іс-әрекеттерін ұйымдастырудың нақты тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттар түрінде жүзеге асырылады.
Осылайша, еңбек нарығын реттеудің тиімді механизмін құру оның барлық кешенді түрдегі құрылымдық элементтерінің өзара әрекеттесуін қарастырады. Осындай жағдайда ғана жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздықты азайтудың ең қолайлы мүмкіндіктері құрылуы мүмкін.
Еңбек ресурстарын басқару – бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге және оның салалар арасындағы тиімді бөлінуіне, сонымен қатар экономиканың білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыруға бағытталған өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі екі деңгейден тұрады: сыртқы еңбек нарығында еңбек ресурстарын басқару мемлекеттің (өңірдің) деңгейінде жүзеге асырылады, ал ішкі нарықта - әр бір бөлек алынған кәсіпорынның деңгейінде. Еңбек ресурстарын басқару, жүйе ретінде, бөлек-бөлек қосалқы жүйелерден, ал олардың әрқайсысы бірнеше бағыттар мен элементтерден тұрады, олар қосалқы жүйелерді құрайды және бүкіл жүйеге жалпы ықпал жасай отырып, жеке-дара мағынаға ие болады. Еңбек ресурстарын басқару жүйесі үш қосалқы жүйелерден тұрады (1- сурет).
Қазіргі заманда «елдің еңбек ресурстары» ұғымына жаһандану процестері түбегейлі өзгерістер енгізуде. Осы кезеңдегі елдің экономикалық өміріне көшіп қонушылар, жұмыс іздеп келгендер, айтарлықтай үлкен рөл атқаруда, олар күмәнсіз, елдің болжамды және нақты адами ресурстарына жатқызылуы мүмкін. Одан басқа, мемлекеттің ұлттық байлығын құруға, оның экономикалық өсуіне отандық ұлттық компаниялардың филиалдарында, еншілес кәсіпорындарында жұмыс істеп жатқан басқа елдің еңбек ресурстарының бір бөлігі де қатыса алады.
Еңбек әлеуеті деп адамның табиғи және жинақталған қасиеттерінің, мүмкіндіктерінің, білім мен тәжірибе қорының, сапасының жиынтығын түсіну қажет, олар жалпы алғанда адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын өмірлік игіліктерді құру мақсатында, өндірістік еңбек іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін арналған күштерді құрайды.
Сапалы аспектілердің
Еңбек ресурстарын өңірде басқару |
процесін басқару
1.Еңбек
ресурстарын
құру
Еңбек ресурстарын бөлу
процесін басқару
2. Еңбек ресурстарын бөлу процесін басқару Жұмыс орындарын ашу
процесін басқару
Техникалық процесті басқару
3. Еңбек ресурстарын пайдалану
процесін басқару Еңбек экономикасын басқару
Сурет 1- Еңбек ресурстарын басқару жүйесі
Еңбек ресурстары өзінің жиынтығында абсолютті шаманы құрай отырып, қоғамның еңбек әлеуетін анықтайтын санды және сапалы аспектілерден тұрады (2-сурет).
Сурет 2- Қоғамның еңбек әлеуетінің санды және сапасын анықтайтын аспектілер
Экономикада қамтылған, экономикалық белсенді халықтан басқа, елдің экономикасында қатысудың әлеуетті мүмкіндіктері тұрғысынан алғанда еңбек әлеуетінің құрамында экономикалық белсенді емес бөлігін де ескеру қажет, оның құрамына мектеп, орта арнайы және жоғары оқу орындарының оқушылары, яғни еңбекке қабілетті жасқа дейінгі халық, сонымен қатар жұмыссыздар кіреді.
ІІ. Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы халқының еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылуын реттеу оның келесі құрамдастарын қалыптастыру кезеңінде іске асуы мүмкін:
жұмыспен қамтылу және оны жетілдіру саласында заңды-нормативті базаның құрылуы;
республика халқын жұмыспен қамтудың ұлттық саясатының басты басымдықтарын анықтау;
қазақстандық еңбек ресурстарының үлгісін таңдау;
еңбек ресурстарының ұзақ мерзімді және орташа мерзімді келешекке арналған реттеу стратегиясын әзірлеу;
елдің және де өңірдің масштабында халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудің ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу.
Жоғарыда аталғандарға байланысты, Батыс Европа, Америка Құрама Штаттары, Япония мен Қытай сияқты дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде еңбек ресурстары мен халықты жұмыспен қамтуды реттеу ерекшеліктерін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндігін ескеріп, зерттеп және анықтап көреміз.
Батыс Европаның кейбір мемлекеттерінде жалпы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтуды ретеудің бағыттарына толығырақ тоқталайық.
Жұмыспен қамту саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды элементтері болып табылады және капиталды, табиғи ресурстар мен еңбекті экономикалық өсім мен әл-ауқаттылықты өзара әрекеттесуі үшін мәжбүрлеуге бағытталған. Сонымен қатар, Швециямен қабылданған концепцияға сәйкес, жұмыспен қамту саясаты өзінің саласына білім алу үшін, біліктілігін жоғарылату үшін жауапкершілікті алмауы керек, жұмыс берушілерден еңбек ету жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек ресурстарынан ығыстырылғандарды ақтау бойынша міндеттемелерді алып тастамауы тиіс. Швецияда жұмыспен қамтудың белсенді саясаты келесі мақсаттарға ие:
Жұмыс күшінің қоғамдық өндіріске қатысудың жоғары деңгейіне жету. Бұл мақсатқа жету қажет, себебі тек жеке өзін қамтамасыз етуге негіз құрып, көпшіліктің барлығы да өндіріске өзінің үлесін қосқан кезде ғана, әл-ауқатқа жету мүмкін. Бұл жерде, атап айтқанда, еңбек іс-әрекеттеріне әйел адамдар мен мүгедектерді кеңінен тарту туралы сөз қозғалуда.
Толық жұмыспен қамтылу. Швецияда
ол еңбек нарығы саясатының негізін
қалаушы мақсаты болып
Жоғары құзырлылық және жеке тұлғаның даму мүмкіндігі. Швецияда құзырет мәселелері бәсекелестік күрестегі жетістікке жетуде шешуші роль атқарады. Сондықтан ондағы ең басты мәселе – жақсы жұмыс істейтін, мектеп білімінің және жоғары дамыған жоғары білім мен ғылымның жүйелері болуы тиіс. Еңбек ету процесінде жетілу үшін өздерінің қызметкерлеріне мүмкіндік ұсынғаны үшін, жұмыс берушілердің жауапкершілігі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін де, ең үздік нәтижелерге жетіп жатқан, егер жұмыс беруші олардың жетілуі мен уәжді дамуына мүдделі екенін көрсе, жұмысшылардың моральді жағдайы үшін де маңызы бар.
Барлық өңірлерде маңызды және бәсекеге қабілетті жұмыс орындарын құру. Мемлекет нарықтық экономиканың негізінде кәсіпкерлік үшін жақсы алғы шарттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды. Осыған байланысты, нақты сөз, салық салу, несиемен қамтамасыз ету және т.б. салалардағы іс-шаралар қозғалысқа ұшырауда. Өңірлік саясатта мемлекет, өндірістің даму дәстүрінің әлсіздігімен, аз қоныстанғандығымен, орталықтан алыстығымен немесе ауа-райының жағдаларына байланысты кейбір өңірлердің кемшіліктерін өте төмен жағуында шешуге мүмкіндік тұғызды.
Германиядағы
еңбек нарығын реттеу
Жұмыссыздық деңгейі бойынша Европадағы алғашқы орындардың біруінде Франция алуда. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі бұл мемлекетте экономикалық белсенді халықтың 7-9 % құрайды. Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған франциялық үкіметтің күш салуына қарамастан, жұмыссыздық деңгейінің өсуі күшейтуде. Францияда еңбек айтарлықтай қымбат бағаланады, сондықтан, кәсіпкерлер кәсіпорындарды жаңғырту арқылы оның өнімділігін арттыруға тырысады (компьютерлендіру, автоматты бағыттарды), соның нәтижесінде, әсіресе, төмен білікті жұмысшылардың аз саны қажет етіледі.
Франциядағы жұмыссыздық деңгейін төмендетудің ең маңызды бағыты еңбектің иілгіштігін нығайту негізінде еңбекті реттеуге көшуі болып табылады. Мұнда ішінара жұмыспен қамтылған жұмыс орындарын құру, белгіленген мерзімге жалдау бойынша келісім-шарттарды енгізу, сонымен қатар экономикалық жұмыстан шығару процедурасын жеңілдету туралы сөз болуда. Ішінара жұмыспен қамту деп Францияда ресми жұмыс аптасының ұзақтығына қарағанда, кем дегенде бестен бір бөлігіне аз болатын тұрақты жұмысты атайды. Ішінара жұмыспен қамтылу жұмыссыздықпен күресудің ең маңызды құралы ретінде қарастырылады. Францияның Үкіметі мұндай жұмыспен қамтылу үлгісіне өтуші кәсіпорындарды міндетті әлеуметтік төлемдерден босатып, ішінара жұмыспен қамтылған жаңа жұмыс орындарын ашуға немесе ішінара жұмыспен қамтылған жұмыс орындарына өтуге ынталандырады. Көп жағдайда, мұндай еңбектің түріне біліктілігі төмен әйелдер (30 % жұмыс істейтін әйелдердің ішінара жұмыспен қамтылған орындары бар ) және жастар пайдалынады. Мұндай жұмыспен қамту түрі қызмет көрсету мен сауда-саттықта ең көп таралған. Франциядағы жұмыспен қамту саясатының тағы да бір бағыты жұмыс уақытының азайтылуы. Қазіргі уақытта Франция үкіметі заңды тәртіпте жұмыс аптасының ұзақтығын 35 сағатқа дейін қысқартуға талпынуда, бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етуі тиіс.
АҚШ-та жұмыс күшінің нарығын мемлекеттік реттеу, айтарлықтай әлеуметтік сілкіністермен қауіп төндіретін деңгейге дейін жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге бағытталған. Одан басқа, ол құрылымдық сипаттың көптеген басқа үйлесімсіздік салдарын жұмсартуға арналған. Мысал үшін, созылмалы жұмыссыздық толықтырылмаған бос орындардың үлкен санымен, бірқатар мамандардың, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогресстің қажеттіліктерінен туындаған жаңа мамандықтардың жетіспеушілігімен бірге жүреді. Мұндай жағдайларда, әсіресе ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңінде, еңбек саласында мемлекеттің тағы бір маңызды қызметі жұмыс күшін кәсіптік даярлау мен қайта даярлау, білім беру жүйесін дамыту болуда. Білікті мамандардың жетіспеушілігі немесе олардың тиімсіз пайдаланылуы экономикаға әсер етеді, қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді, америкалық капиталдың көрсеткіштерін халықаралық нарықтарда нашарлатады.
Көптеген он жылдықтардың ішінде еңбекті басқарудың Жапондық жүйесі ең тиімді және өміршең үлгінің бірі болып саналды, оған келешек тиесілі. Бірақ соңғы уақыттарда оған да жұмыссыздықтың өсуін тудырған экономикалық қиындықтармен бетпе-бет келуге тура келді. Орта және ұзақ мерзімді келешекте жапондық өндірісте құрылымдық өзгерістер, экономикалық іс-әрекеттің интернационалдылығымен (кең ауқымдылығы мен) және ақпараттық технологияның дамуымен байланыстырылған. Бұл, сөзсіз, еңбек нарығындағы жағдайға ықпал етеді. Осыған байланысты соңғы жылдары экономиканың құрылымдық қайта құрылу мақсаттарын ескеріп, Жапонияның Еңбек министрлігі елдің еңбек нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірнеше шаралар кешенін жүзеге асыруға тырысуда, олардың ішінде келесілерін атап өту қажет:

- Жұмыс күшінің миграциясы
- Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
- Жұмыспен қамту және оны жетілдіру жолдары
- Жұмыс сапасын бақылау
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жұмыссыздық
- Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және технологиясы
- Жұммыссыздық
- Жұмыртқаларды ветеринарлық – санитарлық сараптау және санитарлық бағасы
- Жұмыртқаны ветеринарлық-санитарлық сараптау
- Жұмысбастыдық
- Жұмысбастылық және жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
- Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі